Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Пальмер жіктемесі 3 страница




Эолды түзілімдер – бұл желдің екпінімен әкелінген ұсақ түйірлі және біркелкі құмдар. Олар төбелер-жағалық шағылдар, бархандар және т.б. түзеді.

Шөгінді жыныстардың құрылымы ірі кесекті (бөлшектер диаметрі 2мм-ден көп),құмтасты (0,005-2 мм), алевролитті (0,05-0,005 мм) және сазды (0,005 мм -ден аз). Кесектерінің пішіні бойынша құрылымдардың келесі түрлерін ажыратады:

1) қалыпты шөгінді, олардың кесектері үшкір болып келуі мүмкін (жұмырланған емес), домаланған (жартылай жұмырланған) және тегіс домаланған;

2) туфогенді, онда барлық кесектер үшкір, бұрышты болып келеді. Жыныстардың кесектерінің жұмырлығы – оның пайда болуындағы басты белгісі болып табылады.

Түйірлерінің пішіні бойынша келесі құрылымдарды бөледі: бірдей және әр түрлі түйірлі, дұрыс немесе дұрыс емес түйірлі, оолитті (түйірлері ұсақ жиырылымды шар тәрізді болып келеді), кейбір әктастарға тән жапырақты, ине тәрізді және брекчиялы (жыныс бір-бірімен жабысқан үшкір бұрышты кесектерден тұрады) және конгломерат түріндегі жыныс (жұмыр кесектерден тұрады).

Шөгінді жыныстардың бітімі ретсіз болуы мүмкін, онда жыныс құраушы материалдарға жұқа қабатшаларға бөлініп кететін жапырақты және қабыршақты жыныстар араласқан болуы мүмкін (морена, конгломераттар).

 

4-кесте

Кесектер мен бөлшектердің өлшемдері Жыныс аттары
Жұмырланған кесектер мен бөлшектер Жұмыр емес кесектер мен бөлшектер
‹0,005 Сазды -
‹0,005-0,05 0,05–0,5 Шаң-тозаңды (алевролитті) Құмтасты -
0,5-2 Қиыршықтасты Сірне
10-200 Малтатас Сүйіртас
‹200 Дөңбектас Сүйіртас,ұсақталған тас, қойтастар

Шөгінді жыныстардың жіктелуі

Бұдан басқа шөгінді жыныстарға үлкен құрылымның бірқатар ерекшеліктері тән, оларды кішкентай жыныстар есебінде емес, үлкен қат-қабаттарда көрсетуге болады. Мұдай макроқұрылымдар деп аталатын пішіндерге, біріншіден, қабаттастық жатады – бұл көптеген шөгінді жыныстардың басты белгілерінің бірі болып табылады.

Түзу жазық қабаттастық терең сулы теңіздік шөгінділерге тән, олар тыныштық жағдайда түзіледі. Егер материал түзілімдері ауа немесе су ағыстары жағдайында жүретін болса, онда қисық қабаттастық пайда болады. Қабаттастықтан басқа шөгінді жыныстардың құрылымдық белгілеріне қазынды иірімі, кебу жарықшағы, жаңбыр мен бұршақ іздері, сиректе болса – көмілген жануарлардың қалдықтары жатады.

Шөгінді жыныстардың ең негізгі бітімдік белгісі – кеуектілік, ол жыныс құраушы бөліктердің өлшемдеріне, цементінің тығыздығына, мөлшеріне, жыныстардың жеке учаскелер мен бөлшектерінің шайылғыштығына байланысты болады. Жыныстарды кеуектілік дәрежелеріне қарай кеуекті, ұсақ кеуекті, ірі кеуекті (кеуектер өлшемі 0,5 мм көп) қуыстық (кеуектер қабыршақтастардың шайылғыштығы орнында пайда болған, қиын кеңістік жүйесін құрайды), оларға әдетте әктастар мен доломиттер жатады.

Сынықты жыныстарды өлшемдер мен пішіндері бойынша, сонымен қатар, олардың цементтелу дәрежесі бойынша жіктейді. Сынық өлшемдері бойынша ірі сынықты, құмды, шаңды және сазды жыныстарға бөлінеді, жыныстарды өлшемдері мен пішіндері бойынша жіктеу 4-кестеде көрсетілген.

Цементтелу дәрежесі бойынша сынықты жыныстарды цементтелмеген сусымалы байланысқан (сазды) және цементтелген деп бөледі.

Цементтелмеген сынықты жыныстар. Ірі сынықты деп құрамында 2- мм -ден үлкен сынықтар 50%-дан көп болатын жыныстарды айтады. Пішіні бойынша сфералық (шарға ұқсас), тығыздалған және ине тәрізді (ұзынша келген) сынықтар болады. Гранулометриялық құрамы бойынша олардың арасынан грунттың келесі түрлерін бөледі:

Дөңбектасты – 200 мм -ден үлкен бөлшектер массасы, 50%-дан көп;

Малтатасты – 10 мм -ден үлкен бөлшектер массасы, 50%-дан көп;

Қиыршықтасты – 2 мм -ден үлкен бөлшектер, 50%-дан көп.

Табиғатта көбінесе ірі сынықты жыныстар аралас құрамды болып келеді, оларда әр түрлі пішінді жыныстардың ірі сынықтары және ұсақ материал – құм, құмайт, саздақ болады.

Жыныстың атауын оның жалпы массасының 50%-дан көп мөлшерін құрайтын фракция бойынша анықтайды. Егер жыныс құрамында щамамен бірдей мөлшерде бірнеше фракция болса, онда оған аралас ат беріледі: мысалы, қиыршықтас, малтатас және дөңбектастар құммен толтырылған. Ірі сынықты жыныстарды сипаттаған кезде, сонымен қатар сынықтардың пішінін, олардың пайыздық мөлшерін, жұмырлану дәрежесін және петрографиялық құрамын көрсетеді.

Құмдыларға өлшемі 0,05-2 мм болатын түйірлерден тұратын жыныстарды жатқызады. Бұл жыныстар әр түрлі жағдайларда қалыптасуы мүмкін – өзен, көлдердің түбінде шөгеді, өзеннің немесе басқа да ағындардан қалыптасады, желмен ұшып келеді. Минералдық құрамының біртектілігі бойынша олар: көптеген минералдармен біріктірілген – полимиктілі, 2-3 минералмен біріктірілген – олимиктілігі; 1 минералмен біріккен – мономинералды болып келеді. Түгелдей кварцпен біріктірілген мономинералды құмдар көп таралған. Полимиктілі құмдарда көбінесе кварц, далашпаттары, слюда, түрлі-түсті минералдар және басқа да жыныстардың сынықтары болады.

Құмның атауын құрамындағы басым болатын минералға байланысты қояды. Құмдар кварцты, далашпатты, сонымен қатар аралас құрамды болуы мүмкін. Түйірлерінің ірілігі бойынша құмның келесі түрлерін бөледі:

Қиыршықтасты – 2 мм -ден үлкен бөлшектер массасы 50%-дан көбін құрайды;

Ірі – 0,5 мм -ден үлкен бөлшектер массасы 50%-дан көп;

Орташа – 0,25 мм -ден үлкен бөлшектер массасы 50%-дан көп;

Ұсақ – 0,1 мм -ден үлкен бөлшектер массасы 50%-дан көп;

Шаң-тозаңды – 0,1 мм -ден үлкен бөлшектер массасы 75%-дан көп.

Әр түрлі түйірлі деп шамамен бірдей мөлшерде ұсақ, орташа және ірі фракция болатын құмдарды айтады.

Құмның құрамында 3-тен 5 пайызға дейін сазды немесе шаңды бөлшектердің болуына байланысты оны сәйкесінше сазды немесе шаңды деп атайды. Құмды сипаттау кезінде қиыршықтас пен малтатастың шамалы пайыздық құрамын анықтайды, соңғысының жұмырлану дәрежесін және петрографиялық құрамын көрсетеді. Құмның ірілігін арнайы эталондар мен басқа да далалы құралдардың көмегімен визуальды сипаттау кезінде гранулометриялық анализ бен арнайы минералдық зерттеулердың мәліметтерін қолданады.

Құмды жыныстың толық сипаты келесі мәліметтерден тұруы керек: ірілігі, пішіні, жұмырлығы, түйірлерінің минералдық құрамы, жыныстың түсі, қосылулар (қиыршықтас, малтатастар, дөңбектастар), қоспалар (сазды, шаңды, слюдалы, карбонаттық, органикалық зат).

Алевролиттілерге өлшемдері 0,05-0,005 мм болатын түйірлерден тұратын жыныстар жатады. Олар тоқтау көлшіктерде, сонымен қатар эолды процестер нәтижесінде пайда болады. Алевролиттердің өзіне тән белгілері – ол шаң-тозаңды бөлшектерден басқа аздаған ұсақ түйірлі құм мен саздың қоспасын құрайтын жыныс түйірлерінің жақсы ажыратылуы болып табылады. Егер құм қоспасы жоғары болса, онда жыныс құмды-алевролитті деп аталады. Алевролитті жыныстар көбінесе жұқа қабаттасқан болып келеді.

Алевролитті жыныс пен құмтасты жыныстардан сазды және карбонатты жыныс қабаттарының ауысып келуі жиі байқалады. Мұндай қат-қабаттарды флиш деп атайды.

Сазды жыныстар. Сазды жыныстардың өзіне тән сыртқы белгілері –ылғал күйіндегі иілімділігі мен кебу кезіндегі пішінін сақтау қабілеті. Гранулометриялық құрамы бойынша 3%-дан көп сазды фракциясы (0,005 мм аз) болған жыныстарды саз деп санайды.

Сазды жыныстардың қасиеті тек сазды фракцияның құрамына ғана емес, сонымен қатар оның минералды құрамы мен басқа да белгілеріне байланысты. Оларды иілімділік саны бойынша топтау керек. Грунттың иілімділік саны деп ылғалдылық айырымын W айтады: екі грунттың жағдайына сәйкес ағынның шекарасында WL және иілеу шекарасында Wp :

Мұндағы, W – грунт ылғалдылығы.

Бұл белгі бойынша саздыларға иілімділік сандары 1 немесе 1-ден көп грунттар жатады. Иілімділік санына байланысты сазды грунттарды былайша бөледі:

Құмайт - 1<Ір<7, саздақ - 1<Ір<17, саз - Ір>17.

Сазды жыныстардың инженерлік-геологиялық қасиеті олардың минералдық құрамдарына байланысты болады, тау жыныстарының химиялық ыдырауы нәтижесінде пайда болған, кейінгі сазды минералдардың әр түрлі топтарымен сипатталатын жұқа дисперсті сазды фракцияның минералдық құрамы аса зор маңызға ие. Минералдың үш тобы ажыратылады: каолинит, монтмориллонит және гидрослюда. Сазды жыныстардың ірі дисперсті бөлігі (0,005-ден ірі фракциялар), негізінен әр түрлі тау жыныстарының механикалық бұзылуынан пайда болатын өнімдерден тұрады (кварцтар, дала шпаттары, т.б.) және олардың минералдық құрамын сақтап қалады.

Жыныста болатын тез еритін (галий, сильвин, мирабилит, т.б.) және орташа еритін (гипс пен ангидрит) тұздар, әдетте сазды жыныстардың құрылыстық қасиеттерін нашарлатады. Қиын ерігіш кальций мен магний карбонаттары (кальций, магнезит, доломит), сонымен қатар кремний тұздары, керісінше, оларды жақсартады және осы тұздардың 50% көбі кездессе, жыныс жартастыға айналады. Егер сазды жынысты құрамында кальциттің 50%-ы кездессе, оны мергель деп атайды.

Сазды жыныстардың құрылымы өзіне қатысты негізгі компонеттердің – сазды, шаңды және құмды бөлшеектердің, сонымен қатар органикалық қалдықтардың пішіні, өлшемі және сәйкесінше мөлшерлік құрамымен анықталады.

Сазды жыныстардың бітімі олардың пайда болуы мен кейінгі диагенездің жағдайларын көрсетеді. Көбінесе жиі кездесетін бітімдер төмендегідей:

1. Жағдайлармен байланысты түзілімдер – қабаттаспаған, қабаттасқан, таспалы (ленталы);

2. Жыныстардың түсінің өзгеруімен байланысты – ала, көз әйнек тәрізді;

3. Диагенезді өзгерулермен байланысты – лестердің кеуектілігі, шомбалдығы;

4. Метаморфизм процестерімен байланысты – тақтатасты.

Сазды жыныстар дисперсті жүйелерді құрайды, сондықтан оларға қатысты жеке бөлшектер мен агрегаттардың арасында құрылымдық байланыс бар. Мұндай байланыстар минералдық бөлшектердің бір-біріне жабысуы, кеуектерді цементтер мен органикалық заттарға толтыруы нәтижесінде жүреді.

Сазды жыныстар континеттік, лагуналық және теңіздік жағдайларда пайда болады. Гидротехникалық құрылыс практикассында ғимарат негізі ретінде көбінесе теңіздік түзілімдегі саздарды (ежелгі саздар), континенттік сазды жыныстарды жиі қолданады.

Ежелгі саздар. Әдетте қатты немесе жасырын иілімді қалыпта болады, ал шамалы нығыздалған тақтатасты жыныстардың айырмашылығы қатты жыныстар – аргилиттерді түзеді. Жер бетінде ежелгі саздар интенсивті кебуге ұшырайды, бұл массивтің түбінде бірнеше метрге дейінгі жыныстың құрылыстық қасиеттерін елеулі нашарлатады.

Сазды дала жағдайында ылғалды кезінде сақиналарға иілетін жіңішке сым түріне айналу мүмкіндігі бойынша анықтайды. Сонымен қатар сазды пышақпен кескен кезде жылтыр беттің пайда болуы арқылы анықтайды. Ылғал саз саусақпен езгн кезде майлы болып сезіледі. Таза саздың құрамында түйіршіктер байқалмайды. Саздың құрамында құмды немесе шаңды бөлшектер көп болған сайын, жоғарыда келтірілген белгілер анық байқалмайды.

Құм қоспасы бар ежелгі саздарды құмтастылау деп, сазды және құмды бөлшектерден тұратын төрттік сазды жыныстарды саздақ және құмдақ деп атайды.

Сазды жыныстардың инженерлік-геологиялық қасиеттері табиғи ылғалды кезінде, оларды дала жағдайында анықтау кезінде берілетін консистенциясы арқылы сипатталады. Камеральды өңдеу кезінде бұдан басқа да зертханалық жағдайларда консистенция көрсеткішін анықтау кезіндегі мәліметтерді қолданады. Дала жағдайында анықтау кезінде консистенцияны келесі визуальды белгілер бойынша қояды: қатты – кепкен грунт, ол соғу кезінде бөлініп кетеді немесе саусақпен үйкегенде шаңға айналады (і<0); жартылай қатты – шамалы ылғал грунт, қолмен ұстағанда сынады және қолмен үйкеу кезінде уақталады (0<і<0,25); аса иілімді – грунт кесегі сынуға дейін майысады, қолмен аса мыжылмайды (0,25<і<0,50); жұмсақ, иілімді – грунт ылғалды болып келеді, қолмен жақсы мыжылады, пішінін жақсы сақтайды (0,50<і<0,75); аққыш, иілімді – грунт аса ылғалды, қолмен оңай мыжылады, үйкеу кезінде пішінін жақсы сақтайды (0,75<і<1); аққыш – грунт еңіс бет бойымен қалың қабат болып ағады (і<1).

Шаң-тозаңды құмайттар әдетте иілімсіз. Саздақтар мен құмайттар пайда болу жағдайлары әр түрлі континенттік төрттік түзілімдер арасында кең таралған. Гранулометриялық құрамына,сонымен қатар құрамындағы тұздар мен органикалық заттардың болуына байланысты олардың инженерлік-геологиялық қасиеттері бар. Табиғатта саздар, саздақ және құмдақтардың қасиеттері сатылап ауысып отырады.

Қасиеттер тұрақтылығына көбінесе, мореналық саздақтар және мұздықтың әсерінен пайда болған құмдақтар ие болады.Олар біртекті емес гранулометриялық құрамы бойыша ерекшеленеді және оларда сазды бөлшектерден бастап ірі дөңбектастарға дейін барлық фракциялар болады. Бұл жыныстардың тығыздығы өте жоғары. Құрылымы ауыспалы, қабаттаспаған емес болып келеді.

Саздар, саздақтар, құмайттарды сипаттау кезінде жыныстың атауын, түсін, консистенциясын, карбонаттылығын, бітімін, құрылымын, қоспаларын атап көрсетеді.

Лесті жыныстар мен лестер Қазақстан мен Өзбекстанның оңтүстік аудандарында кең ауқымда таралған. Олар сары немесе қою сарғыш, қабаттаспаған жыныстар. Жалаңаштану кезінде олар жекелеген тік ойыстарды құрайды. Жыныс құрамында кварц, дала шпаттары және басқа да минералдардың, сонымен қатар саздылардың үшкірленген кесектері кездеседі. Лесті жыныстар құрамында жұқа және шаңды құмтасты бөлшектерді мықты макроагрегаттарға цементтейтін әк болады. Бұл жыныстардың өздеріне тән маңызды ерекшеліктері – ірі кеуектілігі (45%-ға дейін) және шаңды бөлшектердің көп болуы (75%-ға дейін). Лесті жыныстарда макрокеуектерден басқа жер қазушы жануарлардың қалдықтары мен өсімдіктердің тамыр-сабақтары көп болады.

 

3.2.3. Метаморфтық жыныстар

Метаморфтық жыныстар – жыныс құрамын өзгертетін әр түрлі шөгінді және магмалық тау жыныстарының метаморфизмі нәтижесінде пайда болған жыныстар. Метаморфтық жыныстардың құрылымы әдетте кристалды болады, бірақ ол магмалық жыныстардың құрылымынан өзгеше болады, ол қатты жыныстың қайта кристалдануынан қалыптасады.

Метаморфтық жыныстардың текстурасының да ерекшеліктері бар. Бұл жыныстарға келесі текстура түрлері тән: тақтатасты, миниралдары параллель орналасқан, минералдары талшықты өрілген; қабатты, жолақтық. Метаморфтық жыныстардың негізгі түрлерін қарастырайық.

Гнейстер – дала шпаттарынан және кварц пен басқа да түсті минералдардан – биотит, мусковит, амфибол, пироксендерден құралған, қатты кристалды әдетте тақтатасты, кейде шомбал жыныстарды құрайды. Мұнымен қоса онда анартастар және басқа да минералдар болуы мүмкін. Гнейстің құрамындағы минералға байланысты ол биотитті, амфибиолды, пироксенді немесе анартасты деп аталады. Егер гнейс шөгінді жыныстардың метаморфизмі нәтижесінде пайда болатын болса, онда парагнейс деп аталады, ал егер жанартаулық жыныстардан пайда болса, оны ортогнейс деп аталады.

Слюдалы тақтатастар – күрделі және тақтатасты құрылымымен ерекшеленетін жыныс. Олар слюда мен кварцтан құралған және слюданың түріне байланысты биотитті және мусковитті болып бөлінеді.

Филиттер түрі жағынан сазды тақтатастарға ұқсас, бірақ олардан жібектей жылтырлығымен ерекшеленетін жұқа тақтатасты жыныстар. Құрамы бойынша олар слюдалы тақтатастарға ұқсас, бірақ құрылымы макротүйірлі. Оларда хлорит немес кальций жиі кездеседі. Олардың түстері әр түрлі – қара, жасылдау, қызылдау немесе күлгін болып келеді.

Сазды тақтатастар –тақтатасты текстурасы анық байқалатын, әлсіз метаморфты сазды жыныстар. Олардың басты бөліктері саздар, кварцты шаң және слюда жапырақтары болып табылады.Кейде оларда пирит, кальций кристалдары және көмірлі бөлшектер кездеседі. Құрамында кальций көп болса, сазды тақтатастар әктасты саздыларға айналады.

Сырт бейнесі бойынша сазды тақтатастар оңай жарықшақталатын, жұқа қабатты жыныстар. Олар саздардан суланбайтын қасиеті бойынша ерекшеленеді. Олардың түсі әр түрлі – қошқыл қызыл, сұр немесе қара (аспидті тақтатастар)

Кварциттер - әдетте ашық, тығыз өте мықты жыныстар, құрамы түгелімен кварциттерден тұрады және түйірлерін ажырату мүмкін емес (жабысқан кварциттер). Олардың бастапқы жынысы кварцты құмтастар немесе құмдар болып табылады. Кварциттерден басқа кристалл түйірлі текстуратақтатасты және брекчиялы түрлері кеөзедеседі.

Жыныс түсі қара-сұр және қою қызғылт (шокшин кварциті) болып табылады.

Мәрмарлар - әктастардың метаморфизмі кезінде пайда болады. Әдетте, олардың құрылымы алапты, толық кристалды болады және олар негізінен кальциттерден тұрады.

Метаморфтық жыныстарды сипаттау үшін магмалық жыныстарды сипаттау кезіндегі реттілікті сақтау қажет: атын, минералдық құрамын және жыныс түсін көрсету керек, қаттылығын, жарықшақтығын, ондағы кездесетін желілерді, қосындылардың құрылысын ескеру керек. Сондай-ақ жыныстардың метаморфизмге дейінгі күйін және метаморфизмге қандай процестер ықпал еткенін анықтау керек.

3.3.Грунттардың физика-механикалық қасиеттері

3.3.1. Грунттардың жіктелуі

Грунттар – әр түрлі құрылыстарды салу үшін материал ретінде пайдаланылатын жер қабығының жоғарғы қабаттарының тау жыныстары. Грунттар генетикалық және физика-механикалық белгілерінің жиынтығы бойынша класстарға, топтарға және түрлерге ажыратылады.

Құрылымдық байланыстарының сипаты бойынша грунттарды екі класқа бөледі: жартасты және жартасты емес.

Жартасты грунттар – түйірлерінің арасындағы байланыстардың жоғарғы беріктілігімен сипатталатын және массиві тұтас және жарықшақты түрде орналасатын (жататын) табиғи түзілімдер. Олар құрылыстардың берік негізі болып табылады және әдетте алдын ала қопсытудан кейін ғана өңделеді. Жерасты грунттар келесі түрде ажыратылады:

а) жұмсару коэффициенті бойынша Кж (суға қаныққан және құрғақ ауа күйіндегі бірнегізді сығудағы уақытша кедергілердің қатынасы);

б) суға қаныққан күйдегі бірнегізді уақытша кедергілері бойынша Rк (текшелік және цилиндрлік формалы жартасты тау жыныстары үлгісінің көлденең қимасының ауданына талқандалу күшінің қатынасы);

в) үгіліп-мүжілу дәрежесі бойынша Күг (үгіліп-мүжілген грунттың тығыздығының үгіліп-мүжілмеген грунттық тығыздығына қатынасы).

Жоғарыда көрсетілен факторларға байланысты жартасты грунттың негізгі түрлері 5- кестеде көрсетілген.

 

 

5-кесте

Баяу принципі Жартастар грунттың түрлері Көрсеткіш
Бірнегізді кезеңнің уақытша кедергісі бойынша Өте берік Берік Беріктігі орташа Беріктігі төмен Жартылай жартасты Rк > 120 120 > Rк >50
Суда жұмсару коэффициенті бойынша Жұмсармайтын жұмсаратын Кжм > 0.75 Кж < 0.75
Үгіліп-мүжілу дәрежесіне байланысты үгіліп-мүжілмейтін (монолитті)   Т/ж-ры тұтас массив түрінде орналасады 1>Күг = 0,9
Салыстырмалы үгіліп мүжілетін (жарықшақты)   Т/ж-ры араласпаған бөліктер түрінде орналасқан 1≥Күг≥0,9
Үгіліп-мүжілетін   Т/ж-ры кесектерінің жиынтықтары түрінде орналасқан 0,9≥Күг≥0,8
Жарықшақтылығы жоғары   Т/ж-ры бүкіл массив бойынша жеке кесектер түрінде орналасқан, Күг<0,8

 

Жартасты емес грунттар деп жеке түйірлері және грунт бөлшектері арасы газға толтырылған табиғи түзілімдерді атайды.

Ірі бөлшегі мен құрамы бойынша жартасты емес грунттар келесі типтерге бөлінеді:

1) Ірі сынықтылар – цементтелмеген, 50%-дан асатын сынықтардан тұрады, өлшемі 2 мм -ден үлкен.

2) құмды-майда өлшемі 2мм-ден ірі, сынықтары 50%-дан аз құрайды.

3) сазбен байланысты грунттар.

Грунттың физикалық және механикалық қасиеті олардың құрамды бөлігіндегі өзара әрекеттестігі және қатынас мөлшеріне байланысты.

Грунттың физика-механикалық қасиеттері әр түрлі сипаттамамен көрсетілуі мүмкін. Олардың негізгісі тәжірибелік жолмен зертханада немесе дала жағдайында ал өндірісте формула бойынша бөлініп анықталады, оған негізгі сипаттамалар кіреді. Жартасты немесе жартасты емес грунттардың механикалық қасиеттері грунттың сырғуға кедергісі және грунттың сығылғыштығына қатысты.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 1927; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.