Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Концепциясы 3 страница




Мәтінді тану мен түсінуден бұрын мәтін туралы автор мен оқырманның көзқарасын анықтап алайық. «С точки зрения писателя, текст никогда не бывает окончен – писатель всегда склонен дорабатывать, доделовать. Он знает, что любая деталь текста – это лишь одна из возможных реализаций потенциальной парадигмы. Все можно изменить. Для читателя текст – отличная структура, где все на своем – единственно возможном – месте, все несет смысл и ничто не может быть изменено. Автор воспринимает окончательный текст как последний черновик, в читатель – черновик как законченный текст. Читатель гиперструктурирует текст, он склонен сводить до минимума роль случайного в его структуре. Но дело не только в этом. Читатель вносит в текст свою личность, свою культурную память, коды и ассоциации. А они никогда не идентичны авторским», – деген Ю.Лотманның пікірінен автордың еңбегін баспада шығарса да ол үшін түзетулерді қажет ететіндігін, ал оқырман оны аяқталған ойлардың жиынтығы ретінде қабылдайтынын байқаймыз [31,112 б.]. Кейде сол үшін де кей шығармалар оқырман жүрегіне жетпей жатады. Кей кездерде оқырманның заманын, ортасын ескеру керек. Мәселен, Д.Исабековтің «Қарғын» романы 80-жылдары жарық көріп, сол заман оқырмандарының жатып-жастанып оқыған шығармасының бірі болған. Романдағы Жасын сынды ер-азаматтар пайда болып, соған бой түзегендер де баршылық. Кейін бұл шығарма ұмыт болып, екі мыңыншы жылдары қайтадан көп оқылатын шығарманың қатарына енді. Бұл жерде кітаптың көлемін де өзгертуі өз ықпалын тигізсе керек.

Түсіну – басқа адамның рухани әлемін сезіну, оның ойы мен сезімдеріне бірге толқи білу, өзі дербес мәнге ие бола алмайтын ілімнің типі, түсіну – творчестволық акт кезіндегі автордың жеткізбек болған ойының мағынасын ұғыну, сол сәттердегі автордың рухани күйін кеше білу [33]. Түсіну, ұғыну ұғымдарын герменевтика ғылыми зерттейді. Герменевтика өз бастауын ХХ ғасырдан алады. Ең басында мәтіндерді талдауда қаралған герменевтика кейін жеке филологиялық ұғымға ие болды. Әдеби герменевтика – көркем мәтіндерді талқылау, түсіндіру жайындағы арнайы ғылыми сала [24,78 б.]. Герменевтика «шығарма-оқырман-дәстүр» атты үштікке байланысты дамыды.

«Адамды түсіну үшін оның дүниетанымын, көзқарасын, идеалдарын, яғни рухани әлемін білуі қажет. Ал ол жаратылыстану ғылымдары сияқты көзге көрініп тұрған нәрсе емес, сондықтан оны танып білу, зерттеудің де өзіндік ерекшеліктері бар. Осы тұста бізді қызықтыратын ұғыну, түсіну мәселесі көтеріледі. Рухани әлемді тек «эмпатикалық» ену, бойлау арқылы, яғни сол зерттейтін субъектінің орнына өзінді қойып, соған айналу арқылы – бір сөзбен айтсақ, ұғыну арқылы танимыз» [34,55 б.]. Адам ұғымынан бөлек қабылдаудың келесі бір түрлеріне жас ерекшелік, ұлттық-этникалық, кәсіби, психикалық қабылдаулар жатады.

Психологтар қабылдау мен ұғыну бірден екі деңгейде саналы және санадан тысқары түрде жүзеге асады деген пікірді айтады. Қабылдау кезінде оқырманның өмірлік тәжірбиесі мен тарихи жады маңызды рөл атқарады. Мәтінді тану, түсіну үшін қабылдаушы алдымен мәтін авторы өмір сүрген дәуір, мәтіннің тууы кезіндегі қоғамдық-әлеуметтік, саяси жағдай, дәстүрді біліп барып қана, автордың, мәтіннің философиясына үңіле алады. Сол дәуірдің толық бейнесін біліп, тарихи процестер, оқиғалар тіріліп, сөйлегенде ғана авторды, мәтінді, бейнелерді түсіну шындыққа айналады. «Тарихи тұлғаны тек «іштей ене» түсіну ғана мүмкін, яғни соның «терісін жамылып», соның орнына өзінді қойып қана ол туралы бір нәрсе айта аласын.

Шынайы ұғыну қаншалықты біреудің «ішкі тұңғиығына» бата білсең, соншалықты одан биікке көтеріле алуды талап етеді. Ұғыну үшін танымдық контекст болу керек. Біздің танымдық контекстіміз қаншалықты кең болса, яғни біздің зерттеу объектімізді салыстыратын, қарама-қарсы қоятын басқа объектілер көп болса, соншалықты біз оны «зерттеу объектісін» терең түсінеміз.

Таным екі жақтылықты қажет етеді, біріншіден, зерттейтін нәрсеңе «іштей ену», екіншіден, одан «тысқары кету» [34,51 б.]. Түсіну, ұғыну процесі қабылдаушыға, оның қасиеттеріне байланысты болғандықтан, қабылдаушы автордың рухани дүниесіне еніп, шығармашылық актіні жаңғырта отырып, мәтінді қайта өңдейді. Түсіну мен ұғыну процесі - мейлінше диалогты, автор мен қабылдаушы диалогы. Автор идеясын мәтіннің құрылымы арқылы жасап, жасырса, диалогтың екінші жартысы қабылдаушы мәтінді қайта өңдейді және жасырынған мағынаны шешеді. Мәтіннің диалогтігі, жалпы ойлау мен сөйлеудің диалогтігінен, сөйлеуші мен тыңдаушы грамматикаларының диалогтігінен бастау алған. «Адам іс-әрекеті потенциалды текст және ол өз уақытының сұхбаттық контексті арқылы ғана түсіндіріледі.

Текст (әңгіме, сөз, хат, оқиға) әрқашан біреуге бағышталған әрі сол бағышталғандығымен ғана құнды, бағалы. Текст авторының ішкі дүниесімен қатар өзіндік көзқарасы, дүниетаным шеңбері бар.

Әлем дегеніміз әрқашан түрлі дауыстар, түрлі түсініктер, түрлі сана-сезімдер полифониясы. Ұғыну, түсінудің сұхбаттығы оған аяқталмаған, шектелмеген қасиет береді. Айтылған сөз естуді, ұғынуды қажет қылады. Ол да бір сұрақтың әлемдегі бір жауабы. Осылайша, мәңгілік шексіз ұмтылыс» [34,54 б.]. Мәтін – автор мен оқырман арасындағы байланыс емес, ол тудырушы мен тұтынушы арасындағы ой, пікір, сана-сезімдерінің араласып тоғысатын нысаны. Мәтіннің диалогтылығы полилог, полифония, коммуникацияға айналады. Сонымен бірге, мәтінді ұғыну, түсіну арқылы әр кезең, әр мәдениет, әр этнос, жеке тұлғалардың түрлі ой-пікірі, түсінігі белгілі болып, мәтінтануда көпварианттылық, көпқырлылық, көпдауыстылық туып, дамиды.

Мәтінді түсіну кезінде дәлме-дәл ойлап, сөзбе-сөз оқудың орнына автордың ойын, дүниетанымын, қоршаған орта мен адамдардың дауысына мән беруіміз керек. Яғни қоршаған ортаға, оның адамдарының ойы да авторға әсер етеді.

А.Потебняның «көркем шығарманың мағынасы мәтін аяқталғаннан кейін, суреткерде дамымайды, ол қабылдаушыларда дамиды», – дегеніндей, оқырман, түсінуші мәтінді оқу, талдау-талқылаулар арқылы түрлі мағына табады, мән жүктейді, концепция, идеялар ашады, мәтіннің қабылдаушыға жетуінен оның екінші өмірі басталады. Көркем мәтінді қабылдау, түсіну тек танымдық тұрғыда ғана әсер етіп қоймай, қабылдаушыға сезімдік ләззат береді.

Өнер туындысының адамның танымына, беретін нәрі, ләззаты туралы ойшыл-жазушы Л.Толстойдың да айтатыны бар: «Деятельность искусства основана на том, что человек, воспринимая слухом или зрением выражения чувства другого человека, способен испытовать то же самое чувства, которое испытал человек, выражающий свое чувство.

Как только зрители, слушатели заражаются тем же чувствам, которая испытовал сочинитель, это и есть искусство. Вызвать в себе раз испытанное чувство и, вызвав его в себе, посредством движений, линий, красок, звуков образов, выраженных словами, передать это чувство так, чтобы другие испытали то же чувство, – в этом состоит деятельность искусства. Искусство – есть деятельность человеческая, состоящая в том, что один человек сознательно известыми внешними знаками передает другим испытываемые им чувства, а другие люди заражаются этими чувствами и переживают их.

Как бы ни был поэтичен, похож на настоящий, эффектен или занимателен предмет, он не предмет искусства, если он не вызывает в человеке того, совершенно особенного от всех других, чувства радости, единения душевного с другом (автором) и с другими (ее слушателями или зрителями) воспринимающими то же художественное произведение» [35,148 б.].

Көркем мәтін – автор санасының, шығармашылық ойлауының, танымының арқасында бейнеленген дүниенің модельденген түрі, диалогты, коммуникативті, адресатты болғандықтан оқырман санасына көркем ақпаратты жеткізуші өнер туындысы. Автор өз танымының, сезімінің жемісін түрлі операциялар (мәтін құрылымы, философиясы, хронотоп, диалогтілік) арқылы біткен дүниеге (мәтінге) айналдырғаннан бастап, шығарманың екінші үлкен белесі, қабылдау, түсіну процесі жүзеге асады. Рецептивті эстетика, герменевтика салаларының зерттеу нысанына айналған мәтінді қабылдаушылар, оның түсінілу мәселелері мәтін мен қабылдаушының байланысын құрайды. Мәтінді қабылдау, ұғыну процестерінен мәтіннің полифонологиялығы, полилог, адамның жан дүниесіне әсер ету механизмдері, қабылдаушының алған әсері білінеді. Мәтін – автор үшін (сезім, ойын жеткізу формасы) де, оқырман үшін де (танымдық, тәрбиелік, эстетикалық маңызы бар нысан) де өмірді, дүниені, қоғамды, адамды танудың бірден бір маңызды құралы.

Көркем шығарманың оқырман арасында оқылуы үшін автор оқырманның заманын, проблемасын, қажеттілігін ескеруі керек. Өйткені, оқырман шығармадан өзін іздейді немесе ортасын іздейді. Өзінің басынан өтіп жатқан шым-шытырық оқиғаларды сырт көзден бақылайды. Шығарма кей кезде психологтың қызметін атқарады. Әсіресе, ХХІ ғасырда адам кітапты психолог ретінде қабылдайды. Ешкімге айта алмаған сырын шығармадан оқып, ол кітапты біреуге оқыту арқылы оның да пікірін біледі. Одан қалса көркем шығармадағы автормен тілдеседі. Мәселен, Төлен Әбдікұлы – тілдесетін жазушылардың бірі. Қаламгердің шығармаларының біразы сұрақ-жауап негізінде құралған. «Тозақ оттары жымыңдайды», «Парасат майданы», «Оралу», «Ақиқат» повестерінде, «Қайырсыз жұма», «Оң қол» әңгімелері сұраққа толы. Мәселен, «Оң қол» әңгімесінде: «-Кинода неге ылғи сұлу әйелдер ойнайтынын түсінбеймін? Сұлу емес әйелдер жұртқа үлгі бола алмай ма? Олардың бойынан жақсы қасиеттер табуға болмай ма? – деді қолын жайып. – жақсылықтың ең терең тамыры сұлулықта, өйткені тіршілік тәннен басталады. Ал сұлу адамдардың ақылсыз, жаман болып шығуы – диспропорция, өмірдің күрделілігінен, қиындығынан алғашқы тепе-теңдіктің жиі-жиі бұзылуы» [16, 325 б.], «Тозақ оттары жымыңдайды» повесінде: «Түн ортасы ауа араку тайпасынан қалған жалғыз индеец доктор Бейкердің алдында біржола көз жұмды. – Бітті, бәрі де бітті...Енді ешқандай мағына қалған жоқ... Түк қалған жоқ... Ең соңғы араку өлді... Бітті... Бәрі де бітті... бітті... Бірақ ол араку тайпасынан ең соңғы адамы өзі екенін аңғармады. Ол, тіпті, өзін адам қатарына санаған жоқ» [16,202 б.], «Оралу» повесінде: «Кенет «япыр-ау, мен Бәтимамен қосыла қалғанда қандай бақытты болатын едім» деген өкінішті ой жүрегімді қысып, ауыртқандай болды. «Мен сонда қандай бақытты болатын едім... Мен неге сүйтпедім... У-у-у! Тағдырдың өзі Бәтиманы менің бауырыма қанша әкеліп итерсе де,, өз жұмыртқасын танымай безген тауықтай ұямнан шығарып тастай берген екем. Сонда мен қайда асықтым? Не үшін асықтым? Биік мақсат үшін бе? Қоғам үшін бе? Шындық үшін бе? Әлде үміт күйінде қалып қойған ақыл-ой қабылетінің жарқын болашағы үшін бе?.. Жо-жоқ! Әлде бір қасиетті, үлкен іске басымды байласам-ау деген ойға менің дәтім шыдамайды. Біз сонау алғашқы махаббатқа да жанпидалық көрсете алғанбыз, енді тіпті де жанпидалық көрсете алмаймыз» [16, 106 б.], «Ақиқат» повесінде: «Адамдарды сүйіп те бақыт таба алмайсыз. Өйткені, бір адамды шын сүйсеңіз, өз қайғыңның үстіне әлгі адамның бүкіл азабы келіп қосылады. Өйткені, оның басына түскен қиыншылықты бөліспей тұра алмайсыз. Үш адамды сүйсеңіз, үш адамның азабы, ал жүз, одан да көп адамды сүйсеңіз, тіпті бүкіл адамзатты сүйсеңіз, бүкіл жер бетінің қайғысы бір сенің басына келіп орнайды. Ендеше жан-тәнімен сүю қауіпті. Будда секілді безіп кеткеннен басқа ештеңе қалған жоқ. – Сенім керек, сенім,- деді священник осы кезде әндете сөйлеп. – ізгілік жеңсін десеңіз, соның бар екеніне сену керек, әйтпесе қиянат жеңуі мүмкін» [16, 130 б.], «Бассүйек» әңгімесінде: «Слушай, ты не ребенок, и не первый год работаешь министром. Пора понять, что достоинство нужно не только для победы, но и для поражения. Надо уметь проигрывать, а не устраивать дурацкую сцену. Содан кейін бүкіл ой-сезімі өзгеріп сала берді. әзірге астында машина болғанымен, «Шынында да, біздің үйге қандай авторбус барар екен» дегендей жол жиегінде қалып бара жатқан аялдамаға тұңғыш рет үңіле қарады» [16, 280-281 б.], «Бассүйек» әңгімесінде: «Хамит стол үстінде жатқан бассүйекке сығырайып ұзақ қарады. Тағы да сол мезі қылған сәтсіз еңбектің анық себебін іздеді. Музейдегі лекцияны, көзілдірікті жігітті, Мұқаш шалдың әжім жапқан аппақ жүзін елестетті. «Жаубөрінің тарихтағы орнын, халқына қадірін, өмірін...», «Жирафтың мойнының ұзындығын алып тастаса...», «Түсі суық болыпты ғой...». Жоқ, бәрі де әншейін теория. Жоба, тұспал» [16,310 б.], «Оң қол» әңгімесінде: «Кеше бір ұлы ақынның кітабын оқыдым. Соның ішінде «Дауыл» деген өлең бар екен. Кеменің діңгегі қирап, рулі сынған, желкені жыртылған. Көкжиекке батып бара жатқан күнмен бірге кеме де теңізге батып барады. Жұрттың бәрі жанталасып, өлім дұғасын оқуда. Әркім өзінің жақын көретін адамдарымен құшақтасып, қоштасып жатыр. Тек бір адам ғана өлімнен қорқуды да, қашуды да ойламайды. Ол тек: «Шіркін, осындай өлер сәтте құшақтасып қоштасатын адамның болғаны қандай бақыт»,- дейді ішінен күбірлеп. Қараңызшы, өлім аузында тұрған ең бақытсыз жандар да енді біреу үшін соншалық бақыт болып көрінеді. Өйткені олардың өлер сәтте қоштасатын жақындары бар. Сіз мені түсініп тұрсыз ба?» – деген жолдардан автордың шығармасында әртүрлі тақырыпта сұрақтар қойылып, жауабы ізделінеді [16, 321б.]. «Оң қол» әңгімесіндегі алғашқы сұрақ өз жауабын таппай келе жатыр. Әйелді сұлу немесе сұлу емес деп бөлудің қажеттілігі жоқтығы жайлы да біраз айтылды. «Тозақ оттары жымыңдайды» повесінің негізіндегі сұрақтың өзі және жауабы осы сөйлемнің ішіне сыйдырып кеткен. «Оралу» повесіндегі сұрақ көптеген адамдардың өміріндегі өкінетін сәттері жайлы болған. «Ақиқат» повесіндегі бұл сұрақтың мәнісі ең тереңде. Адамды емес, Аллаһты сүюдің қайыры барын көрсетуде. Адаммен бірге қайғы, ал Аллаһпен бірге қуаныш болады. «Қайырсыз жұма» әңгімесіндегі жауап кейпіндегі сұрақ қойылған. «Бассүйек» әңгімесіндегі сөздер сұрақ сынды көрінбесе де астарында үлкен сұрақ жатыр. Ол сұрақ – Жаубөрінің бейнесі. Батырға тән бейне қандай критерийлерге сәйкес келеді деген ой Хамитті мазалайды. «Оң қол» әңгімесіндегі соңғы сұрақ өлім аузындағы адамды ойландыртатынын байқаймыз. Өлім халіндегі адамның басынан өтетін хал суреттелген.

Көркем шығарма – өнерлердің ішіндегі ең жоғарғы сатыдағы өнер. Өнер адамға эстетикалық, этикалық тәрбиені өз бойына сіңіріп, көрерменге жеткізе білуі керек. Көрермен суреттен ләззат алғаны сынды көркем шығармадан да ләззат алуы тиіс. И.В.Ильинский көрерменді балаға теңеген: «Истинная культура зрителя выражается в непосредственном, свободном, ничем не стесняемом реагировании на то, что он видит и слышит в театре. Реагировании по воле души и сердца» [30, 87 б.]. Көрермен өзіне ұнаған қойылымынан көп уақытқа дейін әсерленіп жүреді. Төлен Әбдікұлының «Парасат майданы» повесін оқыған Әбіш Кекілбай ойға шомып жүргенін айтқан: «Парасат майданы» қайталап айта беруге, тіпті жіліктеп талдап беруге келмейтін зұлмат хикая. Оны оқып отырып, ойын он саққа жүгіріп, ойланасың, тебіренесің. Ойланған сайын, ойсырап, құлазып, тебіренген сайын, теңселе күйзелесін. Нағыз өнердегі шок терапиясы» [32,55 б.].

Кәсіби оқырман ретінде Ә.Кекілбайдың пікірін алсақ, қатардағы оқырмандардың да пікірлерін де ескердік. Мәселен, «Қазақ филологиясы» мамандығының 4-курс студенті Таңшолпан Серікқызы: «Төлен Әбдіктің интеллектуалды оқырман талап ететін, тәрбиелейтін шығармашылығы ғасырлық бағасын алатын майталман шеберхана деп санаймын», «Филология» мамандығының 4-курс студенті: «Оң қол» туындысының өз уақытында үлкен жаңалық ретінде қабылданғаны анық. Бұған себеп не? Себеп сол, ең әуелі тақырып тосындығы, сондай-ақ жазушы идеясының шығарма сюжетімен табиғи бірлік табуы дер едім. Тағы бір айтары, бұл тек «Оң қол» шығармасына ғана қатысты ерекшелік емес, Т.Әбдікұлы шығармаларының барлығына тән қасиет. Шынтуайтына келгенде, жазушының шығармаларының өзін ана бір тақырып я мына бір шындық, болмаса шетел тақырыбы деп бөлудің қажеті жоқ. Неге десеңіз, қайсыбір тақырыбын алсаңыз да өмірдің өзекті, аса зәру, аса ділгір мәселелерін көтергеніне көз жеткізесіз. Олар тек жанрлық тұрғыдан және шығарманың сюжеті мен композициялық құрылымынан ғана бөлек. Ал, автордың философиялық ой түйіні, алға қойған мықты гуманизмі барлық шығармаларының алтын арқауы. Сөз жоқ, Төлен – тума талант. Ал бұл сөз дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Оған себеп оның шығармалары «Оң қол», «Бассүйек», «Ақиқат», «Тозақ оттары жымыңдайды» сияқты т.б. да туындылары – қазақ әдебиетінің қазынасына қосылған құнды қомақты үлес. Айта кетерлік тағы бір ерекшелік - жазушының көптеген шығармаларының соңғы нүктесі қойылмаған. Бұл даралық шығарма мазмұнының тереңдегін аңғартады, яки шығарма соңындағы аяқталмаған түйіндер оқырман қауымды бей-жай қалдырмай, кітаппен бірге ойланып толғануға жетелейді, өзіндік жеке ой қалыптасып, өзінше жеке ой түйін жасауға шақырады. Сөзімді қорытындыласам, адам жан дүниесіне жол тапқан жазушы Төлен Әбдіктұлының шығармалары жұртшылық назарында қашанда болады, бола бермек те. Психология мен философияны әдебиетке әкелген дарынды тұлғаның туындылары қоғамға қажет».

«Оң қол» әңгімесі басынан аяғына дейін бірінші жақтан берілген әрі талданған. Мәселен, «Сол түннен бастап Алманың науқасы туралы жеке күнделік жүргіздім. Тіпті, өзіме жеке ғылыми объектінің табылғанына қуанғанымды да жасыра алмаймын. Оң қол Алмаға тек қалың ұйқы құшағына енгенде шабуыл жасайды. Яғни, өзіне қанша түсініксіз болғанмен, өзін-өзі өлтіру ниеті қыздың миында бар деген сөз» [16, 317 б.]. Бірінші жақтан баяндалған шығарма оқырманды шығармаға жақындата түседі. Ол бір шығармада өзі жүргендей күй кешіп, автормен бірігіп кетеді.

Баяндау туралы сөз қозғағанда біз әрқашан стиль мен тілге келіп тірелетініміз анық. Баяндаудың автор, мәтін, оқырман арасында болатын қарым-қатынасты біріктіруші ретінде қарастыру соңғы кездерде ғана көрініс тапты. Баяндау мәселесін үштіктің айналасында қарастыруға келгенде сюжет пен фабуланы баяндаумен шатастыру болып жатады. Осы ұғымдарды шатастырып алмауымыз үшін шығармадан екі мәселені ажыратып алуымыз қажет. Біріншісі – шығармада айтылған оқиғалар жүйесі, ал екіншісі – баяндаудың өзінің оқиға ретінде берілуі. Баяндау деп сюжеттегі әрбір оқиғаны хабар ретінде беруін айтамыз. Ал сюжет – шығармадағы оқиғалар желісі. Яғни, сюжет оқиға болса, баяндау – оны жеткізуші құрал. Оқырманға оқиғадан гөрі баяндау тәсілі оған көбірек әсер етеді. Яғни, көкірегіне нұр, сәуле болып енеді. Баяндаушы, хабарлаушы, нарратор, актор, автор дегендердің барлығы баяндаушы ретінде танылады, бірақ қызметі мен орны әртүрлі.

Кез-келген оқырманның назары 2-ге бөлінеді. Біріншісі – оқиға және оның маңыздылығы, екіншісі – баяндаушының сөйлеу мәнері мен мәдениеті. Оқырман шығарманы оқыған кезде осы екі критерийге баса назар аударады.

 

3.2 Оқырман түрлері және оқырман назары

Әр шығарма оқырманға өзіндік ерекшеліктерімен, қызықтарымен, сонымен бірге қарсылықтарымен бірге келеді. Оқырман автормен кейде бірігіп, кей кезде ажырап кетеді. Оқырман шығармадан өзіндік қажеттіліктері мен критерийлерін көрсе, автормен бірге, ал керісінше болатын болса, шығармаға өз қарсылықтарын көрсетеді. Оқырман - шығармаға өмір сыйлайтындардың бірі. Автор өз қиялы, ақылы мен еңбегі арқылы тудырса, оқырман ақылы, қиялы және еңбегі арқылы шығарманың өмірін жалғайды. Еңбегі ретінде шығарманы оқуын, талдауын, талқылауын жатқызамыз. Қиял мен ақылдың әр адамда әртүрлі көрініс табуына қарай оқырманды да өз ішінде жіктейміз. В.Е.Хализев оқырманды шынайы және көпшілік, ал Т.У.Есембеков «Көркем мәтін поэтикасы» атты еңбегінде Г.Яусстың жіктемесі бойынша оқырманды қатардағы оқырман және оқырманның үстінен қарайтын кәсіби филолог деген түрлерін көрсеткен екен (6-суретке сәйкес).

 

Сурет 6. В.Е.Хализев пен Г.Яусс жіктемесі бойынша оқырман түрлері

 

 

 

В.Е.Хализев өзінің «Теория литературы» атты еңбегінде автор, мәтін және оқырманның арасындағы байланыстарды, қатынастарды әрі нәзік тұстарды тереңірек қарастырған. Өзінің еңбегіне М.М.Бахтин, В.М.Жирмунский және т.б. белгілі әдебиеттанушылардың ой-тұжырымдарын негіз ете алған. Сол себепті де, В.Е.Хализев еңбегі әдебиеттанушы көпшілікке көп көмегін тигізіп жатыр. Әдебиеттанушы оқырманды реальный (шынайы) және массовый (көпшілік) деп жіктеген. Ғалымның пікірінше, оқырман шығармаға тікелей және жанама қатыса алады. Тікелей қатысқан кезде автор оқырманның да ойын ескеріп, онымен сөйлесе отырып, диалог құрып, шығарманы қызықтыра түседі. Бұндай авторлардың қатарына «Евгений Онегин» шығармасындағы Пушкинді, Л.Стерннің повестін, Н.В.Гоголяның прозасын, М.Е.Салтыков-Щедрин және И.С.Тургеневті жатқызған. Бұл қаламгерлер шығармасында авторды да, оқырманды да кезіктіре аласыз. Сонымен бірге, шығармада оқырман-адресаттың да болу ықтималдығы жоғары. Оқырман-адресат ұғымын 1970 жылдары Х.Р.Язер мен В.Изер қарастырған. Х.Р.Язер мен В.Изердің пікірінше, шығармада екі эстетикалық теория болады. Біріншісі – дәстүрлі, яғни автордың ойы мен идеясы, ал екіншісі – адресат. Адресатты имплицит,ал біріншісін имманент деп атаған. Адресаттың шығармада кездесуі жоғарыда айтқанымыздай шығарманы қызықтыра түседі. Сол үшін автор бұл оқырман түрін қолдануда.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 927; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.026 сек.