Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Концепциясы 4 страница




Шығарманы қабылдауда адресаттың болуы маңызды болғаны сынды оқырманның шығарманы тани білуінің де тәжірбиесінің болуы маңызды. Шығарманы тани білмеген, оқи білмеген оқырман шығарманың кейбір тұстарын түсінбей, автор идеясын ұға алмауы себепті шығарма өз бағасын алмай қалу ықтималдығы да жоқ емес. Бұл жерде автордың да жеткізу, жазу тәжірбиесі, ал оқырманның тани, оқи білу тәжірбиесі қажет. Қазіргі таңда оқырманның авторға қояр талабының жоғары болуы, ал авторлардың ол талаптарды қанағаттандыра алмауы да шығарманы оқымауға алып келуде. Н.А.Рубакин: «История литературы – не есть только история писателей, но и история читателей», – деген пікірі негізінде оқырманның да шығармаға әсерінің қатыстылығын көреміз [30,91 б.]. Автор оқырман талабын қанағаттандыру үшін сол заманның зарын, проблемасын шығармасына өзек етеді. Чехов өз замандастарының көрінісі, ал шығармалары заманның ащы зары бола білген. Бұл – автордың тапқырлығының белгісі. А.Чехов деген аттың қазіргі таңға дейін жетуі өз заманының оқырмандарының көңілінен шыға алғандығынан болса керек.

Шығарманың оқырман арасында танымалдығын оның қайта басылуынан, тираж санының көбеюінен және өзге тілдерге аударылуынан көрсек болады. Сонымен бірге, шығармадағы цитаталардың қолданысқа ие болуы және де кинолардың түсірілуін айтамыз. Философ, әдебиеттанушы және сыншылардың да еңбектеріне өзек бола алуы да шығарманың оқырман жүрегіне жол тапқанын көрсетеді.

Шынайы оқырман – шығарманы түсінген, автор идеясын жүрек түбіне жеткізе білген оқырман. Шынайы оқырман заманнан заманға ауысады. Әр заманның шынайы оқырманы әртүрлі болады. Мәселен, М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы ХХ ғасыр оқырмандарына ақын Абайдың өмірі, ұлы туынды ретінде танылса, ал ХХІ ғасыр оқырмандарына оқылуы тиіс немесе қазақ тұрмысын, тарихын танытатын шығарма ретінде қабылдауын айта аламыз. Шынайы оқырман көпшілік оқырманнан интеллектуалды білімі мен арнайы тәжірбиесімен ерекшеленеді. В.А.Жирмунскийдің мына пікірі шынайы мен көпшілік оқырманның айырмашылығын айырып берсе керек: «Вы читаете поэму, смотрите картину, слушаете сонату чувствуете удовольствие или неудовольствие – вот вкус, разбираете того и другого – вот критика» [30,92 б.].

Әртүрлі жастағы адамдар, әртүрлі мамандықтағы адамдар және әр дәуір адамдары бір шығарманы әрқалай қабылдайды. Бұл – әр адамның индивид, әркім әртүрлі ойлауға және пікірін айтуға құқылы болуынан болса керек. Мәселен, ХІХ ғасыр оқырмандары діни, тұрмыстық жанрдағы кітапты, ХХ ғасыр тарихи, драма жанрын қаласа, қазіргі таңда фантастика, шытырман оқиғаларға толы шығармаларды жақсы оқиды.

ХІХ ғасыр өзінің мықты авторларымен, классикалық туындыларымен және таласты әрі тартысты оқитын оқырмандарымен ерекешеленді. Ал ХХ ғасыр өз бастауын соғыстан алғандықтан, автор мен оқырман, автор мен шығарма өз араларын суытып алды. Сұрапыл соғыс талай адамның қанын ғана емес, оқырманның да ынтасын алып кетті десек болады. Бірақ та ол заманның да оқырмандары болды. Соғыс тақырыбында жазылған шығармалар азғантай оқырманның жүрегіне жол тауып, өз оқырмандарын қайта жинады. Көпшілік оқырман шығармаға шынайы оқырмандай үлкен талап қоймаса да шығармадан өзіндік қажеттіліктерін талап ете алады. Олар шынайы оқырман сынды тіліне, идеясына, сюжетіне және тәсілдеріне қарап, талдау жасауға талпынады. Шынайы оқырман сынды жіліктеп талдамаса да сыни көзқарастан шет қалмайды. Шынайы оқырман кейде авторға қатал қарап жатса, көпшілік оқырман керісінше авторға дем береді.

Т.У.Есембеков «Көркем мәтін поэтикасы» атты еңбегінде: «Әдеби мәтінді түсіну барысын Г.Яусс шартты белгі, яғни нотамен жазылған музыкалық туындының партитурасын оқумен теңестіреді. Бұл кезеңде талқулаушының өзі екіге бөлінеді екен: біреуі – қатардағы оқырман, екіншісі – оның қалай оқығанын талдайтын кәсіби филолог, ол оқырманның үнемі үстінен қарап тұрады. Ал талқылау (интерпретация) үдерісін ғалым мәтінді оқып түсіну кезінде екіге бөлінген оқырманның қайтадан эстетикалық тұтас тұлғаға айналуы дейді. Оқырманның жүйкесі мен сезіміне, ойы мен санасына мәтіннің ерекше салмақ түсіретін кезі – осы. Мәтінді аяғынан басына дейін тағы бір сүзіп оқып шығу, кейбір тұстарды қайта – қайта пысықтау, жекелеген сәттерге шүйлігу, өзіне, мәтінге, авторға сан сұрақ қою, оларға жауап іздеу - өте қиын үдеріс. Мәтін қойған сауал, оқырман діттеген амал да бар мұнда. Осының бәрін жауап беруші – мәтін ғана, өйткені онда автордың барлық сауалдарға эксплициттік дайын жауабы жоқ. Оқырман автордың екіге жарылуы жайлы жазылған еңбектерді оқу, талдау, талқылау барысында да екіге бөлінеді. Бұның барлығы оқырманның ой-сезімі мен танымының көрінісі», – деп, оқырманның да түрге бөлініп, шығарма тану ерекшелігін айтқан [24,184 б.].

Бұл шығармадан оқырман өзіне қажетті өзекті нәрсені тауып, адамгершілік жағынан үлкен сабақ алады. Жоғарыда оқырманның екі түрі болатынын айтқан едім. Сол кәсіби филолог ретінде Ә.Кекілбайдың шығармаға берілген оқырман пікірі: ««Парасат майданы» қайталап айта беруге, тіпті жіліктеп талдап беруге келмейтін зұлмат хикая. Оны оқып отырып, ойын оң саққа жүгіртіп, ойланасың, тебіренесің. Ойлаған сайын ойсырап, құлазып, тебіренген сайын теңселе күйзелесің. Нағыз өнердегі «шок терапиясы»» [32,56 б.]. Т.Әбдікұлы шығармалары туралы Г.Орда мынандай баға береді: «Өткен ғасырдың 60-жылдарындағы әдебиет, ол – адамның жан дүниесіне үңіліп, талдау жасау жағынан ерекшеленетін. Төлен ағамызды шығармашылығы адам бойындағы ерекше құбылыстарға және сонымен бірге психологиялық талдау жасау арқылы оқырманға, замандастарына үлкен ой салған, жекелеген кейіпкерлердің өмірлері арқылы үлкен философиялық ойларға жетелеген қаламгер қатарына жатқызуға болады. Мысалы, «Оң қол» әңгімесі алпысыншы жылдардағы қазақ прозасының үлкен табысы болса, соңғы жазылған «Парасат майданының» өзі де соның заңды жалғасы ретінде көрініп отыр». Т.Әбдікұлы шығармалары оқырман қауымын оятып, тың ой салып, шығармашылық сүйсіндіргені анық» [36].

Әдебиеттану ғылымы көп уақыт мәтінді оқырманның сұрағына жауап беруші ретінде танып келді. Яғни, автор оқырманды қызықтыратын тақырыпта, ойландыртып жүрген ойды, өзекті проблемаларды мәтінге себеп етті. Г.Яусс бойынша оқырман мәтінді оқып отырған кезде ой туатынын айтады. Оқырман автордың сөздерінен ой сабақтап, идеяларын қорытады. Бұл ой да өз бағамын ала жатар.

Кез-келген зерттеуші автор немесе шығарманы зерттемес бұрын қатардағы оқырманның ойын алып, пікірін тыңдап барып ғана кәсіби оқырманның пікіріне жүгінеді. Ойдан ой, пікірден пікір туындату арқылы зерттеудің нәтижесін шығарады. Қатардағы оқырман мен кәсіби оқырманды салыстырудың өз қажеттілігі де жоқ емес. Бірі байқаған ой келесі адамда басқаша көрініс табуы мүмкін. Бұл автордың шығармаға еккен идеяларының ашылуына әкеледі. Г.Яусс мәтінді талқылау кезінде оқырманнан авторға қарай зерттеуді дұрыс деп зерттеген. «Көп пікірдің бірі» деген ойды ғалым өз еңбектерінде жазған. Оқырманның пікірі де зерттеуге әсер ететінін осы жерден байқасақ болады.

Салыстыру кезінде жоғарыда айтқанымыздай оқырманның заманын, ортасын, қоғамын және таным көкжиегін ескеру керек. Өткен ғасырларда қолдан қолға өтіп оқылған шығармалардың осы ғасырда құнының болмауы оқырман көкжиегіне байланысты. Негізінде, автор да, оқырман да заманға сай өзгеріп отырады. Өзгермейтін тек шығарма. Шығарманың өзгермеу себебі сюжет, композиция, айшықтау құралдарының шығармада өз кезегімен өрбуінде. Автор да, оқырман да революция жасады, ал шығармаға революцияға жақындағанымен аяғына жетпей тынып қалады. Қай шығарманы алмасаңыз жаман басталып жақсылықпен аяқталады немесе керісінше, одан қалса аяқсыз қалып кетеді. Өзімен бірге елітіп әкетіп, тылсым әлемге әкеп бір тірейтін шығармалар аз. Революция жасауға талпынып жүрген авторлар бар. Бірақ шығармалардың жазылу форматы бір. Форматта революция жоқ. Осы уақытқа дейін форматта болған өзгерістер: кітаптың пішіні, әңгіме емес диалог күйінде өрбуі, психология мен философияның дәндері. Классикалық шығармалар - өзі бір бөлек әлем. Шетел әдебиетінің кең таралып, қазақ әдебиетінің революция жасай алмауы оқырман көпшілігінің шетел әдебиетіне ауып бара жатқанын байқаймыз.

Осы кездегі зерттеулердің ішінен Н.Холландтың әдеби шығарманы автордың ауани, физиологиялық, нәпсілік қиялдарының көрінісі деген еңбегі назар аударарлық. Ол оқырманның мәтінді түсіну үдерісінің конфронтация – тастап кету – қайта оралу сияқты үш кезеңнен тұратынын бөліп көрсеткен. Туындыны талқылауды оқырманның өзін-өзі тануы деп түсінген ғалым оқырманды кедергісі көп, жолы ойқы-шойқы автомобиль трассасындағы жүргізушіге теңеген. Д.Хортман деген американдық әдебиетшіге «айналып өту» деген ұғым арқылы әдеби мәтінді талқылаудың барысын үнемі жөнделіп жататынын, «ой-шұңқыры бар» деген хабар беретін көптеген белгілерден тұратын жолмен жүруге ұқсатқан. Қандай қиын болса да жүргізуші жолдан шығып та кете алмайды, тоқтап қалуы да қисынсыз екен.

Қазіргі кездегі шетелдік зерттеулерде әдеби мәтінді оқырман көзімен талқылау мәселесі – өті жиі сөз болып жүрген тақырыптардың бірі. Зерттеушілердің көбі оны талқылаудың үш кезеңнен тұратындығы жөнінде ортақ тиімді пікірге келген сияқты. Этикалық бағыт өкілдері интерпретатордың тарихи-әлеуметтік заңдылықтарға тәуелділігін дәріптесе, әлеуметтік-психологиялық тұрғыдағы ғалымдар талқылау барысында ассоциативтілікті тану, талқылау, бағалау жөнінде ортақ көзқарас байқалмайды, талас тудыратын сұрақтар жетерлік, жауаптар әрқилы. Демек, отандық әдебиеттанудағы қалыптасқан көркем мәтінді талқылаудың тиімді амалдарымен қатар қазіргі кезеңдегі ғылыми негізі басқа көзқарастарды білудің артықтығы жоқ. Әр кезең туындысын сол үшін автохонды, аутентивті көзқарастар тұрғысынан бағалаудың тиімділігі жетерлік. Орынды әлеуметтік бағадан, қисынды ассоциативтік талдаудан бас тартпау керек.

Сонымен бірге, әрбір әдеби шығарма аурасын мынандай негіздер құрайды: персонаж санасы, авторлық сана, оқырман санасы, заманның әлеуметтік санасы, трансперсоналдық сана. Барлық сананың ішінде бізге керектісі – оқырман санасы. Оқырман санасының дәрежесі көп жағдайда шығарма мен автордың санасын айқындайды. Оқырманның білімді әрі саналы болуы кейбір жағдайда шығарма тағдырын айқындайды. Қазіргі кезде кітаптардың көп оқылмауы оқырман санасының басқа нәрселерге бой ұрып кетуінен көрінеді. Оқырман санасы кітапқа емес, компьютерге ден қойған.

Осыған дейін шығармадағы оқырманға әсер ететін тұстарды барынша баяндауға тырыстық. Ендігі кезек оқырманға әсер ететін басқа да деталдарға көшейік. Оқырман назарын аудартатын бірінші деталь – мұқаба. Адам психологиясы - күрделі ұғым. Адам психологиясының күрделі екендігін ескере отырып, кітап мұқабасын соған ыңғайлы ету маңызды. Кітап таңдауға барған оқырманға ең бірінші әсер ететін мұқаба болғандықтан, автор мұқабаға ерекше мән беруі керек. М.Мағауиннің «Жармақ» романы бір адамның екі тұлғаға бөлінуі жайлы баяндалған. Соған сәйкес мұқабаның да сырты адам бет-пішінінің екіге бөлінуі суреттелген. Бұл мұқабаның шығарманың мазмұнына сәйкестігін көрсетеді. Сонымен бірге, мұқабаның суретінің ғана жақсы болуынан бөлек, қабының қаттылығы, сапасы, безендірілуі де оқырман санасына әсер етеді. Мәселен, «РаритетР» баспасының сыртының терімен қапталуы, жазуларының алтын түстес сиямен жазылуы да оқырманға әсер етіп, кітаптың сатылымы мен таралымы және оқырман қызығушылығын арттырған. Кітаптың сыртының әдемілігіне де қатты мән беріп, іші солғын тартқан шығарма да болмайды. Ішіне сырты, сыртына іші сай шығармалар ғана оқырманға әсер етеді.

Екінші деталь – тақырыптың аударылуы. Панама жазушысы Х.Беленьонының «Luna verde» атты шығармасы орыс тіліне «Зеленая луна» деп аударылған. Бұл екі тақырып бір-біріне байланыспайды, тек қана «Луна» дегенде ғана ұқсастық кездеседі. Аударма кезінде түпнұсқаға сәйкестілігіне қатты мән берген жөн. Себебі, оқырман автордан бөлек, шығарманы сүйіп оқиды. А.Камюдың «Маленький принц» ертегісіне қызыққан оқырман қазақша оны «Кішкентай ханзада» деп іздейтіні анық. Өйткені, басқаша болу мүмкін емес. Абай айтпақшы «Жүрегі – айна, көңілі - ояу» кез-келген адам қолына түскен кітапты ойланып, сараптап барып оқитыны анық.

Үшінші деталь – мәтіндегі сөздердің орналасуы. Мәтінде сөздер солдаң оңға қарай орналасуы заңды. Сол себепті де сол жақтағы сөз оң жақтағы сөзден бірінші оқылады. Баяндауыш бастауыштың сол жағында жазылып немесе бастауыш пен баяндауыштың ортасына басқа сөйлем мүшелері кіріп кетсе, оқырманның назары бұзылады. Яғни, сөйлемді түсінбей қалу ықтималдығы жоғары. Бұндай олқылықтың алдын алудың бір жолы – синтаксистік параметрлерді сақтау. Бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлемдер бағанға бөлініп жазылады. Ол жерде солдан оңға және төменнен үстіге қарай оқу қолайлы болып көрінгенімен, күтілгендей нәтиже бере қоймайды. Сөйлемдердің арасында суреттердің берілуі сынды фатикалық тәсілдер де оқырманға әсер етеді. Бұл, көбінесе, балалар әдебиетінде көп қолданады. Фатикалық тәсіл шығарманы толық түсіну үшін қолданылады. Суреттердің қолданудағы кемшілік те жоқ емес. Мәтіннің ішкі мазмұны суретпен салыстырғанда шет қалып, мәтін көлеңкеде қалып қояды.

Төртінші деталь – түсіндірмелер мен кітап соңындағы комментарийлер. Драмалық шығармаларда оқырманның жаулап алатын нәрсе – сахнаның безендірілуі. Сахнаның әдемі безендірілуі қойылымның көрермен жүрегіне жол тартудың ең өтімді тәсілі болып келеді. Түсініктеме мен комментарий де оқырман жүрегіне жол тартудың бір жолы. Түсініктеме мен комментарийлерді көркемдік құралдарымен шатастырып алмауымыз қажет. Бұл тек қана оқырманның түсініп оқуына арналған. Түсініктеме мен комментарийлер көбінесе ғылыми, бір кәсіп саласына арналған шығармаларда көптеп кездеседі.

Бесінші деталь – оқырманмен тікелей хабарласу. Еуропа мен орыс әдебиетінде жазушылар және ақындар өз оқырманымен тікелей хабарласып отырған. Оны «сүйікті оқырманым», «оқырман» сынды т.б. сөздермен жеткізіп отырған. Қазақ әдебиетінде де ол үрдіс бар. Оқырманмен тікелей хабарласуды Абай мен Махамбет шығармашылығынан көре аламыз. Абай «тыңдаушым», «қалың елім, қазағым», «қайран жұртым» сөздерін пайдалану арқылы оқырманын өзіне тарта білген. Абайдың «Ішім өлген, сыртым сау» өлеңіндегі «батыр-ау», «жайдары-ау», «жарқын-ау» сөздері оқырманға айтылған арнау, толғау, мұң, өкпе, наз екенін байқаймыз. Оқырманмен тілдесу қазіргі әдебиет өкілдерінің де шығармашылығында жиі кездеседі. Мәселен, Қалқаман Сарин «Оқырман қыз» атты өлеңі. Оқырманмен тілдесе білген ақынның өлең жолдары мынандай:

Оқырман қыз,

Өмірде алыс,

Өлеңде жақын жанбыз.

Түнге сіңіп, тағы да

Ай жүзінен

Мұң көшіріп ақының отыр жалғыз.

Сен ше, қарғам?

Мұңаймашы,

Түспесін еңселі арман.

Ықыласын бір саған аударар ем,

Ыңғайыма осы бір көнсе жалған.

Амал нешік?..

Сансыз арман сарылып, санамда өшіп

Дәруіштей дәрменсіз күй кешемін,

Көңілімнің көгінде ғалам көшіп.

Аңғалым-ай!

Жағымды бір болар ма ең жанға бұлай.

Қалам ұстап қолыма сәл мұңайсам,

Саған ұқсап кетеді жап-жарық Ай!

Мөп-мөлдір шық,

Жанарыңнан жас болып кеткенде ыршып,

Жұбанышың болар жыр жазсам, шіркін,

Жүрегіңнен жарғандай көктем бүршік.

Оқырман қыз...

Өмірде алыс,

Өлеңде жақын жанбыз.

Түнге сіңіп тағы да

Ай жүзінен,

Мұң көшіріп ақының отыр жалғыз [37].

Кітаптың автордан оқырманға жеткізудің бірнеше деталдарына мән бердік. Осы деталдардан бөлек оқырманға әсер ететін нәрсе – кино. Кітаптың желісі бойынша түсірілген кинолар кітаптың да сұранысын арттырады. Мәселен, Шыңғысхан туралы кино түсірілген соң, Шыңғысхан жайлы жазылған көп томдық кітап сұранысқа ие болған. Өйткені, оқырман кітап пен киноны салыстырып, айырмашылықтарын айырып, жіліктеп тастауы керек.

Автор мен оқырман арасында көпірлердің бірі – кейіпкер. Оқырманның талғамы өте күрделі. Бір оқырман авторды, екіншісі кейіпкерді, ал үшіншісі сюжетті жақсы көруі мүмкін. Көбіне оқырманды кейіпкері баурайды. Басты кейіпкермен бірге қуанып, бірге жылап оқитын оқырманға бәрінен кейіпкер маңызды. Кейіпкерді оқырманына сүйікті етіп алған автор келесі шығармаларында өте абай болғаны жөн. Келесі шығармада өз кейіпкерін көре алмаса, сюжетте өзгешелік орын алса, оқырман көңілі қалады. Яғни, автор ол үшін ерекше болудан қалып, басқа авторлардың қатарына ілігеді. Бірақ та автор прогресс жасаудан да таймау керек. Автор өз оқырманын сақтауға және шығармада төңкеріс жасауға мүдделі болу керек. Ал сапасы оқырман автор жеңісі мен жеңілісін бағалай білу керек.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 573; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.046 сек.