Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттік шолу




КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс «Даулет-Фарм» ЖШС өндірісінде жеделдетілген бөлшекті мацерация әдісімен алынатын тыныштандырғыш әсері бар сасықшөп экстрактысының өндірісіне және дәрілік өсімдік шикізатының ұнтақталу дәрежесінің экстракциялау уақытына әсерін зерттеуге арналады.

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде минималды кері әсері бар жоғары терапевтикалық тиімді әсер көрсететін дәрілік өсімдіктерден ББҚ жаңа дәрілік заттар құрастыру өзекті мәселе. Отандық фармацевтикалық өнеркәсіптік өндірісте алдыңғы қатарлы технологияың перспективті жоспары мен сәйкестенуі өндірістің динамикалық дамуының қабілетті екен көрсетеді.

Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын Отандық дәрілік препараттармен қамтамасыз етуге үлкен көңіл аударылып отыр. Қазіргі кезде дұрыс тамақтанбау, салауатты өмір салтын дұрыс ұстанбағандықтан халықта депрессия, ашуланшақтық, көңіл-күйдін жоқ болуы көптеп кездеседі. Сол себепті халықты Отандық зиянсыз дәрілік өсімдік шикізатынан дайындалған препараттармен қамтамасыз ету басты мәселелердің бірі. Сондықтан, ҚР фармацевтикалық нарығын отандық дәрілік прпараттармен қамтамасыз ету мақсатында сасықшөп экстрактысын Мемлекеттік реестрге енгізу өзекті мәселе.

Жұмыстың мақсаты: «Даулет-Фарм» ЖШС өндіріс орнында сасықшөп экстрактысын өндіру және дәрілік өсімдік шикізатының ұнтақталу дәрежесінің экстракциялау уақытына әсерін анықтау.

Зерттеу міндеттері:

· Седативті және тыныштандырғыш әсері бар дәрілік препараттар бойынша ҚР фармацевтикалық нарығына маркентингтік талдау жасау;

· Экстракт алу технологиясын және аппаратуралық сызбасын жасау;

· Технологиялық есептеулер жүргізу;

· Жеделдетілген бөлшектік мацерация әдісімен сасықшөп экстрактысының алу технологиясын өндіріс орнына ұсыну.

1.1 Сұйық дәрілік қалыптар жалпы сипаттамасы және сапасына қойылатын талаптар

Экстракттар деп дәрілік өсімдік шикізатынан алынатын концентрлі сығындылар айтылады. Өсімдік материалын сығындауга арналган экстрагентке баиланысты барлық экстрактар келесі топтарға бөлінеді.

Сулы экстрактар –EXTRACTA AQUOSA

Спиртті экстрактар –EXTRACTA spirituosa

Эфирлі экстрактар –EXTRACTA aetherea

Майлы экстрактар –EXTRACTA oleosa

Консистенциясы бойынша экстрактар:

Сұйық – EXTRACTA fluida --- қозғалмалы, боялған сұйықтықтар:

Қою – EXTRACTA spissa --- ылғалдылығы 25% -ға дейін болатын тұтқыр массалар:

Құрғақ – EXTRACTA sicca --- ылғалдылығы 5% ға дейін болатын сусымалды массалар.

Сұйық экстрактар тек спиртті ғана болады: қалғандары сулы, әрі спиртті болуы мүмкін.

Қазіргі кезде УФМ,ФМ,МФ Х баслымында 45-тен астам сұйық, қою, қурғақ экстрактар енгізілген.

Сұйық эктрактар EXTRACTA fluida

Сұйық экстрактар кептірілген өсімдік материалынан алынған, ерімейтін тұнбалардан тазартылған және дербес дәрілік препараттар ретінде қолданылатын концентрлі спиртті-сулы сығындылар. Сұйық экстрактар көбінесе тамшылар түріпнде қабылданады немесе күрделі сұйық дәрілердін құрамына кіреді және өте сирек жағдайларда күрделі ұнтақтардын құрамына кіреді. МФ және ФМ /УФМ\ бойынша 17ге жуық экстрактар зандандырылған. МФ Хбасылымы бойынша долана, су бұрышы, шәнгіш, итшомырт экстрактары заңды болып есептелінеді.

Егер басқа нүсқаулар болмаса, онда сұйық экстрактар 1:1 қатынасында дайындалады, яғни, дайын сұйық экстрактағы әсер етүші заттардың концентрациясы құрғақ стандартты дәрілік шикізаттағы концентрациясына тең болуы тиіс. Бұл талапты орындау үшін стандартты құрғақ өсңмдңк шикізаттың 1 салмақтық бөлігінен 1 салмақтық бөлік дайын өнім алынады. [1]

Фармацевтік өндірісте экстрактар салмақ бойынша дайындалады, яғни, шикізаттың бір салмақтық бірлігінен бір салмақтық бірлік дайын өнім алынады.

Сұйық экстрактарды алудың технологиялық процесінің жалпы схемасы келесі сатылардан тұрады:

· Шикізатпен экстрагентті дайындау

· Экстракциялау

· Экстрактыны тазалау

· Стандарттау

· Шикізатпен экстрагентті дайындау тұндырмалар алу

процесінде жүргізіледі.

· Дәрілік өсімдік шикізатынан экстракт алу үшін перколяция

реперколяция қарсы ағымдағы экстракция, қарсы ағынды бөлшекті мацерация және еріту тәсілдері қолданылады.

Экстрагенттер ретінде сұйық экстрактардың көбі үшін 70 %этанол қолданылады, кейде спирттің басқа концентрациялары пайдаланылады Мысалы, шәңкіш, қалақай, дәрілік шелна, мыңжапырақ экстрактары 40-50% спиртте, ал 20-30% спиртте ет жапырақ, тасшөп, жебір экстрактар дайындалады.

Тазарту. Сұйық экстрактарды тазарту оларды арнайы тұндырғыштарды 8 С температурадан жоғары емес температурада 4-7- тәулік бойына тұндыру арұылы жүргізіледі. Сонан соң тқндырылған экстракты пресс- фильтрде фильтрлеу арқылы тазартады.

Сұйық экстрактарды стандарттау әсер етүші заттардың пайыздық мөлшері, спирттін мөлшері мен тығыздығы, құрғақ қалдық және ауыр металдар бойынша жүргізіледі.сұйық экстрактарда олардың тез бүлінбеуі үшін спирттің қажетті мөлшері болуы тиіс. Құрғақ қалдықтың мөлшері 25% ке дейін болу қажет. Сұйық экстрактардың басты кемшілігі 8 С температурада төмен жағдайларда тұнба түсуі. Бұл препараттың әр турлі қосалқы заттармен қантқандығының нәтижесі. Сұйық экстракттар медицинада кең қолданылады. Олардың бірқатар артықшылықтары бар: пипеткамен немесе бюреткамен жеңіл және оңай дозаланады; өндіріс сатылары қарапайым; алынған экстракты жылулық өңдеу қажет емес, сондықтан, әсер етуші заттары табиғи күйде сақталады. [2,3]

Қою экстрактар.

Қою экстрактар дәрілік өсімдік шикізатынан алынатын қойылтылған концентрлі экстракт болып табылады. Жекеленген жағдайларда балласты заттардан тазартылған және ылғалдылығы 25% аспауы керек.

Бул экстрактардың ерекше тобы, олардың құрамында ащы, ащы араматты немесе тәтті заттары бар өсімдіктерден алынады. Қою экстрактар байланыстырғыш заттар ретінде, коригенттер ретінде қолдалынады, ұнтақтар, микстуралар құрамына кіреді.

Дәрілік бақ –бақ және үшжапырақ сүбеделер қою экстрактары –бисмацерация; мия тамыры қою экстракты бисмацерация және қарсы ағымды экстракция; ащы жусан қою экстракты – перколяция және экстрагенттің циркуляциясы арқылы бөлшекті мацерация; ұсасыр папоротнигі қою экстракты – циркуляциялық экстракциялық тәсілдерімен алынады.

Бақ-бақ тамырларымен ащы жусан шөбін сумен экстракциялайды, консервілеуші зат ретінде 0,5% хлороформ қосады. Мия тамыры экстракциясын бисмацерация тәсілімен алуда 25% аммияктың сулы ерітіндісі қолданылады. Бұл салқын суда еритін глицирризин қышөылын жақсы еритін амони тұзына алмастыру үшін қажет. Үшжапырақ субеделер қою экстракттысын алуда ферменттерді инактивациялау үшін және негізгі әсер етуші затты гликозит –мениантинді –толық сығындау үшін экстрагент ретінде қайнаған су қолданылады.

Қою экстракт алу келесі сатылардан тұрады:

· Шикізат пен экстрагентті дайындау

· Экстракт алу

· Экстракт тазарту

· Қойылту /бұландыру/

· Стандарттау

1 Өсімдік шикізаты мен экстрагентті дайындау әдеттегідей жүргізіледі.

2 Экстракт алу мына тәсілдермен жүргізіледі: бөлшекті мацерация, перколяция, реперколяция, үздіксіз қарсы ағымды экстракция, циркуляциялық экстракция.

Шикізатты экстракциялау үшін су, спиртті сулы ерітінділер – эфир майлары қолданылады. Шикізатты сумен экстракциялаған кезде, көбінесе, ремацерация тәсілі қолданылады. Экстрактыны консервілеу мақсатымен суға 0,5% хлороформ қосады.

3 Экстрактыны тазарту. Сулы экстрактыларды әдетте балласты заттардың біраз мқөлшері болады. Олар экстрактыда микроорганизмдердің өсуі үшін өолайлы орта болады. Бқл заттар қоюландырғанға дейін аластатылуы керек. Осы мақсатпен экстрактыны қысқа мерзім аралығында қайнау температурасына дейін, кейде, адсорбенттер қосу арқылы қыздырады және салқын жерде адсорциялық тазарту жүргәзәледі. Бүрісіп қалған балласты заттар оңай тұндырылады.

Адсорбент ретінде сумен араластырылған каолин немесе бентонит, тальк қолданылады. Экстрактарды тазарту үшін спирттік тазарту кеңінен қолданылады. Бұл үшін алынған экстрактыны бастапқы шикізат массасының жартылай көлеміне дейін буландырып, қойылтады. Осы салқындатылған қою экстрактқа 95% этанолдың 2 көлемін қосады. Мұқият араластырып 5-6 күнге 8 С температурадан төмен емес жағдайда тұндырып қояды. этанолдың күшті дегидрадтаушы қасиеті әсерінен полимердің гидрадты қабаты жойылып, нәтибжесінде олар коагуляцияланып тұнбаға түседі. Тұндырылған суйықты тұнбадан фильтрлеу арқылы тазалайды.

4 Қойылту. Экстрактыны 50-60̊ С температурада, 600-700 мм сын.бағанасына дейін сұйылтылған жағдайда вакуум астында қажетті қоюлыққа дейін қоюлатады.

5 Стандарттау. Қою экстракттарды әсер етуші заттардың мөлшер, ылғалдың және ауыр металдардың мөлшері бойынша стандарттайды.

Құрғақ экстракттар ұнтақ тәріздес, ылғалдылығы 5 %-ға дейін болатын, экстрагенті толық аластатылған сусымалды массалар. Бұлар экстракттардың ең қолайлы тобы болып табылады. Бірақ, осы уақытқа дейін тұрақты құрғақ экстрактар алу мәселесі әлі толық шешілмеген. Құрғақ экстрактар алу мәселесі толық шешілмеген. Құрғақ экстрактар салынған ыдыс 1-2 рет ашылған соң масса ылғал сіңіріп, сусымалды қасиетін жоғалтады. Құрғақ экстрактар алудың технологиялық схемасы қою экстрактар дайындау схемасына сәйкес.

Ерекшелігі – мұнда қосымша кептіру әдісі енгізіледі. Құрғақ экстрактар алуда кептіру сатысы әртүрлі әдістермен жүргізіледі. Бұл кептірілген экстрактың консистенциясына байланысты.

Егер құрғақ экстракт қою экстракты қойылту сатысы арқылы дайындалатын болса, онда кептіру вакуум-кептіргіш шкафтарда өткізіледі де, алынған масса әрі қарай шарлы диірмендерде кептіріледі. Кейде құрғақ экстракты тікелей сұйық экстрактан алуға болады. Бұл жағдайда құрғақ экстракты вакуум-білікті немесе шашырата кептіргіштерде сұйық экстракты тікелей кептіруге арқылы алады.

Майлы экстрактар немесе медициналық майлар (Olea medicate).

Майлы экстрактар өсімдік шикізатынан өсімдік немесе мениларды майлардың көмегімен алынған сығындылар. Қазіргі кезде медициналық тәжірибеде итмұрын, шайқұрай, шырғанақ майлы экстрактары қолданылады. Өсімдік материалын экстракциялау 60-70 ºС температураға дейін қыздырылған майлармен мацерация тәсілімен, ал кейде қарсы ағымдағы экстракция тәсілімен 70% этанол немесе басқа еріткіштермен жүргізіледі№ экстракция мерзімі, экстрагенттің түрі мен мөлшері сығындалушы шикізаттың қасиеттеріне байланысты таң дап алынады.

Шайқұрай майлыэкстрактысын (Extractum Hyperici oleosum) өсімдік немесе минералды майлардың 10 есе мөлшерімен қыздыру арқылы мацерация тәсілімен дайындайды. Алынған сығындыны фильтрлеп, антрацен туындыларының мөлшерін анықтайды.

Итмұрын жидектеріненмайлы экстракт (Extractum Rosae oleosum) алу үшін витамин С және Р алғаннан кейінгі өндіріс қалдықтары қолданылады. Итмұрын жидектерінің дәндерінене ажыратылған құрғақ қалдықтарын 60-70 ºС температурада өсімдік майымен жібітеді. Алынған сығындыны фильтрлейді. Шикізатты сонымен қатар дихлорэтан немесе хлорлы метилен органикалық еріткіштерімен қарсы ағымды экстракциялау арқылы да сығындауға болады. Бұл жағдайда экстрагентті сығындыдан толық аластатып, қалған массаны өсімдік майында ерітеді. Препаратты каротиноидтардың мөлшері (1,2 г/л кем емес) стандарттайды.

Итмұрын майы(Oleosum Rosae) оның дәндерін органикалық еріткіштермен «Сокслет» аппаратында экстракциялау арқылы дайындалады. Экстрагент толық вакуум астында аластатылады. Майдың құрамында α және β токоферолдар (0,4г/л кем емес), каротиноидтар (0,5г/л кем емес) болуы талап етіледі. Қышқылдық саны 505- тен аспауы керек.

Шырғанақ майы(Oleosum Hippophaeae) қазіргі кездегі шикізатты өндеудің екі тәсілі қолданылады. Бірінші тәсілі бойынша майды сөлінен ажыратылған шырғанақ мжидектерінің құрғақ сығымынан алады. Майды экстракциялау ыстық сумен қыздырылатын «бу көйлегімен» қапталған экстракторлар батареясында қарсы ағым тәсілімен жүргізіледі. Құрғақ сығымды бельтингтен немесе басқа фильтрлеуші матадан жасалған қапқа салып, алдын-ала қыздырылған экстракторларға салады. Бірінші экстракторда шикізат ыстық күнбағыс майымен (60-70 ºС) 105 сағат бойына жібітіледі. Сонан соң бірінші экстрактордан сығынды екіншіге беріледі, таза экстрагент бірінші экстракторға беріеді және әрі қарай осылай жалғасады. Дайын өнімді соңғы экстрактордан алады және осы кезде бірінші экстракторды істен шығарады. Бұл экстрактордан өңделген күнбағыс майын («соңғы») төгіп алады және шикізат қалдығын түсіреді. Бірінші экстракторға шикізаттың жаңа бөлігін тиейді, оған соңғы экстрактордан алынатын сығындыны жібереді, ал таза экстрагент енді екінші экстрактордағы шикізатқа беріледі. Дайын өнімнің келесі бөлігін бірінші экстрактордан қабылдайды және тағы солай қайталана береді.

Әр кез алынған диффузиондық май деп аталатын дайын өнімнің мөлшері экстрактордағы шикізат салмағына тең болуы керек. Сығындыларды біріктіреді, каротин мен каротиноидтардың мөлшері бойынша стандарттайды. Олар 0,18 % кем болмауы тиіс, токоферолдар 0,1 % төмен емес болуы керек. Еркін май қышқылдарының мөлшері анықталады. Қышқылдық саны 14,5 аспауы тиіс. Егер май құрамында әсер етуші заттардың мөлшері артық болса, онда оны «соңғы» маймен сұйылтады. Осыдан кейін майды фильтрлеп тазартады.

Екінші тәсіл бойынша шикізат ретінде шырғанақ жидектерінің дәнсіз жұмсақ бөлігін немесе жеке дәндерін қолданады. Шикізаттың екі түрі де 40ºС- қа жуық температурада хлорлы метиленді қолдана отырып, циркуляциялық экстаркция тәсілімен сығындылады. Органикалық экстрагент вакуум-буландырғыш аппаратта көміртегі диоксиді ортасында сығындыға аздаған су қоса отырып толық айдалады. Дайын өнімді жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер бойынша стандарттайды. Бұл тәсіл каротинойдтардың мөлшері жоғары және еркін май қышқылының мөлшері төмен май алуға мүмкіндік береді.

Стандартты экстрактар.

Қазіргі кезде стандартты экстрактар – тұнбалар мен қайнатпалар дайындау үшін қолданылатын концентраттар тобы белгілі. Олар дәріханалық сығындылар дайындау үшін бастапқы шикізат болып табылып, сығындаудың қиын технологиялық операцияларын тез орындалатын операцияларға алмастырады.

Экстракт-концентраттардың сұйық және құрғақ түрлерін ажыратады.

Сұйық концентраттар – Extracta fluida standartisata1:2.Сұйық концентраттар сулы-спиртті сығындылар болып табылады және сұйық экстрактардан айырмашылығы 1:2 қатынасында дайындалады. Демек, 1 салмақтық бөлік бастапқы шикізаттан 2 көлемдік бөлік сұйық концентрат алады. Сондықтан, сұйық концентраттардан тұнбалар мен қайнатпалар дайындағанда рецепте көрсетілген дәрілік шикізат мөлшеріне қарасты концентраттары екі есе мөлшерін алады және оны судың тиісті көлемінде ерітеді.

Сұйық концентраттар алу сұйық экстрактар дайындау технологиясы сатыларын қамтиды. Экстрагент ретінде 20-40 % эталон қолданылады. Экстрагенттің төмен концентрацияларын қолдану экстрактарды құрамы бойынша сулы сығындыларға жақындату үшін керек. Концентрациясы 20%- дан төмен эталон қолдануға болмайды, себебі, ол препараттың антибактериальды тұрақтығын қамтамасыз етпейді. Өсімдік шикізатын экстрациялау материал барынша толық сығындалғанға дейін перколяция, қарсы ағымды экстракция, қарсы ағымды бөлшекті мацерация тәсілдерінің бірімен жүргізіледі. Сығындыларды тазарту оларды тұндыру және фильтрлеу арқылы іске асырылады. Сұйық концентраттар, әдетте, оларды қоюландырусыз дайындалады. [10]

Құрғақ концентраттар 1:1 немесе 1:2 Extractum sicca standartisata1:1 seu 1:2құрғақ концентраттар – әсер етуші заттарының мөлшері оның бастапқы шикізаттағы мөлшеріне (1:2) тең сулы – спиртті сығындылар. Құрғақ концентраттардан тұнбалар мен қайнатпалар дайындарда берілген шикізат орнына оған сәйкес құрғақ экстракт концентран мөлшерін немесе оның екі есе артық мөлшерін алады.

Құрғақ концентраттар құрғақ экстрактар сияқты алынады. Құрғақ концентраттар алу үшін сығындыны қоюландырады және вакуум астында 60-70 ºС температурадан жоғары емес жағдайда кептіреді. Құрғақ массаны шарлы диірменде ұнтақтайды. Сығындыны кептіру үшін лиофильді (шашырата кептіру) кептіру тәсілін де қолданады.

Жалбызбіткен тамырының ұсақталған шикізаттын 25% этил спиртінің 10 есе көлемімен бөлме температурасында 10 сағат бойына, жиі араластыра отырып, мацерациялайды. Мацерациялық бақтың жалған түбіне мата салады. Сығындыны тұндырғышқа сорып айдайды. Тұнғаннан кейін фильтр-грибок арқылы вакуум-аппаратқа сорып ауыртырады және 60-70ºС температурада қою экстракт консистенсиясына дейін қойылтады. Құрғақ массада шырышты заттардың мөлшері 24-28% болғанға дейін.

Тұнбалар мен қайнатпалар дайындауға арналған экстрактарды әсер етуші заттардың сандық мөлшері немесе биологиялық белсенділігі бойынша сұйық экстракт-концентраттар – құрғақ қалдық пен этанолдың концентрациясы; ал құрғақ концентраттар ылғалдың мөлшері бойынша стандатталады.

Құрғақ экстрактардан айырмашылығы – стандартталған құрғақ экстракт-концентраттардың құрамында әсер етуші заттардың мөлшері оның бастапқы дәрілік өсімдәктегім мөлшеріне тең болып келеді.

Соңғы жылдары полиэк страктар деп аталатын экстрактар тобы белгілі. Оларды өндіру негізінде, әдетте, галендік препараттарда өсімдік шикізатты құрамындағы барлық әсер етуші заттар толық сақталып қалмайд, себебі, бір экстрагент табиғаты әртурлі заттардың бәрін сығындай алмайтындығы туралы түсінік жатыр.[15, 16]

Егер осы шикізатты жүйелі түрде әртүрлі экстрагенттермен жеке сығындаса, онда әрбір алынған сығындыда экстрагентті аластатқан соң құрғақ заттар қалады. Оларды химиялық, технологиялық, фармакологиялық және клиникалық тексерулерден өткізіп, біріктіретін болса, онда құрамы бойынша дәрілік өсімдік құрамындағы заттарға жақын заттар комплексін алуға болады (полиэкстрактар). Демек мұндай препараттарда өсімдік шикізатының тибиғи құрамын және қасиеттерін толық сақтап қалуға мүмкіндік туады. Бұл сұйытылған түрде көмірқышқылдың критикалық нүктеде сұйық фазаның агрегатты тұрақсыздығымен түсіндіріледі. яғни эктрагирленіп отырған компоненттердің изометриялық молекулярлы диффузияның көлемі төмендеуі (еріткіштің критикалық нүктедегі аймақта) [9]. Алынған көмірқышқыл экстракт алынған дәрілік өсімдік шикізатқа сәйкес келеді, экономиялық үнемді, антисептикалық қасиетке ие болады. Және де, осы қасиеттерді өнімге береды. Дәрілік өсімдік шикізатты өңдеудің әр сатысында жеделдетілген бөлшектік мацерация дың түрлі агрегатты күйде қолдана аламыз. Жеделдетілген бөлшектік мацерация ының технологиялық қолдану негізіне зерттеме жасағанда, дәрілік өсімдік шикізатты өңдеу жұмысын жылдамдату, принципиалды түрде жаңа аппаратуралардың дайындауына әкеледі. Жеделдетілген бөлшектік мацерация жасушаның табиғи метаболиті болып саналады, бактериялардың және саңырауқұлақтардың өмір сүруін қамтымайтын, оттекті жүйеден ығыстыруы лабильді компоненттердің тұрақтануын реттейді, тотықтандыру үрдісін баяулатады.

Ғылыми-тәжірибелік негіздер бойынша көмірқышқылды технологияда жұмысшы агент ретінде қолданыдатын сұйық, қатты және газ тәрізді көмріқашқыл газдың ерекше қасиетін қолдана отырып, химиялық пассивті ортада төмен температурада жүргізетін өңдеу уақытын қысқарту, энергияның төмендетуі мен өндірілетін өнімнің сапасын жақсартады. Жеделдетілген бөлшектік мацерация дың технологиялық қасиеттерін басқару үшін оның физикалық және химиялық ерекшеліктерін ескеу керек. Жеделдетілген бөлшектік мацерация дың қасиетін басқаруда сұйытылған күйде (20 °С температурада) оның диэлектрлік өткізгіштік шамасы 2,4 тең болады. Қазіргі таңда диэлектрлік тұрақтылық өзара молекулааралық заттардың күш әсері туралы мәлім. Молекула арасында жүретін әр түрлі заттардың әсерінің күш шамасы жоғары болған сайын, заттар одан әрі жақсы араласады. Жеделдетілген бөлшектік мацерация дың диэлектрлік тұрақтылық шамасы тұрақты полярлы емес және әлсіз полярлы заттар мәні жақын. Яғни, эфирлі және майлы майларда, майда еритін витаминдер (A, D, K), линоленді қышқылында және т.б. жақсы ерітеді. Экстракция және айдауда 30 °С температурадан аспайтын еріткішпен экстрагирлегенде шикізаттан биологиялық белсенді компоненттердің түрде, эфирлі майлар мен хош иісін сақтап қалады. Эфирлі майлардың қажетті фракциясын сірінділеу қасиеті жеделдетілген бөлшектік мацерация ының ерекшелігі болады [10,11].

Дәрілік өсімдік шикізаттардан жеделдетілген бөлшектік мацерация бен экстракциялауда биологиялық белсенді заттарды алу жұмсақ режимді, жұмысы аз және дәрілік өсімдік шикізатты өңдеуде тез технология - экологиялық таза жоғары сапалы экстракт алудың алдынғы шарттары. Қазіргі таңдағы жасалған негіздеме бойынша бағалы компоненттерді дәрілік өсімдік шикізаттардан сірінділеуде селективті, кең ассортиментті үрдістің сипаттамасы беріледі. Осыған орай зерттеулерде және өндірістік өнеркәсіптерде тәжірибелік-өндірістік теориялық база дайындалады.

Өсімдік шикізатында көлем орнын кеңістіктегі қатты фаза алып отырады, ал бағалы химиялық компоненттердің құрылымы әртүрлі физико-химиялық көрсеткіштерге ие. Сондықтан, зерттеу нысанының бір бөлігі қатты фазаның құрылымын есепке ала отырып, экстракцияның теория жүзінде сипаттауға болады.

Өнеркәсіпте жоғары сапалы жеделдетілген бөлшектік мацерация ды экстрактардың өндірісінің мағынасы шикізатты сірінділеуге дайындау болады. Жұмыста көрсетілгендей, экстрактивті заттардың шығысы ең көп бөлінуі, келесі шикізатты дайындаудағы әдіске тікелей байланысты: 0.2-0.3 мм диаметрге дейінгі ұнтақтау [12].

Экстракция кезінде ұнтақтау үрдісіне мән беру қажет, себебі ұнтақтау экстракцияның нәтижесіне әсер етеді. Осымен бірге, ерітінді - шикізат салмақтық арақатынасын сипаттайтын өлшемнің ауытқуына зерттеулер жүргізілді.

Тәжірибеден алынған нәтижелерге сәйкес ерітіндінің көлемі шикізатта қалған экстракті заттарға әсері айтарлықтай емес, мысалы шікізатты ұнтақтау, бірақ бұл фактордың оң әсері бар. Ерітінді-шикізат оптималды қатынасынының дәрілік-өсімдік шикізаттарының әрқайсысына әртүрлі болуы экстракцияға дайындалған материалдың ішкі құрылысының әртүрі болуымен және экстрактивті заттардың құрамының айырмашылығымен түсіндіріледі.

Жедел бөлшектік мацерация әдісі көмегімен алынған экстрактілер биотехнологияның көптеген қолдану аумақтарында сұранысқа ие. Мысалы, жұмыста көмірқышқыл экстактарының натуралды ароматизатор ретінде қолданылуының заманауи жай-күйі мен келешекте қолдануы көрсетілген.

Жедел бөлшектік мацерация әдісімен экстрактау процестерінде қолданылатын шырғанақ, түймедақ, батпақты иір, итмұрын сияқты өсімдік шикізаттары қатарында, амаранта шикізатын қолдану кең таралған. Жұмыс барысында батпақты Иір тамырсабақтарының көмірқыщқыл экстрактысы құрамында оның түріне қарай әртүрлі биологиялық заттардың көп екендігі анықталды.

1.2. Фармацевтикалық шикізат сипаттамасы: сапасына қойылатын талаптар және медицинада қолданылуы

Сасықшөп - жапырақтары қалақ тәрізді, саусақ салалы. Тостағанша жапырақшалары жіңішке конус пішіндес. Күлтелері алқызыл, жоғарғы еріні ақ түсті. Тау баурайларында, өзен жағалауларында, жол жиегінде, бұталардың арасында өседі. Биіктігі 50 — 200 смаралығында, тамырсабақты өсімдік. 4 қырлы сабағы түзу өседі, сырты түкті.

Cасықшөптің құрамында: алкалоид (0,009 — 1,97%), эфир майы (0,04 — 0,15%), илік заттар (2,3 — 8,2%), С витамині бар.

Cасықшөптен алынған препараттары жүрек қантамыры неврозында, жүректің демікпелі ұстамасында жүрек етінің қатаюында (кардиосклероз), жүрек бұлшық етінің қабынуында (миокардит), жүйке жүйесінің бұзылуында, қан қысымы көтерілгенде, бас айналғанда, ми зақымданғанда ішеді.

Сасықшөп экстракты – кептірілген шөптерден спиртте жасалған және де биофлавоноидтан, сапониннен, эфир майлары сияқты емдік қосылыстардан тұратын дәрілік препарат.

Қолданылуы:

Орталық және периферикалық жүйке жүйесің нейроциттеріне тыныштандарғыш әсер етеді. Сасықшөп экстрактысы көбіне неврозда қолданылады. Невроз шектен тыс эмоционалды ауырлық және стресстен болады. Невроз кезінде ұйқы, психикалық және эмоционалды белсенділік кемиді. Орталық жүйке жүйесінің функционалды жүйесінің патологиялық бұзылуы, ашушаңдық, нашар ұйқы, шаршаушылық;

Әлсіз невроз кезінде сасықшөп экстрактысын дәрігердің кеңесінсіз күніне 30-50 тамшыдан 3 апта бойы қолдануға болады.

1.3 Өндіріске жалпы шолу: фармацевтикалық жүйе сапасы.

Қазіргі таңдағы фитотехнологияда ароматты және биологиялық белсенді заттарға бай дәрілік өсімдік шикізатты алуда қолданылатын келесі үрдістер бар: престеу, гидролизге және автолизге ұшырату, су буымен айдау және т.б. Нарықтық қатынастардың даму нәтижесінде өңдеу өнеркәсіп орындарында жоғары сапалы және экологиялық таза қалдықсыз технологиясын қолдана отырып, бәсекелесе алатын өнімдер дайындау - өндірістердің негігзі талабы. Осыған байланысты қазіргі таңда дәрілік өсімдік шикізаттарынан биологиялық белсенді заттарды бөліп алудың экстракционды әдісі кеңінен қолданылады. Эктрагирлеу әдістері, мысалы ретінде перколяцияны алсақ, өз шегіне жетті деп есептесе болады. Перколяция әдісі экстракциялау үрдісінің жылдамдығын қысқарта алмайды және сәйкесінше өнім шығысын жоғарлата алмағандықтан, бұл әдістің болашақта пайдаланудан шығуы мәлім. Сондықтан, соңғы кездері кеңінен қолданысқа ие болған әдіс - сұйылған және сұйытылған газдармен экстракциялау. Термолабильді дәрілік өсімдік шикізаттарды инертті газдармен өңдеу жоғары сапалы өнім алу мүмкі ндігін қамтамасыз етеді. Берілген әдісте дәрілік өсімдік шикізаттарды өңдеуде қарқынды жаңа енгізілім болып табылады.

Отандық және шетелдік ғалымдардың жүргізген талдау жұмыстары бойынша көмірқышқыл газымен дәрілік өсімдік шикізатты және жануар тегінің шикізатын әр түрлі фазалық түрде өңдеуде қолдану аясы кең екенін дәлелдейді. Көмірқышқыл газдың газ фазасын қолданғанда шикізаттың кептіру, сақтау, жылу алмасу үрдістері, салқындату өндірістерінде тотықтандыру мүмкіндігін төмендетеді.

«Даулет-Фарм» – нарықта жақсы атауы бар өндірістердің бірі. Өндірісте

тұтынушыларға көмектесетін және тұтынушылар қажеттілігін қамтамасыз ететін қызметкерлер жұмыс жасайды және олар өз жұмыстарының маманы.

«Даулет-Фарм» 1998 жылдан бері фитопрепараттарды жаңа әдістерді меңгере отырып өндіріп келеді. Өндіріс орнында шамамен 30 қызметкер жұмыс жасайды, өндіріс көлемі жылына 500 тоннадан көп. Келесідей дәрілік өсімдік препараттары шығарылады: сұлы, ротакан, долана тұнбасы, сасықшөп тұнбасыжәне биологиялық активті қоспалар (БАҚ).

Шикізат әлемге танымал жеткізушілерден алынады, шикізат сапасын қамтамасыз ету белгілі көлемде дәрілік шөптер өсіруге қаржыландыру болып табылады. Барлық шикізат өндірісте үнемі жаңа технологияны қолданатын «Даулет-Фарм» ЖШС басқару стандартына сай келеді. Барлық препараттар компьютерлік технологияны қолдануға жасалған араластырудан өтеді және заманауи құрылғылар тазартудың жоғары сапасын қамтамаасыз етеді. Барлық өндіріс үрдістері автоматтандырылған. Жылда тәуелсіз аналитикалық компаниялар Қазақстандық дәрілік өсімдік шикізатынан препараттар дайындайтын өндіріс орнындарына мониторинг жасай отырып, «Даулет-Фарм» ЖШС ҚР нарығында алдыңғы орын алатынын анықтады. Бұлай тану «Даулет-Фарм» үшін үлкен жауапкершілік және осы уақытқа дейін республикалық көлемдегі жүлделерді жеңіп алып осы атаққа лайық екендігін дәлелдеді. Өндіріс орны жыл сайын «Қазақстанның сапалы тауары» атты аймақтық конкурстарға қатысып жүлделі орын алып жүр және ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының иегері. Өндірісте сапа менеджменті халықаралық стандарт ISO 9001:2009 енгізілген, қазіргі кезде фармацевтикалық өндіріс старндарты GMP және ISO 22000-2006 HACCP көшуге дайындық үстінде. «Даулет-Фарм» ЖШС Мәскеулік Фитотерапии Институты мен ҚР және РФ атақты академик, профессорларыме бірлесіп жұмыс жасайды. Солардың бірі 47 монографиясы фитотерапия мен фитофармакологияның өзекті мәселесі болып табылатын 614 ғылыми жариялымның авторы, Мәскеу ғылыми-тәжірбиелік фитотерапевтикалық қоғамды басқару мүшесі - Виктор Федорович Корсун. Бірлесіп жұмыс жасау нәтижесінде адам организмін жаңа, эффективі, қауіпсіз табиғи дәрілік заттармен қамтамасыз етуге жоғары кәсіби көзқарас туындады. Тауары:

Фитоөнімдер: сұлы, ротакан, долана тұнбасы, сасықшөп тұнбасы.

Биологиялық активті қоспалар: биологиялық активті қоспалар егде жастағы, жас балаға да барлығына керек. Ауаның ластануы консерванттарға бай тағамдар қабылдау организмді әлсіздендіреді. Организмде витаминдер мен минералдар жеткіліксіздігі болады. Биологиялық активті қоспалар витаминдер мен минералдар қоспасы болып табылады.

Витаминдер: витаминдер белок, май, көмірсулар мен минералды заттардың ажырамас бөлігі болы табылады.. Витаминдер – тағамда микроскопиялық көлемде болатын заттар. Адам организмі үшін витаминнің қалыпты нормасы тәулігіне бірнеше миллиграм




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 4844; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.055 сек.