Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Орытынды 1 страница




 

 

1) Ағынның жоғалуы колошниктегі газдардың қысымына кері пропорционал. Осы тәуелділіктен ауытқу шаң шығуды азайту, шихта бағанасын өзгерту және материалдар мен газдардың пеш бойына таралуын өзгерту арқылы іске асырылады.

2) Шихта бағанының тұрақты таралуы мен күйі жағдайында колошник газының қысымының біргелкі өсуі теориялық түрде шихтаның түсуін анықтайтын шектің жоғары орналасуы және алғашқы қысымның төмен кезінде тиімдірек болады.

3) Пеште қалатын ұсақтардың мөлшерінің көбеюі көтеріңкі қысыммен жұмыс істеудің тиімділігін төмендетеді, сондықтан көтеріңкі қысым жағдайында жұмыс жасағанда шихтаның түсуін анықтайтын пеш зоналарының тұрақтылығын сақтап отыру қажет.

4) Қысымды арттыру арқылы қол жеткізілетін артықшылықтары пештің жұмыс режимін, әсіресе жүктеу параметрлерін өзгерткенде іске асырылады.

5) Колошниктегі газдардың көтеріңкі қысымының нәтижесінде шихта қозғалысының жеңілдеуі басқа да мүмкіндіктерді толық пайдалануға бағытталған шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр.

Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе мынандай қорытынды жасауға болады. Колошиктегі газдардың қысымын арттыру арқылы біз кокстың меншікті шығынын азайта отырып, пештің өнімділігін арттыра аламыз.

Газ қысымын реттеуге арналған дроссельдік құрылғының құрылымы 5-қосымшада көрсетілген.

 

 

4. АВТОМАТТАНДЫРУ БӨЛІМІ

 

 

Осы дипломдық жобада жалпы қысым айырмасының орнына жеке қысым айырмаларын өлшеу жүргізілетін және сол жеке айырмалардың мәндеріне сәйкес қысым шамасын қайта қалпына келтіру үшін әлдебір күш берілетін реттеу жүйесін енгізу қарастырылады.

Бірқатар металлургиялық комбинаттардағы зерттеулер әр алуан фактрлардың қысым айырмасына деген келесідегідей әсерлерін көрсетті. Пештің бірқалыпты жүрісі кезінде шихтаның орта тұсы мен колошник арасындағы, яғни жоғарғы аймақтағы қысым айырмасы конусты ашу кезінде айырма күрт өсетін үлкен конустың бір ашылуынан екінші ашылуына дейінгі (қысым айырмасының орташа мәні шамамен 0,5 атм) диаграмма бойынша қисық сызықтың баяу бұрылуымен сипатталады. Фурмалар деңгейінен шахтаның орта тұсына дейін, яғни төменгі аймақтағы қысымдар айырмасы пештің бір қалыпты жүрісі кезінде үлкен конустың бір ашылуынан екінші ашылуына дейінгі қисық сызықтың аздаған бұрылуымен сипатталады (шамамен 0,76 ат). Конустың ашылуы кезінде қысым айырмасы біршама азайып, кейін аздап артады. [5].

Арналық газ таралуы мен пештің тұрақсыз жылулық күйінде туындайтын шихтаның жоғарғы бөгелулері жеке қысым айырмаларының шектен тыс тұрақсыздығына әкеліп соғады.

Жоғарғы айырманың азаюына шеткі аймақтарды жеңілдететін әперістерді қолдану, сонымен қатар колошниктегі газдардың қысымын арттыру көмектеседі.

Жүктеу жүйесінің өзгеруі төменгі аймақтарда 3-4 сағаттан кейін, ал жоғарғы аймақтарда 1-1,5 сағаттан кейін білінеді. [9]. Шеткі аймақтарды жеңілдететін әперістерді қолдану алдымен жоғарғы айырманы төмендетіп, содан соң төменгіні арттырады. Пештің көлемін толығымен шеттік әперістермен толтырғанда, осының алдында әдетте тұрақты болатын жалпы айырма төмендейді.

Үрлеменің ылғалдылығы мен температурасын өзгерту төменгі айырмаға айтарлықтай әсер етеді, температураның төмендеуі не ылғалдылықтың артуы кезінде азаяды.

Үрлеменің шығынын өзгерту екі қысым айырмасына да күрт әсер етеді — шығынның азаюымен қысымдар айырмалары да төмендейді. Үрлеменің шығынын өзгерту қалыптасқан газ легін бұзатындықтан бұл реттеу тәсілі көп жағдайларда қолданыс таба бермейді.

Төменгі айырма пештің жылулық күйінің өзгеруіне тез әсер етеді, тіпті бұл реакция басқа белгілерден анықтауға дейін 1,5-2 сағат бұрын байқалады [9].

Жеке қысымдар айырмаларының өзгеруі бойынша алынған мәліметтер негізінде Сібір металлургиялық институты мен Магниторгор металлургиялық комбинатының жұмысшылары жеке қысымдар айырмаларымен домна пешінің жүрісін реттеудің автоматтандырылған сызбасын жасап шығарды.

Үрлеу режимін жеке қысымдар айырмаларымен реттеу сызбасы келесі түрде жұиыс істейді. Егер жоғарғы айырма берілген мәннен асып кетсе, онда бөлуші түйін арқылы алдымен колошниктегі газдардың қысымын арттыруға, содан соң үрлемені азайтуға пәрмен беріледі.

Егер реттеуші колошник газын түзетіп болып, қысымдар айырмасы қайта қалпына келмесе, онда үрлеменің шығынын өзгертпес бұрын біраз уақыт үзіндісін жасайды, осыдан кейін 5-7 мин уақыт аралығымен 4 рет үрлеменің шығыны реттеледі [9].

Үрлеменің шығынын жоғарғы айырманы реттеушімен толық реттегенде автоматты түрде төменгі айырманы реттеуші қосылады, ол тиісінше үрлеменің температурасын не ылғалдылығын және шығынын түзетеді. Егер төменгі айырма қалыпты болса реттеушіге үрлеменің шығыны беріле бастайды. Егер де төменгі айырма берілгеннен жоғары болса, онда алдымен мөлшерлес реттеу аймағының шамасына сәйкес температура реттеушісімен түзету жүргізіледі, әрі қарай айырма өскенде 5-7 мин уақыт аралығымен ылғалдылықты реттеушімен түзету жүргізіледі [23]. Бұл жағдайда айырма қайта қалпына келмесе, онда 5-7 мин уақыт аралығымен 4 рет үрлеменің шығынын реттеуге берілу өзгертіледі. Айырма қалпына келтірілген соң үрлеменің шығынын реттеушіге берілу де қайта қалпына келтіріледі. Одан әрі температура немесе ылғалдылықты реттеушіге берілу де қайта қалпына келтіріледі. Егер айырма төмендесе, онда берілу температураны арттыру немесе ылғалдылықты төмендету бағытына өзгертіледі, содан соң ауа үрлегіш машина арқылы үрлеменің шығынын арттырады..

Өнеркәсіптік зерттеулер аталған автоматты жүйенің жарамдылығын көрсетіп отыр [23]. Бұдан бөлек, жеке айырмаларды диаграммаға түсіріп отыру пештің жүрісін автоматты түрде де және қолмен реттеу кезінде де пешті бақылауды әжептәуір жеңілдетеді.

Бұдан бөлек осы дипломдық жобада колошниктегі газдардың көтеріңкі қысымын тиімді пайдалануды жүзеге асыру үшін соңғы уақытта көптеген домна пештеріне энергиялық ресурстарды үнемдеу мақсатымен орнатылатын компрессорсыз қайта өңдеу газ турбиналары енгізіледі. Компреесорсыз қайта өңдеу газ турбиналарын газ тазалау құрылғыларынан соң дроссельдік құрылғыға параллель етіп орналастырады.

Олар арқылы газ өткенде дроссельдік топ жабық күйде болады, ал колошниктегі газдардың қысымы турбиналардағы диафрагмалармен реттеледі. Турбиналар тоқтап қалған жағдайда газды дроссельдік құрылғылардан өткізеді, осы арқылы домна пешінің көтеріңкі қысыммен жұмыс істеуін қаматамасыз етеді [5].

Осылайша, дипломдық жобамен ұсынылып отырған автоматты реттеу жүйесі мен компреесорсыз қайта өңдеу газ турбиналары пештің тұрақты жұмысын қалыптастыру үшін тиімді қысым береді, сонымен қатар осы құрылғылар арқылы пештің өнімділігі артады, коксты үнемдеу де арта түспек, осы арқылы шойынның сапасы жақсарады, ал пеш бір қалыпты жұмыс атқаратын болады.

 

 

1 – уақыт релесі; үрлеудің шығынын (2), ылғалдылығын (3) және температурасын (4) реттегіштер; 5 – төменгі аймақтың дифманометрі; 6 – таратқыш; 7 – колошниктегі газ қысымын реттегіш; 8 – жоғарғы аймақтың дифманометрі; 9 – ауа қыздырғыш; 10 – орындау механизмі; 11 – шаң ұстағыш; 12 – скруббер; 13 – клапан; 14 – ауа үрлеу; 15 – ылғал өлшегіш; 16 – ауа үрлеудің реттегіші.

 

4.1-сурет – Пештің үрлеу режимін жеке қысымдар айырмалары бойынша реттеу сызбасы.

 

 

5. ЖОБАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫЛЫҒЫ

 

5.1 Өндіріс қауіпсіздігі

 

5.1.1 Цех ғимараты және құрылысы

 

 

Толық өндірісті циклді металлургиялық кәсіпорын құрамына кіретін домна цехы негізінен ағымды бағытты жүктерді тасымалдау және жүк ағымының бір-біріне кедергі жасамайтындай етіп орналастырылады. Домна цехының құрылыс бөлігі келесі жағдайларды ескере отырып таңдалған:

1) Құрылыс орны Қазақстан Республикасының Қарағанды облысы климаттық аудан бойынша 1В жатады.

2) 4-ші географиялық аудан бойынша желдің жылдамдық екпіні 48 кг/м2.

3) Қар жамылғысының салмағы 200 кг/м2.

4) Қалыпты қату тереңдігі минус 1,9 метр [11].

СанПиН ҚР 2.2.02.1.1.587-99 «Тазалық-қорғаныс аймағы және кәсіпорынның, құрылыс және т.б. нысандардың тазалық жіктемесі» бойынша тазалық нормаларының талаптарына сәйкес домна цехы қоршаған ортаға зиянды өнеркәсіп қалдықтарын бөлетін кәсіпорын болып саналады және тұрғын үйлерден жеке бөлек орналасқан тазалық-қорғанысты ені 1000 метрден (1 класс) кем емес аймақта орналасуы керек. Домна цехының құрылымы, домна пештерінің өлшемдеріне және оның құрамына енетін қосымша ғимарат және құрылысқа байланысты күрделі. Цех құрамына келесі ғимараттар және құрлыстар кіреді: бункерлі эстакада, ауақыздырғыштар ғимараты, құю машиналары, механикалық және электрожөндеу шеберханалары, шлакты ожауларды жууға арналған қондырғылар, отқа төзімді массаны дайындау үшін қалыптарды тығындауға арналған сазилегіш және шағын қосымша бөлмелер.

Жобаланып отырған домна цехының негізін әртүрлі өлшемді және көлемдері 3200 м3 конфигурациялы екі домна пеші құрайды.

 

 

5.1.2. Желдету және жылыту

 

 

Домна цехында шаңның және газдың мөлшері жоғары болады. Олармен күресу мақсатында желдеткіштер орнатылады, желдеткіштер табиғи (аэрация) және механикалық (жасанды) болады. Табиғи желдеткіштер ғимараттың ішіндегі және сыртындағы температураның әртүрлі болуының есебінен не желдің әсер етуі арқылы жұмыс жасайды. Аэрация ғимарат көлеміне қатысты ауа айналымының жоғары еселігін қамтамасыз етеді, өте тиімді. Аэрация былайша жүзеге асырылады, ауа айналымы кезінде жұмысшы аймағының барлық участктері қамтылады. Осы мақсатта соратын фонарлар ең жоғарғы бөлікте, ал ауа ағымына арналған саңылау ғимарат қабырғасының төменгі жағында орнатылады. Ғимараттан қызған және ластанған ауаны жою үшін цех ағымды және соратын желдеткіштермен жабдықталған. 4.02-05-2001 СНиП «Жылыту және желдету» талаптарына сәйкес тікелей домна пеші орналасқан ғимаратта механикалық ағымды-соратын желдеткіш орнатылған. Пештің ұзын бойымен берілген ауаны ғимарат ауасымен араластыратын өнімділігі 15000 м3/сағ 6 ЦА-70-16 желдеткіштері орнатылған.

 

 

5.1.3. Өндірісті жарықтандыру

 

 

Домна цехында табиғи және жасанды жарықтандыру қолданылады. Табиғи жарықтану жарық ойықтары (бүйірдегі) және ғимарат төбесіндегі жарық фонарлары арқылы жүзеге асырылады. Жарықтану мөлшері және қор коэффициенті «Қара металлургия зауыттарындағы негізгі цехтарды жасанды жарықтандырудың салалық нгормалары», СНиП 2.04-05-2002 «Табиғи және жасанды жарықтандыру» талаптарына сәйкес алынады. Сонымен қатар табиғи жарықтану коэффициенті домна цехындағы жұмыс жағдайы үшін жоғарғы және аралас жарықтандыру кезінде 20%, ал бүйірден жарықтандыру кезінде 5% құрайды. Зауытты электрмен қамтамасыз ету сүлбесіне сәйкес, жалпы жарықтандыру желісіндегі кернеу 380/220 вольтты, жарықтандыруды жөндеу желісіндегі кернеу – 36 вольтты құрайды [18].

 

 

5.1.4. Тазалық-тұрмыстық бөлмелер

 

 

Тұрмыстық бөлмелерге жұмыс уақытында жұмысшылардың тұрмыстық және тазалық қажеттлігін қанағаттаныру үшін қолданылатын бөлмелер жатады. Оларға асхана, киім ілетін, дәретхана, жуытанын бөлмелер, жұмысшылар дем алатын бөлме және ауыз сумен қамтамасыз ететін бөлмелер жатады. Тұрмыстық бөлмелер желді жақта орналасады. Цехта жұмысшы алаңда дем алатын орын бар, ол жер салқындатылған не концентирленген ауамен, сонымен қатар ауыз суымен не газдалған тұздалған сумен қамтамасыз етіледі.

Берілетін ауыз суының температурасы 8-200С, ауыз суын беру үшін суағар, жабық бактарда су ағатын әртүрлі саптамаларорнатылған.

Тазалық бекеттері дәрі-дәрмекпен, бірінші дәргерлік көмек көрсетуге арналған құралдармен жабдықталған.

5.1.5. Нақты қауіпті және зиянды факторларды талдау

 

 

Домна өндірісіндегі қауіпті өндірістік факторларға, зиянды аймақтарға мыналар жатады:

1) теміржол көлігі;

2) арнайы рельсті көлік;

3) жүккөтеретін механизмдер құрылымы және механизмдер

4) газдар;

5) жалын;

6) балқыған металл, қызған шлак;

Жабдықтардағы технологиялық операциялар кезіндегі қауіпті факторлардың әрекеті 5.1-кестеде келтірілген.

 

 

5.1-кесте –Нақты өндірісті қауіпті және зиянды факторларды талдау

 

Техноло-гиялық үрдіс операциясы Агрегат, жабдық және басқа қондыр-ғылар Өндірісті қауіпті және зиянды факторлар Пара-метрдің норма мәні Мүмкін болатын өндірістік әсер ету
Домна пешіне материал-дарды тиеу Шихтаны конвейер-мен беру, скипті көтергіш Жұмысшы орында шу деңгейі жоғары 103 дБ жүйкенің бұзылуы, жартылай есту қабілетінің төмендеуі
қорғалмаған өндірісті жабдықтардың жылжымалы элементтері   механикалық бүліну
жоғары деңгейлі шаңдану 4 мг/м3 өкпе ауыруы
Қорыту үрдісі және шойынды құю Домна пеші, шойын тасымал-дағыш, крандар жоғары температура    
жоғары деңгейдегі газдану 5мг/м3  
жоғары деңгейдегі шаңдану 4мг/м3  
жұмыс орнындағы шу деңгейі жоғары 103 дБ  

5.1.6. Анықталған өндірістік ортадағы нақты өндірісті қауіпті және зиянды факторлардан қорғану әдістері

 

Зиянды өндіріс факторларына жасалған талдаудан кейін олардың орналасу орындары анықталлғаннан кейін олардан қорғану әдістерін жетілдіру қажеттілігі туындайды, ол жайлы деректер 5.2-кестеде келтірілген.

 

 

5.2-кесте – Зиянды өндірістік факторлардан қорғануға арналған инженерлік шаралар

 

Қауіпті не зиянды өндірістік фактор Қорғаныс қондырғысы, оның типі Қорғаныс қондырғысының параметрі Қондырғының орналасқан жері
Жұмысшы орнындағы шу деңгейі жоғары а) негізгі жетектер-дің қозғалтқышына қаптама орнату б) жеке қорғану құра-лы ретінде қолдану Қамтама материалы – резиналы төсемді шуды өткізбейтін болатты қаптама қозғалтқыштар орнатылған жер бойынша
Өндіріс жабдық-тарының жылжы-малы қорғалмаған элементтері, қозға-латын материалдар Қоршауды ұйымдастыру Металды қоршау биіктігі 0,9 кем емес тегіс қамтамалы төменнен биіктігі 0,14м пештің ұзындығы бойынша
Жұмысшы аймақтың жеткіліксіз жарықтануы Қосымша жарықтандыру: а) ДРЛ шамы б) ЛБ шамы а) қуаты 400Вт; б) қуаты 250Вт. а) цех аралығы б) машина залы, оператор бекеті, қызмет бөлмелері
Жоғары деңгейлі шаңдану және газдану Сору   пештің ұзындығы бойынша

 

 

5.1.7. Өрт қауіпсіздігі

 

 

«Ғимарат және құрлыстағы өрт қауіпсіздігі» СНиП 2.02-05-2002 сәйкес жарылыс қаупі және өрт қауіпі бойынша домна пешінің ғимараты Г санатына жатады. Өрт және жарылыс қауіптін тудыратын жағдайға әкеп соғатын қауіпті факторлардан қорғну шаралары: өндіріс үрдістерін механизациялау және автоматтандыру, кейбір технологиялық операцияларды басқару тетігімен дистанционды басқару, өртті сөндіретін және дабыл қағатын аппараттарды орнату [11]. Қарастырыатын участкте технологиялық үрдіс және өндірісті өнім өндіру кезінде қолданылатын өзіне тән өрт-және жарылыс қауіпін тудыратын заттар қолданылады. Олардың сипаттамасы 5.3-кестеде берілген.

 

 

5.3-кесте – Шикізат, жартылай өнімдер, дайын өнім, қалдықтардың өрт-жарылысты қасиеттері

 

Шикізат атауы Шикізат және өнім қасиеті Мүмкін болатын қауіпті салдар
Коксты шаң Аэроқоспалар жарылыс қауіпті Барлық ұзындық бойынша ғимараттың бүлінуі мүмкін
Шойын Өрт қауіпті Өрт 50м радиусты қамтыуы мүмкін.

 

 

Кабелді қабаттарда, галереяда, ЩСУ, КИП және автоматика ғимараттарында ДИП-2, ДИП-3, ИП 104-1 типті хабарлағыштар қолданылады. Өрт дабылын қабылдайтын қабылдау станциясы ретінде ППК-2, ППС-3, ЭПОС-004, УОТМ-М типті станциялар қолданылады. Өртті сөндіру үшін ПО-1 типті көбік түзегіш және ОВПС-250А типті стационарлы ауалы-көбікті өртсөндіргіштер қолданылады. Жаңа басталған өртті бастапқы шоғырландыру құралы ретінде ОУ-2, ОУ-5, ОУ-8 және ОУБ-7 типті көмірқышқылды өртсөндіргіштер қолданылады. Электрқондырғыларда ОПС-10 типті ұнтақты өртсөндіргіш қолданылады. Жобада табақты газды ысырмалы және апатты газды қырқатын және ашылатын клапандар қарастырылған [18].

 

 

5.2. Технология және техникалық жүйелердің экологиялық жағдайы

 

5.2.1. Өндірістік жабдықтар, көліктік құралдар, техниканың экологиялық жағдайын талдау

 

 

Шойынды өндіру кезінде қоршаған орта келесі зиянды қалдықтармен: шаңмен, газдармен және шламдармен ластанады. Шаң шихта беру трактасында, шихтаны домна пешінің қабылдау құйғышына тиеу кезінде, конус аралық кеңестікте, құю алаңдарында, шаңұстағыштарды тазалу кезінде және құю машиналарына шойынды ағызған кезде бөлінеді. Домна өндірісінің зиянды қалдықтары технологиялық және органикалық емес болып бөлінеді. Технологиялық зиянды қалдықтарға домна үрдісінің барысында түзілетін домна (оттықты) газы жатады. Оны газды тазтазалайтын қондырғыда тазалайды және одан кейін отын ретінде қолданады. Оттықты газ құрамында зиянды қалдықтар: шаң, көміртек қышқылы және шамалы мөлшердегі күкіртті газ болады. Қалыпты қысымда жұмыс жасайтын домна пешінен шаңдардың шығуыа 50-150 кг/т шойынды, ал пештен 25-75 кг/т шойынды құрайды. Шаңның біршама мөлшері конус аралық кеңестік арқылы атмосфераға бөлінеді. Шаңұстағыштарды тазалау кезінде 1 тонна шойыннан атмосфераға 0,75-1,0 г шаң бөлінеді. Шаң концентрациясының орташа (салмағы бойынша) салмағы түсру кезінде жел болмаған кезде 250мг/м3 құрайды. Сулаған кезде шаңның бөлінуі азаяды.

Жобаланатын цехтың домна пешінде конуссыз тиеу қондырғысы бар (БЗУ). Конуссыз қондырғыны орнату біршама экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді. Сонымен бункер аралық конуссыз қондырғыда шаңды-газды басатын жүйе жұмыс жасайды, бункерден пешке кезекті мөлшерленген материалдарды тиеу үрдісінде пеште бумен шаңмен және газдың бөлінуі жүзеге асырылады [18].

 

 

5.2.2. Ағымды сулар көзін талдау

 

 

Гидросфераны қалдықты ағымды сулардан қорғау ағымды суларды жинау жүйесін пайдалану және оларды шаңнан май өнімдерінен тазалауға арналған қондырғыны қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Домна цехындағы гидросфераны нақты ластайтын коксты шаң, ол коксты және технологиялық майлау кезінде түзіледі. Шаңның атмосфераға бөлнуін төмендету үшін оны аспирационды қондырғылармен ұстайды, арнайы шаң жинайтын қондырғыларда жинақтайды, содан кейін сулайды және сумен бірге ағызылады.

 

 

5.4-кесте – Домна пешінде қолданылатын ағымды су сипаттамасы

 

Ағымды су көзінің атауы Ағымды судағы зиянды заттар атауы Зиянды заттардың адам ағзасына әсер ету ерекшелігі
Шаң Коксты шаң Терінің бетін тіркендіреді
Технологиялық майлау Пальма майы

6. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ

6.1 Домна цехының өндірістік бағдарламасын жасау

 

 

Жобалық (өндірістік) қуат цех, агрегат, бөлімшелер бойынша мына формуламен анықталады:

 

, (6.1)

 

мұндағы – жылдық жобалық қуат, мың. т;

– уақыт бірлігіндегі бір агрегат өнімділігінің техникалық негізделген нормасы, т;

– күнтізбелік мерзім, тәулік, сағат;

– агрегаттың жоспарланған жөндеу жұмыстарына тоқтау ұзақтығы, тәулік, сағат;

– ұқсас агрегаттар саны.

 

 

Домна цехының жобалық (өндірістік) қуаты:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 1430; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.106 сек.