Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Щоденник практики 1 страница




Есеп

Есеп.

Есеп

Есеп

Есеп

Есеп

Есеп

Есеп

Есеп

Есеп

Есеп.

Есеп.

Есеп

Есеп

Есеп

Есеп

Есеп.

Есеп

Есеп

Есеп

Есеп

Есеп

Есеп

Есеп

Есеп

Есеп

Есеп

Есеп

Есеп

Есеп

Есеп

Есеп

Катя 4 жаста, ауруханаға 1,5 айға созылған жөтелге шағымданып келіп тусті. Бір жыл көлемінде бала-бақшаға барады, бірнеше рет бронхообструктивті синдром мен бронхитпен ауырған, микоплазмаға антиденелер анықталып сумамедпен емдеген. Мамыр айында аллергиялық риноконъюктивиттің көріністері байқалған, аллергологта қаралу барысында аллергиялық риноконъюктивит диагнозы қойылып, монтелукаст(сингуляр) препаратын қабылдағаннан бері, мамыр айынан қыркүйек айына дейін шағымдары болмаған. Дәріні қабылдауды тоқтатқаннан кейін түнде және физикалық жүктемеден кейін жөтел пайда болды. Мұрнымен тыныс алуы бұзылған.

Ауруханаға тускенде құрғақ жөтел, катаральды симптомсыз мұрнының бітелуі көрінген. Көкірек қуысы урленген тәрізді, перкуторлы қораптық дыбыс, аускультация кезінде диффузды ысқырықты сырылдар естіледі, тыныс шығаруы бірден ұзарған, ТЖ минутына 26рет. Журек тондары ритмді, анық, ЖЖЖ минутына 78 рет.

Жанұялық алергоанамнезі: анасында поллиноз, әжесінде дәріге аллергия, экземасы бар.

Зерттеулер: клиникалық қан анализі-Hb 132г/л, Л 4,4Х 10/9/л, э 8%, п 2%, c 32%, л 46%, м 2%, СОЭ 12мм/сағ.

Жалпы Ig E 203МЕ/мл, қайың, жусан, үй шаңына арнайы Ig E ++

Тері сынамалары да осы заттарға ++

Сұрақ:

1. Диагнозын қойыңыз.

2. Қосымша тексеру тағайындаңыз.

3. Шұғыл емді тағайындаңыз.

4. Профилактикалық емді тағайындаңыз.

5. Дәрігердің алдағы шаралары.

Ұл бала 2 жаста, температурасының 37,5 C-қа жоғарылауы және сол құлақ аймағының ісінуі шағымдарымен үйге шақырту жасады. Балаға 9 күн алдын паротитке қарсы екпе жасалған, оған дейін 1 ай бұрын ЖРВИ ауырған.

Өмірінің бірінші жылында аллергиялық дерматиттің симптомдары байқалып отырған. Индивидуальді кесте бойынша екпелерді алып отырған. АбКДС, полимиелит және қызамыққа қарсы екпені жақсы өткізген.

Жалпы қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза. Араны аздап гиперемиялы, миндалиналары борпылдақ, жағындысыз. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Сол жақ құлақ маңы бездері ісінген және терісі қалыңдап қатпарланған. Ішкі ағзалары қалыпты. Менингеальды белгілер анықталмайды.

Сұрақ:

1. Сіздің диагнозыңыз? Баладағы көрінген өзгерістерді қандай аурулармен дифференция жүргізу керек?

2. Ем тағайындаңыз? Осы жағдайда баланы госпитализациялауға корсеткіш бар ма?

3. Баладағы табылған өзгерістердің мүмкін себебі қандай?

4. Эпидемиялық паротитке қарсы екпеден кейін мүмкін болатын асқынуларды атаңыз.

5. СЭС-ке жедел жолдама жасау қажет пе? Осы бала эпидемиялық паротит ауруының таратушысы бола ма?

 

Қыз бала 6 айлық, екпелік анамнезі асқынбаған, үшінші профилактикалық АбКДС және инактивирленген полиомиелит (ИПВ) вакцинасы жасалған. Алдыңғы АКДС + ИПВ вакцинасын жақсы өткерген.

Екпеден кейін 2-ші күні анасы емханаға мынадай шағымдармен келді:дене қызуының 38C көтерілуі, екпе енгізген жерде тығыздылу және гиперемия. Осы симптомдарды екпеден кейінгі асқыну деп, бұл жағдайға дәрігер мен мейірбикені өз ісіне жауапты емес деп кінәладі.

Қарағанда: дене температурасы 37,8С. Ағзалық жүйе бойынша еш өзгеріс жоқ. Нәжісі ботқа тәрізді. Екпе енгізген жерде диаметрі 1см инфильтрат, қызару және жұмсақ тіннің 3см ісінуі байқалады.

Сұрақ:

1. Диагнозды негіздеңіз және бұл балаға емдік іс шаралар жүргізіңіз?

2. Вакцинадан кейінгі асқыну мен вакцинадан кейінгі реакцияның айырмашылығы неде? АбКДС вакцинасынан болатын асқынуларды атап өтіңіз.

3. Бұл екпені алып тастауға қандай негіз бар?

4. Алдыңғы екі екпесі қай жаста жасалған? Балаға жасалған күлге және сіреспеге қарсы екпелік курсты аяқталған деуге болама?

5. Баланы келесі екпелерден қалдыруға жатқызамыз ба?

 

Қыз бала 6 жаста. Аймақтық дәрігер жедел жәрдем дәрігерінен алынған үйге шақырту бойынша, баланы қарауға барды. Ұстама тәрізді жөтелге, сырылды тынысқа шағымданды.

Қыз бала бірінші қалыпты жүктіліктен, жедел босандырылған. Туғандағы салмағы 3400г, ұзындығы 52см. Туылу кезеңі-ерекшеліксіз. Екі айынан бастап қосымша тамақтандырылған. 1 жасқа дейін атопиялық дерматитпен ауырған. Сиыр сүті, балық жақпайды (терісінде бөртпелер пайда болады). 3 жасынан бастап балалар бақшасына барады, содан бері ай сайын респираторлы инфекциямен ауырады, аптасына 1-2 рет сырылдаған қиындықпен тыныс алады. Жүктеме түскенде жөтел ұстамалары ұстайды, түнгі уақытта айына 3-4 рет. Мұрынмен тыныс алу бұзылған.

Отбасылық анамнезі: баланың анасында рецидивті есекжем, әкесі асқазанның ойық жара ауруы, әжесі бронхиальды астмамен диспансерлік бақылауда тұрады..Қазіргі ұстама тамағында көп мөлшерде шоколад жегеннен пайда болған. Жедел жәрдем дәрігері көрсеткен емнен кейін ұстама басылған. Актив аймақтық дәрігерге берілген.

Қарау барысындажағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындысы бозғылт, көз астында көгерулер байқалады. Ұртында, құлақ артында, аяқ қолдың қатпарларында құрғау, түлеу, қышынулар бар. «Географиялық» тіл, ауыз бұрышында ойылулар байқалады. Алыстан естілетін ысқырықты тыныстар, тыныс шығару ұзарған. ТАЖ минутына 28 рет. Өкпеде қорапты перкуторлы дыбыс, өкпе алаңында көптеген құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек шекаралары: оң жақ төстің оң жақ шетінен 1см ішке, сол жақ –сол жақ ортаңғы бұғана сызығы бойынша 1см ішке. Тондары әлсіреген. ЖЖЖ минутына 72 соққы. Іші жұмсақ ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасынан +2см. Көкбауыры пальпацияланбайды. Нәжісі күнделікті, қалыптасқан.

Жалпы қан анализі: Hb -118 г/л, Эр – 4,3 х10.12/л, Лейк -5,8 х 10.9/л,п/я -1%, с-48%, э-14%, л-29%, м- 8%, СОЭ-3мм/сағ.

Жалпы зәр анализі:көлемі-100,0 мл, салыстырмалы тығыздығы - 1016, шырышы-жоқ, лейкоциттер-3-4, эритроциттер - жоқ.

Кеуде клеткасының рентгенограммасы:өкпе алаңы мөлдірлігі жоғарылаған, өкпе түбірі аймағында бронх өкпе суреті күшейген, ошақты көлеңкелер жоқ.

Сұрақ:

1. Диагнозды анықтаңыз, бақылау деңгейін ауру ағымының ауырлығын бағалаңыз.

2. Ентігу ұстамасы бар балаға жедел жәрдем көрсетіңіз.

3. Аурудың осы түрін ұстамадан тыс уақытта қандай қосымша зерттеулер жүргізіп анықтауға болады?

4. Базисті терапия тағайындаңыз.

5. Ата- анасы мен баласы арасындағы ауруда не байланыс бар?

 

Данил 4 жаста. Баланың ата-анасы 1,5 ай бойы сақталған, өнімсіз дөрекі жөтелге шағымданып медициналық көмекке жүгінді. Жөтел физикалық жүктемеде, эмоцианальды толқуларда түңгі және таңғы уақыттарда күшейеді. Мұрынмен тыныс алу қиындаған, бөлінділер жоқ. Қарау кезінде бала азғын, параорбитальды цианоз, мұрын арқасында көлденең қатпар пайда болған. Кеуде клеткасының эмфизематозды ісініп, қабырға аралық тартылу көрінеді. Перкуссияда қораптық дыбыс, аускультацияда тынысы әлсіреген, барлық өкпе алаңында құрғақ ысқырықты сырылдар. ТАЖ минутына 28. Жүрек тондары ритмді, анық, ЖЖЖ минутына 89. Іші жұмсақ, пальпацияда ауырсынусыз.

Отбасылық анамнезі: анасы мен әжесінде риноконьюктивальді синдром жиі байқалады.

Клиникалық қан анализі: Hb -119 г/л, Л 6,6 х 10/9/л, э-5%, п/я -1%, с-50%, м- 6%,л 38%, СОЭ-11мм\сағ. Жалпы Ig E 53МЕ/мл.

СпецификалықIg E: сиыр сүтіне, бидай ұнына, қоян жүніне оң.

Мұрын қосалқы қойнауларының рентгенографиясы: гаймор қуыстарының қабырғалық қарауытуы, мұрын шырышының ісінуі.

Сұрақ:

1. Диагнозды анықтаңыз.

2. Қандай қосымша зерттеулер жүргізу керек.

3. Ажырату диагнозын жүргізіңіз.

4. Науқасқа ем тағайындаңыз.

5. Қандай алдын алу шарасы ұсынылады.

 

Бала 3,6 жаста. Ата-анасы дәрігерге ЖРВИ-дан кейінгі ұзақ уақыттық жөтелге шағымданып келді. Жүктіліктің 1-ші жартысында токсикозбен жүрген, алғашқы жедел босанудан туған. Босанған кезінде дене массасы 2600г, ұзындығы 51см. бірден жылап, кеудеге алғашқы тәулікте салынған. Босану үйінен 6-шы күні шығарылған. адаптация кезеңі ерекшеліксіз өткен. 2,5 айдан бастап қосымша тамақтанады. 7 айдан отырады, 10 айдан бастап тұрады, 1 жасынан бастап жүреді. 5 айынан атопиялық дерматиттің белгілері көрінеді. Атопиялық дерматитке байланысты профилактикалық екпелер жеке күнтізбе бойынша жүргізіліп келеді. 3 жасынан бала-бақшаға барады. Осы уақыттан бастап ұзақ жөтелмен жүретін ЖРВИ- мен жиі ауырады, мұрынмен тыныс алу үнемі қиындаған. ЛОР-дәрігер 2 дәрежелі аденоидты анықтады.

Отбасылық анамнезі:баланың анасында мезгілдік аллергиялық риноконъюнктивит, тағамдық және дәрілік аллергия бар, әкесінің дені сау, темекі шегеді. Баланың ауруы дене температурасының жоғарлауымен, бас ауруымен, мұрыннан бөліндіден, бірнеше күннен соң ылғалдыға ауысқан құрғақ жөтелден басталды. Жөтел таңертеңгі уақытта күшейеді. Кейде жөтел ұстамалары құсумен аяқталады. Симптоматикалық ем еш жеңілдік бермеді. Аурудың үшінші күні ентігу, қиындаған ысқырықты сырылдар пайда болды. Участкелік дәрігер шақырылған.

Қарағандабаланың жағдайы ауыр. Тері жамылғысы бозғылт, мұрын-ерін үшбұрышы цианозды, тыныс алуға қосымша бұлшықеттердің қатысуы, жас ағу, ринорея анықталды. Жөтел ылғалды, аз өнімді. Дене температурасы 37,2 С. Кеуде клеткасы бөшке тәрізді ісінген, перкуторлы қораптық дыбыс. Аускультацияда ұзарған тыныс шығаруда шашыранды құрғақ ысқырықты сырылдар, тыныс алғанда орта көпіршікті ылғалды сырылдар. ТАЖ минутына 38. Жүрек шекаралары: оң жақ – оң жақ төс шеті, шуылдар жоқ. ЖЖЖ минутына 110 соққы. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр оң жақ қабырға доғасынан +1,5 см.

Жалпы қан анализі: Hb -120 г/л, Эр – 5,1 х10.12/л,Лейк -4,9 х 10.9/л,п/я -2%, с-48%, э-3%, л-38%, м- 9%, СОЭ-16 мм/сағ.

Кеуде клеткасының рентгенограммасы:өкпенің пневматизациясы жоғарылаған, бронх маңы тамырлық компоненттерге байланысты, әсіресе өкпе түбірі аймағында өкпе суреті күшейген.

Сұрақ:

1. Диагнозды анықтап, негіздеңіз.

2. Ажырату диагнозын жүргізіңіз.

3. Ем тағайындаңыз.

4. Диспансерлік бақылау жоспарын жазыңыз.

5. Баланың болжамы қандай және темекі шегетін ата - аналарға қандай ақпарат бересіз.

 

Бала 1жас 1 айлық. Қызылшаға, паротитке қарсы вакцинация салынды. Екпеден кейінгі 9 күні дене температурасы 39С көтерілген, клоника-тоникалық тырысулар пайда болды. Анамнезінен балада 6 айлығында жедел респираторлық аурумен ауырғанда қызба кезінде қысқа уақыттық тырысу эпизодтары болған.

Обьективті: жағдайы ауыр, бала әлсіз, аздап тежеу синдромы байқалады. Мұрыннан шырышты бөлінді көрінеді. Ішінде, арқасында, аяғында, иығында бозғылт-қызғылт дақты-папулезды бөртпелер бар. Бұлшықеттік тонусы төмендеген.

Сұрақ:

1. Сіздің диагнозыңыз?

2. Участкелік дәрігердің тактикасы, қандай ем жүргізу керек?

3. болашақтағы балаға екпені қалай жүргізу керек?

4. Қызылшаға қарсы екпенің жүргізілу дұрыстығын бағалаңыз.

5. Балалар емханасында қандай шаралар жүргізілу керек?

 

4 жастағы қыз баланың 2 апта бұрын температурасы 38,6С дейін көтеріліп, мұрны бітеліп ауырып қалды. “Жедел жәрдем” бригадасының дәрігері ЖРВИ деп анықтап, симптоматикалық ем тағайындады. Баланың жағдайы 3 күннен соң жақсарды, анасы одан кейін көмекке жүгінбеді. Бір күн бұрын баланың жағдайы нашарлап: тәбеті төмендеді, бас және бұлшықет ауырсынулары, температурасы қайта 39 С көтерілді, құрғақ жөтел пайда болды. Анасы участкелік педиатрды үйіне шақырды.

Анамнезінен бала қалыпты өткен алғашқы жүктіліктен. Босану уақытында, физиологиялық. Жасына сай дамыған, сирек аурады. 3 жасынан бала-бақшаға барғалы жиі ауыра бастады: бронхитпен асқынған ЖРВИ 2 рет ауырды. Емінде жиі антибиотик қолданған.

Қарағандабаланың жағдайы орташа дәрежеде. Тері жамылғысы таза, сұр-бозғылт түсті, әлсіз периоральды цианоз. Аңқа таза, борпылдақ, таңдай бадамшалары гипертрофияланған. Оң жағынан жауырын бұрышынан төмен тынысы әлсіреген, перкуторлы дыбыс қысқарған, тыныс алу шыңында крепитацияланған сырылдар оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде естіледі. ТАЖ минутына 32. Жүрек тоны әлсіреген, ритімді, ЖЖЖ минутына 120 соққы. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасы шетінде. Көкбауыр пальпацияланбайды. Нәжісі болмаған. Диурез төмендемеген.

Сұрақ:

1. Диагнозды анықтаңыз? Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеулер жүргізу керек?

2. Қақырық түсіретін препараттардың қандай топтарын білесіз? Олардың әсер ету механизмі?

3. Антибиотик таңдауын көрсетіңіз және оларды енгізу жолын негіздеңіз.

4. Қандай жағдайда госпитализация көрсетілген? Аурудың мүмкін болатын асқынулары.

5. Аурудан кейін баланы бала-бақша жіберудің ережелері. Балаға реабилитация жоспарын құрыңыз.

 

Бала 9 жаста. Жедел ауырған. Температурасы 39˚С дейін жоғарылап, құрғақ ауырсынумен жүретін жөтел пайда болды. Бала 1-ші жүктіліктен, жүктілік түсік тастау қаупімен өткен. Нәрестелік кезеңдегі тыныстық бұзылу синдромы болған. Туғаннан жасанды тамақтанады. Ерте жастан ЖРВИ - мен жиі ауырған. Лакунарлы ангина, желшешек, қызылшамен де ауырған. Тағамдық, дәрілік аллергиясы бар. Прививкалары жасына сай, реакция болмаған.

Үй жағдайында қарау барысында: жағдайы орташа ауырлықта, бас ауыру сезіміне, құрғақ кетпейтін жөтелге шағымданды. Тері жамылғысы бозғылтты «мрамор» тәрізді, шырышты қабаты таза, құрғақ, жұтқыншақтың артқы қабырғасында лимфоидты гиперплазия, коньюнктивасы ісінген, гиперемияланған. Алдыңғы және артқы желке лимфа түйіндері көп пальпацияланады, ұсақ, тығыз. Тынысы құрылдап шығады. Тыныс алу жиілігі минутына 32 рет. Кеуде клеткасы үрленген, оң жақ бөлігі тынысқа қатыспайды. Оң жақ жауырынның төменгі перкуторлы дыбыс тұйықталған. Аускультацияда осы аймақта тынысы әлсіреген, қырылды-қатты тыныс. Сырылдар жоқ. Жүрек тондары дыбысты, шум жоқ. Пульсі минутына 120 рет. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға астында орналасқан, көк бауыры пальпацияланбайды.

Жалпы қан анализі: Hb – 115г/л, лейк – 18,6х109/л, п/я - 10%, с - 57%, л - 23%, м - 9%. ЭТЖ – 28мм/сағ.

Кеуде клеткасының ренгенограммасы: оң жақ өкпенің төменгі жазығында гомогенді емес қараю анықталады. Оң жақ өкпенің орташа және жоғарғы бөлігі үрленген, пневматизациясы жоғарылаған. Сол жақ өкпенің суреті күшейген. Көкірек аралық көлеңкесі ортада орналасқан.

Сұрақ:

1. Диагноз қойыңыз және негіздеңіз.

2. Жүргізілген терапияның эффективтілігін бағалау критериилері.

3. Дифференциалды диагнозды жүргізіңіз.

4. Ем тағайындаңыз?

5. Қандай асқыну болуы мүмкін?

Қыз бала 5 жаста. Жедел жәрдем дәрігері гипертермия және ішінің ауруы бойынша қарады. Анамнезінен анықталғандай 4 күннен бері ауырады, катаральді көріністер, температурасы 39,4˚С дейін жоғарылаған. Анасы баласына ыстық түсіретін дәрі беруде, бірақ қайтадан 38,8-39˚С жоғарылайды. Сол арада анасы баласының жалпы жағдайының нашарлағанын, тұтқыр аз мөлшерде бөлінетін қақырық, тамағын ауыртатын жөтел пайда болғанын, баланың қатты қалтырауын, оң жақ бүйірінің ауыратынын байқаған. Түнді мазасызданумен өткізген.

Обьективті: жедел жәрдем дәрігері қыздың есінің есеңгірегеніне, тері беткейінің бозғылттығына, бетінің қызаруы, тырнақтың бозғылттығы, тыныштық жағдайда ентігу, кеуде клеткасының көтеріліп тұруымен, оң жақ кеуде клеткасының тыныс алуға қатыспайтынына және оң өкпенің төменгі бөлігінің қозғалысы шектелгенін анықтады. Сол өкпенің барлық беткейінен перкуторлы қорапты белгі берді. Сырылдар естілмейді. Пульстің тыныс алуға қатынасы 2:1.

Жалпы қан анализі: Hb – 134г/л, Эр – 4,8х1012/л, лейк – 16,2х102/л, жас нейтрофильдер - 2%, п/я - 8%, с - 64%, л - 24%, м - 2%. ЭТЖ – 22мм/сағ.

Кеуде клеткасының ренгенограммасы: өкпенің сол жақ мөлдірлігі жоғарылаған, оң жақ өкпенің төменгі бөлігін алып жатқан инфильтративті көлеңке анықталады.

Сұрақ:

1. Науқастың диагнозын негіздеңіз.

2. Берілген клиникалық жағдайға қарап, қандай этиологияны ойлауға болады? Науқастың ауырлығы немен негізделген?

3. Емдеуге қолданылатын антибиотиктің тобын атаңыз.

4. Ем тағайындаңыз, гипертермияға жедел көмек көрсетіңіз.

5. Осы аурудан жазылу критериін атаңыз.

Қыз бала 6 жаста. Жасына сай өсіп келеді. Жылына ЖРВИ-мен 3-4 рет аурады, желшешекпен ауырған. 8 күн бұрын балабақшада оған қызылшаға қарсы ревакцинация жасалды. Сол күні кешке ата анасымен бірге циркке барған.

Келесі күні баланың температурасы 37,5˚С дейін көтеріліп, жөтел мен мұрынның бітелуі пайда болды. Аймақтық дәрігер ЖРВИ жеңіл дәрежесі деп симптоматикалық ем тағайындады. 6-шы күні балабақшаға баруға рұқсат берілді. Прививкадан кейінгі 12 күні температурасы қайта көтеріліп, 38,5˚С жетті, мұрын бітелу жөтел, тамағының ауруы және қышитын бөртпелер пайда болды.

Үйде қарағанда: орташа дәрежелі интоксикациялық симптоматика, коньюктивасының жеңіл гиперемиясы, бет, дене және аяқ - қолдарының өзгерген терісінде 1см бір-бірімен қосылмайтын дақты – папулезді бөртпелер пайда болды. Вакцина салған жерде диаметрі 1см тығыздану анықталады. Аузын еркін аша алады, ауыз-жұтқыншақта аздаған гиперемия бар. Физикальді тексеруде: жүрек пен өкпеде патология жоқ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры +1см.

Сұрақ:

1. Сіздің диагнозыңыз?

2. Балаға госпитализация көрсетіле ме? СЭС-ке хабар беру керек пе?

3. «Егілген қызылшаның» клиникалық көрінісін айтыңыз.

4. Қызылша вакцинациясымен бірге қандай иммунобиологиялық препараттарды егуге болады?

Науқас бала 13 жаста, ауруханаға қызуының 390C-ға көтерілуіне, сирақ-табан және білезік буындарының ауыруына және ісінуіне шағымданады. Осы шағымдарынан 3 апта бұрын баспамен ауырған.

Обьективті: жағдайы орташа ауырлықта жүрек шекаралары 1см-ге солға қарай кеңіген, тоны тұйықталған, ұшында қысқа, нәзік систолалық шу естіледі. 3 аптаның соңына таман буындық синдром басылып, жүрек тондары айқындала бастады, ұшында сол жақ қолтықастына таралатын, үрлемелі систолалық шу пайда болды. ЖЖЖ минутына 100 рет, АҚ 105/60мм с.б. Іші жұмсақ, терең пальпациялауға келеді, бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған.

Қан талдауында:Hb-110г/л; Эр-4,3х1012/л; L-8,2х109/л, п/я-4%, с/я-54%, э-3%, л-36%, м-3%; СОЭ-35мм/сағ, серомукоид 1,0; СРБ+++.

ЭКГ:синустық тахикардия, электрлік ось солға жылжыған, РQ интервалы 0,17мм, сол жүрекше мен қарыншаға артық күш түскенінің белгісі. Сол қарынша миокардының субэндокардиальді ишемиясының белгісі.

Сұрақ:

1. Диагноздың жіктелуі бойынша құрастырыңыз және дәлелдеңіз.

2. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет?

3. Емдеу жоспары.

4. Осы науқастан күтілетін болжам.

5. Осы аурудың маркерлері болып табылатын морфологиялық өзгерістер?

 

10 жасар бала 1 ақпан күні жедел ауырды, қызуы 390С дейін көтерілді, басы, бұлшықеттері ауырды. Екінші күні қызуы 400С дейін көтерілді, дәрі қабылдағаннан соң қалтырау пайда болды, жүрегі айныды, құсты. «Жедел жәрдем» шақырылып, бала ауруханаға жатқызылды. жағдайы ауыр дәрежеге жақын, әлсіз, сұлық жатыр. Терісі бозғылт, иық тұсында сирек петехиальді-геморрагиялық бөртпе элементтері, көздің ақ қабық тамырларының иньекциясы байқалады. Мойын арты және бадамша без лимфа түйіндері диаметрі 0,5 см-ге дейін ұлғайған, пальпацияланады. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Аздап тахикардия. Іші жұмсақ, бауыры ұлғаймаған. Үлкен дәретке шыққан жоқ. Ауыз-жұтқыншақты қарағанда: айқын жайылған гиперемия, жұмсақ таңдайда нүктелік қан құйылулар, таңдай доғаларында дәнді түйіршіктер, бұдырланған, жұтқыншақтың артқы қабырғасы құрғаған. Менингеальді белгілер теріс. Бала баратын мектепте тұмаумен ауыру оқиғалары тіркелген.

Сұрақ:

1. Клиникалық диагноз қойыңыз.

2. Диагнозды дәлелдеңіз.

3. Зерттеулерді тағайындаңыз.

4. Емдеңіз.

5. Қандай алдын-алу шаралары осы ауруды болдырмауы мүмкін еді.

Бала 10 айлық, 3 күннен бері ауырады: әлсіз, жылауық, тәбеті төмендеген, қызуы 38,5-390С дейін көтерілуі байқалған, ылғалды жөтел, мұрнынан көп көлемде бөлінділер ағуы мазалайды. Аймақтық дәрігермен қаралып, ауруханаға жатқызуға жолданған.

Ауруханаға түскендегі жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, қызуы 38,50С, қабақтарының ісінуі, коньюнктива гиперемиясы байқалады. Төменгі оң жақ қабағы ақ жабындымен жабылған, оңай алынады, бетінен қан ақпайды. Барлық топ лимфа түйіндері 1-2см-ге дейін ұлғайған, ауырмайды, эластикалы. Аранында аздаған жайылмалы гиперемия, бадамша бездері 1 дәрежелі ұлғайған, жұтқыншақтың артқы қабырғасы гиперемияланған, ісінген, бұдырланған. Мұрнымен тыныс алуы қиындаған, көп көлемде шырышты-іріңді түрдегі бөлінділер ағуы байқалады. Өкпесінде қатқыл тыныс, өтпелі сырылдар естіледі. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖЖЖ –минутына 120 рет. Бауыры +3,0 см, көкбауыры +1,5 см. Кіші дәреті еркін, нәжісі қалыпты.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 1083; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.