Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тема 4. Инсульт. Механизмы и условия развития инсульта. Диагностический алгоритм инсульта Неотложная помощь на догоспитальном этапе. 2 страница




2.8. СӨЖ тақырыптық жоспары

СӨЖ тақырыптары Өткізу түрі Акад сағаты
       
№1 Блок ОЖЖ зақымдануларындағы шұғыл жағдайлар
  Қарқынды (арнайы) және желілік жедел жәрдем бригадаларында жұмыс істеу. Қарқынды (арнайы) және желілік жедел жәрдем бригадаларымен шақыртуларға бару. Науқастарды қарау,болжам диагноз қою. Ем тағайындау және жүргізу, шақырту карталарын, ілеспе парағын, дабыл парағын толтыру. Нәтижелері есеп беру түрінде рәсімделеді  
  Жедел жәрдем бекетінің диспетчерлік бөлімінде жұмыс істеу Тұрғындардан шақыртулар қабылдау, кезекші аға дәрігермен жұмыс істеу, есеп беру  
  Аурухананың қабылдау бөлімінде жұмыс істеу Ауруханаға түскен науқастарды қабылдау, әр –түрлі профильді науқастарды тексеру, болжам диагнозын қою, зертханалық және аспапты тексеру әдістерін тағайындау. Науқастарды динамикада тексеріп отыру. Нәтижелері есеп беру түрінде рәсімделеді    
  ОКО жедел жәрдем көрсету бойынша тәжірибелік дағдыларын игеру. Коникотомия, кеңірдек интубациясы, қуық катететеризациясы, асқазанды жуу, дефибрилляция бойынша тәжірибелік дағдыларды машықтану  
  Дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің алгоритмін құрастыру. Жүрек қантамыр, тыныс аурулары, кездейсоқ жағдайлар, аллергиялық реакциялар кезінде жедел жәрдем көрсету алгоритмін құрастыру  
  Жедел жәрдем шақыртуларының статистикалық анализі. Әр-түрлі нозологиялар бойынша шақырту карталарын талдау  
  Апаттар медицинасын ұйымдастыру принциптері. Техногеді және табиғи апаттарда жедел жәрдем ұйымдастыру бойынша реферат жазу. Ұзақ шаншылу синдромында көрсетілетін жедел жәрдем бойынша презентация дайындау. «Жер сілкінісінде ЖМЖБ бригадасының әрекеті» презентация  
  Сыртқы қан кетуді тоқтату ережелері. Мұрынның алдыңғы тампонадасын орындау техникасы. Уақытша қантоқтату ережесі мен техникасы бойынша презентация дайындау, жгут салу, қысқыш таңғыш салу дағдыларын игеру. Мұрынның алдыңғы тампонадасын салу техникасы бойынша презентация дайындау  
  Терминальді жағдай: дәрежелері, клиникасы, диагностикасы, науқастың ауырлық жағдайын бағалау критериилері. Клиникалық өлімді анықтау бойынша презентация/реферат дайындау. ӨЖЖ әдісі бойынша презентация дайындау. Жүрекке жабық массаж, дефибрилляция жүргізу бойынша презентация дайындау  
  Найзағай зақымдауы. Найзағаймен зақымданудың клиникасы, диагностикасы, жедел жәрдемі бойынша презентация дайындау  
Аудиториядан тыс барлық сағат саны:  

2.9 Ұсынылған әдебиеттер.

Негізгі:

  1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко., С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. - М., 2008, 816 с.
  2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред. В.М.Михайловича, 2007, 808.

3. Жедел медициналық жәрдем., Тұрланов Қ.М., Қалқабаева С.А.., 2010, 441 бет.

Қосымша:

  1. Сумин С.А. Неотложные состояния. -4-ое издание. –М. –МИА. -2003. – 656с.
  2. Электрокардиография- Мурашко В.В. Струтынский А.В., М., Медицина, 1991.
  3. Неотложная терапия острых отравлений и эндотоксикозов. Под ред. Е.Лужникова. 2001. – 304 с.
  4. Тактика ведения и скорая медицинская помощь при неотложных состояних. А.Л. Верткин Астана. 2004.-392 с.

 

2.10 Оқыту және білім беру әдістері.

Дәрістер: шолулық, проблемалық.

Тәжірибелік сабақтар: ауызша сұрау, тестілеу, науқастарды қарауларға қатысу, ЖМЖБ бригадаларымен шақыртуға бару, аурухананың қабылдау бөлімінде жұмыс жасау, қаралған науқастарды талдау, тақырып бойынша ауруы бар науқастарды клинкалық талдау, кіші топпен жұмыс істеу, пікірталастар, презентациялар, кері байланыс.

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ): науқастарды шақыртуларда курациялау, ЖМЖ (желілік,ҚТБ, педиатрлық) бригадаларымен жұмыс атқару, аурухананың қабылдау бөлімінде, студенттердің негізгі және қосымша әдебиеттермен, электрондық тасымалдаушылардағы және ғаламтордағы әдебиеттермен жұмыс істеуі; тестік тапсырмаларды дайындау және шешу, презентациялар дайындау, жедел жәрдем бекеттерінде, қабылдау бөлімшелерінде жұмыс істеу.

2.11 Білімін және дағдыларын бағалау әдістері.

Ағымды бақылау: тестік тапсырмаларды шешу, әңгімелесу, ситуациялық есептерді шешу, тақырып бойынша науқастарды клиникалық талдауға қатысу, кішігірім топпен жатқарған жұмысын өзі немес топпен бағалау

Аралық бақылау: коллоквиум (тестілеу,тәжірибелік дағдыларды тексеру), оқыту шақырту карталарын қорғау.

Қорытынды бақылау: пәннің соңында тестілеу/әңгімелесу және тәжірибелік дағдыларын бағалау түріндегі емтихан.

 

 

Ағымды бақылау рейтингі.

Емдеу факультетінің Ғылым Кеңесі мен ішкі аурулар Департаментінің бекітілген шешіміне сәйкес тәжірибелік сабақ 100 балды жүйе бойынша 5 компетенцияға сәйкестендіріліп бағаланады.

 

Бітіруші түлек игеруге қажетті компетенциялар төмендегілерден тұрады:

I. Білім.

II. Тәжірибелік дағдылар.

III. Коммуникативты дағдылар.

IV. Денсаулық адвокаты.

V. Өзін-өзі жетілдіру және дамыту.

 

Балмен бағаланатын компетенциялар

Білім Тәжірибелік дағдылар Коммуникативты дағдылар Денсаулық адвокаты.   Өзін-өзі жетілдіру және дамыту
         

I компетенция «Білім»:

Теориялық білімі бойынша бағалау (40 балл max) критерилері 2 компоненттен тұрады- тестілеу (20 балл) және ауызша сұрастыру (20 балл)

1) Сабақта тестілеу – max 20 балл, – 1 тест сұрағы 1 балл болып есептеледі (барлығы 20 тест сұрағы)

2) Ауызша сұрастыру – максимальді 20 балл

Критерилер 2 балл 3 балл 4 балл 5 балл
Тақырыпты ашу Тақырыпты аша алмады, жауап беру кезінде қате жіберілді Тақырыпты толық көлемде аша алмады, жауап беру кезінде аздаған қателіктер жіберді Тақырыпты оқу материалының көлемінде сұрақтар бойынша ашты Тақырыпты толығымен ашып, берілген сұрақтар бойынша қосымша көздердегі мәліметтермен терең білімін көрсетті
Диагнозды негіздеу, топикалық диагностикасын көрсету диагнозды негіздей алмады диагнозды негіздеуде нақтылығы жеткіліксіз диагнозды қателіктермен негіздеді диагнозды ретімен және толығымен негіздеді
Емдеу принциптері Негізгі емдеу принциптерін көрсеткен жоқ Негізгі емдеу принциптерін қателіктермен көрсетті Емдеу принциптерін дұрыс көрсетті Науқасты емдеуде өзінің білімін толық көлемде көрсете алды
Қосымша зерттеу әдістері Қосымша зерттеу әдістерін тағайындаған жоқ Қосымша зерттеу әдістерін толық көлемде тағайындаған жоқ Қосымша зерттеу әдістерін дұрыс тағайындады Қосымша зерттеу әдістерін дұрыс және толық көлемде тағайындады

II компетенция «Дағдылар»:

Науқасты зерттеу. Тақырыптық науқастарды курациялау және шақыру картасын рәсімдеу – ең жоғарғысы-20 балл

Критерилер 3 балл 4 балл 5 балл
Тәжірибелік манипуляциялар Тәжірибелік манипуляцияларды оқытушының айтуымен, қателіктермен орындады Тәжірибелік манипуляцияларды өз бетінше, бірақ қателіктермен орындады Тәжірибелік манипуляцияларды өз бетінше және дұрыс орындады
Шағымдарын, ауру, өмір тарихтарын сұрастыру Науқастың шағымдарын, ауру, өмір тарихтарын қате жинады Шағымдарын детальді сұрастырған жоқ, бірақ ауру, өмір тарихтары толығымен сұрастырылды Шағымдары, ауру және өмір тарихтары терең сұрастырылды
Объективті тексерілулер Толық көлемде тексерілген жоқ Науқастар тексерілді, бірақ көрсеткіштерге қарамастан қосымша зерттеу әдістері тағайындалған жоқ Науқатар ретті, толық көлемде тексерілді және толығымен сипатталды
Ажыратпа диагностикасы Ажыратпа диагностикасы толық көлемде жүргізілген жоқ Ажыратпа диагностикасы 2 түрлі аурумен ғана жүргізілді, жартылай салыстырылды Ажыратпа диагностикасы барлық критерилер бойынша жүргізілді

III компетенция «Коммуникативты дағдылар»

Коммуникативты дағдылар – максимальды 10 балл

Критерилер 3 балл 4 балл 5 балл
Науқаспен, туыстарымен және медициналық қызметкерлермен қарым-қатынас жасай алуы Науқаспен, туыстарымен және медициналық қызметкерлермен немқұрайлы тонда сөйлесті, науқаспен қарым-қатынас орната алмады Науқаспен дұрыс қарым-қатынас жасап, туыстарымен салқын сөйлесті Науқаспен, туыстарымен және медициналық қызметкерлермен дұрыс қарым-қатынас жасап, төзімділік, жаны ашу сияқты адамгершілік қасиеттер көрсете алды
өзара түсінушілікті, сенімділікті қамтамасыз ету Науқаспен сөйлесе алды, бірақ немқұрайлылық және сенімсіздік, тәжірибесіздік танытты Науқаспен контактка жылдам түсті, бірақ сөйлесу барысында қобалжып, өзіне сенімсіздік көрсетті Науқаспен контактка жылдам түсіп, өзін науқасқа көмектесуге дайын екенін, жанашарлығымен, сабырлылығымен, сендіре алды

IV компетенция «Денсаулық адвокаты» (науқасты қызығушылықтарын қорғау)

Нормативті-заңдық базалардан білімі – максимальды 5 балл

Критерилер 3 балл 4 балл 5 балл
Медициналық қызметкердің құқықтарын және міндеттерін, науқастың нормативті-заңды базаларын білу Медициналық қызметкерлердің құқықтарын және міндеттерін білмейді, науқастың заңдық базасына мән бермейді және науқастарға қатысты өзінің білімін қолдана алмайды Медициналық қызметкерлердің құқықтарын және міндеттерін, науқастың нормативті-заңды базаларын біледі, бірақ науқасқа өзінің денсаулығына жауаптылығын жоғарлату туралы ағартушылық жұмыс жүргізген жоқ Медициналық қызметкерлердің, науқастың құқықтарын және міндеттерін біледі және науқасқа өзінің денсаулығына жауаптылығын жоғарлату туралы ағартушылық жұмыс жүргізді

V компетенция «Өзін-өзі жетілдіру және дамыту.» (өмір арқылы оқыту)

Студенттің дамуын бағалау – максимальды 5 балл

Критерилер 3 балл 4 балл 5 балл
Студенттің кітапханалар, интернет желісі көмегімен білімін жоғарлатуы және кәсіптік жетістікке жетуі Кітапханаларды және интернет желісін сирек қолданады, өзінің кәсіби біліктілігін жетілдірмейді, университет өміріне және СҒЗЖ қатыспайды. Интернет желісін қолданады, бірақ кітапханаға қажеттілік туған жағдайда ғана барады. Университет өміріне белсене қатысады, бірақ СҒЗЖ қатыспайды. Кітапханаларды және интернет желісін жиі қолданады, өзінің кәсіптілігін арттыру мақсатында жұмыс жасайды, СҒЗЖ және университет өміріне белсене қатысады

Студенттің өзіндік жұмысын бағалау критерилері максимальды - 100 балл

Рефератты бағалау критерилері

Сапа критерилері 60-74 75-89 90-100
Реферат мазмұнының тақырыбына және қойылған тапсырмаларына сәйкес келуі Реферат мазмұны тақырыбына толығымен сәйкес келмейді Реферат мазмұны тақырыбына және қойылған тапсырмаларына жартылай сәйкес келеді Реферат мазмұны тақырыбына және қойылған тапсырмаларына толығымен сәйкес келеді
Тақырыптың толығымен ашылуы және көздерді қолдануы Тақырып жеткіліксіз ашылған, көздер аз қолданған Тақырып жеткіліксіз ашылған, негізгі әдебиет көздерінің барлығы қолданылмаған Тақырып толығымен ашылған, замануи негізгі әдебиет көздері жеткілікті мөлшерде қолданған
Реферативті материалды және қорытындыларын түйіндеу Материал түйінделді, бірақ қорытындылары жоқ Материал түйінделді, бірақ қорытындылары айқын емес Материал түйінделді, қорытындылары айқын және нақты
Реферат рәсімделуінің қойылған талаптарға сәйкестігі Рефератты рәсімдеуде негізгі талаптар сақталмаған Рефератты рәсімдеуі қойылған негізгі талаптарға жартылай сәйкес келеді Рефератты рәсімдеуі қойылған негізгі талаптарға толығымен сәйкес келеді

Реферат жазған кезде алғашқы бетін рәсімдеу

Алғашқы беті С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ КАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ   КАФЕДРА _______________________________________ Реферат ТАҚЫРЫБЫ: ______________________________________________ Студенттің аты-жөні __________________________________ Факультет _______________________________________ Курс ____________________________________________ Тобы__________________________________________ Оқытушы ____________________________________ Алматы, 200__-200__оқу жылы

Презентацияны бағалаудың критерилері

Бағалау түрі - рубрика

Материалды баяндау 60-74 75-89 90-100
Слайдты көркемдеу Көптүсті, материалды қабылдауды қиындатады Бір-бірімен үйлеспейтін түстер алынған Бір слайдта 3 түстен артық түс қолданбаған.
Слайдтар саны Слайд саны көп, бірақ оның кейбіреулері аз мәліметті Мәліметке толған слайдтар саны аз 7-10 слайд, мәліметті
Слайдтардың мазмұны және көркемділігі Материал оқытушы көмегімен баяндалды, тақырып толығымен ашылмаған Материал оқытушы кеңесімен баяндалды, тақырып толығымен ашылмаған Материалды студенттің өзі баяндап, тақырыпты толығымен аша алды

СӨЖ бағалау критерилері (амал есептерін құрастыру)

Критерилер 60-74 75-89 90-100
1. Тапсырманы құрастыру Тапсырма толығымен құрастырылмаған, тапсырмалар реті сақталмаған Тапсырмалар толығымен құрастырылған, бірақ тапсырмада белгілі-бір реттілік сақталмаған Тапсырмалар толығымен, реттілікпен құрастырылған
2. Есептің мазмұны Есептің мазмұнынан тапсырманың аяқталғандығы байқалмайды Есептің мазмұны бойынша диагноз қою үшін айқындылық жоқ Тапсырмаға сәйкес келеді, есептің барлық пунктері көрсетілген
  Есептің мәні Есептің мәні көрсетілмеген Диагноз қоюда логикалық ойлау жоқ Берілген тапсырма бойынша диагноз қоюға және қорытынды шығаруға болады

Білім деңгейін бағалау критерийлері мен ережелері: білім алушының рейтингін бағалау ағымды және аралық бақылаудың бағаларын біріктіру арқылы қойылады.

· Әр рейтингтің бағасы мына формула бойынша есептеледі:

 

· t – ағымды бақылау = тәжірибелік сабақтың орташа балы мен СӨЖ орташа балының қосындысынан алған орташа балл

· r - аралық бақылау

· Рұқсатнама рейтингі студенттің қорытынды рейтінгісінің 60 % құрайды, сондықтан білім алушының пән бойынша семестрлік бағасы мына формуламен анықталады:

·

·
Білім алушы емтиханға семестрлік бағасы 30% тең немесе одан жоғары болса ғана рұқсатнама алады.

 

· Қорытынды баға

· I = R х 0,6 + E х 0,4, мұнда

· I – қорытынды баға

· R – жіберген рейтинг бағасы

· E – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан)

· Рейтинг 60% құрайды I-ден, емтихан -40% I-ден

 

· Пән бойынша студент білімінің қосынды бағасы

Әріптік жүйе бойынша баға Сандық эквивалент Баллдар Дәстүрлік жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 үздік  
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 қанағаттанарлық  
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49 қанағттанарлы емес

 

· Білімді бағалау критерийлері ҚР МЖБС 5.03.06-2006 «Қазақстан республикасының білім беру жүйесі. Жоғарғы оқу орындарында білімді бақылау» 26.08.2006ж.негізделеді

· Білім алушының білімі мен дағдылары және компетенциясы барлық бақылау түрлері бойынша балдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағаланады.

 

ДӘРІСТІК КОМПЛЕКС

«ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ»иси и в, внутиривенной инфузушений. ий.измах остантвки кровообращения.»!»»»»»» ПӘНІ БОЙЫНША

 

«051301- «Жалпы медицина» мамандығына арналған

 

 

Курс - бесінші

Семестр – тоғызыншы, оныншы

Дәрістер 30 сағат

 

Тәжірибелік

(семинарлық) сабақтар 240 сағат

 

 

Аудиторлық барлығы 270 сағат (кредит)

 

Студенттің аудиториядан тыс жұмысы (СӨЖ)

135 (сағат)

 

 

Бақылау түрі: мемлекеттік емтихан

 

Тақырып 1:Жедел медициналық жәрдем қызметінің ұйымдастырылуы. Жедел жәрдем дәрігерінің құқықтары мен міндеттері. Жедел жәрдем қызметінің құжаттары мен есеп берулері.

Мақсаты:студенттерді ҚРжедел медициналық жәрдем қызметінің даму тарихы, міндеттері, принциптерімен таныстыру. Студенттерді ЖМЖ қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерімен, ЖМЖ бригадаларының түрімен, ЖМЖ атқаратын істерінің негізгі прициптерімен таныстыру. ЖМЖ негізгі құжаттарымен таныстыру.

 

Дәрістер тезистері:

1. ЖМЖ құрылу тарихы мен дамуы

2. ЖМЖ ұйымдастырылуының принциптері

3. ЖМЖ дәрігері жұмысының ерекшеліктері

4. ЖМЖ дәрігерінің жауапкершілігі – тәртіптік,әкімшілік, қылмыстық

5. ЖМЖ құжаттары

 

Көрнекті құрал:

Мультимедиялық презентация.

 

Әдебиеттер: 1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. - М., 2008, 816 с.

2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.

В.М.Михайловича,2004. =704.

Бақылау сұрақтары:

  1. ЖМЖ ұйымдастырылуының принциптері

2. ЖМЖ дәрігерінің міндеттері

3. ЖМЖБ дәрігерінің жауапкершілік түрлері

 

Тақырып 2. Техногенді және табиғи апаттар кезіндегі ЖМЖББ жұмысының ұйымдастырылуы және принциптері.

2. Мақсаты: Студенттерді техногенді және табиғи төтенше апатты жағдайларда ЖМЖБ жұмысының принциптерімен таныстыру. Ауруханаға дейінгі кезеңде техногенді және табиғи төтенше жағдайларда жедел жәрдем тізбегін орныдауды үйрету.

3. Дәрістер тезистері:

ЖМЖБ қызметі төтенше жағдайлар кезінде ҚР заңдарына сәйкес көмек көрсетеді:

· ҚР заңы 07.05.1997.№100-1

· «Азаматтық қорғаныс туралы»

· Бап 5. Техногенді және табиғи төтенше апатты жағдайларда тұрғындарды, обьектілерді қорғау бойынша Азаматтық қорғаныс шаралары

· «Техногенді және табиғи төтенше апатты жағдайлар туралы» 05.07.1996ж.

· «Құтқарушылар қызметі мен статусы туралы» 27.03.1997ж.

· ҚР Министрлер Кабинетінің үкімі №275 «ҚР азаматтық қорғанысты арттыру шаралары туралы»,

·.№50 «Төтенше жағдайларда тұрғындарды және төтенше жағдайлар ісі жөніндегі мамандарды ақпараттандыру, білімін арттыру, оқыру Ережелері туралы» 17.11.2003ж. ҚР Үкіметімен бекітілген

·

  • 17.06.2010 №608 Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуімен

«Төтенше жағдайларда көрсетілетін медициналық жәрдем түрлері мен көлемі жайлы».

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ – бұл белгілі бір территорияда аварияның, қауіпті табиғат көріністерінің, катастрофалардың, түрлі апаттардың салдарынан пайда болып, адам өлімі мен оның десаулығына немесе табиғи ортаға, зиян тигізетін сондай ақ едәуір материальдық шығындарға әкеліп өмір сүру деңгейін төмендететін ауыр жағдай.

ТЖ пайда болу көзі мен масштабына қарай жіктеледі.

  1. Геологиялық (жер сілкінісі, сел, оползни, лавины);

2. Метеорологиялық (жел,ураганы, құйын, боран,шторм,

смерч,);

3. Гидрологиялық (топан су басу);

4. Өрт (орманды);

5. Жаппай ауру (инфекциялық аурулар).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 951; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.096 сек.