Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жыныстарды тиеу

 

6.1 Жалпы мәліметтер

 

Жынысты тиеу үңгілеу циклының ең бір қиын көлемді процестерінің бірі болып табылады және де оның ұзақтылығының 60% құрайды.

Оқпандарды үңгілеу кезінде жынысты тиеудің ауырлығы, қиын көлемділігі және де жұмыстың ұзақтылығы келесі спецификалық ерекшеліктерімен ерекшеленеді:

- тиеу машиналарының грейферлі атқару органдары жынысты өзінің салмағы мен қалақшаны жабу күшінің есебімен жоғарыдан төмен қарай орамдайды;

- жынысты көлденең қимамен және оларды забойда қондыру үшін орындар санымен шектелген 2,2м биіктікті қауғаға тиейді;

- тиеудің тығыз жағдайлары;

- жынысты жинаудың екінші фазасын орындау кезінде қол еңбегін қолданудың қажеттілігі;

- оқпан забойында су құйылымының болуы.

Оқпандарды үңгілеу кезінде жыныстарды тиеу үшін көбінесе забой арқылы оларды қолмен жүргізу және механикаландырумен жабдықталған КС типті грейферлі жынысты тиеу машиналары қолданылады.

Оқпандарды үңгілеу кезінде жыныстарды тиеу үшін шектелген мөлшерде өзі жүретін шөмішті тиеуіш машиналарын («Эймко-630»,ППН-2Г, HL-180 К және т.б) қолданады.

 

6.2 Жынысты грейферлі машиналар арқылы тиеу

 

Жынысты грейферлі машиналар арқылы тиеу өнімділігіне оның қасиеттері (бекемдік, ылғалдылық, қопсу коэффициенті, гранулометриялық құрамы) үлкен әсер етеді.

Жынысты тиеу процесі кезінде үлкен көлемді қосымша жұмыстар орындалады: қауғаны қабылдау, қайтадан жалғау және жіберу, суды тартып шығару, оқпан забойында қабырғалардағы жыныстарды жинау, сигнал беру және т.б. Сондықтан жынысты механикаландырылған грейферлі машиналарды жүргізу кезінде забойлық топ 5-6 үңгілеушіден тұрады. Тікелей оқпан забойында – 3-4 адам, тиеуіш машинасының машинисті және сөреде тұратын машинисттің көмекшісі.

Оқпан забойында жынысты жинау үшін КС-2у/40 және 2КС-2у/40 тиеуіш машиналары кеңінен қолданылады. 2КС-2у/40 тиеуіш машинасында екі грейфер бар және бұл машинамен жынысты тиеу қауғаны қайтадан тіркеусіз өтеді.

Оқпан забойында қауғаны қондыру және тиеу реті суретпен түсіндіріледі.

Жағдай а. Б ойығы арқылы забойға түсірілген, қауғаны 1, II-ші секторға орналастырады және III сектор арқылы IV секторға грейфермен тиейді. I сектор бос тұруы керек, себебі А ойығы арқылы бос қауға 2 түсуін тосу керек.

Жағдай б. А қауғасы арқылы қауға 2 түсіреді және IV секторға орнатады. Бұл кезде қауға 1 III сектордан грейфермен тиейді. Қауға 1 қумасына көтергі арқанын тіркейді.

Жағдай в. Қауғаны 2 грейфермен тиеуді III-ші сектордан бастайды. Бұл кезде А ойығы арқылы тиелген қауғаны 1 көтереді.

Жағдай г. Грейферді II-ші секторға орын ауыстырады, бос қауға өту үшін Б ойығын босатады және қауғаны 2 I-ші сектор арқылы толықтырып тиейді.

Жағдай д. Грейферді I-ші секторға орналастырады. Б ойығы арқылы II-ші секторда тиеуге қоятын бос қауғаны 3 түсіреді.

Жағдай е. А жағдайына сәйкес болады.

 

 

а б в


1 1 1 2

 

 


г д е

 


2 3 3

 

 

 


Сурет 2 Қауғаны қондыру және тиеу реті

 

6.3 Жынысты тиеудің фазалары

 

Әрбір үңгілеу циклында грейфермен жынысты тиеу процесі екі фазаға бөлінеді. Бірінші фазада жынысты тиеу қол еңбегінің қолдануысыз машинамен жүргізіледі. Грейфер көсу режимінде жұмыс істейді.

Грейфердің жұмыс режимі қазу моментіне айналған кезде жынысты тиеудің екінші фазасы басталады. Екінші фазада жынысты тиеу уақыты бір циклда жыныс тиеудің жалпы уақытының 30-35% құрайды, тиелген жыныс көлемі 10-13%.

 

6.4 Жынысты тиеудің өнімділігін және уақытын есептеу

 

6.4.1 Жынысты тиеудің өнімділігін келесі формула арқылы анықтаймыз:

 

м3 (54)

 

мұнда: V – жарылған жыныстардың көлемі, м3;

kp – жыныстың қопсу коэффициенті, ол 1,6-1,9 тең;

Tn – барлық жарылған жыныстың тиеу уақыты,сағ.

Тn шамасы былай анықталады:

 

Тn = Т + ТII ф (55)

 

мұнда: Т және ТIIф – бірінші және екінші фазадағы жынысты тиеу уақыты,сағат.

 

6.4.2 Т мәні анықталады:

 

Т = φ(tм +tT), ч (56)

 

мұнда: tм – қауғаға жынысты тиеудің жұмыс уақыты, сағ;

tT – машиналардың технологиялық тоқтап тұрғандағы уақытының суммасы, олуақыт забойдағы қауғалардың орамдылығына, оларды тіркеу және қауғалы сөре ойықтары арқылы өтуге байланысты, сағ;

φ – жұмыстың біркелкі еместегін ескеретін коэффициент, ол 1,15-1,20 тең.

 

6.4.3 tм және tT шамалары келесі формула арқылы анықталады:

 

(57)

 

(58)

 

мұнда: α – бірінші тиеу фазасындағы жыныс көлемінің бөлігі;

V – жарылған жыныстың көлемі, м3;

n – тиеуіш машиналарының саны;

PT - тиеуіш машиналарының техникалық өнімділігі, м3/ сағ;

ko – машина жұмысының біркелкілік коэффициенті, ол 1,0 тең егер n=1 және 0,75; 0,8-ге тең егер n=2

kn – қауға маңында грейферді түсіру кезінде жыныстың оянуын ескеретін коэффициент;

Vб – қауға сыйымдылығы, м3;

kз – қауғаны толтыру коэффициенті, ол 0,9-ға тең;

tn – забойдағы қауға орамдылығына байланысты тиеуіш машинасының тұрып қалу уақыты.

 

6.4.4 tn мәні көтергі саны мен түріне және тиеу уақытымен көтергі цикл уақытының арасындағы қатынасқа байланысты. Бұл шама [2, т.6.2; 4, т. 6.3] алынады.

 

6.4.5 (α) коэффициентінің мәні әртүрлі тиеуіш машиналар үшін және де әртүрлі шпурдың тереңдігіне байланысты келесі кестеден алынады (lш, м).

 

Кесте 4 (α) коэффициентінің мәні

 

Тиеуіш машиналары КС-3 КС-2у/40 КС-1М
lш, м                  
α 0,9 0,93 0,95 0,85 0,9 0,93 0,78 0,85 0,9

 

6.4.6 (kn) коэффициентінің мәні келесі формула арқылы анықталады:

 

(59)

 

мұнда: dб – қауға диаметрі, м;

dГ – ашық жақты грейфердің диаметрі, м.

 

6.4.7 Екінші фаза кезіндегі жынысты тиеу уақыты:

(60)

мұнда: np – екінші фазада жынысты тиейтін жұмысшылар саны;

Рц – екінші фазада жынысты тиеуге кететін бір жұмысшының өнімділігі, ол 0,5-1,0 м3/ сағ тең.

 

6.4.8 Жынысты тиеуге кететін жалпы уақыт (дайындық- қорытынды жұмыстарынсыз)

 

, сағ (61)

 

6.4.9 Қопсыған жынысты тиеудің өнімділігі

 

, м3 (62)

 

 

№6 есеп. ӨНІМДІЛІКТІ ЖӘНЕ ЖЫНЫСТАРДЫ ТИЕУГЕ

КЕТЕТІН ЖАЛПЫ УАҚЫТТЫ АНЫҚТАУ

 

 

6.1 Бастапқы мәліметтер

 

а) таза оқпан диаметрі (в чернее), м - 4,8;

б) оқпан тереңдігі, м - 1250;

в) жыныстардың бекемдік коэффициенті (f) - 12;

г) уату шпурларының тереңдігі, м - 3.2;

д) шпурларды қолдану коэффициенті - 0.925;

е) жыныстарды қопсыту коэффициенті - 1.75;

ж) жыныс тиегіш машина - КС-2у/40;

з) бадья түрі - БПС-4;

и) көтеру түрі – бадьяның жармаспайтын екі біржақты

(два одноконцевых без перецепки бадей);

к) бадьяларды тиеу уақыты көтеру циклінің уақытына тең, tп.б. = Тц.п..

 

6.2 Тапсырманы шешу:

 

6.2.1 Кентіректердегі жарылатын жыныстардың көлемі анықталады:

V = S*lш*η = (55)

6.2.2 Бадьяға жыныстарды тиеу бойынша жұмыс уақыты анықталады

(tм, сағ) (56)

 

(α) мәні, [1, с.76] сәйкес, 0,93 тең.

kn коэффициентінің мәні формула бойынша анықталады.

 

(57)

 

БПС-4 бадьясының диаметрінің мәні және жағы ашық грейфер диаметрімен алынған [1, 7.4 кесте]

Рт мәні алынған [2, 6.1 кесте]

 

сағ (58)

5.2.3 Технологиялық тұрып қалудың жиынтық уақыты анықталатын формула

(59)

 

5.2.4 Екінші фазадағы тиеу уақытын анықтайтын формула

 

сағ (60)

 

5.2.5 Жыныстарды тиеуге кететін (дайындық-қорытынды жұмыстарынсыз) жалпы уақыт мына формула бойынша анықталады:

 

сағ (61)

 

5.2.6 Оқпан забойындағы жыныстарды тиеу өнімділігін анықтау формуласы

 

(62)

 

7 ОҚПАНДАРДЫ ҚҰРУ КЕЗІНДЕГІ КӨТЕРГІ

 

7.1 Жалпы мәліметтер

 

Үңгілеудің көтергі жабдықтары: арқанды көтергі машинасы, бағыттағыш арқандар, бағыттас рамкалар, тіркеу жабдықтары, қауға және ілгіш сөредегі кең қоныш.

Көтергі түрлері, көтергі машиналары, тіркеу құрылғылары, үңгілеу қауғалары және бағыттас рамалар туралы деректер мұқият [2.102-126 бет] келтірілген.

 

7.2 Үңгілеудің қауғасының сыйымдылығын анықтау

 

Көтергі қондырғыларының жинақы өнімділігі (Pп) 15-20 %-ке забойдағы тиеуіш машиналарының өнімділігінен (Pp) артық болуы керек, сол себепті

. (63)

Көтергі қондырғысын таңдау кезінде келесі жағдайларды орындау керек:

tц<=tзагр (64)

 

мұнда tц – оқпан бойынша қауға көтергінің толық циклының өнімділігі;

tзагр – қауғаны тиеу уақыты.

Қауға сыйымдылығын анықтау формуласы:

 

м3 (65)

 

мұнда Pп – қопсыған жынысты жинау кезіндегі көтергі қондырғысының керекті өнімділігі м3/ сағ

к б – қауғаны толтыру коэффициенті; кб = 0,9.

Оқпан диаметріне байланысты қауғаның мүмкін болатын саны 5-ші кестеде келтірілген.

 

Кесте 5 – Мүмкін болатын қауға саны

 

Светадағы оқпан диаметрі, м Оқпан қимасында орналасатын қауға саны Қауғаның ең үлкен сыйымдылығы, м 3
5,0    
5,5    
6,0    
6,5   5,5
7,0   5,5
8,5   6,5

 

Қауға түрін [2. т.7,6, 120бет] таңдап алғаннан кейін көтергі қондырғысын таңдау есептеледі.

 

7.3 Көтергі қондырғысын таңдау есебі

 

7.3.1 Қауға салмағы, бағыттас рамалары және тіркеу жабдығы анықталады.

 

Q1 = g (Qб+Qн..р+Qп.у ), H. (66)

 

7.3.2 Қауғадағы жыныс пен судың салмағы анықталады (Q2)

 

Q2 = g (Qпор+Qвод) = g [Vб·γп·kз+ (Vб - в k3·kв], H. (67)

 

мұнда: Vб- - қауға сыйымдылығы, м3;

γп- қопсыған күйдегі 1 м3 жыныстың салмағы;

γв – судың тығыздығы, кг/м3;

kв – тиелген қауғадағы қуыстарды сумен толтыру коэффициенті. kв=0,5;

k3 – қауғаны жыныспен толтыру коэффициенті, ол 0,9-ға тең.

 

7.3.3 Соңғы жүктеме анықталады

 

Qкон = (Q1+Q2), Н. (68)

 

7.3.4 Арқанның бір метрының салмағы келесі формула бойынша анықталады:

 

mk = , Н. (69)

мұнда: σ – созылу кезіндегі арқан сымының материалының беріктілік шегі, Па. Адамды көтеретін көтергілерде σ =1500-1800 МПа;

γ0 – арқан материалының жалған көлемді салмағы, Н/м3. Жабық арқандар үшін γ0 мәні 82 кН- ға тең; домалақ және екі рет есілген арқандар үшін γ0=94 кН;

Z – беріктілік қорының коэффициенті, ол қауға көтергісі үшін 7,5-ке тең;

Н0 – тіктеуіштің ең үлкен ұзындығы, м

 

Н0= h ст+h, м (70)

 

мұнда: h ст – оқпанның соңғы тереңдігі, м;

h – нолдік рамадан шкив осіне дейінгі ара қашықтық, м.

 

7.3.5 Есептелген арқан салмағы арқылы арқан диаметрі таңдалып алынады және арқандағы барлық сымдардың жарылатын күштер суммасы анықталады (ΣFp; H)

 

Σ Fp=SK σ, H (71)

 

мұнда SK – арқанның көлденең қимасының ауданы, м2.

 

7.3.6 Арқанның ең үлкуен статикалық керілісі (Fст. max) анықталады:

 

Fст. max = (Q1 + Q2 + mk ·H0), H. (72)

 

7.3.7 Арқанның беріктілік қорын есептеу (Zg)

 

Zg= . (73)

 

7.3.8 Кестеден [2, 7.3 кесте,114 бет; 3, 7.2 кесте 93 бет; 7, 1.22 кесте, 93 бет] алдын ала көтергі қондырғысының түрі таңдалады. Ол кезде келесі жағдай орындалуы керек:

 

Fст. max < T1 (74)

 

мұнда: Т1 – Белгілі бір көтергі машинасының түрі үшін ең үлкен мүмкін болатын арқанның статикалық керілісі. Т1 мәні [8, т.1.22] таңдалып алынады..

 

7.3.9 Керекті арқан сыйымдылығымен қамтамасыз ету үшін үңгілеу машиналарының барабанының өлшемдері қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сай болуы керек.

а) үңгілеу машиналарының барабандарының диаметрі Dб≥60dк; Dб≥900 dп, (мұнда dк – арқан диаметрі, dп – арқандағы сымның ең үлкен диаметрі, мм). Жабық конструкциялы арқандар үшін Dб>=(80-100) dк.

б) көтергі машинасының барабанының ені келесі формула арқылы анықталады:

 

(75)

 

мұнда: hp – түсіру биіктігі, м;

h3 – сынауға арналған арқан ұзындығының қоры, ол 30-40 м;

nc – арқан қабатының саны;

ε – арқан расындағы саңылаулар, ол 2-3 мм;

3 – ағашты футеровкасы бар машиналар үшін үйкелу виткаларының саны.

 

№7 есеп. КӨТЕРГІ ЖАБДЫҒЫНЫҢ ТҮРІН ТАҢДАУ

 

7.1 Бастапқы мәліметтер:

а) Жарықтағы оқпан диаметрі, м –4,4;

б) оқпан тереңдігі, м –1250 м.

 

7.2 Тапсырманы шешу:

 

7.2.1 Терең оқпандарды қазу кезінде (700 м артық) сыйымдылығы үлкен бадьялар мен тұрақты көтергі машиналарды қолдану тиімді.

[2, 7.1 кесте] бойынша бадьяның сыйымдылығын анықтаймыз, dст=5.6 м жарықтағы оқпан диаметрі кезінде сыйымдылығы 5.5 м3 тең.

7.2.2 Арқанға түсетін салмақты анықтау үшін [1, 7.4 кесте, 101 бет] кестеден бадья салмағы және бағыттағыш рамканың салмағы алынады, ал [1, 7.3 кесте, 98 бет] кестеден тіркеменің салмағы анықталады және [1, 7.4 кесте, 101 бет] формуласы бойынша жиынтық салмақ анықталады:

 

Q1=9.81(1700+1250+245)=28.89 кН (66)

 

5.2.2 [3, 7.5] формуласы бойынша жыныстың және бадьядағы судың салмағы анықталады

 

Q2= 9.81(5.5·2000 0.9+(5.5 - )·1000 0.9·0.5=107.11 кН (67)

 

5.2.3 Ақырғы салмақ анықталады (концевая нагрузка)

 

Qконц=(28.89+107.11)=136 кН (68)

 

5.2.4 Нольдік рамадан «Север – 2» типті копер теңгершегіне дейінгі арақашықтық - 26 м.

 

5.2.5 [3, 7.7] формуласы бойынша 1 м арқанның салмағы анықталады

 

mk = (69)

 

5.2.6 Есептелінген арқанның салмағы бойынша арқанның диаметрі таңдалынады және арқандағы барлық сымдардың үзілу күшінің жиынтығы анықталады (Σ Fp, H). Арқанның диаметрін 38 мм деп қабылдаймыз.

Σ Fp = Sk·σ= 0.00113412 1.8·109 = 2.041 МН (70)

 

5.2.7 [3, 7.11] формуласы бойынша арқанның беріктік қоры анықталады .

 

6.3 Берілген шарт бойынша арқанның беріктік қоры шекті нормадан аз, сондықтан бадьяның сыйымдылығын 5,0 м 3 деп алып есептеуді қайтадан жүргізіміз:

 

6.3.1 Q1=9.81(1680+1250+225)=90.95к Н (66)

 

6.3.2 Q2= 5.0*0.9*2000+(5.0 - )*1250*0.9*0.5=99.326к Н (67)

 

6.3.3 Qконц=(90.95+99.33)=130.28к Н (68)

6.3.4 mk = (69)

 

6.3.5 Арқан диаметрін 38 мм деп аламыз.

Σ Fp = 0.001134*1.8*109 = 2.0 МH (70)

Zg = >7.5 (71)

 

6.3.6 Арқанның максималды статикалық кернеуі анықталады (Fст. max)

 

Fст. max = (Q1+Q2)+(mk*H0) = (130.28+180*1270) = 355.28 кH (72)

6.3.7 [1, 93 бет, 7.2 кесте] бойынша ЦР – 35х3,2/0,8 көтергі машинасын таңдап аламыз

6.3.8 Таңдап алынған көтергі машинасына тексеру жүргіземіз:

а) көтергі машинасының диаметрі болу қажет:

Dб>=60 dk = 60*0.038 = 2.28 м

dk – арқан диаметрі.

Таңдап алынған көтергі машинасының диаметрі – 3.5 м (шарт орындалады).

б) [3, 7.13] формуласы бойынша көтергі машинасының барабанының қажетті ені анықталады

B =

3,2 > 1,37 шарт орындалады.

 

 

8 СУТӨКПЕ

 

8.1 Жалпы мәліметтер

 

Оқпанды үңгілеу кезінде судың болуы жұмысты белгілі бір дәрежеде ауырлатады.

Еңбек өнімділігі төмендейді:

Егерде су құйылымы 6-дан 13 м3/сағ-қа дейін болса – онда 10 %-ке дейін төмендейді;

Егерде су құйылымы 13-тен 20 м3/сағ-қа дейін болса – онда 25 %-ке дейін төмендейді;

Егерде су құйылымы 20 м3/сағ көп болса – онда 30 %-ке дейін төмендейді;

 

8.2 Қауға арқылы сутөгу

 

Қауға арқылы сутөгу ең оңай, сенімді және кең тараған әдістердің бірі болып табылады. Жынысты тиеу кезінде қауғада көтергі жыныстармен бірге өтеді. Шпурларды бұрғылау, бекітпені бекіту, қосымша жұмыстарды орындау кезінде көтергі тек қана забойдан суды тасу үшін жұмыс істейді.

 

8.3 Насос арқылы суды төгу

 

8.3.1 Егерде оқпан забойына су құйылымы 15 м3/сағ-тан көп болса, онда сутөкпе насос арқылы жүргізіледі. Суды айдау кезінде ілмекті насос забойдан 4-5 м қашықтықта орналасады. Оқпан тереңдігіне және ілмекті насостың арынына байланысты бір-, екі-, және көпсатылы сутөкпе сұлбасы қолданылады.

8.3.2 Ең тиімді болып екі сатылы сутөкпе сұлбасы саналады, онда ілмекті сөреде бак орналасады, забойдың пневматикалық насосы суды забойдың түбінен айдайды. Ілмекті насос үңгілеу сөресінен забойдан бастап 25-30 м қашықтықта жоғары ілінеді және суды бактан жер бетіне айдайды. Екі сатылы сұлбаны оқпан тереңдігі 200 – 250 м болатын ППН – 50 – 12 насосы бар және 400 – 420 м тереңдіктегі ВП – 2 насосы бар жерлерде ғана қолданылады.

 

9 ЖҰМСАЛЫМ ЭЛЕМЕНТТЕРІ АРҚЫЛЫ ТІК ОҚПАНДАРДЫ ЖҮРГІЗУДІҢ СМЕТА БОЙЫНША ӨЗІНДІК ҚҰНЫН АНЫҚТАУ

 

Тура нормаланған шығындар бойынша оқпанның 1 п.м. құны келесі шығын элементтері арқылы анықталады:

 

а) еңбек ақы бойынша

(73)

б) материалдар бойынша

(74)

 

в) энергия бойынша

; (75)

 

г) амортизациялық төлем бойынша

(76)

мұнда: ai – әрбір нормаланған процес бойынша тарифті ставка, тенге/чел-см;

bi – үңгілеу циклы кезіндегі әрбір нормаланған процестегі еңбек жұмсалымдары, чел.-см;

Мi әрбір үңгілеу циклындағы жұмсалатын материалдар көлемі (жарылғыш заттар, бетон, коронкалар және т.б.);

Zi – забойда шығындалатын материалдардың көлем бірлігінің құны, тенге;

k = 1.1 – азқұнды материалдар коэффициенті;

β –1 кВт/ч электроэнергия құны немесе 1 м3 қысылған ауа құны;

Wi –электроэнергияның жұмсалымдары немесе әрбір забой машинасының бір үңгілеу циклының жұмысының қысылған ауа шығыны, кВт/ч, (м3);

Эi – машиналар қуаты (кВт) немесе забойда қойылған әрбір тұтынушы үшін қысылған ауа шығыны (м3);

ti – үңгілеу циклы ішіндегі әрбір энергия тұтынушының жұмысының уақыты, сағ;

- қуатқа байланысты қолдану коэффициенті, ол – 0,8-ге тең;

- уақыт кезінде машинаны қолдану коэффициенті, ол – 0,8-ге тең;

ηдв – к.п.д.(электродвигатель үшін – 0,9; пневматикалық үшін – 0,5);

Ai – әрбір машина үшін амортизациялық төлемдердің суммасы, тенге/час.

 

Біртекті жыныстар кезіндегі оқпанның 1 м құны

 

C = C3+Cм+Cэ+Cа; (77)

 

Әртүрлі бекемдікті жыныстар арқылы өтетін 1 м. п. оқпанды жүргізудің орташа құндылығы

 

(78)

1 м. оқпанды жүргізудің толық сметалы құны

 

Сnср kоkнkпл; (79)

мұнда: kн =1.260 – тіркеме шығындар коэффициенті;

kпл =1,06 – жоспарлы жиналымдар коэффициенті;

kо – жалпышахталық шығындар коэффициенті (қосымша цехтардың қызметі);

(80)

 

мұнда: q – тура нормаланған шығынға қатысты жалпы шахталық шығынның проценті

 

ҚОСЫМША

 

БҰРҒЫЛАУ ЖАРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ

 

Кеніш

Қазбаның түрі

БЖЖ қауіпсіз жүру жұмыстары

 

БЕКІТЕМІН

 

Кеніштің бас инженері

 

______________ 2015.

 

Газ бойынша категориясы қауіпсіз

шаңдар қауіпті

Үңгілеу кезіндегі қазбаның көлденең қимасы, м2 20

Оқпанның таза диаметрі, м2 4,8

М.М. Протодъяконов шкаласы бойынша жыныстардың бекемділік коэффициенті

көмір бойынша -

жыныстар бойынша 12

Бұрғылау механизмдарының түрі БУКС – 1 м

саны 1

Коронкалар диаметр, мм 52

саны 43

Цикл бойынша шпурлардың саны көмір бойынша -

жыныстар бойынша 52

Циклдегі шпурометрлар саны, м 284,9

1 м үңгілеу шпурометрлардың саны, м 91,83

Шпурларды пайдалану коэффициенті 0,85

Жарылғыш заттың түрі аммонит скальный

Циклге ЖЗ шығыны, кг 212

1 м 47,1

Циклге электродетонатрлардың шығыны дана 52

1 м 25

Жарылыс машиналарының түрі желіден жарылу

Жарылысқа забойдың жылжуы, м 3,1

Ішкі тығындама материалы сумен толтыру

Циклға жыныстардың шығымы, м3 137,0

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Муртазин М.М. Основные расчеты при подземной разработке месторождений полезных ископаемых. Алматы. 2008.

2. Шахтное и подземное строительство, http://www.bibliotekar.ru/spravochnik-71/

3. Емельянов Б. И. Проектирование горных предприятий: учебное пособие / Б. И. Емельянов, В. Н. Макишин. – Владивосток: ДВГТУ, 2007.

4. Григорьев А.А. Маркшейдерские работы при строительстве технологического комплекса на шахтной поверхности: Учебное пособие. – Владивосток. 2006.

5. Технология строительства подземных сооружений. Строительство горизонтальных и наклонных выработок: Учебник для вузов/И.Д.Насонов, В.А.Федюкин, М.Н.Шуплик и др. – М.: Недра, 2005.

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Виды актов толкования | Курсовой проект. По дисциплине “управление карьерой и тайм-менеджмент”
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 746; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.