Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Рылыс сызбалары. Оларды талдау. 3 страница




3.Қосалқы жабдықта жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Жұмысшылар термиялық цехтардың көмекші құралдарында жұмыс істеу кезінде бекітілген «Өнеркәсіп кәсіпорындарынан электр қондырғыларына қызмет көрсетудің техника қауіпсіздігі және пайдалану ережелерімен» және «Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелерімен және пайдалану ережелерімен» таныс болуы қажет.

Май салқындату құрылғыларында жұмыс істеу техника қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды талап етеді.

Жұмысшылар сорғымен, сүзгішпен және электр двигательдерімен жұмыс істеу ережелерімен таныс болуы керек. Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Майды қайта құюға жол берілмейді. Вентильдің барлығы дұрыс, ақаусыз болуы керек. Ғимараттың ішінде көбікті өрт сөндіргіш, құрғақ құм,киіз және жайма асбест болуы керек. Май салқындату жүйесі орналасқан подвалды жерде автоматты химиялық өрт сөндіру құрылғысы болғаны дұрыс.

Көтеру-көлік құралдарының барлығын пайдаланған кезде жұмысшыларды электр двигательдерімен, токөткізгіштік шлангілермен және басқа да механизмдермен жұмыс істеу білу ережелерімен таныстыру қажет.

Пневматикалық және гидравликалық қондырғылармен жұмыс істеген кезде белгіленген арнаулы нұсқаулықтан асып кетпеуі үшін жүйедегі қысымды қадағалап отыру керек. Детальдарды тасу кезінде жұмысшы жүк ілініп тұрған кранның немесе жүк көтергіштің астында тұрмауы керек.

Бақыланатын атмосфераны дайындау жұмысшыларға арнаулы білім беріп, оларға тиісті куәлік беруді талап етеді.

Жаңғыш газдармен жұмыс істеген кездегі негізгі қауіпсіздік ережелерінің бірі, олардың ауамен араласуына жол бермеу болып табылады, өйткені мұндай кзде жарылғыш қоспа пайда болады. Жарылысқа қауіпті атмосфера деп құрамындағы компоненттеріжануға жеткілікті атмосфераны айтады.

Құрамында 40% Н2 және 20% СО бар сутек пен эндотермиялық газ анағұрлым жарылыс қаупі бар атмосфера болып табылады.

Атмосфераны пешке енгізбес бұрын қандай да бір инертті газдың көмегімен ауаны алып тастау керек. Ғимараттың ішінде кейбір газдардың болуы улануға алып келуі мүмкін. Жекелеген газдардың ғимараттарда болуға тиіс шекті мөлшері бар, мг/л:

Көміртегі тотығы 0,02-0,03

Аммииак 0,02

Бензол 0,1

Көмірсутектер 0,3 т.б

Уланып қалмас үшін құбырлар мен аппараттарда сенімді қосылыстар мен төсемдер болуы керек. Құбырдың қосылған жерін жиі қарап тұру қажет

1.Жекеленген типтік секциялар.

2.Қосымша жабдықтарда жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Детальдарды өңдеу кезінде қышқылдармен жұмыс істегенде қолданылатын техника қауіпіздігінің ережелері сақталуы керек. Химиялық ерітіндімен өңдеу кезінде қышқылдардың күшті ерітіндісін пайдаланады. Жұмысшылар қышқылды пайдаланудың ережелерін білу тиіс. Мысалы, ерітінді жасау кезінде суды қышқылға құюға болмайды, өйткені қышқыл бұралып, іріктеніп қалады, керісінше, қышқылды суға құю керек. Жұмыс істеу кезінде арнайы киім кию қажет: резина қолғап, алжапқыш және етік. Қолға немесе бетке тиген қышқыл күйдіріп жібереді, сондай-ақ адамның шырышты қабық пен тыныс жолдары органдарын тітіркендіреді, сондықтан да ерітіндімен өңдеу бөлімдеріндегі жұмыстың қауіпсіз болуы үшін қауіпсіздік ережелері мүлтіксіз орындалуы керек. Ерітіндімен өңдеу ванналарындағы жұмысты жеңілдету үшін тасқынды-сорып алатын желдеткіш орнатылады. Қышқыл құйған ыдысты көтеріп, тасымалдау үшін электротерферлі монорельстерді немесе кран-балкаларды орнатады.

Электролитті ерітіндімен өңдеу кезінде жалпы желдеткіштен басқа ванналар бүйірден сорғышпен жабдықталады немесе бір жағынан үрлеуге, екі жағынан буды соруға арналған механизм орнатылады. Жуу машиналарында детальдарды жуу кезінде жуу ерітіндісі 90 °С температурада болу керектігін есте ұстаған жөн. Детальдарды тазарту үшін ультрадыбысты пайдаланған кезде техника қауіпсіздігі ережесі сақталуы керек. Жұмысшының қолы ультрадыбыс толқындарының әсеріне ұшырауына жол беруге болмайды. Детальдарды ультрадыбысты жуылуы үшін бакқа салынуы механикаландырылған болу керек. Жұмысшылар аспапты пайдалану ережесін білуі қажет.

Бытыралау аппаратындағы жұмыс ауаның жоғары қысымы мен бытыраны пайдаланумен байланысты.

Жоғары қысым пайдаланылатын аппараттарды қолдану ережесі бұзылмағаны дұрыс. Жұмысшылар бытыралау аппараттарындағы техника қауіпсіздігінің ережелерімен таныс болуы тиіс: аппараттардағы қысымды бес ат. жоғары көтеруге болмайды, жұмыс істегенде арнаулы киім және резина қолғап пен алжапқыш кию керек, бытыра ағыншасы жұмысшының қолына тиіп кетпеуі керек.

Бытыралау аппараттарының жұмысының салдарынан шу пайда болып, көп шаң бөлінеді, сондықтан аппараттар күшті тасқынды-сорып алатын желдеткіші бар бөлек жерде орнатылуы керек. Кейде көлікпен тасымалдауды қысқарту үшін механикаландырылған бытыралау аппараттары цехқа орнатылады.

Дұрыс престер жұмыс істеген кезде әрбір прес металл тормен қоршалуы керек, себебі детальдарды бұзған кезде бөліктері ұшып кетуі мүмкін. Кейбір детальдар ыстық күйінде түзетіледі. Мұндай жағдайларда асбест қолғаппен жұмыс істеуге кеңес беріледі.

Жалпақ детальдарды қолмен түзетуге арналған тақта сызатсыз және басқа да ақаусыз болу керек.

3.Cудың шығыны.

Барлық жағдай да бастапқы су сәйкесті өңделуден өтеді, бірақ су сапасына жоғары талаптар қойылады. Жылу электр стансаларында әр түрлі суды өңдеу әдістері қолданылады. Өңдеудің әр түрлі әдістерін қолдану кезінде суды өңдеу әдісін таңдау, технологиялық құбылыстың жалпы сұлбасын құрастыру бастапқы судың сапасы мен химиялық құрамына, электр станса түріне, қолданылатын негізгі қондырғылары бу қазандары мен шығырларына, олардың параметрлеріне, жылумен қамдау жүйесі мен ыстық су мен қаматамасыздандыру жүйесіне байланысты болады.

Көшедегі су колонкасынан қамтамасыз ететін үйлердегі бір тұрғынның бір тәуліктегі тұтынатын су мөлшері - 30-50 л,

Өнеркәсіп кәсіпорындарда технология мүддесіне жаратылатын судың шығыны өндірістің түріне, қабылданған технологиялық процеске, судың сапасына, сумен жабдықтау жүйенің түріне байланысты. Өндірістің мүддесіне кететін шығын өнімнің бір бөлігіне тұтынатын судың меншікті мөлшері арқылы анықталады. Бұл мөлшерлерді технология есептеріне негіздеп өнеркәсіптің сол саласының технологтары береді.

Өндірістегі жұмысшылардың шаруашылық - ауыз су мүддесіне жаратылатын судың шығыны жүмысшылардың санына және өндірістің түріне байланысты.

Көшелер мен алаңдарды жууға, өсімдіктерді суаруға қажетті су шығыны жуылатын алаңдардың, суарылатын өсімдіктердің ауданына, суару мен жуу тәсіліне, кешелер мен алаңдардың жабынудың түріне, өсімдіктердің түріне, ауа райына байланысты. Судың шығын мөлшерлері СНиП 2.04.02.84-те келтірілген.

Өрт сөндіруге қажетті су шығыны тұрғын жерлерде халықтың санына және үйлердің түріне байланысты

 

Өндіріс үйлердегі сыртқы өртті сөндіруге қажетті су шығыны үйлердің көлеміне, оның отқа төзімділік дәрежесіне және өндірістің өрт қауіптілігіне байланысты.

Өрт сөндіру ұзақтығын 3 сағатқа тең қабылдайды.

Энергетикалық объектілерде әр түрлі су дайындау сұлбалары қолданылады. Бастапқы су сапасы мен талап етілетін қоректік су сұлбасында төмендегілер қарастырылады: · суды алдын – ала тазалау (қалқыған заттар, темір және органикалық заттардың құрамын төмендету); · Натрий– катиондау, Н– катиондау, жүйелі және бірізді H-Na – катиондау, бірлескен H-Na – катиондау; · Кері осмос әдісімен тұзсыздандыру; · Термиялық тұзсыздандыру; · Термиялық деаэрациялау және декарбонизациялау; · Кешенді өңдеу; · Корозия құбылысына ұшыратпай және қақтардың түзілуін болдырмауды коррекциялық өңдеу;

Сарқынды сулардың есептік шығындары

 

Тапсырмаға сәйкес:

 

Qтұртәул =60 000м3/тәул;Qөндтәул= 1800м3/ тәул.

 

Су тазарту ғимараттарына келетін максималды саатық шығын:

 

Qмакс.сағ=Qорт.сағ·Кмакс деп,яғни (1.1)

 

Qорт.сағ= =2575 м3/сағ,

 

мұндағы Кмакс - сарқынды сулардың құйылуының біркелкі еместік коэф фициенті ҚР ҚНжЕ20403 – 98.

 

Qмакс.сағ= 2575 1,44 3/сағ,

 

Qмин.сағ= 2575 3/сағ.

 

Жалпы ағымның ластануының орташа концентрациясын есептеу.

Шаруашылық-фекалды ағын ластануының концентрациясы

 

К= , (1.2)

 

мұндағы К- ластану концентрациясы,мг/л;

А-1адамға шаққандағы ластану мөлшері,г/тәул;

- 1 адамға шаққандағы су әкету нормасы л/тәул.

Өлшенген заттар бойынша

 

Кшар тұрм = =130 мг/л

 

ОБК тал = =150мг/л

 

Тұрмыстық сарқынды сулардың БПК5-

 

0,875 ОБКтал=150 0,875=131,25мг/л

 

Қалқымалызаттар бойынша тұрмыстық және өндірістік сулардың ластанушыларының орташа концентрациясыКорт= (1.3)

 

мұндағы - өндірістік сарқынды сулардаы ластану концентрациясы.

 

Корт=

 

ОБКтол бойынша =185 мг/л

 

 

1 Өздігінен катаң тірегіш қабырғалар.

Цехтағы қабырғалар мынадай келесі талаптарға сай болуы керек

«адамдардың еңбегіне қолайлы және технологиялық процестерге қажет температуралық ылғалды режим.

«динамикалық және статикалық жүктемелер кезіндегі тұрақтылық пен беріктілік отқа төзімділік және ұзақ мерзімділік.

«индустриялдық

«эстетикалық

«үнемділік

Қабырғалардың материалын таңдау цехтың ылғалдылығына және климаттық шарттарына сәйкес.Цехтың сыртқы қабырғалыры жарылғыш толқыны әсерінен жеңіл тасталынатын болуы ккрек.

Өндірістің статикалық жұмысына байлнысты қабырғаларының түрлері

«тіреуіш

«өзін өзі тіреуіш

«бекітілген

«материалы мен бекіту технологиясына байланысты:тастық,бетондық,каркастық,бетонды емес материалдардан және де конструкциялық шешімі бойынша бірқабатты және көп қабатты болып бөлінеді.

Тіреуіш қабырғалар қорғаныс функциясын атқарады,және өзінің салмағын каркасының бағаналарына береді.

Тіреуіш қабырғалардың күші майда өлшемді бұйымдардан қабырғаға балкалар арқылы беріледі,ал панельді қабырғаларды тіреуіш болаттық бағаналар арқылы.Тіреуіш қабырғалар болаттық фахверка және толтырудан тұрады.

Өндірістік үйдің жалпы көлемінде,іргетас құрылысының еңбек сыйымдылығы 6-8 % құрайды.

Іргетас ғимаратың немесе құрылыстың түсірілген салмақты жердің негізгі қабатына беретін ғимараттың немесе құрылыстың жер не су астындағы бөлігі;ғимараттың топыраққа түсіретін салмағын көтеріп тұратын жер асты немесе су астындағы бөлігі.

Құру тәсілі бойынша іргетастар,құрастырмалы және монолитті болады.Ұстындардың астына,стакан типті ұстынастылық,жеке іргетастар қарастырылған.

Әдетте іргетас темір-бетоннан,бетоннан жасалып,таспалы(қабырға және тіреу астына);тақта түрінде тұтас;иілгіш және қатты;монолитті және құрама болып ажыратылады.Іргетас түрі құрылыс алаңының геол. Және гидрогеол. Жағдайларына байланысты табылады.

2 Цехты жобалау және ұйымдастыру.

Цехты жоспарлау - бұл өндрістік, көтергіш көліктік және басқа құрал - жабдықтарды орналастыру жоспары. Цех жоспары 1:200 немесе 1:100 масштабында орындалады; оларды келесі элементтердің: үй бағандарының сыртқы және ішкі қабырғалардың, қақпаларға, есік пен терезелерге арналған ойықтары бар қалқалардың, цез ішіндегі транспортты крандар, кран балкалар және т.б рельс жолдарының және басқа да бүкіл технологиялық жабдықтардың, өткелдер мен көлік жолдарының, қоймалар мен резервтік орындарыдың шартты белгілері тиіс.

Жабдықтарды орналастыру кезінде мынандай талаптар басшылыққа алынады.

1. Жабдықтарды ұқсас операциялар учаскелері бойынша және негзгі жүк жүретін бағытты орналастыру.

2. Зиянды және қауіпті өндіріс учаскелерін басқа участкелерден бөлу

3. Бытыралау, гидроқұмды аппараттар, ерітіндімен өңдеу ванналары, атмосфера бақылағыш қондырғыларды цехтың желдетілетін сыртқы қабырғасының жанындағы жабық бөлмелерде орналастыру

4. Үздіксіз жұмыс жасайтын пештер арасында өткелдер 3-4 метр, мезгілімен жұмыс жасайтын пештер арасында 1-2м кем қабылданады, пештердің қабырғамен арақашықтығы 1,5-2 м.

5. Цехта ені 2,5-4 м болатын көлік жүретін бір -екі жол болуы керек.

Цехтың аудандарын тағайындау жағынан өндірісті, көмекші және тұрмыстық деп бөледі. Өндіріс ауданына өндіріс жабдықтары мен жұмыс орындары орналасады. Олар – слесарьлардың жұмыс орындары, құрылғы және көмекші өндіріс операциялардың орындары, мастерлер мен бақылаушылардың орындары, механизациялау мен автоматтандыру орындары, операция аралық көлігі, аралықтар.

Көмекші аудандарға көмекші бөлімшелер (ремонт қызметі, лабараториялар, қоймалар) сонымен бірге корпуста орналасқан цехтардың арасындағы магистральды жолдар жатады.

Қызмет - тұрмыстық аудандарда администрация - техникалық персоналдардың бөлмелерін орналастырады, әлеуметтіе мекемелер, санитарлы - гигиеналық объектілер, тамақтандыру, медициналық және мәдени қамтамасыз ету орындары келтіреді. Цехтың жалпы ауданы ол өндіріс, көмекші аудандардың қызмет тұрмыстық аудансыз қосындысы. Жобалаудың технологиялық бөліміне жалпы ауданның есебі кіреді.

Ауданның есебі және қызмет тұрмыстық бөлмелердің жобалаудың құрылысы жобалаудың архитектура-құрылысытық бөліміне жатады, ол арнайы жобалау мекемелерде технологиялық бөлімін жасайтын жобалаушының тапсырмасымен атқарылады.

Цех ауданын үлкейтіп анықтайды. Үлкейтілген көрсеткіштер ретінде жабдық бірлігіне немесе бір жұмыс орнына келетін салыстырмалы ауданның көрсеткіштерін қолданады

Цехта жабдықтарды орналастырудың алдында, цехтың келтірмелі ауданын табу қажет. Ол үшін алынған пештердің санын цехтың ірі ауданның нормасына көбейтеді, осымен өндірістің келтірмелі ауданын алады. Алдын ала пеш залының өндіріс орындарды есептеу үшін бір пешке арналған келесі аудан нормаларынан шығару болады: инструменталды-термиялық цехта 25-30м2, штамты термиялық цехта 30-50м2, екінші термиялық цехта итергіш және конвейерлік пештермен 50-90 м2, соққы-термиялық цехта 80-130м2; жүру жолдары бөлек саналады және орта есеппен 25-30% өндіріс ауданын құрайды.

3 Технологиялық аудан.

Технологиялық ауданды барысында қослақы бөлмелерді орналастыру үшін өндірістік ауданға тағы 25-30% қосылады.

Технологиялық аудан өнеркәсіптік және коммерциялық бағыттағы обьектілерге қызмет кқрсету үшін арналған функционалды конструкциялық элемент болып табылады. Осындай қосымаш конструкцияларды өндіретн материал ретінде тиімді берік салыстырмалы қымбат емес, жоғары эксплуатациялық сипаттамаларға ие металл қолданылады. Технологиялық типті металлды жасалған барлық тетік бқлшектер қолданыстағы нормативті құжатттамаға сәйкес өндіріледі. Және эксплуатацияға дейінгі өңдеулер – құм ағынды техника арқылы тазарту, жемірілуге қарсы тегістеу, бояу сырлау не мырыштауға шалдығады. Технологиялық ауданының негізгі конструкциясы келесі элементтердің бар болуымен байланысты:

Күш түсетін металл тіректер

Қоршалған баспалдақ жүйесі

Берік табақ металлдан не ұсақ ұяшықты тордан жасал,ған жаяу жүрушілер аймағы

Технологиялық аудан жасайтын материалды таңдау параметрлері келесі сипаттамаларымен анықталады: обьекттің қолданыну бағыты, оның биіктігі, жаяу жүргіншілер аймағының ұзындығы, климаттық және атмосфералық жағдай, эксплуатация қарқындылығы, және де сыртқы ортаның жемірілушілігі

Металл технологиялық аудандардың келесі артықшылықтары бар:

Салмағының аз болуы, қызмет көрсетуінің талап етілмеуі, көп функционалдылық сенімділігі, монтаж қарапайымдылығы, жарық өткізгіштігі, жұмыс істеуінің ұзақ мерзімділігі.

Баспалдақтардың және жаяу жүргіншілер аймағының жасалу материалына да көңіл бөлген жөн. Жобалау кезінде тиімдіілігі мен экономиялылық жағынан қарастырғанда кез келген горизонтал жазықтықты технологиялық аудандарды жайластыру кезінде ұяшықты торды қолданған тиімді, себебі, осы типті конструкциялар ашық кеңістік жағдайнда эксплуатацияланады, яғни торларда отыру кеуектері пайда болмайды.

1 Темір-бетонды колонналардың түрлері.

Бір қабатты өндірістік үйлердің темірбетон бағандары консольмен және оларсыз (көпір крандар болмаған жағдайда) бола береді. Жоспардағы орналасуы бойынша оларды ортаңғы және шеткі қатарлардың бағандары деп бөледі.

Көлденең қимасына байланысты бағандар тікбұрышты, таңбалы пішімдіжәне екібұтақты болады. Көлденең қима көлемі әрекеттегі жүктемеге байланысты. Мынадай бірыңғайланған бағандар қимасының көлемдері қолданылады.: тікбұрыштылар үшін -400х400, 400х600,400х800, 500х500, 500х600, 500х800 мм; Таңбалылар үшін – 400х600, 400х800 мм;

Екібұтақтылар үшін – 400х1000, 500х1000, 500х1300, 500х1400, 500х15000, 600х1400, 600х1900, 600х2400 мм

Бағандар құрылыс алаңында жиналатын бірнеше бөліктен тұруы мүмкін.
Консольдері бар бағандарға кранның үстінен және атсынан жүретін бұтақтар енгізіледі. Кран үстінен жүретін бұтақтардың қимасы көбінесе квадрат немесе тікбұрышты – 400х400 немесе 500х500 мм.

Бағандар ұзындығын цехтын биіктігімен іргетастағы бітеу тереңдігін қоса санап қабылдайды, олар көпір крансыз тікбұрышты қимасы бар бағандар үшін 750 мм, көпір крандары бар тікбұрышты және қостанбалы қимасы бар бағандар үшін 850 мм, екібұтақты бағандар үшін 900-1200 мм.

Болат бағандардағы қималар биіктігі бойынша тұрақты және ауыспалы болады. Оларды болат конструкциялар зауытында өзара пісіру немесе шегелеумен құрастырылатын илектеу профилінен дайындайды. Бағаннан іргетасын көлемді аумағына салмақ жіберу үшін бағанның төменгі басына табан жасалады.

Фермалар сегменттік аркалы, параллель белдемелермен болулары мүмкін. Үшбұрышты және т.б. фермалардың төменгі және жоғарғы белдемелері арасына тіреу және қиғаш тіреулер жүйесін орналастырады.

Ферма жабының көтергіш конструкциялары – бұл үйдің маңызды конструктивті элементі. Жұмыс сипаты бойынша олар жазық және кеңістікті, ал материалы бойынша темірбетон, металл және құрастырылған болып бөлінеді.

Темірбетон фермаларды үйлердегі аралықтар 18, 24, 30 және 36 м болған жағдайда қолданады. Фермалардың ұстынға бұрандамалармен және бекіту элементтерін пісіру арқылы бекітеді. Жабынның ең нәтижелі көтергіш конструкциялары болып болат фермалар табылады. Фермалардың белдемелері мен керегеторын бұрыштықтардан немесе құбырлардан құрастырады және оларды өзара пісіру арқылы біріктіреді. Фермалардың ұстындармен түйіндесуін негізінен топсалы қылып жасайды

2 Жер төле орындары.

Жер төле қабаты - еден белгісі онда орналасқан бөлме биіктігінің жартысынан астамы жердің (жаяу жолдың, қорғаныш төсемнің) жоспарлы белгісінен төмен орналасқан қабат.Жертөлелер тәуліктік және жылдық температуралардың тұрақтылығымен сипатталады, бұл жердің жылу оқшаулағыш қасиеттері мен табиғи күн жарықтауының болмауымен байланысты.

Биіктігі екі метрден биік жертөлелер кеңістігінің биіктігі аласалау болған кезде техникалық жертөле деп аталады және факт жүзінде бөлме деп саналмайды. Биік ғимараттарда жертөлелер әдетте күрделірек болады. Сонымен қатар олар бінеше қабат бола алады. қабаттары аз ғимараттардың жертөлелелері үлкен тереңдікке ие болмайды. ХХ ғасырдың соңғы үштігінде жертөлесі бар тұрғын үйлердің саны азайды. себебі, орталық жылумен қамтамасыздандыру кеңінен тарай бастады және бомба қорғаныстардың қажеттілігі жойылды. Жертөлесі жоқ ғимараттарды тұрғызу жерасты бөлігінің бағасын едәуір төмендетеді. жертөленің сыртқы қабырғалары грундттың белсенді қысылуының сезімталдылығына сенеді, сонымен қоса грундпен берілетін уақытша жүктемелерге де сенеді. Жертөлелердің сумен толып кетуін болдыртпау үшін құрылыс кезінде дренажды жүйе орнатылады, сыртқы қабырғалар мен еденнің гидрооқшаулануы жүргізіледі, ауаның ылғалдылығын ауаның ылғалдылығын төмендету үшін желдету жүйесі орнатылады.

3 Цехтың жалпы ауданы және оны есептеу.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 449; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.074 сек.