Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Стандартталу типі бойынша




І. Кіріспе

ЫЗЫЛОРДА 2016 Ж

Аннотация

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ......................................................................................................

Түйін сөздер: есірткі, нашақорлық, тәуелділік, гашиш, героин, стимулятор, елірткіш есірткілер, есірткінің зияны.

Тақырыптың өзектілігі

Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі таңда әдемдік статистика бойынша (https://www.unodc.org) дүниежүзінде нашақорлыққа салынғандардың саны артуда. Сондықтан, жастар арасында есірткі тұтынуды болдырмас үшін алдын алу қажет.

Қазіргі уақытта нашақорлық проблемасы әлемдік қоғам статистикасында өзекті мәселе болып тұр және оның салдары ретінде жастар арасында есірткіні пайдаланумен байланысты ахуал барлық елдер үкіметтерінің алаңдаушылығын арттырып отыр.

Осыған орай 2012 жылы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №451 Қаулысымен «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 - 2016 жылдарға арналған сапалық бағдарламасы» бекітілді. (http://akm.prokuror.kz/)

Еуропадағы есірткі яғни марихуана пайдаланушылардың саны 22,5 млн. адам, амфетамин және экстази 2,5 млн., кокаин 4 млн., героин 1,5 млн. адам (http://doctorhiller.com /)

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (СНГ) мәліметтері бойынша 2015 жылы есірткі тұтынатын адамдар саны 8% артты. Жалпы саны 3 661 000 адам. (http://www.ksgp-cis.ru/pages.php?id=72)

БҰҰ мәліметі бойынша 2015 жылдың әлемдік есірткі тұтынатын адамдар саны 11,6 миллион. (http://spid-vich.net/)

2015 жылы елімізде есірткі пайдаланатын адамдардын саны - 31049 (https://vlast.kz/strana/)

Қызылорда қаласында есірткі тұтынатын адамдар саны 795 адам (Д есепте тұратындар)

Зерттеудің мақсаты:

Нашақорлық әлемдік көлемдегі мәселе. Нашақорлыққа көбіне жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезеңде ересектер арасында да есірткіге әуестенетіндер көбейіп келеді (https://stud.kz/referat/show/34704). Мақсатым есірткі тұтынатын адамдар санын азайту үшін халықтың сауаттылығын көтеру шараларын ойлап табу(http://www.zozhaktobe.kz/). Яғни, адамдар теледидарды көп қарайтын болғандықтан, нашақорлық туралы оның қандай ауру екендігін, не себепті нашақорлыққа баратындығын, қандай белгілері бар және оның алдын-алу шаралары туралы телебағдарлама шығару.

Зерттеудің міндеті:

-әдебиеттерді оқу

-әдіс таңдау

-зерттеу жүргізі, зерттеу объектісі

-зерттеуді анализдеу

-зерттеуді қорытындылау

-ақпарат көздері

Теориялық негізі.

Жоспар:

ІІ. Негізгі бөлім

1. Есірткінің шығу тарихы

2. Есірткі туралы ақпарат

3. Нашақорлардың негізгі белгілері

4. Есірткінің түрлері

5. Есірткі тұтынудың себептері

6. Есірткінің адам ағзасына әсері

7. Нашақорлықтың алдын - алу шаралары

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

 

Есірткінің шығу тарихы

Есірткі ежелден адамзат баласына оңай және тез тәуелділікке душар етіп, организмге зиян әкелетін зат ретінде белгілі болған. Ежелгі мысырлықтар апиынды б.э.д. 1600 жылы балалар мен ересектерге тыныштандырушы зат ретінде қолданған. Ежелгі гректер қайғы-қасіретті ұмыттыру мақсатында және ауыр хәлдегі науқастарға ұйқтататын дәрі деп пайдаланған. 1803 жылы неміс химигі Ф.Сертюнер апиыннен алғашқы алколоиды болып алып, грек ұйқы құдайы Морфей атына –”морфин” деп атаған. 1898 жыл Дессер морфиннен химиялық жолмен героинды бөліп алды. Алғашқы кезде героин морфинизмды емдеу үшін қолданылды.

Есірткіні емге де, көңіл көтеруге де қатар пайдаланылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бесінші ғасырда өмір сүрген тарих атасы Геродот жазбаларында да есірткінің адамға әсері туралы тәлімет бар, ал медицинаның атасы Гиппократ апиынды емге кеңінен пайдаланған.

Шығыс және Батыс елдерінде апиынды есірткі ретінде тұтыну ол VIII ғасырдан кейін кеңінен етек алған да, әсіресе XX ғасырдың 60 жылдарында ерекше қарқынмен тарай бастаған.

Көкнәрдің (есірткінің) таралуы ХIХ ғасырда кеңінен етек алған. Ол үшін Англия мен Қытай арасында соғыс та болған. ХХ ғасырдың ортасында дамыған батыс елдерінде нашақорлық пен есірткі айналымы қауіпті жағдайға жеткен. Есірткіге қарсы күрес ХХ ғасырдың басында халықаралық сипат алып арнайы құжаттармен бекітілген.

Дүние жүзінде күнделікті қолданыста стимуляторлар да есірткі ретінде қабылдануда. Өйткені, олардың да құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар бар.

Есірткі мен стимулятор дегеніміз адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тәуелділікке жол ашатын, жеке адам және қоғамдық жағынан экономикалық және әлеуметтік құлдырауға әкеліп соғатын заттар.

Жаман әдеттердің ең зияны болып табылатын есірткі қолдану әдетінің адамның денсаулығына, ақыл-ой және рухани дүниесіне, қоғамға тигізетін зияны өте көп.

 

Нашақорлық - грек тілінде «ұйқы» мағынасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы айтқанда есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз.

Нашарқорлардың негізгі белгілері:

- Адамның дәрілерді жасыруға тырысуы;

- Терісінде қарайған немесе көгерген ине іздерінің болуы;

- көктамырдың үстінде не айналасында су жиналғандай іріңнің жиналуы;

- Солғын ұйқылы-ояу болуы;

- Көз қарашығының үлкеюі;

- Адамның бос жерге қарап отыруы;

- Шприц, сабы темірден жасалған қақпақ, отқа ұстап тұруға арналған қасық т.б. есірткі қабылдауға пайдаланылатын құралдардың болуы;

- Нашақорлардың жаргон тілін білуі;

- Кісінің белгілі бір уақытта (4-5 сағ. сайын) басқа жерге кетіп қалуы (наша қабылдау үшін);

- Өзіне қажетті мұқтаждықтан артық көп ақша жұмсай бастауы;

- Өте ашушаң болуы. Есірткі қабылдайтын уақыты жақындағанда көздері суланып, мұрны ағып, есінеп қасына бастауы. (http://www.kyzdaralemi.kz/)

Нашақор адамның қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға көзқарасы өзгеріп, көңіл-күйі аяқ астынан жиі төмендеп, бұзылады оның себеп салдары болмайды, адам өзімен өзі болып өзгеше бір күй кешеді.

Есірткінің түрлері:

Елірткіш есірткілер ми мен ағзалардың жұмысын жеделдетіп жібереді. Адам өзін ерекше сезінеді. Адам өз-өзіне сенімді, тәуекелшіл, әңгімешіл болып шыға келеді. Алайда бұл ұзаққа созылмайды. Бара-бара есірткіге тәуелді болады да, онсыз тұра алмайтындай халге жетеді. Елірткіш есірткілер қатарына кокаин, амфетамин, экстази, сондай-ақ темекі, кофе жатады.

Тыныштандырғыш есірткілер адамның жігерін жаншып, ойлау қабілетін тежейді. Тыныштандырғыш есірткі сананы тұмшалап тастайды. Олар - героин, опиаттар (ханка), ұйықтатқыш есірткілер (барбитураттар) және алкаголь.

Сананы өзгертетін (елес тудыратын) есірткілерді қабылдағанда, көз алдында түрлі елестер пайда болып, адамның көңіл күйі өзгереді, айналасына қорқыныш пен қарайды. Мұндай есірткілер қатарына ЛСД, каннабис (анаша) т.б. жатады.

(Отбасы және денсаулық №2(50) ақпан, 2006жыл 6-бет)

Героин – ақ түсті ұнтақ тәріздіжартылай синтетикалық отиат. Диацетилморфин деп те аталады. Ең 1-ші наркотикалық және психотропты заттар құрамына кіреді. Түссіз кристалл тәрізді зат ретінде қолданылады. Ауырсынуды басатын қасиеті бар.Қысқа уақытта және өте мардымсыз мөлшері құмарлыққа апарады. Героин мұрыннан иіскеу, тері астына және тамыр ішіне қою арқылы қабылданады. Героин медициналық мақсатта мүлдем қолданылмайды. Героинды тамыр ішіне жиі қолданса қан-тамырлардың ауруларына әкеліп соқтырады. Ағзаның жалпы нашарлауынан туберкулез ауруы дамуы мүмкін.

Гашиш терагидроканнабинол және каннабиол деп те аталады. Гашиштың құрамында 400 түрлі химиялық зат бар. Олардың ішінде психотропты әсерге ие дельта-9-тетрагидроканнабинол (ТГК). Гашиш дүниенің барлық географиялық өңірлерінде өсірілетін үнді сорасы өсімдігінің түбірі, жапырағы және гүлінен өндіріледі. Гашишта героин, кокайн тектес күшті тәуелділікке ұшырататын зат. Гашиш қолданған адамдарда орын, уақыт, адам және заттар түсінігі бұзылады. Заттар кейде үлкен, не кішкене көрінеді.

Гашиш шеккен адамдардың жүрек соғуы мен тамыр соғуы артады. Ұзақ жылдар апйын тартқандарда тыныс жолы аурулары пайда болады, сонымен бірге жүрек, ми, бүйректерде де зиянды зардап туғызады. Медициналық мақсатта мүлде қолданылмайды. Апйынды шегу адамды жындануға, тіпті өлімге дейін итермелейтін жаман әдет.

Кокаин - тропан қатарындағы алкалоид. Кең тараған есірткі. Кокаинді экгонилбензоат, L-кокаин, R-кокаин деп те атаған. Химиялық формуласы С17Н21NО47. Оңтүстік Америкада өсетін кока өсімдігінің жапырақтарынан жасалады. Ақ, мөлдір тұз сияқты бір ұнтақ. Кокайнды ұнтақ күйінде мұрыннан иіскейді, немесе суға ертіп тамырдан жібереді. Жергілікті жансыздандырғыш әсері бар. Кокайн қолданылған кезде орталық жүйке жүйесіне ықпал жасайды да, жүрек соғуы тездейді, қан қысымы көтеріледі де тыныс алуы жиілейді. Көп қолданылса өлімге әкеліп соқтырады.

Ұзақ жылдар бойы кокаин қолданылғандарда ұйқысыздық, рухани қалыпсыздық, өзін өлтіруге бейімделу сияқты жат қылықтар байқалады. Кокаинның жүрек бұлшық еті және сүйек қаңқасы бұлшықеттеріне уытты ықпалы бар.

КРАК /CRAK/- бикарбонат деп те аталады. Кокайнның арзан, көбейтілген түрі. Кокаин героиннан да зиянды болса, крак одан үш есе артық зиянды. Кракты ұнтақ күйінде мұрыннан иіскейді, көбінде темекімен тартылады. Ықпалы тіпті күшті, әрі өлтіруші. КРАК қабылдаған кезде адамда тыныс алу нашарлайды, депрессия, агрессия, ұйқышылдық, тәбеттің жоғалуы, бауыр, өкпе, бүйрек зардап шегеді. Ұзақ уақыт қолданғандарда рухани қалыпсыздық, тіпті жынданған ықпалдар көрсетеді.

LSD/Lizerjikasid Dietilamid/. Химиялық атауы N,N-диэтиламид d-лизергин қышқылы. Химиялық формуласы С20Н25N3O. Бұл зат бидайға бастырылған саңырау құлақтан жасалады. Түрсіз, дәмсіз, иіссіз бір зат ретінде қолданылады. ЛСД қабылдаған кезде адамның көз қарашығы ұлғаяды, дене қызуы көтеріледі немесе төмендейді, артериялық қан қысым көтеріледі. Адамда ақыл-ой деңгейі төмендеп, галлюцинация болады. Адамның сана күйін өзгертетін ең күшті химиялық зат болып табылады.(«Арақ темекі және басқа зиянды заттар» Анкара-2002жыл 137 бет.)

Адам нашақорлыққа қандай жолдармен келеді?

Есірткі қолданудың себептері:

-Білімсіздік: есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу.

-Қызығу: қызығушылықтың туындауына көбінесе айналасындағылар мен бұқаралық ақпараттар себеп болады.

-Ойын-сауық орындары: дискотека және басқа да ойын сауық орындары.

-Қысым: жаман достардың қысым жасауы.

-Әуестік: бір рет көрейін, сосын тастаймын деп ойлау. Бір рет немесе екі-ақ рет көрудің өзі адамды қайтпас жолға салуға жеткілікті болады.

-Мода: айналасындағыларға еліктеу.

 

 

Жасөспірімдер арасында нашақорлыққа салынуға бейім жағдайлар мынадай:

- Ата – ананың баласын тәрбиелеуге уақытының болмауы;

- Отбасы мүшелерінің бірі арақ-шарап ішуі немесе есірткі қолдануы;

- Әкесі мен шешесінің жиі жанжалдасуы;

- Ата – ананың бірі бала тумай тұрғанда маскүнем немесе нашақор болуы;

- Мектепте мұғалімдердің нашақорлық мәселесіне көңіл бөлмеуі;

- Жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізбеуі;

- Достарының арасында нашақорлардың бар болуы;

- Өзінен жасы үлкен достарының жетегінде жүруі;

- Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың төмендігі; (https://stud.kz/referat/show/34704)

Есірткінің адам ағзасына әсері:

Есірткі пайдаланған адамдардың ұйқысы бұзылады, күні бойы маужырап, дел-сал, бейжай жүріп, кешкі серуеннен соң кенеттен көңілді күйге еніп, тез ширап, бірдеңе естігісі келіп, мезгілінде ұйықтамайды.

Тамақтану мерзімі, тамақ ішу мәнері мүлде өзгереді. Қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға қызығушылығы жоғалып, бір көрініске енжарлықпен қарайды. Не нәрсеге болмасын ренішпен қарап, шыдамсыздық көрсетеді.

Сөйлесу мәнері өзгеріске ұшырап, қойылған сауалдарға жауап беруі қиындап, маңындағы адамдармен араласуы, әңгімелесуі шектеледі. Әңгімелесіп отырғанда ойы басқада болып, ешқандай ықылас білдірмейді.(Денсаулық журналы 6, 2011 жыл 8 бет)

Есірткі заттардың адам ағзасына, оның өмір қызметіне әсері түрлі үш аспектіден көрініс табады.

Біріншіден, олар есірткіге тәуелділік синдромын тудыра отырып, мидың белгілі жүйелері мен құрылымдарына әсер етеді.

Екіншіден, бүкіл шеткі ағза жүйелеріне уытты әсер ете отырып, мысалы, уытты гепатиттің, уытты миокардиттің және т.б. кеселдердің дамуына себепші болады.

Үшіншіден, нашақорлық патологиясы ұрпаққа әсер етеді. Есірткі заттарға тәуелділіктің қалыптасуын мидың қоректік жүйесі қызметінің циклдық бұзылуы ретінде қарастыруға болады. Бұндай бұзылыстар қарқынды түрде өседі және есірткіні тоқтаусыз қабылдауға, сондай-ақ өз-өзін бақылаудың төмендеуіне алып келеді.(Денсаулық №12, 2002ж. 2-бет)

Нашақорлар өмірінің орташа ұзақтығы - есірткі пайдалана бастаған соң 5 жыл.

Есірткі пайдаланатын адамдардың ағзасының барлық функциялары бұзылып, қан қысымы төмендеп, тамыр соғуы жиіленеді. Бұлшық ет қысым әсерінде болады, қалшылдау, селкілдеу және сіңір тартылуы болуы мүмкін, науқастар ыңғайлы жағдайды таба алмай, тынымсыз қозғалыста болады, бұл тез әлсіреуге және қозғалмай қалуына әкеледі, науқастар қан-тамырларындағы жиі қышудың болуына наразылық білдіреді.

Есірткінің тірі ағзаларға тигізетін зиянды әсерлерінің ең бір ірісі - есірткіге тәуелділік түрлері.

Ми және орталық жүйке жүйесі: темекіден бастап барлық есірткі түрлері ми мен орталық жүйке жүйесіне ең көп зиян тигізеді. Сондықтан миға тәуелді ақыл-ой мен ерік күшіне әсер етіп, адам тепе-теңдік ұстай алмай, қалыпты мінез-құлық пен әрекеттерден айырылады. Сау ми мен дұрыс ақыл-ойдың ең үлкен дұшпаны есірткі болып табылады.

Есірткіге тәуелді адамдар, ең алдымен жүйке және психикалық ауруларға шалдығады: ұйқысыздық, жындану, ерте алжып, есінен адасу, ұстамалар, ұмытшақтық, қысқаша айтқанда, барлық психикалық аурулар

Ас қорыту жүйесі бойынша ауытқулар: жүректің айнуы, құсу, іш ауру, қаталау, іш өту, асқазан және ішектердің ауруы, қанау және асқазан жаралары, және т.б.

Бауыр және бүйрекке әсерлері: бұл улы заттардың денеден шығуында ең ауыр жұмыс осы ағзаларға түсіп, мынадай нәтижелерге апарып соғады. Бауыр мен бүйрек жұмысында ақаулардың шығуы, майлану, бауырдың қабынуы, бүйректің әлсізденуі, қан мен зәрдің көбеюі, бауыр мен бүйректің тығындалуы, өте ауыр бүйрек аурулары.

Көз жүйесі бойынша: жақын және алыс жерді көрмеу, түнде көрмеу, көз қарашығының үлкеюі немесе кішіреюі және т.б. көз аурулары.

Тыныс алу жүйесі бойынша: тыныстың тарылуы, жөтел, тұншығу, жүректің қысылуы, тыныс ағзаларының сал болуы. Өкпеге тұтін, қақырық, ірің жиналып шіру процесі басталады. Сол себепті ауыздан жағымсыз иіс шығады.

Қан жүйесі бойынша: қан адам өмірінің ең маңызды ағзаларының бірі бола тұра есірткіден өте көп зиян көреді. Басты зиянды нәтижелері мыналар: қан аздық, қанның улануы, қан талшықтарының түрі мен мөлшерінің өзгеруі, қанның ұюы және бұдан туындаған гангрена және варикоз ауруы дамуы мүмкін.

Улану: есірткінің ең басты болымсыз жақтарының бірі өлімге апаратын улану болып табылады.

Уақыт өте нашақордың терісі сұр түсті болып, көз айналасы қарайып, бет терісі әжімденеді. Шаштары мен тістері түседі.

Есірткі зат алмасу процесіне араласып, есірткі ең алдымен, мидың жасушаларын өлтіреді, бұл адамның белсенділігін төмендетіп, селсоқтыққа әкеледі.

Иммундық жүйе зардап шегеді. Сондықтан адам ағзасы түрлі инфекциялық ауруларға қарсы тұра алмайды.

Жыныс жүйесі бойынша: Есірткі тұтынатын әйелдерде бедеулік, ерлерде белсіздік дамиды. Ешқашан бала сүйе алмайды. Тіпті жасанда жолменде. Есірткі тұтынатын адамдарда жыныс жүйесінің қызметі бұзылып қана қоймай, жыныс жүйесі ауруларының жұғу қайупі бар.

Ең ауыр, қауіпті және емделуі қиын нашақорлық түрі апиын нашақорлығы. Ортақ шприц қолдану салдарынан ЖИТС/ СПИД/ және вирусты гепатит,сифилис ауруларын жұқтыру қаупі ұлғаяды.

Нашақорлықтың алдын - алу шаралары:

1.Ата- аналар балалардың, жастардың тәрбиесіне жіті мән беру қажет. Жастар барлық проблемаларын алдымен ата-анасына айта алатындай арада жақындық болуы керек.

2.Ата-аналар балаларыңызбен жиі әңгімелелсіп, олармен зиянды заттардың (темекі шегу, ішімдік ішу, есірткі тұтыну) ағзаға әсері туралы әңгімелесу.

3.Мектеп мұғалімдері, мектеп психологтары, жастар денсаулық орталығының психологтары балаларды, жастарды нашақорлықтан сақтау үшін көптеген жұмыстар жүргізу қажет.

4.Отбасы құндылығы. Жасөспірімдер мен жастар өзіне сенімді болуы керек. Отбасында есірткі пайдалануға қарсы айқын ережелер болуы тиіс.Жасөспірімдердің өздеріне ұнайтын ісімен айналысуына көмектесіңіздер.

5.Жасөспірімдер мен жастар ата-аналарының қолдауына және махаббатын сезінуі қажет.

6.Есірткі заттарды тұтынуды алдын-алу үшін жаднама, үнпарақтар шығарылуы қажет.

7.Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері нашақорлық ұлттың болашағына төнген ең үлкен қатер екенін түсініп, үлкен жауапкершілікпен қызмет атқаруы керек. Нашақорлықтан халықты жирендіретін материалдарды көптеп жариялауы қажет.

8.Мектептің міндеті. Нашақорлықтың тамыры мектептен бастау алады. Есірткінің құрығына көп жағдайда мектеп оқушылары ілінеді. Осы тұрғыдан мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілері, мектеп психологтары балаларды нашақорлықтан сақтау үшін көптеген жұмыстар атқаруы қажет. (Денсаулық 1, 2014 жыл 24 бет)

9.Жастар журналдары мен радиосында есірткінің зияндылығына арналған хабарлар жүргізіліп, материалдар басылып шығарылуы қажет;

10.Көптеген мектептерде, ЖОО жастарды нашақорлықтың зияндылығымен таныстыратын бағдарламалар жүргізілуі тиіс;

11.Нашақорлықтың алдын алу мәселесі жөнінде ақпараттық - білім беру материалдарын тарату арқылы халық арасында ақпараттық науқан өткізу;

12.Халық көп жиналған орындарда танымал тұлғаларды «Сенің есірткің Салауатты өмір салты болсын!» ұранымен нашақорлықтың алдын алу жөнінде флэш-мобтар өткізу;

13.Құзырлы органдармен бірге БАҚ-қа хабарлау арқылы ойын-сауық орындарында наркотикалық заттарға тыйым салуды бақылау бойынша рейдтер ұйымдастыру және өткізу;

14.Өткізілген профилактикалық іс-шараларды БАҚ-қа, ғаламторға, әлеуметтік желілерге кеңінен жариялауды қаматамасыз ету. (http://www.zozhaktobe.kz/)

Естеріңізде болсын, есірткінің кез-келгені сіздің көңіл-күйіңізді уақытша ғана көтереді. Көбінесе есірткі адамды депрессияға ұшыратып, бойында қорқыныш сезімін туғызады.

Зерттеу әдісін таңдау және сипаттау: Сауалнама

Сауалнама (анкета) – пікір сұрау өткізу үшін іріктелген респонденттерге бірқатар сұрақтар қойып, олардан жауап алатын пікір сұрау парағы

Сауалнаманы жасаудан бұрын зерттелетін мәселені, қоғамдағы рөлін, қажеттілігін және кем тұстарын қарастырып білу қажет.

Сауалнама алушыға (респондентке) айтылу керек

Мақсаты жауап құпиялығы нәтижесі маңызды

сақталатыныжайында болатынын

Сауалнаманы жауап берушінің табысы туралы және оның жеке басына қатысты сұрақтардан бастауға болмайды

 


Ашық түрі Жабық түрі

Бірыңғайландырылған әдіспен алынған жауаптарды рәсімдеу мен айқындау және жасырын себептерді(мотивтерді) табу мүмкіншіктеріне қол жеткізеді
Зерттеу мақсаты айқын болған кезде қолданылады, алайда сұрақтарға жауап ашық түрде қалады.

 

 

Пікір сұрау

өзі туралы тек зерттеушінің ғана білуін сұрайды.  
респондент өзінің аты-жөні және басқа да деректемелері құпия болуын қалайды
Анонимді Құпиялы

 

 

Құрылымы бойынша

респонденттердің жасы, жынысы, отбасылық жағдайы сияқты сұрақтар қойылады.  
респонденттің пікір сұрауға қатысуын өтініп, оның мақсаты көрсетіліп, респонденттің жауаптарының қандай пайда әкелетіндігі туралы айтылады.  
Кіріспе Деректеме Деректеме

зерттеу мақсаттарын айқындайтын сұрақтар қойылады
Негізгі бөлім

 

Жауап беру уақыты бойынша:

Ø далада – 3 минуттан кем болмауы,

Ø үйде сыйақысыз – 5 минуттан көп емес,

Ø үйде сыйақымен – 15 минуттан көп емес болуы керек.

 

Зерттеуді жүргізу: зерттеу объектісі – Қызылорда медицина жоғары колледжінің студенттері

Құрметті студенттер!

Сізді жастардың есірткіге әуестігін анықтау мақсатында жүргізілетін әлеуметтік сауалнамаға қатысуға шақырамыз. Сауалнама сұрақтарына жауап беру үшін сұрақты мұқият оқып шығып, өз пікіріңізге сәйкес келетін жауапты дөңгелетіп белгілеңіз. Сіздің берген бағалауыңыз бен пікірлеріңіздің құпиялылығын сақтауға кепілдік береміз.

Сауалнамаға қатысқаныңыз үшін алдан ала алғыс білдіреміз!

1. Сіздің жынысыңыз:

1. Әйел

2. Ер

 

2. Сіздің жасыңыз:

1. 14-19 жас аралығы

2. 20-24 жас аралығы

3. 25-29 жас аралығы

 

3. Сіз есірткі заттарды қолдануға қалай қарайсыз?

1. Бұл әркімнің жеке ісі

2. Мен мүлде қарсымын

3. Мұның ешқандай зияны жоқ

4. Басқа (жазыңыз)____________________________

5. Жауап беруге қиналамын

 

4. Сіз есірткі заттарды қолданып көрдіңіз бе?

1. Жоқ қолданып көрген жоқпын, келешекте де қолданбаймын

2. Байқап көрдім, бірақ келешекте қолданбаймын

3. Үнемі қолданамын

4. Анда-санда қолданамын

5. Жауап беруге қиналамын

 

5. Сіздің достарыңыздың арасында есірткі заттарды қолданатындар бар ма?

1. Иә

2. Жоқ

 

6. Сіздің ойыңызша, жастардың есірткі және психотроптық заттарды қолдануына не әсер етеді?

1. Басқа адамдар мен топтардың ықпалының себьебінен

2. Шұғылданатын істің болмауы

3. Есірткі заттарды пайдаланудың барлық зардаптарды білмеуінен

4. Ләззат алу үшін

5. Ересек болып көріну үшін

6. Жамандықты ұмыту үшін

7. «Тыйым салынған»нәрсеге деген қызығушылықтан

8. Басқасы (жазыңыз)____________________________________

9. Жауап беруге қиналамын

 

7. Сіздің пікіріңізше, есірткіге тәуелді жандарға бүгін кім нақты көмек көрсете алады?

1. Медициналық мекемелер

2. Нашақордың өзі

3. Жастарға арналған әлеуметтік ұйымдар

4. Ата-аналар

5. Түзету мекемелері

6. Ешкім

7. Басқа(жазаңыз)___________________________________

8. Жауап беруге қиналамын

 

8. Сіз есірткі, токсикалық заттарды пайдаланғанның зияндылығы жайлы білесіз бе?

1. Білемін

2. Білмеймім

 

9. Сіз «Өмірде бәрін байқап көру керек, сонымен қатар есірткіні де»-деген тұжырыммен келісесіз бе?

1. Иә

2. Жоқ

3. Жауап беруге қиналамын

 

10. Егер Сіз немесе Сіздің досыңыз есірткі заттарын қолдана бастаса, бұдан бас тарту үшін кімге жүгінесіз?

1. Тек өзіме

2. Отбасыма

3. Университет басшылығында

4. Кураторға

5. Старостаға

6. Таныстарыма, достарыма

7. Ішкі істер бөліміне

8. Медициналық мекемелерге, есірткіден айықтыру орталығына

 

Анкета нәтижесін анализдеу

Зерттеу объектісі: «Қызылорда медицина жоғары колледжі» мекемесі




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 582; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.