Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Глоссарий. 1. Ұңғыманы аяқтау – Өнімді қабатты бұрғылау мен ашу




1. Ұңғыманы аяқтау – Өнімді қабатты бұрғылау мен ашу, болашағы бар горизонттарды байқау, шегендеуші тізбек көмегімен ұңғыма бекіту,өткізгіш аралықтарды бір-бірінен айыру, өнімді қабатты перфорацимен екінші рет ашу, ұңғыманы сынау және игеру жұмыстарын өз ішіне алатын жұмыс жинағы.

 

2. Қабатты ашу – Ұңғыма бұрғылауда өнімді қабаттың барлық қалыңдығы бойынша бұрғылау жұмыстар жинағы. Ашудың негізгі мақсаты қабаттың табиғи көрсеткіштерін сақтау және сырттан басқа флюидтердің келуінің алдын алу. Бұл мәселені жоғары сапалы қатты фазасы аз, химиялық реагенттермен өңделген, қабат өткізгіштігін сақтайтын бұрғылау сұйығын қолдану арқылы шешеді. Қабатты бұрғылаумен ашу алғаш ашу дегеніміз, ал ұңғыма бекітіліп және цементтеліп болғаннан кейін қабатты ашу екінші рет ашу немесе перфорациямен ашу деп аталады.

 

3. Қабатты байқау – бұл жұмыстар жинағы:

  • қабаттан ағын шақыруды қамтамасыз ету;
  • зертханалық зерттеулер үшін қабат флюиді сынамасын алу;
  • қабат температурасы, қысымы және қанығу характерін бағалау;
  • өнімділігін анықтау.

 

4. Ұңғыма бекіту – кен орнын қазу кезінде бұрғылауды әрі жалғастыруда және ұңғының ұзақ пайдалану мүмкіншілігін қамтамасыз ету үшін ұңғының оқпанын (құрылмасына сәйкес) бекіту қажет. Ұңғыны бекітудің негізгі мақсаты – «қабат пен ұңғы сағасын» берік байланыстыратын және ашылған (барлық) мұнай, газ, су қабаттарын өзара ойдағыдай ажыратуын қамтамасыз ететін канал жасау. Өнімді қабаттарды өзара қатынастырмау үшін ұңғыға шегендеуші құбырлар тізбегін түсіріп бекітеді де тізбектің сыртын тиісті биіктікке цементтеп тастайды.

Бекітудің негізгі мәселелері:

1. сенімді канал құрастыру: қабат –саға;

2. жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау көз қарасынан мұнай, газ және сулы қабаттарды айыруды қамтамасыз ету.

 

5. Қабат айыру. Өткізгіш қабаттарды айыру – сұйықтың, газдың бір қабаттан екінші қабатқа немесе атмосфераға ағып өтүін тоқтату мақсатымен шегендеуші тізбекпен ұңғыма арасындағы сақиналы кеңістікті цемент ерітіндісімен толтырады. Ол белгілі уақыт өткеннен кейін тығыз цемент тасына айналады. Бұл үрдіс қабат айыру немесе ұңғыманы цементтеу деп аталады.

 

6. Қабатты сынау – бұл ұлғайтылған жұмыстар (комплексі) жинағы. Қабатты сынау – қазу кезінде, сонымен қатар, ұңғыға шегендеуші пайдалану құбырын түсіріп цементтегеннен кейін де жүргізіледі. Сынау жұмыстарының мақсаты қабаттан – ұңғыға сұйықпен газ құйылысын қамтамасыз ету, қабат сұйықтары мен газдан терең сынама алу, қабаттағы мұнай мен газдың гидродинамикалық параметрлерін анықтау арқылы олардың өндірістік маңызын айқындау. Сынаудың нәтижелері мұнай мен газдың қорын есептеуге және кен орындарының пайдалану жобаларын жасауға қолданылады.Қабатты сынау – қазу кезінде құбырлар арқылы түсірілген сынағыштармен жүргізіліп, оның нәтижесінде шегендеуші пайдалану құбырын түсіру қажеттігін анықтайды және алаңсыз зерттеуге объектілер белгіленеді.

 

7. Ұңғыны игеру - бұған қабаттан құйылыстың қарқынын өршіту, өндірістік дебит (құйылыс) алу және ұңғыны пайдалануға тапсыруда не консервацияға қойғанда зерттеу тәртібін белгілеу жұмыстар комплексі (жинағы) кіреді. Ұңғыны игеру – (бір не бірнеше) қабатты сынағанда қажетті жұмыстар копмплексі орындалып, мұнай мен газдан өндірістік өнім алғаннан кейін жүргізіледі.

Пәнді өткенде төмендегі терминдерді білу қажет:

Пайдалану түбі-бекітілмеген оқпан немесе шегендеуші құбырлармен цемент сақинасының тесіктері арқылы ұңғымен байланысатын – ашылған қабат қалыңдығының беті.

 

8. Сұйықтың құйылысын күшейту (интенсивтендіру) - ұңғыны пайдалану кезінде дебит шамасын қуаттау немесе өсіру үшін қабаттың түптік зонасына әдістердің бірімен (физикалық, химиялық, механикалық немесе олардың комбинациясы) ықпал жасау.

 

9. Қабаттың түптік зонасы – ұңғының пайдалану түбінің айналасындағы коллектор көлемі, қабатты ашу кезіндегі жуу сұйығы фильтратының ену зонасын немесе қабатқа әртүрлі әдістермен құйылысты күшейту мақсатында ықпал жасау зонасын қамтиды.

 

10. Кеуектік қысым - өткізбейтін жыныстың кеуектеріндегі сұйықтың (газдың) қысымы.

11. Қабаттық қысым - өткізгіш жыныстың кеуектеріндегі сұйықтың (газдың) қысымы.

12. Гидростатикалық қысым - қабатта шеттік немесе контурлық сулардың әсерінен пайда болған қысым:

мұнда - қабаттық судың тығыздығы, минералдану дәрежесіне байланысты аралығында өзгереді;

- еркін түсу үдеуі;

- белгілі тереңдік, м

 

13. Геостатикалық қысым . Жоғары орналасқан тау жыныстарының қабатқа көрсетілетін қысым:

мұнда: - тау жыныстарының орташа тығыздығы.

 

14. Геотектоникалық қысым . Тектоникалық үрдістер арқасында қабаттарда пайда болған кернеу және қысым.

15. Тау-кен қысымы - қабатқа жиынтық қысым – геостатикалық және геотектоникалық қысымдардың қосындысы:

16. Қабат қысымының аномальді коэффициенті . Қабат қысымының гидростатикалық қысымға қатынасы:

мұнда: - Z тереңдіктегі қабат қысымы, Па;

- тұшы су тығыздығы.

Егер болса, онда қысым қанағаттынарлық болып есептеледі;

- артық қысым;

- аномальді жоғары қабат қысымы (АЖҚҚ);

- аномальді төмен қабат қысымы (АТҚҚ).

 

 

Мазмұны

1. Пәннің оқу бағдарламасы – SULLABUS.......................................................................

1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер..................................................................................

1.2 Пән туралы мәліметтер..................................................................................................

1.3 Алдыңғы реквизит..........................................................................................................

1.4 Соңғы реквизиттер........................................................................................................

1.5 Пәннің мақсаттары мен мәселелері..............................................................................

1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі........................

1.7 Әдебиеттер тізімінің мазмұны......................................................................................

1.8 Білімді бақылау және бағалау.......................................................................................

1.9 Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге

арналған сұрақтар тізімі...............................................................................................

1.10 Курстың саясаты мен процедурасы............................................................................

Негізгі таратылатын материалдар мазмұны...............................................................

2.1 Курстың тақырыптық жоспары....................................................................................

2.2 Дәрістік сабақ конспектлері..........................................................................................

2.3 Практикалық сабақтар мазмұны....................................................................................

2.4 Зертханалық сабақтар мазмұны....................................................................................

2.5 Курстық жоба тақырыптары..........................................................................................

2.6 Курстық жоба мазмұны..................................................................................................

2.7 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары

бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (СОӨЖ).....................................................

2.8 Студенттердің дербестік жұмыстары бойыншп өткізілетін

сабақтардың жоспары (СДЖ).......................................................................................

2.9 Өз білімін тексеруге арналған дұрыс жауаптарының кіліті көрсетілген

тесттік сұраулар.............................................................................................................

2.10 Өткізілген курс бойынша емтихан сұрақтарының тізімі..........................................

2.11 Глоссарий......................................................................................................................

 

Шығу туралы мәліметтер

СП ОӘК ұңғыларды бұрғылау техникасы және

технологиясы кафедрасының мәжілісінде талқыланған

200__ж. «____»__________№__ хаттамасы

СП ОӘК г еологиялық барлау институтының

Ғылыми-әдістемелік кеңесінде талқыланып,

мақұлданған

200__ж. «____»__________№__ хаттамасы

 

 

050708 Мұнайгаз ісі мамандығына арналған

 

Ұңғмаларды аяқтау пәні бойынша

 

 

СТУДЕНТТІҢ ПӘНДІК

оқу-Әдістемелік кешен

 

Құрастырушылардың аты-жөні

 

Исраилов Керім Садырұлы

Аршидинова Махирам Тургановна

Джунисова Рауан Еркиновна

 

 

Басуға __.__.200__ж. қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16. Кітап-журнал қағазы. Көлемі __,__ес.-б.т. Таралымы __ дана. Тапсырыс №___.  

Қ.И.Сәтбаев атындағы баспа типографиясында басылған

Алматы қаласы, Ладыгин көшесі, 32

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-13; Просмотров: 3585; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.