Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Загрузка...

Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Квалификационные тесты 10 страница




1.Жедел обструктивті бронхит

2.Стеноздаушы ларингит

3.Эпиглоттит

4.Бронх демікпесі

5.Көмейдің аллергиялық ісінуі

 

416.Ер бала, 5 жаста. Шағымы: ұстаматәрізді жөтелге, ысқырықты тыныс, ентігу. 5 айлығынан атопиялық дерматитпен ауырады. Бала бақшаға түскеннен кейін (2 жасында) ЖРВИ-мен жиі ауыратын болған (жылына 6-8 рет). 3 жасында тұншығғуұстамасы пайда болған, сальбутамол ингаляциясымен басылады. Кейіннен ұстама айына 3-4 рет қайталанған, оны цитрусты пайдаланумен байланыстырады. Шешесінде- экзема. Қандай триггер бұл аурудың асқынуында ең себепті болып табылады?

1.Физикалық жүктеме

2.Метеожағдайдың өзгеруі

3.Психоэмоциональды жүктеме

4.Респираторлы-вирусты инфекция

5.Өткір иісті заттармен ауаның былғану

 

420.Қыз бала 9 жаста. 2 сағат бұрын ауыра бастады. Эпигастриидегі белдемелі ауру сезіміне шағымданады. Екі рет жеңілдік әкелмейтін құсу болған. Қарағанда: терісі боз, тілі ақ жабындымен жабылған, дене температурасы 380C, іші кепкен, эпигастрииде кернелген, бауыры 7911см, Ортнер симптомы күдікті, Мейо-Робсон нүктесінде ауырсынулы. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 3,8х1012/л, гемоглобин 110 г/л, лейкоциттер 17х109/л, ЭТЖ 20 мм/сағ. Нәжіс массалары тазалау клизмасынан кейін тығыз, майлы. Қай зерттеу әдісі мәліметті болып табылады?

1.Холецистография

2. асқазанның бариймен рентгеноскопиясы

3.Ретроградты холангиопанкреатография

4.Құрсақ қуысын ультрадыбысты зерттеу

5.Құрсақ қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясы

 

421. 12 жастағы қыз . Кіші заттармен ойнаған. Жедел ентігу, жөтел пайда болып, 15 минуттан соң басылды. Бала белсенді, дене қызуы 36,70С, өкпесінде аускультациялық зерттеу өткізген кезде сол өкпесінің жоғарғы жағында сылдыраулар естіледі. Қан талдауы: эритроциттер-4,2х1012/л, гемоглобин 135г\л, лейкоциттер 4,0х109/л, ЭБЖ- 3мм\с.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсы дұрыс?

1.Бронхоскопия

2.Қақырық анализы

3.кеуде шеңберінің рентгнографиясы

4.қан биохимиясы

5.Компьютерлік томография

 

423.3 жастағы қыз. Жөтелге шағымдары бар, қақырық шықпайды. Көп тумау ауруларымен ауырады. Дәрігерлік қарау кезінде: азыған, саусақтары «барабан таяқшалары » тәрізді. Өкпеде тыныс алу дыбыстары қатаң. Құрсақ қуысы үлкейген. Тер 85 ммоль/л. Төмендегі дәрілердің қайсын қолданған жөн?



1.Амброксол

2.N-Ацетилцистеин

3.Гвайфенезин

4.Эуфиллин

5.Сальбутамол

 

424. 10 жастағы қыз. Аяқтарында бөртпе пайда болғанына шағымдары бар.Дәрігерлік қарау кезінде: жамбастары мен аяқтарында кіші бөртпелер бар. Құрсақ қуысы ісіген, Қан талдауында: эритроциттер 3,7х1012/л, гемоглобин 110г/л, лейкоциттер 12х109/л, ЭБЖ 15 мм/с. Грегерсон бойынша реакция оң. Төменде көрсетілген дәрілік препараттардың қайсысы осы ауруда ең тиімді?

1.Но-Шпа

2.Преднизолон

3.Курантил

4.Гепарин

5.Делагилм

 

425.6 жастағы бала. тері қабаттарының сары түсті болғанына шағымдары бар. Дәрігерлік қарау кезінде: тері қабаттарының сары түсті. Бас сүйегі өзгерген, таңдайы готикалық. Бауыр 1см, талақ4см .Қан талдауы: эритроциттер-2,0х1012 /л, гемоглобин -72 г/л, ТК-1.0,ретикулоциттер-12%, лейкоциттер-6,2-х109/л, эозинофилдер-1%, лимфоциттер-18%,моноциттер-9-%, тромбоциттерв-250х109/л, ЭБЖ 13 -мм/с. 60% эритроциттері сфера тәрізді. Төменде көрсетілген диагноздың қайсы дұрыс?

1.Талассемия

2.Гемоглобинопатия

3.анемия

4.Минковский –Шоффар анемиясы

5.Аутоиммунды гемолитикалық анемия

 

426.11жастағы қыз, аяқтарындағы ауру сезіміне, әлсіздікке, мұрынынан қан кеткеніне шағымдары бар.Дәрігерлік қарау кезінде: тері қабаттары бозарған, мұрынында мақта тампондары, аяқтарында экхимоздар. Лимфатикалық түйіршіктер үлкейген, ауырмайды. Бауыр қабырға астынан4 см, талақ 3 см. Қан талдауы: эритроциттер – 2,8х1012/л, гемоглобин – 82 г/л, лейкоцитер – 25 х109/л, бласттар - 78%, таяқшалар -1%, лимфоциттер - 17%, ЭБЖ – 56 мм\час, тромбоциттер - 20х109/л.

Төменде көрсетілген диагноздың қайсы дұрыс?

1.Лимфогранулематоз

2.Тромбоцитопениялық пурпура

3.Созылмалы миелобластты лейкоз

4.Инфекциялық мононуклеоз

5. лимфобласттық лейкоз

 

427. 5 жастағы бала, дене қызуның 39 градусқа дейін көтерілуіне, тәбетінің болмауына, жөтелге, ентікпеге шағымдары бар. Анамнезінде: 7 күн алдында тұмаумен ауырды, емдік шараларды өткізгенге қарамастан, интоксикация белгілері күшейіп, дене қызуы көтерілді. Анасының айтуынша бала ұықтаған кезде мазасыс, мұрын қанаттарының кернелуі байқалады. Дәрігерлік қарау кезінде: периоральды цианоз. Тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады, қабырғааралық бұлшықеттердің ішке тартылуы байқалады. Тыныс алуының жиілігі 35 рет. Қан талдау: гемоглобин – 115 г/л, лейкоциттер – 12х10/л, ЭБЖ-22 мм/с. Рентгенограммада 1 см дейін инфильтрациялық көлеңкелер, өкпе суреті күшейген. Төменде көрсетілген дәрілік препараттардың қайсысын тағайындау тиімді?

1.Интерферон

2.Преднизолон

3.Аминогликозиды

4.Макролидтер

5.Карбопенемдер

 

428. 4 жастағы бала, дене қызуына, аяқ буындарының ауруына шағымдары бар. Дәрігерлік қарау кезінде: тері қабаттары бозарған, дене қызуы 38,7 градус лимфатикалық түйіршіктер үлкейген, үлкендігі бұршақтай. Құрсақ қуысы үлкейген, бауыр қабырға астынан1см, талақ4см .

Диагнозды анықтау үшін қандай диагностикалық шаралады қолдану керек?

1.Трепанобипсия

2.Миелограмма

3.Коагулограмма

4.Ультрадыбысты зерттеу

5.Рентгенография

 

429. 7 жастағы бала,дене қызуының 39 градусқа дейін көтерілуіне, буындардағы ауру сезіміне. 3 жыл бойы ауырады. Таңерте буындары ауырып, қимылдары ауыршылық тудырады, алдымен табан, қол саусақтарында басталып, кейін тізе, мойын буындары зақымдалған. Дәрігерлік қарау кезінде:интоксикации белгілері айқын, тізе және табан буындары деформацияланған. Мойын аймағындағы қимыл шектелген, ауру сезіммен. Иекасты, қолтық, шап аймағындағы лимфатикалық түйіндер фасоль көлеміне дейін үлкейген. Жүректің дыбыстары тұйықталған. Бауыр қабырға астынан 2,0см төмен, талақ 1,0см. Реабилитацияның қай түрі осы науқасқа тиімді көмек?

1.Физиоем

2.Бальнеотерапия

3.Иглорефлексотерапия

4.Гелиотерапия

5.Емдік физкультура, массаж

 

430.13 жастағы бала, дене қызуының 39*С дейін көтерілуіне, жүрек ауруына, тізе буындарындағы ауру сезіміне шағымдары бар. 8 күн бұрын ангинамен ауырған. Дәрігерлік қарау кезінде: тері қабаттары бозарған, миндалиналары гипертрофияланған. Лимфотикалық түйіршіктері үлкейген. Жүрегінің оң шегі төс сүйектің оң шетінде, жоғарғы шегі III қабырға, сол шегі – Vқабырға аралығында орта бұғана сызығынан 2 см сыртқа орналасқан. Жүрегінің соғу дыбыстары басылған, өкпе артериясында 2 дыбысының акценті бар табан буындары қызарған, ісіген.

Төменде көрсетілген диагносздардың қайсы дұрыс?

1.Миокардиодистрофия

2.Созылмалы тонзилит

3.Ревматойдті артрит

4.Ревматикалық кардит

5.Ревматикалық ауру

 

436. 8 жастағы бала. Жүректегі, тізе буындарындағы ауру сезіміне, ентігуге, жүрек соғуының жиіленуіне, дене қызуының көтерілуіне шағымдары бар.Дәрігерлік қарау кезінде: еріндері, беті, қол-аяқтары көгерген, мойын тамырларының соғуы байқалады. Дене қызуы 390С дейін көтерілген, тамыр соғуы минутына 100 рет. Жүрегінің оң шегі төс сүйектің оң шетінен 1 см сыртқа, жоғарғы шегң III қабырға, сол шегі – Vқабырға аралығында орта бұғана сызығынан 2 см сыртқа орналасқан. Жүректің соғу дыбыстары басылған, жүрек төбесінде систоликалық шу естіледі.

Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсы дұрыс?

1.Жалпы белок және фракциясы

2.Серомукоид

3.Сиалды сынама

4.Антистрептолизин-О

5.Жалпы қан анализі

 

437.8 жастағы қыз. Буындарындағы ауру сезіміне, әлсіздікке, дене қызуының 38,50С дейін көтерілуіне шағымдары бар. Пенициллин алған кезде бөртпе шыққан. Дәрігерлік қарау кезінде: тамыр соғуы минутына 102 рет. Жүрегінің оң шегі төс сүйектің оң шетінен 1 см сыртқа, жоғарғы шегң III қабырға, сол шегі – V қабырға аралығында орта бұғана сызығынан 2 см сыртқа орналасқан. Жүректің соғу дыбыстары басылған, жүрек төбесінде систоликалық шу естіледі. Қан талдауы: эритроциттер - 3,8х1012/л, гемоглобин – 120 г/л, лейкоциттер - 18х109/л, ЭБЖ - 43 мм/с.

Қандай дәріні осы жағдайда қолданған дұрыс?

1.Цефтриаксон 50 мг х 1 рет

2.Гентамицин 7,5 мг х 3 рет

3.Азтреонамб 90 м х 3 рет

4.Ципрофлоксацин 20 мг х 2 рет

5.Эритромицин 50 мг х 3 рет

 

439. 8 жастағы қыз. Іші мен аяқтарындағы ауру сезіміне шағымдары бар.Дәрігерлік қарау кезінде: дене қызуы 38,80С. Бозарған, лимфатикалық түйіршіктердің барлық топтары бұршақтай үлкейген. Бауыр 7-8-12 см, талақ кіндіктің деңгейінде. Қан талдауы: эритроциттер - 2,0 х1012/л, Hb - 72 г\л, түсті көрсеткіш 0,9, лейкоциттер 44,4 х 109/л, базофилдер - 3, эозинофилдер - 5, миелобласттар - 6, промиелоциттер - 3, миелоциттер - 10,жас - 4, таяқшалар 9, лимфоциттер -21, моноциттер 4, ЭТЖ 48 мм/с, тромбоциттер 120 х109/л.

Төменде көрсетілген диагноздардың ішінен дұрысты таңдаңыз.

1.Сепсис

2.Лимфогранулематоз

3.Апластикалық анемия

4.Созылмалы миелолейкоз

5.Гоше ауруы

441. Ішектің жіті инвагинациясының клиникалық басы:

1.ауырсынудың өршуі

2.толғақ тәрізді және өте қатты ауырсыну

3.іште тартулы ауырсынулар

4.доғалы мінезді ауырсынулар

5.жаншып ауырсыну

 

442. 45 жастағы науқасқа шақыру болды. Денесінің жоғарғы бөлігіндегі эритематозды қышыма бөртпеге шағымданады. Анамнезінен: бір тәулік бойы левамицетин дәрісін ішке қабылдаған. Объективті: дене қызуы 370С, іш, мойын, кеуде, төменгі аяқ-қол терілерінде ашық-қызыл бөртпе, терінің қышуы. АҚ 120/70 мм.сб. Қандай диагноз дұрыс болуы мүмкін:

1.жайылып кеткен есекжем

2.екіншілік сифилис

3.қызылша

4.қызамық

5.қызғылт теміреткі

 

443. 36 жастағы К. науқасқа жедел жәрдем шақырылды. Сол жақ қабақтың ісінуіне, оң жақ құлақтың және беттің сырғалығына, мойын аймағының шаншуына шағымданады. Анамнезінен науқастың ЖИА-мен, СЖЖ-мен зардап шегетіні анықталды. Емдеу процессінде дигоксинді қабылдау фонында әйелде жоғарыда аталған шағымдар пайда болды. Жергілікті: сол жақ қабақтың ісінуі, құлақтың және беттің сырғалығы, мойын аймағында қышымалы бөртпе. Қандай диагноз дұрыс болуы мүмкін:

1.көмейде Квинке ісігі

2.жайылып кеткен есекжем

3.анафилаксиялық шок

4.көмейде Квинке ісігі есекжеммен жергілікті Квинке ісігі

5.қызғылт теміреткі

 

444. 33 жастағы Д. науқасқа шақыру болды, эпигастр аймағында ауырсынуға, жеңілдікті болдырмайтын құсуға шағымданады. Анамнезінен іссапарда болғанда жіті ауырғаны анықталды. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, жоғары пальпациялаған кезде эпигастр аймағында кенеттен ауырсыну бар. Бауыры және көкбауыры ұлғаймаған. Қандай диагноз дұрыс болуы мүмкін:

1.вирусты А гепатиті

2.өт-тас ауруы

3.жіті панкреатит

4.жіті гастрит

5.өт жолдарының дискинезиясы

 

445. Гипертониялық кризбен науқасқа медициналық көмек көрсету қажет. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы ауруханаға дейінгі кезеңде гипертониялық кризді медикаментозды емдеген кезде таңдаулы препарат болып табылады:

1.нитропруссид натрия т/і

2.лабетолол т/і

3.ішке Атенолол

4.нитроглицерин т/і

5.тілдің астына нифедипин

 

446. Оң жақ бүйрек ұстамасымен жедел аппендицитке салыстырмалы диагностика жүргізу үшін ең нақты әдіс болып табылады:

1.Бүйректі УДЗ

2.Зәрді лабораторлы тексеру

3.Қанды лабораторлы тексеру

4.Визуальды тексеру әдістері

5.зәр шығару жолын R- логиялық зерттеу

 

447. Жанұялық амбулаториядағы жалпы тәжірибелік дәрігерге науқас өзінің жүрек аймағындағы ауырсынуға, жүрек соғуының өзгеруіне шағымданып келді. Тексерген кезде: ЭКГ –де жиі және ретсіз қалыпты комплексті QRS синусті ритмді онымен қоса Р тісшесі өзгерген, PQ интервалы қысқарған және толық емес компенсаторлы үзіліспен. Науқастың шағымдарын және ЭКГ-дағы өзгерістерді немен түсіндіруге болады:

1.синусты аритмия

2.атриовентрикулярлы блокада ІІ кезең

3.жүрекшелік экстрасистолия

4.қарыншалық экстрасистолия

5.жыпылық аритмиясы

 

448. Жанұялық дәрігерге 56 жастағы науқас келді. Оның шағымдары: кеуде және эпигастрии аймағындағы қысылып ауырсыну. ЭКГ: RII,III,AVF тісшесін вольтажының төмендеуі, STII, III, AVF интервалының депрессиясы. Диагноз қою үшін ең бірінші қандай тексеруден өту керек екенін көрсетіңіз?

1.Велоэргометрия

2.қандағы холестерин, триглицеридті

3.Кардиоспецификалық ферменттерді

4.ЭКГ холтерлік монитерлеу

5.ЭхоКГ

 

449. Науқас М., 35 жаста. Аяқтағы ірі көк тамырлардың тромбофлебитті, кенеттен науқаста ентігу, қан аралас жөтео, жүрек соғуы, айқын әлсіздік пайда болды. Бұндай жағдайдың пайда болу себебі:

1.Спонтанды пневмоторакс

2.Бронх демікпесінің ұстамасы

3.тыныс алу жолындағы бөтен дене

4.Өкпе артериясындағы ауалы эмболия

5.өкпе артериясының тармағындағы тромбоэмболия

 

450. Өрт болған жерден 56 жастағы С. атты науқас жеткізілді. Өрт сөндіріп жатқанда кезде, қысқа уақытта есінен тану байқалған, біраз уақыттан кейін ол қозу мен тырысуға ауысқан. АҚҚ 180/100 мм.с.б.б., ЖСЖ 100 рет/мин. Дәрігердің әрекетін анықтаңыз:

1.Асқазанын шаю, к/т бемегрид, кордиамин, оттегі ингаляциясы

2.Ерте және көп мөлшерде оксигенотерапия, сірке қышқылының буына дем алдыру, к/т бемегрид, кордиамин

3.қайталап асқазанды шаю, к/т налоксон, кордиамин

4.ерте және көп мөлшерде оксигенотерапия, глюкоза 5%, новокаин 0,5%

5.асқазанды шаю, к/т кордиамин, аминазин, оттегі ингаляциясы

 

 

561. Балалар бақшасына баратын 4 жастағы қыз балада жедел вирусты инфекция анықталды.Науқас басталғаннан соң 3 күннен кейін сол көзге,одан бір күннен кейін оң көзге шағымданған.Ата анасы баланы жанұялық дәрігерге әкелген. Объективті: айқын көзден жас ағу,жарыққа қарай алмау,блефароспазм. Кабақ пен көз алмасының конъюнктивасы ісінген,қызарған, нүктелі қанқұйылыстармен, оның бетінде – жабынды тәрізді бөліністер (жеңіл алынады).Қасаң қабықта нүктелі инфильтраттар.Болжама диагноз қойыңыз және өз шешіміңізді түсіндіріңіз.

1.Жедел эпидемиялық конъюнктивит; себебі, конъюнктивада қанқұйылыстар бар

2.Жедел бактериалды конъюнктивит;конъюктивада қызару бар

3.Гонобленнореялық конъюнктивит;себебі қасаң қабық синдромы және бөліністер бар

4.Екі көзде пневмококкты конъюнктивит;себебі конъюктивада жеңіл алынатын жабындылар бар

5.Хламидиялық конъюнктивит;асқынулар бар- қасаң қабық синдромы және кератит.

 

562. Ер адам 28 жаста.2 жұма бұрын басынан соққы алған.Қазір оң көзінің соңырлығына шағымданады.Сырттай көзде өзгерістер жоқ.Көздің оптикалық орталыры мөлдір.Көз түбінде көру нервісінің дискісі ақшыл түсті,шекарасы анық,қан тамырлары тарылған.Басқа көз түбінде басқа өзгерістер жоқ.Сол көзде - диск қызыл түсті,қан тамырлары,тор қабат өзгермеген.ОҢ көздің көру өткірлігі дұрыс жарық сезгіштікке тең.Сол көздің көру өткірлігі бірге тең. Диагноз қойыңыз.

1.ОД-Жарақаттық нейрооптикопатия

2.ОД -Жарақаттық ишемиялық нейрооптикоопатия

3.ОД-Көру нервісінің жарақаттық екіншілік семуі

4.ОД-Көру нервісінің жарақаттық біріншілік семуі

5.ОД-Көру нервісінің жартылай жарақаттық семуі

 

563. ЖҰА оң көзінің темір жарықшасымен жарақатталған науқас келді. ЖДА-ға металлдың ұшқынынан оң жақ көзі зақымдануына шағымданды. Объективті: ОД – склераның аралас инъекциясы,көру өткірлігі 0,05. Қасаң қабықта 12 сағатта жара бар. Шатыраш қабықта бөгде зат көрінеді. Алдыңғы камера түбінде 3 мм қан деңгейі бар. Диагноз қойыңыз, өз шешіміңізді түсіндіріңіз.

1.ОД-Қасаң қабықтың өтпелі жарақаты,себебі қасаң қабықта жара және аралас инъекция бар

2.ОД- Қасаң қабықтың өтпелі жарақаты ,себебі қасаң қабықта жара және гифема бар

3.ОД- Қасаң қабықтың өтпелі жарақаты ,себебі қасаң қабықта жара және гипопион бар

4.ОД-Қасаң қабықтың өтпелі жарақаты , себебі шатыраш қабықта бөгде дене бар

5.ОД- Қасаң қабықтың өтпелі жарақаты, себебі көздің көру өткірлігі 0,05 дейін төмендеген

 

564. Жанұялық дәрігерге 35 жастағы ер адам оң көзінен жас ағатынына шағымданып келген.Сырттай қарағанда көз жағынан өзгерістер жоқ.Жас қалтасын басқанда,жас нүктесінен бөліністер жоқ.Колларгол сынамалары теріс.Болжама диагноз қойыңыз және оны дәлелдеңіз.

1.Жас нүктелерінің тарылуы,себебі өзекше және мұрын сынамалары теріс.

2.Жас өзектерінің бітелуі, себебі өзекше және мұрын сынамалары теріс.

3.Созылмалы дакриоаденит,себебі жас нүктелерінен бөліністер жоқ.

4.Созылмалы дакриоцистит,себебі көзден жас ағатына шағымданады.

5.Жас-мұрын өзегінің тарылуы,себебі көзден жас ағатынына шағымданады.

 

565. Бірнеше күн бұрын қасаң қабықтан беткей бөгде алынған. Оған дейін көзінен жас ағатын. Бір күннен соң жарақат алған көзден жас аға басталады. Тағы бір күннен кейін көзде ауырсыну,көзден жас ағу,қабақтарын аша алмау байқалды. Объек­тивті: көзде перикорнеалды инъекция,қасаң қабықтың ортасында бір қыры көтеріңкі, түбі сары түсті ақау бар. Қасаң қабықтың беті флюоресцейінмен боялады. Шатыраш қабықтың түсі өзгерген,суреті анық емес,алдыңғы камераның түбінде 2 мм ірің деңгейі бар. Жас қалтасын басқанда жас рүктесінен ірің бөлінеді. Диагноз қойыңыз.

1.Қасаң қабықтың жылжымалы жарасы,гипопион,созылмалы дакриоцистит

2.Қасаң қабықтың іріңді жарасы, іріңді дакриоцистит, иридоциклит

3.Қасаң қабықтың іріңді жарасы,іріңді дакриоцистит, іріңді иридоциклит

4.Қасаң қабықтың жылжымалы жарасы,созылмалы дакриоцистит, іріңді иридоциклит

5.Іріңді кератоиридоциклит, созылмалы дакриоцистит

 

566. Науқасқа көзіне тиген соққыдан кейін қарашығы сұр түске боялып, көруінің төмендегеніне шағымданады. Қандай себеп аса ықтимал.

1.Склераның бұлыңғырлануы

2.Қасаң қабықтың бұлыңғырлануы

3.Алдыңғы ұңғыл ылғалының бұлыңғырлануы

4.Тор қабықтың бұлыңғырлануы

5.Шыны тәрізді дененің бұлыңғырлануы

 

567. Бауыр циррозымен ауыратын науқас, ымыртта көруінің төмендегеніне шағымданады. Қандай себеп аса ықтимал.

1. В 12 витаминін сору бұзылу салдарынан болған гемералопия

2.«А» витаминін нашар сіңіру салдарынан болған гемералопия

3. Тор қабық пен көру нерві перифериясының органикалық зақымдануы

4. Көру нервісінің органикалық зақымдануы

5. Макуланың көру нервісінің органикалық зақымдануы

 

568. 35 жасар еркек жарықтан қорқу, ауырсыну, 2 күн бойына оң жақ көзінің көру өткірлігінің төмендегеніне шағымданады. Объективті: OD/OS= 0.4/1,0 КІҚ OD=18 мм.сн.бғ. КІҚ OS=20мм.сн.бғ. OD аралас инъекция, алдыңғы ұңғыл ылғалдығы бұлыңғырланған, қарашық тарылған, жарыққа деген реакциясы солғын, нұрлы қабық былғаныш реңкті, суреті өзгерген.Оптикалы орта және көз түбі қалыпты. OS- сау

1.Кератит

2.Иридоциклит

3.Коньюнктивит

4.Витреит

5.Эписклерит

 

569. Жалпы практиканың дәрігері қандай бөгде денелерді алып тастай алады

1.Конъюнктивада немесе қасаң қабық эпителиінде орналасқан бөгде денелерді

2.Қасаң қабықтың қабаттарының тереңдігінде орналасқан бөгде денелерді

3.Алдыңғы ұңғылда орналасқан бөгде денелерді

4.Көздің ішінде орналасқан бөгде денелерді

5.Көздің сыртында орналасқан бөгде денелерді

 

570. Аталан шаралардың қайсысы көз алмасының өтпелі жарақатында аса тиімді болып табылады

1.Кортикостероидтерді белгілеу, монокулярлы таңғышты салу, сіреспеге қарсы сарысуын салу

2.Антибактериалды май дәрі жағу, таңғышты салу, сіреспеге қарсы сарысуын салу

3.Көрініп тұрған бөгде денені алып тастау, антибактериалды препараттарды тамызу, бинокулярлы таңғышты салу, сіреспеге қарсы сарысуын салу

4.Түсіп қалған қабықтарды іріктеу, антибактериалды препараттарды тамызу, сіреспеге қарсы сарысуын салу

5.Аналгетиктер белгілеу, антибактериалды препараттарды тамызу, монокулярлы таңғышты салу, сіреспеге қарсы сарысуын салу

 

581.34 жастағы А деген әйел тез және қысқа уақытты реакцияларға бейім, бұл оған қысқа уақытқа өз күшін ауыр жұмысты орындатуға және өзін шабуылдан қорғауға қолданады. Бұл адам тәкапарлық пен шыншылдықты басты санайтын адам. Суреттелген әйел қайсы темпераментке жатады?

1.Сангвиник

2.Холерик

3.Меланхолик

4.Флегматик

5.Астеник

 

582.Медициналық ұжымда серіктестік қарым-қатынас күшейтеді:

1.Ұжым жетекшісінің авторитарлы позициясын





Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 26; Нарушение авторских прав?;


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



ПОИСК ПО САЙТУ:





studopedia.su - Студопедия (2013 - 2017) год. Не является автором материалов, а предоставляет студентам возможность бесплатного обучения и использования! Последнее добавление ip: 54.167.245.235
Генерация страницы за: 0.069 сек.