Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сурет. Генераторлар 3 страница




Доға қысымының бағытын электрод көлбеулігін өзгертіп өзгертуге болады. Осылайша пісіру тоғының бір шамасында әртүрлі балқу тереңдігіне жетуге болады.

Тоқтың түрі мен полярлығы да жіктің мөлшері мен түріне әсер етеді. Кері полярлы тұрақты тоқпен пісіргенде балқу тереңдігі тура полярлы тұрақты тоқпен пісіргеннен 40-50%-ға көбірек.

Бұл құбылыс катод пен анодтан шығатын жылу көлемінің әртүрлілігімен түсіндіріледі.

Айнымалы тоқпен пісіргенде балқу тереңдігі кері полярлы тұрақты тоқпен пісіргеннен 15-20%-ға аз. Доға ұзындығын ұлғайту есебінен доға кернеуін жоғарылату пісіру тоғының азаюына алып келеді, яғни балқу тереңдігін азайтады. Бұл жағдайда жік ені тоқтың полярлығына қарамай ұлғаяды. Қолмен пісіргенде пісіру жылдамдығын көбейткен сайын, балқу тереңдігі және жік ені азаяды.

Төменгі қалыпта пісіруді орындау.

Түйіс жалғастарды пісіру пісірілетін металдың қалыңдығына байланысты бір неме екі жағынан орындалады. Электрод қозғалысы және оның қалпы 39-суретте, жуық шамалы пісіру ережесі – 11‑ кестеде келтірілген.

 

 

39 – сурет. Жиектерді қиғаштап түйіс жіктерді пісіргендегі электрод қалпы (а) мен қозғалысы (б)

 

11 – кесте. Жиектері қиғашталмаған түйіс жалғастарды пісіру ережелерінің жуықтау шамалары

Металл қалыңдығы, мм. Жік түрлері Саңылау, мм Электрод диаметрі, мм Пісіру тоғының шамасы
Жіктің төменгі қалпы Жіктің тік және төбелік қалпы
  Біржақты 1,0 3-4    
  Екі жақты 1,0-1,5 4-5 180-260 160-230
  -//- 1,5-2,0      
  -//- 2,0      

 

Металл қалыңдығына байланысты екі жиегі де қиғашталған (яғни V- тәріздес) түйіс жалғастар бір қабатты, көп қабатты және көп өтпелі жіктермен орындалады.

Жіктің тиімді ашылу бұрышы екі жағдаймен анықталады: - біріншіден, жік түбірін пісіргенде шалапісіру қаупін азайтып, ыңғайлы пісіруді (ыңғайлы бұрыш 80-900) қамтамасыз ету қажет, екіншіден, үлкен өңдеу бұрышы балқытылатын металл көлемін және пісіру деформациясын көбейтетіндігін ескеру қажет. Сондықтан қолмен доғалы пісіру қалыпты жүруі үшін жиектерді өңдеу бұрышы 600-қа тең деп алынады. Қалың жаймалар үшін (S 15 мм жоғары) оны 550-қа дейін азайтады, ал жұқа жаймаларға оны 650-қа дейін ұлғайтады.

Пісіру элементтерінің арасындағы саңылауды және жиектердің топастығын, бұл элементтердің қалыңдығына және кейбір факторларға байланысты 1,5-4 мм деп таңдалады. Пісіруді орындағанда жік түбірінің сенімді балқуын қамтамасыз ету ең қиыны болып табылады.

Осы жерде әртүрлі ақаулар жиірек кездеседі. Сондықтан мүмкіншілігінше жік түбірін кері жағынан қосымша пісіру қажет.

Қалыңдығы 4-8 мм металды бірқабатты жікпен пісіреді. Бірқабатты жиектері V – тәріздес қиғашталған жіктерді үш бұрыш түрінде көлденең тербеліс қозғалыстармен, егер жаймалардың қалыңдығы 4 мм болса жік түбірінде тоқтамай, ал егер жайма қалыңдығы үлкендеу болса, онда жік түбірінде тоқтаумен орындалады.

Қалыңдығы 12 мм және одан көбірек жайма металл түйістіріліп, жиектері Х-тәріздес қиғашталып көпқабатты немесе көпөтпелі жіктермен пісіріледі. Жіктің түрін таңдау пісірілетін металдың қалыңдығы мен оның химиялық құрамына байланысты.

Көпөтпелі жіктер электродты көлденең тербетпей енсіз жұқа жіктермен орындалады. Пісіруді тіреп пісіру әдісіне арналған электродтармен орындау ұсынылады. Бұл жағдайда электродтардың кішілеу диаметрлері – 1,6 –дан 3 мм–ге дейін (4 – мм - өте сирек) қолданылады.

Көпқабатты жік көпөтпелі жікпен салыстырғанда жоғарырақ өнімділікті қамтамасыз етеді. Кейде металл қалыңдығының барлығы жақсы пісірілуі үшін пісіруді төсемелерде жүргізеді (қалатын немесе алынатын). Бұл жағдайда, балқып тесіліп кетеді деп қорықпай-ақ, пісіру тоғын 20-30%-ға көбейтуге болады. Қалатын төсемелерді қалыңдығы 2-4 мм және ені 30-40 мм болат таспалардан жасайды. Алынатын төсемелерді мыстан, кейде керамика немесе графиттен дайындайды.

Кейбір жағдайларда пісіру төсемелерімен пісіргенде сумен салқындатылады.

 

Әдебиеттер: 1нег. [95-121], 2 нег. [162-178], 1-3 қос.

Бақылау сұрақтары

1. Бөлшектерді пісіруге дайындағанда қандай негізгі операцияны қолданады?

2. Пісіру ұстатпалары дегеніміз не?

3. Пісіру доғасын жағудың қандай әдістері сізге белгілі?

4. Қалың жаймаларды пісіру қалай орындалады?

5. Жіктің бітетін жері қалай орындалады?

6. Пісіруге дайындау операцияларын атаңыз?

7. Пісіру доғасының мөлшерлі ұзындығы дегеніміз не?

8. Электродпен тербеліс қозғалысын жасаудың қандай түрлерін білесіңдер?

9. Пісіру ережесі дегеніміз не?

10. Пісіру тоғы қалай таңдалады?

 

14‑Дәріс. Газбен пісіру және кесуге арналған аппаратурлар мен материалдар

Газбен пісіру мен кесуге арналған газдар.

Металдарды газбен пісіру мен кесуге әртүрлі газдар қолданылады: оттегі, ацетилен, сутегі, пропан т.с.с., сондай-ақ бензин және керосин булары.

Оттегі.

Газбен пісіру және кесуде газ жалынының жоғары температурасына жанар газ немесе сұйықтық буларының оттегінде жануы жолымен жетеді.

Оттегі әдеттегі жағдайда (температура мен қысымда) иіссіз, дәмсіз және туссіз, ауадан аздап ауырлау мөлдір, ашық түсті газ болып табылады. 20 0С температура және нормалы атмосфера қысымда бір кубометр оттегінің массасы 1,33 кг-ға тең. Оттегі 182,9 0С температурасында (нормалы қысымда) жанады. Сұйық оттегі мөлдір, көгілдір түрі бар. Бір литр сұйық оттегінің массасы 1,14 кг-ға тең. Бір литр сұйық оттегі буланғанда 860л газ пайда болады. Оттегін алу үшін суды электр тоғымен қыздырып ажыратады немесе атмосфералық ауаны терең салқындатады. Пісіру мен кесуге арнап үш сұрыпты техникалық оттегі шығарылады. Бірінші сұрып 99,7% - дан кем емес таза оттегін құрайды, екіншіде – 99,5%-дан кем емес, үшіншісінде – 99,2% (көлеммен). Қалдықтары азот пен аргонды құрайды. Оттегінің тазалығы пісіру мен кесу үшін (әсіресе кесу үшін) маңызы өте зор. Оттегі неғұрлым таза болған сайын, соншалықты өңдеу сапасы жоғары және оттегі шығыны аздау болады.

Қысылған оттегі әртүрлі органикалық заттарға - майларға, жанғыш пластмассаларға, көмір тозаңдарына тигенде, оларды үлкен жылдамдықпен тотықтандырады, нәтижесінде олар өздігінен жанады немесе жарылады. Оттегі жанғыш газдармен немесе булармен жарылғыш қоспалар қалыптастырады. Сондықтан, оттегі оны пайдалану ережелерін қатаң сақтауды, пайдаланғанда абай болуды қажет етеді.

Ацетилен.

Ацетилен барлық жанар газдардан кеңірек қолданылатыны болып табылады. Ацетилен оттегіне жанғанда ең жоғары температура – 3050-3150 0С алуға болады.

Ацетиленнің химиялық формуласы С2Н2, яғни көміртегі мен сутегінің қосындысы болып табылады. Техникалық ацетилен әдеттегі жағдайда ерекше иісті түссіз газ.

Ұзақ уақыт ацетиленмен демалғанда адамның басы айналып, құсқысы келеді немесе улануға дейін барады. Ацетилен ауадан жеңіл - әдеттегі жағдайда бір текше метрінде 1,09 кг массасы бар. 82,4 0С-дан 84 0С- ға дейінгі температура аралығында ацетилен сұйық қалыпқа ауысады, ал 85 0С температурасында (әдеттегі қысымда) қатаяды.

Ацетиленнің жарылғыш қаупі бар, сондықтан оны пайдаланғанда бұл жағдайы ескеру қажет. Ацетиленнің өзінше жану температурасы 240 тан 630 0С аралығында және ол ондағы қатысты заттардың құрамына және қысымға байланысты. Қысымның жоғарылауы оның өзінше жану температурасын төмендетеді.

Ацетиленнің оттегі немесе ауамен қоспасы жарылысқа өте қауыпты.

Ацетиленнің белгілі құрамында мұндай қоспалар атмосфералық қысымда жарылуы мүмкін (әсіресе қауыпты құрамында 7-13 % ацетилені бар қоспалар).

Ацетиленді (техникалығын) екі әдіспен алады:

кальций карбидінен және табиғи газдан, мұнай немесе көмірден.

Ацетиленді табиғи газдан алу кальций карбидінен алғаннан 30-40%-ға арзан.

Пропан-бутанды қоспа – бұл пропанның 5-30 % бутанмен қоспасы болып табылады. Кейде мұндай қоспаны техникалық пропан деп атайды. Пропан-бутанды қоспаны табиғи газдарды өндіргенде немесе мұнайды өңдегенде алады. Пропан-бутанды жалынның температурасы жоғары болмағандықтан (2400 0С шамасында), қоспаны қалыңдығы 3 мм –ден аспайтын болаттарды аспайтын болаттарды пісіру үшін пайдаланады. Жаймалардың үлкендеу қалыңдығында сенімді жалғас алу үшін металды қажетінше қыздыру мүмкін емес. Сондықтан төментемпературалы жалынды кескенде, бөлшекті түзету үшін қыздырғанда, сондай-ақ металл бетін отпен тазартқанда пайдаланған тиімді.

Қалыңдығы 3 мм-ге дейінгі болат жаймаларды пісіргенде пропан-оттекті пісіру сапасы бойынша ацетилен-оттекті пісіруден кем түспейді.

Пісіру жұмыстары үшін пропан-бутанды қоспа сұйықталған күйінде шығарылады. Қоспаның газды қалпына өтуі - өз еркімен баллонның жоғарғы бөлігінде қалыптасады.

Техникалық пропан – түссіз газ, ауадан ауыр және өзінше жағымсыз иісті газ.

Табиғи газ негізінде метаннан (77-98%) және басқа газдардың – бутан, пропан, пропилен және т.б. құрамдарынан турады. Газдың іс жүзінде иісі жоқ, сондықтан оның ағысын байқау үшін оған иісі қатты шығатын заттар қосылады.

Метан –оттекті жалынның температурасы пропан-оттекті жалыннан да төмен – шамасы 2100-2200 0С, сондықтан табиғи газ шектелген жағдайларда қолданылады.

Ацетилен генераторлары.

Ацетилен генераторы деп кальций карбидінен су көмегімен ацетиленді алуға арналған қондырғыны айтады.

МЕСТ 5190-78 стандарты бойынша ацетилен генераторлары келесі белгілерімен жіктеледі:

- алынатын ацетиленнің қысымымен;

- өнімділігімен;

- пайдалану әдісімен;

- кальций карбидінің сумен әсерлесу әдісімен.

Алынатын ацетиленнің қысымына байланысты генераторлар төменгі (0,02 МПа-ға дейін) және орташа (0,02-ден 0,15 МПа –ға дейін) қысымды генераторлар деп бөлінеді.

Өнімділігімен ацетилен генераторлары он түрге бөлінеді: 1,25; 3; 5; 10; 20; 40; 80; 160; 320; 640 м3/сағ.

Пайдалану әдісіне байланысты генераторларды тұрақты және жылжымалы деп бөлінеді. Біріншісінің өнімділігі 3-тен 6540 м3/сағ. дейін, жылжымалары – 3 м3/сағ. болады.

Кальций карбидінің сумен әсерлесу әдісі бойынша генераторларды сұлбасымен бөледі:

- «карбид суға» (белгіленуі КБ);

- «су карбидке» (ВК);

- «суды ығыстыру» (ВВ);

- құрама (ВК+ВВ).

Барлық ацетилен генераторлары олардың жүйесіне қарамай негізгі бөлшектерден тұрады: газ қалыптастырушы, газ жинаушы, қорғаушы затвор, ацетиленді пайдалану шамасына байланысты өндіретін ацетиленді автоматты реттеу жүйесі.

Ацетилен генераторларының құрылысы мен жұмысы.

АНВ-1,25 (40-сурет) ацетилен генераторының өнімділігі 1,25 м3/с және жұмыс қысымы 0,025-0,003 МПа. Генератор жылжымалы болып табылады, жұмыс істеу жүйесі ВВ ВК жүйесімен біріктірілген.

40 – сурет. АНВ-1,25-68 төменгі қысымды ацетилен генераторы

 

Генераторға реторта 2 пісірілген, онда тиейтін корзина 3 орналасқан тұғырдан тұрады. Генератор тұғыры екі бөлікке бөлінеді – төменгі (газ жинаушы) және жоғарғысы (су жинаушы), олар горизонталь қабырғамен 25 бөлінген. Жоғарғы бөлігі төбесінен ашық. Төменгі және жоғарғы бөліктері газ жинауыштың түбіне дейін жететін циркуляциялық түтікпен 8 өзара жалғасады. Газ жинауышпен су затворының арасында олармен резеңке түтікпен 23 және 21 жалғасқан карбид кептіргіші 22 орналасқан.

Генератор сумен тұғырдың ашық жоғарғы бөлігінен толтырылады. Су ретортаға газ шығатын түтік 28, бұрылыс 26 (вентиль 27 ашық болғанда) арқылы келеді. Реторта қақпақ 5, иін 6 және арнайы бұрандамен 7 жабылады.

Кальций карбидінің сумен әсерлесу нәтижесінде бөлінетін ацетилен түтікпен 28 газ жинауышқа жиналады да ондағы суды су жүретін түтік 8 арқылы генератордың жоғарғы бөлігіне ығыстырады. Ретортаға су газ жинауыштағы вентиль 27 деңгейінен төмен ығыстырылғана дейін беріледі.

Ацетилен бөлініп газжинауышта және ретортада оның қысымы көбейген сайын су ретортадан 2 бөлмешікке 3 (түтік 12 арқылы) ығыстырылады. Бұл жағдайда одан әрі газ пайда болуы бәсеңдейді.

Газ жинауыштан газ алынғанда ретортадағы ацетилен қысымы төмендейді, су ретортаға қайтады және газ пайда болуы үдетіледі.

Сонымен газды қолданушы (жанарғы) алу жылдамдығына байланысты, ацетилен пайда болу жылдамдығы автоматты түрде реттеледі.

Газжинауыштан газ карбид толтырылған карбид кептіргішіне 22 барады, содан кейін су бекітпесіне 14 одан нипель 15 арқылы жанарғы немесе кескішке өтеді. Су бекітпесі (затвор) 14 жалынның кері соққысынан болатын жарылыс толқынының генераторға өтуінен сақтау үшін қойылған. Ацетилен су бекітпесіне резинке түтікше 20 арқылы келеді.

Төменгі түбі мен беткітпе тұрқысы жалғанған жерде тығыздық резина төсеме 10 арқылы жасалады. Түтіктің төменгі шетінде ацетиленнің бекітпе тұғырына өтуіне арналған алты тесігі бар. Тесіктердің үстінде, ажыратқыш ретінде қойылған, шайба 9 орналасқан.

Ацетилен бақылау краны 11 деңгейіне дейін құйылған су арқылы өтіп, сақтандырғыш және газкелтіруші түтіктердің арасындағы саңылауға судың біршама бөлігін ығыстырады. Бекітпеден газ ниппель 15 арқылы шығады.

Кері соққы болған кезде жарылғыш қоспа суды сақтандырғыш және газкельтіруші түтіктерге, қоспа судан сақтандырғыш түтіктің төменгі тесігіне өткенше ығыстырады. Сақтандырғыш түтік арқылы жарылғыш қоспа суды өзімен ала кетіп, атмосфераға шығады. Түтік тегісі арқылы шыққанда судың бір бөлігі обечайкада 17 қалып, бекітпеге қайта ағады. Газөткізуші түтік тығынмен 16 жабылады.

Қысылған газдарға арналған баллондар. Баллон вентильдері.

Қысылған газдарға арналған баллондарды құрылғылық ерекшеліктері және сиымдылығымен бөледі. Сиымдылығы 40 дм3 баллондар көбірек таралған. Баллондар әртүрлі бояулармен боялады., олар баллондағы газдардың түрлерін білдіреді. Баллонның жоғарғы бөлігінде боялмаған жерге баллонның құжаттық берілгендерін жазады: дайындаушы –заводтың тауарлық белгісі, баллон нөмірі, бос баллонның массасы, дайындалған күні, келесі сынақ жылы, сиымдылығы, жұмыстық және сынақ қысымы, ОТК белгісі. Баллондарды сынау пайдаланған әрбір бес жылда бір өткізіледі. Оттегін баллондарға 15 МПа қысымына дейін толтырады. Оттегің баллон ішіндегі көлемін (нормалы қысымға аударғанда) анықтау үшін газ қысымын (манометр көрсетуінен) баллонның сиымдылығына көбейту қажет. Мысалы: баллонның сиымдылығы 40 дм3, қысымы 15 МПа болғанда ондағы оттегі көлемі 150х40=6000 дм3 болады.

Ацетилен баллондары қуыс массамен (пемза, ағаш көмірі т.с.с) толтырылады да ацетилен жақсы еритін ацетонмен қанықтырылады. Массалардың қуыстықтарындағы ацетонға еріген ацетилен жарылысқа қауіпсіз, оны қысыммен баллонда сақтауға болады. Әдеттегі жағдайда (қысым мен температура) ацетонның бір көлемі ацетиленің 23 көлемін ерітеді. Толтырылған баллондағы еріген ацетиленнің қысымы 200С-да 0,19 МПа –дан аспауы қажет.

Баллоннан ацетиленді алғанда біршама ацетонда шығады. Сондықтан ацетон шығынын азайту үшін ацетиленді баллоннан жылдамдығы 1700 дм3/сағ. асырып алуға болмайды.

Баллондағы қалдық қысым 200Стемпературада 0,05-0,1 МПа, 25-35 0С-да – 0,3 МПа болуы қажет. Ацетилен баллондары жұмыс істегенде әрқашанда тік қалпында болуы керек.

Сұйықталған газдарға (пропан-бутан) арналған баллондар қалыңдығы 3 мм көміртекті Ст.3 болатынан пісіріледі. Баллондар сиымдылығы 27,40, 50, 80 дм3 болып шығарылады. Баллондар қызыл түске боялып, ақ түспен жазу жазылады (мысалы: «Пропан»).

41-суретте пропан-бутанға арналған баллонның құрылымы көрсетілген.

41 –сурет. Пропан-бутанға арналған баллон

 

Баллон вентильдері. Барлық баллон вентильдері арналуы және әсерлесу принципімен бірдей, ал құрылымдары біршама өзгешелеу.

Вентиль қысымды немесе сұйықталған газдарды баллондарда сақтауға мүмкіншілік беретін бекітетін қондырғы. Вентильдің ұшына конус бұрама болады, ол әртүрлі типті баллондарға жасалған (вентильді тек қана арналған баллонға қою үшін).

Оттегі баллонының вентилін, оттегі ортасында тоттануға беріктігі бар, жезден жасайды.

Оттегі вентилі ластанбауы қажет, әсіресе майлармен. Оттегі вентильдерін аргон, азот, қысылған ауа және көмірқышқыл газы бар баллондарға орнатуға болады.

Ацетилен баллондарының вентильдерін болаттан жасайды, өйткені мыс қорытпалары ацетиленмен жарылғыш қоспа –ацетиленді мыс қалыптастырады.

Қысымды газдарға арналған бәсеңдеткіштер.

Газ бәсеңдеткішінің негізгі арналуы жүйедегі немесе баллондағы газ қысымын жұмыс қысымына дейін төмендету және оны баллондағы немесе жүйедегі газ қысымы өзгеруіне қарамай, керек деңгейде автоматты түрде ұстап түру.

Барлық бәсеңдеткіштердің жұмыс принципі бірдей (42-сурет). Бәсеңдеткіштің екі бөлмешігі бар: жоғары қысымды 2 және төменгі қысымды 6. Бөлмешіктегі 2 қысым баллонның қысымымен тең, өйткені бөлмешік бірден баллонмен жалғанады.

а — жұмыс істемейтін қалпы, б — жұмыс қалпы

42 – сурет. Бәсеңдеткіштің құрылым сұлбасы және жұмысы

 

Бөлмешектер арасында екі серіппе 3 және 8 әсер ететін клапан 1 бар. Бұл серіппелердің қысу күшінің қатынасына байланысты клапан ашық, немесе жабық болады. Серіппенің қысымы бұрандамен 9 реттеледі. Клапанды 1 жабу үшін серіппені 8 толығынан босату қажет (яғни бұранды 9 босату қажет).

Төменгі қысым бөлмешігі 6 газды вентиль арқылы жанарғымен жалғасады, ал жанарғыдағы газ қысымы бөлмешіктегі газ қысымына тең.

Егер бұранданың 9 бір қалпында бәсеңдеткішке келген және шыққан газ бірдей болса (бөлмешіктегі қысыммен шатастырмау қажет), онда жұмыс қысымы тұрақты болып, мембрана 7 бір қалыпта болады. Егер алынатын газдың көлемі келетін газдың көлемінен көп болса, онда бөлшектегі 6 қысым азаяды. Осының әсерінен қысатын серіппе 8 ұзарады да диафрагма қалпы өзгереді, клапан 1 көбірек ашылып, газдың бөлмешікке 6 келуі көбейеді. Газдың шығынын азайтқан жағдайда бөлмешіктегі 6 қысым көбейеді де ол диафрагманы 7 кері жағына иілуге мұқтаж етеді. Мұнда клапан 1 жабыла бастайды да, газдың келуі азаяды. Осылайша қысымды ұстау автоматты түрде қамтамасыз етіледі.

Бәсеңдеткіштер бірқатар белгілерімен бөлінеді:

- әсер ету белгілерімен (тура және кері әсер ету);

- өткізу қабілеттілігімен;

- газдың жұмыс қысымымен;

- газдың түрімен.

Бірсатылы (бірбөлмешікті) бәсеңдеткіштерден басқа, газ қысымының азаюы екі сатыда өтетін екісатылы (екібөлмешікті) бәсеңдеткіштер шығарылады. Мысалы: Оттегі бәсеңдеткішінде бірінші сатысында қысым 15 МПа- дан 5 МПа-ға дейін, ал екінші сатысында -5 МПа –дан жұмыс қысымына дейін азайтылады.

Екі сатылы бәсеңдеткіштер бірсатылылармен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар:

- берілген қысымды дәлдеу ұстап тұруы;

- жұмыс процесінде газ қысымын жиі реттеуді қажет етпейді;

- төменгі температурада қатпайды.

Мұндай бәсеңдеткіштердің кемшілігі құрылымының күрделіректігі болып табылады.

Ацетилен бәсендіргіші жұмыс принципі жағынан оттегінікімен ұқсас, бірақ баллонға жалғау әдісімен өзгешелеу. Осындай айырмашылығымен басқа жанар газдарға арналған бәсеңдеткіштер де ерекшеленеді.

Әртүрлі газдарға арналған бәсеңдеткіштердің тұғырлары газ баллондары боялған түрге боялады. Өнеркәсіп бәсеңдеткіштердің әртүрлі таңбаларын шығарады: баллонға оттегінікі бірсатылы ДКМ-1-65, екісатылы ДДК-8-65 және ДКД-15-65, баллонға ацетилендікі ДАП-1-65, екісатылы ДАД-1-65, сутегі бәсеңдеткіші ДВП-1-65, пропан-бутандікі ДПП-1-65. Аргон үшін бәсеңдеткіштердің АР-10, Ар-40, АР-150 таңбалары шығарылады.

Газ түтігі (шлангі).

Газ түтіктері газды кескішке немесе жанарғыға беруге арналады. Түтіктер резеңкеден бір немесе екі мата қабаттарымен жасалады. Түтіктер үш түрмен шығарылады (МЕСТ 9356-75):

- I – түрі – ацетилен мен ацетиленді алмастыратын газдар (пропан және басқалары) үшін;

- II – түрі – сұйық жанғыштар үшін (түтіктер бензинге берік резинадан жасалып шығарылады);

- III – түрі – оттегі үшін.

Түтіктер әртүрлі ішкі диаметрлерімен шығарылады: 6, 9, 12, 16 мм және басқалар). Қуаты төмен жанарғыларға ішкі диаметрі 6 мм түтіктер қолданылады.

Газға арналған түтіктер газдарға сай боялған болады: ацетиленге – қызыл түсті, оттегіне – көк, түтігі сүйық жанғыштар үшін (II-түрі) – сары түске боялады.Төмен температурада (-35 0С-дан төмен) жұмыс істегенде аязға берік резинадан жасалған боялмаған түтіктер қолданылады. Қолданғанда түтіктің ұзындығы 4,5 м жоғары 20 метрден аспайтындай болуы керек (ұзындау түтіктерді пайдаланғанда газдың қысымы елеулі төмендейді). Жеке жағдайларда түтіктердің ұзындығы 40 м дейін қолдану руқсат етіледі. Түтіктер бәсеңдеткіштерде, жанарғыларда, сүйық жанғыштардың сиымдылықтарында сенімді бекітілуі қажет.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 1614; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.09 сек.