Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сурет. Генераторлар 4 страница




Түтіктер тиісті жұмыс қысымына сай шығарылады: I және II-түрі үшін – 0,6 МПа-ға дейін, III – тип үшін – 1,5 МПа-ға дейін.

Пісіру жанарғылары.

Пісіру жанарғысы дегеніміз жанар газды (немесе жанғыш сұйықтық буларын) оттегімен араластыруға және пісіру жалынын алуға арналған техникалық қондырғы.

Пісіру жанарғынарының жіктелуі (МЕСТ 1077-69):

- қолданылатын жанар газдың (немесе сұйықтықтың) тегімен: ацетиленге, алмастыратын газдар үшін, сутегі газы үшін, сұйық жанғыштар үшін;

- арналуына қарай: әмбебап (пісіру, кесу, дәнекерлеу, балқыту үшін) және арнайыландырылған (белгілі бір операцияны орындау үшін);

- жанар газ бен оттегін араласатын бөлмешікке беру әдісімен (инжекторлы және инжекторсыз жанарғылар);

- жалын санымен (көпжалынды және бір жалынды);

- жалын қуатымен: микроқуатты жанарғылар ацетилен шығыны 5-60 л/с, қуаты аздау (25-700л/с), орташа қуатты (50-2500 л/с), қуаты үлкен (2500-7000 л/с);

- пайдалану әдісімен (қол жанарғылары және машиналық жанарғылар).

Инжекторлы жанарғының жұмыс принципі (43‑сурет):

 

1, 16— оттегі және ацетилен емігі, 2 — тұтқа, 3, 15 — оттегі және ацетилен түтігі (жолы), 4 — тұғыр, 5, 14 — оттегі және ацетилен вентилі, 6 —бастиек емігі, /— мүштік, 8 — пропан-бутан-оттегі қоспаларының мүштігі, 9 — штуцер, 10 — жылытқыш, 11 — жанғыш қоспа түтігі, 12 — смесительная камера, 13 — инжектор; а, б — инжектораралыстырғыш бөлмешіктің шығыс арнасының диаметрі, в — инжек­тор мен араластыру бөлмешігінің арасындағы саңылау мөлшері, г — қоспаны қыздыруға арналған штуцеріндегі бүйір тесіктері, d – мүштік тесігінің диаметрі

43 – сурет. Инжекторлы жанарғының құрылысы

 

Инжекторлы жанарғыларда араластыратын бөлмешікке жанар газ беру шүмектің (сопло) тесігінен үлкен жылдамдықпен шығатын оттегі ағынының оны соруы әсерінен болады. Қысымы төмендеу газды жоғарырақ қысыммен келетін оттегі ағынымен сору процесі инжекция деп аталады. Осындай принцип қолданылатын жанарғылар инжекторлы деп аталады. Инжекторлы жанарғылардың дұрыс істеуі үшін ацетилен қысымы оттегі қысымынан (0,001-0,12 МПа және 0,15-0,5 МПа тиісінше) елеулі төмен болуы қажет. 43 – суретте инжекторлы жанарғы қондырғысының сұлбасы келтірілген.

Жанарғы екі негізгі бөліктен тұрады – сабы және бастиегі. Сабында, оттегі емігі 1 мен ацетилен емігі 16 түтікшелерімен 3 және 15, қолсап 2, тұғырында 4 ацетилен 14 және оттегіне 5 арналған екі вентильдер орналасқан.

Вентильдер жаққанда газ беру үшін, жалынды сөндіргенде газды тоқтатуға, сондай-ақ газ шығынын реттеуге арналады.

Жанарғының бастиегі араластыру бөлмешігінен 12, инжектордан 13, түтікше 11, бастиек емігінен 6 және мүштіктен 7 тұрады. Барлық бастиек түйіні жанарғы сабы тұғырына арнайы қапсырма сомынмен жалғасады.

Жанарғы жиынтығына бірнеше әртүрлі нөмірлі бастиектер енеді. Әрбір бастиекке арналып инжектор арнасының мөлшері және мүштік мөлшері белгіленген.

Пропан-оттекті жанарғылардың құрылымы басқаларынан, пропан-оттекті қоспаны қыздыруға арналған мүштік алдындағы қондырғы 10 болуымен, айырмашылығы бар.

Қосымша қыздыру жалын температурасын жоғарлату үшін қажет.

Инжекторсыз жанарғылар.

Инжекторсыз жанарғыларда жанар газ бен оттегі шамасы бірдей қысыммен (0,05-0,01 МПа) беріледі. Жанарғыда инжектор болмайды: оның орнында жанарғы бастиегінің құбырына бұралатын, қарапайым араластыру шүмегі бар (44 – сурет). Оттегі майысқақ түтікпен емік 4, вентил 3және арнайы мөлшерлі арна арқылы жанарғының араластырғышына беріледі. Осылайша ацетиленде жанарғыға беріледі.

 

44 – сурет. Инжекторсыз жанарғының сұлбасы

 

Жақсы пісіру жалынын қалыптастыру үшін жанар қоспа жанарғыдан белгілі жылдамдықпен шығуы қажет, атап айтқанда жану жылдамдығымен. Егер шығу жылдамдығы жану жылдамдығынан көп болса, онда жалын мүштікпен шығып үзіліп кетіп, сөнеді. Егер керісінше болса, яғни газдың шығу жылдамдығы оның жану жылдамдығынан аз болса, онда жанар қоспа бастиектің ішінде жанады.

Осыған байланысты пісіру постылары (орындары), ацетилен мен оттегі қысымдарының теңдігін қамтамасыз ететін, қосымша автоматты реттегіштермен жабдықталады.

Жанарғыларды пайдалану ережелері.

Жарамды жанарғылар нормалы тұрақты пісіру жалынын береді. Егер жануы біркелкі болмаған жағдайда жалын сөнеді немесе мүштіктен үзіліп шығады. Егер кері соққы болса жанарғысының барлық түйіндерін тексеру және реттеу қажет. Реттеу алдында жанарғы пайдалану нұсқауламасымен ұқыпты танысу қажет.

Жанарғы инжекторын тексеру алдында оттегі майысқақ түтігін жалғау қажет, ал жанарғы тұғырына бастиекті бұрап орнату қажет. Жарамсыз жанарғылармен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді, өйткені жарылыс, өрт болуы мүмкін, сондай-ақ газбен пісіруші күйіп жарақат алуы мүмкін.

Газбен пісіруді пайдалану аумағы.

Газбен пісіру балқытып пісіруге жатады. Газбен пісіру салыстырмалы түрде қарапайым, күрделі жабдықтарды және электр энергиясымен нәрлендіру көзін қажет етпейді. Газбен пісірудің доғалы пісіруге қарағанда кемшіліктеріне, бірінші ретте, аздау жылдамдығы мен үлкен қыздыру аумағы жатады.

Жұқа болат жаймаларды (1,5 мм-ге дейін) газбен пісіргенде өнімділігі қаптамалы электродтармен доғалы пісіргенге қарағанда бір жарым есе жоғары. Дегенмен жайма қалыңдығы 2 мм-ден асқанда доғалы пісірудің өнімділігі жоғарылайды. Сондықтан көп жағдайларда газбен пісіру әртүрлі электрлі пісіру түрлерімен ығыстырылады. Газбен пісіру диаметрі кіші және орташа құбырларды жинастыруда, құйылған шойын бұйымдарды жөндегенде, алюминий, мыс және жез бұйымдарын пісіргенде, балқытып қаптастырғанда қолданылады.Газ жалынын дәнекерлегенде пайдалану өте ыңғайлы. Газбен пісірудің беріктігі, пластикалылығы және жік металының тұтқырлығы, пісірілетін металл қалыңдығына қарамай, доғалы пісіруден төмен.

Пісіру жалынын таңдау және реттеу.

Пісіру жұмыстарын орындағанда пісіру жалынының жылу қуаты жеткілікті болуы қажет. Жылу қуаты пісірілетін металл қалыңдығына және оның физикалық қасиеттеріне байланысты таңдалады. Жылу жалынының қуаты жанарғыдан өтетін ацетилен көлемімен анықталады, ол жанарғының бастиегімен реттеледі.

Әртүрлі металдарды пісіру үшін пісіру жалынының белгілі бір түрі – қышқылды, нормалы немесе көміртектіленген түрлері қажет. Газбен пісіруші жалынның қажетті түрін көзбен таңдауды білуі қажет.

Оң және сол пісіру.

Газбен пісіргенде оң және солға пісіру деп бөледі. Оңға пісіргенде (28-сурет) газ жанарғысын солдан оңға қарай жылжытады, ал солға пісіруде – оңнан солға қарай жылжытады.

Солға қарай пісіру әдісінде қосынды сым жалының алдында болады, оң пісіруде – оның артында болады. Солға қарай пісіру әдісінде жалын пісірілмеген жағына бағытталған. Жиектерді бірқалыпты қыздыруды қамтамасыз ету үшін және пісіру ваннасы металының жақсы араласуы үшін бастиек пен қосынды сымның қозғалыстары зигзаг тәріздес жасалынады.

Солға пісіру көбірек таралған және жұқа жаймалар (5 мм-ге дейн) мен жеңіл балқитын металдарды пісіруге қолданылады. Бұл жағдайда солға пісіру әдісі көбірек өнімділікті және құнының төмендігін қамтамасыз етеді.

Солға пісіру әдісінде негізгі металдық жиектері алдын-ала қыздырылады, ол пісіру ваннасының жақсы араласуына ықпал етеді.

Пісіруші жігін жақсы көреді, сондықтан жіктің сыртқы түрі оң пісіру әдісіне қарағанда жақсырақ. Бұдан да басқа, солға пісіру әдісі оңға пісіруден қарапайым, пісіруші дәрежесінің жоғарылығын қажет етпейді.

Жаймалардың қалыңдығы 5 мм-ден жоғары болғанда оңға пісіру әдісі тиімдірек. Ол сондай-ақ, жылуөткізгіштігі жоғары металдарды пісіру үшін қолданылады.

а —солға, б — оңға

45 сурет – Оңға және солға газбен пісіру

 

Оң пісіру әдісінде жалын пісірілген жікке бағытталған, бұл пісіру ваннасын аудағы оттегі мен азоттан қорғауды жақсы қамтамасыз етеді, сондай-ақ кристалдану процесінде жік металының салқындауын баяулатады. Осының салдарынан жік сапасы оң пісіруде солға пісіруден гөрі жоғары.

Оң пісіру жалын жылуының шашырауы соң әдістен гөрі аздау. Сондықтан жиектерді өңдеу бұрышы 90 0 емес, аздау – 60-70 0 құрайды. Бұл балқитын металдың көлемін азайтып, бұйымның шалыстануын төмендетеді.

Пісірудің оң әдісіне жанарғы мүштігімен толқу қозғалыстарды жасамайды, ал қосынды сыммен спираль тәрізді қозғалыстар жасайды., онда да қозғалыс амплитудасы сол әдісіне қарағанда аздау.

Пісіру жалынының қуаты (болат үшін) сол әдіспен пісіргенде ацетиленді 100-130 дм3/с, және оң жақ пісіру әдісінде 120-150 дм3/с ацетиленді 1 мм пісірілетін металл қалыңдығына деген есеппен таңдалады.

Жанарғы және қосынды сымның қалпы.

Газ жанарғысы жалыны пісірілетін металдың жиегі ядро шетінен 2-6 мм қашықтықта қалпына келтіру аумағында болатындай етіп бағытталады.

Жалын ядросының шетін металл мен қосынды сымға тигізуге болмайды, өйткені ол пісіру ваннасы металын көміртектендіреді, жалынның кері соққысын қалыптастырады.

Металды қыздыру жылдамдығы пісірілетін металл бетіне мүштіктің көлбеу бұрышын өзгертумен реттеледі. Бұл көлбеудің шамасы (α – бұрышы 46 –суретте) пісірілетін металдың қалыңдығы мен түріне байланысты таңдалады.

Металл қалыңдығы коп болған сайын, көлбеу бұрышы да (α) көп болуы керек, мұнда пісірудің басында көлбеу бұрышы біршама көбірек қойылады да, металл қызғаннан кейін оны қажетті бұрышқа дейін азайтады. Пісіру соңында, керісінше, көлбеу бұрышын бірте-бірте азайтады.

46 – сурет. Жанарғы мүштігінің көлбеу бұрышының графигі

 

Қосынды сымның көлбеу бұрышы әдетте 30-40 0 шамасында, оны пісіруші әртүрлі факторларға байланысты – жіктің кеңістіктегі қалпы, көпқабатты жіктің қабат санына т.б.б. байланысты реттейді.

Қоршаған ауадан жанарғы газының қалпына келтіру аумағы қорғайтындай пісіру сымының ұшы тұрақты түрде пісіру ваннасының ішінде болуы қажет. Олай болмаса сым металының қышқылдану қаупі болады.

Пісіру процесінде мүштік ұшы бір мезгілді екі қозғалыс жасайды – бойлық (негізгі) ось бойымен және қосымша, жік осіне перпендикуляр.

Көлденең қозғалысы негізгі металдың жиегімен қосынды металды және қажетті енімен жік алу үшін бірқалыпты қыздыруға қолданылады. Бұл қозғалыстар әртүрлі әдістермен орындалады (47-сурет).

Бірінші әдісті жарнағы жалыны мезгіл-мезгіл сыртқа бағытталады. Бұл газбен пісіргенде қолдануға ұсынылмайды, балқыған металдың ауамен қышқылдануы мүмкін.

 

47 – сурет. Жанарғыны жылжыту әдісі

 

Екінші әдіс – спиралмен қозғалу және үшіншісі – «жарты ай» түрімен қозғалу, бұл - қалыңдығы орташа металдарды пісіргенде қолданылады. Төртінші әдіс жұқа жаймаларды пісіруге қолданылады.

Бұйымды пісіруге дайындау және құрастыру.

Газбен пісірудің алдында пісірілетін металдың жиектерді және оған жақын учаскелер күйдірме, тот, бояу және басқа ластықтардан тазартылады. Металды барлық қалыңдығында толық балқуы үшін газбен пісірудің алдында пісірілетін бөлшектердің жиегін дайындау жасалады.

Пісіру алдында бөлшектерді өзара қысқа жіктермен (ұстатпалармен) жалғастарады, бұл бөлшектер арасының саңылауы пісіру процесінде тұрақты қалуы үшін жасалады. Ұстатпалардың мөлшері мен олардың ара қашықтығы пісірілетін металдың қалыңдығына және жік ұзындығына байланысты таңдалады.

Жұқа жаймаларды пісіргенде және қысқа жіктер болғанда ұстатпа ұзындығы 5 мм –ден аспауы қажет, ал олардың арасының қашықтығы - 50-100 мм. Қалың жаймаларды пісіргенде және ұзындығы елеулі жіктерде ұстатпа ұзындығы 20-30 мм шамасында, олардың арасының қашықтығы 300-500 мм. Ұстатпаларды пісіру ережелеріне сай орындайды.

Әртүрлі кеңістік қалпында газбен пісіру.

Газбен пісіруде төменгі, көлбеу және төбелік жіктер орындалады. Ең көбірек қиындық төбелік жіктерді пісіргенде кездеседі: пісіру ваннасы металының тамшылары төмен ағады, пісіруші жіктегі сұйық металды газ жалынымен үрлеп ұстатуы қажет.

 

а — жиегінен пісіру; б — жік ортасынан пісіру

48 – сурет. Жіктерді жасау реті

Төменгі жіктерді пісіру барлығынан жеңілдеу: балқыған металл ауырлық күші әсерінен кратерге ағады және пісіру ваннасынан сыртқа ақпайды. Мұнда пісірушіге процесін бақылау ыңғайлы.

Ұзын жіктерді пісіргенде сатылы немесе керісатылы пісіру әдістері қолданылады. Барлық жіктерді белгілі ретпен пісірілетін учаскелерге бөледі (48-сурет).

Тік жіктерді әртүрлі әдістермен пісіреді: а) жұқа бөлшектерді – оң әдіспен жоғарыдан төменге, немесе сол әдіспен төменнен жоғары (49-сурет).

а — жоғарыдан; б, в — төменнен; г — екі жікпен пісіру сұлбасы

49 – сурет. Тік жіктермен пісіру

 

Төбелік жіктерді пісіргенде алдымен жиектерін балқығанша қыздырады; осы кезде пісіру ваннасына, ұшы тез балқитындай, қосынды сымды енгізеді. Балқыған металл төмен ағудан газ жалынының қысымымен ұсталады. Пісіруді оң әдіспен әрқабаты аздау қалыңдықпен бірнеше қабат етіп жүргізеді.

Газбен пісіргенде бір қабатты және көп қабатты жіктер жасалады. Қалыңдығы 10 мм-ден жоғары жаймаларды үш және одан көп қабат жасаумен пісіреді.

Газбен пісіргенде көп өтпелі жіктер қолданылмайды, өйткені енсіз жіктерді жасау өте қиын.

Газбен пісірудегі кернеулер мен деформациялар.

Газбен пісіргенде пісірудің басқа түрлеріне қарағанда пісіру аумағы үлкен. Сондықтан газбен пісіргенде пісіру деформациясының шамасы үлкен болады.

Газбен пісіргенде деформацияны азайту үшін төменгі ұсыныстарды орындау қажет:

- пісіру ережесін дұрыс таңдау;

- бөлшекті бірқалыпты қыздыру;

- балқытылған металдың көлемін бірқалыпты бөлу;

- пісіру жіктерінің дұрыс жасалу тәртібін сақтау;

- бөлшектерді аздау нүктелермен ұстатпа жасау.

 

Әдебиеттер: 1 нег. [121-154], [160-171], 3 нег., 1-3 қос.

Бақылау сұрақтары

1.Газды пісіру мен кесуге қандай газдар қолданылады?

2.Оттегінің қандай қасиеттері бар?

3.Ацетилен дегеніміз не?

4.Пропан-бутан қоспалары және табиғи газдар қандай мақсатта қолданылады?

5.Ацетилен генераторының құрылысын жазыңыз?

6.Ацетилен генераторы қалай жұмыс істейді?

7.Кальций карбидінен ацетиленді қалай алады?

8.Кері соққы дегеніміз не?

9.Газ бәсеңдеткіші дегеніміз не, ол не үшін қолданылады?

10.Пісіру жанарғысы дегеніміз не?

11.Пісіру жанарғыларының қандай түрлері бар?

 

15‑Дәріс. Пісіру және кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Доғалы пісірумен байланысты жұмыстарды орындағанда жұмысшылардың денсаулығына және өміріне қауіпті төмендегі жағдайлар болады:

- доға сәулесімен көзді және терінің ашық беттерінің зақымдануы:

- бұйымды пісіруге дайындау процесінде және пісіру кезінде жарақат алуы;

- электр тоғымен зақымдануы;

- балқыған металл мен қождың шашыраған тамшыларынан дененің күйіп қалуы;

- зиянды газдармен улануы;

- қысыммен тұрған ыдыстарды пісіргендегі жарылыстар;

- тез жанатын және жарылысқа қауіпті заттар мен жақын істегендіктен болатын жарылыстар;

- балқыған металл мен қождан болатын өрттер.

Электр тоғымен зақымдану.

Электр тоғымен зақымдану пісіру аппаратының электр тізбегінде қысқа тұйықталу болып тоқ адам денесінен өткенде болады.

Мұндай қысқа тұйықталу себептері төмендегендей:

- пісіру сымдары мен аппараттарының электр оқшаулауы жеткіліксіздіктен;

- пісірушінің арнайы киімі мен аяқ киімінің нашарлығынан;

- бөлменің ылғалдығынан;

- бөлменің тарлығынан;

- және басқа факторларға байланысты.

Қысқа тұйықталғанда адам арқылы өтетін электр тоғының шамасына байланысты ол келесі жарақаттар алуы мүмкін (тоқтың жиілігі 50Гц):

- ток күші 0,6-1,5 мА – қолдың женіл дірілдеуі;

- ток күші 5-7 мА – қолдың тартылуы;

- ток күші 8-10 мА – қол және саусақтар қатты ауырады және тартылады;

- ток күші 20-25 мА – қол қозғалмайды, демалу қиындайды;

- ток күші 50-80 мА – демалу тоқтатылады;

- ток күші 90-100 мА – демалу тоқтатылады, 3 сек. артық әсер етсе жүрек тоқтайды;

- ток күші 3000 мА және әсер ету уақыты 10 с болса – демалу мен жүрек тоқтайды, дене құрылымы бұзылады.

Яғни адам өміріне қауіпті деп 100 мА немесе 0,1 А шамасындағы тоқтың күшін санау керек. Егер электр тоғының жиілігі 600 Гц болса, онда оның қауіпті әсері елеулі азаяды.

Электр тоғының әсері адам денесі кедергісінің шамасына елеулі байланысты. Дененің кедергісі ішкі жағдайларға (шаршау, психологиялық басылу т.б.) және сыртқы жағдайларға (температура, ылғалдылығы, газдануы т.б.) баланысты.

12В кернеу қауіпсіз деп саналады, ал құрғақ, жылытатылатын және желдетілетін бөлмелерде 36 В қауіпсіз деп саналады.

Электр тоғының зақымдауынан қорғану.

Пісірушіні электр тоғының зақымдауынан қорғау үшін төменгі шарттарды сақтау қажет:

- доғаны нәрлендіру көзінің тұғырлары мен пісіру бұйымын сенімді жермен қосу қажет;

- жермен қосу сымдарын кері сым есебінде пайдаланбау қажет;

- электродұстауыштың қолсабын сенімді оқшаулау қажет;

- құрғақ және мықты арнайы киім және қолғаптармен жұмыс істеу қажет;

- далада істегенде жауын жауғанда және қар жауғанда жұмысты тоқтату қажет;

- жабдықтар мен аппараттарды жөндеуге болмайды (мұндай жұмысты электрик жасауы керек);

- ыдыстардың ішінде істегенде резеңке кілемше мен кернеуі 12В-тан аспайтындай тасылмалы шамды пайдалану қажет.

Жермен қосу.

Қорғану үшін жермен қосу-бұл электр қондырғылары бөлшектерін жермен металл сым арқылы қосу. Авариялық жұмыс жағдайында тұйықталған тізбекте жер өткізгіш есебінде пайдаланылады.

Электр жабдықтарын дұрыс жермен қосқанда екі параллель электр тармағы қалыптасады: біріншісі - аз кедергімен (3-4 ом), ал екіншісі, адам кіретін жағдайға, үлкен кедергімен (2000 ом). Сондықтан, кернеуде тұрған нәрлендіру көзінің тұғырына адам денесі тигенде, тоқ адам денесі арқылы, іс жүзінде өтпейді.

Жермен қосу кернеу шамасы мен электржабдықтау жүйесіне (оқшауланған нейтраль немесе жермен қосылған нейтральмен) байланысты орындалады.

33-суретте жермен қосылған жүйеден пісіру трансформаторын нәрлендірген жағдайда оны жермен қосу сұлбасы келтірілген. Сұлбада көрсетілгендей, бірфазалы пісіру трансформаторын нәрлендіру үшін, қосу пунктінен трансформатордың кіріс қорабына дейін, үш талшықты шланғалы кабель қолданылған. Кабельдің үшінші талшығының бір шеті қосылу пунктының тұғырына, ал екіншісі трансформатор тұғырының жерге қосу бұрандасына жалғанған.

Жылжитын пісіру қондырғыларында тасымалы жерге қосу құрылымдары пайдаланылады.

Электр тоғынан зақым алғанда бірінші көрсетілетін көмек.

Бірінші ретте зақымдаушыдан тоқ өтетін сымды ажырату қажет. Бұны құрғақ тақтаймен, ағашпен т.с. алып тасталады немесе сымды өткір қолсабы оқшауланған сайманмен қырқып жіберу қажет. Бәрінен жақсысы, егер мүмкіншілік болса, ажыратқышты немесе сақтандырғышты бірден ажырату. Зақым алған адамға таза ауа ағынын және толық тыныштық қамтамасыз ету керек.

Электр тоғымен зақымданғанда барлық жағдайда дәрігерді ертерек шақырған абзал.Электр тоғымен зақымданғанда адам клиникалық (жалған) өлім жағдайында болуы мүмкін. Бұл жағдай -12 минутқа созылады. Бұл уақытта адам медициналық көмек көрсетумен, қолдан демалдыру немесе жүрекке массаж жасаумен бұрынғы қалпына келеді. Адам өлімін тек қана дәрігерлер айтады, оған дейін дәрігер келгенше көмек көрсете беру керек.

Көздің зақымдануы.

Электр доғасы үш түрлі сәуле шығарады: жарық, инфрақызыл және ультракүлгін.

Пісіру доғасының жарық сәулесі көзді көрсетпей қалдыратындай қабілеті бар, өткені оның жарығы көзге қажетті жарықтан 10000 есе артық.

Инфрақызыл сәуле шығаруы ұзақ әсер еткенде ғана көзді зақымдандырады.

Ультракүлгін сәуле шығару жақын қашықтықта қысқа мерзімді әсер етсе де көз ауруын – электрофтальмия (жарықтан қорқу)деп аталатын ауыру болдырады. Аурудың негізгі белгілері - көздің тілгендей ауруы, жасаурау, көрудің уақытша нашарлауы. Ауру белгілері сәулеленгеннен кейін бірнеше сағаттан кейін білінеді. Электрофтальмияны «Альбуцид» тамшылары немесе мырыш тамшыларымен 2-3 күнде емдеуге болады. Сондай-ақ салқын шәймен жуып, салқын компресс жасауға болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 1897; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.109 сек.