Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Пісіру трансформаторларын эксплуатациялау




Әртүрлі пісіру тәсілі үшін трансформаторды таңдап алу кезінде ең бірінші осы пісіру жағдайына доғаның вольт-амперлік сипаттамасының түрін анықтайды. Содан кейін пісіру трансформаторының пайдалану жағдайын және тағайындалған элеткрлік параметрлерді негізге ала отырып қуаттылығы жеткілікті пісіру трансформаторын таңдап алады. Сонымен қатар трансформатордың сыртқы сипаттамасы доғаның вольт-амперлік сипаттамасына сәйкес келуі керек.

Қолмен доғалы пісіруге арналған трансформаторлар тасымалды (пісіру тогы 125-тен 250 А-ге дейін, жұмыс кернеуі 25-тен 30 В дейін болғанда) және жылжымалы (ток 250-ден 500 А, жұмыс кернеуі 30-дан 40 В дейін болғанда) болып шығарылады.

Автоматты пісіруге арналған трансформаторлардың номинальды тогы 500-ден 2000 А дейін, жұмыстық кернеуі 48-ден 76 В дейін.

Электрқожды пісіруге сыртқы вольт-амперлік сипаттамасы қатаң арнайы бір фазалы немесе үш фазалы трансформаторлар (ТШС-1000-1, ТШС-1000-3 және т.б) қолданылады.

Кез келген пісіру жабдықтарын эксплуатациялау барысында олар тозуға ұшырайды. Пісіру сапасының жақсы болуы бірінші кезекте осы жабдықтардың дұрыс, яғни өзінің құжаттық сипатамасында көрсетілген параметрлермен жұмыс істеуіне байланысты. Сондықтан пісіру жұмыстарымен қоса жабдықтарғы техникалық қызмет көрсету жұмыстарын да жүргізіп отыру пісірушінің басты міндеттерінің бірі болу керек.

Барлық трансформаторларға тән, пайдалану барысында кездесетін кейбір ақаулықтар және олардың пайда болуының мүмкін болатын себептері 7-кестеде келтірілген.

 

Пісіру трансформаторларындағы негізгі ақаулықтар

7-кесте

Ақаулықтар Пайда болу себебі
   
Трансформатор қосылмайды Тізбекте үзік бар
  Трансформаторды қосқанда қорғаныстық элемент іске қосылады 1) Бірінші реттік орамада қысқа тұйықталу бар (нәрлендіруші сымдардың бір-бірімен, катушка ормдарының, тұрқы мен нәрлендіруші сымдардың бірі-бірімен тұйықталуы, конденсатордың тесілуі және т.б.); 2) Магнитөткізгіш оқшаулағышының бүлініп, сол арқылы
  болат тілімшелер аралығындағы тұйықталулар; 3) Бірінші реттік орамадан екінші реттік орамаға кернеудің тікелей берілуі (екінші реттік орама сымдарының біреуін жерлестіру кезінде);
4) Нәрлендіру желісінің кернеуі қателікпен екінші реттік орамаға берілген немесе трансформаторға тұрақты ток кернеуі берілген.

7-кестенің жалғасы

   
Трансформатор тұрқында (корпусы) кернеу бар Бірінші реттік орама оқшаулауышының бүлінуінен трансформатор тұрқына кренеудің берілуі.
Өзекше мен оларды байла-ныстырып тұрған бұрамсұқ-палардың қатты қызып кетуі Өзекше тілімшелері мен бұрамсұқпа оқшаулауыштарының бүлінуі.
Трансформатордың қаты қызып кетуі 1) Катушкалардағы орамааралық тұйықталулар; 2) Магнитөткізгіштің жекелеген тілімшелерінің арасындағы тұйықталулар; 3) Пісіру сымдарының аралығындағы тұйықталулар; 4) Жұмыс істеу ұзақтығының көптігіне байланысты трансформатордың асқын жүктелуі; 5) Электродты дұрыс таңдамауы салдарынан болатын трансформатордың асқын жүктелуі.
Трансформатор доғаға өте аз пісіру тогын береді 1) Бірінші реттік орамада немесе кедергісі үлкен пісіру сымдарында кернеудің күрт төмендеуі; 2) Пісіру тогын реттегіштің дұрыс жұмыс істемеуі; 3) Пісіру тогын реттегіштің дұрыс қалыпқа қойылмауы.
Трансформатор жүктемелік жағдайға келтірілмей ақ желіден үлкен ток тұтынады Орамдар арасындағы тұйықталулар
Пісіру тогы нашар реттеледі 1) Реттеуіш бұрамасының ақаулығы; 2) Дроссель катушкасындағы тұйықталулар.
Трансформатор пісіру тогының жоғарғы және төменгі шекке реттелуін қамтамасыз етпейді Жылжымалы екінші реттік орама керекті орнына мыналардың себебінен жетпеуі мүмкін: 1) Жүрісті бұраманың ақаулығынан; 2) Катушка мен өзекше арасына бөгде заттардың түсіп кетуінен.
Трансформатордың қатты гуілдеуі 1) Өзекше тілімшелерін байланыстырып қысып тұратын бұрандаманың босаңсуы; 2) Трансформатор қаптамасының дұрыс бекітілмеуі;
  3) Реттеуіш өзекшесінің қисайуы; 4) Өзекшелер бекітпелерінің ақаулығы; 5) Катушканы жылжыту механизмінің ақаулығы.
Жұмыс істеу барысында доғаның кенеттен сөніп қалуы 1) Пісіру сымдарында үзіктің болуы немесе түйіспелерінің ажырап кетуі; 2) Бірінші реттік ораманың екінші реттік тізбекке кернеу өткізіп қоюы; 3) Сымдар арасындағы тұйықталулар

Негізгі әдебиет 2 [219-247], 3 [305-311, 411-412]

Қосымша әдебиет: 2 [25-43]

Бақылау сұрақтары:

1. ТСК-500 пісіру трансформаторы қандай негізгі бөліктерден тұрады?

2. ТД-500 трансформаторының жұмыс режімі қалай реттеледі?

3. Сыртқы сипаттамасына қарай трансформаторлар пісірудің қандай түрлерінде қолданылады?

4. Трансформатор жұмысында қандай ақаулықтар болуы мүмкін?

 

9-дәріс. Пісіру доғасын тұрақты токпен нәрлендіру көздері. Пісіру түрлендіргіштері және пісіру агрегаттары

Доғаны тұрақты токпен нәрлендіру көздеріне пісіру түрлендіргіштері мен пісіру агрегаттары және айнымалы токты тұрақты токқа түзетіп нәрлендіретін пісіру түзеткіштері жатады.

Пісіру түрлендіргіштері тұрақты ток өндіретін генератор мен жетекші электрқозғалтқыштан, ал пісіру агрегаты генератор мен жетекші іштен жану қозғалтқышынан тұрады. Екеуінің айырмашылғы тұрақты ток өндіретін жетектерінің түріне байланысты. Екі жағдайда да қозғалтқыштың механикалық энергиясы электр энергиясына айналдырылады. Пісіру түрлендіргіштері әдетте асинхронды электрқозғалтқышпен жабдықталады. Олардың стационарлы және жылжымалы (жүріс дөңгелектері бар) түрлері болады. ПСГ-500 пісіру түрлендіргішінің жалпы көрінісі 18-суретте көрсетілген.

 

18-сурет. ПСГ-500 түрлендіргішінің жалпы көрінісі

Пісіру агрегаттары электр желісі жоқ орындарда және кейбір жағдайда электржелісінің кернеуі қатты құбылмалы болғанда қолданылады. Генератор мен іштен жану қозғалтқышы ортақ қаңқаға дөңгелексіз, дөңгелекпен және кейде автомашина кузовына немесе тракторға орнықтырылады. Пісіру агрегаттарының түрлері сан алуан, мысалы, СДУ-2 агрегаты Т-100М тракторына орналастырылған, ал ПАС-400-VIII агрегаты СГП-3-VI генераторы мен ЗИЛ-164 қозғалтқышымен және АСБ-300-7 агрегаты (ГСО-3-5 генераторымен) ГАЗ-320 бензинді қозғалтқышымен бір тұғырлы етіп жасалған.

АСБ-300 пісіру агрегатының құрылымдық сұлбасы 19-суретте келтірілген.

19-сурет. АСБ-300 пісіру агрегатының құрылымдық сұлбасы:

1 — генератор, 2 — қозғалтқыш

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 2739; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.015 сек.