Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Рахимберлина Г




Осымша 3

Тініш

Осымша 2

Осымша 1

Кестелер

Кестелер жақсы көрнекілік пен көрсеткіштерді салыстыруға ыңғайлы болу үшін қолданады. Кестенің атауы оның мазмұнын көрсетуі, дәл және қысқа болуы тиіс. Кесте атауын, кестенің үстінен, кесте сөзінен кейін келесі жолға шегініс жасап абзацтан орналастыру керек (Қосымша 6).

Курстық жұмыста кестені, ол туралы бірінші айтылатын мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру керек.

Барлық кестелерге жұмыста сілтеме болуы тиіс. Сілтеме жасау кезінде, оның нөмерін көрсете отырып, «Кесте» сөзін жазу керек. Қосымшалардағы кестелерді қоспағандағы кестелер жүйелі, жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырылмай араб цифрларымен нөмірленеді.

Көп жолдарды алатын кестені екінші параққа ауыстыруға рұқсат етіледі. Кестенің бір бөлігін екінші параққа көшіру кезінде «Кесте» сөзі мен оның нөмірі кестенің бірінші бөлігінің астынан шегініс жасап абзацтан, сол жақта бір рет көрсетеді, өзге бөліктерінің астынан «Жалғасы» деген сөз жазады және кестенің нөмерін көрсетеді, мысалы: 1-кестенің жалғасы. Кестенің бір бөлігін төменгі горизонталь сызыққа ауыстыру кезінде, шектеуші кестені жүргізбейді.

Бағаналары көп кестені қосымшаға шығарған дұрыс.

Бағаналарының саны көп кестені бөліктерге бөлуге және бір бөлігін өзге бөліктің астына бір беттің шегінде орналастыруға рұқсат етіледі. Егер кестенің жолдары мен бағаналары беттің форматынан шығып кететін болса, онда бірінші жағдайда кестенің әрбір бөлігінде кестенің басы, ал екінші жағдайда – кестенің екі жағы қайталанады. Көлемі үлкен кестені А3 форматы парағында орналастыруға рұқсат етіледі.

Кесте бағанасының әрбір жолында қайталанатын мәтін бір сөзден тұратын болса, онда оны бірінші жазғаннан кейін тырнақшалармен алмастыруға рұқсат етіледі; егер екі және одан да көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталану кезінде оны «ол да» сөзімен алмастырады, ал одан әрі қарай – тырнақшалармен алмастырылады. Тырнақшаларды, қайталанатын цифрлардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық белгілердің орнына қоюға жол берілмейді. Егер кестенің қандай да бір жолында цифр немесе өзге де деректер келтірілмесе, онда оған сызық қойылады.

Кестенің бағаналары мен жолдарының тақырыптарын бір санмен бас әріптермен жазу, бағаналардың тақырыпшаларын – кіші әріптермен жазу керек, егер олар тақырыппен бір сөйлемді құраса, немесе, егер олар дербес мағынаға ие болса, үлкен әріптермен жазылады. Кестенің тақырыптары мен тақырыпшаларының соңынан нүкте қойылмайды.

Кестелер сол жағынан, оң жағынан және төменгі жағынан, негізінен, сызықтармен шектеледі. Кестеде, мәтіндегіден кіші шрифт мөлшерін қолдануға рұқсат етіледі. Бағаналардың тақырыптарын, негізінен, кесте жолдарымен параллель жазады. Қажет болған жағдайда бағаналар тақырыптарының перпендикуляр орналастырылуына рұқсат етіледі. Кестенің басы, кестенің қалған бөлігінен сызықтармен бөлініп тұруы тиіс. Кестені ресімдеу мысалы Қосымша 6-да келтірілген.

Ескерту

«Ескерту» сөзін астын сызбай абзацтан үлкен әріптермен басу керек.

Егер, мәтіннің, кестелердің немесе графикалық материалдың мазмұнына түсініктеме немесе анықтамалық деректер қажет болса, жұмыста ескерту келтіріледі.

Ескерту, мәтіндік, графикалық материалдан немесе кестеден кейін (осы ескерту соған жататын) орналастырылады. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін тире қойылады және ескерту үлкен әріптермен басылады. Бір ескерту нөмерленбейді. Бірнеше ескертулер, нүкте қоюсыз қатарынан араб цифрларымен нөмерленеді. Кестеге ескерту кестенің соңында, кестенің аяқталуын білдіретін сызықтың үстінде орналастырылады.

Формулалар мен теңдеулер

Формулалар мен теңдеуді мәтіннен бөлек жолмен бөліп көрсету керек. Әрбір формуланың немесе теңдеудің жоғары және төменгі жағынан бір бос жол қалдырылуы тиіс. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдік (=) белгісінен кейін немесе плюс (+), минус (–), көбейту (×), бөлу (:) немесе өзге математикалық белгілерден кейін келесі жолға көшірілуі тиіс, әрі белгі келесі жолдың басында қайталанады. Көбейту операциясы белгісіндегі формуланы тасымалдау кезінде, «х» қолданылады.

Символдар мен сандық коэффициенттер мәндерінің түсініктемесін, олардың формулада берілген жалғастығымен, тікелей формуланың астынан келтіру керек.

Курстық жұмыстағы формулаларды бүкіл курстық жұмысы шегінде реттік нөмерлеумен, жолдың оң жақ шетінен дөңгелек жақшаларда араб цифрларымен нөмерлеу көзделеді. Мысалы:

 

А=а:б, (1)

Мәтіндегі формулалардың реттік нөмерлеріне сілтемелер жақшаларда беріледі. Мысалы –... формулада (1).

Қосымшаларда орналасқан формулалар әрбір қосымша шегінде әрбір цифр алдынан қосымшаның белгісін қосу арқылы араб цифрларының бөлек нөмерлерімен нөмерленуі тиіс, мысалы формула (А.1).

Курстық жұмыста математикалық теңдеулерді баяндау тәртібі, формулалардағы сияқты болады.

Пайдаланылған және сілтеме жасалған әдебиеттер тізімі

Дерек көздері туралы мәліметті курстық жұмыстың (жобасының) мәтініндегі дерек көзедеріне сілтемелер жасаудың пайда болу тәртібімен орналастыру, нүкте қоюсыз араб цифрларымен нөмерлеу және шегініс жасап абзацтан басу керек (Қосымша 8).

Тұтас құжатқа немесе оның бөлімдеріне және қосымшаға сүйену көзделеді.

Стандарттарға және техникалық шарттарға сүйену кезінде олардың белгіленуі ғана көрсетіледі, бұл ретте пайдаланылған дерек көздері тізімінде стандарт толық сипатталған жағдайда олардың бекітілген жылын көрсетпеуге рұқсат етіледі.

Пайдаланылған дерек көздеріне сілтемелер жасау квадрат жақшаларда келтіріледі. Мысалы, [2,б.17].

Газеттерден ақпараттарды пайдалану кезінде квадрат жақшаларда дерек көзінің нөмірін ғана көрсетуге болады, мысалы, [7].

Қосымша

Қосымша аталған курстық жұмыстың жалғасы ретінде одан кейінгі оның парақтарында рәсімделеді.

Жұмыс мәтінінде барлық қосымшаға сілтемелер берілуі тиіс. Қосымша курстық жұмыс мәтінінде оларға берілген сілтемелер тәртібінде орналастырылады.

Әрбір қосымшаны жоғарыда, беттің ортасынан «Қосымша» сөзін көрсете отырып жаңа жолдан бастау көзделеді және ол курстық жұмыстың мәтіні жазылған тілге сәйкес белгіленеді, мысалы, (А-Қосымша).

Қосымшаның тақырыбы болуы тиіс, ол бас әріптермен жеке жолдан мәтінге қатысты симметриялы түрде (ортасынан) жазылады.

Қосымшаның, курстық жұмыстың қалған бөлігімен ортақ, беттерінің жүйелі, жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырылмай белгіленген нөмерлері болуы тиіс.

 

5. Курстық жұмыстың соңғы нұсқасын рәсімдеу

Курстық жұмыс түпкілікті нұсқасында компьютерде немесе жазу машинасында басылған болуы тиіс.

Иллюстрацияларымен курстық жұмыстың көлемі, оған тіркелген қосымшаларды есептемегенде, қағаздың стандартты парағының 35-40-бетін құрауы тиіс.

Мәтінде абзацтар анық бөліп көрсетілуі тиіс. Абзацтағы азат жолдан шегініс 1см құрауы тиіс.

Студент курстық жұмыстың бірінші (титулдық) бетін келтірілген үлгі бойынша рәсімдейді (Қосымша 3).

Курстық жұмыс соңында әдебиеттер тізімі келтіріледі.

Тексерілген жұмыс қорғауға жіберіледі.

 

6. Курстық жұмысты рецензиялау

Студентпен орындалған курстық жұмыс рецензиялау үшін кафедраға тапсырылады. Курстық жұмыстың рецензиясы - бұл бақылау формасы мен орындалған жұмыстың бағасы ғана болып табылмайды, сонымен қатар бұл экономикалық теория курсын тереңнен меңгеруде студентке көмек көрсету формасы.

Онда зерттелетін тақырыптың өзектілігі, жаңалығы мен практикалық маңыздылығы, курстық жүмыс тақырыбының маманды даярлау бейініне, қорытындылар мен ұсыныстардың бар болуы, мәселені шешу және зерттеудің аяқталу дәрежесі көрсетілуі тиіс.

Егер курстық жұмыстың жетекшісі жмысқа қатысты қандай да бір ескертулер білдірсе, студент қорғауға шықпас бұрын кемшіліктер мен ескертулерді жоюы тиіс.

7. Курстық жұмысты қорғау және бағалау тәртібі.

Курстық жұмыс талаптарға сәйкес келген жағдайда ғаан қорғауға жіберіледі. Курстық жұмысты қорғау кафедраның 2-3 оқытушысынан құрылған комиссия алдында өтеді. Қорғауға топ студенттері қатыса алады.

Курстық жұмысты қорғауға студент мұқият дайындалуы тиіс: баяндама тезистерін дайындау, көрнекі материалдарды дайындау (кестелер, сызбалар, диаграммалар және т.б.); жеке парақта курстық жұмыста баяндалған және белгілі теориялық, тәжірибелік маңыздылыққа ие жекелеген ережелерді сипаттап, рецензиямен танысып, рецензиядағы кемшіліктерге жауаптар дайындау.

Оқытушылар алдында курстық жұмысты қорғау студенттің курстық жұмыстың мақсаты мен мәселелерін қысқаша және нақты сипаттап, оның маңызды ережелерін баяндап, өзінің қорытындылары мен ұсыныстарын аргументтеуден тұрады. Баяндау үшін студентке 5-7 минут уақыт ұсынылады.

Қойылған сұрақтарға студент қысқа да нұсқа жауаптар қайтаруы тиіс.

Курстық жұмысты ғылыми жетекші мен кафедра комиссиясы балды-рейтингтік әріптіс жүйе бойынша бағалайды.

Курстық жұмысты бағалау критериялары болып табылады:

1. Таңдалған тақырып бойынша орындалған жұмыстың сәйкестігі;

2. Келтірілген зерттеу мақсаттары мен мәселелерінің ерекшелігі;

3. Қазіргі таңдағы ғылыми зерттеу әдістерін пайдалану;

4. Жүргізілген эксперимент көлемі мен өңдеудің статистикалық әдістерін таңдаудың негізділігі;

5. Жұмыс нәтижелерін ілеспелі, сауатты және нақты баяндау ептілігі;

6. Қолданылған ғылыми әдебиеттің жаңа болуы;

7. Алынған нәтижелер мен қорытындылардың шынайылығы;

8. Ғылыми тәжірибелік маңыздылық;

9. Рәсімделу сапасы;

10. Курстық жұмысты қорғау (нақтылық, қысқалылық, логикалылық, кәсіби сөз сөйлеу мәнері, көрнекі материал);

11. Қорғау барысындағы қойылған сұрақтарға берілетін жауаптардың толықтығы.

Қорғалғаннан кейін курстық жұмыс кафедрада сақталады.

 

 

«ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ»

пәні бойынша курстық жұмыстар тақырыптары

1. Экономикалық теория курсының мазмұны мен құрылымы.

2. Экономикалық теорияның қалыптасу мен даму кезеңдері.

3. Экономикалық теорияның әдістемесі.

4. Адам және экономика. Адамның экономикалық іс-әрекеті

5. Қоғамдық өндірістің құрылымы.

6. Өндіріс. Өндіріс ресурстары мен факторлары

7. Әміршіл-әкімшілік экономика, оның анықтаушы белгілер мен модельдер.

8. Нарықтық жүйенің сипаттамасы мен дамуы.

9. Нарықтық экономика модельдері.

10. Аралас экономика: оның мәні, типтері мен нақты мүмкіндіктері.

11. Меншікті мемлекет иелігінен шығару және жекешелендіру: формалары, әдістері, мәселелері

12. Нарықтық экономикадағы меншіктің мазмұны мен формалары.

13. Тауарлы өндірістің мазмұны, пайда болу шарттары мен себептері.

14. Тауар және оның қасиеттері.

15. Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері.

16. Ақша айналысының типтері.

17. Нарық: мәні, пайда болу шарттары, қызметтері.

18. Қазақстанда қазіргі таңдағы нарықтың пайда болу заңдылықтары мен ерекшеліктері

19. Нарықтық инфрақұрылым және оның ҚР-да қалыптасу мәселелері.

20. Өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым.

21. Еңбек нарығы: қалыптасу ерекшеліктері мен мәселелері

22. Капитал нарығының қазіргі таңдағы жағдайы.

23. Жер нарығы: жағдайы және мәселелері.

24. Тауарлар мен қызметтер нарығы.

25. Қазақстанда қор биржаларының қалыптасуы мен дамуы.

26. Тауарлы биржалар: мәні мен даму қарқындары.

27. Қазақстандық құнды қағаздар нарығының қалыптасуы.

28. Кәсіпкерлік іс-әрекеттің мәні, формалары мен түрлері

29. Қазақстанда кәсіпкерлік іс-әрекеттің дамуы

30. Шағын бизнес және оның мәселелері.

31. Нарықтық экономикадағы мемлекеттік кәсіпорындар.

32. ҚР-да кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесі.

33. Тұтыну кооперативі: жағдайы мен даму болашағы.

34. Ұдайы өндірістің мәні мен түрлері. Ұдайы өндірістің модельдері

35. Сұраныс және сұраныс функциясы. Сұраныс заңы.

36. Ұсыныс және ұсыныс функциясы. Ұсыныс заңы.

37. Нарықтық тепе-еңдік пен оның түрлері.

38. Фирма капиталының айналымы мен қайта айналымы.

39. Негізгі капиталдың тозуы мен амортизациясы.

40. Негізгі капитал, фирмалар мен оның айналымы.

41. Фирманың айналым капиталы және айналыс капиталы.

42. Қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі өндіріс шығындары

43. Пайда мәні мен түрлері. Пайданы бөлу және пайдалану

44. Экономикалық өсім экономиканың тиімді қызмет етуінің нәтижесі ретінде.

45. Экономикалық өсім типтері, қарқындары мен сапасы.

46. ҒТП – экономикалық өсімнің интенсивті типінің материалды негізі ретінде.

47. Ұлттық есеп-шот жүйесі және ұлттық шоттарды құру қағидалары.

48. ҰШЖ негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері

49. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс.

50. Тұтыну. Тұтыну функциясы. Тұтынуға деген шекті бейімділік.

51. Жинақтау. Жинақтау функциясы. Жинақтауға деген шекті бейімділік.

52. Инвестиция мәні мен түрлері.

53. Экономикалық цикл факторлары мен теориялары.

54. Еңбек ресурстарының сандық және сапалық анықталуы

55. Жұмыссыздықтың себептері, түрлері мен мәні

56. Жұмысбастылықты мемлекеттік реттеу әдістері.

57. Инфляция және оның түрлері. Филипс қисығы.

58. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары. Инфляцияға қарсы шаралар жүйесі.

59. Экономика дамуының циклдылығы.

60. Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы банк жүйесі.

61. Несие және оның қызметтері.

62. Қазақстан Республикасының қаржылары мен қаржы жүйесі

63. Мемлекеттік бюджет. Бюджет тапшылығы.

64. Мемлекеттік қарыздың қазіргі таңдағы жағдайы мен мәселелері

65. Мемлекеттің фискалды саясаты (бюджет-салық саясаты).

66. Салықтардың мәні, қызметтері мен түрлері.

67. Қазақстанның салық саясаты: мақсатты бағытталуы мен қызмет ету механизмі

68. Мемлекеттің экономикалық саясаты мен оның құралдары.

69. Мемлекеттің экономикалық қызметтері.

70. ҚР Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты мен оның құралдары.

71. Экономиканы мемлекеттік реттеу: мақсаттары, мәселелері.

72. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні мен мақсаттары

73. Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні мен формалары

74. Әлемдік шаруашылық жүйесіндегі Қазақстан

75. Экологиялық мәселелердің экономикалық аспектісі

76. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты

 

Экономикалық теория және МЖБ кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., профессор М.Қ.Жетпісбаеваға

....топ студентінен

 

_________________

Аты-жөні, тегі

 

 

 

Сізден «Экономикалық теория» пәні бойынша (тақырып нөмірі) «тақырып атауы» тақырыбын таңдауыма рұқсат етуіңізді сұраймын

 

Күні____________

Қолы ________

 

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

Қазақстанда кәсіпкерлік іс-әрекеттің дамуы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару»

Қарағанды 2011

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті КУРСТЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: «Қазақстанда кәсіпкерлік іс-әрекеттің дамуы» 5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» Орындаған ГМУ-11қ топ студенті Рахимберлина Г.   Ғылыми жетекші оқытушы Кернебаев А.С. Қарағанды 2013 Қарағанды 2010  

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 140; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.104 сек.