Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Основи здоров’я 8 клас




Жеке аптечка

Жарақат және күйік кезінде, улы заттарды, бактериялық заттарды жеке ионды сәулені әлсірету және алдын алу үшін, өзара және өзіне көмек көрсету, антидот препараттары және радиопротекторлар бар.

Жеке аптечка бірнеше ұялардан тұрады:

1–ші ұяда – ауруды басатын заты бар шприц-тюбик орналасқан. Ол қатты жарақат алғанда, сүйек сынғанда және күйгенде колданады. Оны пайдаланғанда сол колымен бұдыр дөңгелегінен ұстайды да тюбиктің денесінен оң қолысен ұстап сағат тіліне қарай айналдырады. Сосын инені жауып тұрған қалпағын алып, шприц-тюбикті жоғары қаратып, ине ұшына тамшы пайда болғанша ауаны шығарады. Сосын инеге қол тигізбей, санның жоғары жағынан егеді. Жедел жағдайда киімнің сыртынан да егуге болады.

2-ші ұяда - фосфорорганикалық улы заттармен улануды әлсірететін және алдын алатын зат – торен (6 дана) таблеткасы дөңгелек қызыл түсті пеналда орналасқан. Оны «Химиялық кауіп» белгісі берілгенде 1 таблеткадан қабылдайды. Улану белгісі күштірек болса, таблетканың тағы 1 данасын қабылдайды. Келесі қайталап қабылдау 5-6 сағаттан кейін болады.

3-ші ұяды – түссіз үлкен пеналда N2 бактерияға қарсы қолданылатын зат – сульфадимотксин (15 таблеткасы) орналасқан. Оны сәуле алғаннан кейін азқан-ішек қызметі бұзылуы пайда болғанда 7 таблеткасын ішеді, кейінен 2 тәулікте 4 таблеткадан қабылдайды.

4-ші ұяда – алқызыл түсті, сегізқырлы 2 пеналда, әр қайсысында 6 таблеткадан N7 радиоактивтіуланудан қорғайтын зат – цистамин орналасқан. Оны сәле алу қаупінде 6 таблеткадан бір қабылдайды және тағы сәуле қауіпі төнгенде6 таблеткасын 4-5 сағаттан кейін қабылдайды.

5-ші ұяда – түссіз төрт қырлы 2 пеналда, әр қайсысы 5 таблеткадан тұратын N4 бактерияға қарсы қолданатын зат тетракциклин гидрохлориді орналасқан. Оны бактериялық улану және қауіп төнгенде, жарақат және күйік алғанда пайдаланады. Алдымен 5 таблетканы су ішумен бірге қабылдайды. Сосын 6 сағаттан кеиін 5 таблетка қабылдайды.

6-ші ұяда – ақ түсті төрт қырлы пеналда N2 радтоактивті уланудан қорғайтын зат калий иодиді 10 таблетка) орналасқан. Оны радиоактивті заттар түскенде күніне 1 таблеткадан 10 күн қабылдайды. Ең алдымен балаларға 1 таблеткадан береді.

7-ші ұяда – көгілдір түсті дөңгелек пеналда құсуға қарсы қолданатын зат этаперазин 5 таблетка) орналасқан. Оны сіуле алғаннан кеиін тез арада және бас жарақатынан кейін лоқсу пайда болғанда 1 таблеткадан қабылдайды.

Жеке химиялық пакет дененің ашық бөліктеріне және киімге түскен тамшы – сұйық улы заттарды залалсыздандыру үшін қолданады.

Комплектегі бұранды қақпаға жеке дегазды ертіндісі бар флакон және 4 мақталы-дәкелі тампондар кіреді.

Тамшы сұйық улы заттар дененің ашық бөліктеріне және киімге түскенде тампондарды флакондағы сұйыққа малып, ластанған дене бөліктерін және киімді сүртеді. Егер жеке химиялық пакет болмаса, тампон ретінде кәдімгі мақта мендәкені қолдануға, ал дегазды ертіндіні қолдан дайындауға болады. Бірдей мөлшердегі 3% тотыққан сутегі ертіндісі мен 3% сілтіті натрий ертіндісінің қоспасын немесе 3% тотыққан сутегі ертіндісі мен 150 г. конторлық силикатты желімнің қоспасын қолдануға болады.

Жеке таңба пакеті

Жеке таңба пакетінің ұзындығы 7 м., ені 10 см. дәке-бинттен және ұзындығы 17,5 см, ені 32 см мақта-дәкелі жастықшалардан тұрады. Жастықшаның біреуі дәке-бинттің басына қозғалмайтындай етіп бекітілген, екіншісі қозғалмалы, оны бинттің бойымен қозғалтуға болады.

31.ТЖ кезінде қолданылатын ұжымдық қорғану құралдары. Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсірлдерінің бірі бұл оларды ұжымдық құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарын жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радияциялардан қорғау орындары(РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.

Панаханa толқын соққысынан,жарық сәулесінен, өткіш радияциялардан және радиоактивті зақымданудан ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттар(УЗ), бактериалық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚӘУЗ)ықпалынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар панаханадығы адамдар жоғары температурамен өрт жағдайндағы азық түліктің жануына, құлаған ғимараттың бөлшектерінің зақымдауынан қорғана алады.

Өндіріс күштерін осы заманғы зақымдау құралдарынан, зілзаладан, радияциялық және химиялық қауіпті обьектілердегі авариялардан қорғау маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Өткен уақыттағыдай, қазір де осы міндетті шешу жолдарының бірі елді мекендерде адамдарды паналатуға араналған қорғаныс ғимараттарының әр түрлі үлгілерін жасау болып табылады.

Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс.

Қорғаныс ғимараттары салыну мерзімі бойынша уақытта жылдам салынуға және қауіп төнген кезде жылдам тұрғызылуға тиіс. Жылдам тұрғызылатын панаханалар (ЖТП) дер кезінде салынған панаханадардың жеткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барысында немесе шабуыл қауіпі кезінде қалалар мен өндіріс обьектілерінде салынады олар қысқа мерзімді (бірнеше тәулік бойында) темір бетон жиналмалы құрылысынан немесе ағаш материалынан жасалынады. Мұндай панахананың сыйымдылығы 50-200 адам. Қазіргі қалаларда панахана ретінде ыңғайластыруға болатын сан алуан жер асты ғимараттары бар: метро, көлік немесе жүргіншілер өткенділері, жерасты көлікжайы, кафе, кино. Өнеркәсіп объектілерінде адамдар өндірістік корпустары арасындағы жалғағыш тоннель. Pадиациядан қорғайтын орын (РҚО) ауылды жерлердегі және ядролық соққы беру ықтималыдғы өте төмен шағын қалалардағы, сондай ақ ірі қалаларда ауылды жерлерге көшіріп қоныстандырылған халықты радиоактивті зақымданудан қорғау үшін пайдаланылады.

32.Халықтың химиялық қауіпті заттардың сырт ортаға шығуына байланысты хабарлаған кездегі іс әрекеті.

ХҚО жумысшылары мен қызметшілері хабарлау дабылын естіген бойда жеке қорғану құралын киеді. Ең алдымен, оқщауландырғыш ж\е өнеркәсіптік газқағарлар киіледі. Әркім өз жумыс орнында, аварияның жойқын ссалдарын төмендету ушін барлық мумкіндікті жасауға тиіс: электр көздерін дурыс ажыратуды қамтамасыз ету, агрегатты, апаратты тоқтату, технологиялық процесс шарттарына ж\е қауіпсіздік техникасы ережесіне сәйкес газ, бу ж\е су коммуникацяисын жабу. Будан кейін қызметкерлер әзірленген панаханаға жасырынады не зақымдану аймағына шығады. Құрамаға кіретін қызметкерлер авария туралы дабыл бойынша жиналу орнына келіп, химиялық зақымдану ошағын жайлтпау мен жоюға қатысады. ХҚО төңірегінде туратын халық ҚӘУЗ шыққан авария жағдайында хабарлау дабылы мен радио бойынша хабарлауды естіген бойда тыныс алу органдарын қорғауды қамтамасыз етіп, есік пен терезені жабуға, электр қыздырғыш ж\е турмыстық приборларды ажыратуға, пешті сөндіруге, балаларды киіндіруге қажетті киім мен тамақты табуға, көршілерді ескертуге, абыржымай көрсетілген бағытта желге қарсы уйден жылдам шығуға ТЖ жөніндегі нусқайларды алғанаға дейін шыққан жерінен кемінде мың жарым км қаышқтықтағы жақсы желдетілетін участокке баруға тиіс. Газ қағар жоқ жағдайда бірнеше секунд бойы дем алмай, зақымдану аймағынан жылдам шығу қажет. Тыныс алу органдарын қорғау ушін суға шайылған қолда бар мата буйымдарын, киісмнің тері ж\е мақталы жерлерін пайдалануға болады. Зақымдалған орын бойынша қозғалған бойда мына ережелерді сақтау керек: желге қарсы бағытта жылдам қозғалу, алайда, жугіріп, шаңдатпау қажет; жабық аулаларды, шуңқырды, құрылысты, учаскені айналып оту керек: ғимаратқа суйкенбеу ж\е айналадағы затқа тиіспеу; теріде, киімде, аяқ киімде ҚӘУЗ тамшысын байқаған бойда, қағаз ширатпасымен не бет орамалмен оны алу; мумкіндігінше, зардап шеккендерге, балаларға, қарттарға не өз бетімен қозғала алмайтындарға жәрдем корсету керек.

33.Химиялық зақымдау ошағындағы адамдардың іс-әрекеті.
Химиялық зақымдау ошағы - ҚӘУЗ-дің зақымдағыш әсері таралатын шектегі алаң.
Аварияның ықтимал салдарының көлемі белгілі бір деңгейде химиялық қауіпті объктілердің үлгісіне, ҚӘУЗ түріне, оның ерек-шелігіне, санына және сақтау жағдайына, аварияның, ауа райы жағдайының және басқада факторлардың сипатына байланысты. Химиялық қауіпті объектілердегі басты зақымдағыш факторы аумағы ондаған шақырымдарға дейін созылатын аймақтың химиялық зақымдануы болып табылады.Соққы толқыны - негізгі зақымдағыш әсер факторы, жарылыс кіндігінен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның жиналған жері. Осылайша Шгт ядролық оқтүмсықтың жарылысы кезінде соққы толқыны 9 секундта, 5 километрге, 22 секундта, 10 километрге жетеді. Химиялық ошақ дегеніміз – улағыш зөаттар әсеріне ұшыраған әр түрлі құрылыстар, азық – түлік және шикізат қорлары, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар әлемі,тұрғын халқы бар аумақ,оның әсерінен адамдардың, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің зақымдануы туындауы мүмкін.Химиялық зақымдау ошағындағы УЗ типін ескере отырып ұйымдастырылады және жүргізіледі,бұл кезде төмендегі ережелер басшылыққа алынады:-химиялық зақым ошағында жұмыс тыныс алу органдары мен терінің жамылғыш қабаттарын қорғаудың жеке құралдарымен жүргізілуі тиіс;-барлық зақымдаушыларды УЗ – дың одан әрі әсер етуінен қорғау керек,нашар киілген газтұмылдырықты жөндеу немесе қосалқыларын кию;-ең алдымен көмек балаларға, аяғы ауыр әйелдерге,газтұмылдырығы жоқтарға және аралас зақымданғандарға көрсетіледі;-УЗ- зақымданғандарда жарақат болған кезде алғашқы мед. Жәрдем,ең алдымен УЗ әсеріне қарсы жүргізілуі тиіс,тек содан кейін жарақат бойынша жәрдем көрсетіледі;-химиялық зақым ошағындағы СД жұмысы оның командирі жетекшілігімен жүргізіледі;-химиялық зақым аудандарында қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтау керек.

Қатерлі ісік, психоз, қан ауруымен ауыратын адамдар саны едәуір көбейді.Бұрын АҚШ химиялық қаруға тактикалық қару р етінде қараса, ал қазір стратегиялық қару ретінде қарайды.Химиялық қару барлық тіршілік йелеріне әсер етеді,ал материалдық

құндылықтар сау қалады,оның көмегімен адамдарды қырып-жоюға немесе қатардан шығаруға болады,

Қарудың бұл түрі басқаларға қарағанда арзан дайындалады.Мысалы,улағыш заттар тактикалық қолданылуына байланысты өлім қ қатерін туғызатындар:зарин,зоман,В-газдар,иприт;қатардан уақытша шығаратын: ипкапостанттар (дене жағдайына әсер ет еді),кереңдік, соқырлық, анафилактикалық шок; Тітіркендіргіш әрекеттік: аданет,хлориникрит болып бөлінеді. Химиялық ошақ де дегеніміз – улағыш зөаттар әсеріне ұшыраған әр түрлі құрылыстар, азық – түлік және шикізат қорлары, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар әлемі,тұрғын халқы бар аумақ,оның әсерінен адамдардың, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің зақымдануы туындауы мүмкін.

Химиялық ошақтағы шығын бірнеше пайыздан 90 пайызға дейін болады.Бұл улағыш заттың қолдану тәсілі мен түріне,халықтың орналасу тығыздығына,химиялық оқ-дәрі тығыздығы,ауа райы, географиялық жағдайларға,халықтың қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуімен және оны қолдану білігі,шабуылдың кенеттен басталу факторына байланысты. Химиялық зақымдау ошағы - ҚӘУЗ-дің зақымдағыш әсері таралатын шектегі алаң

34.АЭС да авария болғанда радиоактивті заттар сыртқа шықққанда халықтың іс әрекеті.

Атом энергетикалық станцияларын пайдалану кезінде бірқатар елдерде жүзден астам авария болып, қоршаған ортаға радиоактивті заттар шығарады. Радиоактивті заттардың ядролық энергетикалық реактордан тысқары шығуының нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіретін көтеріңкі радиациялық қауіп радиациялық авария деп аталады. Радиоактивті заттардың таралу шекарасымен радиациялық авариялар былайша бөлінеді:- шектеуі авариялар (радиациялық салдары бір ғимаратпен шектеледі, қызметкерлер сәулеге ұшырауы мүмкін).- жергілікті авариялар (радиациялық салдары АЭС аумағымен шектеледі). Жалпы авариялар ішінде раждиациялық салдары АЭС аумағының шекарасына таралады. АЭС-да авария болғанда радиоактивті заттар сыртқы ортаға шыққан кездегі халықтың іс-әрекеті:1)«Баршаңыздың назарыңызға!» ескеру дабылы берілген бойда радионы, теледидарды қосып, радиоактивті заттар мен шығуымен болған авария туралы хабарды ести сала, екі нұсқадан тұруы мүмкін барлық ескерту шараларын тез, саспай және мұқият орындау қажет;Бірінші нұсқада көрсетілген уақыт бойында қажет шараларды орындау.2)Тұрғын үй мен өндірістік ғимараттарды және сумен жабдықтау көздерін қамту жөніндегі жұмыстарды орындау;3)Жеке қорғаныс құралдарын сауатты пайдалану;4)Қозғалысты шектеу;5)Цистамин таблеткасын қабылдау арқылы сәуле ауруынан сақтандыру;6)Йодтың немесе калий йодының 3-5 % тұнбасын пайдаланып, йодтық сақтандыруды жүргізу: қолдану схемасы екі жасқа дейінгі балаларды йодтың басымен жеті күн бойы үш рет тамақтан кейін 100 мл суға немесе шайға калий йодының 3-5 тамшысын қосып беру; екі жасқа дейінгі балаларға жеті күн бойында тәулігіне бір рет тамақтан кейін 40 мл 2 жастан жоғары балалар мен ересектерге 125 мл мөлшерде суға қосып ішкізу; судығ азық-түлікті қорғау, оларды шаң мен өтпейтін ыдысқа сақтау; тағам өнімдерін жуып шайып; мал қораларын қымтау; радио мен теледидарды қосып қою; ықтимал көшуге даярлану; (жеке қорғаныс құралдарын, азық-түлік қорын, дәрі дәрмекті, маусымдық киім мен аяқ киімді, іш киімд, құжаттарды, ақшаны, басқа құнды және аса қажетті) заттарды әзірлеу. Екінші нұсқада көшу шараларына қатысу қажет. Яғни шекті нормадан жоғары зақымдалуы мүмкін аймақтан кету. Ғимараттан шығар алдында көшу үшін мұздатқышты тазалап, барлық электр және газ приборларын ажыратып, қоқыс салғышқа жылдам бұзылатын азық-түлікті, сұйықты, қоқысты апару керек.

35. Радияциялық зақымдау ошағындағы адамдардың іс-әрекеті

Авария - технологиялық процесстердің бүзылуы, механизмнің, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Шаруашылық объектілерінде ең көп тараған авария себептері - агрегаттарды, механизмдерді пайдалану ережесін бүзу.Сондай-ақ техника қауіпсіздігі өрежесін бүзу, зілзала.Авария салдарының сипаты оның түріне, көлеміне және ол пайда болған кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты.Аварияның негізгі салдары жарылыс, өрт, су басу, шахталардың қүлауы болуы мүмкін.Бірақта жағдайда атмосфера газданады, мүнай өнімдері, түтанғыш сүйықтар мен қатты әсер ететін улы заттардың төгілуі, авария салдарын тудырады. Улағыш заттар авариясы кезінде не істеу керек -тыныс алу органдарын қорғауды қамтамасыз ету қолдағы қорғаныс құралдарымен (суланған орамал, қолғап, мойынорағыш, ескі-құсқы заттар);- терезені жабу, газды, электржылытқышты және тұрмыстық аспаптарды сөндіру, пештегі отты сөндіру;- балаларды киіндіріп, қажетті жылы киімдерді және азық-түлікті, дәріқорапты алу, көршілерді ескерту;- тез және дүрлікпей көрсетілген бағытпен ұйымнан, үйден шығу керек;- егер Сіз «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» сигналын далада жүргенде естісеңіз, мұндай жағдайда құқық қорғау органдарының қоғамдық тәртіпті қорғау қызметінің нұсқауына сәйкес әрекет ету керек. Алғашқы көмек көрсету: - зардап шеккен адамды зақымданған аймақтан таза ауаға шығарып, жылы жерге жатқызып тыныштықта қалдыру керек және терісін, кілегей қабықты сумен жуу қажет;- хлормен уланған кезде 15 минут ас содасының 2% ертіндісімен (бір стақан суға 1,5-2 шай қасық ас содасымен), судың буына демалдырып және ыстық сүт ішкізу керек;- аммиакпен уланған кезде 15 минут бор қышқылының 5% ерітіндісімен, жылы сүт беріп, көзіне таза су, мұрнына жылы сұйық май тамызады/

36. Йодтық алдын алу шарасының тағайындалуы және ұйымдастырылуы. ЙОД – бұл ерекше қасиеттерге ие болып келетін химиялық элемент. Йиодты 1812 жылы француз химигі Б.Кутуа теңіз жасушаларының күлі мен серная кислотаны өңдеу жолы арқылы алған. Одан кейін ағылшын және француз химиктерінің терең зерттеулерінен кейін, буынын фиолетовый түсі үшін «йод» деген ат береді. Ғалымдардың тұжырымдары бойынша йод өзінің химиялық қасиеттері жағынан хлорға ұқсайды. Сонымен қатар планетамыздың барлық денелерінде аз мөлшерде кездесіп отырады: суда, топырақта, минералдарда, өсімдіктерде. Атақты ресей ғалымы В.О.Мохнач, йодқа мынандай анықтама берген: «Бұл элемент. тероксин (гармон щитовидной железы) құрамына кіреді, ол организмнің өсуін қамтамасыз ететін құрал және зат айналымының стимуляторы ретіндегі қажетті. Егер табиғатта бұл елемен жоқ болған жағдайд омыртқалы жануарлардың өмірі қандай болатындығын елестету мүмкін емес». Қарапайым йод микробқа қарсы әрекет етеді, оның ерітінділері жараны зарасыздандыруда кеңінен қолданылады. Теріге тиген кезде сілекейлі қабаттар тітіркену әрекетін көрсетіп, организм әрекетіне рефлексті өзгерістер әкелуі мүмкін. Денеге сіңген кезде йод зат айналымына белсенді әсер етеді, диссимиляция процесін күшейтеді. Әсіресе оның щитовидная железа қызметіне әсері айқын, себебі йод тероксин синтезіне ат салысады. Йод липидтті және ақуызды айналымға әсер ететіні дәлелденген. Йод организмнен бүйрек және асқазан-ішек тракттары арқылы сыртқа шығады. Адам организмінің қалыпты дамуы үшін макро және микро элементте қажет, ал өзін-өзі қорғау үшін ең маңыздысы йод. Бұл микроэлемент организмде басты ролді атқарады, яғни оны сыртқы ортаның зиянды факторларына қарсылығын қамтамасыз етеді: радиация, химиялық улар, жарақаттар және т.б. Йод 65% тероксиннен (гармон щитовидной железы) тұрады, ол терінің төтеп бергіш қабілетін арттырады, жасушалардың зиянды заттардан арылу мүмкіндіктерін дамытады, тыныс алу және энергия айналымын басқарып отырады. Бірақ мұнымен микроэлементтің пайдасы шектелмейді. Адам ағзасында йидтың мөлшері өте аз, бар болғаны: 20-30 мг, оның ішінде шамамен 10 мг щитовидная железаның ішінде. Йодтың адам ағзасындағы ең басты қызметі – щитовидная железа гармондарын түзуге ат салысу. Бұл гармондарды қажет етпейтін мүше немесе ағза болмайды. Олар кез келген механикалық процесстерді жүзеге асыру үшін ағзаны энергиямен қамтамасыз етуге ат салысады, сонымен қатар толыққанды зат айналымын, биосинтез процессінің қалыпты ағысын, ағзаның дамуы мен өсуін, оның тері қабаттарының жаңарып отыруын қамтамасыз етеді. Сондықтан да кез-келген жарақат кезінде ең алдымен йод пайдаланылады

жалпы иод,Сәулелі ауру-радиацияны қысқа уақытта көп мөлшерде алу. Радиоцалық зақым алғанда қалқанша безінің жұмысы бұзылады, бұл зақымның соғында ағзада қалыпты йод бөлінбей қалады. Сол себепті йодты сыртай қабылдау керек. Йод көптеген ішкі ағзаларға қажет заттардың бірі. Сол себепті де оған деген қажеттілік жоғары. Қолдануды арнайны алдын ала анықталған тәртіппен қабылдаған жөн. Йодпен алдын алу үшін тұрақты йодпен йодты калиий ерітіндісін қолдану керек. J, 131-радиоактивті йод. Йодты калиийді тамақтан кейін шаймен, компотпен немесе сумен күніне бір рет 7-10 күн арасында қабылдау керек.2 жасқа толмаған балаларға 1 рет қабылдау мөлшері- 0,04 грамм. 2 жастан асқан жасөспірімдерге- 0,125 грамм. 2 жасқа жетпеген баларға 5% ерітіндісінің 1-2 тамшысын 100мм сумен қабылдау керек. Ересектер үшін- 5%, 3-5 тамшы. 1 апта бойы 1 рет йод ерітіндісін тырнаққа жағып отыру қажет.

37.Саулелі ауру(пайда болу себептері,сипаттамалары, емдеу жолдары) жүзінде иондаушы сәулелену үшін адам организімінде кедергі жоқ. Организмге еніп, өз энергиясын бере отыра олар енедегі заттың кез келген молекуласын иондайды, олардың химиялық байланысын бұзады, бұл организмдегі биологиялық процестердін қалыпты ағысы мен зат алмасуын бұзады. Осыдан адамдар сәулелену ауруына ұшырайды. Адам сәулеленудің екі түріне: сыртқы және ішкі сәулеленуге ұшырайды. Сәулеленудің сыртқы көздеріне Галактика жұлдыздарының жарылысы мен күннің қатты сәуле шығару кезінде пайда болатын космостық сәулелену жатады. Космостық сәулелену дозасы адамға әсер етеді. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын ауаның, озонның қорғаныс қабаттары жұқара түседі, сондықтан да сәулелену жоғары болады. Космостық иондаушы сәулелену табиғи радиациялық аумақты құрайды, оған жерднгі барлық тірі организмдер ұшырайды. Сәулеленудің жердегі көздері жер қойнауындағы, атмосферадағы, судағы және өсімдіктердегі радиактивті заттар болып табылады. Жер шарының көптеген аудандарында дозаның қуаты 4-12 мкр/сағ шегінде болады. Осы аудандарда тұратын адамдардың жылдық дозасы 30-100 мбэр. Табиғи көздерден адамның ішкі сәулеленуі организмге азық-түлік тағамдары, су мен ауа өткен кезде болады. Балықты көп жейтін адамдар, бұғы етімен қоректенетін солтүстік аудандар тұрғындары салыстырмалы түрде сәулеленудің жоғары дозасын алады, өйткені бұл тағамдарда радиоактиві заттардың мөлшері көбірек кездеседі. Түрлі-түсті телевизор бойынша телебағдарламалады жыл бойында күн сайын үш сағаттан қарау 0.5 мбэр береді. Рентген кезінде адам 30 мбэр доза, флюорграфия кезінде 370 мбэр доза алады. Сөйтіп, жердің әрбір тұрғыны жыл сайын орташа 200-300 мбэр сәулелену алады

38 Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға таралған кездегі халықтың іс-әрекеті.

Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға тараған кезде ең алдымен дезинфекция жасау керек.Одан соң халық арасында вакцинация жасау керек.Егер де өте қатты жұқпалы ауру болса ол аурумен ауыратын адамдарды изоляцияда ұстап, карантин жариялау керек.Анаэробты инфекцияларға сіріспе мен газды гангрена жатады.Олар жаралар инфекцияларында және организмнің басқа да зақымандауларында, жарақат инфекциясы ретінде саналады.Олар жайлы организмнің зақымдалуы туралы жан-жақты айтылады. Бруцеллез малдан адамға жұғатын, ретикулоэндотелиалды, нерв, жүрек-қан тамыр жүйесінің және қозғалыс аппаратының зақымдалуымен жүретін инфекциялы аллегиялық ауру.Аурудың көзі: Ең қауіптісі ұсақ малдар ешкі мен қой.Ауру тарататын түрткілер:ет,сүт,малдың көңі,қиы,жүні.Аурудың белгілері бірте бірте баяу басталады. Ең алғашқы белгілерінің біріне науқастың қызуы көтеріліуі жатады.Бруцеллез ауруының алдын алуда ветеринарлық сауқтыру шаруашылық санитарлық және медициналық шаралар, негізгі мақсат жануарлар арасында инфекцияны жою және адамдардағы ауруды тоқтату. Ботуллизм - ботуллотоксиндердің сопақша ми мен жұлынның холиненергиялық құрылысын терең зақымдануымен сипатталатын және бульбарлық синдромдармен көрінетін жедел инфекциялы токсикалық ауру.Ботуллизм қоздырғышы топырақта тіршілік етеді,одан суға,көкөністерге,ас тағамдарына, жемістерге түседі.Ботулизм қоздырғышының негізгі көздері:жылы қанды жануарлар,балықтар,шаян тектестер.1)Ауру кенеттен басталады.2)Дене қызуы қалыпты,кейде субфебрильді.3)Асқазан тұсында ауырғандық және ауырлық сезімі болады.4)Бас ауру, бас айналуы, ауызының кебуі, бұлшық еттерінде әлсіздік байқалады. Оба -ауыр интоксикация синдромымен өтетін, лимфа түйіндерін, өкпені арнайы зақымдаумен жүретін жедел- табиғи ошақтық ауру.Оба ауруының аты араб тілінен аударғанда «джумма» яғни «боб».Ол лимфа түйіндерінің боб тәрізді қабынуымен,үлкеюіне негізделіп айтылған.Оба қоздырғышы Iersinia pests, Iersinia туысына жатады,қозғалмайтын,өлшем бірлігі 1,5-2 мкм бактекрия.Спора түзбейді,бірақ капсуласы бар,қарапайым сұйық және тығыз көріктік ортада өседі.Оба ауруын 2 түрге бөледі:1)Табиғы ошақ («жабайы оба»).2) 2-шілік ошақ Жиі бубонды түрі, ал өте сирегірек- ішектік түрі кесдеседі.Жасырын кезең 3-6 күнге созылады,тек вакцина жасалғандарда 10 күнге дейін қосылады.1)Бубонды түрінде:туберкулез,туляремия, іріңді лимфматенид.2)Өкпелік түрінде:өкпе туберкулезі,крупозды пневмония, тұмау асқынулары.3)Сепсис түрінде: түйнем, туляремия,сальмонеллез. Алдын-алу шаралары. 1)Аурудың табиғы ортасында кеміргіштермен мен бүргелерге қарсы бағытталған комплексті шаралар.2)Оба ауруына күдік туған адамдарды міндетті түрде госпитализациялау, ал науқастармен және жануарлармен қатынаста болғандарды 6 күн оқшаулап,оларға шұғыл алдын-алу мақсатта антибиотиктер 6 күнге тағайындалады.3) Санитарлық ағарту шаралары жүргізіледі.4) Карантин.5)Науқаспен жұмыс қатаң түрде обаға қарсы кастюмді киіп жаслады.6)Науқаспен ауруханаға жатқызған соң ақырғы дезинфекция жасалды. Түйнеме - серозды гемморагиялық және некроздық қабунумен айқын интоксикация синдромымен өтетін жедел зоонозлы инфекциялық ауру.Осы уақытқа дейін барлық елде мекендерде бірдей таралған.Себебі осыдан ертерек болған аурудың ошақтары көп жылдар бойы қаупті болып қала береді.Түйнеме қоздырғышы Bacillus anthracic,ірі қозғалмайтын таяқша, узындығы 3-10 мкм, ені 1-1,5мкм, капсула түзеді.Адам және жануар организміне тыс спора түрінде кесдеседі.Тіршілік әрекеті барасында таяқшалар ісік түзетін және өлтіретін компонентері бар экзотоксин шығарады.Түйнеменің инкубациялық кезеңі аурудың түріне байланысты әр түрлі,терілік түрінде,терілік түрінде 2-14 күн, септикалық түрінде бірнеше сағаттан 6-8 күнге дейін.Алдын-алу шаралары:Жануарлар арасында инфекция ошақтарын табу және жою.Түйнемені жұқтыру қаупі жоғары адамдарға тірі қурғақ «СТИ» сынама (привывка) жасайды. Науқастарда жеке палаталарға оқшаулау керек.Күнделікті дезинфекция жүргізіледі.
39 Өндірістік өрт кезінде адамдардың іс-әрекеті. Өрт-бұл адамдардың,хайуанаттардың қаза болуына ж/е материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін бақылаусыз жану процесі,өрттің шығуына өртті бейғам пайдалану,өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болып табылады, от сөндірілмей тасталған сіріңкеден немесе темекі қалдығынан сөндірілмеген алаудан,атылғаннан кейін құрғақ шөпке түскен ыстық патроннан орманда ақаулы техниканы пайдаланудан ж/е басқа себептерден тұтанады,Өрттің 90%-адамның күнәсынан,

7-8% найзағайдың соққысы әсерінен құрғақ ағаштың жануынан,2-3% басқа себептерден болады, Өздігінен жану –жану көзінсіз тұтандырғышпен әрекеттесіп жанады,Өрттің зоналары 3 негізгілерден тұрады,1)Жану зонасы,2)жылулық әсер зонасы,3)түтіндену зонасы,Бүкіл аумақты қамтитын зілзала ретіндегі өрттің негізгі түрлері табиғаттағыөрт-ормандағы ж/е даладағы өрт болып табылады,Өндірістегі өрт қауіптілігі,зардабы,шығыны жағынан тұрмыстағы өрттен қуатты болып келеді,

Өрт өндіріс орындарына қарағанда үйлерде жиі болады. Өрттің себебі барлық уақытта бірдей-ақ:-отты,оның барлық түрлерінде дұрыс пайдаланбау.- тұрмыста қолданылатын қыздыру приборларының бұзылуы:- электр сымдарын ж/е электр жүйесін пайдалануға өрт қауіпсіздігінің ережесін бұзу:-теледидардың радиоапатураның жануы:-пештің, оның құбырының дұрыс салынбауы ж/е бұзылғандығы:-балалардың отпен ойнауы. Темекіні абайсыз шегудің зардабына ерекше тоқталып кеткен жөн.. Өрт кезіндегі негізгі маңызы: өрт уақытында өшірілуі-негізінен,өрт сөндірушілердің дер кезіндегі шақыруылуына көп байланысты.сол сияқты адамдар жанып жатқан ғимараттардан тез шығудың да маңызы зор. Осындай жағдайда келесі мәліметтер аса көніл адару қажет: Өрт туралы халыққы хабарлама беру: өртті байқаған сәтте ғимараттағы адамдарға тез хабар беру к/к, өрттің көлеміне жану қуатына қарамай өрт сөндірушілерді 101 телефоны арқылы хабардар еткен жөн. 1Өрт туралы телефонмен хабар бергенде келесі тәртіп орындалу к/к:- өрт туралы хабар беру.-өрт болып жатқан ғимарат нөмірін,қабатын,көше атын дұрыс айту к/к. – өртке қысқаша сипаттама беру к/к.- адамдарға қауіп төнгенін ауту к/к.- өрт машинасы қалай кіре алатындағы жайлы айту. 2.Адамдарды құтқаруға әрекет жасау. Өрт сөндірушілерді шақырумен қатар оны сөндіруге әрекет ету қажет. Егер өрт ағаштан тұрғызылған ғимаратта баталса,онда өрттің орнына көлеміне қарамастан адамдарды жедел эвакуация жасау керек. Эвакуация кезінде сабыр сақтау к/к.бірінші кезекте балаларды құтқару к/к. Адамдар мансардың немесе жоғары қабаттан құтқару баспалдақты түтін басқан болса, онда сол маңайдағы терезені сындарып, таза ауаның кіруіне жол беру керек. Егер ішкі баспалдақ қрттеніп жатса, онда адамды саты қойылған терезе арқылы шығарады. Түтінде қалқып, тұншыққан адамдарды тапқаннан кейін,оған алдымен тыныс жүйелері арқылы уланбас үшін, ылғал шүбірекпен байлама жасап беру керек. Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін толық тексеру керек. Адам қалып қалмады ма соны. 3. Заттар мен жан-жануарды эвакуация жасау: заттардың құрып кету қаупі тұрған кезде,оларды өрттен шығара бастауға адамдарды құтқарған соң кіріседі. Жан-жануарды құтқару кезінде топпен жасаған жөн. Өрттен шығарылған заттарды алыс жерге қойған жөн. 4.Өртті қшіру түрлері: сумен өшіру,көбікпен өшіру,габен өшіру,бумен өшіру. Өрт сөндіргіш құралдары: -судың ағыны,шашыраған жіне бу түрін пайдаланатын;-химиялық ж/е ауа –механикалық көбіктер;-инерттік газдар;-ұнтақ құрғақ газдар. Сумен сөндіру: ең қарапайым әдіс. Өрттің жану шарттына байланысты суды бағытталған ағым,шашырату түрінде пайдалану.ал суды шашыратып себу бағытталған ағынан гөрі тиімдірек, себебі бұл ретте су үлкен ауқымды өшіре алады. Көбікпен сөндіру: тез тұтанатын сұйықтарды ток қуаты жүріп жатқан қондырғыдағы өртті умен сөндірмейді,себебі ток ұруы мүмкін. Яғни осы сәтте газ бен сұйық құрылған көбікті пайдаланады. Бұның өзі екі түрі бар:- химия көбігі.-ауалық-механикалық көбік. Газбен сөндіру: газбен сөндіру құралдарына өртті көмірқышқылмен ж/е галоидтелінген көмірсутегімен сөндіруді жатқызады. Көмірқышқыл галоидті кқмірсутегі адамға зиян келтірмейді. Өртті газбен сөндіруде мыналар қолданылады:-көмірқышқылының автоматты қондырғылары:- жылжымалы көмірқышқыл өртсөндіргіші:-қол өртсөндіргіші. Бумен сөндіру: өртті бумен сөндіру әдісі жанып жатқан заттарға отегінің келуін шектеу әдісі. Өрт пайда болған ж/е оны өшіру кезіндеұстамдылық,жағдайды жедел бағалау,қабілетін ұстап,дұрыс шешңм қабылдау қажет. Өзің абдырамай жүйкеңді жұқартпай,басқалардың үрейленуіне жол бермеген дұрыс.

Өндіріс орындарындағы өрт кезінде әр қызметкердің бірінші міндеті болып материалды бағалы заттар мен адамдарды құтқару болып табылады. Өрт шыққан кезде әр қызметкер міндетті:

1. бірден 01 телефонына звондап, жақын маңдағы өрт сөндіруші мекемеге өрт туралы хабарлау және жоғарғы мекемеге, басқармаға жағдайды айту.

2. мекемеден адамдарды шығаруда қолынан келетін іс-әрекеттерін аямау. Адамдарды шығаруды еңт алдымен өрт басталған ғимараттан, содан кейін өрттің таралу қаупі бар ғимараттардан шығару керек. 3. эвакуацияланған адамдарды қауіпсіз жерге орналастыру.

4. эвакуциямен қатар шама келгенше өз күшімен және ғимаратта бар өрт сөндіргіш заттармен өртті сөндіруге ат салысу.

5. шақырылған өрт сөндірушілердің бастығына болған жайды дұрыс түсіндіріп бере алатын адамды дайындау.

- өрт шыққан жерге жақындау жолдарын;

- өрт гидранттарының орналасуын;

- жанып, түтінденіп жатқан ғимараттан адамдардың бәрі эвакуация жасалды ма және қай ғимараттарда тағы адамдар бар екендігін ТЕКСЕРУ КЕРЕК.

40 Өндірісте жарылыс болған кездегі адамдардың іс-әрекеті.

Жарылыс- бұл қысқа уақыт аралығында шектеулі көлемде энергияның үлкен санының босауы. Ол қысымы өте жоғары қатты ысыған газдың пайда болуына алып келеді,аяқ асты кеңейген жағдайда қоршаған денеге соққылық механикалық әсер етеді. Жарылыс қатты ортада төңірегін бұзып,ұсақтайды,ауаның судың жойқын әсердегі ауалық н/се гидрарликалық соққы толқындарын құрайды.жарылу қауіпі бар объектілерге қорғаныс,мұнай өндіруші ж/е ұқсатушы,мұнай химия, газ,тоқыма,химия объектілері,нан өнімдерімен дәрі-дәрмек өнеркәсібі, жылдам тұтанатын ж/е жанатын сұйықтар,сұйытылатын газ қоймалары жатады. Кәсіпорында ауаның,бензиннің,табиғи газдың буынан қантж/е ағаш шаңынан жинақталуынан пайда болған ауа қоспасы жарылысты болдырмау үшін, 1-ші кезекте ықтимал от шығу көздерін жоюды ж/е кәсіпорындарды қорғауға бағытталған шараларды жүргізеді. Олардың негізгілері мыналар: -жарылыс кезінде ең жоғарғы қысымға тең жүктемені көтееруге қабілетті берік қоршауды,құрылғыларды жобалаау;-жарылу қауәпә бар аймақтарда оттегі құрамы қажетті жанудан аз болатын инертті ортаны, берік қағидалар мен жарылу өауіпі бар аймақты оқшауландыру.-жарылу қауіпі бар өндірісті жарылыс болған жағдайда қоршаған ортаға залал келмейтіндей жерлерге орналастыру;-жарылыс кезінде пайда болған қысымы шығару үшін арнайы сақтандырғыш клапандарын орнату;1989жылы 20мамаырда Алматы-2теміржол станциясында сұйық пропан құйылған цистернаның жырылысы кезінде 34адам қаза болып,100адам жарақат алды. 2000жылы республикада газды пайдалану бұзудан тұрғын үй секторында 35жарылыс болды бұдан 49адам зардап шегіп оның 9қаза болды. Жарылыс ж/е өрт қаупі бойынша барлық өнеркәсіп орындары 6категорияға: А,Б,В,Д,Г,Е. Әсіресе А категориясына жаттатын мұнай өңдейтін ж/е хим кәсіпорында,мұнай өнімдерінің қоймасы газ шаруашылығы ж/е т.б жатады. Көмір шаңың,ағаш ұнтағын.қант опасы даярлайтын ж/е тасымалдайтын цехтар,сондай-ак Б категориясына жататын өзгеде нысандармен ағаш кесуі,ағаш өңдеу,ұста,ағаш ыдыс өндірісі ж/е В категориясына жататын өзге нысапндарды қауіпті. Бүкіл құрылыс материалдары 3топқа бөлінеді: жанбайтын,қиын жанатын,жанатын.

Егер сіз отырған ғимаратта жарылыс болған болса, ең бастысы – сабырлылық сақтау. Аман шығатыныңызға сенімді болыңыз. Жарылыс болғаннан кейін бұл ғимараттан мүмкіндігінше тезірек шығу керек. Қажетті заттарыңызды жинаймын немесе қоңырау шаламын деп ғимаратта бөгеліп қалмаңыз. Егер сіздің айналаңызда заттар, бөлшектер құлап жатса жедел парта немесе столдың астына заттардың құлауы тоқтағанша тығылып қалыңыз, содан кейін тез арада ғимараттан шығуға тырысыңыз. Лифтпен пайдаланушы болмаңыз! Жарылыстан кейін өрт шыққан болса, сізге мүмкіндігінше төмен иіліп тіпіті еңбектеп жүруіңіз керек, бұл жағдайда сіз тезірек ғимараттан шығуыңыз керек. Бетіңізді сулы шүберкпен немесе киіммен орап алыңыз, сол арқылы демалыңыз. Егер ғимаратта өрт болып жатса ал сіздің алдыңызда есік жабық тұрса, оны ашпастан бұран тұтқасын қолмен ақырын ғана түртіп көру керек. Егер тұтқасы ыстық болмаса ақырын ашып көрші ғимаратта өрт жоқ па деп көріңіз де кедергілер болмаса басыңызды төмен басып сыртқа шығып кетіңіз. Егер түтін мен өрт шығуға кедергі жасаса есікті жауып басқа шығатын жол іздеңіз. Ғимараттан сонымен қатар терезе арқылы шығуға болады. Егер сіз ғимараттан шыға алмасаңыз құтқарушыларға көмек керектігі жайында белгі беріңіз. Бұл үшін киіммен немесе затпен бұлғаңыз.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 101; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.044 сек.