Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 8 страница




Тоқыма кәсіпорындарында шаң талшықты материалдарды: мақта, зығыр, кендір, кенап, жүн, жібек және басқада талшықтарды қопсыту, түту және тарау процесінде түзіледі. Сонымен қатар шаң әр түрлі материалдарды майдалауда және ұрғылауда пайда болады. Тоқыма кәсіпорындарында шаң жалпы құрылымына қарай органикалық және минералды болып бөлінеді. Органикалық шаң негізгі үш түрге бөлінеді:1) өсімдіктектес шаңдар-мақта, зығыр, кенап, кендір; 2)жануартектес шаңдар - жүн және жібек; 3) жасанды және химиялық талшықтар шаңдары. Шаң құрамына мыналар енеді: талшықтар үзінділері, шиттің қабығы, жапырақ қиықтары, ағаш және т.б.

Минералды шаң талшықты жинаған және тасымалдағанда түсетін майда топырақ бөліктерінен тұрады. Оларға асбестің талшық бөліктері, боялған мақтадан және иірім жіптен бөлінетін шаң түріндегі бояу бөліктері. Ең көп шаң бөлігі алғашқы өңдеу машинасында бөлінеді.

Шаң өлшемі микрометрде (мкм) өлшенеді. Өндірістік жағдайда микрон бөлігінен 100 мкм дейінгі шаңдар кездеседі. Шаң майда болған сайын ол зиянды, оңай тыныс алу жолдарына түседі.

Өндірістік шу — өндірістік жайдағы жұмыс істеп тұрған машиналар мен механизмдерден шығатын шу. Өндірістік шу дыбыс жұтатын құрылғылар (үй-жайдың төбесі, кабырғасы) немесе шуға қарсы жағдайлар (қаркындылығы және толқыны бірдей, бірак қарсы фазадағы шумен басу және т.б.) арқылы басылады.

Діріл (Вибрация) — скалярлық шамамен сипатталатын нүктенің немесе механикалық жүйенің қозғалысынан туындайтын тербеліс.

Діріл (лат. Vibratio -тербеліс, діріл). Діріл-механикалық тербеліс, сызықтағы кернеулер мен деформациялар таңбалары айнымалы болғанда басталады.

Вибрациялық түйсіктер қозғалған дененің ауаны толқытуын бүкіл өн бойымызбен сезінген кезде пайда болады. Негізгі талдағыштары (түйсіну мүшелері) сау адамда көбінесе өздерінде бұл түйсіктердің болуын байқамайды. Көзі, құлағы, тілінен бірдей айырылған американдық Елена Келлер мен орыстың ғылыми қызметкері Ольга Скороходованың өмірі мен шығармашылық әрекеті талдағыштардың адам таңқаларлық жағдайда бір-бірімен байланысатындықтарын, әсіресе мұнда вибрациялық түйсіктердің маңыздылығын көрсетеді.

Вибрацияның жалпы және жергілікті түрлері болады. Жалпы вибрация түгел ағзаға әсер етеді, ал жергілікті ағзаның тек белгілі бір бөлігіне ғана әсер етеді.

Жалпы вибрацияның әсерінен жүрек қызметінің бұзылуы, жүйке жүйесінің бұзылуы, тамырлардың тарылуы, буын өзгерістері тарылып, қозғалысты шектейді.

Жұмысшылар қолдарына жергілікті вибрацияның әсерінен терінің сезімталдығы, жүйке талшықтарының сезімталдығы, қан тамырларының серпімділігі жоғалып, сіңірлерінің сүйектеніп кетуіне әкеліп соғады.

Жұмыс барысында ұзақ уақыт дірілдің әсерінде болған адам әр түрлі кәсіптік ауруға ұшырайды. Мысалы асқазанның жаралы кеселіне, психикалық және жүйке жүйесі ауруына, гипертония, діріл ауруына шалдықтырады. Кәсіптік аурулардың ішінде діріл ауруының алатын орны ерекше. Осы аурумен жиі ауыратын машина жасау, металлургия, құрылыс, тау- кен өнеркәсіптерінде, көлік саласында және ауыл шаруашылығында істейтін жұмысшылар. Діріл жиілігі 16-20 Гц шамасында болғандадіріл ауруы пайда болатын жағдай туады. Діріл жылдамдығының қабылданатын мөлшері 10-4 м/с деңгейінде, ал 1 м/с ауру сезіле бастайды. Діріл ұзақ уақыт әсер еткенде ғимарат, техника бұзылуы мүмкін.

Вибрациядан сақтанудың бір әдісі вибродемпфирлеу (виброжұту) деп аталады, ол механикалық энергияның жылу энергиясына айналуы. Ол үшін конструкторларда арнайы материалдардың вибрацияланатын агрегаттарын қолданады (мысалы: мыс-никель, никель-титан, титан-кобальт жүйелерінің қорытпасы). Жақсы вибродемпфирлі материалдарға пластмассалар, ағаш жатады.

Вибрациядан қорғанудың тиімді әдісі болып виброоқшаулану болып табылады. Виброоқшаулағыш ретінде пружиналарды, серпімді резеңке төсеніш, тығындар, т.б. қолданады.

Шығу тегіне байланысты вибрацияның 3 категориясын ажыратады:

· транспортты;

· транспортты-технологиялық;

· технологиялық.

 

№ 9-10 Дәріс. Қазіргі заманғы жаппай қырып-жоятын қарулар.

Мақсаты мен міндеттері: ядролық, химиялық және бактериологиялық қарулар туралы түсінік, олардың сипаттамасы және олардың зардаптарын қарастыру.

Жоспар:

1.Жаппай қырып-жоятын қарулар туралы түсінік.

2.Жаппай қырып-жоятын қарулардың түрлері.

3.Oлардың ерекшеліктері және оны қолданудың салдары.

Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы. Атом бомбасы - авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты.

Ядролық қарудың өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол – ядролық және термоядролық болып бөлінеді.

 

 

 

Дүние жүзіндегі ең бірінші атом бомбаларының бірі, салмағы 20 т (1950 жылдар).

 

 

Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, радиоактивті зақымдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады.

Дүниеге келгеннен бастап-ақ ядролық өзіне ие болған мемлекеттің күштілігін білдіретін белгісі болып саналады. Қазіргі заманда ірі халықаралық саясат даулары барысында ядролық қару міндетті түрде есепке алынады. Орасан зор қирату күші бар осы қару адамзат қолында болғандықтан оның бір кезде пайдаланылатынына күмән жоқ. Ол қолданылды да. Әлемді дүр сілкіндіріп Хиросима мен Нагасаки жапон қалаларын жермен жексен қылды.

 

 

Адамдардың басым көпшілігі ядролық (атом) бомбаларының барын біледі, олардың жарылыс салдары туралы да естіген болатын. Алайда, ракеталық-ядролық соғысынан көтерілетін экологиялық проблемаларды, шығындардың мөлшерін, жалпы қирау көрінісін нақтылы мәнінде көз алдына елестете алатын тұлғалардың саны шамалы болса керек. Айтарлық, жалпы қырып жоятын қарудың қолданылуы аса шығындарды халық қалың орналасқан аймақтарда келтіреді, ядролық жарылыстардың адамдарға психологиялық жағынан ететін әсерін де есептен шығаруға болмайды. Оның үстіне, қаза тапқандардың, жарақат алғандардың, жалпы зардап шеккендердің саны сау қалған адамдардың санынан, мысалы жеке бір қаланы алсақ, молырақ болуы мүмкін. Жырылыс салдарының біраз уақытқа созылатын әсері де жоқ емес.

Осыған қарай мынадай сауалдар туындайды: егер сау қалған адамдар ядролық зақымдау ошағында көмек көрсету және тағы да басқа жұмыстарды жүргізіп өздерінің өмірлеріне қауіп төндіретін болса, онда бұндай жұмыстардың алып баратын мағнасы неде, жалпы ол әрекеттердің өздері шын мәнінде жүзеге асырылуы мүмкін бе?

Жауап алу үшін, алдымен, ядролық қару және оның жарылыстарының салдары туралы бір қатар мәліметтерді білу керек.

Атом ядросы протондар мен нейтрондардан (жалпы аты-нуклон) құралған. Кейбір ауыр әлементтердің (мысалы, уран, плутоний) ядролары бөлінген кезде, ал жеңіл түрлері (сутегі изотоптары) қосылып аурырақ (гелий) әлементтерді құрағанда ядролық реакциялар барысында едәуір әнергия босайды екен.

Бөліну реакцияларында атом ядросы сыртқы нейтрондардың әсерінен екі немесе одан көп бөлшектерге ыдырайды. Егер 1 кг уранның барлық ядролары ыдыраса босалған әнергияның шамасы тротилдың 20000 тоннасының жарылуынан шығатын әнергиясына тең болады. Салыстару үшін, тротилдың (тринитротолуол деген жарылғыш химиялық зат) 1 кг мөлшері жарылғанда кәдімгі жер қыртысында екі метрдей диаметрлық шұңкыр пайда болады. Ядролық бомбалардың қуатын тротил әквивалентімен өлшейді. Бөліну реакцияларына негізделген бомбалардың қуаты тротил баламасымен есептелгенде ондаған тоннадан бастап шамада 500000 тоннаға дейін жететіндей жасауға болады.

Қосылу реакцияларының өз ерекшелігі бар: бұл жағдайда нейтрондың қатысымен емес, жеңіл ядролар өздері әлектростатикалық керіс тебу күштерін жеңіп қосылуға тиіс. Уранның бөліну реакциясымен салыстырғанда дейтерий және тритий, немесе дейтерий мен литий қоспаларының синтез реакциясында босану әнергиясы төрт есе көп болады. Алайда, синтез реакциясы жүру үшін жоғары температуралар қажет, сондықтан оны тремоядролық реакция деп атайды. Термоядролық бомбаларда температураны көтергіш ретінде 235-уран немесе 239-плутонийдің ядро бөліну реакциялары жарылыс қалпында пайдалынады; олар негізгі қоспаны қыздырады. Және жарылыс заттардың қабықшасының құрамына 238-уран кіргізіледі. Сонда алдымен бөліну реакция жүріп, температура көтеріледі; сонан соң синтез реакциялары іске қосылады - бұл жерде көптеген нейтрондар пайда болып, қабықшада бөліну реакция жүруіне себеп болады. Жырылыстың осы үш сатысы әріне лезде өте шығады (микросекунд үлестерінің шамасында). Термоядролық жарылыстың қуатын 50 Мт-ға дейін көтеруге болады (елу миллион тонна).

 

 

Ең қарапайым бомбалардың құрылысы екі немесе одан көп уранның бөлшектерінен түзілген, оның әрқайсысының массасы ауыспалы массадан аз болу керек. Жарылыс айтылған бөлшектердің бірге қосылуынан басталады. Ауыспалы масса деген жарылғыш заттың (мысалы, уран) ең аз мөлшері, ол одан асса өздігінен бөліну реакциясы өрістейді. Уранның ауыспалы массасы ондаған, ал плутонийдікі бірнеше килограммға тең. Бірақ іске қосылатыны бұл заттардың тек 20%-ға дейін-ақ. Мысалы Жапонияға қарсы қолданылған атом бомбасында не бары зарядтың 3%-ы ойнады. Қалған масса атылуға үлгермей газ тектес жағдайға айналып ұшып кетті.

Жарылыс түрлерінің ішінде ерекше орын алатыны әуедегі және жер үстіндегі ядролық жарылыстар. Олардан басқа жер астындағы және су үстіндегі (су астындағы) ядролық жарылыстар да болуы мүмкін.

Жарылыстың алғашқы бастамасында энергияның бір бөлігі гамма-сәулелер және нейтрон ағындары түрінде босанады. Бұлар материядан оңай өтіп, терең енетін қасиетіне қарай өткіш радиация деп аталған және жолында кездескен тірі организмнің клеткаларын иондайды (екі қарама-қарсы әлектр зарядына бөледі). Энергияның басым мөлшері жылу формасына айналады. Жарылыс орталығында температура шамада 10 миллион градусқа дейін көтеріледі. Салыстыру үшін - күн бетіндегі температура 6 мың градус шамасында. Оқ дәрінің қоры мен қабықшасы кірпік қағым уақыт арасында газ түріне айналады да реакциялар барысы тоқталады.

 

 

Қызған газ бен ауа сәуле шашатын отты жарқыл шарды құрайды. 1 Мт қуаты бар жарылыстың жарқыл шары өрістеп көлемі 10 секундта 2000 метрдей шамасына жетеді.

Кеңістіктің шектелген аз көлемінде орасан зор әнергияның босатылуы себебінен ауа қысымы күрт көтеріледі (1 млрд. атм. шамасына). Тығыздалған ауа массасының жан жаққа таралуы нәтижесінде қысым көрші ауа қабатына өтіп, ауа толқынның туындатады. Сығымдалған ауаның алдынғы қабатын соққы толқының шебі деп атайды. Соққы толқыны екі зонадан құралған: тығыздалған зонасында ауа қысымы атмосфера қысымынан артық, сирету зона тығыз зонаға ілесіп келеді - оның ауа қысымы атмосфера қысымынан төмен. Соққы толқынымен бірге ауа ағыны да пайда болады. Дыбыс жылдамдылығынан арта түсіп жылжыған ауа ағыны мен соққы толқыны зор қирату күші деп табылады. Кеңістікте жан-жаққа таралып олар орталықтан алыстаған сайын жайылып бара-бара зақымдау әсерін төмендетеді, ауа толқыны төңіректе күн күркіреген сияқты дыбыс шығарады. Соққы толқыны жарылыстың түріне қарай су астында да болады. Жер астындағы соққы толқыны жер сілкінісіне ұқсаған қимыл келтіреді.

Биікте болған ядролық жарылыстың радиобелсенділі өнімдері -ядролардан бөлінген бөлшектері, реакцияға қатысып үлгермеген жанар заттары, нейтрон ағынның ықпалынан пайда болған радиобелсенді изотоптар, т.б. - тропосферадан ұзақ уақыт бойы (бірнеше аптадан үш айға дейін) жер бетіне түсе,радиобелсенділік бұлт ізін құрайды. Бірнеше мың километрге созылып олар тірі жандарға аса қауіп туғызбайды. Жарылыстың тағы басқа өнімдері стратосфераға еніп жер бетіне 5-10 жыл бойы түсе береді. Әуе ядролық жарылысының кіндігінде нейтрондар әсерінен сінген радиацияның деңгейі тез арада төмендейді, өйткені радиобелсенділік заттардың (РЗ) көбісінің жартылай ыдырау мерзімі қысқа. Сонымен әуедегі болған ядролық жарылыстың негізгі зақымдау факторларына соққы толқыны, жарық сәулесі және өткіш радиациясы жатады.

Жалпы ядролық жарылыс әнергиясы былай таралады: 50% -соққы толқыны, 35% - жарық сәулесі, 10% - ядролық сәуле қалдығы, 5% - өткіш радиация.

Жер үстіндегі ядролық жарылыстың жарқыл шары жер қыртысына тиеді, суи бастап ол жер бетінен қисапсыз мөлшерде топырақты өзіне сорып биікке көтереді де саңырауқұлақ тәрізді радиобелсенді бұлтты құрайды. Топырақтың құрамына кіретін кремний, натрий, магний әлементтері алғашқы нейтрондардың ықпалынан радиобелсенділік қасиетіне ие болып алған, ал жарылыстың өзінен шыққан РЗ-тар әлгі топырақпен араласып, оның бөлшектеріне қонады. Жел бағытымен жылжыған бұлттан төмен алдымен ірі, ауыр бөлшектер, сонан соң ұсақтары тұнба болып түсе береді. Бұлттың ізімен түсіп отырған РЗ-тар осы өңірде биік деңгейлі радиацияны ұшықтырып, адамдарды және малдарды зақымдауға соқтырады.

Сонымен жер үстіндегі ядролық жарылыстың зақымдау факторларына радиобелсенділік зақымы да қосылады.

Ядролық қарудың бір түрі нейтрондық қару деп аталған, өйткені әнергияның басым бөлімі өте қуатты нейтрон ағынына айналып жер қыртысында сіңген радиацияның пайда болуына себеп болады. Оның үстіне нейтрондар, жоғарыда айтылғандай, әлектр заряды болмағандықтан материалдардан оңай өте береді. Нейтрондық қару қуаты аз, тротил баламасымен санағанда 10 мың т. жетпейтін бомбалар боп саналады; құрамының ерекшелігі - оған тек плутоний (қыздырғыш ретінде) және дейтерий мен тритийдің қоспасы кіреді.

Бұл қарудан сақтану мақсатында қорғау паналарды бірнеше түрлі материалдарды үйлестіріп, қабырғалары мен төбесін өте қалың қылып тұрғызады.

Ядролық жарылыстың салдарынан адамдар, малдар және өсімдіктер жаппай зақымға ұшыраған, ал ғимараттар мен құрылыстар қирап бүлінген территорияны ядролық зақымдау ошағы деп атайды.

Әуе соққы толқынның негізгі зақымдаушы әрекетінің көрсеткіштері: артық қысым (Рш), ауа ағымының жылдамдылығына байланысты итеру күші (Рж) және артық қысымның әрекет ету уақыты болып табылады. Артық қысым деген термин толқын шебі қысымының атмосфераның кәдімгі қысымынан артықшылығынан шығады. Толқын мен аралас жылжыған ауа ағымы динамиқалық қысымды, яғни итеру қабілетін көресетеді. Рш және Рж Паскаль (Па) деген өлшем бірлігімен есептеледі.

Ядролық зақымдау ошағы өткен артық қысымның шамасына қарай бірнеше зонаға бөлінеді:

1) Толық қирау зонасы - Рш=50 кПа-мен (0,5 кгс/см2) шектеледі. Жер үстіндегі құрылыстардың барлық түрі жермен жексен болып, тек қана үйінділер қалады. Жер астындағы қорғаныс ғимараттар, панаханалары, коммуналдық жүйелері едәуір бүлінеді. Қорғанбаған адамдардың бәрі өліп, жер астында орналасқан паналаушылар әр түрлі жарақат алады.

2) Күшті қирау зонасы - Рш=50-30 кПа арасында. Өнеркәсіп және тұрғын ғимараттардың көбісі толық қирап немесе қатты бұзылады, бірақ жер астындағы құрылыстар толық сақталуы мүмкін. Жасырынбаған адамның көпшілігі қаза табады. Қорғаныс паналардағы адам арасында жарақат алғандар көп емес, жер беті радиобелсенді заттармен қатты ластанады.

3) Орташа қирау зонасы - Рш=30-20кПа арасында. Көп қабатты ғимараттар, әлектр жүйелерінің бағандары орташа немесе бір шамада бүлінеді, қорғаныс паналар, жер төлелер толық сақталып қалады. Кейбір жерлерде үйінділер болуы мүмкін. Адамдарға көмір қышқыл газбен улану қауіпі төнеді. Осы үш зоналар ядролық зақымдану ошағының 1/3 бөлігін құрайды және бұл жерде құтқару жұмыстары күрделі түрде жүреді.

4) Жеңіл бүліну зонасы - Рш=20-10 кПа арасында. Ғимараттардың тек терезе жақтаулары, есіктері, ішінара үй шатырлары бүлінеді. Ағаш үйлер бұзылады, жеңіл от алатын заттардың төгілуінен екінші қайтарма өрт пайда болуы мүмкін.

 

500 мыңдай тұрғындары бар орташа қаланы едәуір дәрежеде қирату үшін қуаты 500 кт бомбаның біреуі ғана қажет екен.

Жалпы ядролық жарылыс аяқ астынан ұйымдастырылып халық алдын ала дайындалмаған, хабарландырылмаған жағдайда үлкен қаланың тұрғындарының 1/3 бөлігі қазаға ұшырайды. Едәуір бөлігі жарақат алады, күйеді, уланады, сәуле ауруына шалдығады, психикалық ауру болады, жоғалады, т.б.

Хиросима апатынан зардап шеккен адам санының 40% және қаза тапқандардың 20% жарылыстың соққы толқынның себебінен болыпты. Соққы толқының тағы ерекшелігі-ол герметикаланбаған (саңлаулары бар) қорғаныс паналарға өтіп кетеді. Сондықтан осы паналар толқын сөндіретін керек-жарақтармен жабдықталу керек. Адам денесі соққы толқынның әсерінен лезде сығылып одан кейін ұлғайтылады, алдымен бұдан дененің ауа және сұйықтық толған қуыстары органдарының (өкпе, бас миының қарыншалары) үлпалары жарылып, үзілуі мүмкін.

20-30 кПа қысымдылықта зақымның жеңіл деңгейі, құлақтың дабыл жарғақтарының жарылуы, есту қабілеті бұзылады, 30-50 кПа -құлақтан, аңқадан қан ағу, қысқа мерзімге естен тану, орташа деңгейдегі жарақаттану, кейкезде сүйек сынуы, өліммен аяқталу да мүмкін. 50-80 кПа қысымдылықта ішкі ағзалардың жарылуы, ұлпалардың майда, нүкте тектес қан ағуы, өліммен аяқталу жағдайлардың саны күрт өсуі. Қорғаныс паналарда, жерттөлелерде соққы толқының әсері лезде емес, сәл созыңқырап келеді, сондықтан осы жерде орналасқан адамдар биігірек қысымдылықты басынан өткізе алады.

Соққы толқынның шебінде ауа температурасы да жоғары болады. Мысалы, 100 кПа артық қысымда ауа температурасы 350°С дейін барады. Бұл фактор жарылысқа жақын орналасқан панахананың ішінде отырған адамның ашық мүшелерін, тыныс алу жолдарын күйдіруі ықтимал.

Бұдан басқа ғимараттардың құлаған қабырғалары және басқа да заттары адамды басып қалып асфикция (түншығу), ұзақ жаншылу синдромы сияқты жағдайларға әкеледі.

Ауа ағымымен ұшқан заттар да (үйдің бөлшектері, терезе әйнегінің сынықтары, т.б.) адамның жарақаттану себебі болады. Салыстыру үшін: 30 кПа артық қысымдалығында ауа жалдымдылығы 60 м/с дейін барып дауылдан екі есе асып түседі. Ауа ағымы адамды тек лақтыру мен тыйылмай, шаң-тозаң көтеріп көзін және тыныс жолдарын шаңмен бітеп тастайды.

Гамма-сәулелену және нейтрондар ағымы әр-түрлі ядролық реакцияларының себенінен материя қойнауынан пайда болады. Бұндай реакциялар ядролық жарылыс кезінде болады және олардың бір түрі -радиобелсенділі әлементтердің ыдырауы. Ыдырау үрдісі ядролық жарылыстың соңынан көтерілген бұлтта да, жерде де өтіп жатады.

Өткіш радиация алғашқы 15-20 секундтар арасында, яғни жарылыс барысында және бұлттың 2-3 км биіктікке көтерілгенінше әсер етеді; осыдан кейін гамма-сәулеленуді және нейтрондарды әуе қабаты өзіне сіңіріп алады. Радиобелсенді зақым болса (ластау) тек ыдырау реакцияларынан (кейбір әлементтердің тұрақсыз изотоптарының ядролары ыдырауынан) туындайды, ол да басым есебінде гамма-сәулелену болып табылады.

Өткіш радиация мен радиобелсенді зақымның негізгі зақымдаушы көрсеткіші – сәулелену дозасы (шарпу мөлшері). Жіті сәуле ауруының дәрежелері шарпу мөлшеріне байланысты. Ілгеріде айтқандай гамма-сәулелену мен нетрондардың атомдарды, молекулаларды иондау қасиеті бар. Шарпу мөлшері деп сәулеленген ортаның (материяның) бірлік массасы сіңіріп алған иондатқыш сәуле ағынының әнергия шамасын айтады. Шарпу мөлшерінің үш түрін ажырата білу керек:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 157; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.