Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

По историко-правовым дисциплинам 10 страница




Сабақ соңында әрбір топ мәселені шешу жолдарын ұсынады. Таңдалған эксперттік комиссия ұсынылған жобалардың мазмұны мен безендірілуін бағалайды. Жұмыстың мұндай интерактивті формасы өзара біріккен әрекет іскерліктерін қалыптастыруға көмектеседі. Әсіресе бұл халық көп жерде үндемей, тасада қалуға тырысатын ұялшақ оқушылар үшін өте пайдалы. Микротоптар-микроәлемдер, әдетте бұл осындай балалардың және жеткіншектердің өзін-өзі бағалауына жағымды әсерін тигізеді.

- Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері.

- «Ассоциация» стратегиясы: «Ассоциация» стратегиясын әдетте студенттер жаңа ұғымды меңгеру кезінде қолданады. Бұл арқылы олар осы ұғым бойынша бұрыннан білетін түсініктерін топ болып ортаға салады. Әрбір топта 4-5 студенттен артық болмағаны дұрыс. Содан кейін әрбір студент жеке не топ болып «Түртіп алу», «3-4 айналым» тағы да басқа әрбір пәнге және мәтінге тиімді стратегияларды пайдалана отырып, жазып келген материалдарын талдау жасайды. Игерілген білімдерін қолдана отырып, студенттер жаңағы ұғымға қайта оралып оны толықтырады. «Түртіп алу» стратегиясын қолданғанда әсіресе ұяң мінезді студенттердің пікірлерін тыңдап, оны бағалап отырған тиімді. Мысалы:

 

- Түртіп алу: «Түртіп алу» страгиясы бойынша әрбір студент мәтінге «+» - жаңалық, «v» келісемін, «-» - келіспеймін, басқаша ойлаймын, «?» - түсінбедім деген белгілер қою арқылы әрбір сөйлемге немесе ойға талдау жасайды. Төменде көрсетілген кестені мәтінді оқи отырып толтырады. Бұл жерде студенттер белгіленген уақыт ішінде жұмыстарын аяқтаған соң бірі-біріне өзара кеңес бере алады, өз ойларын айтуға үйренеді. Игерілген білімдерін қолдана отырып, студенттер жаңағы ұғымға қайта оралып оны толықтырады. «Түртіп алу» стратегиясын қолданғанда әсіресе ұяң мінезді студенттердің пікірлерін тыңдап, оны бағалап отырған дұрыс.

«+» жаңалық «v» келісемін «-» келіспеймін, басқаша ойлаймын «?» түсінбедім
       
       

 

 

- Кубизм стратегиясы: Бұл стратегия кубиктің 6 жағына байланысты және соған орай берілетін тақырып немесе тапсырмаларға байланысты. Студенттер әдетте алты топқа бөліне отырып, белгілі бір тақырып не оқу материалын жан-жақты талдайды. Яғни, әрбір топ өзіне берілген тапсырма бойынша белгіленген уақыт ішінде өз жұмыстарын жан-жақты, мәнді, терең ашып, талдап көрсетуі тиіс. Дайындыққа және өз жұмыстарын қорғауға уақыт белгіленеді. Мысалы, 1-топ «салыстырыңыз», 2-топ «суреттеңіз», 3-топ «талдаңыз», 4-топ «ұсыныс жасаңыз», 5-топ «дәлелдеңіз», 6-топ «ассоциация жасаңыз» деген тапсырмалар алады. Кейде әрбір топқа бөлек тақырыптар да берілуі мүмкін.

- РАФТ стратегиясы: «РАФТ» (роль, аудитория, форма, тақырып) стратегиясы бойынша студенттер оқылған мәтінге байланысты топтарға бөліне отырып, түрлі рольдерді орындау арқылы хабарламалар жасайды. Мысалы, президент (роль) болып, белгілі бір тақырып бойынша халыққа (аудиторияға) үндеу (форма) жолдауы мүмкін, немесе радиодан, теледидардан сөйлеу т.б. Тақырыпты оқытушы әдетте сабақ тақырыбына байланысты беереді. Оқытушы студенттердің өз «қойылымдарында» тақырыптан ауытқымай, оқу материалын толық ашып, көрсетуін қадағалау керек.

Р - Роль

А - Аудитория

Ф - Форма

Т - Тақырып

- ББҮ стратегиясы: «ББҮ» - білемін, білгім келеді, үйрендім сөздерінен қысқартылып алынған. Студент бұл стратегияны да көптеген жағдайларда еркін қолдана алады. Мысалы, сабақ басталған кезде студент сол ұғым немесе тақырып бойынша не білетіндігін, білгісі және үйренгісі келетіндігін өз кестесіне түсіреді. Бұл кестені тақтаға сызып, оған топтың ойларын да жазып қоюға болады. Сабақа соңында сол материалды игере отырып, кестені толтыруға тырысады. Немесе студент оқу жылының басында белгілі пән бойынша осы кестені толтыра отырып, өз білімінің толығуын бақылап отыра алады. Оқытушы да бұл кестені жағдайға қарай өзгертіп қолдануына болады.

 

 

Білемін Білгім келеді Үйрендім
     
     

- Презентация стратегиясы: «Презентация» стратегиясында студенттер топтарға бөліне отырып, өздеріне бөлінген, не берілген сұрақтарға байланысты тақтаға немесе плакатқа сурет, кесте т.б. құрастырып, оны қорғайды. Бұл жұмысты орындауға және әрбір топтың қорғауына белгілі уақыт беріледі. Студенттер өз жұмыстарын орындау кезінде оқытушы әрбір топтың жұмыстарын қадағалап, кеңес беруі тиіс. Әрбір топ өз жұмыстарын қорғаған соң басқа студенттердің сұрақ қоюларына құқығы бар. Бұл әдіс студенттердің ойлау, қиялының дамуына, материалдың есте берік сақталуына ерекше ықпалын тигізеді.

- Еркін жазу: Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде студенттер (оқушылар) өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.

- Топтастыру стратегиясы:

Бұл әдісті жаңа тақырыпты өтерде немесе өткен тақырыпты қайталау кезінде қолдануға болады. Студенттер бұл жұмысты топ болып орындайды. Жаңа материалды өткен кезде қолданған жағдайда сабақ соңына қарай бұл жұмыс толықтырылады.

-Әдіспен жұмыс: Әдіспен жұмысбірнеше жұмыс жүйесінен тұрады:

1. Әдісті топта қолданып зерттеу жүргізу, зерттелініп отырған құбылыс жөнінде психологиялық ақпарат алу.

2. Әдісті интерпретациялау. Алынған ақпарат сандақ және сапалық өңделеді. Ақпараттың өңделуі әр әдістің ерекшелігіне қарай жүргізіледі.

3. Псиологиялық диагноз жасалады, яғни алынған мәліміт жазбаша түрбе беріледі.

№ 1 практикалық сабақ

Тақырып: Педагог маманығына мотивациялық-құндылықты қатынас

Мазмұны

1. Педагог мамандығының бейнесі.

2. Педагогтың өмірлік және кәсіби кодексі

3. Педагог бейнесіндегі кәсіби стереотиптер.

Әдістемелік нұсқау: «РАФТ» стратегиясы.

№ 2 практикалық сабақ

Тақырып: Қазіргі заман оқушысы бейнесі

Практикалық сабақ мазмұны

1. Қазіргі заман оқушысы бейнесі

2. Идеалды және реалды оқушы

3. Мұғалім көзқарас тұрғысындағы оқушы бейнесі

Әдістемелік нұсқау: «РАФТ» стратегиясы.

№3 практикалық сабақ

Тақырып: Педагогикалық іс-әрекеттің құндылықты аспектілері

Дәрістің мазмұны

1. Кәсіби іс-әрекеттегі құндылықтардың рөлі.

2. Психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттегі мотивациялық компонент.

3. Д.А. Леонтьев бойынша педагог мотивтері

Әдістемелік нұсқау: Дөңгелек стол.

№ 4 практикалық сабақ

Тақырып: Кәсіби іс-әрекеттегі рефлексияның рөлі

Практикалық сабақ мазмұны

1. Рефлексия әдістері

3. Рефлексия мамандық мәнін ұғынудың механизмі ретінде

4. Психологиялық-педагогикалық іс-әрекетте өзін-өзі жүзеге асыруда тұлғалық мәннің рөлі

Әдістемелік ңұсқау: «Рольдік пікірталас»

№ 5 практикалық сабақ

Тақырып: Мұғалім іс-әрекетінің салдарын болжай алу

мазмұны:

1 Педагогикалық жағдаятты әртүрлі тұрғыдан бағалау және талдау

2. Өз әрекеттерінің салдарын болжай алу біліктілігі

Әдістемелік ңұсқау: «Рольдік пікірталас»

№ 6 практикалық сабақ

Тақырып: Педагогикалық іс-әрекетті жобалау

Практикалық сабақ мазмұны

1.Іс-әрекетті құрылымдық-жобалау

2.Ұйымдастырушылық әрекет

Әдістемелік нұсқау: «РАФТ» стратегиясы.

№ 7 практикалық сабақ

Тақырып: Креативтілікті дамытатын жаттығулар.

Дәріс мазмұны:

1.«Ассоциция»

2. «Ойлап тапқыштар»

3. «Жапондық үшөлең»

Әдістемелік нұсқау: Дөңгелек стол.

№ 8 практикалық сабақ

Тақырыбы: Педагогикалық шығармашылыққа бағытталған тапсырмалар.

Практикалық сабақ мазмұны

1. «Әңгіме құрастыр».

2. «Мен қандай педагог болғым келеді?»

3. «Мүсін».

Әдістемелік ңұсқау: «Рольдік пікірталас»

№ 9 практикалық сабақ

Тақырып: Интеллектуалды-шығармашылық қабілеттерді дамыту жаттығулар.

Мазмұны:

1. «Проблеманы көре білу»

2. «Қосылмайтынды қосу»

3. «Затты қолдану»

4. «Бейне»

Әдістемелік нұсқау:«Ассоциация» стратегиясы.

№10 практикалық сабақ.

Тақырып: Фантазия мен қиялды дамыту.

Практикалық сабақ мазмұны:

1. Студенттердің фантазия мен қиялын дамыту

2. Вербалды және вербалды емес шығармашылық ойлауды қалыптастыру

Әдістемелік ңұсқау: «Рольдік пікірталас»

№11 практикалық сабақ

Тақырып: Байқағыштық, ес, зейін.

Мазмұны:

3. Студенттердің зейінін дамытудың индивидуалды ерекшелікері

4. Байқағыштық, ес, зейінді дамыту

Әдістемелік нұсқау: Дөңгелек стол.

№ 12 практикалық сабақ

Тақырып: Педагогтың эмоционалды күйін басқара білу

Практикалық сабақ мазмұны:

1.Студенттердің эмоционалды сферасын дамыту

2. Психофизикалық аппаратты басқару дағдыларын дамыту

3. Ішкі эмоционалды күйді басқару қабілеттерін дамыту

Әдістемелік нұсқау: «РАФТ» стратегиясы.

№ 13 практикалық сабақ

Тақырып: Педагог шеберлігі, оның компоненттері.

Мазмұны:

3. Педагогикалық шеберлік туралы ұғым.

4. Педагогикалық шеберліктің гуманистік бағыт, кәсіби білім, педагогикалық қабілет, педагогикалық техника компоненттері.

Әдістемелік ңұсқау: «Рольдік пікірталас»

№ 14 практикалық сабақ

Тақырып: Педагогикалық шеберлік және оның әлеуметтік мәні мен мазмұны.

Практикалық сабақ мазмұны

3. Мұғалімнің кәсіби білімі – шеберлік негізі.

4. Бастауыш, негізгі, жоғары сыныптармен жұмыс жасаудағы педагогтың шеберлігі

Әдістемелік ңұсқау: «Рольдік пікірталас»

№ 15 практикалық жұмыс

Тақырып: Педагогикалық еңбектердің көрнекі шеберлері.

Дәріс мазмұны:

3. А.С.Макаренконың педагогикалық шеберлігі.

4. В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық шеберлігі.

Әдістемелік нұсқау: Дөңгелек стол.

№16 практикалық сабақ

Тақырып: Мұғалімнің сыртқы пішін мәдениеті.

Практикалық сабақ мазмұны:

3. Мұғалімнің сыртқы пішін мәдениеті.

4. Сән және педагог.

Әдістемелік нұсқау:«Ассоциация» стратегиясы.

№ 17 практикалық сабақ

Тақырып: Педагогикалық техника педагог шеберлігінің элементі ретінде.

Мазмұны:

3. Педагогикалық шеберліктегі басқару техникасы.

4. Мұғалімнің өзін-өзі басқара білу шеберлігі, өзін-өзі қалыпқа келтіру техникасының негізі.

Әдістемелік ңұсқау: «Рольдік пікірталас»

№ 18 практикалық сабақ

Тақырып: Педагогикалық техника педагог шеберлігінің элементі ретінде.

Практикалық сабақ мазмұны

3. Мұғалімнің өзінің психофизикалық жағдайын меңгеру техникасы, өзін жөнге келтірудің негізі.

4. Педагогикалық өзара қызметте ауызша қатынас құралдары.

Әдістемелік ңұсқау: «Рольдік пікірталас»

№ 19 практикалық жұмыс

Тақырып: Мен және басқалар

Дәріс мазмұны:

1. Басқа адамдарды қабылдау ерекшеліктері

2. Басқа адамдардың оны қабылдауы туралы білімдер мен біліктерді өзектендіру.

Әдістемелік ңұсқау: «Рольдік пікірталас»

№20 практикалық сабақ

Тақырып: Вербальді емес қарым-қатынас

Практикалық сабақ мазмұны:

1. Вербальді емес қарым-қатынас

2. Қабылдау стереотиптері

Әдістемелік ңұсқау: «Рольдік пікірталас»

№ 21 практикалық сабақ

Тақырып: Дау-жанжалдар. Дау-жанжалдық жағдаяттарды шешу тәсілдері

Дәріс мазмұны:

1. «Дау-жанжал» түсінігін өзектендіру

2. Дау-жанжалдық жағдаяттарды шешу тәсілдерін өңдеу

Әдістемелік нұсқау: «РАФТ» стратегиясы.

№ 22 практикалық сабақ

Тақырып: Қарым-қатынастағы кері байланысты орнату

Практикалық сабақ мазмұны:

4. Байланыс орнату ерекшеліктері.

5. Белсенді тыңдау техникалары

6. Манипуляциядан арылу

Әдістемелік ңұсқау: «Рольдік пікірталас»

№ 23 практикалық сабақ

Тақырып: Диагностикалау бағыттары

Дәрістің мазмұны

1.Оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін диагностикалау

2. Оқушылардың мінез-құлықтық ерекшеліктерін диагностикалау

Әдістемелік нұсқау: Дөңгелек стол.

№ 24 практикалық сабақ

Тақырып: Жазбаша талдау.

Практикалық сабақ мазмұны:

3. «Жағдайды жазбаша талдау» тапсырмасын орындау

4. Мінез-құлық сипатын өзгерту жаттығуларын өткізу.

Әдістемелік ңұсқау: «Рольдік пікірталас»

№ 25 практикалық сабақ

Тақырып: Педагогтың зерттеу позициясы

Дәрістің мазмұны

2. Жағдаятты өзгертуі мүмкін болжамдар жасауға үйрену

2. Әрекетпен диагностикалау

Әдістемелік нұсқау:«Ассоциация» стратегиясы.

№ 26 практикалық сабақ

Тақырып: Психологпен бірлескен жұмыс

Практикалық сабақ мазмұны:

3. Болашақ педагогтардың психологқа қатынасын анықтау

4. Психологпен қарым-қатынастағы позициялар

Әдістемелік ңұсқау: «Рольдік пікірталас»

№27 практикалық сабақ

Тақырып: Мәтінмен жұмыс жасау құралдары

Дәріс мазмұны:

1 Негізгі ұғымдарды табу және мәнін ашу

2.Тезистер

Әдістемелік нұсқау: «РАФТ» стратегиясы.

№ 28 практикалық сабақ

Тақырып: Ғылыми автордың тұрғысын ұғыну

Практикалық сабақ мазмұны

1. «Оппозиция» жаттығуын орындау

2. Ғылыми автордың тұрғысын түсіну

Әдістемелік нұсқау:«Ассоциация» стратегиясы.

№ 29 практикалық сабақ

Тақырып: Орта оқу орындарында оқу-тәрбие процесін басқарудағы мұғалім шеберлігі.

Мазмұны:

3. Студеттер ұжымындағы қатынастарды басқарудағы тәрбиеші шеберлігі.

4. Тәрбие жұмысын жоспарлау шеберлігі.

Әдістемелік ңұсқау: «Рольдік пікірталас»

№ 30 практикалық сабақ

Тақырып: Психологиялық-педагогикалық қызметтегі дидактикалық материалдар

Практикалық сабақтың мазмұны:

1. Педагогикалық этюдтар.

2. Психологиялық әдістемелер

3. Ойын-жаттығулар

Әдістемелік нұсқау: «РАФТ» стратегиясы.

ӨЖСӨЖ өткізу бойынша әдістемелік нұсқау.

- Коллоквиум: Мұғалім және студент арасында сұрақ және жауап түрінде өткізіледі. Әр студентке 10 сұрақтан қойылады, студент қойылған сұщраққа уақыт ұтуы үшін тез жауап беруі керек. 1 сұраққа 1 мин уақыт беріледі

- Үлкен шеңбер әдісі: Жұмыс үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең. Топ үлкен шеңбер болып отырғыштарға отырады. Мұғалім мәселені ұсынады.

Екінші кезең. Белгілі уақыт ішінде (10 минут) әрбір оқушы жеке осы мәселені шешудің жолдарын қағаздарын жазады.

Үшінші кезең. Шеңбер бойынша әрбір оқушы өз ұсыныстарын ұсынады, топ бұл ұсынстарды сынамай тыңдайды, және әңгіме бойынша тақтаға жазылып тұратын ортақ шешімге қосу, қоспауға дауысқа салады.

“Үлкен шеңбер” әдісін сұрақтың шешімін тез табу керек болған жағдайда қолдануға болады. Осы форманың көмегімен мысалы, заң жобаларын немесе нұсқауларды, нормативті-құқықтық актілерді жасауға болады.

- Аквариум әдісі: “Аквариум” – балаларға мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды.

- Мозайка әдісі: "Мозайка" интенсивті қарым-қатынас кезінде мәселенің оптималды шешімін “жоғарыдан-төмен” (педагогтан-оқушыға) емес, тең деңгейде (өзара оқушылар арасында) табуға мүмкіндік береді. Бұл технологияның қиындығы: әсіресе бірінше сабақтарда топтарды қайта құру үрдісінде мұқият зейінділікті талап етеді.

“Мозайка” әдістемесі бойынша сабақты ұйымдастыру кестесі

Кезеңдер Позициялар Мазмұны
1 кезең. Жеке жұмыс. А Б В Г Педагог тапсырма ұсынады (көлемі бойынша кең): оқулықтың үш-төрт параграфын оқып, конспект құратыру; өзект і тақырып т.б. бойынша пікірталасқа сұрақтар әзірлеу; Дайындалуға және тапсырманы орындауға 15-20 минут уақыт беріледі. Берілген уақыт ішінде топағы әрбір оқушының өзінің орындалған тапсырманың варианты болуы керек.
2 кезең. Жұппен жұмыс А <-> Б В <-> Г Әрбір қатысушы өзіне партнер таңдайды: мысалы, А Б-мен жұмыс жасайды, Г В-мен жұмыс жасайды (немесе басқаша). Тапсырма бұрынғыша қалады. Бұл кезеңнің мақсаты топтық жұп арасында ортақ шешім қабылдау. Табылған шешім екі қатысушының да ортақ пікірін білдіруі керек. Талқылау уақыты – 10 минут.
3 кезең. Жұппен жұмыс (жалғасы) А Б | | В Г Жұп ауысады. Жұмыс мазмұны бұрынғыша қалады. Жаңа жұптар өз шешімдерімен алмасады және мәселені жаңартудың мүмкіндіктері іздестіріледі. Талқылау уақыты – 10 минут. Осылайша, топтағы әрбір қатысушы басқаның пікірін тыңдауға мүмкіндік алады, мәселені өзіндік түсінуін ұсынады, табылған шешімді қорғауға үйренеді.
4 кезең. Топтық шешім қабылдау А Б \ / / \ В Г Топ мүшелері бір жерге жиналады. Барлығы шешімдермен таныс болғандықтан бұл кезеңнің мақсаты ортақ шешім қабылдайды. Мұнда зейін тек мазмұндық бөлігіне ғана емес, сонымен бірге оның орындалу формасына да бөлінеді (шешім конспект, сурет, кесте, тақпақ т.б. түрінде болуы мүмкін). Уақыт – 10 минут.

 

Сабақ соңында әрбір топ мәселені шешу жолдарын ұсынады. Таңдалған эксперттік комиссия ұсынылған жобалардың мазмұны мен безендірілуін бағалайды. Жұмыстың мұндай интерактивті формасы өзара біріккен әрекет іскерліктерін қалыптастыруға көмектеседі. Әсіресе бұл халық көп жерде үндемей, тасада қалуға тырысатын ұялшақ оқушылар үшін өте пайдалы. Микротоптар-микроәлемдер, әдетте бұл осындай балалардың және жеткіншектердің өзін-өзі бағалауына жағымды әсерін тигізеді.

- Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері.

- «Ассоциация» стратегиясы: «Ассоциация» стратегиясын әдетте студенттер жаңа ұғымды меңгеру кезінде қолданады. Бұл арқылы олар осы ұғым бойынша бұрыннан білетін түсініктерін топ болып ортаға салады. Әрбір топта 4-5 студенттен артық болмағаны дұрыс. Содан кейін әрбір студент жеке не топ болып «Түртіп алу», «3-4 айналым» тағы да басқа әрбір пәнге және мәтінге тиімді стратегияларды пайдалана отырып, жазып келген материалдарын талдау жасайды. Игерілген білімдерін қолдана отырып, студенттер жаңағы ұғымға қайта оралып оны толықтырады. «Түртіп алу» стратегиясын қолданғанда әсіресе ұяң мінезді студенттердің пікірлерін тыңдап, оны бағалап отырған тиімді. Мысалы:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 80; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.12 сек.