Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тыныс механизмі химизмі реттелуі 6 страница




Дем алу кезінде ауа жоғарғы тыныс жолдарына түсіп, онда шаң-тозаңнан тазарып, жылиды, дымқылданады да, төменгі тыныс жолдарына өтеді.

112.Үлкен ми жарты шарларының қыртысы қызметін зерттеу әдістері.

Үлкен ми жарты шарларыақ және сұр заттардан тұрады. Сұр заттың қалыңдығы 1,3 мм-ден 4,5 мм-ге дейін болады. Бас миының қыртысының аймақтарын немесе алаңдарын ажыратады, бұл алаңдарда қыртыстың қабаттарының қалыңдығы, құрамына кіретін элементтерінің сипаты әрқилы болып келеді. Бас миының әр түрлі бөліктерінде орналасқан қыртыстың да қалыңдығы мен жасушалық құрамының ерекшеліктері болады. Мысалы, маңдай бөлігінің қыртысы ең қалыңы болады, оның қалыңдығы 2,5 миллиметрден 4,5 миллиметрге дейін жетеді. Шеке бөлігінің қыртысы 2,5-1,5 миллиметр, самай бөлігінің қыртысы 2,5 миллиметр. Шүйде аймағындағы қыртыс басқаларға қарағанда жұқа, оның қалыңдығы 1,5-2,5 миллиметр.

Қызметі. Үлкен жарты шарлар мидың филогенездегі ең жас, бірақ ең күрделі бөлігі, ол экрандық типті жүйке орталығы болып табылады. Онда бүкіл сенсорлық мәлімет өңделеді, оған жауап қалыптастырылып, қимыл бұйрықтары және бүкіл құлық пішіндерінің интеграциясы жүреді. Үлкен жарты шарлар жоғары жүйкелік әрекетке жауапты (сана, ойлау, есте сақтау, эвристика тағы басқалар).

Қыртыстың жалпы ауданы 2200 см2, жалпы көлемі 300 см3; 30 %-йірімдердің үсті, 70 %-олардың бүйірлік беттері. Осы жерде 109-1010 санды нейрондар, олардан 10 есе көп глиалды жасушалар орналасады.

Қыртыстың нейрондарыныңбәрі мультиполярлы, пішініне байланысты екі топқа бөлінеді: пирамидалық және пирамидалық емес. Кейінгілерге жұлдыз тәрізді, ұршық тәрізді тағы басқа нейрондар жатады.

113-Үлкен-ми жарты шарларының қыртысы,кейінгі сыңарларының құрылысы,әр түрлі жануарлар организмдегі рөлі

Ми қыртысы орталық жүйке жүйесінің ең жоғарғы, филогенездік тұрғыдан ең жас бөлімі болып табылады. Омыртқалы жануарлардың филогенездік қатарында ми қыртысы алғаш рет бауырымен жорғалаушылар мен құстарда пайда болды. Сүт қоректілер класында біртіндеп дами келе адамдарда ол ең күрделі құрылымға айналады. Төменгі сатыдағы омыртқаларда, қос мекенділер мен балық тарда ми қыртысы болмайды, сондықтан олардың мінез-қы лықтық əрекеттері негізінен аралық ми арқылы реттеледі. Жануарларда ми қыртысының қозғағыш аймағының аумағы бірдей болмайды. Олардың қимыл-əрекеті күрделі болса, бұл аймақтың аумағы үлкейе түседі. Ми қыртысында сенсорлық аймақ т а болады. Олар көру, есту, жанасу, т.б. аймақтары болып бөлінеді. Көру аймағы үлкен ми жарты шарының шүйде бөлігінде, есту аймағы самай бөлігінде, иістік аймақ ежелгі қыртыстың аммон мүйізінде, терінің жа насу мен қысымды қабылдайтын рецепторларынан тараған импульстерді сезінетін жанасу сезімінің аймағы артқы ортаңғы қатпарда жатады Жалпы жануарлар мен адамның үлкен ми жарты шарлары қыртысында 9 бөлік байқалады. Олар - шүйде, самай, жоғарғы тө белік, төменгі тө- белік, аралшықтық, алдыңғы орталық, арт қы орталық жəне маңдай бөліктер. Өте терең тал дағанда жарты шарлардың топо графиялық картасында 200- ден астам өрістерді анықтауға боладыӨріс деп ми қыртысының нақтылы қызметтің атқарылуын қамтамасыз ететін бөлігін атайды. Ми қыртысының жеке бөліктерінің құрылымы бірдей емес. Осымен байланысты үлкен ми жарты шарларында нақтылы қызметтерді реттейтін орталықтардың шоғырлану процесі орын алған деген ұғым пайда болған.

114. Ұйқы, оның табиғаты

Ұйқы дегеніміз-жалпы организмнің, оның миы мен жүйке жүйесі әрекетінің бәсеңдеп, сыртқы тітіргенгіштерге жауап реакцияладың төмендеуімен, ми нейрондарының ерекше белсенділігінің қалыптасуын айтамыз.Ұйқы- азық қабылдау мүмкіндігі шектелген, сыртқы орта жағдайларының ауытқулары мен зат алмасу қарқынын организмнің белсенділігін өзгертетеін, ішкі табиғи мұқтаждығын айтамыз. Ұйқының екі: жалғыз фазалы және көп фазалы түрі болады.Жалғыз фазалы ұйқыға күндізгі немесе түнгі ұйқы мен ояу күйдің тәулік бойына бір ғана рет алмасуын айтамыз. Ал көп фазалы ұйқыда ояу куй мен ұйқы тәулік ішінде бірнеше рет қайталанып, алмасып отырады. Үй жануарлары-жылқы, сиыр, майда тұяқтар, тәулігіне 5-7 сағ. Ұйықтайды.Олардың ұйқысы тәулігіне 7-8 кезеңде өтеді.Майда жануарларда, ірі жануарлармен салыстырғанда, терең ұйқы сатысы қысқарақ: егеуқұйрықта 10 мин адамда, 1.5 сағ,. Пілде – 2 сағатқа жуық келеді. Сонымен қатар үй жануарлары тәуліктің біраз уақытын қалғу жағдайында өткізеді. Ұйқының табиғатында- қыртыс асты құрылымдар да маңызды рөл атқарады. Ояу кезде торлы құрылым ми қыртысында белсендіруші импульстер жіберіп отырады да, ұйқыны болдырмайды. Ал осы тоорлы құрылымның белсендіруші әсерін тоқтатса мысалы, зақымдау арқылы), онда мал терең ұйқыға кетеді.

115. Ұлпа сұйықтығы, оның маңызы

Денедегі қан, лимфа және ұлпа сұйықтығы организмнің ішкі ортасын құрайды. Ұлпа сұйықтығы - әрбір жеке торшаларды шая отырып, оларды қоректендіруде, зат алмасу процесін қамтамасыз етуде зор рөл атқарады. Ұлпа сұйықтығы мен қан арасында алмасу процестері үздіксіз жүріп отырады. Оған қан мен ұлпалық сұйықтың осмостық қысымдарынының айырмасы, капиллярлардағы гидростатикалық қысым деңгейі әсер етеді.Қаннның онкостық қысымы сынап бағанасымен 25-30 мм, ұлпаларда ол 2 мм-ге тең, сондықтан су ұлпалардан қан тамырлары арнасына еркін өте алады. Онкостық қысымға капияллярлардағы гидростотикалық қысым қарсы әсер етеді.Капиллярлардың артериялық бөлігінде оның деңгейі сынап бағанасымен 25-35 мм жетеді, ұлпа аралық кеңістікте ол с.б. 1 мм шамасында сақталады, сондықтан су тамырлардың бұл бөлігінен торша аралық саңлауға өтеді.Ал капиллярлардың веналық ұштарында гидростатикалық қысым осмостық қысымнан төмен болғандықтан, су ұладан қанға өтеді.Демек, ұлпа мен қан арасында үздіксіз су алмаасу процесі жүріп тұрады. Ұлпалық сұйықтың құрамы тұрақсыз, ол органнның әрекетінің белсенділігіне қарай өзгеріп отырады.

116. Ұлпалардағы биоэлектрлік құбылыс

Ұлпалардағы биоэлектрлік құбылыстарды зерттейтін физиология ғылымының арнаулы салаларының бірі – электрофизиология негізі XVIII – ғаасырдың соңғы он жылында қаланады. Л.Гальвани 1791 жылы тәжірибе жүзінде кез келген жануарлар ұлпасында электр тогы пайда болатынын дәлелдеді.Ол бақаның жүйке-ет препаратының жүйкесі мен бұлшықеттерін екі түрлі металдар арқылы тізбектеп жалғастырғанда бұлшықеттің жиырылатынын аңғарған. Галвани мен Метеуччи тәжірибелері электрофизиологияның негізін салды. Физиологияның бұл саласын дамытуда неміс ғалымы Дюбуа-Реймон да зор еңбек сіңірді.Тілшікті гальванометр көмегімен Гальванидің екінші, Матеуччидің бірінші тәжірибесіне талдау жасай келе, ол бұлшық еттің зақымданған және зақымданбаған учаскелеррі арасында потенциялдар айырмасы пайда болатынын анықтады. Дюбуа-Рейман тәжірибелерімен еттің зақымданған учаскесінде «теріс», зақымданбаған учаскесінде- «оң» заряд пайда болатынын дәлелдеді. Бұл тоқты ол «тыныштық тогы» деп атады. XIX ғасырдың соңында және XX ғасырдың басында барлық тірі ұлпаларда электр потенциялдары пайда болатыны дәлелденді және оның туындау механизмдерінде талдама жасады.

117.Ұлпалық гормондар

Гормон деген терминді 1902ж ағылшын ғалымдары В.Бейлис пен Э.Старлинг ұйқыбезі сқлінің бөлінуін реттейтін секретин деген затқа байланысты енгізген.Табиғатына қарай гормондарды:Стероидтық,Полипептидтік,Аминқышқылдарының туындылары,белок тектес болып 4ке бөлінеді. Стероидтық гормондар холестериннің туындылары болып табылады.Бүйрек үсті безінің қыртысты бөлігінің және жыныс бездерінің гормондары жатады. Полипептидтік гормондар окситоцин,вазопрессин. Аминқышқылдарының туындылары тироксин,бүйрек үсті бездерінің боззатының гормондары .Белок тектес гормондар гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөліктері мен аралшықбез (ұйқы без)жатады. Организмдегі әсер сипатына қарай гормондар метаболиттік,морфогенездік және үйлесімділік болып 3бөлінеді. Метаболиттік организмдегі зат алмасу процесінің қарқынын реттейді .Морфогенездік торшалардың генетикалық аппаратына әсер ету арқылы синтездеу процестерін жандандырып,торшалардың өсуін,көбеюін реттеп отырады. Үйлесімділік жеке мүшелердің қызмет-әрекеттерін өзгертіп,оларды организм жағдайына сәйкестендіреді. Әсер бағытына қарай гормондар 3топқа бөлінеді:1.Нысана мүшелерге әсер ететін эффекторлық гормондар. 2.Эффекторлық гормондардың түзілуі мен бөлінуін жандандыратын троптық гормондар 3.Гипофиздің троптық гормондарының бөлуінуін реттейтін релизинг гормондар.

118.Ұрықтану үдерісі

Аталық және аналық жыныс торшаларының қосылып,ұрық (зигота-шарана) түзілуін ұрықтану деп атайды.Спермий мен жұмыртқа жұмыртқалық жолдың аналық безге жақын ұшында кездеседі.Спермий жұмыртқамен жанасқаннан соң аналық торша қабығына жабысады да,ооплазмаға ене бастайды.Жыныс торшаларының плазмалық мембраналарының қосылуы жұмыртқаның оянуына түрткі болады.Жұмыртқа торшаның белсенуі нәтижесінде ооплазманың сыртқы қабатында өзгерістер жүре бастайды.ооплазма беткейінен қабық ажырап, түйіршіктері бөлінеді де, тіршілік сұйығы түзіледі.Осы түйіршіктердің бір бөлігі еріп кетеді де,қалған бөлігі сарыауыз қабықпен қосылып, ұрықтану қабығын түзеді.Ооплазмаға спермийдің тек бас бөлігі өтеді де оның ядросы аталық пронуклеуске айналып, аналық торша ядросымен қосылады.Осы мезгілден бастап хромосоманың диплоидты жиынтығы қайта қалыптасып,спермий мен жұмыртқа бір торшаға зиготаға айналады.Зигота екі бластомерге бөлінеді де,әрқайсысынан тағы да екі бластомер пайда болады.

Ұрықтану нәтижесінде пайда болған зигота жұмыртқалық жолмен біртіндеп жатырға қарай жылжиды да, шошқада 3-4, сиыр мен қойда 4-5,биеде 5-7 тәуліктен соң жатырға түседі.Зигота жатыр мүйізін морула сатысында өтеді.

119-Физиология пәні, мазмұны, мақсаты,міндеті,салалары.

Физиология -грек тілінде тірі организмнің функциялары туралы ғылым немесе тіршілік тану деген мағына береді. Физиология - организмнің тіршілік әрекетін,жеке мүшелер мен жүйелердің қызметін зерттеп,олардың ерекшеліктерін биологиялық маңызын анықтайды,организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынасындағы заңдылықтарын ашады.

Физ-я пәнінің мақсаты -әр түрлі құрылымдық деңгейдегі тіршілік процестерінің (зат алмасу, тыныс алу,қоректенут.б)заңдылықтарын зерттеу, организмнің жеке жүйелерінің және тұтас организм мен сыртқы орта арасындағы өзара әсерлердің механизмін анықтау.

Физиология бірнеше салаларға бөлінеді.

Жалпы физ-я - жеке торшалар мен олардың цитоплазмасының,қабығының қызметін торшааралық байланыстырады яғни организм тіршілігінің негізін зерттейді.

Салыстырмалы және эволюциялық физ-я-әр түрлі жануар организмінің тіршілік әрекетін филогенездік даму үстінде зерттейді.

Жас физ-я-организмнің тіршілік әрекеттерінің дара өсіп-даму процесінің әртүрлі сатысындағы ерекшеліктерін,қалыптасуын зерттейді.

Салалық физиология-жануарлардың жеке кластары мен топтарының, жеке органдардың,ұлпалардың тіршілік ерекшеліктерін зерттейді.

120-Физиологияның обьектілері мен әдістері.Физиология- тәжіибелік ғылым. 3түрде жүргізіледі. Жедел тәжірибе- малға наркоз беріп,хирургиялық операциялар жасайды да,ішкі органдарға әсер ету арқылы олардың тіршілік әрекеттеріндегі өзгерістерді бақылайды. Созылмалы тәжірибе -адын ала арнаулы операция жасалып,зерттеуге дайындалған жануарға жүргізіледі.Малдың қарнына ішектерінефистула қойылады,ас қорыту бездерінің өзектері сыртқа шығарылады,тітіркендіру немесе биоток тарту мақсатымен органдарға электродтар қондырылады.Бұл малға ұзақ уақыт тәжірибе жүргізуге мүмкіндік береді. Функцияларды модельдеу әдісі- организмдібиокибернетикалық жүйе ретінде қараудың негізінде қалыптасқан. Физ-қ болжамдардың дұрыстығын тексеруге немесе модельдер арқылы кейбір функцияларды бейнелеуге, органдарды уақытша алмастыра алатын аппараттар жасауға мүмкіндік береді.

121. Шартты рефлекстер, түрлері, шартсыздан айырмалары

И.М.Сеченовке дейінгі физиолог ғалымдар рефлексті тек жүйке жүйесінің төменгі бөлімдері қызметімен ғана байланысты деп есептеп келген. Тек И.М.Сеченов қана психикалық әрекеттерді мидың жоғарғы бөлімдерінің қызметімен байланысты деп санап, оған физиологиялық талдау жасауға алғаш қадам жасады. Ол өзінің 1863 жылы жарық көрген Ми рефлекстері атты еңбегімен одан кейінгі жұмыстарында психикалық әрекеттердің негізінде рефлекс жататынын дәлелдеді. И.М. Сеченов еңбектерін басшылыққа ала отырып, ми физиологиясы жайлы ілімнің негізін И.П.Павлов жасады. И.П.Павлов психикалық секрецияның тым өзгергіштігін, кейде байқалып, кейде жойылып кететінін аңғарған. Сол себепті мұндай рефлекстерді ол шартты рефлекс деп атаған және оны үлкен ми жарты шарлары әрекетінің көрінісі ретінде санаған және еңбектерінің нәтижесінде шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстер негізінде қалыптасынын дәлелдеді. Шартты рефлекстің қарапайым түрі – бірінші реттік шартты рефлекс болып табылады. Ол шартсыз рефлекс негізінде пайда болады. Бұл жағдайда шартты тітіркендіргіш шартсыз тітіркендіргіштің алдын алады. Шартты және шартсыз тітіркендіргіштер арасында уақытша байланыс сипатына қарай шартты рефлекстер қапталдасқан және іздік болып бөлінеді. Жануарлар дүниесінде кең тараған Физиологиялық тұрғыдан өте маңызды рефлекстертің бірі – мерзімдік шартты рефлекс. Ол шарсыз әрекет нақтылы мерзіммен кейін қайталанып отырған жағдайда пайда болады. Сигналдық тітіркендіргіш сипатына қарай шартты рефлекстер табиғи және жасанды болып бөлінеді. Барлық шартсыз рефлекстер туа пайдаболады, тұқым қуалайды, ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Мысалы, жаңа туған төл енесін емеді. Шартты рефлекстер жүре пайда болады, тұқым қуаламайды, ұрпақтан-ұрпаққа берілмейді. Шартсыз рефлекс орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімдерінің қатысуымен атқарылады. Шартты рефлекстер орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімдерінің-ми қыртысының қатысуымен атқарылады.

122. Шартты рефлекстердің қалыптасу механизмі, оны қалыптастыру және зерттеу әдістері. Шартты рефлекстер шартсыз рефлекстер негізінде пайда болады. Шартты рефлекстерді қалыптастыру үшін шартты, көзделген реакцияның өздігінен тудырмайтын тітіркендіргіштер әсері шартсыз, нақтылы әрекеттерді тудыратын тітіркендіргіштердің алдын алу керек. Мысалы, алдымен шам жағып, ізінше тамақ беру керек. Егер әсер керісінсе болса шартты рефлекс қалыптаспайды. Шартты рефлекстің қалыптасуы екі сатыда жүреді. Оның алғашқысы – жайылу, екіншісі – нақыштау сатысы. Шартты рефлекстерді қалыптастыру үшін бірнеше ережені орындау керек. 1. Үлкен ми жарты шарлары қыртысының нейрондары белсенді күйде, әрекетке бейім болу керек. 2.Шартты рефлекс қалыптастыруда рефлекс орталығының қозғыштық орталығыда маңызды рөл атқарады. Шартты тітіркендіргіш ретінде әр түрлі бейтарап тітіркендіргіштер-қоңырау, жарық, т.б. қолданған. Бұл тәсіл И.П.Павловтың Классикалық сілекей бөлу тәсілі деп аталады. Бұл тәсіл арқылы бөлінген сілекей мөлшері арқылы ми қыртысындағы қозу және тежелу процестерінің Бағдарға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қимыл қорғаныс тәсіліде қазіргі кезде малдың жоғарғы дәрежелі жүйкелік қызметін зерттеуде кеңінен қолданылады. Жануарлардың жоғарғы дәрежелі жүйкелік қызметін зерттеу үшін қимыл коректік тәсіл кеңінен қолданылады. Бұл әдіс жануарлардың табиғи тіршілік әрекеттеріне сай келеді.

123.Шәуеттің құрамы, физикалық-химиялық қасиеттері.

 

Шәует деп шағылысу кезінде аталық мал жыныс ағзасынан бөлінетін сұйықты айтады.Ол екі бөліктен – жыныс торшаларынан және ен қосалқысы мен қосалқы жыныс бездері секретінің қоспасынан – плазмадан тұрады.Бір жыныстық қатынас (коитус) үстінде аталық малдан бөлінген шәует мөлшерін эякулят деп атайды. Әртүрлі малда эякулят мөлшері мен ондағы жыныс торшаларының саны әртүрлі болады. Ал, түліктің өз ішінде бұл көрсеткіштер аталық малдың пайдаланылу, азықтандырылу жағдайларына, күтіміне қарай өзгеріп отырады.Экулят құрамындағы плазма мөлшері де түлік түріне қарай өзгеріп отырады. Мысалы, ол қошқарда эякулят мөлшерінің 70 %, бұқада-30, қабан мен айғырда – 90-92-ы шамасында.

Шәуеттік плазма негізінен қосалқы жыныс бездерінің секреті болып табылады. Плазма жыныс торшаларын тұрақтандыратын, сұйылтатын, белсендіретін және қоректендіретін орта құрайды. Ол жыныстық торшалардың плазмалық мембранасын тұрақтандырады. Плазма құрамында простагландиндер, андрогендер, акросоманы ерітетін ферменттер, антиагглютининдер (қуық безі секретінде), инозит, фруктоза, аскорбин және лимон қышқылдары болады. Қосалқы бездер секреті аталық жыныс торшаларының қимылдағыш қасиетін арттырады. Қабанның баданалық бездерінен бөлінген секрет қүрамындағы желатин фракциясы жыныс жолдарын тығындап, шэуеттің кері ағып кетуіне мүмкіндік бермейді.

Жыныстық торшалардың да қүрамы күрделі, олардың 25%-ын қүрғақ зат, 75%-ын су қүрайды. Қүрғақ заттың 85 %-ы белоктан, 13,2 %-ы липидтерден және 1,8 %-ы минеральды заттардан тұрады. Спермийлерде көп мөлшерде (2,7% шамасында) фосфор болады, оның концентрациясы торшаның бас бөлігінде 4%-ға жетеді. Сперматозоидтың бас бөлігінде ДНК-мен байланысқан белоктар көп мөлшерде кездеседі. Акросомада мукополисахаридтердің де болатыны анықталған. Сперматозоидтың басқа бөліктері — мойыны, денесі, қүйрығы белоктардан, еркін липидтерден және түздардан құралған. Оның қүрамында торшадағы тотығу проңесін қамтамасыз ететін ферменттер де болады.

Спермийлер ортаның осмостық қысымының ауытқуларына да өте сезімтал. Гипотониялық ерітінділерде олар ісінсе, гипертониялық ерітінділерде бүрісіп қалады. Бұқа мен қошқардың жаңа бөлінген шэуетінің әрекетшіл ортасы бейтарап (рН — 7,0) немесе әлсіз қышқыл (рН 6,7-6,9), ал айғыр мен қабан шэуетінің реакциясы — сілтілік (рН 7,2-7,6). Шәуеттің қышқылдығы аз деңгейге жоғарыласа, спермийлер өлмегенімен, олардың қимылы баяулайды. Қышқылдық тым жоғарылап кетсе, олардың қимылы тоқтап, торша өліп қалады. Шәуеттің сілтілігін жасанды түрде жоғарылатса (мысалы, сода қосу арқылы), алдымен спермийлердің қимылы күшейеді де, соңынан олар өліп қалады. Спермийлер қуатты екі жолмен алады: тыныс алу нәтижесінде және гликолиз бен фруктолиз процесі арқылы. Бұқа мен қошқарда осы екі жол да орын алады. Ал, айғыр мен қабан шәуетінде қанттар жоқтың қасы, сондықтан олардың спермийлері қуатты тыныстық жолмен алады.

 

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 201; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.025 сек.