Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 7 страница




3. Төтенше жағдайдағы психологиялық аспектілер.

Жұмыс жасау тұрақтылық ұғымы. Төтенше жағдайлардағы бейбіт және әскери уақытта экономика объектілерінің жұмыс жасау тұрақтылығы. Өндірістің жылдам бұрынғы қалпына келуінің экономика объектісінің даярлығын бағалау. Төтенше жағдайларда экономика объектінің жұмыс жасау тұрақтылықтың жоғарылату принциптері мен тәсілдері. Қызметшілердің қорғануын жоғарылатудың тәсілдері. Объектілердің басқару жүйелері және инженерлік-техникалық кешен тұрақтылығын жоғарылату іс-шаралары. Өнеркәсіптік және азаматтық объектілердің азаматтық қорғаныс нормаларының талаптары. Халық қорғаныш принциптары. Төтенше жағдайдан және замандас тигізу құралдардан қорғаныш шаралары: күні бұрынғы жоспарлау және қорғау шаралардың өткізу; барлық республика аумақтарда қорғау іс-шараларды өткізу және жоспарлау; қорғау шаралардың өткізу көлемін және түрін анықтаудың дифференцияциаланды жақындауы; қорғаныш құралдарды мен тәсілдерді анықтаудың комплексті жақындауы. Бейбіт және әскери уақыт шарттарда халықты инженерлік қорғанышы. Халық эвакуациялау шараларын ұйымдастыру. Төтенше жағдайларда дәрігер келмей тұрып көрсетілетін алғашқы көмек. Әлеуметтік түрдегі төтенше жағдайлар. Төтенше жағдайдағы психологиялық аспектілер.

Бақылау сұрақтары:

1.Негізгі түсініктер мен терминдер.

2. Табиғи қауіптер, жіктелуі және Қазақстан территориясында пайда болу ықтималдығы.

3. ТЖ-дың қандай түрлері бар?.

4.Тосын жағдайдың дамуына немесе пайда болуына әсер ететін табиғи орта факторлар?

 

Қолданылған әдебиеттер

1.Өмір – тіршілік қіуіпсізгі: С.Арпабеков. – Алматы, 2004.

2. Гринин А.С. Безопасность жизнедеятельности: уч. пособие / А.С.Гринин, В.Н.Новиков. – М.: ФАИР – ПРЕСС, 2002. – 288 с.

3. Безопасность жизнедеятельности. Защита населения и территории при ЧС: уч. пособие / В.В.Денисов, И.А.Денисова, В.В.Гутенев, О.И.Монтвилла. – М.: МарТ, Ростов н/Д: МарТ, 2003. – 608 с.

4. Безопасность жизнедеятельности. Безопасность в чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера: уч. пособие / В.А.Акимов, Ю.Л.Воробьев, М.И.Фадеев и др. – изд. 2-е, перераб. – М.: Высшая школа, 2007. – 592 с.

5. Безопасность жизнедеятельности: учебник для вузов / С.В.Белов, А.В.Ильницкая, А.Ф.Козьяков и др.; под общ. ред. С.В.Белова. – 4-е изд. – М.: Высшая школа, 2004. – 606 с

ДӘРІС 9

Төтенше жағдайларда халықты қорғаудың негізгі принциптері мен тәсілдері

Жоспар:

1. Тұрғындарды қорғау бойынша шаралар өткізу кезеңдері. Негізгі принцптері.

2. Инжененрлік шаралар.

3. Тұрғындарды эвакуациялау.

Тұрғындарды қорғау бойынша шаралар өткізу кезеңдері. Негізгі принцптері. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іске асырылатын халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары біздің республикамызда ең басты мақсат болып табылады.

Халықты қорғау қағидасы – бұл бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР Үкіметі белгілеген ереже.

Халықты бейбіт уақыттағы төтенше жағдайдан және осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау, қорғаудың негізгі үш тәсілі арқылығ, кешенді шараларды өткізумен іске асырылады:

Қорғаныс ғимараттарына адамдарды жасыру;

Тұрғындарды көшіру мен бытыраңқы орналастыру;

Халықтың өзін - өзі қорғау құралдары мен қамтамасыз ету.

Халықты қорғаныс ғимараттарына жасыру халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе жау шабуылының қауіпі туған жағдайда қорғанудың негізгі және ең сенімді әдісі. Қорғаныс ғимараттары – бұл панахана, радиациядан қорғау орындары және қарапайым панаханалар. Халықты панаханаға жасыру арқылы қорғаудың ең басты жолы – қорғаныс ғимараттарын әрдайым дайын ұстау. АҚ дабылы болғанда халықты тезірек панаханаларға кіруге оқыту. Сондай – ақ, ТЖ болғанда панаханалар мен радиациядан қорғайтын орындарды басқару пунктері ретінде де қолдана алады.

Халықты көшіру, әсіресе бейбіт уақытта болғанда ТЖ-ға сонымен қатар, соғыс уақытында қала тұрғындарын осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғауға тән. Халықты жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету. Жеке қорғаныс құралдары радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттар мен бактериалды құралдардың ағзаға, теріге және киімге түсіп кетуінен қорғауға арналған.

Олар төмендегідей бөлінеді:

Тыныс алу органдарын қорғау құралдары (ауаны сүзетін және ауаны кіргізбейтін газқағарлар, респираторлар, шаңнан қорғайтын мата маскасы (ПТМ – 1) және мақта мата таңғышы);

Теріні қорғау құралдары (арнайы оқшаулап қорғайтын киім)

Жеке қорғаныс құралдарын қолдану – халықты қорғаудағы басты шаралардың бірі.

Халықты қорғау Республикамыздағы АҚ – ның басты міндеті, себебі адамдар – ең жоғары құндылық болып табылады, сондықтан олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ алдын алу мен іс – қимылдар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жүйесінің барлық шараларының басты мақсаты.

Инжененрлік шаралар. Тұрғындарды эвакуациялау.

Халықты инженерлік қорғау шаралары: алдын ала бүкіл республика аумағында; экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларымен бірге; жеке жүргізіледі. Панахана АҚ топтарына жатқызылған қалаларда және аса қажетті нысандарда тұрғызылады. Радиациядан қорғайтын панаханалар – қала сыртында (қауіпсіз аймақта) салынады. Халық қорғаныс ғимараттарын дұрыс пайдалануға үйрену қажет, халыққа хабарлау жүйесі АҚ дабылы мен ТЖ қауіпі пайда болу кезіндегі іс-әрекетті беру жөніндегі ақпаратты беруге тұрақты даярлықта болуы тиіс.

Қорғаныс ғимараттары - бұл инжерелік ғимараттар, ол халықтың радиоактивтік, химиялық, бактериалдық және жарылғыш заттармен зақымдануын төмендетуге арналған.

Эвакуация - адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде әкету шығару.

Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналыстырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілермен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.

Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді.

Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен-халықты жаяу немесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үлестіру жолымен жүзеге асырылады.

Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.

Өзін өзі тексеру сұрақтары

1. Тұрғындарды қорғау бойынша шаралар өткізу кезеңдері.

2. Негізгі принцптері.

3. Инжененрлік шаралар.

4. Тұрғындарды эвакуациялау.

 

 

Қолданылған әдебиеттер

1.Өмір – тіршілік қіуіпсізгі: С.Арпабеков. – Алматы, 2004.

2. Гринин А.С. Безопасность жизнедеятельности: уч. пособие / А.С.Гринин, В.Н.Новиков. – М.: ФАИР – ПРЕСС, 2002. – 288 с.

3. Безопасность жизнедеятельности. Защита населения и территории при ЧС: уч. пособие / В.В.Денисов, И.А.Денисова, В.В.Гутенев, О.И.Монтвилла. – М.: МарТ, Ростов н/Д: МарТ, 2003. – 608 с.

4. Безопасность жизнедеятельности. Безопасность в чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера: уч. пособие / В.А.Акимов, Ю.Л.Воробьев, М.И.Фадеев и др. – изд. 2-е, перераб. – М.: Высшая школа, 2007. – 592 с.

5. Безопасность жизнедеятельности: учебник для вузов / С.В.Белов, А.В.Ильницкая, А.Ф.Козьяков и др.; под общ. ред. С.В.Белова. – 4-е изд. – М.: Высшая школа, 2004. – 606 с

ДӘРІС 10

Жаппай қырып жою қаруларынан қорғану

Жоспар:

1. Ядролық қарудың зақымдаушы факторлары.

2. Химиялық зақымдау ошағының факорлары, оларға сипаттама.

3. Бактерологиялық қаруға сипаттама және зақымдаушы факторлары.

 

Дүниеге келгеннен бастап-ақ ядролық өзіне ие болған мемлекеттің күштілігін білдіретін белгісі болып саналады. Қазіргі заманда ірі халықаралық саясат даулары барысында ядролық қару міндетті түрде есепке алынады. Орасан зор қирату күші бар осы қару адамзат қолында болғандықтан оның бір кезде пайдаланылатынына күмән жоқ. Ол қолданылды да. Әлемді дүр сілкіндіріп Хиросима мен Нагасаки жапон қалаларын жермен жексен қылды.

Адамдардың басым көпшілігі ядролық (атом) бомбаларының барын біледі, олардың жарылыс салдары туралы да естіген болатын. Алайда, ракеталық-ядролық соғысынан көтерілетін экологиялық проблемаларды, шығындардың мөлшерін, жалпы қирау көрінісін нақтылы мәнінде көз алдына елестете алатын тұлғалардың саны шамалы болса керек. Айтарлық, жалпы қырып жоятын қарудың қолданылуы аса шығындарды халық қалың орналасқан аймақтарда келтіреді, ядролық жарылыстардың адамдарға психологиялық жағынан ететін әсерін де есептен шығаруға болмайды. Оның үстіне, қаза тапқандардың, жарақат алғандардың жалпы зардап шеккендердің саны сау қалған адамдардың санынан, мысалы жеке бір қаланы алсақ, молырақ болуы мүмкін. Жарылыс салдарының біраз уақытқа созылатын әсері де жоқ емес.

ЯДРОЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР - ЭНЕРГИЯНЫҢ КӨЗІ.

Aтом ядросы протондар мен нейтрондардан (жалпы аты-нуклон) құралған. Кейбір ауыр элементтердің (мысалы, уран, плутоний) ядролары бөлінген кезде, ал жеңіл түрлері (сутегі изотоптары) қосылып аурырақ (гелий) элементтерді құрағанда ядролық реакциялар барысында едәуір энергия босайды екен. Бөліну реакцияларында атом ядросы сыртқы нейтрондардың әсерінен екі немесе одан көп бөлшектерге ыдырайды. Егер 1 кг I уранның барлық ядролары ыдыраса босалған энергияның шамасы тротилдың 20000 тоннасының жарылуынан шығатын энергиясына тең болады. Салыстару үшін, тротилдың (тринитротолуол деген жарылғыш химиялық зат) 1 кг мөлшері жарылғанда кәдімгі жер қыртысында екі метрдей диаметрлық шұнқыр пайда болады. Ядролық бомбалардың қуатын тротил эквивалентімен өлшейді. Бөліну реакцияларына негізделген бомбалардың қуаты тротил баламасымен есептелгенде ондаған тоннадан бастап шамада 500000 тоннаға дейін жететіндей жасауға болады.

Қосылу реакцияларының өз ерекшелігі бар: бұл жағдайда нейтрондың қатысымен емес, жеңіл ядролар өздері электростатикалық керіс тебу күштерін жеңіп қосылуға тиіс (синтез реакциясы). Уранның бөліну реакциясымен салыстырғанда дейтерий және тритий, немесе дейтерий мен литий қоспаларының синтез реакциясында босану энергиясы төрт есе көп болады. Алайда, синтез реакциясы жүру үшін жоғары температуралар қажет, сондықтан оны термоядролық реакция деп атайды. Термоядролық бомбаларда температураны көтергіш ретінде 235-уран немесе 239-плутонийдің ядро бөліну реакциялары жарылыс қалпында пайдалынады; олар негізгі қоспаны қыздырады. Және жарылыс заттардың қабықшасының құрамына 238-уран кіргізіледі. Онда алдымен бөліну реакция жүріп, температура көтеріледі; онан соң синтез реакциялары іске қосылады - бұл жерде көптеген нейтрондар пайда болып, қабықшада бөліну реакция жүруіне себеп болады. Жырылыстың осы үш сатысы бәріне лезде өте шығады (микросекунд үлестерінің шамасында). Термоядролық жарылыстың қуатын 50 Мт-ға дейін көтеруге болады (елу миллион тонна).

Ядролық қарудың зақымдаушы факторлар.

Жарылыс түрлерінің ішінде ерекше орын алатыны әуедегі және жер үстіндегі ядролық жарылыстар; олардан басқа жер астындағы және су үстіндегі (су астындағы) ядролық жарылыстар да болуы мүмкін.

Жарылыстың алғашқы бастамасында энергияның бір бөлігі гамма-сәулелер және нейтрон ағындары түрінде босанады. Бұлар материядан оңай өтіп терең енетін қасиетіне қарай өткіш радиация деп аталған және жолында кездескен тірі организмнің клеткаларын иондайды (екі қарама-қарсы электр зарядына бөледі). Энергияның басым мөлшері жылу формасына айналады. Жарылыс орталығында температура шамада 10 миллион градусқа дейін көтеріледі. Салыстыру үшін - күн бетіндегі температура 6 мың градус шамасында. Оқ дәрінің қоры мен қабықшасы кірпік қағым уақыт арасында газ түріне айналады да реакциялар барысы тоқтолады.

Қызған газ бен ауа сәуле шашатын отты жарқыл шарды құрады. 1 Мт қуаты бар жарылыстың жарқыл шары өрістеп көлемі 10 секундта 2000 метрдей шамасына жетеді.

Кеңістіктің шектелген аз көлемінде орасан зор энергияның босатылуы себебінен ауа қысымы күрт көтеріледі (1 млрд. атм. шамасына). Тығыздалған ауа массасының жан жаққа таралуы нәтижесінде қысым көрші ауа қабатына өтіп, ауа толқынның туындатады. Сығымдалған ауаның алдыңғы қабатын соққы толқының шебі деп атайды. Соққы толқыны екі зонадан құралған: тығыздалған зонасында ауа қысымы атмосфера қысымынан артық, сирету зона тығыз зонаға ілесіп келеді - оның ауа қысымы атмосфера қысымынан төмен. Соққы толқынымен бірге ауа ағыны да пайда болады. Дыбыс жылдамдылығынан арта түсіп жылжыған ауа ағыны мен соққы толқыны зор қирату күші деп табылады. Кеңістікте жан-жаққа таралып олар орталықтан алыстаған сайын жайылып бара-бара зақымдау әсерін төмендетеді, ауа толқыны төңіректе күн күркіреген сияқты дыбыс шығарады. Соққы толқыны жарылыстың түріне қарай су астында да болады. Жер астындағы соққы толқыны жер сілкінісіне ұқсаған қимыл келтіреді.

Биікте болған ядролық жарылыстың радиобелсенділі өнімдері - ядролардан бөлінген бөлшектері, реакцияға қатысын үлгермеген жанар заттары, нейтрон ағынның ықпалынан пайда болған радиобелсенді изотоптар, т.б. - тропосферадан ұзақ уақыт бойы (бірнеше аптадан үш айға дейін) жер бетіне түсе, радиобелсенділік бұлт ізін құрайды. Бірнеше мың километрге созылып олар тірі жандарға аса қауіп туғызбайды. Жарылыстың тағы басқа өнімдері стратосфераға еніп жер бетіне 5-10 жыл бойы түсе береді. Әуе ядролық жарылысының кіндігінде нейтрондар әсерінен сіңген радиацияның деңгейі тез арада төмендейді, өйткені радиобелсенділік заттардың (РЗ) көбісінің жартылай ыдырау мерзімі қысқа. Сонымен әуедегі болған ядролық жарылыстың негізгі зақымдау факторларына соққы толқыны, жарық сәулесі және өткіш радиациясы жатады.

Жалпы ядролық жарылыс энергиясы былай таралады: 50% -соққы толқыны, 35% - жарық сәулесі, 10% -ядролық сәуле қалдығы, 5% - өткіш радиация.

Жер үстіндегі ядролық жарылыстың жарқыл шары жер қыртысына тиеді, суи бастап ол жер бетінен қисапсыз мөлшерде топырақты өзіне сорып биікке көтереді де саңырауқұлақ тәрізді радиобелсенді бұлтты құрайды. Топырақтың құрамына кіретін кремний, натрий, магний элементтері алғашқы нейтрондардың ықпалынан радиобелсенділік қасиетіне ие болын алған, ал жарылыстың өзінен шыққан РЗ-тар әлгі топырақпен араласып, оның бөлшектеріне қонады. Жел бағытымен жылжыған бұлттан төмен алдымен ірі, ауыр бөлшектер, сонан соң ұсақтары тұнба болын түсе береді. Бұлттың ізімен түсіп отырған РЗ-тар осы өңірде биік деңгейлі радиацияны ушықтырып, адамдарды және малдарды зақымдауға соқтырады.

Сонымен жер үстіндегі ядролық жарылыстың зақымдау факторларына радиобелсенділік зақымы да қосылады.

Ядролық қарудың бір түрі нейтрондық қару деп аталған, өйткені энергияның басым бөлімі өте қуатты нейтрон ағынына айналып жер қыртысында сіңген радиацияның пайда болуына себеп болады. Оның үстіне нейтрондар, жоғарыда айтылғандай, электр заряды болмағандықтан материалдардан оңай өте береді. Нейтрондың қару қуаты аз, тротил баламасымен санағанда 10 мың т. жетпейтін бомбалар боп саналады; құрамының ерекшелігі - оған тек плутоний (қыздырғыш ретінде) және дейтерий мен тритийдің қоспасы кіреді.

Бұл қарудан сақтану мақсатында қорғау паналарды бірнеше түрлі материалдарды үйлестіріп, қабырғалары мен төбесін өте қалың қылып тұрғызады.

Ядролық жарылыстың салдарынан адамдар, малдар және өсімдіктер жаппай зақымға ұшыраған, ал ғимараттар мен құрылыстар қирап бүлінген территорияны ядролық зақымдау ошағы деп атайды.

ЖАРЫҚ СӘУЛЕНІҢ ЗАҚЫМДАУШЫ КЕСІРІ.

Жоғарыда айтылғандай жарылыс болған ортадағы температура бірнеше миллион градусқа көтеріліп жарқыл шар шнайды. Осы кезде жан жаққа өте күшті ультра күлгін сәуле арайды. Бірте-бірте шардың шардың сууы барысында көрінетін сәуле күшейеді, аяғында инфрақызыл сәулесі энергияның шығуын жалғастырады.

Ультра күлгін, көрінетін және инфрақызыл сәулелер ядролық жарылыстың жарық сәулесін құрайды, табиғатында электромагниттік сәулелену болып табылады. Адам жанарының ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерді қөру қабілеті жоқтығынан жжарқыл шардың өсу және сөну мерзімдерін көрмейді, аалйда ол адамның көзін осы кезде де зақымдауы мүмкін. Қысқаша айқанда, адам ядролық жарылыстың басталған алғашқы сәтін біле алмайды.

Жарық сәулесі жан-жаққа түзу бағытпен тарайды, мөлдір емес заттардан өтпейді. Жарқыл шардың жарық сәуле шашу уақыты (t, c) мен бомбаның қуаты (q,кт) арасында эмпирикалық байланысы байқалады . Әуедегі және жер үстіндегі жарлыстардың сәуле иашу уақыты сонда: q=l млн.т. - t=10 c; q=10 мың. т. - t=2,2 cоққы толқынымен және өткіш радиациямен салыстырғанда жарық сәулесі едәуір қашықтыққа әсер көрсетеді, оның негізгі көрсеткіші жолын жарық күші (жарық импульсі) саналады.

Жарық күші Дж/м2 бірлігімен өлшеніп, сәуле таралу бағытына қарама қарсы перпендикуляр күйінде жайғасқан бір шаршы метр (1м2) бетіне жарқырау уақытты бойынша түскен жарық энергиясының мөлшерін көрсетеді. Оның басқаша алынған бірлік өлшемі 1 кал/см2, анықтау үшін 1кал/см2=4,18 104 Дж/м2(1 калория-судың 1 г мөлшерін 19,5°С-тан 20,5°С-қа дейін көтеру үшін қажет энергиясы). Ауа райы ашық, ауасы мөлдір күндерде 1 млн. тонналық бомба жарылысында жарылыс орталығынан 17 км қашықтықта жарық күші шамада 240 кДж/м2 тең (әуедегі жарылыс үшін). 100 мың т. бомба жарылысы үшін бұл көрсеткіштер 6 км қашықта болады.

Жарықтың сәуле шығару ауқымы жарылыстың қуаты мен биіктігіне және атмосфералық жағдайларға байланысты болады, оның әсерінен қатты қирау және орташа қирау зоналарда түтас жаппай, ал жеңіл қирау зонасында жекелеген өрт пайда болуы мүмкін. Толық қирау зонасында барлық нәрсе қирап, ұшатындары ұшырылып кеткендіктен өрт болмайды да, бірақ қатты түтіндейді. Тұтас жаппай өрт аумағында өрт дауылы көтеріледі; жанып жатқан өлкеге жан жақтан 50-60 км/сағ. жылдамдықпен ауа ұмтылып өртті одан әрі өрістетеді.

УЛАҒЫШ ЗАТТАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ, БИОЛОГИЯЛЫҚ және химиялық қасиеттері.

Жүйке-сал ауруына ұшырататын улағыш заттар (зарин, воман, ви-экс) бәрі де түссіз, иіссіз сұйықтықтар. Бұлар орталық нерв жүйесін зақымдап сіңір тартылуға, сал ауруына, өлімге соқтырады. Жеке дәрі қобдишада осы заттарға қарсы антидоты бар.

Зарин - тұрақсыз, жоғары ұшпалы, тез буға айналады, өлім дозасы (мөлшері) 0,10 (мг мин)/л тең, бу түрінде қолданылады, қату температурасы - 56°С, қайнау температурасы 158°С, сумен жақсы араласып, оған сіңіп, ыдыстың түбіне түседі. Сондықтан су қоймаларын ұзақ уақытқа зақымдайды. Төмен температураның өзінде адам өлтіретін ауада шоғырлануын беруі мүмкін. Адам тері қыртысына өзгеріс келтірмей денеге сіңіп кетеді, және организмде жиналып тұратын қасиеті бар (кумуляивтік қасиеті). Заринның ықпалына түскен адамның көзінің қарашығы кішірейіп, өзі жарықты ауырсынады, кеудесіне ауыр салмақ басып тұрғандай сезінеді, дем алуы қиындайды.

Ви-экс - тұрақты, жазда бір аптаға, қыста бір айға дейін қасиетін сақтай алады. Ұшпалығы нашар, суға арыласпайды, қайнау температурасы 300°С, қату температурасы - 50°С. Аэрозоль түрінде қолданылады, өлім дозасы 0,01 (мг мин/л) тең, теріден өткенде 7 адам тең. Зариннен күшті. Бұл заттың тері арқылы өтетін кезде сырын түрінде әсер ететін уақыты бар (бірнеше сағат). коммулятивтік қасиеті бар.

Зоман жоғарыда айтпған зарин мен ви-экс аралығындай әсер етеді.

биологиялық қарудың қысқаша сипаттамасы.

Биологиялық қару қазіргі заманның қауіпті қарулардың бір түрі және ол халықты жаппай қырып жою мақсатына арналған, оның потенциалы орасан зор: құрғақ биоматериалының әр грамм мөлшерінде жүздеген миллиард микробтар болуы мүмкін. Мысалы, таза кристалды ботулиникалық токсинның 1 граммы 8 млн. адамды уландырып өлтіре алады. Химиялық қару бірінші дүние жүзілік соғыста, ядролық қару екінші дүниежүзілік соғыста қолданылған болса, биологиялық қару әлі пайдаланылмаған. Сондықтан оның салдары ешкімге беймәлім. Айтарлық, кейбір инфекциялы аурулар (тұмау) бір мезгіл көтерілісінде бірнеше мемлекет территориясына, - бірнеше құрлыққа таралады - бұл құбылысты пандемия деп атайды. Химиялық қару сыңайлы биологиялық қару ғимараттарға, құрылыстарға, жабдықтарға тікелей өзінің әсерін тигізбейді, бірақ адамдарды ауруға ушырату арқылы өндіріс тіршілігін мүлде тоқтату мүмкін. Биологиялық қару құралдары ретінде жау - мынандай аурулардың қоздырғыштарын пайдалануы мүмкін:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 54; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.057 сек.