Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі

ЭНЕРГЕТИКА

АЛМАТЫ

Акционерлік

қоғам

 
 

 


ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

УНИВЕРСИТЕТІ

 

Электротехниканың

теориялық негіздері

кафедрасы

 

ЭЛЕКТРОТЕХНИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1

 

5В071800 - Электр энергетикасы мамандығының студенттері үшін

№ 1-3 есептік - сызбалы жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар мен

тапсырмалар

 

 

Алматы 2016

Құрастырушылар: М.М. Аршидинов, Л.П. Болдырева. Электротехниканың теориялық негіздері-1. 5В071800 - Электр энергетикасы мамандығының студенттері үшін № 1-3 есептік-сызбалы жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар мен тапсырмалар. - Алматы: АЭжБУ, 2016.-16 б.

 

ЭТН курсының «Тұрақты токтың сызықты электр тізбектері», «Бір фазалы синусоидалы токтың тізбектері», « Статикалық жүктемелі үш фазалық ток тізбегінің симметриялы және симметриялы емес режімдерін есептеу», тақырыптары бойынша есептеу-графикалық жұмыстарды орындауға арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар келтірілген.

Есептеу-графикалық жұмыстар «Электротехника» бағыты бойынша оқитын екінші курс студенттеріне арналған.

 

Без. 32, кесте. 9, библиогр.- 8 атау.

 

Пікір жазған: доц. Ғали К.О.

 

 

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғам 2016 жылғы жоспары бойынша басылады.

 

©Алматы энергетика және байланыс университеті КЕАҚ, 2016ж.

Мазмұны

1 ЕГЖ-ны орындау мен безендіруге арналған әдістемелік

нұсқаулар................................................................................................................. 4

2 Тапсырма №1. Тұрақты токтың тармақталған сызықты тізбектерін есептеу 5

3 Тапсырма №2. Бір фазалы синусоидалы токтың тармақталған

электр тізбектерін есептеу.....................................................................................10

4Тапсырма №3. Статикалық жүктемелі үш фазалық ток тізбегінің

симметриялы және симметриялы емес режімдерін есептеу..............................13

Әдебиеттер тізімі....................................................................................................16


1 ЕГЖ-ны орындау мен безендіруге арналған әдістемелік нұсқаулар

«Электртехниканың теориялық негіздері» (ЭТН) курсын оқығанда есептеу-графикалық жұмыстар (ЕГЖ) оның маңызды компоненті. ЕГЖ-н орындау студентке теориялық жағдайларды практикалық есептеу жасағанда қолдануға, электр тізбегін өз бетінше талдап үйренуге, ал олар ЭТН курсын жақсы меңгеруге көмектеседі.

Ұсынылып отырған әдістемелік құралда 3-семестрде оқылатын ЭТН-нің негізгі бөлімдерінің үш ЕГЖ-на тапсырмалар мен нұсқаулар бар. № 1 ЕГЖ тұрақты токтың тарамдалған сызықты электр тізбегінің негізгі әдістерін қолдана отырып, есептеуге арналған. № 2 және №3 ЕГЖ-да үш фазалық ток тізбегінің симметриялы және симметриялы емес режiмдерін есептеу.

Есептеу-графикалық жұмыстарын орындағанда мына шарттар орындалуы керек:

- өз нұсқасын таңдап алуы керек, тапсырманың тексін ЕГЖ-ның түсініктемесіндегідей қысқартусыз көшіріп жазылуы керек;

- ЕГЖ-ның әр кезеңіне атау беру керек, жұмысты қағаздың бір жақ бетіне орындау керек;

- түсініктемеде есептеу формулалары мен соңғы нәтижесін ғана емес, сонымен бірге оларды тексеруге мүмкіндік беретін арасындағы есептеулерді де көрсету керек;

- титулды бетте студенттің аты-жөні, тобы және нұсқасы көрсетілуі керек;

- анықталған өлшемдері бар параметрлер үшін сәйкес есептеу бірлігін жазу керек, комплекстің үстіне нүкте қою қажет;

- түйіндердің, параметрлердің, резисторлардың, индуктивтіктердің, сыйымдылықтардың аттарын, токтың және кернеудің оң бағыттарын өзгертпеу керек;

- лездік шамалардың қисығы, векторлық, топографиялық, шеңберлік диаграммалар қосымша жабыстырылған миллиметрлік немесе торлы қағазда орындау керек;

- графикте көрсетілген шамалардың аттарын жазу керек. Масштабты графикпен немесе диаграммамен жұмыс істеу ыңғайлы болатындай етіп таңдау керек. Түсініктемеде сұлбаларды сызғыш, циркульді қолдана отырып, қарындашпен орындау керек;

- қолданылған әдебиеттің тізімін келтіру керек.

2 Тапсырма №1. Тұрақты токтың тармақталған сызықты тізбегін есептеу

 

2.1-2.3 - кестелерінде және 2.1-2.20 суреттерінде берілген электр тізбектері үшін келесі тапсырмаларды орындау керек:

а) Кирхгоф заңдары бойынша теңдеу жүйесін құр;

б) контурлық токтар және түйіндік потенциалдар әдістерімен барлық тармақтарда токты есептеп, екі әдіспен есептелген жауаптарды салыстырып, есептеу қателігін анықтау керек;

в) активті қосполюстілік (эквивалентті генератор) әдісі арқылы 2.3 -кестесінде берілген бір токты есептеу;

г) қуаттардың баланс теңдігін құрып, қандай дәлдікпен орындалатындықтарын тексеру.

 

Әдістемелік нұсқаулар:

а) контурлық токтар және түйіндік потенциалдар әдістерімен есептегенде, ток көзін оған балама ЭҚК көзімен ауыстыру керек;

б) түйінді потенциалдар әдісімен есептегенде, кедергісі нөлге тең тармаққа жанасқан бір түйінді жерге қосу керек, сонда екінші түйіннің потенциалы сәйкес таңбамен алынған осы тармақтын ЭҚК-іне тең болады.

 

2.1 кесте

Түскен жылы Сынақ кітапшаның соңғы саны
Тақ суреттің № 2.11 2.12 2.13 2.14 2.15 2.16 2.17 2.18 2.19 2.20
Жұп суреттің № 2.1 2.2 2.3 2.4 2.5 2.6 2.7 2.8 2.9 2.10
Е1, В                    
Е2, В                    
Е3, В                    
Е4, В                    
Е5, В                    
Е6, В                    

 

2.2 кесте

Түскен жылы Сынақ кітапшаның соңғы санының алдындағы саны
тақ                    
жұп                    
R1, Ом                    
R2, Ом                    
R3, Ом                    
R4, Ом                    
R5, Ом                    

 

2.3 кесте

Түскен жылы Тегінің бірінші әрпі
тақ ЕАЖНУ МБОЗФЫ ВИПХЩТ ГКРЭЦЯ ДЛСЮЧШ
жұп ВИПХЩТ ЕАЖНУ ДЛСЮЧШ МБОЗФЫ ГКРЭЦЯ
J,A          
Токты есептеуі I 1 I 2 I 3 I 4 I 5

 

 

2.1 сурет 2.2 сурет

2.3 сурет 2.4 сурет

 

 

 

2.5 сурет 2.6 сурет

 
 

 
 

2.7 сурет 2.8 сурет

       
   
 

2.9 сурет 2.10 сурет

2.11 сурет 2.12 сурет

 

       
   
 

2.13 сурет 2.14 сурет

       
   
 

       
   
 

2.15 сурет 2.16 сурет

 

2.17 сурет 2.18 сурет

 

       
   
 

2.19 сурет 2.20 сурет

3 Тапсырма №2. Бір фазалы синусоидалы токтың тармақталған электр тізбегін есептеу

3.1-3.10 - суреттеріндегі тармақталған электр тізбектері үшін мына тапсырмаларды орындау керек:

а) токтың және кернеудің лездік мәндері үшін және комплекстік шамалар үшін Кирхгоф заңдары бойынша теңдеу жүйесін құру керек;

б) барлық тармақтарда токтың кешендік әрекет мәндерін екі әдіспен: контурлық токтар әдісімен және түйіндік потенциалдар әдісімен есептеу керек;

в) тізбектегі қуаттар балансы теңдеуін құрып, оның орындалу дәлдігін тексеру керек;

г) токтың векторлық диаграммасымен бірге топографиялық диаграммасын сыз;

д) орауыштардың өзара индуктивтіктерін ескере отырып, Кирхгоф заңдары бойынша кешендік түрде теңдеу жүйесін құр.

Әдістемелік нұсқаулар:

а) контурлық токтар және түйіндік потенциалдар әдістерімен есептегенде сұлбаны пассивті элементтері бар екі параллель тармақтарды бір баламалыға ауыстыру арқылы ықшамдауға болады;

б) қуаттар балансын кешендік, активтік және реактивтік қуаттар үшін құруға болады. Толық қуаттар үшін баланс теңдеуі құрылмайды;

в) топографиялық диаграмманы құрғанда потенциалы нөлге тең нүктені кешенді координата жазықтығының бас нүктесіне орналастыру керек және осы нүктеден токтардың векторларын салу керек;

г) 3.1-3.10 - суреттерінде индуктивті орауыштардың бір атты қысқыштарын нүктемен көрсету керек.

 

3.1 кесте

Түскен жылы Сынақ кітапшаның соңғы саны
жұп суреттің № 3.1 3.2 3.3 3.4 3.5 3.6 3.7 3.8 3.9 3.10
тақ суреттің № 3.4 3.5 3.6 3.9 3.8 3.7 3.10 3.2 3.1 3.3
Е1, В                    
, град.                    
Е2, В                    
, град.     -90   -45          
Е3, В                    
, град. -90     -90     -45      

 

3.2 кесте

Түскен жылы Сынақ кітапшаның соңғы санының алдындағы саны
жұп                    
тақ                    
R1, Ом                    
, Ом                    
, Ом                    
R2, Ом                    
,Ом                    
, Ом                    

 

 

3.3 кесте

Түскен жылы Тегінің бірінші әрпі
жұп БЛЦ КХ ВМЧ ГНШ ДОЩ ЕПР ЖСЗ ТЭИ УЮФ АЯ
тақ ГНШ ДОЩ ЕПР ЖСЗ ТЭИ УЮФ АЯ БЛЦ КХ ВМЧ
R3, Ом                    
, Ом                    
, Ом                    

 

 

 
 


3.1 сурет 3.2 сурет

       
   
 

3.3 сурет 3.4 сурет

 

 
 

 
 

 

       
   
 

3.5 сурет 3.6 сурет

 

3.7 сурет 3.8 сурет

 

 

       
   
 

3.9 сурет 3.10 сурет

 

4 Тапсырма №3. Статикалық жүктемелі үш фазалық ток тізбегінің симметриялы және симметриялы емес режімдерін есептеу

Фазалық ЭҚК-і ЕФ, әр сымының кедергісі Zпр болатын үш фазалық симметриялық генераторға фазалық кедергілері Z1-мен жұлдызша жалғанған, ал фазалық кедергі Z2-мен үшбұрышты жалғанған екі симметриялық қабылдағыш қосылған (4.1 сурет). Генератордың фазалық ЭҚК мәндері және тізбектің параметрлері 4.1, 4.2, 4.3 кестелерінде келтірілген.

Келесі тапсырмаларды орында:

а) сұлбада (4.1 сурет) бүкіл үш фазалық тізбектің активті қуатын есептеу үшін екі ваттметр қосу;

б) берілген вариантқа сәйкес есепте: жүйенің сымдарындағы және қабылдағыштардың фазаларындағы тоқтарды; қабылдағыштардың фазалық кернеулерін; ваттметрлердің көрсетулерін және активті, реактивті, толық қуаттарды; үш фазалық тізбектің үш жұмыс режімі үшін векторлық диаграмма құр:

- симметриялық режім;

- жүйе сымының біреуі үзілгенде, қабылдағыштың бір фазасы

үзілгенде.

 

 

4.1 сурет

Әдістемелік ңұсқаулар:

Үш фазалық тізбектің симметриялық ережесін есептеу үшін қабылдағыштың Z2 кедергімен үшбұрышты жалғасуын оған эквивалентті жұлдызша жалғасуға ауыстырады. Симметриялық ережеде барлық бейтарап нүктелердің потенциалдары бірдей болады, оларды кедергісіз сыммен жалғауға болады. Егер сұлбадан В және С фазаларын алып тастаса, А фазасының ережесі өзгермейді. Сонда А фазасында токты есептеу үшін бір фазалық сұлбаны аламыз (4.2 сурет, мұндағы Z2-эквивалентті жұлдызшаның кедергісі).

 

4.2 сурет

 

В және С фазаларында сәйкес токтардың шамасы А фазасындағыдай, бірақ А фазасындағы токтарға қарағанда фаза бойынша ±120 градусқа бұрылған.

Үш фазалық токтың симметриялық емес ережелерінің (жүйеде сым үзілген немесе үшбұрышты қабылдағыштың бір фазасы үзілген) Z1 кедергісімен жұлдызша қосылған қабылдағышты оған эквивалент, тармақтардың кедергісі Z2 үшбұрыштың тармақтарына параллель үшбұрышқа өзгерту керек. Содан соң үшбұрыштардың әрбір тармақтарын бір тармаққа ауыстыру керек, сонда біз эквивалентті үшбұрышты сұлбаны аламыз.

 

4.1 кесте

Түскен жылы Аты-жөнінің бірінші әрпі
Тақ АЯ УЮ Ф КХ БЛЦ ВМЧ ТЭИ ЖСЗ ДО Щ ЕПР ГН Ш
Жұп ФЕУ ЦБХ ГЧВ ЩДШ МЛК ПОН ЖСР ТЗ АИЭ ЯЮ
Еф, В                    
Zпр, Ом 2+j2 1+j2 0,5+j2 1+j1 1+j2,5 2+j2,5 2+j3 0,5+j1 0,4+j1 1+j1,5  

 

4.2 кесте

Түскен жылы Сынақ кітапшасының соңғы саны
Жұп                    
Тақ                    
Z1, Ом 60- j20 70+ j30 50- j40 100+ j50 90- j60 100- j50 70- j100 60+ j80 80- j110 100+ j70
Кесіндінің үзілуі В А С В А С А В С С

 

4.3 кесте

Түскен жылы Сынақ кітапшасының соңғы санының алдындағы сан
Жұп                    
Тақ                    
Z2, Ом 70+ j80 60- j90 80+ j80 90- j50 40+ j90 30- j60 100- j80 120+ j70 90+ j40 80- j50
Фазаның үзілуі вс ав са вc ав ca вn1 аn1 сn1 вn1

 

 

1 Попов В.П. Основы теории цепей [Текст]: учебник рек. МОиН РФ.- 7-е изд., перераб.и доп.- М.: Высш.шк., 2013.- 696 с.- (CD, Бакалавр.Базовый курс).

2 Бессонов, А. Теоретические основы электротехники.Электромагнитное поле [Текст]: учебник для бакалавров / А. Бессонов; доп. МО РФ.- 11-е изд.- М.: Юрайт, 2012.- 320 с.- (Бакалавр).

3 Гальперин М.В.. Электротехника и электроника [Текст]: учебник доп. МОиН РФ.- М.: ФОРУМ-ИНФРА-М, 2010.- 480 с.

4 Аршидинов М.М., Амиров Ж.Қ. Электротехниеаның теориялық негіздері 4 (Дәріс жинағы). – Алматы: АЭжБИ, 2010.

5 Демирчян К.С., Нейман Л.Р., Коровкин Н.В., Теоретические основы электротехники. Том 1: - Питер. 2009.

6 Демирчян К.С., Нейман Л.Р., Коровкин Н.В., Теоретические основы электротехники. Том 2, 5-е издание. - Питер. 2009.

7 Аршидинов М.М., Амиров Ж.Қ. Электротехниканың теориялық негіздері 3 (Оқу құралы). – Алматы: АЭжБИ, 2008.

8 Аршидинов М.М., Амиров Ж.Қ. Электротехниканың теориялық негіздері -1,2 (Оқу құралы). – Алматы: АЭжБИ.

9 Аршидинов М.М., Амиров Ж.Қ. Электротехниканың теориялық негіздері (Оқу құралы). – Алматы: АЭжБИ, 2003.

10 Атабеков Г.И. ТОЭ. Линейные электрические цепи.-СПб.: «Лань», 2010

11 М.М. Аршидинов, В.И. Денисенко, Ш.А Естаева.Сызықсыз электр тізбектері мен электр өрісінің теориясы. - Алматы: АЭжБУ, 2015. – 17 б.

 

 


2016 ж. жиынтық жоспар реті 35

 

 

Аршидинов Маликжан Мамежанович

Болдырева Любовь Павловна

 

 

ЭЛЕКТРОТЕХНИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1

5В071800 - Электр энергетикасы мамандығының студенттері үшін

№ 1-3 есептік - сызбалы жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар мен

тапсырмалар

 

Редактор Қ. С. Телғожаева

Стандарттау бойынша маман Н.Қ. Молдабекова

 

Басуға _____ қол қойылды Пішімі 60×84 1/16

Таралымы 250 дана Баспаханалық қағаз №1

Көлемі 1,0 есептік– баспа таб. Тапсырыс___ Бағасы 500 тенге

 

 

«Алматы энергетика және байланыс университеті»

коммерциялық емес акционерлік қоғамының

көшірмелі-көбейткіш бюросы

050013 Алматы, Байтұрсынұлы көшесі, 126

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Арина Никитина. Очищение тела. Звезда органов. | Теоретические основы электротехники 1
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 232; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.134 сек.