КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Жүректің туа біткен ақауларыЖүректің қан жолы тетіктерінің зақымдануын жүректің ақауы дейді. Бұл зақымданудың нәтижесінде жүректің негізгі қанды айдау қызметі бұзылады. Жүректің ақауы тумастан бұрын және кейіннен пайда болуы мүмкін. Мысалы, ревматизм атакаларынан кейін. Жылына біздің елімізде 40 000-ға жуық нәресте жүрек ақауымен дүниеге келеді. Тумастан бұрын біткен жүрек ақауларының себептері: 1. Аяғы ауыр әйелдің жүктіліктің бірінші 3 айында жұқпалы вирустық аурулармен ауыруы (тұмау, қызылша, қызамық т.б.) 2. Жүктіліктің бірінші жартысының токсикозы. 3. Маскүнемдікке салыну, темекі шегу. 4. Тұқым қуалаушылық. 5. Жиі түсіктер мен аборттар. Аурудың айқындалуы: Ақауы бар жүректің өз қызметін орындауына байланысты жүрек ақауынкомпенсацияланған және компенсацияланбаған деп бөледі. Компенсацияланған ақауларда-ақау кішкене. Сондықтан жүрек өз қызметін толық орындайды, сырттан қарағанда бұл балаларда қан айналымының бұзылуы көрінбейді, тек тыңдағанда жүректе шу айқындалады. Декомпенсацияланған ақауларда-жүректегі ақау үлкен немесе ақау бірнеше, сондықтан жүрек өз функциясын толық орындай алмайды, қан айналымы бұзылады, балада декомпенсация симптомдары пайда болады:
Жүректің зақымдану дәрежесіне байланысты тумастан болған жүрек ақаулары жәй (моноақаулар) және құрастырылған (күрделі) ақаулар болып бөлінеді. Моноақаулар: Боталлов ағымының бітелмеуі, құлақша аралық перденің ақауы, қарынша аралық перденің ақауы. Күрделі ақаулар: Фалло ауруы-Фалло триадасы, тетрадасы, пентадасы… Мысалы: Фалло тетрадасы-өкпе артериясының стенозы, қарынша аралық перденің ақауы, аорта сол және оң қарыншадан шығады, оң жақ қарыншаның қабырғасының қалыңдауы. Күрделі ақаулар әрқашан декомпенсацияланған болады. Бұл аурудың асқынулары: қан айналымының жетіспеушілігі бала денесінің құрысып-тырысуына, талуына әкеліп соғады, балалар жиі өкпе қабынуымен ауырады, тыныс жетіспеушілігі дамиды. Аурудың диагностикасы: 1. Аурудың клиникалық белгілері: цианоз, демікпе, тахикардия, «жүрек дөңесі», баланың мәжбүрлі қалпы. 2. Рентген тексеру. 3. ЭКГ, ФКГ. 4. Жүрек қуыстарын зондпен тексеру, ангиокардиография. Емі: 90% жағдайда жүрек ақауларын оперативті жолмен емдейді. Жүрекке жасалынатын операциялар радикалдық (ақаудан мүлдем айықтыратын) және полиативтік (баланың жағдайын жеңілдететін, өмірін ұзартатын) болып бөлінеді. Күтімі:
Профилактикасы: аяғы ауыр әйелдердің жұқпалы аурулармен ауырмауын қадағалау, босанғаннан бұрынғы патронажға барғанда маскүнемділіктің және темекі шегудің зияндығын айтып түсіндіру. Глоссарий: Тахикардия –жүрек соғуының жиілеуі. Перикардит — жүрек сыртқы қабының қабынуы Брадикардия – жүрек соғуының төмендеуі. Миокардит – жүрек бұлшық етінің қабынуы.
Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар: 1.Балалардағы жүрек аурулары? 2. Клиникасы, диагностикасы, профилактикасы, күтімі? 3.Балалардағы миокардиттер. Себептері, клиникасы, күтімі? 4. Жүректің туа біткен ақаулары. Себептері, клиникасы, күтімі? Тарататын материал:тестер, ситуациялық есептер. Манипуляция алгоритмдері: Сабақтың жабдықталуы: оқу-жұмыс бағдарламасы, дәріс, кестелер, тестер, сөзжұмбақтар. ЧЕК-парағы: Үй тапсырмасы: Жүйелі қызыл жегі, ревматоидты артрит, дерматомиозит, жүйелі склеродермия. Қан түзу жүйесінің аурулары Қолданылған әдебиет: К.А. Святкина, Е.В.Белогородская, Н.П.Кудрявцева Алматы – «Ана тілі» 1993 ж «Балалар аурулары» Сестринское дело в педиатрии Н. Соколова, В. Тульчинская, Шеховцева 2003г; Сестринское дело в педиатрии Н. Соколова, В. Тульчинская, 2002;
Тестер: Ревматизмде зақымдалатын ұлпа: эпителиалдық біріктіргіш бұлшық ет жүйке ретикулярлық
Балаларда көбінесе ревматизм қай жасына дамиды: 0-1 1-3 3-6 7-15 15-17 Ревматизм қоздырғышы: протей ішек таяқшасы стафилакокк гонококк А тобындағы В гемолитикалық стрептакокк
Балаларда ревматизмде жүйке жүйесінің зақымдануында дамиды: эритема спазмофилия эклампсия хорея гипотония
Дата добавления: 2023-10-13; Просмотров: 70; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |