Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Гидрологиялық. Жоспар. ауіпті гидрологиялық құбылыстар 




 

Кіріспе

1. Қауіпті гидрологиялық құбылыстар

1.1Гидрологиялық қауіпті құбылыстардың түрлері

1.2 Қар көшкіні қауіпі бар аймақтар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

Кіріспе

 

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей зілзала (жер сілкінісі,сел, көшкін, су тасқыны және басқалары), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын тудыратын ТЖ.

 

Ішкі суқоймаларда болатын гидрологиялық қауіпті құбылыстардың түрлері: су тасқыны, су тасу, нөсерлік су тасу, желдік айдамалар, судың төменгі деңгейлері, сел буылуы және тоқтауы, жер асты сулар деңгейінің көтерілуі. Теңіздік гидрологиялық қауіпті құбылыстар: тайфундар, теңіз деңгейінің қатты толқулары ( 5 балл және одан да көп) немесе тербелісі, мұздық жамылғы және т.б.

Aлдын алу және гидросферадағы әр қауіпті құбылыс үшін құтқару жұмыстарының түрлері.

Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың өте көп жаууы, қардың тез еруі мен тұрып қалған мұздардың жылжуы, теңіз суының жағаға ұруы, өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе қардың еруі ұзаққа созылғанда өте қауіпті.

Елді мекендерде су тасқыны боларда алдын-ала қауіпсіздік дайындығын жүргізуі керек. Жергілікті елдің топографиясын, климаттық ерекшеліктерін және тарихын біле отырып, су тасқынының қалай болатынын дәлдікпен білу қиындық туғызбайды. Кішкентай су тасқыны шамамен 10-20 жылда бір рет, үлкен су тасқыны 20-25 жылда бір рет, одан да үлкен бүкіл өзендерді қамтитын 50-100 жылда бір рет және 100-200 жылда бір рет, бүкіл аумақты қамтитын үлкен апаттар болуы мүмкін.

Гидрологиялық алдын-ала бақылаудың мынадай жүйесі бар:

· Қысқа мерзімдік (10-12 тәулік);

· Ұзақ мерзімдік (2-3 айға дейін);

· Өте ұзақ мерзімдік (3 айдан жоғары).

Жалпы су тасқыны деп нені айтамыз? өзеннің су режимінің кезеңі, өзендегі салыстырмалы қысқа мерзімді және өзен суының кезеңдік емес деңгейінің көтерілуі. Су тасқыны мұздықтардың, қар жамылығысының қарқынды еруінен және де шауын-шашын мөлшерінің шамадан көп болуынан туындайтын табиғи құбылыс. Су тасқыны жылдың барлық мерзімінде туындауы мүмкін және кезеңдік қайталанбауымен ерекшеленеді.[1]

                         1. Қауіпті гидрологиялық құбылыстар 

Қауіпті гидрологиялық құбылыстар - әр түрлі табиғи немесе гидродинамикалық факторлардың немесе екеуінің қосындысының әсер етуінен пайда болатын, адамдарға, ауылшаруашлық малдары мен дәнді дақылдарына, экономика нысандары мен қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін, шығу тегі гидрологиялық болып келетін оқиға немесе гидрологиялық процесстердің нәтижесі.

   Су басу – құрғак жерді уақытша су алу, апаттық құбылыс болып табылатын судың жоғарғы деңгейі.

   Су басу су тасу немесе тасқын кезіңдегі су деңгейінің көтерілу нәтижесінде, жинақтау, жел толқыту нәтижесіңде, сондай-ақ гидротехникалық құрылғылардың бұзылу кезінде болуы мүмкін.

      Су басулар адам өлімімен, тұрғын және кәсіпорын нысандарының қирауымен байланысты, мал басының өлім - жітімі мен дәнді дақылдардың құруымен, сондай-ақ қоршаған ортаға кері әсерін тигізумен айтарлықтай шығынға ұшыратады. Соңғы 10 жылда әлемде су басудан 100 мыңға жуық адам қаза тауып, 1,5 млн. аса адам зардап шеккен, ал су басудан келген жалпы шығын 300 млрд. долларды құраған.

    Қазақстанда апаттық құбылыстардың қатарында су басуларды да атап көрсетуге болады. Республикада белгілі бір жағдайларда су басулар болатын ұзындығы 50 км және одан да асатын 800-ге жуық өзен бар. Соңғы 10 жылдың ішіңде Қазақстанда әртүрлі генезисті 300-ден аса су басулар болды, 70%-ы көктемдегі су тасулармен байланысты су басулар болса, 20% -ы жауын – шашынның салдарынан болған және 10%-ы басқа да себептерге байланысты болған су басуларға тиесілі. Су басулар Республикада жыл сайын тіркеліп отырады, 1993 жылдың көктеміндегі болған су басу тектес апаттық су басулар өте сирек кездеседі, онда қар қорының шамадан тыс көп болуына байланысты, сондай-ақ қатты жауынның жаууы кенеттен күннің жылуымен сәйкес келіп, республиканың барлық жазық өзендерінде апаттық тасқындар қалыптасқан еді.

     Айтарлықтай қауіпті Каспий теңізінің көп жылдық деңгейінің көтерілуі алып келетін, теңіздің солтүстік жағалауында жел толқытуынан пайда болған су басулар туғызады.

     Су тасу – жыл сайын белгілі бір климаттық жағдайда мерзім сайын қайталанатын, шағын су көлемімен, жоғарғы және ұзақ мерзімді су деңгейінің көтерілуімен сипатталатын және қардың еруімен немесе қар мен мұздықтың бірге еруінен болатын өзеннің сулық тәртібінің фазасы.Су тасуларды көктемдік, көктем – жаздық, жаздық деп бөледі.

Тасқын – жылдың бір мезгілінде бірнеше peт қайталанатын, жиілігімен, әдетте, қысқа мерзімді су шығыны мен су деңгейлермен сипатталатын және жауын – шашыннан немесе жылымық кезіңдегі қардың еруінен болатын өзеннің сулық тәртібінің фазасы.[2]

        

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-10-13; Просмотров: 149; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.