Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Асқазандық диспепсиясиндромы.




Қыжылдау – жара ауруында жиі байқалатын белгілердің бірі. Бұл асқазан- өңештік рефлюкстің салдарынан өңештің асқазан сөлімен тітіркенуінен болатын белгі. Кейде жара ауруында қыжылдаудан басқа белгілер болмайды. Сондықтан қыжылдау болғанда жара ауруынан күдіктеніп, міндетті түрде ФЭГДС жасау қажет.

Кекіру – кардий шамасыздығының үстінде асқазанның антиперистальтикалық жиырылуынан болады, көбіне асқазан денесінің жарасында байқалады.

Жүрек айнуы және құсу. Бұл белгілер жара ауруының өршуі кезінде болады. Жүректің айнуы асқазан денесінің және буылтықтан кейін орналасқан жараларда байқалады. Негізінде, жүректің айнуы ілеспелі гастриттің өршуіне тән белгі. Құсудың негізгі себептері: кезбе нерв тонусының жоғарылауы, асқазан моторикасының тезделуі және асқазанның гиперсекрециясы. Науқас әдетте, ауырсынудың ең күшейген кезінде құсады. Құсықтың дәмі қышқыл болады. Құсқаннан кейін ауырсыну басылады. Бірнеше рет қайталап құсу пилоростенозда немесе пилороспазмда байқалады. Асқазан шыдатпай ауырған жағдайда науқас өз-өзін күштеп құстыруға мәжбүр болады.

Тәбеттің жағдайы. Жара ауруында тәбет төмендемейді, кейде жоғарылайды, бірақ науқастардың кейбіреулері ауырсынуданзардап шегуінен, тамақ ішуден бас тартып арықтайды.

Ішектік диспепсия. Науқастардың көбінде айтарлықтай ішек диспепсиясы болмайды, бірақ кейбіреулерінде тамақты аз ішуінен және спазмолитиктер мен антацидтерді қолданудан іштің қатуы байқалады.

Астеновегетативтік синдромның белгілері – науқасты обьективті тексергенде терінің мрамор тәрізді бозаруы, қол ұштары мен аяқ бастарының салқындығы және ылғалдығы, брадикардияға және артериялық гипотензияға бейімділік байқалады. Аталған өзгерістер парасимпатикалық нерв жүйесі тонусының жоғарылауынан болады.

Жара ауруының өзге белгілерінен (асқынусыз жара ауруында) эпигастрий аймағында бұлшықеттің ширақтығы, нүктелік ауырсынуы байқалады. Науқасты физикальді тексергенде жара ауруының асқынуларын байқауға болады, мәселен тамақ ішкеннен 5-6 сағаттан кейін шылпыл суының естілуі пилоростеноздың болуын растайды. Іштің қолды батыртпай қатаюы – «тақтай тәрізді құрсақ» және бауыр бетіндегі тұйықтықтың жойылуы жара перфорациясына тән белгі.

Асқазандық диспепсия синдромы.

Ұзақ жазылмайтын жаралар. Ұзақ жазылмайтын деп емдеу кезінде 2 айдың көлемінде тыртықталып бітелмейтін жараларды айтады.Жараның ұзақ жазылмауы келесі себептерден болуы мүмкін: 50-ден асқан жас; темекі тартуды, алкоголь ішімділікті үзбеу; жұптасқан айқын гастродуоденит, асқазанның немесе ұлтабардың тыртықтық деформациясы; хеликобактерлік инфекцияның толық жойылмауы.

Жара ауруның егде және кәрі жастағылардағы ерекшеліктері:

* Ауырсынудың оншалықты мазаламауы;

* Асқынуға бейімділігі, әсіресе жиі қан кетуі;

* Жараның тез жазылмауы, тереңдеп ұлғаюға бейімділігі.

 

Лабороториялық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері.

2)Қанның жалпы анализі. Жара ауруында эритроциттер және гемоглабиннің көбеюіне бейімділік анықталады.

2) Асқазанның секрециялық функциясы.

 

Асқазан жарасында секрециялық функция айтарлықтай өзгермейді, ол қалыпты күйде сақталады немесе сәл биіктейді. Секрецияның төмендеуі сирек кездеседі, төмендесе сәл ғана төмендейді.

Әдетінде, он екі елі ішектің жараларында базальдік (ВАО) және максимальді стимуляцияланған секрецияның (МАО) көрсеткіштері 1,5-2 есе жоғары болады. Секрецияның күшеюі, бұдан басқа, антральдік және пилорикалық жараларда байқалады.

3) Рентгенологиялық зерттеу.

 Рентгендік зерттеуде анықталатын жараның тікелей және жанама белгілерін айырады. Жараның тікелей белгісі – асқазанның немесе ұлтабардың қабырғасында анықталатын ойық.. Ойықтың пішіні сопақша, дөңгелек, саңылау немесе конус тәрізді болады. Жараның жанама белгілері:

* Барий сульфатының асқазанда бөгелуі немесе одан тез өтуі;

* Барийдің жараның қуысында тұрып қалуы (тұрақты контрастты дақ түрінде көрінетін);

* Дуоденогастральдік рефлюкс;

* Кардийдің шамасыздығы, асқазан- өңештік рефлюкс;

* Бүрмелердің жара аузына қарай бағытталуы(конвергенциясы);

* Перигастриттің, перидуодениттің салдарынан асқазанның немесе ұлтабардың деформациясы.

4) ФЭГДС – жараны анықтайтын ең нақты әдіс. Эндоскопиялық көріністердің түрінен жараның бірнеше күйлерін айырады: активті жара, тыртықталып (жазылып) келе жатқан жара және жара орнындағы тыртық.. Өршу кезінде жараның щеті қызарады және жұмырланып сәл төмпектеу болады, түбінде ақшыл –сұр немесе сарғыш некроздық заттар көрінеді. Жараның айналасындағы кілегей қабық ісініп қызарады.

 

Жара жазыла бастаса, оның айналасындағы гиперемия азаяды, жараның шетіндегі қабыну мен ісінудің белгілері басылады, түбі тазарып грануляциялық тінге тола бастайды, соңында жараның аузына қарай бағытталған нәзік, қызғылт түсті тыртықшалар пайда болады

5.Нәжісті жасырын қанға зерттеу. Грегерсен – Вебер сынамасын аз мөлшерде қан кетуден күдіктенгенде жасайды, мәселен анемия болса.

 

Диагностика. Диагнозкелесі белгілерге негізделеді:

Негізгі белгілер:

*Осы ауруға тән шағымдар және жара ауруына тән анамнез.

*Эндоскопияда жараның табылуы;

*Рентгендік зерттеуде «ойық» белгісінің болуы.

 

Қосымша белгілер:

* Эпигастрий аймағында ауырсыну нүктелері, бұлшықеттің локальді ширығуы;

*Базальді және стимуляцияланған секрецияның жоғарылауы;

*Рентгендік зерттеудің «жанама» белгілері;

*Асқорыту жолынан жасырын қан кетудің оң белгілері.

 

Емі. Емнің жоспары:

 

* Аурудың өршуіне түрткі болатын ықпалдарды тоқтату;

* Диетотерапия;

* Дәрмектік ем;

* Физиотерапия.

 

Аурудың өршуіне түрткі болатын ықпалдарды тоқтату:

Темекі тарту мен ішкілікті доғару; гастропатиялық әсерлі дәрмектерді тоқтату(кортикостероидтарды, СҚҚД-ді, резерпинді т.б).

2)Диетотерапия.

Жара ауруының өршу кезінде №1 диета, ал өршудің қатаң түрлерінде №1а, №1б диеталар беріледі. Тағамдар суға немесе буға пісіріліп дайындалады. Асқазан сөлін бейтараптау мақсатымен аз-аздан, бірақ жиі, күніне 5-6 реттен тамақтандырады.

3)Медикаменттік ем.

 

Асқазан мен он екі елі ішектің кілегей қабығын НР-ден тазарту. Осы мақсатпен ең алдымен 1-2 апталық эрадикациялық терапияны жүргізеді. Эрадикация – НР-дің вегетативтік және коктік түрлерін толық құрту. Содан кейін жаралар мен эрозиялар толық жазылғанға дейін және гастрит пен дуодениттің өршуі әбден басылғанша емді толық тәуліктік дозадағы антисекрециялық дәрмектермен жалғастырады: Н2– гистамин блокаторын сағат 19-20 бір рет, немесе пилоридті 400 мг күніне 2 рет ішкізеді. Антисекреторлық емнің ұзақтығы ұлтабардың жарасында 6-8 апта, ал асқазанның жарасында 8-12 апта болуы тиіс.

Антисекреторлық дәрмектердің қатарынан бұл кездегі қолданудағы Н+К+АТФ-аза ингибиторлары (омепразол, пантепразол, ланзопразол) және гистаминнің Н2 рецепторларының блокаторлары (ранитидин, фамотидин), және эрадикацияға арнайы жасалынған пилорид (ранитидин висмут цитраты). Бұлардың көмегімен, әсіресе, түнгі секрецияны басады. Тұз қышқылын байланыстыру үшін емнің басында антацидтердің біреуін 5-7 күн ішкізуге болады: актал (2 таб), гастал (2 таб), гелюксил- лака (2 таб), гастерин –гель (16 мл), алмагель (30 мл).т.б. Антацидтерді міндетті түрде, тамақтанғаннан 1,5-2 сағаттан кейін, яғни тамақ ішудің аралықтарында және ұйқының алдында ішкізеді (қабылдау саны күніне 3-4 рет).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-11-03; Просмотров: 49; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.021 сек.