Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Геоморфологиялық тесттер. 12 беттен 2 бет

1. Горизонтальды тектоникалық қозғалыстарды тағы қалай деп атайды?

А) Тангенциальды

В) Радиальды

С) Түзу

Д) Кері

Е) Қарама-қарсы

 

2. Жер бедерінің грабен тәрізді жарықтар арқылы бөлшектенген теріс пішіндері қалай аталады?

А) Рифтер

В) Жыралар

С) Тақталар

Д) Доғалар

Е) Жоталар

 

3. Литосфералық тақталардың ажырауы дегеніміз?

А) Спрединг

В) Субдукция

С) Обдукция

Д) Рифт

Е) Грабен

 

4. Бір литосфералық тақтаның екінші литосфералық тақтаның астына қарай енуі немесе жымдасуы қалай аталады?

А) Субдукция

В) Спрединг

С) Обдукция

Д) Рифт

Е) Грабен

 

5. Бір литосфералық тақталардың екінші литосфералық тақталардың үстіне қарай көтеріліп кетуі қалай аталады?

А) Обдукция

В) Субдукция

С) Спрединг

Д) Рифт

Е) Грабен

 

6. Шығу тегіне қарамастан қарапайым қатпарлық түрлерін атаңдар:

А) Антиклиналдар мен синклиналдар

В) Антиклинорийлер мен синклинорийлер

С) Мегантиклинориийлер

Д) Материктер мен мұхиттар

Е) Мұхит табаны

 

7. Ірі және аса күрделі қатпарлы құрылымдар?

А) антиклинорийлер мен синклинорийлер

В) антиклиналдар мен синклиналдар

С) мегантиклинорийлер

Д) материктер мен мұхиттар

Е) мұхит табаны

 

8. Бірнеше антиклинорийлер мен синклинорийлерден тұратын ірі көтерілулер?

А) Мегантиклинорийлер

В) Антиклинорийлер мен синклинорийлер

С) Антиклиналдар мен синклиналдар

Д) Материктер мен мұхиттар

Е) Мұхит табаны

 

9. Тау жыныстарының тұтастығын бұзатын, геологиялық денелерді бір-бірінен бөлшектеп, қозғалысқа келтіретін тектоникалық бұзушы күштер қалай аталады?

А) Ажыратушы

В) Атпалы

С) Біртұтас

Д) Жай күштер

Е) Күрделі күштер

 

10. Әртүрлі жолмен қалыптасқан жер бедері пішіндерінің сыртқы

ұқсастықтары қалай аталады?

А) Конвергенция

В) Грабен

С) Опырылып құлау

Д) Горст

Е) Ығысу

 

11. Ендік бағытта жер қыртысы бөліктерінің бір бірінен алшақтап жылжуы қалай аталады?

А) Ығысу

В) Субдукция

С) Спрединг

Д) Рифт

Е) Грабен

 

12. Жер бедерінің әлсіз байқалатын вертикальды оң тектоникалық қозғалыстары төмендегілердің қайсысына тән?

А) Төменде аталған формалардың бәрі дұрыс

В) Онша биік емес үстірттер

С) Таулы үстірттер

Д) Қыраттар

Е) Жазықтар

 

13. Интенсивті түрде тектоникалық майысу жүрген облыстарға төмендегілердің қайсысы тән?

А) Ойпатты жазықтар

В) Биік емес үстірттер

С) Таулы үстірттер

Д) Жазықтар 

Е) Қыраттар

 

14. Интенсивті түрдегі оң тектоникалық қозғалыстар басым байқалатын жерлер?

А) Таулар

В) Онша биік емес үстірттер

С) Таулы үстірттер

Д) Жазықтар

Е) Қыраттар

 

15. Морфоструктура туралы ұғымды ғылыми әдебиетке енгізген кім?

А) И.П.Герасимов

В) В.Пенк

С) А.Вегенер

Д) В.Девис

Е) В.Е.Хаин

 

16. Жанартау шоқыларынан шыққан атпалы жыныстар сипатына қарай

қалай аталады?

А) Жоғарыда аталғандардың бәрі

В) Сызықтық

С) Орталық

Д) Аудандық

Е) Бұрыштық

 

17. Аумақты лавалық үстірттердің қалыптастуына қандай атпалы жыныстар сипаты әсер еткен?

А) Аудандық

В) Сызықтық

С) Орталық

Д) Жоғарыда аталғандардың бәрі

Е) Бұрыштық

 

18. Жанартау дегеніміз қандай жер бедеріне жатады?

А) Аккумулятивті

В) Денудациялы

С) Эолды

Д) Карстылы

Е) Флювиальды

 

19. Жанартаудан атқылаған лавалық жыныстардың жан-жаққа бірдей құйылып жиналуы:

А) Тегіс

В) Параллель

С) Периклиналь

Д) Перпендикуляр

Е) Еңкіш бағытта

 

20. Жанартаулық процесте неше стадия ажыратылады?

А) 2

В) 1

С) 3

Д) 4

Е) 5

 

21. Жер қыртысын қандай типтерге бөледі?

А) Материктік және мұхиттық

В) Құрылымдық және монолиттік

С) Геологиялық

Д) Жер қабығын типтерге бөлмейді

Е) Физикалық

 

22. Материктік жер қыртысының орташа қалыңдығы нешеге тең:

А) 35 км

В) 15 км

С) 25 км

Д) 5 км

Е) 75 км

 

23. Материктік жер қыртысы неше қабаттан тұрады?

А) 3

В) 2

С) 5

Д) 6

Е) 7

 

24. Материктік жер қыртысы қандай қабаттарынан тұрады?

А) Базальтты, гранитті, шөгінді

В) Біртегіс, жарықшақты, үзілмелі

С) Мәрмәрлі, гранитті, сазды

Д) Құмды, сазды, мәрмәрлі

Е) Мәрмәрлі, гранитті, құмды

 

25. Мұхит табанын құрайтын мұхиттық жер қыртысының орташа қалыңдығы:

А) 5-10 км

В) 15-20 км

С) 25-30 км

Д) 35-40 км

Е) 45-50 км

 

26. Гранит қабатының болмауына байланысты, қандай жер қыртысының жұқа болуы және өзіндік ерекшелігі анықталады?

А) Мұхиттық

В) Континенттік

С) Материктік

Д) Қарапайым

Е) Физикалық

 

27. Жер қабатының рифтілік типіне тән жер бедері:

А) Мұхит су асты орта жоталары

В) Жазықтар

С) Терең шұңғымалар

Д) Аралдық доғалар

Е) Мұхит табаны

 

28. Литосфераның ұзақ эволюциялық дамуының нәтижесінде жер қыртысының жоғарғы бөлігінде қалыптасқан күрделі гетерогенді (әр түрлі құрылымды) денелерге не жатады: 

А) Материктер

В) Платформалар

С) Геосинклиналдар

Д) Морфоскульптуралар

Е) Мұхиттар

 

29. Материктер деңгейіндегі тыныштық жағдайға көшкен тұрақты облыстар:

А) Платформалар

В) Материктер

С) Геосинклиналдар

Д) Морфоскульптуралар

Е) Тау жүйелері

 

30. Бедердің эрозиялық пішіндері

 A) Сайлар

 B) Барқандар

 C) Жағалық белестер

 D) Мореналық жоталар

 E) Құмды дюндер

 

31. Өзен әрекетінен пайда болған бедер пішіндері

 A) Террасалар

 B) Төбешіктер

 C) Үстірттер

 D) Барқандар

 E) Ойпаттар

 

32. Уақытша су әрекетінен пайда болған бедер пішіндері

 A) Ысырынды конустар

 B) Жоталар

 C) Жағалық үйінділер

 D) Төбешіктер

 E) Барқандар

 

33. Өзен аңғарларының бір жағында немесе екі жағында созылған саты тәрізді жазық алаңшалар

 A) Террасалар

 B) Беткейлер

 C) Арналар

 D) Ысырынды конустар

 E) Сырғымалар

 

34. Ысырынды конустарды қалыптастырудағы факторлар және оларды құрайтын шөгінділер

 A) Флювийлі процестер

 B) Криогенді процестер

 C) Гляциалды процестер

 D) Эолдық процестер

 E) Антропогенді процестер

 

35. Сел құбылысының қалыптасуындағы процестер

 A) Уақытша ағын сулар әрекеті

 B) Тұрақты ағын сулар әрекеті

 C) Криогендік

 D) Эолдық

 E) Биогендік 

 

36. Уақытша ағын сулар әрекетінен құралған бастапқы эрозиялық пішіндері

 A) Жүйектер (атыздар)

 B) Шатқалдар

 C) Жыралар

 D) Сайлар

 E) өзен аңғары

 

37. Уақытша ағын сулардың сағасында қалыптасқан бедер пішіні

 A) Ысырынды конус

 B) Жайылма

 C) Арна

 D) Аңғар

 E) Террасалар

 

38. Сел тасқынының негізгі құрамы

 A) Тас аралас сазбалшықтар

 B) Тас

 C) Саз

 D) Су

 E) Құм

 

39. Өзеннің мұхитқа, теңізге және көлге құйылған сағасында пайда болған бедер пішіні

 A) Атырау

 B) Жайылма

 C) Террасалар

 D) Қазаншұңқыр

 E) Ойпат

 

40. Бедердің уақытша ағын сулар әрекетінен пайда болған пішіндер

 A) Жыралар

 B) Таулар

 C) Төбешіктер

 D) Дөңдер

 E) Қыраттар

 

41. Уақытша су әрекетінен пайда болған эрозиялық бедер пішіндері

 A) Жыралар

 B) Төбешіктер

 C) Жазықтар

 D) Таулар

 E) Пенеплен

 

42. Өзен аңғарының су ағатын элементі

А) Арна

В) Терраса

С) Жайылма

D) Қабақ

Е) Кемер

 

43. Арнаның ең терең нүктелерін біріктіретін сызық

 A) Тальвег

 B) Террасалар

 C) Жайылмалар

 D) Ысырынды конус

 E) Беткейлер

 

44. Бүйірлік эрозия арқылы қалыптасқан бедер пішіндері

 A) Трапеция тәрізді аңғарлар

 B) Сай

 C) Жыраша

 D) Шатқал

 E) Каньон

 

45. Жайылмаларды құрайтын шөгінділер

 A) Аллювийлік

 B) Пролювийлік

 C) Делювийлік

 D) Солифлюкциялық

 E) Опырмалы әрекетері

 

46. Сел құбылысымен пайда болған шөгінділер

 A) Пролювийлік

 B) Эолдық

 C) Делювийлік

 D) Колювийлік

 E) Солифлюкциялдық

 

47. Тұрақты ағын сулар әрекетінен құралған эрозиялық пішіндер

 A) Өзен аңғарлары

 B) Жыралар

 C) Шатқалдар

 D) Каньондар

 E) Сайлар

 

48. Құрылымды сел құрамы

 A) Түйіртпекті жыныстар

 B) Су

 C) Саз

 D) Тас

 E) құм

 

49. Уақытша ағын су сағасында пайда болған бедер пішіні

 A) Ысырынды конус

 B) Жайылма

 C) Қазаншұңқыр

 D) Ойпат

 E) Терраса

 

50. Уақытша ағын сулар әрекетінен қалыптасқан эрозиялық пішіндер

 A) Сайлар

 B) Таулар

 C) Шағылдар

 D) Куэстілер

 E) Жоталар

 

51. Жазық аймақтарда эрозияның қай түрі басым

 A) Бүйірлік

 B) Трангрессивтік

 C) Регрессивтік

 D) Тереңдік

 E) Алаңдық шаю

 

52. Су тасыған кезде сумен түгел жабылатын аңғар пішіні элементтері

 A) Жайылма

 B) Аңғар беткейі

 C) Бірінші жайылма үсті терраса

 D) Екінші жайылма үсті терраса

 E) Үшінші жайылма үсті терраса

 

53. Таулы аймақтарда су эрозиясының қай түрі басым

 A) Түпкі эрозия

 B) Трансгрессивті эрозия

 C) Алаңдық шаю

 D) Регрессивті эрозия

 E) Бүйірлік эрозия

 

54. Аллювийлік шөгінділермен байланысты табиғи процестер

 A) Флювийлік

 B) Адам әрекеті 

 C) Үгілу

 D) Эолдық

 E) Гляциялдық

 

55. Аңғар түбіне бедердің қандай элементі жатады

 A) Жайылма

 B) Ысырынды конус

 C) Терраса

 D) Байырғы беткей

 E) Аккумуляциялық беткей

 

56. Бедердің аллювийлік түрін геоморфологиялық картада қандай бояулармен көрсетіледі

 A) Жасыл

 B) Көкшіл

 C) Көк

 D) Қоңыр

 E) Сары

 

57. Жерасты сулары қандай бедер пішіндерін құрайды

 A) Үңгірлер

 B) Террасалар

 C) Сайлар

 D) Аңғарлар

 E) Барқандар

 

58. Карст пішіндерінің құрылуындағы басты факторлар

 A) Химиялық процестер

 B) Физикалық процестер

 C) Механикалық процестер

 D) Органикалық процестер

 E) Антропогендік процестер

 

59. Карст әрекеті кең дамыған тау жыныстары

 A) Карбонатты

 B) Интрузиялық

 C) Метаморфтық

 D) Борпылдақ

 E) Сазды таужыныстары

 

60. Карст әрекетінен қандай бедер пішіндері құрылады

 A) Сталактит

 B) Тау жоталары

 C) Клип

 D) Оздар

 E) Зандрлар

 

61. Карбонатты таужыныстарында дамыған процестер

 A) Карстық процестер

 B) Физикалық процестер

 C) Механикалық процестер

 D) Алаңдық шаю

 E) Эрозиялық

 

62. Қазақстан аумағында карст пішіндер дамыған аймақтар

 A) Маңғыстау

 B) Тянь-Шань

 C) Алтай

 D) Қаратау

 E) Сары-Арқа

 

63. Жер асты үңгірлерінің қалыптасу себебі

 A) Карсттық процестер

 B) Эрозиялық процестер

 C) Денудациялық процестер

 D) Алаңдық шаю

 E) Абразия

 

64. Аталған бедер пішіндердің қайсысы карст әрекетінен пайда болған

 A) Үңгір

 B) Карр

 C) Шағыл

 D) Аңғар

 E) Ысырынды конус

 

65. Мұздық әрекет арқылы бедердің қандай пішіндері қалыптасады

 A) Трогтар

 B) Жоталар

 C) Сайлар

 D) Ойпаттар

 E) Барқандар

 

66. Жамылғы мұздық дамыған құрлық

 A) Антарктида

 B) Солтүстік Америка

 C) Европа

 D) Австралия

 E) Азия

 

67. Мұздықтар әрекетінен қалыптасқан бедер пішіні

 A) Кар

 B) Шатқал

 C) Ысырынды конус

 D) Сай

 E) Өзен аңғары

 

68. Мұздықтар әрекетінен қалыптасқан бедер пішіні

 A) Карлингтер

 B) Шатқал

 C) Ысырынды конус

 D) Сай

 E) Өзен аңғары

 

69. Мұздықтар әрекетінен қалыптасқан түйірлі таужыныстар

 A) Морена

 B) Аллювий

 C) Делювий

 D) Пролювий

 E) Колювий

 

70.  Ежелгі мұздық әрекетінен қалыптасқан бедер пішіні

 A) Кама

 B) Жайылма

 C) Ысырынды конус

 D) Терраса  

 E) Ескі арна

 

71. Тоңдық деформация әрекетінен қалыптасқан бедер пішіндері

 A) Гидролаколиттер

 B) Шұңқырлар

 C) Ойыстар

 D) Қазындылар

 E) Індер

 

72. Мұздық әрекеті арқылы бедердің қандай өңделген пішіндері қалыптасады

 A) Цирктер

 B) Ойыстар

 C) Ойпаттар

 D) Аңғарлар

 E) Құм шағылдар

 

73.  Тоңдық деформациялар әрекетінен пайда болған бедер пішіндері

 A) Гидролаколиттер

 B) Сталкит

 C) Тұзды күмбез

 D) Аңғарлар

 E) Полье

 

74.  Жамылғы мұздық кең дамыған арал

 A) Гренландия

 B) Европа

 C) Азия

 D) Солтүстік Америка

 E) Оңтүстік Америка

 

75. Тау өлкелерде мұздықтар әрекетінен қалыптасқан бедер пішіні

 A) Цирк

 B) Шатқал

 C) Ысырынды конус

 D) Сай

 E) Өзен аңғары

 

76. Мұздықтар экзарация әрекетінен қалыптасқан бедер пішіні

 A) Трог

 B) Тау жотасы

 C) Терраса

 D) Ысырынды конус

 E) Аңғар

 

77. Мұздықтар әрекетінен қалыптасқан түйіртпекті жыныстардан құралған үйінділер

 A) Морена

 B) Малтатастар

 C) Құмдар

 D) Саздар

 E) Женттастар

 

78. Жамылғы мұздық әрекетінен қалыптасқан бедер пішіні

 A) Зандр

 B) Жайылма

 C) Ысырынды конус

 D) Ескі арна

 E) Терраса

 

79. Тоң аймағында қалыптасқан бедер пішіндері

 A) Тасты көпбұрыштар және тасты сақиналар

 B) Шұңқырлар

 C) Қазындылар

 D) Індер

 E) Ойыстар

 

80. Еуропа мен Азия арасындағы шекара не арқылы өтеді:

A) Орал тауы

B) Тянь-Шань таулары 

C) Кавказ тауы

D) Альпі тауы

E) Гималай тауы

 

81. Еуразияның оңтүстіктегі шеткі нүктесі:

A) Пиай мүйісі

B) Ине мүйісі

C) Дежнев мүйісі

D) Баба мүйісі

E) Рока мүйісі

 

82. Монблан шыңының биіктігі қанша:

A) 4807 м

B) 6960 м

C) 5895 м

D) 8848 м

E) 2030 м

 

83. Еуразияның қандай көлі рифт жарығында орналасқан:

A) Өлі теңіз

B) Венерн

C) Женева

D) Лобнор

E) Балатон

 

84. Шетелдік Еуропада қандай қатпарлық кездеспейді:

A) Мезозой

B) Каледон

C) Альпі

D) Герцин

E) Архей

 

85. Тянь-Шань таулары шығу тегі жағынан қандай тау:

A) Қатпарлы-жақпарлы (жаңғырған)

B) Жақпарлы-қатпарлы (жасарған)

C) Жақпарлы

D) Қатпарлы

E) Жанартаулық

 

86. Мына тау жүйелерінің қайсысы Британ аралдарында орналасқан:

A) Кембрий және Пеннин

B) Кантабрий және Иберий

C) Рудный және Ардены

D) Родоп және Пинд

E) Норланд және Смоланд

 

87. Еуропаның солтүстегі шеткі нүктесі:

A) Нордкин мүйісі

B) Барроу мүйісі

C) Нордкап мүйісі

D) Дежнев мүйісі

E) Ине мүйісі

 

88. Азияның ең биік тауы:

A) Гималай

B) Тянь-Шань

C) Тибет

D) Орал

E) Понтий

 

89. Еуразияның батыстағы мүйісі:

A) Рока

B) Марокки

C) Камау

D) Баба

E) Пиай

 

90. Орталық Азиядағы шөл:

A) Такла-Макан

B) Деште-Кевир

C) Үлкен Нефуд

D) Сирия

E) Калахари

 

91. Шетелдік Азиядағы қандай тау жотасы Тибет таулы қыратын солтүстігінен қоршап жатыр:

A) Кунь-Лунь

B) Қарақорым

C) Гиндукуш

D) Циньлин

E) Памир

 

92. Ұлы Қытай жазығы шығу тегі жағына қарай:

A) Пластылы-аккумуляциялы

B) Пластылы

C) Цокольді

D) Денудациялы

E) Аллювийлі

 

93. Еуропаның қандай көлі ауданы жағынан ең үлкен:

A) Венерн

B) Женева

C) Балатон

D) Меларен

E) Инари

 

94. Азияның ең “асау” өзені:

A) Хуанхэ

B) Меконг

C) Янцзы

D) Тарим

E) Амур

 

95. Тибет қандай қатпарлықта көтерілді:

A) Мезозой

B) Кайнозой

C) Герцин

D) Каледон

E) Байкал

 

96. Еуразияның аса ірі аллювийлі ойпаты:

A) Үнді-Ганг

B) Месопотамия

C) Тарим

D) Падан

E) Дунай

 

97. Солтүстік Америка материгінің ауданы қанша:

A) 24,2 млн км2

B) 30,1 млн км2

C) 20,4 млн км2

D) 15 млн км2

E) 35 млн км2

 

98. Солтүстік Американың ең үлкен аралы:

A) Гренландия

B) Куба

C) Ямайка

D) Банкс

E) Элсмир

 

99. Солтүстік Америка жағалауындағы аса ірі шығанақ:

A) Мексика

B) Әулие Лаврентия

C) Калифорния

D) Джеймс

E) Гудзон

 

100. Солтүстік Американың батысындағы тау жүйесі:

A) Кордильера

B) Анд

C) Аппалач

D) Альпі

E) Дракон (Айдаһар)

 

101. Солтүстік Американың оңтүстіктегі шеткі нүктесі:

A) Марьято мүйісі

B) Мерчисон мүйісі

C) Барроу мүйісі

D) Гальинас мүйісі

E) Марокки мүйісі

 

102. Солтүстік Америка көлдері басым түрде қазан шұңқырының шығу тегі жағынан қандай:

A) Мұздық-тектоникалық

B) Бөгелмелі

C) Жанартаулық

D) Тектоникалық

E) Қалдық

 

103. Солтүстік Американың ең биік нүктесі:

A) Мак-Кинли

B) Орисабо

C) Логан

D) Чугач

E) Митчелл

 

104. Солтүстік Америка көлдерінің неғұрлым үлкені:

A) Жоғарғы

B) Онтарио

C) Эри

D) Мичиган

E) Гурон

 

105. Аппалач тауларының Оңтүстік жоталары қашан қалыптасты:

A) Герцин қатпарлығында

B) Мезозой

C) Байкал

D) Альпі

E) Каледон

 

106. Фанди шығанағындағы толысу толқынының биіктігі:

A) 18 м

B) 15 м

C) 20 м

D) 16 м

E) 10 м

 

107. Солтүстік Американың аса ірі өзені:

A) Миссисипи

B) Колорадо

C) Нельсон

D) Миссури

E) Макензи

 

108. Кордильераның Шығыс жоталар тізбегі қандай қатпарлықта пайда болды:

A) Ларамийлік

B) Архейлік

C) Герциндік

D) Невадийлік

E) Альпілік

 

109. Солтүстік Американың аса ірі әрекет етуші жанартаулары қандай тау жотасында орналасқан:

A) Жанартаулық Сьерра

B) Маккензи

C) Сьерра-Невада

D) Аляска

E) Каскад тауы

 

110. Антиль аралдарының ең ірісі:

A) Куба

B) Ямайка

C) Пуэрто-Рико

D) Гренада

E) Мартиника

 

111. Канада қалқанының жер бедеріне қандай үстірт сәйкес келеді:

A) Лаврентий

B) Юкон

C) Пидмонт

D) Мичиган

E) Аллеган

 

112. Калифорния түбегіндегі шөлдік климаттың қалыптасуын немен түсіндіруге болады:

A) Суық ағыс

B) Орография

C) Жылы ағыс

D) Пассаттық циркуляция

E) Гавай максимумы

 

113. Ұлы Жазыққа қандай морфоструктура типі сейкес келеді:

A) Пластылы

B) Пластылы-аккумуляциялы

C) Денудациялы

D) Аллювийлі

E) Цокольді

 

114. Орталық Жазыққа қандай морфоскульптура тән:

A) Флювиальды

B) Гляциальды

C) Криогенді

D) Аридті денудациялық

E) Аллювийлік

 

115. Оңтүстік Американың ауданы қанша:

A) 18,3 млн км2

B) 20,2 млн км2

C) 15,3 млн км2

D) 25 млн км2

E) 14 млн км2

 

116. Оңтүстік Американың батысында қандай тау жүйесі орналасқан:

A) Анд

B) Аппалач

C) Кордильера

D) Ардены

E) Бандейра

 

117. Жаңа Дүние қай жылы ашылды:

A) 1492

B) 1502

C) 1497

D) 1472

E) 1773

 

118. Оңтүстік Американы солтүстігінде қандай теңіз шайып жатыр:

A) Кариб

B) Солтүстік

C) Саргасс

D) Жерорта

E) Охот

 

119. Анд атауы жергілікті тұрғындар тілінде қандай мағына береді:

A) Мыс таулар

B) Тау тізбегі

C) Аспан таулары

D) Ақ таулар

E) Көгілдір таулар

 

120. Оңтүстік Америкадағы әлемнің ең биік сарқырамасы:

A) Анхель

B) Игуасу

C) Ниагара

D) Виктория

E) Ливингстон

 

121. Оңтүстік Американың қандай өзені Кариб алабына кіреді:

A) Ориноко

B) Амазонка

C) Мадейра

D) Парана

E) Ниагара

 

122. Оңтүстік Америкадағы теңіз деңгейінен ең биік орналасқан көл:

A) Титикака

B) Поопо

C) Мар-Чикита

D) Маракайбо

E) Патус

 

123. Анд тауындағы ежелгі өркениет елі қалай аталады:

A) Инктер

B) Майя

C) Вавилон

D) Ацтектер

E) Карфаген

 

124. Оңтүстік Америкадағы ең ыстық жер:

A) Гран-Чако жазығы

B) Ориноко ойпаты

C) Бразилия таулы үстірті

D) Амазонка ойпаты

E) Патагония

 

125. Оңтүстік Америкадағы ең құрғақ жер:

A) Атакама

B) Гвиана таулы қыраты

C) Пантанал

D) Екі өзен аралығы

E) Альтиплано

 

126. Амазонка ойпатының ауданы:

A) 5 млн км2

B) 3 млн км2

C) 9 млн км2

D) 1,5 млн км2

E) 6 млн км2

 

127. Анд тауының ең биік нүктесі:

A) Аконкагуа

B) Ильямпу жанартауы

C) Котопахи жанартауы

D) Чимборасо

E) Бандейра

 

128. Анд тауы қандай қатпарлыққа жатады:

A) Альпілік (тынықмұхиттық)

B) Мезозойлық

C) Архейлік

D) Герциндік

E) Каледондық

 

129. Анд тауындағы қар сызығының ең биік шегі:

A) 6300 м

B) 4500 м

C) 1500 м

D) 3500 м

E) 6800 м

 

130. Оңтүстік Американың шығыстағы шеткі мүйісі:

A) Кабу-Бранку

B) Альмади

C) Горн

D) Гальинас

E) Марьято

 

131. Оңтүстік Американы Антарктидадан қандай бұғаз бөліп тұр:

A) Дрейк

B) Магеллан

C) Панама

D) Беринг

E) Гибралтар

 

132. Тынық мұхит жағалауында Атакама шөлінің болуын қалай түсіндіруге болады:

A) Суық ағыс

B) Мұхиттың жақын орналасуы

C) Орография

D) Жылы ағыстың өтуі

E) Пассаттық инверсия

 

133. Оңтүстік Америкадағы ауданы ең үлкен көл:

A) Маракайбо

B) Мар-Чикита

C) Титикака

D) Патус

E) Поопо

 

134. Анд тауының қандай бөлігінде жанартаулар өте көп орналасқан:

A) Эквадор Андысы

B) Патагония Андысы

C) Орталық Анд

D) Кариб Андысы

E) Чили-Аргентина Андысы

 

135. Гондвананың бөлшектенуі мен Оңтүстік Америка платформасының оқшаулану уақыты:

A) Мезозой

B) Протерезой

C) Палеозой

D) Архей

E) Кайназой

 

136. Ең биік Анхель сарқырамасы қандай өзенде орналасқан:

A) Чурун

B) Парана

C) Уругвай

D) Амазонка

E) Ориноко

 

137. Африканың ауданы қанша:

A) 30,3 млн км2

B) 54 млн км2

C) 24 млн км2

D) 18,3 млн км2

E) 14 млн км2

 

138. Африканың оңтүстіктегі шеткі нүктесі:

A) Ине

B) Горн

C) Қайырлы Үміт 

D) Бен Сека

E) Рас Хафун

 

139. Африканың ең биік нүктесі:

A) Килиманджаро жанартауы

B) Камерун жанартауы

C) Кения тауы

D) Тубькаль тауы

E) Рас-Дашэн тауы

 

140. Парсы және Аден шығанағын қосып тұрған бұғаз:

A) Баб-эль-Мандеб

B) Суэц каналы

C) Мозамбик

D) Гибралтар

E) Полк

 

141. Африканың ең мол сулы өзені:

A) Конго

B) Ніл

C) Замбези

D) Нигер

E) Лимпопо

 

142. Өзендердің қайсысы Нілдің бастауы болып саналады:

A) Кагера өзені

B) Луалоба өзені

C) Виктория көлі

D) Собат өзені

E) Көгілдір Ніл өзені

 

143. Килиманджаро жанартауының биіктігі қанша:

A) 5895 м

B) 4165 м

C) 6960 м

D) 4620 м

E) 4807 м

 

144. Африкадағы ең құрғақ жер:

A) Сахара шөлі

B) Калахари шөлі

C) Нубия шөлі

D) Карру

E) Шығыс Эрг

 

145. Виктория сарқырамасы Африканың қандай өзенінде орналасқан:

A) Замбези

B) Ніл

C) Конго

D) Нигер

E) Лимпопо

 

146. Кап тауы қандай қатпарлықта көтерілді:

A) Герциндік

B) Каледондық

C) Байкалдық

D) Альпілік

E) Архейлік

 

147. Африканың ең ұзын көлі қалай аталады:

A) Танганьика

B) Чад

C) Виктория

D) Киву

E) Ньяса

 

148. Эфиопия таулы қыраты қандай жолмен қалыптасқан:

A) Лавалық

B) Пластылы-денудациялық

C) Цокольді-денудациялық

D) Жақпарлы

E) Пластылы-аккумуляциялық

 

149. Африкадағы ежелгі кеуіп қалған өзен арналары қалай аталады:

A) Уәди

B) Крик

C) Эрг

D) Атырау

E) Шағыл

 

150. Дракон (Айдаһар) таулары қандай қатпарлықта көтерілген:

A) Архейлік

B) Мезозойлық

C) Герциндік

D) Каледондық

E) Байкалдық

 

151. Қандай шөлде құмды жыныстар аса көп жинақталған:

A) Калахари

B) Сахара

C) Намиб

D) Ливия

E) Нубия

 

152. Африкадағы ең ыстық жер қайда орналасқан:

A) Сахараның жерорта теңізі жағалауында

B) Экватор бойында

C) Намиб шөлінде

D) Атлас тауы

E) Калахари шөлінде

 

153. Әрекетін тоқтатпаған Камерун жанартауы қайда орналасқан:

A) Гвинея шығанағы жағалауында

B) Шығыс Африка таулы үстіртінде

C) Атлас тауында

D) Эфиопия таулы қыратында

E) Ахаггар таулы қыратында

 

154. Африканың ең төмен жатқан нүктесі қайда орналасқан:

A) Ассаль көлінің ойысы

B) Мозамбик ойпаты

C) Боделе ойысы

D) Каттара ойысы

E) Сенегал-Мавритания ойпаты

 

155. Чад көлінің қазан шұңқыры қандай жолмен қалыптасқан:

A) ТҚалдық

B) Бөгелмелі

C) ектоникалық

D) Жанартаулық

E) Қарасулы көлдер

 

156. Аустралияны Жаңа Гвинея аралынан бөліп жатқан бұғаз:

A) Торрес

B) Басс

C) Лаперуза

D) Мозамбик

E) Кук

 

157. Аустралияның солтүстіктегі шеткі мүйісі:

A) Йорк

B) Натуралист

C) Стип-Пойнт

D) Солтүстік-Батыс

E) Байрон

 

158. Аустралияның оңтүстігіндегі ірі шығанақ:

A) Үлкен Аустралия

B) Карпентария

C) Спенсер

D) Жозеф-Бонапарт шығанағы

E) Кинг шығанағы

 

159. Аустралияның ең биік нүктесі:

A) Косцюшко

B) Брус

C) Митчелл

D) Перт

E) Зил

 

160. Аустралияның ең ірі көлі:

A) Эйр

B) Торренс

C) Фром

D) Кэри

E) Гарднер

 

161. Тасмания аралын материктен қандай бұғаз бөліп жатыр:

A) Басс

B) Бастер

C) Кук

D) Торрес

E) Фово

 

162. Аустралияның шығысында орналасқан тау:

A) Үлкен Суайрық жотасы

B) Дарлинг

C) Хамерсли

D) Перт

E) Макдоннелл

 

163. Аустралияның ең мол сулы және ең ірі өзені:

A) Муррей

B) Фицрой

C) Дарлинг

D) Флиндерс

E) Куперс-Крик

 

164. Не себепті Аустралия құрлығы ең құрғақ болып саналады:

A) Оңтүстік тропик үстінде орналасуы

B) Суық ағыстардың шаюы

C) Пассаттық циркуляцияның басым болуы

D) Материк ауқымының шағын болуы

E) Аустралияның шығысында биік таудың болуы

 

165. Аустралиядағы қандай тау байкал қатпарлығында көтерілді:

A) Флиндерс

B) Масгрейв

C) Аустралия Альпісі

D) Перт

E) Хамерсли

 

166. Тынық мұхиттағы 1800 меридианнан шығысқа қарай орналасқан аралдар қалай аталады:

A) Полинезия

B) Архипелаг

C) Атолл

D) Микронезия

E) Меланезия

 

167. Мұхит Аралдарындағы ауданы ең үлкен арал қалай аталады:

A) Жаңа Гвинея

B) Жаңа Зеландия

C) Жаңа Каледония

D) Фиджи

E) Самоа

 

168. Атолдық аралдар қандай жолмен қалыптасады:

A) Маржан полиптерінің өсуі нәтижесінде

B) Тау жасалу нәтижесінде

C) Материктен тектоникалық жарық арқылы бөліну нәтижесінде

D) Жанартау атқылауынан

E) Литосфералық тақталардың соқтығысуы нәтижесінде

 

169. Мұхит аралдарындағы ең көп таралған өсімдік:

A) Кокос пальмасы

B) Эвкалипт

C) Банан пальмасы

D) Акация

E) Астық тұқымдастар

 

170. Қандай арал материктік жолмен пайда болған:

A) Фиджи

B) Гавайи

C) Каролина

D) Туамату

E) Лайн

 

171. Қандай аралда тас мүсіндер орналасқан:

A) Пасха

B) Науру

C) Самоа

D) Таити

E) Тубуаи

 

172. Ең үлкен маржандық құрылым қалай аталады:

A) Үлкен Тосқауыл рифі

B) Джонсон атолы

C) Ламотрек атолы

D) Мариана аралдары

E) Суворов атолы

 

173. Филиппин және Тынықмұхиттық тақталардың жымдасу (субдукция) зонасында орналасқан арал:

A) Мариана аралдары

B) Филиппин аралдары

C) Маршал аралдары

D) Лайн аралдары

E) Гилберт аралдары

 

174. Антарктиданы кім ашты:

A) Беллинсгаузен және Лазарев

B) Дж. Кук

C) Дж. Кабот

D) Ф. Магеллан

E) Васко да Гама

 

175. Оңтүстік полюске бірінші болып кім жетті

A) Амундсен

B) Нансен

C) Скотт

D) Пири

E) Лазарев

 

176. Оңтүстік полюс қай жылы бағындырылды:

A) 1911

B) 1822

C) 1915

D) 1819

E) 1910

 

177. Антарктиданың ең биік нүктесі:

A) Винсон массиві

B) Маркем

C) Керкпатрик

D) Вернадский тауы

E) Эребус жанартауы

 

178. Антарктидадағы ең терең ойыс көрсеткіші нешеге тең:

A) –2555 м

B) –400 м

C) –132 м

D) –150 м

E) –1130 м

 

179. Антарктида орташа биіктігі бойынша материктер арасында нешінші орында:

A) 1

B) 2

C) 3

D) 4

E) 5

 

180. Антарктиданың әрекет етуші жанартауы қалай аталады:

A) Эребус

B) Котопахи

C) Чимборасо

D) Везувий

E) Орисабо

 

181. Антарктида жерінде қандай қатпарлық кездеспейді:

A) Герциндік

B) Альпілік

C) Мезозойлық

D) Каледондық

E) Архейлік

 

182. Аралдардың қайсысы Антарктидаға жатады:

A) Кергелен

B) Вознесения

C) Занзибар

D) Әулие Елена

E) Пемба

 

183. Мына теңіздердің қайсысы Антарктида жағалауына тән емес:

A) Тасман теңізі

B) Уэдделл теңізі

C) Амундсен теңізі

D) Росс теңізі

E) Достастық (Содружество) теңізі

 

184. Антарктиданың ең ұзын тау жүйесі:

A) Трансантарктида тауы

B) Гамбурцев тауы

C) Вернадский тауы

D) Элсмир тауы

E) Винсон массиві

 

185. Антарктидаға тән желдер:

A) Ағынды желдер

B) Тайфун

C) Торнадо

D) Ураган

E) Фен желдері

 

186. Антарктида мұз жамылғысының орташа қалыңдығы қанша:

A) 4000 м-ге жуық

B) 2000 м-ге жуық

C) 3000 м-ге жуық

D) 1000 м-ге жуық

E) 5000 м-ге жуық

 

187. Дүниежүзілік мұхиттың ауданы қанша?

A) 361 млн км2

B) 149 млн км2

C) 510 млн км2

D) 400 млн км2

E) 250 млн км2

 

188. Тынық мұхитының ауданы қанша:

A) 180 млн км2 жуық

B) 200 млн км2 жуық

C) 360 млн км2 жуық

D) 100 млн км2 жуық

E) 75 млн км2 жуық

 

189. Ең жылы мұхит:

A) Үнді мұхиты

B) Солтүстік Мұзды мұхит

C) Тынық мұхиты

D) Оңтүстік мұхит 

E) Атлант мұхиты

 

190. Үнді мұхитындағы ең терең ойыс:

A) Зонд шұңғымасы

B) Орталық қазан шұңқыр

C) Крозе қазан шұңқыры

D) Диомантина жарығы

E) Кокос қазан шұңқыры

 

191. Қандай теңіздің жағалауы жоқ:

A) Саргасс теңізі

B) Арабия теңізі

C) Маржан теңізі

D) Кариб теңізі

E) Гренландия теңізі

 

192. Дүние жүзілік мұхиттағы ең тұзды теңіз:

A) Қызыл теңіз

B) Қара теңіз

C) Жерорта теңізі

D) Сары теңіз

E) Солтүстік теңіз

 

193. Дүние жүзілік мұхиттағы ең тұщы теңіз:

A) Балтық теңізі

B) Охот теңізі

C) Жапон теңізі

D) Солтүстік теңіз

E) Беринг теңізі

 

194. Мына теңіздердің кайсысы артық:

A) Солтүстік теңіз

B) Беринг теңізі

C) Сары теңіз

D) Охот теңізі

E) Жапон теңізі

 

195. Дүниежүзілік мұхиттағы ең терең ойыс:

A) Мариана шұңғымасы

B) Пуэрто-Рико шұңғымасы

C) Зонд шұңғымасы

D) Перу шұңғымасы

E) Филиппин шұңғымасы

 

196. Оңтүстік Америка мен Отты Жер аралын қандай бұғаз бөліп жатыр:

A) Магеллан

B) Дрейк

C) Кук

D) Беринг

E) Росс

 

197. Антарктида жағалауындағы аса ірі қайраңдық мұздық:

A) Росс

B) Амундсен

C) Беллинсгаузен

D) Бофорт

E) Баффин

 

198. Солтүстік Американың қандай шығанағын “мұзды қапшық” деп атайды:

A) Гудзон

B) Мэн

C) Делавэр

D) Мексика

E) Кампече

 

199. Солтүстік Мұзды мұхиттағы ең ірі арал:

A) Гренландия

B) Врангель

C) Банкс

D) Жаңа Сібір

E) Элсмир

 

200. Антиль архипелегындағы ең ірі арал:

A) Куба

B) Гаити

C) Ямайка

D) Багам

E) Тринидад

 

201. Дүние жүзіндегі ауданы ең үлкен көл:

A) Каспий теңізі

B) Жоғарғы көл

C) Байкал көлі

D) Арал теңізі

E) Чад көлі

 

202. Дүние жүзіндегі ең ұзын тектоникалық көл:

A) Танганьика

B) Байкал

C) Боден

D) Ньяса

E) Тана

 

203. Дүние жүзіндегі ең терең тектоникалық көл:

A) Байкал

B) Ньяса

C) Танганьика

D) Балхаш

E) Тана

 

204. Мына теңіздердің қайсысы материк аралық теңізге жатпайды:

A) Балтық теңізі

B) Тиррен теңізі

C) Ион теңізі

D) Адриатика теңізі

E) Эгей теңізі

 

205. Атлант мұхитындағы ең кішкене теңіз:

A) Мәрмәр теңізі

B) Эгей теңізі

C) Солтүстік теңіз

D) Ион теңізі

E) Азов теңізі

 

206. Дүниежүзілік мұхиттың ауданы қанша?

A) 361 млн км2

B) 149 млн км2

C) 510 млн км2

D) 400 млн км2

E) 250 млн км2

 

207. Атлант мұхитының ауданы қанша:

A) 91,6 млн км2 жуық

B) 178,7 млн км2 жуық

C) 361,1 млн км2 жуық

D) 76,17 млн км2 жуық

E) 14,75 млн км2 жуық

 

208. Тынық мұхитының ауданы қанша:

A) 178,7 млн км2 жуық

B) 361,1 млн км2 жуық

C) 91,6 млн км2 жуық

D) 76,17 млн км2 жуық

E) 14,75 млн км2 жуық

 

209. Үнді мұхитының ауданы қанша:

A) 76,17 млн км2 жуық

B) 178,7 млн км2 жуық

C) 91,6 млн км2 жуық

D) 361,1 млн км2 жуық

E) 14,75 млн км2 жуық

 

210. Солтүстік Мұзды мұхиттың ауданы қанша:

A) 14,75 млн км2 жуық

B) 178,7 млн км2 жуық

C) 91,6 млн км2 жуық

D) 76,17 млн км2 жуық

E) 361,1 млн км2 жуық

 

211. Еуразияның оңтүстігін шайып жатқан мұхит:

A) Үнді мұхиты

B) Солтүстік Мұзды мұхит

C) Тынық мұхиты

D) Оңтүстік мұхит 

E) Атлант мұхиты

 

212. Ежелгі Тетис мұхиты қазіргі қандай теңіз орнында болған еді?

A) Жерорта теңізі

B) Солтүстік теңізі

C) Скотия теңізі

D) Балтық теңізі

E) Саргасс теңізі

 

213. Дүниежүзілік мұхиттағы терең шұңғымалар қандай мұхитта орналасқан?

A) Тынық мұхиты

B) Солтүстік Мұзды мұхит

C) Оңтүстік мұхит 

D) Үнді мұхиты

E) Атлант мұхиты

 

214. Сейшель аралдары қай мұхитта орналасқан:

A) Үнді мұхиты

B) Оңтүстік мұхит

C) Атлант мұхиты

D) Тынық мұхиты

E) Солтүстік Мұзды мұхиты

 

215. Үнді мұхитындағы апатты жер сілкіну болатын аудан:

A) Зонд шұңғымасы

B) Орталық қазан шұңқыр

C) Крозе қазан шұңқыры

D) Диомантина жарығы

E) Кокос қазан шұңқыры

 

216. Гималай тауындағы ылғалдың мол түсуіне қандай ағыс әсер етеді:

A) Муссондық ағыс

B) Мадагаскар ағысы

C) Оңтүстік Пассат ағысы

D) Мозамбик ағысы

E) Батыс Аустралия ағысы

 

217. Қандай теңіз екі материк аралығында орналасқан?

A) Кариб теңізі

B) Саргасс теңізі

C) Маржан теңізі

D) Арабия теңізі

E) Жапон теңізі

 

218. Африка мен Азия арасындағы теңіз:

A) Қызыл теңіз

B) Қара теңіз

C) Жерорта теңізі

D) Сары теңіз

E) Солтүстік теңіз

 

219. Теңіз деңгейінің абсолюттік биіктік эталоны қандай теңіз:

A) Балтық теңізі

B) Охот теңізі

C) Жапон теңізі

D) Солтүстік теңіз

E) Беринг теңізі

 

220.  Тынық мұхиттағы ең терең жер:

A) Мариана шұңғымасы

B) Пуэрто-Рико шұңғымасы

C) Зонд шұңғымасы

D) Перу шұңғымасы

E) Филиппин шұңғымасы

 

221. Африканы Мадагаскардан бөліп жатқан бұғаз:

A) Мозамбик

B) Бенгель

C) Гвинея

D) Ангола

E) Канар

 

222. Оңтүстік Америкадағы аса ірі бұғаз:

A) Дрейк

B) Магеллан

C) Кук

D) Беринг

E) Росс

 

223. Антарктида жағалауындағы теңіз:

A) Росс

B) Андаман

C) Маржан

D) Тасман

E) Филиппин

 

224. Солтүстік Американың ең үлкен шығанағы:

A) Мексика

B) Мэн

C) Делавэр

D) Гудзон

E) Кампече

 

125. Солтүстік Мұзды мұхиттағы аралдар тобы:

A) Канада Арктикалық архипелагы

B) Врангель

C) Ян Майен

D) Исландия

E) Гренландия

 

226. Үлкен Антиль архипелегындағы ең кіші арал:

A) Ямайка

B) Куба

C) Гаити

D) Багам

E) Тринидад

 

227. Солтүстік Мұзды мұхит пен Тынық мұхитын жалғастырып жатқан бұғаз:

A) Беринг

B) Гибралтар

C) Мозамбик

D) Лаперуза

E) Кук

 

228. Атлант мұхиты мен Жерорта теңізін жалғастырып жатқан бұғаз:

A) Гибралтар

B) Скагеррак

C) Ла-Манш

D) Дарданелла

E) Босфор

 

229. Ашық мұхиттағы толысу толқынының биіктігі қанша:

A) 1,5 м

B) 2 м

C) 1 м

D) 2,5 м

E) 3 м

 

230. Атлант мұхиты алабындағы ең солтүстіктегі теңіз:

A) Норвег

B) Кариб

C) Саргасс

D) Балтық

E) Солтүстік

 

231. И.П. Герасимов бойынша рельефтің классификациясы:

А) Геотектура, морфоструктура, морфоскульптура

В) Тип, подтип

С) Класс, подкласс

D) Генетикалық жағынан біртекті жер беті

Е) Генетикалық жағынан әртекті жер беті

 

232. Қандай процестер басымдығының нәтижесінде морфоскульптура түзіледі?

А) Экзогендік процестер

В) Вулканизм

С) Интрузивті магматизм

D) Эндогендік процестер

Е) Жаңа тектоникалық әрекеттер (неотектоника)

 

233. Геоморфологиялық карталардың картографиялық объектісі

А) Жер бедері пішіндері

В) Тау жыныстары

С) Тау жыныстарының литологиясы

D) Интрузивті жыныстар

Е) Эффузивті жыныстар

 

234. Рельефтің морфологиялық классификациясы:

А) Жазық

В) Карсты

С) Эолды

D) Мұздық

Е) Аккумулятивті

 

235. Жер бедерінің макропішіндері:

А) Материктердегі жеке жоталар

В) Мұхит жазықтары

С) Өзен аңғарлары

D) Жанартаулар

Е) Бархандар

 

236. Рельефтің микропішіндері:

А) Карст воронкалары

В) Таулы үстірттер

С) Ойпаттар

D) Материктер

Е) Жоталар

 

237. Геоморфологиялық картада жер бедерінің шығу тегі қандай қандай картографиялық әдіспен белгіленеді?

А) Түсті бояумен

В) Изосызықтармен

С) Белгілермен

D) Сызық белгілерімен

Е) Штрих белгілерімен

 

238. Жер бедерінің планетарлық пішіндері:

А) Су асты орта жоталары

В) Жазықтар

С) Таулар

D) Өзен аңғарлары

Е) Бархандар

 

239. Мұз басу жүруі үшін, аумақ қандай жерде орналасуы керек?

А) Хионосфера (қар сызығынан жоғары жатқан жер) шегінде

В) Қар сызығынан төмен

С) Қоңыржай белдеуде

D) Аридті зонада

Е) Гумидті зонада

 

240. Рельефтің оң формалары:

А) Бархан

В) Ойыс

С) Дефляциялық қазаншұңқыр

D) Карст воронкалары

Е) Үңгір

 

241. Геоморфология нені зерттейтін ғылым?

А) Жер бедері мен оны түзуші процестерді

В) Тектоникалық құрылымдарды

С) Жердің геологиялық құрылымын

D) Жердің географиялық қабығын

Е) Тау жыныстарының құрамын

 

242. Сортаңдар қандай зонада түзіледі?

А) Шөлде

В) Тундрада

С) Орманды далада

D) Тайгада

Е) Саваннада

 

243. Опырылу нәтижесінде түзілетін тектоникалық құрылымдар:

А) Грабен

В) Антиклиза

С) Антиклиналь

D) Синклиналь

Е) Синеклиза

 

244. Тек түпнегіз жыныстарынан түзілген террасалар қандай болып табылады?

А) Абразиялы

В) Цокольды

С) Аккумулятивті

D) Мүсінді

Е) Денудациялы

 

245. Мұз әрекетінен қалыптасқан жер бедері пішіндері қалай аталады?

А) Гляциалды

В) Флювиалды

С) Пролювийлі

D) Коллювийлі

Е) Аккумулятивті

 

246. Еуразияда көп жылдық тоңның қалыптасуы қалай түсіндіріледі?

А) Географиялық орны

В) Плейстоценде өткен жабындық мұз басу

С) Осы күнгі климаттық жағдайлар

D) Топырақ-өсімдік жамылғысы

Е) Су өткізбейтін қабат

 

247. Пенеплен қашан қалыптасады?

А) Кемелдену кезеңінде

В) Жастық кезеңінде

С) Жер бедерінің өрлей дамуында

D) Тектоникалық көтерілімдер жағдайында

Е) Вулканизм

 

248. Еуразияның эпиплатформалық таулары

А) Тянь-Шань

В) Кавказ

С) Қырым

D) Альпі

Е) Гималай

 

249. Геоморфологияның зерттеу объектісі:

А) Жер бедері

В) Жер беті

С) Геологиялық құрылымы

D) Литосфера

Е) Мантия

 

250. Рельефтің сандық сипатын зерттейтін геоморфология бөлімі:

А) Морфометрия

В) Қолданбалы геоморфология

С) Морфография
D) Палеогеоморфология

Е) Геотектоника

 

251. Жер бедері қандай процестер нәтижесінде түзіледі?

А) Эндогенді және экзогенді процестердің өзара әрекеттесуінен

В) Экзогенді

С) Эндогенді

D) Аккумулятивті

Е) Денудациялық

 

252. Жер бедерін түзудегі экзогенді процесс:

А) Өзен эрозиясы

В) Жер сілкінісі

С) Тектоникалық қозғалыстар

D) Вулканизм

Е) Магматизм

 

253. Жер бедерінің мегапішіндері:

А) Тау белдеулері

В) Материктер

С) Жыралар

D) Мореналық қырқалар

Е) Бархандар

 

254. Жер бедерінің мезопішіндері:

А) Жыралар

В) Таулар

С) Су асты орта жоталары

D) Жазықтар

Е) Аңдардың індері

 

255. Карстылы аудандарда түзілетін, жер бетіне шығатын бірнеше жолы бар түрлі жер асты кеңістіктері қалай аталады?

А) Үңгірлер

В) Террасалар

С) Ойыстар

D) Қорымдар

Е) Жыралар

 

256. Өзеннің сағасына жақын ауданда түзілетін аккумулятивті жер бедері қалай аталады?

А) Атырау

В) Арна

С) Терраса

D) Жайылма

Е) Бастау

 

257. Жер бедерінің теріс пішіндері:

А) Жыра

В) Төбе

С) Қырқалар

D) Шағылдар

Е) Бархан

 

258. Жер бедерінің кешенді сипаттамасы қандай картада беріледі (геоморфологиялық триада):

А) Жалпы геоморфологиялық

В) Жеке геоморфологиялық

С) Морфографиялық

D) Морфометриялық

Е) Топографиялық

 

259. Шайылған жыныстардың тұрақты қатты ағыны дегеніміз:

А) Жағалау бойымен шайылған жыныстардың бір бағытта ұзақ уақыт

бойы қозғалуы

В) Тура сондай, бірақ уақытша

С) Жағалау бойымен шайылған жыныстардың бірде бір бағытта, бірде

 қарама-қарсы бағытта қозғалуы

D) Жағалау бойымен шайылған жыныстардың уақытша қозғалуы

Е) Шайылған қатты жыныстардың қазаншұңқырларда жиналуы

 

260. Жабынды мұздықтарға жататындар:

А) Құрлықтық мұздар

В) Каралар

С) Аңғарлық мұздар

D) Беткейлік мұздар

Е) Айсбергтер

 

261. Жабынды мұздықтар кеңінен таралған аудандар:

А) Антарктида

В) Таймыр

С) Аляска

D) Кавказ

Е) Памир

 

262. Төрттік дәуірдегі материктік мұз басу Еуропада неше рет жүрген?

А) 4

В) 2

С) 5

D) 3

Е) 1

 

263. Пенепленнің сыртқы келбеті:

А) Денудациялық жазық

В) Аллювийлі жазық

С) Теңіздік жағалық жазық

D) Аккумулятивтік жазық

Е) Жағалық жазық

 

264. Жер бедерінің генетикалық классификациясы:

А) Мұздық

В) Ойыс

С) Төбелі

D) Тілімденген

Е) Теріс

 

265. Жер бедерінің жасы бойынша классификациясы:

А) Төрттік

В) Төбелі

С) Тілімденбеген

D) Таулы

Е) Жазық жер бедері

 

266. Қазақстанның көтеріңкі морфоструктуралық құрылымдарына не жатады?

А) Үстірт үстірті

В) Каспий маңы ойпаты

С) Іле Алатауы

D) Зайсан ойысы

Е) Тұран ойысы

 

267. Аталған жер бедерінің қайсысы ең кішкене аудандарды алып жатыр?

А) Микропішіндер

В) Планетарлық пішіндер

С) Мезопішіндер

D) Мегапішіндер

Е) Макропішіндер

 

268. «Морфологиялық анализ» кітабының авторы:

А) В. Пенк

В) В. Девис

С) С.И. Никитин

D) Э. Зюсс

Е) И.П. Герасимов

 

269. И.П.Герасимов бойынша қазіргі жер бедерінің ең ежелгі даму кезеңі:

А) Архей

В) Кайнозой

С) Протерозой

D) Мезозой

Е) Палеозой

 

270. Жанартау шоқылаларының сыртқы көрінісі қандай?

А) Дөңес

В) Түзу

С) Ойыс

D) Шеңбер

Е) Иілген

 

271. Жыралар жер бедерінің қандай типіне жатады?

А) Теріс

В) Оң

С) Күрделі

D) Қарапайым

Е) Жабық

 

272. Аталған жер бедерінің қайсысы экзогендік процестерден түзілген?

А) Морфоскульптура

В) Морфоструктура

С) Геотектура

D) Платформалық рельеф

Е) Геосинклиналь

 

273. Жер бедерінің ірі оң пішіні:

А) Материктер

В) Мұхит табаны

С) Геосинклиналды белдеу

D) Жазықтар

Е) Тау жоталары

 

274. Аталған материктердің қайсысына гипсометриялық орташа биіктік тән?

А) Антарктида

В) Африка

С) Еуразия

D) Оңтүстік Америка

Е) Солтүстік Америка

 

275. Мына төмендегі жер бедерінің қайсысының қалыптасуына жел негізгі

фактор болып саналады?

А) Аридті

В) Полярлы

С) Гумидті

D) Нивальды

Е) Криогенді

 

276. Қандай ғалым ірі литосфералық тақталардың горизонтальдық бағытта

қозғалуы туралы гипотезаны ұсынды?

А) А.Вегенер

В) В. Пенк

С) В. Девис

D) Э. Зюсс

Е) И.П. Герасимов

 

277. Солтүстік Кавказдағы Бештау және Темір таулары қандай жер бедерін қалыптастырушы типке жатады?

А) Магматизм

В) Жер сілкіну

С) Жаңа тектоникалық қозғалыстар

D) Жер қыртысының тербелмелі қозғалыстары

Е) Вулканизм

 

278. «Сталактиттер» қандай жер бедері типіне жатады?

А) Карстылы

В) Флювиалды

С) Эолды

D) Таулы-мұздық

Е) Аккумулятивті

 

279. Еуразияның солтүстік бөлігіндегі үгілу әрекеті қандай типке жатады?

А) Аязды

В) Механикалық

С) Физикалық

D) Химиялық

Е) Биологиялық

 

280. «Солюфлюкция» беткейлік процестің қандай типіне жатады?

А) Көпжылдық тоң аудандарындағы жылысу

В) Физикалық үгілу нәтижесіндегі қорымдар

С) Ірі жартастардағы опырылу

D) Жаңбыр әрекетінен беткейлердегі жылысу

Е) Тау мұздықтары әсерінен жылысу

 

281. Флювиалды жер бедері қайда қалыптасады?

А) Ағынды судың қозғалысы тұрақты жүретін аудандарда

В) Тік тау беткелерінде және мұздық-денудациялық зонада

С) Құрылық пен теңіздің шекаралас аймағында

D) Мұздық-денудациялық зонада

Е) Тау мұздықтары таралу аудандарында

 

282. Әсіресе қандай жер бедеріне аккумулятивті процестер тән?

А) Флювиалды

В) Беткейлік

С) Жағалық

D) Мұздық

Е) Аридтік

 

283. Карстылы рельефтің дамуы үшін қандай негізгі жағдайлар болу керек?

А) Суда еритін тау жыныстары

В) Атмосфералық жауын-шашын

С) Ағынды сулар

Д) Беткейлік процестер

Е) Жоғары температура

 

284. Карстылы процестегі беткі суларды сіңіретін канал қалай аталады?

А) Ұсақ жарықшақтар

В) Шахта

С) Воронка

Д) Жыра

Е) Ойыс

 

285. Карстылы үңгірлерде қалыптасатын ғажайып құрылымдар қалай аталады?

А) Сталагмит

В) Ұсақ жарықшақтар

С) Аңғар

Д) Жыра

Е) Шахта

 

286. «Айсбергтер» қандай жер бедері типіне жатады?

А) Гляциальды

В) Флювиальды

С) Жағалық

Д) Эолды

Е) Криогенді

 

287. Геоморфология нені оқытады?

А) Төменде аталғандардың бәрін

В) Жер бедерінің қалыптасуын

С) Жер бедерінің даму динамикасын

Д) Жер бедерінің морфометриясын

Е) Жер бедері мен оның құрылымын

 

288. «Жер бетінің морфологиясы» ұғымын ғылыми әдебиеттерге ең бірінші енгізген ғалым?

А) К.Науманн

В) В.Пенк

С) А.Вегенер

Д) В.Девис

Е) И.П.Герасимов

 

289. Географиялық (геоморфологиялық) циклдер ілімін жасаған ғалым?

А) В.Девис

В) В.Пенк

С) А.Вегенер

Д) К.Науманн

Е) И.П.Герасимов

 

290. Жер бедеріне анализ жасау негізінде тектоникалық қозғалыстарды

зерттеу принципін жасаған және оны ұсынған ғалым кім?

А) В.Пенк

В) В.Девис

С) А.Вегенер

Д) К.Науманн

Е) И.П.Герасимов

 

291. Геоморфологиялық сатылар туралы нақты түсінік жасап ұсынған ғалым кім?

А) К.К.Марков

В) В.Пенк

С) А.Вегенер

Д) В.Девис

Е) И.П.Герасимов

 

292. К.К.Марков қанша геоморфологиялық сатыны бөлді?

А) 4

В) 3

С) 2

Д) 5

Е) 1

 

293. Ежелгі жер бедерінің қалыптасуы туралы ілім – ол:

А) Палеогеоморфология

В) Динамикалық геоморфология

С) Климаттық геоморфология

Д) Құрылымдық геоморфология

Е) Геотектоника

 

294. Жер бедері пішіндері қандай болуы мүмкін? 

А) Төменде аталғандардың бәрі дұрыс

В) Қарапайым немесе күрделі

С) Оң немесе теріс

Д) Эндогенді және экзогенді

Е) Тұйық немесе ашық

 

295. Жыныстардың жинақталуынан құралған жер бедері пішіндері қалай аталады?

А) Аккумулятивті

В) Денудациялы

С) Генетикалық

Д) Ойыстар

Е) Көтерілулер

 

296. Жер шарының ауданы қанша?

А) 510 млн.км2.

В) 410 млн.км2

С) 149 млн.км2.

Д) 361 млн.км2.

Е) 178 млн.км2.

 

297. Әртүрлі тектоникалық қозғалыстардың типтерін туындататын      процестер және соның әсерінен болатын жер қабатының    деформациясы қалай аталады?

А) Эндогендік

В) Экзогендік

С) Судың әсерінен

Д) Климаттық

Е) Физикалық

 

298. Тектоникалық қозғалыстар бағытының басымдығына қарай қанша типке бөлінеді?

А) 2

В) 3

С) 4

Д) 5

Е) 1

 

299. Тектоникалық қозғалыстардың қандай түрлері бар?

А) Вертикальды және горизонтальды

В) Түзу және қисық

С) Түзу және кері

Д) Қарама-қарсы

Е) Тектоникалық қозғалыстар түрге бөлінбейді

 

300. Вертикальды тектоникалық қозғалыстарды тағы қалай деп атайды?

А) Радиальды

В) Тангенциальды

С) Түзу

Д) Кері

Е) Қарама-қарсы

 

301. Амазонканың ең ірі саласы:

A) Мадейра

B) Укаяли

C) Мараньон

D) Риу-Негру

E) Тапажос


 

 


 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
MAGNETVERKEHR (Aus: „Zehn weitere Technologien, die unser Leben verändern könnten“) | Пояснювальна записка до курсового проекту по дисципліні: "мехатроніка транспортних засобів і систем"
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-11-19; Просмотров: 39; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 2.049 сек.