Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дәрістің мазмұны

Меншікті капитал ұйымның меншік иелерінің қаржыларынан құралады. Оның шамасы кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелеріне байланысты өзгеріп тұрады және кәсіпорынның барлық мүлкі мен міндеттемелерінің айырмасы ретінде анықталады.

Меншікті капитал келесі көздерден қалыптасып, толықтырылып тұрады:

- кәсіпорынның құрылуы кезінде меншік иелерінің салған салымдары (жарғылық капитал)

- құрылтайшыларға төленген табыс пен дивидендтерді шегергеннен кейін қалған өткен жылдар мен есепті кезеңнің таза табысы. Корпорациялық табыс салығын төлегеннен кейін кәсіпорынның қарамағынад қалатын табыс таза табыс болып табылады;

- құрылтайшылардың, басқа жеке және заңды тұлғалардың қайтарымсыз салымдары.

Кәсіпорынның меншікті капиталының құрамына мыналар кіреді:

- жарғылық капитал;

- төленбеген капитал;

- жарияланған капитал;

- эмиссиялық кіріс;

- резервтік капитал;

- бөлінбеген табыс (жабылмаған залал);

Жарғылық капитал -сомасыкәсіпорынның жарғысымен анықталған бастапқы капиталы. Ол негізінен акцияларды сатудан түскен түсімнен немесе құрылтайшылардың салымдарынан құралады. Жарғылық капиталға бағытталған қаржы жаңа құрылған кәсіпорын қызметінің басталуын қамтамасыз етуі тиіс. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелу кезінде оның жарғылық капиталы құрылтайшы құжаттарында тіркеледі.

Жарғылық капиталдың мөлшері кәсіпорынның құрылтайшыларымен анықталады және тиісті мемлекеттік органдарда тіркеледі. Егер де кәсіпорынның қатысушылары бұрын жариялаған жарғылық капиталға қосатын үлесін әлі толық төлемеген болса, онда жарғылық капиталды ұлғайту туралы шешімді тіркеуге алмауы тиіс.

Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесінен тұрады. Жарғылық капиталдың құқықтық реттелуі, оның функцияларының үш негізгі категорияға бөлінуіне байланысты ерекше маңызға ие болады. Бірінші категориясы – жарғылық капитал ұйымның құрылуы кезінде кәсіпорын қызметін іске асырудың материалдық базасы болып табылады. Жарғыылқ капиталдың екінші функциясы кепілдемелік сипат алады. Өйткені, шаруашылық серіктестік кредиторларының алдында өзіне тиесілі мүлік шегінде жауапкершілікке тартылады.Жарғылық капиталдың үшінші функциясы кәсіпорынның әрбір акционерінің немесе қатысушысының үлесін бекітіп береді.

Шаруашылық серіктестіктің мүлкіне салым ретінде ақша қаражатын, бағалы қағаздарды, материалдық құндылықтарды, ақшалай бағасы бар мүліктік немесе өзге де құқықтарды салады.

Серіктестіктің жарғысын тіркеу кезінде оның иесі тек бір ғана тұлға болып табылса, тіркелген жарғылық капитал сомасы төмендегі бухгалтерлік жазумен беріледі:

Дт жарғылық капиталға жарналар бойынша құрылтайшының қарызы

Кт жарғылық капитал

Егер құрылтайшы жарғылық капиталға өз жарнасын салса,

Дт Ақша немесе мүлік

Кт Құрылтайшы қарызы

Серіктестегі меншікті капиталының есебі жоғарғы жағдайға ұқсас. Негізгі ерекшелігі: әрбір серіктес тұлғаның салған қаржысы мен алған қаражаттарының есебін бөлек жүргізіп отыру керек және пайда мен залалды олардың арасында тең бөлу қажет.

Мысал: Тахир мен Зухра жарғылық капиталы 100 000 доллар құрайтын серіктестікті құруға шешім қабылдады. Құрылтайшылық келісімшарт бойынша Тахир - 60 %

Зухра - 40 % салуы керек.

Жарғыны бекіту кезіндегі бухгалтерлік жазу

Дт Тахир қарызы 60 000

Дт Зухра қарызы 40 000

Кт Тахир жарғылық капиталы 60 000

Кт Зухра жарғылық капиталы 40 000

Тахир жарғылық капиталға 20 000 доллар ақша және 40 000 долларға жиһаз берді. Зухра 40 000 доллар құрал жабдық салды.

Дт Тахир ақшасы 20 000

Дт жиһаз 40 000

Дт құрал жабдық40 000

Кт Тахир қарызы 60 000

Кт Зухра қарызы 40 000

Халықаралық стандартқа сәйкес меншіктік каиталды кез - келген уақытта біріктіруге және толытырып отыруға болады.

Серіктестіктің пайда мнен залалы құрылтайшылық келісім шартта көрсетілген кез – келген тәсілмен бөлінеді. Әдетте серіктестіктің пайдасы үш бөлікке бөлінеді:

1) әр серіктестік тұлғаның капиталына төленетін дивидендтер;

2) серіктестіктің көрсетілген қызметтеріне өтемақы;

3) коммерциялық тәуекел нәтижесінде түскен пайда.

Пайданы осылай бөлу әрбір серіктестің серіктестікке салған, қосқан үлесін дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Пайданы бөлудің әдістері:

1. белгіленген пропорция бойынша;

2. салынған капитал көлеміне қарай,

3. серіктестіктің еңбекақысының мөлшеріне байланысты.

Салымдардың үлесінің тең болмауын есепке ала отырып кейбір серіктестікте серіктестіктеріне еңбекақыны және салынған капиталына пайыздарды беруге келіседі. Олардың комбинациясы пайда бөлінген кезде есепке алынады.

С еріктестіктің жойылуы.

Серіктестіктің жойылуы (жабылуы) – кәсіпорынның міндеттемесін жабуға жететін активтердің бөлігін сату және қалған активтерді серіктестер арасында бөлумен сипатталатын кәсіпорынның шаруашылық қызметін тоқтату процесі.

Қайта тіркеумен салыстырғанда жабылу кезінде серіктестіктің шаруашылық қызметі тоқтатылады.

Есептік цикл аяқталады. Әр түрлі жағдайларда серіктестіктің жойылуы түрлі қаржылық нтижелерге алып келеді:

1. активтерді пайдамен сату

2. активтерді залалмен сату, бұл кезде залал серіктестердің капиталымен жабылады

3. активтерді залалмен сату, бұл кезде серіктестердің капиталы залалды жабуға жетпейді.

Қорытынды:

Сонымен, меншікті капитал ұйымның меншік иелерінің қаржыларынан құралады.Жарғылық капитал - сомасыкәсіпорынның жарғысымен анықталған бастапқы капиталы. Ол негізінен акцияларды сатудан түскен түсімнен немесе құрылтайшылардың салымдарынан құралады. Жарғылық капиталға бағытталған қаржы жаңа құрылған кәсіпорын қызметінің басталуын қамтамасыз етуі тиіс.

Шаруашылық қызметтің үш негізгі ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны бар:

1. жеке тұлғаның иеленуі;

2. серіктестік;

3. акционерлік қоғам немесе корпорация

13-Тақырып: «Қаржылық қорытынды есеп беруді даярлау»

Сабақтың мақсаты: Қаржылық қортытынды есеп берудің мәнін ашу және оның құрылымымен танысу.

Дәріс сұрақтары:

1. Қаржылық есептілікті құру және дайындау негіздері.

2. Қаржылық есептіліктің элементтері, компаненттері және мақсаты.

3. Бухгалтерлік баланстың маңызы, қызметі, түрлері, құру қағидалары.

Негізгі түсініктер: қаржылық есептілік элементтері, компаненттері, түсіндірме хат.

 

1. Қаржы есептілігінің арналуы

Қаржы есептiлiгi ұйым қызметінің қаржы жағдайы мен қаржы нәтижелерінің құрылымдалған ұсынуы болып табылады. Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгiнiң мақсаты экономикалық шешiмдер қабылдау кезiнде пайдаланушылардың қалың тобы үшiн пайдалы ұйымның қаржы жағдайы, қызмет нәтижелерi мен ақшалай қаражатының қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады. Қаржы есептiлiгi сондай-ақ ұйым басшылығына сенiп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерiн де көрсетедi. Осы мақсатқа жету үшiн қаржы есептiлiгi ұйымның мынадай көрсеткiштерi туралы ақпарат бередi:

· активтер;

· мiндеттемелер;

· өз капиталы;

· пайдалар мен залалдарды қоса, кiрiстер мен шығыстар;

· өз капиталындағы басқа да өзгерістер;

· ақшалай қаражаттың қозғалысы.

Бұл ақпарат, қаржы есептiлiгiне ескертпелерге басқа ақпаратпен қатар, пайдаланушыларға ұйымның ақшалай қаражаттарының болашақтағы қозғалысын және, атап айтқанда, олардың уақытқа бөлінуі айқындығына болжам жасауға көмектеседi.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Дәріс мазмұны | Аржы есептіліктің компоненттері
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-12; Просмотров: 629; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.042 сек.