Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сурет. Жаттықтыру кезеңдері мен жүктеме толқындарының сәйкестігі




1. Жалпы дайындық бөлімінде спортшы ағзасының жалпы қызметтік мүмкіндіктерінің деңгейін көтеру, қозғалыс қасиеті мен қозғалыс шеберлігін, дағдысын жетілдіру мәселелері шешіледі. Жалпы дайындық бөлімі екі түрлі тарту және негіздеу деген орта циклдерден тұрады.

Тарту циклінің мақсаты – жүктеме қарқындылығы мен көлемін жайлап өсіру. Негіздеу немесе базалық циклінің мақсаты негізгі жаттықтыру жүктемесінің көлемін орындау.

2.Арнайы дайындық бөлімінің міндеті- спортшының өзі айналысқан спорт түріне керек дене қуаты қасиеттерін, техникасын, тактикасын дамыту.

Бұл бөлімде арнайы дайындыққа 60-70 пайыз уақыт бөлінеді. Жарыс жаттығуларына ұқсас жаттығулар,бақылау,тексеру, жаттықтыру амалдары қолданылады. Бұл бөлім тексеру, дайындау,шыңдау циклдерінен тұрады. Тексеріс, дайындау циклінде жаттықтыру жұмыстары бақылау жарыстарына қатысуымен араласа жүргізіледі. Шыңдау циклінде тексеру жарыстарынан кейін анықталған техника,тактика кемшіліктерін жою,айла әдістерін шыңдау жаттығулары жүргізіледі. Күш түсіру қарқындылықты арттыру жаттықтыру көлемін азайту түрінде қолданылады.

Жарыс кезеңі. Бұл кезде спортшы өзінің негізгі жарыстарына қатысады. Бұл кезеңнің басты міндеті-алдыңғы кезеңде жақсы жаттыққан спортшы ағзасының жарысқа дейінгі күйін ұзақ уақытқа сақтау. Жарысқа қатысу жиілігі спорт түріне, спортшы дәрежесіне байланысты.

Жарыс алдындағы циклде спорттық бабына кіру және алдыңғы жарысқа дайындалу жаттығулары жүргізіледі. Жарыс циклдері негізгі жарысқа қатысу кезінде өтеді де бірнеше кіші циклдерге бөлінеді. (микроциклдер) Олар: жақындататын, жарысқа қатысу және қалпына келу циклдері. Қалпына келу - көтермелеу циклі кезінде сипаты бір-біріне ұқсас жаттықтыру үрдістерінен спортшыларды жалықтырмау үшін басқа жаттығуларды пайдаланады. Сол жаттығулар көмегімен ағзаның қалпына келуін тездетеді.

Өтпелі кезең. Бұл кезеңнің міндеті-жаттықтыру мен жарыстардан алған әсерін жоғалтпау,ағзаны қинамай уақытында босаңсытып, қалпына келтіру. Бұл кезеңде арнайы дайындық жаттығулары азайтылып, жалпы дайындық жаттығулары көбейеді (спорт ойындары,табиғат аясында жүгіру т.б.) Көбінесе ағзаны тез қалпына келтіретін,спортшы ұнататын жаттығуларды пайдаланғаны тиімді. Өтпелі кезең 2-3 орта циклдерінен тұрады. Қалпына келтіру-көтермелеуші және қалпына келтіру-дайындық циклдерінен біртіндеп,келесі үлкен жаттықтыру циклінің дайындық кезеңінің тарту мезоцикліне ауысады. Кейбір кездерде өтпелі кезеңнің орнына қысқа жеңілдету фазалары кіргізіледі. «Қосақталған микроцикл» деп аталады да, жарыс кезеңінен кейін екінші дайындық,онан кейін екінші жарыс кезеңі,сонан соң ғана өтпелі кезең кіргізіледі.

 

 

       
   
 

 


дайындық жарыс дайындық жарыс өтпелі кезең

9- сурет. Қосақталған макроцикл көрінісі.

 

Осындай жаттыру процестері күш жылдамдығын керек ететін спорт түрлерінде қолданылады. Мысалы: ядро лақтыру,биіктікке секіру, ауыр атлетика,спорт ойындары т.б. Ал циклдік сипатындағы спорт түрлерінде (марафондық жүгіріс,шаңғы спорты т.б.) көбінесе жылдық жаттықтыру циклдері қолданылады. Жаттықтыру макроциклдерінің жалпы ұзақтығы бірдей болса да, жеке кезеңдерінің ұзақтығы спорт түрлерінде дайындық кезеңі,ал спорт ойындарында (футбол,хоккей) жарыс кезеңі ұзақ болады.

Жоғарғы спорттық шеберлік деңгейінде олимпиадалық ойындарға дайындалуында байланысты төрт жылдық цикл жоспары қолданылады.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-12; Просмотров: 2108; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.