Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жаттықтырулардың әр сабақ жазулары




Күні Жаттығу нөмірі Қысқаша мазмұны Сағат саны Бапкердің қолы
01.09.06   Жүгіру,бейнелеу, лақтыру жаттығулары    
03.09.06   Лақтыру, штанга, гимнаст жаттығулары    
04.09.06        
         

 

Жаттықтыру үрдісі барысында қолданылған әдістер мен амалдардың нәтижелік деңгейін анықтау үшін бақылау мен бағалауды қолдану қажет. Бақылау сапалы болуы үшін спортшының жаттықтыру мен жарыс жүктемелерін, амалдарды тізімдеп, қағазға түсіріп отыруы керек. Бақылау спортшы дайындығының өсу деңгейін білу үшін ғана емес, артық жаттығып болдыру деңгейіне дейін жібермеу үшін де керек. Артық жаттығу, болдыру деңгейі екі түрге бөлінеді. Ұзақ психикалық тежелуден (мысалы: бір сарынды жаттықтыру, зорығу)

Артық жаттығу түрлері жүктемеге көп байланысты. Ұзақ мерзімде қайталанған көп жүктеме артық жаттғудың бірінші түріне, ал ұзақ мерзімді аса көп жүктеме екінші түріне әкеліп соқтырады. Жаттықтырушылар артық жаттыққанда спортшыны әбден титықтатып тастайтын мынадай қателерді білуі керек:

  1. Жаттықтыру әдістемесінің қателігі біртіндеушілік қағидасын сақтамау.
  2. Көп жүктеменің арасындағы дем алу уақытының аздығы, өте көп жарыстар және т.б.
  3. Спорт тәртібінің бұзылуы (түнгі ұйқының аз болуы, дем алу жағдайының нашарлығы, теледидарды, кинофильмдерді көп көруі т.б.)
  4. Әлеуметтік ортаның жаман әсері (сабақтың ауырлығы, көптігі, нашар оқы үлгерімі, мектептегі,отбасындағы ұрыс, керістер, маңайындағы адамдардың спортқа деген нашар көзқарасы.
  5. Денсаулықтың бұзылуы

Жұмысқа қабілетілі азайғанға дейін де артық жаттығып, шаршап, болдыра бастаудың белгілері біліне бастайды. Ол үш кезеңге созылуы мүмкін. Бірінші кезеңде спортшының психикасы өзгереді, тынышсыздық, өзіне сенімсіздік, әлсіреу пайда болады. Екінші кезеңде ағза қызметінде өзгеріс пайда болады. Ұйқы нашарлайды, тамаққа тәбет, салмақ азаяды, ішек, асқазан жолдарының жұмысы бұзылады, спортшы тез терлейді, тез қалпына келе алмайды, қалпына келу уақыты көбейеді. Үшінші кезеңде жұмыс қабілеттілігі нашарлайды. Басында қимыл үйлесімділігі,сонан соң қозғалыс қасиеттерінің деңгейі төмендей бастайды. Сондықтан бірінші шаршау, болдыру белгілері біліне бастағанда-ақ жарыс жаттығуларын тоқтатып, жүктемені аз бере бастау қажет. Қалпына келу үрдісіне белсенді демалыс, денеге массаж жасау, су массажы процедураларын т.б. орындау қажет. Жаттықтыруды мүлдем тоқтатып қоюға болмайды, ол кері әсерін тигізуі мүмкін. Жоғарыда айтылған шаршау,болдыру белгілері жоғалған соң біртіндеп жаттықтыру көлемін, сонан соң жүктеме қарқының көбейтіп, жаттықтыруды жоспар бойынша одан әрі жалғастыра беруге болады.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-12; Просмотров: 1600; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.