Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жоба қатысушылары

Жоба үнемі нәтижеге, белгілі мақсатқа қол жеткізуге бағытталады. Жобаны жүзеге асыру жобаның өкілетті басшылығымен жүзеге асырылады: жоба менеджері және оның басшылығымен жұмыс жасайтын жоба командасы. Жоба үрдісі бойынша жекелеген ерекше қызмет түрлерін жүзеге асыратын басқа да қатысушылар болады. Жоба жұмысына компанияның сызықтық және функционалды бөлім өкілдері де қатыса алады.

Жобаларды басқару сызбаларының келесі нұсқалары бар:

«Негізгі» жүйе. Жоба менеджері— тапсырыс берушінің өкілі, қабылданатын шешімдерге қаржылық жауапкершілік алмайды. Жоба менеджері жобаны жасау мен жүзеге асыруда басқару мен үйлестіруді қамтамасыз етеді, жобаның басқа қатысушыларымен қарым-қатынаста болмайды. Жүйенің артықшылығы – жоба-менеджерінің объективтілігі, кемшілігі – жоба нәтижесі бойынша жауапкершілік толығымен тапсырыс берушіде болады.

«Кеңейтілген басқару» жүйесі. Жоба менеджері жобаның сметалық құны көлемінде жауапкершілік алады. Менеджер жоба үрдістерін басқарады және үйлестіреді, тапсырыс беруші, жобаның басқа қатысушылары арасындағы келісімдерді жүргізеді.

«Кілттік» жүйе. Жоба басшысы – жобалық-құрылыс фирма, тапсырыс берушімен, жоба менеджерімен жобаның жарияланған құны бойынша «кілттік» келісім жасайды.

Жоба қатысушылары — жоба құрылымының негізгі элементтері.

Жоба типіне байланысты оған қатысушылардың саны әртүрлі болып келеді.

Негізгі қатысушы – тапсырыс беруші – жоба нәтижесін пайдаланушы және оның болашақ иесі. Ол жеке және заңды тұлға болуы мүмкін.

Инвестордың ролі де өте жоғары. Кейбір жағдайда инвестор мен тапсырыс беруші бір тұлға балып келеді. Егер инвестор мен тапсырыс беруші бір тұлға болмаса, олар өзара келісім жасайды, инвестор келісімнің жүзеге асуын бақылайды, жобаның басқа қатысушыларымен есеп айырысады.

Жобалық-сметалық құжатты арнайы жобалық ұйымдар жасайды, оларды жобалаушы деп атайды.

Жобаны материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жабдықтаушы-ұйымдар жүзеге асырады.

Мердігер – келісім-шартқа сәйкес жұмыстарды орындауға жауапкершілік алатын заңды тұлға.

Соңғы кездері жоба қатысушыларының қатары кеңесшілермен толықты. Сонымен қатар, лицензиар – жобада қолданылатын ноу-хау мен лицензияның иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға. Лицензиар жобада қолданылатын ғылыми-техникалық жетістіктерді қолдану құқығын береді.

Жобаны жүзеге асыруда жоба менеджерінің ролі ерекше, ол – тапсырыс беруші жоба бойынша жұмыстарды басқаруда өкілеттіліктерді делегирлеген заңды тұлға. Жоба менеджерінің басшылығымен жоба командасы жұмыс істейді.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Жобаның өмірлік циклы | Тақырып 3. Жобаларды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-11; Просмотров: 2068; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.