Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Негізгі принциптері

Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Г.Спенсердің есімімен

байланысты. Ол өзінің әлеуметтің көзқарастарын «Бастаудың негіздері» (1862), «Биология негіздері» (1864- 1867), «Психология негіздері» (1870-1872), «Әлеуметтану негіздері» (1876-1896) деген еңбектерінде баяндады. Г.Спенсер жас кезінен Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалында болып, эволюция үрдісімен айналысады. Спенсердің әлеуметтануының аса құнды жағы – «Әмбебап эволюция заңы». Бұл заң бойынша эволюция дамудың бірден-бір қайнар көзі. «Әлеуметтану принциптері» атты еңбегінде Г.Спенсер осы идеясын терңдете келіп, қоғамды биологиялық организммен салыстырады. Сонымен ол эволюциялық кӛземелді дәлелдеу үшін қзінің алдына кӛптеген эмпирикалық қорытындылар жасауды мақсат етіп қояды. Мұның өзі табиғаттың барлық жақтарында, сондай-ақ ғылымда, өнерде, дінде және философияда эволюциялық процестердің болатындығына көзін жеткізе түсті. Оның пікірінше, биологиялық организм сияқты қоғам жәй формадан күрделі формаға қарай дамиды. Спенсер бұл эволюциялық процестің үш түрін көрсетеді: бейорганикалық, органикалық және жоғарыорганикалық. Ол эволюцияның жоғарыорганикалық түріне аса көңіл аударады. Өйткені ол қоғамның дамуы эволюциясын көрсетеді деп есептейді. Сондықтан әлеуметтану осы жоғарыорганикалық эволюцияны зерттеуі керек деп санайды. Қоғам мен биологиялық организмдердің ұқсастығы және эволюция принципін Спенсер әлеуметтік саясатты белгілеудегі және әлеуметтік реформаларды жүргізудегі нақты ұсыныстарында қолдана білді. Әлеуметтік организмдер биологиялық организмге ұқсас. Бірақ, бұл барлық жағынан емес дей келе Спенсер бұл екеуінің арасындағы 6 ұқсастықты атап көрсетеді.Спенсер әлеуметтанулық теорияның дамуына едәуір үлес қосты деп айтуға болады:

1.ол қоғамды дискретті организм ретінде қарастырды;

2. Спенсер аналогиялық тәсіл арқылы ғылымға «құрылым», «функция» деген

ұғымдарды енгізді.

Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол кӛптеген ғылыми еңбектер жазды. Соның ішінде оның негізгі туындыларына «Қоғамдық еңбек бӛлінісі туралы» (1853), «Әлеуметтанулық әдістің ережелері» (1895), «Өзіне-өзі қол салу» (1897), «Діни өмірдің қарапайым формалары» (1912) сияқты еңбектері жатады.Э.Дюркгейм қоғамдық ӛмірде болатын құбылыстарды индивидуалдық және психологиялық тұрғыдан түсіндіруге қарсы шықты. Ол өзінің әлеуметтік реализм теориясында қоғамдық құбылыстардың табиғатын әлеуметтік факторлармен түсіндіру керек деп пайымдайды да адамдардың мінез-құлқына, олардың сан-салалы қызметіне талдау жасауда индивидтердің, әлеуметтік топтардың және әлеуметтік институттардың ӛзара әрекет ету жүйесі ретіндегі қоғам түп-төркіні, бастауы болады деп санады. Мұнда әлеуметтік орта үлкен роль атқарады. Дюркгеймнің әлеуметтік реализм теориясының негізгі ережелері осылар.

М.Вебердің әлеуметтанулық ілімдері және маркстік әлеуметтану.

Әлеуметтанудың дамуына ХІХ ғасырдың соңы мен ХХғасырдың басында маңызды үлес қосқан немістің ойшылы Макс Вебер (1864-1920) болды. Оның әлеуметтануы қазіргі кезде қайта өркендеуде. М.Вебердің әлеуметтанулық көзқарастары мен пайымдаулары қайтадан ой елегінен өткізіліп тұжырымдалуда. Оның дайындаған таным методологиясы, түсіну концепциясы, идеалдық типтер тұжырымдамасы, мәдениет, этика мен дін әлеуметтануы туралы ілімдері өмірде қолданылып жүр.М.Вебердің әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына Г.Риккерт, К.Маркс, Н.Макиавелли, Т.Гоббс, Ф.Ницше сияқты ойшылдар ықпал етті. Вебер көптеген ғылыми еңбектер жазды, соның ішінде «Протестанттық этика және капитализм рухы», «Шаруашылық және қоғам», «Әлеуметтік-ғылыми және әлеуметтік-саяси танымның объективтілігі», «Түсінуші әлеуметтануды М.Вебердің көзқарасы тұрғысынан қарасақ, әлеуметтану ең алдымен адамның топтарының мінез-құлқын және әлеуметтік қызметін зерттеуі тиіс.М.Вебер түсінуші әлеуметтану концепциясын жасап дамытты. Оның міндеттеріне біріншіден, адамдардың өз талаптарына ұмтылуы қандай ойластырылған әрекеттер арқылы іске асатынын және қандай дәрежеде, қандай себептермен бұларды жүзеге асыра алатынын немесе асыра алмауын ұғынып түсіндіру; екіншіден, әлеуметтанушыға түсінікті болған олардың талаптарының салдарлары басқа адамдардың мінез-құлқына қалай әсер ететінін ұғындыру негізге алынды. К.Маркс пен Ф.Энгельс те әлеуметтану ғылымының дамуына өзіндік үлес қосқан ғалымдар. Маркстік әлеуметтану тарихи процесті зерттеуді өмірдегі адамдарды, олардың қажеттіліктері мен мүдделерін, адамдардың өзара қарым-қатынастарын және өзара әрекеттерін алғышарт етіп қарастырудан бастады. Қоғам өзіне тән қоғамдық қатынастар жүйесі, материалдық өндіріс, саясат және өзге де әлеуметтік институттар арқылы адамдар қызметінің мазмұнын дұрыс арнаға бағыттайды, белгілі бір дәрежеде оны анықтайды, әрбір адамның қалыптасуы мен дамуына ықпал жасайды. Индивидуалдылықты әлеуметтікке жеткізу маркстік әлеуметтанудың маңызды принципіне айналды. Сөйтіп, ол адамдардың қызметі мен мінез-құлқының объективтік әлеуметтік негіздерін анықтаудың және пайымдаудың алғашқы маңызды қадамына айналды.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
О.Конттың позитивизмі | Ресейдегі әлеуметтану ғылымының негізгі бағыттары
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-13; Просмотров: 1409; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.