Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Азақстандағы әлеуметтанулық ой-пікірлер




Батыс Еуропа мен Ресейдегі әлеуметтанушылардың идеялары, қөзқарастары қазақтың көзі ашық азаматтарына ықпалын тигізбей қоймады. Солардың қатарында Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев және т.б. болды. Ш.Уәлиханов қазақ қоғамындағы жағымсыз құбылыстардың тоқырауға себеп болғанын, қоғам дамуындағы жаңа бетбұрысқа бағыт алған еркін ағымды тоқтатқанын сынай келе, ендігі қазақ елінің өркендеу болашағын реформалармен тығыз байланыстырды. Шоқанның көзқарасы бойынша экономикалық және әлеуметтік реформалар шынайы қоғамдық прогреске жетуді мақсат етуі керек, ал, қоғамдық прогресс, өз кезегінде халықтың материалдық жағдайын жақсартуға қызмететуі тиіс. Халықтың пайдасы үшін іске асырылатын қоғамдағы өзгерістер «материалдық қажеттілікке» және «ұлттық мазмұнына» орайластырылған бірнеше талаптарды қанағаттандыруы керек.Шоқан қазақ қоғамын әлеуметтік организмнің күрделі объектісі ретінде қарастыра отырып, оның әлеуметтік-таптық құрамының қоғам дамуына сәйкес үлкен өзгерістерге ұшырап отыратынын көрсетті. Кейінірек Қазақстанның Ресейге қосылуы (бодан болуы), хандық институттың жойылуы, басқарудың жаңа жүйесінің енгізілуі және т.б. себептер де қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын біраз өзгеріске ұшыратты. Шоқан ұлтаралық қатынастар мәселесінің өршуін қазақтардың өз жерінен ығыстырылып, материалдық жағдайының күрт құлдырауынан деп білді. Шоқан өркендеудің қай сатысында тұрғанына қарамастан кез-келген халықтың өзін-өзі дамытуын, өзін-өзі қорғауын, өзін-өзі басқаруын және өзін-өзі жазғыруын қоғамдық даму заңдылықтары ретінде қарастырып, олардың қазақ қоғамындағы әрекет ету көріністеріне тоқталады.Билер сотының сақталуын Шоқан халықтың өзін-өзі басқаруының маңызды буыны деп қарай отырып, патша үкіметі ХІХ ғасырдың 60-жылдарында қазақтардың мүддесіне сай өлкені басқару жүйесін орнатады деп сенген болатын. Алайда, оның үміті орындалмады.Шоқанның әлеуметтік көзқарастары О.Конт, Г.Спенсер тәрізді Батыс әлеуметтанушыларының ой-пікіріне ұқсас. Алайда Шоқан олардың көзқарастарының төңірегінде қалып қоймады.Шоқан секілді қазақ қоғамындағы әлеуметтік проблемаларды зерттегендердің бірі – Ы.Алтынсарин болды (1841-1889).Ы.Алтынсарин білімсіздіктің етек алуынан қазақ қоғамын надандық жайлап бара жатқанын айта келіп, халықты білім алуға шақырды. Сол себепті ол өзінің өмірінің 25 жылын жастарға білім беруге арнады. Ы.Алтынсарин ағартушы-демократ ретінде патша үкіметінің отаршылдық саясатына, жергілікті өкімет орындарының озбырлық істеріне наразылық танытты. Қазақ халқының қамын жеп, мүддесін қорғады.Көшпелі қазақ елін отырықшылық өмірге, тек мал бағумен ғана емес, егін егіп, бау-бақша өсіруге шақырды. Дінді зерттеп, оған өзіндік үлес қосты. «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты кітап жазып, онда ислам діні туралы объективтік түсінік беруге ұмтылыс жасады. Ы.Алтынсарин қазақ қоғамының әлеуметтік-таптық құрылымын да зерттеді. Зерттеу объектісіне Торғай облысының халқын алды. Отырықшылықтың тиімділігін Ы.Алтынсарин оқу процесімен де байланыстырады. Отырықшылқ оқу процесінің үздіксіздігін, мектептердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді деп түсінді.. Ы.Алтынсарин отбасының мәселелеріне де көп көңіл бөлді. Отбасының қазақ қоғамында ерекше міндеттер атқаратындығына зор мән беріп, ата-аналардың ұл-қыздарын атастыру, некелестіру салт-дәстүрі жанұяның тұрақтылығын сақтаудың, туыстық қатынастарды нығайтудың құралы деп сипаттайды. Қазақ халқында жеті-сегіз атаға дейін қыз алыспау салты әлеуметтік нормаға айналғанын көрсетеді. Ыбырайдың әлеуметтану тұрғысынан қарастырған мәселелері, оның нәтижелері отандық әлеуметтану ғылымы үшін маңызы зор деп есептеледі.Абай Құнанбаевтың әлеуметтанулық көзқарастарынң қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларының еңбектері ықпал етті. Абай Г.Спенсердің орыс тіліне аударылған әлеуметтанулық еңбектерімен танысып, оның эволюциялық теориясын қабылдайды.Абай өз шығармаларында әлеуметтік мобильдік, адам статусы мәселеллеріне тоқталып, адамның қоғамдағы орнын билік, байлық, билік деңгейі айқындайтынын атап түсіндірді.

Абай қазақ қоғамын дамытудың құралы халыққа білім беру, оларды ғылымға тарту деп есептеді. Ғылым әлеуметтік жағдайларды жақсартудың бірден-бір құралы деп қарай отырп, ғылымды игеру бүкіл прогреске жеткізетін жол деп түсіндірді. Абай дінге қоғамдық институт ретінде қарады. Абай дін мәселесін өзінің өлеңдерінде, қара сөздерінде алға тартып, оның әлеуметтік мәні мен мазмұнын ашады. Әлеуметтік ортаны, жалпы қоғамды Абай адамды жан-жақты етіп қалыптастыратын негізгі социум және басты фактор ретінде қарастырады. Абай жек адам мен қоғам арасындағы өзара байланыс пен қарым-қатынастың мазмұнына үңіліп, оған әлеуметтік процесс ретінде қарады. ХІХғасырдың аяқ шенінде ХХғасырдың бірінші жартысында ұлттық-демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялылары М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышпаев шықты. Олардың шығармалары қоғамдық ғылымда өшпес іОлардың әлеуметтік-саяси көзқарастары Алаш қозғалысының жетекшілері А.Байтұрсынов пен Ә.Бөкейхановтың тұжырымдамаларына ұқсас, сабақтас болғандықтан жоғарыда аты аталған зиялылардың бәрінің еңбектеріне сараптама жасамай-ақ А.Байтұрсынов пен Ә.Бӛкейхановтың әлеуметтанулық көзқарастарына тоқталамыз.А.Байтұрсынов (1873-1937) – Қазақстандағы қоғамдық ойдың дамуында өзіндік орны бар тұлға. Қазақ халқының, әсіресе «оқыған азаматтарының» көсемі болған А.Байтұрсыновтың саяси іске араласуы Ресейдегі саяси-әлеуметтік құбылыстармен тікелей байланысты болды: түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың құрылып, олардың қызметтерінің жанданған кезеңіне, бірінші орыс революциясының өршіген тұсына сәйкес келді. М.Әуезовтың пікірі бойынша А.Байтұрсыновтың саяси көзқарасының қалыптасуы Қарқаралы жерінен бастау алды. Патша үкіметі кемсіткен бұратана қазақтардың мұңын мұңдап жоғын жоқтау оның негізгі мақсаты болды.Ә. Бөкейханов (1870-1937) Ресей империясында саяси-әлеуметтік қарама-қайшылытар шиеленісіп тұрған тұста шыққан ірі тұлға болды.Ол Ресейді, оның құрамындағы қазақ қоғамын зерттеп, әлеуметтік-саяси мәні бар зор тұжырымдар жасайды. 1896-1901 жылдары қазақ сахарасының Семей, Ақмола облыстары 12 уезінің жерді пайдалану тәсілдерін зерделеп, қазақ даласына орыс шаруаларының пәрменді түрде қоныс аударуына қажет ғылыми негіз жасап беруге тиіс болған Ф.А Щербина бастаған экспедиция ұйымдастырылыінің жерді пайдалану тәсілдерін зерделеп, қазақ даласына орыс шаруаларының пәрменді түрде қоныс аударуына қажет ғылыми негіз жасап беруге тиіс болған Ф.А Щербина бастаған экспедиция ұйымдастырылып, Ә.Бөкейханов сонда алғашқыда статист қызметін атқарып, оның зерттеу тобына кейін жетекшілік жасайды.Экспедициядағы жұмыс Ә.Бөкейхановтың географиялық жағдайы әр түрлі аймақтағы тұратын қазақтардың әлеуметтік жағдайын жан-жақты жете білуіне мүмкіндік жасады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-13; Просмотров: 1725; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.