Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Меншік құқығын қорғау

Меншік құқығының пайда болу негіздері

Мақсаты: Ежелгі рим меншік құқығының түсінігін және түрлерін оқыту.

Дәріс 5. Рим меншік құқығының түсінігі және түрлері

1. Меншік құқығы барлық құқық жүйесіндегі орталық институттардың бірі. Меншік құқығы институты жеке құқықтың сипатын анықтайтын институт. Рим құқығы меншік құқығын затқа толық үстемдік деп анықтады. Заттық құқықтан туындайтын тұлғаның затқа үстемдігі әртүрлі деңгеймен және мазмұнмен сипатталады. Бұл үстемдік меншік құқығында толық көрсетіледі. Классикалық рим меншігі түлғаның жерге және құлға үстемдігін көрсетті. Дей тұрғанмен, меншік құқығының түсінігін өңдеу жай жүргізілді.

Рим мемлекетінің құрылуымен мемлекетке тиесілі барлық жерлермен қатар республиканың ішкі тарихы да өзгерді. Мемлекет барлық азаматтарға жерді мұрагерлікпен пайдалану құқығын берді. Үздіксіз жаулап алу салдарынан және рим аумағының үлкеюімен қатар мемлекеттік жер қоры мемлекетке өз азаматтарына көптеген кеңістіктерді беру мүмкіндігіне ие болды.

Ерте құқықта меншік түсінігін беретін арнайы термин болған жоқ. Ерте кездегі dominium термині "билік ету" дегенді білдірді және бұл термин зат кімнің билігінде болса соған қатысты қолданыла берді. Меншік құқығының мазмұны меншік иесінде бір мезгілде:

- ius utendi-затты пайдалану

- ius abutendi -затқа билік ету

- ius fruendi - затты пайдалану нәтижесінде кіріс алу және затқа билік ету құқықтарының болуымен түсіндірлді.

Пайдалану құқығы затты өзінің материалдық және рухани қажеттілігі үшін пайдалану, соның ішінде өнім келтіретін зат, зат ретінде өзінің пайдалануы және басқа тұлғалар арқылы пайдасын алу ретінде түсіндірілді.

Билік ету құқығы үшінші түлғалардың талабымен емес, өзінің қалауы бойынша билік ету мүмкіндігін білдірді, яғни заттың юридикалық

тағдырын шешу кұқығы. Иелену затты нақты іс жүзінде иелену арқылы түсіндіріледі. Осы үш құқығы болған кезде ғана меншік құқығы туралы айтуға болатын, корыта айтқанда осы үш термин меншік құқығының мазмұнын білдіреді.

Меншік құқығы шексіз емес. Тіпті ерте рим заңдарының өзі меншік құқығына шектеулер қойды.

Занды шектеулер 12 кесте заңдарымен бекітілген болатын. Олар:

- Меншік иесі өзінің учаскесіне бір күн сайын көршісінің учаскесінде өсіп тұрған ағаштан түскен өнімін жинау үшін көршісін жіберіп түру;

- 15 футтан асатын бұтақ өскен жағдайда, егер меншік иесі оны кеспейтін болса, бұтақты кесіп, тіпті ағаштың өзін кесу, егер оны меншік иесі өзі жасамайтын болса;

- Өзінің учаскесінің үстінен жарты футтан асатын құрылыс салуға

- Меншік иесі белгілі бір сыйақыға өз учаскесінен өткізіп тұруға міндетті болды.

Меншік құкының түрлері. Меншіктің үш түрі белгілі болды. Олар:

Квириттік меншік

Преторлық меншік

- Перегриндік меншік

Квириттік меншік ерте Римдегі меншіктің ертеректегі түрі болып саналады. Квириттік меншік құқығының белгілері: квириттік меншіктің субъектісі болып тек рим азаматы саналатын; квириттік меншіктің объектісі тек манципациялық заттар; квириттік меншік құқығы тек манципация жолымен пайда болатын. Шаруашылық өмірдің дамуына байланысты азаматтық айналымның тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігі туындады және рим емес азаматтардың құқықтарын қорғау қажет болды. Біртіндеп меншіктің жаңа түрі пайда болды және ол квириттік құқықпен танылмады және қорғалмады, бірақ претордың қорғауында болды. Претордың қорғауымен жүзеге асырылған меншіктің түрі преторлық меншік деп аталды. Преторлық меншік бойынша манципациялық заттар манципациялық емес жолмен иеліктен шығарылатын. Квириттік меншік бойынша мұндай мәмілелер жарамсыз деп танылып, виндикациялық талап берілетін және бұл азаматтық айналымның тұрақтылығьна кері әсерін тигізетін. Кейін мұндай нысан шаруашылықтандырудың жаңа нысанына сәйкес келмеді. Сондықтан претор мұндай жағдайда жауапкердің құқықтарын қорғайтын, және мәміле орындалған болса, претор судъяға талапты қанағаттандырусыз қалдыру туралы жазба жазатын.

Перегриндік меншік преторлық меншікпен қатар дамыды және ерекше түрі ретінде қарастырылды. Себебі перегриндар ерекше мәртебеге ие болды, нақтырақ айтқанда олар рим азаматтарына қарағанда құқықтары шектелген болатын. Меншік сонымен қатар ортақ болуы да мүмкін, егер екі немесе одан да көп тұлғаға тиесілі болатын болса. Ортақ меншік иелері ортақ пайдалану және иелену құқығына ие болды. Өнімдер де олардың үлестеріне қарай бөлінетін. Егер де затты пайдалану әдеттегі тәртіптен шығып кетсе, онда басқалардың келісімі қажет болатын.

2. 1. Меншік құқығының пайда болу тәсілдері бастапқы және туынды тәсіл деп екіге бөлінетін. Бастапқы тәсіл дегеніміз затқа меншік құқығының алғаш пайда болуы. Мұндай тәсілдерге басып алу (оккупация), иелену көнелілігі бойынша меншік құқығының пайда болуы, қойма, спецификация жататын.

Туынды тәсіл дегеніміз меншік құқығының бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуі. Бұған: заттарды беру, өсиет бойынша бас тарту, бөтен біреудің меншігін пайдаланудан түскен кіріс, өнім және шарт негізінде меншік құқығының ауысуы жатады.

Оккупация дегеніміз ешкімге тиесілі емес затты өз меншігіне айналдыру. Басып алу иесіз заттарға қатысты қолданылады. Ешкімге тиесілі емес заттарға - иесіз заттар, жабайы аңдар, құстар, балықтар, табиғи емес заттар;

- бас тартқан заттар, сынған заттар, бүлінген заттар;

- бұрын рим азаматына тиесілі болмаған жаулап алу және соғыс кезінде алынған заттар жатады.

Жоғалтылған және жасырылған заттар екіге бөлінді: олжа жэне қойма деп.

2 Иелену көнелілігі бойынша затты иелену. Иелену көнелілігі -бұл затты адал ұзақ уақыт бойы пайдалану нәтижесінде меншік құқығының пайда болуы. Иелену көнелілігі ерте цивильдік құқықтың өзінде танымал болған. Ол рим азаматтарына қатысты қоданылды және меншік құқығы қозғалатын заттарға бір жылдан кейін, қозғалмайтын заттарға екі жылдан кейін пайда болды. Юстинианның Кодификациясында бұл мерзімдер қозғалатын мүлік үшін үш жыл, қозғалмайтын мүлік үшін бір жыл болды. Иелену көнелілігі бойынша меншік құқығы пайда болу үшін мына алғышарттар орындалуы керек болды: а) иеленудің заңды негізі; б) адал иелену; в) иелену мерзімінің үздіксіз жүргізілуі. Иелену бір адаммен үздіксіз жүргізілуі кажет бодды.

Қойма. Қойма дегеніміз қандай да болмасын жерде бұрыннан жасырын жатқан, ашқаннан кейін иесін табу мүмкін болмайтын құндылық. Бөтен біреудің жерінен оқыста тауып алған қойма тауып алған адам мен жердің қожайынының ортақ меншігі болып саналды. Мақсатты іздеу нәтижесінде жердің қожайыныньщ рұқсатынсыз және оны ескертпей тауып алынған қойма олжаға теңестірілді және оны беру қүқықбұзушының болып саналды. Қасиетті жерлерден тауьш алынған қоймаға меншік құқығы пайда болмайтын.

Спецификация. Спецификация - бір немесе бірнеше заттардан жаңа зат дайындау. Ие болу құқығы материалдың меншік иесіне тиесілі болатын немесе өз еңбегімен затты өңдеген адамға тиесілі болатын. Юстинианның құқығы бойынша спецификатор жаңа заттың иесі меншік иесі болып саналды, егер ол бетен затқа өз затьганың бір бөлігін қосу арқылы жаңа зат өндеп шығарса. Мұндай жағдайда ол материалдың қүнын беруге тиісті болды.

Заттарды беру- традиция. Традиция- затқа меншік құқығын беру ниетімен затты беру. Традиция негізі шарт болды. Бастапқыда тради-ция иелікке алушылар рим емес азаматтар болып табылатын манци-пациялық емес заттарға қатысты қолданылды. Традиция көмегімен меншік құқығының ауысуы- негіз арқылы ауысатын. Бұл негіз тараптардың еркі болып табылды. Юстиниан Кодификациясында традиция меншік құқығын ауыстыру туралы заттық шартты жасаудың бірден-бір тәсілі болып саналды. Традиция бойынша затты тікелей беру және оның мақсаты болуы міндетті болды.

Заттарды біріктіру. Заттарды біріктіру бір затты екінші затқа қосу және оның бір құрамдас бөлігі болу. Заттарды біріктірген кезде әр түрлі меншік иесіне тиесілі заттар бірігеді. Қозғалатын заттар ұнтақталатын заттар және ұнтақталмайтын заттарды араластыру нәтижесінде бірігетін. Біріктірген заттардың қайсысы негізгі зат деген сұраққа заттың шаруашылық бекітілу маңыздылығына, құндылығына байланысты анықталды. Жаңадан пайда болған заттың меншік иесі біріктірілген заттың құнын төлеуге міндетті болды.

3. Меншік қүқығын корғау кез-келген қүқық бұзушыға қарсы әрекет еткен заттық талаптармен жүзеге асырылды. Меншік құқығын корғауға байланысты 70-тен астам талап болды. Негізгі талаптар виндикациялық және негаторлық бодды.

Өзінің заңды иеленуін қайтару үшін меншік иесі арнайы виндикациялық талап коюға құқылы болды.

Виндикациялық талап меншік иесінің еркінен тыс шыққан затын қайтарып алу туралы талабы, яғни бөтен біреудің заңсыз иеленуінен затты қайтарып алу туралы талап. Талапкер болып меншік иесі танылады, ал жауапкер дау туған кездегі затты иеленуші кез-келген түлға. Меншік құқығын дәлелдеу талапкерге жүктелді, егер дәлелдей алмаса жауапкер оны құқықтық салдар туындататын айьштау құқығына ие болатын. Дәлелдеген жағдайда затқа меншік құқығы арнайы соттың бұйрығынсыз, бірақ сот шешімін орындау тәртібімен бұрынғы меншік иесіне өтетін. Егер де жауапкер талапкерге затты қайтармаса сот шешім шығарған кездегі заттың құны бойынша жауапкершілікке жүктелетін. Осы талаптың көмегімен Пампониийдің айтуы бойынша, тек жекелеген заттар ғана емес, атарларды да виникациялауға болатын. Бүл жерде табын, үйір т.б. топ-тобымен жүретін малдарға қатысты да айтуға болады, яғни жекелеген мал емес тобы біздікі болса, виндикациялауға болады. Сонымен қатар, егер кімде-кім бөтен біреудің тастарынан өз учаскесінде үй тұрғызса, ол үйді виндикациялай алады.

Талаптың басты мақсаты затты барлық өнімдерімен қалыпты жағдайда қайтару. Бірақ судья затты талапкерге қайтару кезінде жауапкер адал иеленуші болса, затты сақтауға кеткен шығындарды өтеу туралы міндетті жүктей алатын. Ал, адал емес иеленуші затты қайтара отырып, өнім мен кіріс құнын қайтаруға міндетті болды. Сонымен қатар адал емес иеленуші заттың жойылғаны үшін барлық жағдайда да жауап беретін.

Негаторлық талап. Меншік иесі затты жоғалтпаған кезде де, меншік құқығын қорғауды қажет етті. Бұл меншік иесіне затқа меншік құқықтарын жүзеге асыру кезінде басқа түлғалардың кедергі келтіру кезінде орын алады. Бүл жағдайда меншік құқығын қорғау үшін негаторлық талап қолданылды. Негаторлық талап меншік еркіндігін бұзушыларға қарсы бағытталған талап. Негаторлық талаптың виндикалық талаптан айырмашылығы бүл талапты қояр кезде меншік иесі затынан айырылмайды, бірақ меншік құқықтарын жүзеге асыруға байланысты кедергілерді кездестіреді. Негаторлық талап бойынша жауапкер кез-келген түлға болуы мүмкін. Талапкер өзінің меншік құқығын және оны жауапкердің бұзғандығын дәлелдеуі керек. Егер талап қанағаттандырылатын болса, талапкерге құкықты бұзумен байланысты барлық залалдар өтеледі.

Меншік кұқығыньщ тоқтатылуы. Затқа меншік құқығы тоқтатылды, егер меншік иесі өз еркімен заттан бас тартса, зат жойылса, зат иеліктен шығарылса, немесе меншік иесінен зат еріксіз алынса. Заттың жойылуы физикалық және юридикалық жойылу арқылы болуы мүмкін. Физикалық жойылу дегеніміз- заттың толық жойылуы немесе ол заттың сапасы жоғалтылған жағдайға келтірілген болса. Юридикалық жойылу дегеніміз затты азаматтық айналымнан алып тастау. Меншік құқығы тоқтатылады, егер зат иеліктен шығарылса, яғни жеке-құқықтық мәмілелер арқылы затты басқа біреудің меншігіне беру.

 

Бақылау сұрақтары:

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Орғаншылық және қамқоршылық. Әкенің билігі | Дәріс 7. Міндеттеме ұғымы
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-14; Просмотров: 7461; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.025 сек.