Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Организация кассовых операций

Тақырып 3. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ.

Мақсаты: Студенттер Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесін заңдылық реттеудің негізгі принциптерін, кәзіргі Қазақстанда денсаулық сақтауды сипаттайтын қасиеттерді білу керек.

. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғауды құқықтық қамтамсыз ету жүйесі келесі негізін қалаушы актілерден тұрады: Қазақстан Республикасының Атазаңы; Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқаулары; Қазақстан Республикасының заңдары; Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулылары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары; ҚР ДСМ нормативтік актілері (бұйрықтар, ережелер, нұсқаулықтар және т.б.).

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің қызмет етуі заңдылық құжаттармен қамтамасыз етілген. Олардың арасындағы негізгісі – Қазақстан Республикасының Атазаңы (30 тамыз, 1995 ж.) болып табылады. Қазақстан Республикасы Атазаңының 29-бабында:

1. Қазақстан Республикасының азаматтары денсаулығын қорғауға құқылы.

2. Қазақстан Республикасы азаматтарының заңмен бекітілген медициналық көмектің кепілдік етілген көлемін тегін алуға құқысы бар.

3. Мемлекеттік және жеке-меншік емдеу мекемелерінде, сонымен қатар жеке-меншік медициналық практикамен айналысатын тұлғалардан ақылы медициналық көмек алу заңмен бекітілген негізде және ретпен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматына бұл құқықтар туғаннан тиесілі. Бұл құқықтар Қазақстан Республикасының азаматы болып тұрған барлық ғұмыры барысында күшінде болады. Денсаулық қорғауға құқысы, тек, мемлекет қатысуымен ғана іске асатын әлеуметтік құқықтарға жатады. Мемлекет Қазақстан Республикасының Атазаңында денсаулықты қорғау құқысын бекіте отырып, олардың іске асуын, республикалық және жергілікті бюджет есебінен медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетумен қоса өз міндетіне алады.

29-баптан басқа Қазақстан Республикасы азаматының тікелей денсаулыққа қатысты басқа да құқықтары бар: өмір сүруге құқысы (15-бап), жеке бас еркіндігіне құқысы (16-бап), адам жетістіктеріне қол сұқтырмау құқығы (17-бап), жеке өміріне, жеке басы мен жанұя құпияларына қол сұқтырмау, өз ар-ожданын қорғау құқығы (18-бап), еңбек еркіндігі құқығы (24-бап), демалысқа құқығымен бірге (24-бап, 4 б.), тұғын-жайға құқығы (25-бап), меншік иесі болуға құқысы (26-бап), өмір және денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға құқығы (31-бап), жасына, ауру жағдайына, мүгедектікке, асыраушысын жоғалтқан жағдайда әлеуметтік қаматамасыз етілуге құқысы (28-бап), атан-ананың балаларына қамқорлық жасап, тәрбиелеуге құқысы (27-бап), білім алуға құқысы (30-бап) және т.б. Атазаңда бекітілген құқықтар мен еріктерінен басқа, Қазақстан Республикасыны азаматы өз кезегінде Атазаңды, ҚР заңдылықтарын, басқа тұлғалардың құқықтарын, ерігін, ар-ожданын құрметтеуге міндетті (34-бап).

Халық денсаулығын қорғау денсаулық сақтау жүйесінің құзыреті шектерінен шығып кетеді. Осыған байланысты, халық денсаулығын қорғау бойынша әрекет қазақстандық құқықтардың көптеген салаларын қамтиды: әкімшілік, азаматтық, жер, муниципалды, жанұялық, еңбек, қылмыстық, экологиялық құқы.

«Барлық қазақстандықтардың көркеюі, қауіпсіздігі және жағдайын жақсарту» «Қазақстан – 2030» стратегиясы ұзақмерзімді 4-ші басымдық «Денсаулық, білім және азаматтардың көркеюі» болып табылады. Бұл мақсатты іске асыру стратегиясы келесі компоненттерден тұрады: аурушылдықтың алдын-алу салауатты өмір салтын ынталандыру, есірткіге құмарлық пен есірткі бизнесімен күрес, алкоголь және темекі пайдалануды қысқарту, әйелдер мен балар денсаулығын жақсарту, ана мен бала денсаулығын қорғау, тамақтану сапасын жақсарту, қоршаған орта және экология тазалығы, таза ауыз суын қамтамасыз ету, гигиена және санитария ережелерін сақтау.

Казақстан Республикасы Президентінің келесі жыл сайынғы халыққа жолдаулары денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бойынша, соның ішінде медициналық көмек сапасы мен нәтижелілігін арттыру бойынша тапсырмалар; мемлекеттік-жеке-меншік серіктестік механизмін қолдана отырып 100 аурухана құрылысы; дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді оқытудың, аттестациялау және даярлаудың халықаралық стандарттарын қоса жалпы халықаралық стандарттарға көшу; соңғы жұмыс нәтижелерін, яғни көрсетілген медициналық көмектің сапасын, көлемін және күрделілігіне, сонымен қатар біліктілік деңгейіне қарай медициналық қызметкерлердің еңбекақысын төлеу; бюджеттік сфера қызметкерлерінің еңбекақысын сатылып жоғарылата отырып 2012 жылға 2 есе деңгейге жеткізу және т.б. қамтиды.

Азаматтардың денсаулығын қорғауға конституциялық құқықтарын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасында олардың сақталуын қамтамасыз етуде бірқатар заңдар қабылданып, кейін олар 2009 жылдың 18 қыркүйегінде қабылданған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы ҚР Кодексінің негізін қалады. Медицина сферасын регламенттейтін 11 заңды алмастырған Кодексті қабылдау лейтмотиві болып азаматтардың денсаулығын қорғауға құқықтарын максималды бекітуге жағдай жасау, ұлттық медицина статусын жоғарылатуға, денсаулық сақтау аймағындағы отандық заңдылықтарды халықаралық стандарттарға келтіру табылады.

Кодексте денсаулық сақтау аймағындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдары бекітілген:

1) қауіпті, тиімді және сапалы медициналық көмек алудағы азаматтардың құқық теңдігін;

2) жеке және қоғам денсаулығын сақтап нығайту үшін мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігін;

3) аналық пен балалықты қорғауды;

4) ақысыз медициналық көмектің ақысыз кепілді көлемін;

5) денсаулық сақтау жүйесі жұмысында профилактикалық бағыттың басымдығын;

6) медициналық көмекке қол жеткізуді;

7) медициналық көмек сапасын үздіксіз жоғарылатуды;

8) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын;

9) медициналық көмек көрсетуде денсаулық сақтау мекемелері жұмысындағы сабақтастықты;

10) оқытудың қазіргі технологияларын қолдана отырып медициналық және фармацевтикалық білімнің үздіксіздігі мен сабақтастығын;

11) отандық медициналық ғылымды мемлекеттік қолдауды, ғылымның алдыңғы қатарлы жетістіктерін, денсаулық сақтау аймағындағы әлемдік техника мен тәжірибені енгізуді;

12) ерікті және риясыз донорлықты кеңейту;

13) медициналық және фармацевтикалық өндірістің конкурентқабілеттілігін дамыту және отандық өнімдерді мемлекеттік қолдауды;

14) денсаулығын қорғауға азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуде қоғамдық бірлестіктердің қатысуын;

15) денсаулық сақтаудың әлеуметтік, халықтың қажеттері мен тұтынуын қамтамасыз етуге және өмір сапасын жақсартуға бағыттылығы;

16) салауатты өмір салты мен салауатты тамақтануды қалыптастыруға атасалысу;

17) халық денсаулығын, дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларына жатқызуды қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жағдайына талдау жүргізу негізінде 2011-2015 жылдарға «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың басымды стратегиялық бағыттары мен механизмдері анықталған.

Бағдарламада ведомствоаралық және сектораралық өзара әрекеттестікті ескере отырып жоспарланған іс-шараларды орындаудың заңдылық, инвестициялық, құрылымдық, экономикалық және мамандық қамтамасыз етілуі бойынша шаралар қарастырылған. Саланың нарықтық қатынастарға бейімделуі қарастырылған: көпқырлы меншік формаларының дамуы, медициналық көмек нарығын түзу, медициналық мекемелер арасында конкуренттік қатынастар қалыптастыру.

Жаңа қоғамдық денсаулық сақтау бұрынғы «қоғамның бар күшімен ұйымдастырылған» және дәстүрлі қоғамдық денсаулық сақтаудың орнына емес оның одан әрі жалғасуы және дамуы болып саналады, ол саясаттың жетілдіруіне, денсаулықты сақтауға, аурулардың алдын алуға, экономикалық даму кезінде әлеуметтік тендікке жетуге бағытталған.

Жаңа қоғамдық денсаулық сақтау санитария функцияларын, халық денсаулығын қорғау, қадағалау және реттеу, ұлғайтылған жаңа функциялары мен толықтыру дәстүрлерін сақтаған (WHO, Geneva, 1995).

Жаңа қоғамдық денсаулық сақтау – ұйымдастыру диапазоны кең шаралар жүйесі, оған алғашқы және дәрігерлік медициналық көмек, денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру, жұқпалы аурулармен күрес жүргізу, қоршаған ортаның гигиенасын жақсарту кіреді. Бұл жүйе, сектораралық және қоғамның жаңаруының негізі болып, халық денсаулығын қорғау мемлекеттік саясатының негізі болып табылады.

Жаңа қоғамдық денсаулық сақтау қоғамның жеке адамдардың денсаулығын нығайтуға және қорғауға, санитарлық шараларды сәйкестеуге, қоршаған ортаны қорғауға, халық денсаулығын нығайтуға, жекешеленген және жалпы алдын алу бағдарламалары мен алдын алу, қайта қалпына келтіру қызметтерінің және ұзақмерзімді күту бөлімшелерінің ұйымдастыру жұмысын координациялауға кешенді тәсілдерді қолдануға негізделген (Т.Х. Тульчинский 1999).

Жаңа қоғамдық денсаулық сақтаудың ерекшеліктері:

1) жүйелі түрде мәселелерді шешу

2) сектораралық қарым - қатынас

3) барлық деңгейде мәселелерді шешу – мемлекеттік органдар, бұқаралық ақпарат құралдары, тербеліс тобы, жеке меншік және мемлекеттік мекемелер, өнеркәсіп, спорт және ойын-сауық индустриясы, заңдылықтар, құқықтық органдар.

4) Әрқашан халық денсаулығы жағдайының экономикалық, эпидемиологиялық және әлеуметтік аспектілеріне мониторинг жасау

Жаңа қоғамдық денсаулық сақтау келесі сұрақтарға жаңа тұрғыдан қарайды:

1. Экономика сұрақтарына. Шектелген қаржыны тарату мәселесін шешудегі негізгі бағыттардың бірі алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен мамандандырылған көмектің универсальды қарым-қатынасты анықтау және азаматтардың, жұмыс беруші мен мемлекеттің жауапкершілігін анықтай келе денсаулық сақтаудың қаржыландыру жүйесін таңдау болып табылады. Шектелген қаржы жағдайында максимальды тиімділік талаптарына сәйкес минималды қосалқы тиімділік беретін үлгіні таңдау қажет.

2. Желілі формадағы м едициналық информатика. Жаңа технологияларды тарату тиімді коммуникациялық жүйесіз мүмкін емес. Медициналық ақпаратты жүйелері, ақпаратты қолданушылардың енжарлары емес, серіктесті ынталандыратын үрдістің белсенді қатысушысы түрінде құрылуы тиіс.

3. Менеджмент. Кез келген заманауи денсаулық сақтау жүйесі жоғарғы қүрделі деңгейдегі ұйым болып саналады, онда таңдалып алынған жұмысқа берілген және жоғарғы білімді адамдар жұмыс істейді. Егер ол адамдар жоғары ынталандырылған, жақсы білім алған және бірлесе әрекеттесетін топта жұмыс істесе, онда емделуші қамы үшін шектелген ресурстарды тарататын денсаулық сақтау жүйесі құрылды деп есептеуге болады. Егерде олардың машықтары мен зерделері айтарлықтай себептермен, мысалға, нашар ұйымдастыру, бюрократтылық, тиімді тәртіпті қолдаудың жоқтығы, қажетті ақпараттың болмауынан аяғына дейін пайдаланылмаса онда, денсаулық сақтау жүйесі минимальды жылдамдықпен жұмыс істейтін болады. Ол өз кезегінде өте үлкен ауқымдағы ресурстарды пайдаланады және де халықтың денсаулық жағдайына ешқандай әсері болмайды. Сондықтанда, барлық деңгейде менеджмент - ол жаңа қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы зерттеу және оқыту аймағы болып табылады.

4. Денсаулық мүддесіндегі серіктестік. Жаһанданудың тереңдетілуі және кеңейуі денсаулық сақтау жүйелерінің әр-түрлі даму үлгілерінің алмасуын көрсетеді. Төмен табысты мемлекеттерде денсаулық сақтау жүйесі басқа жерден экономикалық ресурстардың кірісін талап ететін айта кету керек. Адам денсаулығына тиетін жаһанды қауіп-қәтерлермен жанжақты, бірлесіп күресуге болады. Қоғам денсаулығы жоғары дәлелденген жергілікті адамдар ресурстарына байланыстығының шынайлығын қолдаған серіктестік болуы керек.

Жаңа қоғамдық денсаулық сақтаудың даму бағыттары.

1. Өкілеттіліктің кеңейуі - әкімшілік-саясаттық шаралар түрінде – халық денсаулығын қалыптастыруға байланысы бар министерстволар мен ведомство жұмысының мемлекеттік функциялары мен өкілеттілігін үйлестіретін жаңа мемлекеттік орган құру. Өз елінде немесе шет елдерінде сыйлы және атағы бар ұйымдастырушы, осы денсаулық сақтау мекемесінің басшысы болып жұмыс істеуі мүмкін. Мұндай ведомстваның басшы жұмысында міндетті түрде жұртшылық, ашықтық, қол жетерлік болу қажет. Мысалы: облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшысы және әкім меңгерушісі бір адам болса, жаңадан қойылған мақсаттарға тиімді шешім табуға болады.

2. Денсаулық сақтауды басқарудағы бұқарашылдық. Әлемдегі дамушы елдерде денсаулық сақтауды дамыту ережесі, жетекшілерге есеппен бірге жариялылық арқылы таңдау жасауды алға қояды, мысалы, Финляндияда жергілікті деңгейде жақсы денсаулық сақтау жүйесін құру.

3. Өкіметтің жоғарғы деңгейлерінен бастап, денсаулық сақтаудағы менеджментті жақсарту. Көп салалы мамандар қатарынан команда құру өзекті мәселе болып келеді.Басты мақсат: денсаулық сақтау – мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі және оған мемлекет жетекшісі мен оның басқару мүшелері жауапкершілік алады.

4. Денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағытын күшейту - осы сұрақты шешу барысында әртүрлі ведомствалар бірігуінің күшеюі. Осы мәселені шешуде халықты белсенді түрде тарту және медициналық-әлеуметтік қызмет жүйесін кеңейтіп және құруды ұйғарады.

5. Денсаулық сақтау мамандығы құрылымының өзгеруі дегеніміз – медициналық-психологиялық сипаттағы медициналық-экономикалық және медициналық-әлеуметтік саладағы «біріккен» мамандар саны.

Қоғамдық денсаулық сақтау дамуындағы әлемдік тәжірибе.

Жаңа XXI ғасыр жаһандануында әлемдік өркениет пен соғыстың болуы, жалпы адамдық жаңа мінез-құлық стандарттарының, мәдениетінің, қоғамдық өмірдің қалыптасып, енуі ақырында әртүрлі ауруларға алып келетін мынадай себептермен байланысты болуын шамалайды:

1) жаңа түзілістер, тынысалу жолдары мен жүрек қан тамыр жүйесі аурулары себепші болатын, өлім мен жоғары ауру деңгейіне алып келетін қолайсыз (темекі шегу, алкогольдік сусындарды шамадан артық пайдалану, ретсіз тамақтану) өмір сүру;

2) жастардың ойланбай қатерге бас тігетін мінез құлықтары (нашақорлық, маскүнемдік, қылмыс жасау), уланулар, жарақаттанулар, жыныстық қарым-қатынас арқылы берілетін аурулар, ЖИТС себепші болатын өлім мен аурушылдық;

3) туа біткен ақаудың дамуына және хромосомдық бұзылыстарға алып келетін экологиялық мәселелер;

4) әлеуметтік қолайсыз өмір сүру салты (кедейлік, жұмыссыздық, көшіп-қонулар және т.б.), аурудың туындауына себепші болатын қолайсыз жайттар (қан аздық, жұқпа, қарсы тұру қабілетінің бұзылуы және т.б.);

XXI ғасырда денсаулық сақтау жүйесінің дамуы халықтың денсаулығына ведомства аралық, сектор аралық жалпы жауапты, клиникалық медицинаның үздіксіздігі және бірігуі түрінде болатындығы шамаланады.

Қазақстандағы жаңа қоғамдық денсаулық сақтау дамуының келешегі мен мәселелері.

Сөзсіз, әлемдегі ең жақсы денсаулық сақтау жүйесінің жетістігіне бұрынғы негізін сақтап қалу жатады. Қазақстанда қазіргі таңда МПСЗ мен дәрігерлер саны және емдеу-профилактикалық мекемелердің құрылымы мен жүйесі жеткілікті мөлшерде. Денсаулық сақтау жүйесі толығымен республикадағы халықтың медициналық қызметке негізгі қажеттілігін қанағаттандырады.

ҚР денсаулық сақтау жүйесінің кемшіліктері – денсаулық сақтаудың өзіндік үлгілерін іздеуде үнемі ауысып отырушылық (медициналық жүйенің үш үлгісі – бюджеттік, бюджеттік-сақтандыру және бюджеттік-бағдарламалық) және де бүгінде ол Президент Н,Ә Назарбаев көрсеткендей «үш жүйенің қалдықтарынан тұрады».

1. Қазіргі денсаулық сақтаудың құрылымы мен жүйесіндегі жүзеге асқан, оның барлық мәселелері, міндеттері мен жетістіктері дәстүрлік клиникалық медицина (әртүрлі ақаулар мен аурулар кезінде денсаулық сақтау);

2. Қоғамдық денсаулық сақтау (денсаулықты нығайту және аурудың алдын алу) – халықтың денсаулығын нығайту мен сақтауда сектор аралық жауапкершілікті, аурудың жаңа жағдайларын ескертуді қалыптастыруда жаңа міндеттерді шешу.

Үйлестіру материалы: «Рower Point» бағдарламасында дайындалған 20 слайд.

Әдебиет:

1. Аканов А.А., Куракбаев К.К., Чен А.С., Ахметов У.И. Организация здравоохранения Казахстана. – Астана-Алматы, 2006. – 232 с.

2. Аканов А.А., Нурманов К.Д., Арингазина А.М. и соавт. Общественное здравоохранение: основные подходы и принципы определения и удовлетворения потребностей человека. – Алматы, 2007. -136 с.

3. Қазақстан Республикасының Атазаңы, 30 тамыз 1995 ж.

4. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі, 18 қыркүйек 2009 ж.

5. Медик В.А., Юрьев В.К. Курс лекций по общественному здоровью и здравоохранению. Часть 1. Общественное здоровье. – М.:Медицина, 2003. – 368 с.

6. ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың көркеюі, қауіпсіздігі және жағдайын жақсарту» Қазақстан халқына жолдау. – Алматы, 1999. – 67 б.

7. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жөнінде: Негізгі заңдылық актілер. – Алматы: ЮРИСТ, 2004. – 182 б.

8. Сагиндыкова А.Н. Конституционно-правовые проблемы охраны здоровья граждан в Республике Казахстан. – Алматы, 1997. – 167 б.

9. 4. Тульчинский Т.К., Варавикова Е.А. Новое общественное здравоохранение: Введение в современную науку. - Иерусалим, 1999. - 1049 с.

10. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение. - С.-Петербург, 2000.- 914 с.

Бақылау сұрақтары:

1. Денсаулық қорғауға конституциялық құқының мәні неде?

2. «Қазақстан – 2030» стратегиясындағы денсаулық приоритетінің мазмұны.

3. Денсаулық сақтау жөніндегі заңдылықтар нені реттейді?

4. Денсаулық сақтауды заңдылық реттеуге қандай құқық салалары қатысады?

5. Денсаулық сақтау аймағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ұстанымдары.

6. Жаңа қоғамдық денсаулық сақтаудың анықтамасы.

7. Жаңа қоғамдық денсаулық сақтаудың айырмашылық ерекшеліктері.

8. Жаңа қоғамдық денсаулық сақтаудың жаңа тұрғыдан қарастыратын сұрақтары.

9. Жаңа қоғамдық денсаулық сақтаудың даму бағыттары.

10. XXI ғасырдағы аурушылдық құрылымының өзгерістеріндегі қарқындары

 

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Тақырып 2. ХалыҚ денсаулыҒын кешенді баҒалау. ДемографияныҢ Әлеуметтік-медициналыҚ аспектілері. ХалыҚ аурушылдыҒы | Организация кассовых операций
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-14; Просмотров: 899; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.075 сек.