Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тақырып 10. Ұлттық экономика жүйе ретінде




Лекцияның мақсаты: Макроэкономика және оның зертейтін мәселелерін,көрсеткіштерін талдап толық қарастыру.

 

1. Макроэкономика- экономиканың күрделі бөлімі

2.Макроэкономикалық көрсеткіштер

3.Ұдайы өндірістің мәні, типтері

 

1. Макроэкономика дегеніміз - ұлттық өндіріс көлеміндегі күрделі мәселелерді зерттейтін экономиканың күрделі бөлімі. Макроэкономика баға мен жалпы жұмыссыздықтың деңгейін, жалпы тұтыну мен инвестицияларды, жиынтық сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысын және ұлттық экономика жағдайының өзгеру заңдылықтарын қарастырады.

Макроэкономика ілімі ХХ ғасырдың 30-шы жылдары өз алдына экономика ілімінен бөлініп шықты. Бұл бөлімнің Дж. Мейнард Кейнс қалады. Ол 1936 жылы “Жұмысқа тарту, процент және ақшаның жалпы теориясы” деген еңбегін жазады. Өз еңбегінде ол тұтыну мен өндіріс көлемі, инвестицияның өсуі мен кемуі арасындағы байланысты, мемлекеттің экономикаға араласуын қарастырады. Кейнс мектебінің экономистері ақша-несие саясатын қолдану арқылы ақша ұсынысына бақылау жүргізуге болатынын дәлелдеді.

Макроэкономикалық көзқарас бойынша ұлттық шаруашылық 4 экономикалық субьектіні қарастырады:

1) үй шаруашылығы секторы;

2) кәсіпкерлік сектор;

3) мемлекеттік сектор;

4) шекарадан тыс шетелдік сектор.

Үй шарушылығы дегеніміз- өз қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған елдің ішіндегі шаруашылық ұяшықтары. Оның экономикалық белсенділігі өндіріс факторларын ұынғанда көрінеді.

Кәсіпкерлік сектор дегеніміз - елдің ішінде тіркелген барлық фирмалардың жиынтығы. Оның эконмикалық белсенділігі өндіріс факторларына сұраныс тудырғанда, игіліктерді ұсыну және инвестициялауға байланысты.

Мемлекеттік сектор дегеніміз - барлық мемлекеттік институттар мен бөлімшелердің жиынтығы. Оның экономикалық белсенділігі сатып алу, салық салу және ақшаны ұсынудан көрінеді.

Шетелдік сектор дегеніміз - еддің шекарасынан тыс жерде тұрақты орналасқан экономикалық агент, сонымен қатар шетелдік мемлекеттік институттар. Оның экономикалық белсенділігі өзара тауар, қызмет, капитал және валюта айырбасынан көрінеді.

2. Макроэкономикалық көрсеткіштерге жататындар:

а) Ұлттық байлық- қазіргі таңда қоғамның қолында бар тарихи дамуда қорға айналған игіліктер, тұтыну құндарының жиынтығы (өндірістік қорлар, әлеуметтік инфрақұрылым, рухани байлықтар, ақпараттық ресурстар, тарихи, мәдени, әдеби құндылықтар).

ә) Жиынтық қоғамдық өнім дегеніміз- 1 жылда материалдық өндірісте өндірілген өнім мен еңбек заттарының қайталанған есебінің жиынтығы.

б) Жиынтық ұлттық өнім- бұл материалдық және материалдық емес өндіріс пен жеке адамдар табысының сомасы немесе 1 жыл ішінде елде өндірілген барлық дайын өнім мен қызметтердің жалпы нарықтық құны.

ЖҰӨ-нің 2 түрі болады:

1. Номиналды ЖҰӨ;

2. Нақты ЖҰӨ.

ЖҰӨ-ді 3 әдіс бойынша есептеуге болады:

а) ұлттық экономиканың барлық саласындағы қосымша құн бойынша;

ә) шығындар бойынша;

б) табыстар бойынша.

в) Жиынтық ішкі өнім- бұл белгілі бір елдің ішіндегі өндірістік қызмет нәтижелері немесе ұлттық ерекшеліктеріне байланыссызбелгілі мемлекет территориясында қалыптасқан кәсіпорындарда өндірілген өнімдер мен қызметтердің жиынтық нарықтық құны. Оны есептеу кезінде трансферттік төлемдер мен өндірістік емес мәмілелер кірмейді. ЖІӨ = ЖҰӨ - трансферттік төлемдер.

г) Таза ұлттық өнім дегеніміз- жеке тұтыну заттары мен өндірісті ұлғайтуға қажет өндіріс құрал-жабдықтары немесе ағымдағы жылы жұмсалған еңбек нәтижесі.

ТҰӨ= ЖҰӨ- амортизациялық аударымдар.

д) Ұлттық табыс дегеніміз- 1 жылда өндірілген өнімдердің нарықтық құндарының жиынтығы.

ҰТ= ТҰӨ - жанама салықтар.

3. Қоғамдық ұдайы өндіріс қоғамдық өндірістің өзінің қайта жаңаруының үздіксіз ағымындағы процесі болып табылады, оның нәтижесі- қоғамдық өнім.

Ұдайы өндіріс дегеніміз - өндірістің үздіксіз дамып, тұрақты қайталанып, жаңарып, ұлғайып отыруы. Ұдайы өндіріс процесін өндіргіш күштерді ұдайы өндіруден көруге болады.

Өндіргіш күштерді ұдайы өндіру дегеніміз- жұмыс күші мен өндіріс құрал-жабдықтарын тұрақты түрде қайталап, жаңартып, дамытып отыру.

Ұдайы өндірістің 2 типі бар:

1. Жай ұдайы өндіріс - бұл өндіріс процесінің бұрыңғы ауқымда қайталануы, сондықтан да алынған табыстардың бәрі жеке тұтынуға жұмсалады.

2. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс- бұл өндіріс процесінің ұлғайтылған ауқымда қайталануы, өйткені алынған табыстардың бір бөлігі қосымша ресурстар сатып алуға, ал олардың пайдалану есебінен өндіріс процесі ұлғайтылған ауқымда жаңғыртылады.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің 3 типі болады:

а) интенсивті – бұлтехникаментехнологияныжетілдірунәтижесінде өндірістік әлеуетті ұлғайту;

ә) экстенсивті- бұлөндірісқуатынпайдаланатынөндірісфакторларысанынұлғайтужәнетехника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде ұлғайту;

б) аралас- өндіріс қуатын пайдаланатын өндіріс факторлары санын көбейту нәтижесінде ұлғайту.

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Макроэкономика анықтамасы.

2.Макроэкономика қарастыратын мәселелер.

3.ЖҰӨ,ЖІӨ,ҰТ,Жеке табыс.

4.Ұдайы өндіріс және оның типтері.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Экономикалық теория негіздері (оқулық) Алматы, 2004 ж.

2. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. Экономикалық теория. Алматы Экономика,2003ж.

3. Шеденов Ө.К. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе, 2004ж.

4.Темірбекова А.Б.,Байжоланова К.С.Экономикалық теория негіздері. Алматы Экономика,2008ж.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-14; Просмотров: 1667; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.