Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тақырып 12. Экономикалдық циклдар.Жұмыссыздық пен инфляция

Лекцияның мақсаты: Циклділік мәнін, классификациясы және экономикалық ауытқуларды, жұмыссыздық және инфляция түрлерін және себептерін ашып қарастыру.

1. Циклділік түсінігі және мәні

2. Экономикалық цикл мәні мен классификациясы.

3. Экономикалық ауытқулардың себептері: сыртқы және ішкі.

4. Жұмыссыздық түрлері және оның көрсеткіштері.

5. Инфляция: мәні, пайда болу себептері және түрлері.

 

1.Циклділік экономикалық динамиканың теңсіздігін бейнелейтін экономиканың табиғи даму тәсілін, қозғалыстың жалпылама формасын көрсетеді.

Циклділік – бұл ұлттық шаруашылық пен дүниежүзілік шаруашылық қозғалысының жалпылама формасын біртұтас жүйе ретінде қарастыру. Ол ұлттық шаруашылықтың әртүрлі элементтерінің қызмет ету тепе-теңдігінің бұзылуын көрсетеді. Циклділік шеңбер түрінде емес, спираль түрінде жүреді. Әрбір цикл өзінің фазаларын, ұзақтығын көрсетеді. Маркстің теориясы бойынша, әрбір цикл 4 фазадан тұрады: дағдарыс, күйзеліс, жандану, көтерілу.

Циклділік теориясын құрған Н.Д.Кондратьев. Ол анықтаған циклділік ұзақ толқындардан құралады. Ұзын толқындар теориясы макроэкономикалық тепе-теңдіктегі ауытқу жағдайында болатын экономикалық жүйені көрсетеді. Циклділіктің қалаыптасу себептері:

1-ден, бұл сұраныс пен ұсыныс арасындағы ауытқулар;

2-ден, бұл ауытқу өндіріс құралдарына сұраныстың өзгеруімен байланысты;

3-ден, бұл тепе-теңдіктен 40-60 жылды құрайтын ұзақ ауытқулар.

Экономикалық өсу үлгілері:

- Әмбебап үлгілер (Ф.Кенэ, К.Маркс);

- “Шығындар-шығару”үлгісі (В.Кондратьев);

- Кейнстік үлгілер (Дж.М.Кейнс);

- Неоклассикалық үлгілер (Ж.Б.Сэй, Дж.Кларк, П.Дуглас пен Х.Кобб, П.Самуэльсон).

2. Экономикалық цикл – бұл экономикалық өсуге ұзақмерзімді тенденция болған кездегі бір-бірінен ұзақтылығымен және интенсивтілігімен ерекшеленетін экономикалық белсенділік деңгейінің көтерілуі мен құлдырау деңгейінің бірнеше жыл бойы қайталануы.

Экономикалық циклдерді 5 белгісіне қарай топтастыруға болады:

1-ші ұзақтылығына қарай 3-ке бөледі: қысқамерзімді (3 жыл 4 ай), ортамерзімді (30 жылға дейін) және ұзақмерзімді (60-70 жыл);

2-ші әрекет ету сферасы бойынша 2-ге бөлінеді: өнеркәсіптік және аграрлық;

3-ші пайда болу ерекшелігіне қарай 6-ға бөлінеді: мұнайлық, азық-түліктік, энергетикалық, шикізаттық, экологиялық, валюталық;

4-ші оралу формасына қарай 2-ге бөлінеді: құрылымдық және салалық;

5-ші кеңістіктегі белгісіне қарай 2-ге бөлінеді: ұлттық және ұлтаралық.

Қысқамерзімді циклдердің ұзақтылығы 3 жыл 4 ай. Дж. Китчин бойынша қысқамерзімді циклдердің себебі алтынның әлемдік қорының ауытқуы; У.Митчелл бойынша – ішкі экономикалық жүйеде. АҚШ-тың қазіргі циклдері – тұтынушылар нарығындағы экономикалық тепе-теңдікті қалпына келтіру.

К.Маркстің ортамерзімді өнеркісптік циклдері анық, олардың ұзақтылығы 8-12 жыл, олардың себебі: өндірістік қорлардың жаппай жаңаруында. К№Жуглярдың экономикалық циклдері несие-ақша жүйесіндегі бұзылымдар себебінен пайда болады, ұзақтылығы 10 жыл. С.Кузнецтің құрылыстық циклдері өндірістік ғимараттар мен тұрғын үйлерді жаңарту себебінен пайда болады, ұзақтылығы 15-20 жыл.

Экономикалық цикл дегеніміз – экономикадағы қалыптасқан бір дағдарыстан екніші дағдарысқа дейінгі уақыт аралығы.

3. П.Самуэльсон бойынша циклдердің экономикалық теориялары экстерналды және интерналды теорияларға жіктеледі. Экстерналдық теория бойынша циклдердің пайда болу себептері – сыртқы факторлардың әсер етуі, оларға соғыстар, төңкерістер, саяси оқиғалар, тұрғындардың миграциясы, ғылыми ашылымдар жатады. Интерналды теория бойынша циклдер ішкі факторлар себебінен пайда болады, яғни өндіріс құрылымындағы пропорцияның бұзылуы, ақша айналымы ауданындағы бұзылымдар, негізгі капиталдың көп жинақталуы.

Мемлекеттік антициклдік реттеудің екі тәсілі бар: неокейнстік және неоконсервативтік (монетаристік). Неокейнстік көзқарас бойынша мемлекеттің әрекет етуші құралдары болып табылады: жиынтық сұранысты өзгерту, мемлекеттік шығындарды көбейту (қысқарту), салықтық жүйені өзгерту, жалақы деңгейін өзгерту. Неоконсервативтік көзқарас бойынша мемлекеттің әрекет етуші құралдары: ақша-несие саясатын өзгерту, ақша массасын өсіру, несие жүйесін өзгерту, пайыздық ставканы өзгерту.

 

 

4.Жұмыссыздық түрлері және оның көрсеткіштері. Жұмыссыздық шығындары.

Жұмыссыздық дегеніміз - жұмыс күшінің 1 бөлігінің тауарлар мен қызметтер өндіруге қатыспауын көрсететін әлеуметті-экономикалық көрсеткіш.

Жұмыссыздық- өндірісте жұмыс істегісі келетін, еңбекке жарамды халықтың жұмыспен қамтылмауы. Жұмыссыздық нарықтық экономикада жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың бұзылуына байланысты пайда болады.

1. Кез келген кезде жұмыссыз қалу үшін әр бір адам үшін үлкен мәселе. Адамдардың көпшілігі үшін жалақ- жалғыз табыс көзі, әрі жұмыс моралдық жағынан адамды қанағаттандырады. Сонымен жұмыссыз қалу материалдық жағдайды төмендетіп қана қоймайды, сондай-ақ болашаққа сенімсіздік туғызады, адам өзін өмірге жарамсыз сезінеді.

Жүмыссыздық- еңбекке қабілетті адамдардың жұмыс істемеуі.

Еңбекке қабілетті адамдар (жұмыс күші)+ жұмыс істейтін және істемейтін жұмысшылардың жалпы саны.

Жұмыс күшіне жатпайтындар- 16 жасқа дейін, арнаулы мекемедегілер, жұмыс күші құрамынан шыққандар.

Жұмыссыздық көрсетікштері:

1) жұмыссыздық дәрежесі- жұмыссыздар саны/ жұмыс күші* 100%

2) жұмыссыздықтың ұзақтылығы

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Тақырып 11. Экономикалық тепе-теңдік және экономикалық өсу | Жұмыссыздық мәні жәнеоның түрлері
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-14; Просмотров: 1320; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.