Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларындағы және ортағасырлық кезеңдердегі саяхаттар




Біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларындағы саяхаттың территориялық мүмкіндіктері жоғары өркениетті елдердің саяхатшылары ашқан жерлерді ашу және жаулаудың арқасында кеңейе түсті. Арабия түбегінде тұратын Арабтар V ғ. бастап өздерінің билігі мен дінін (ислам) заманауи Иран, Түркістан, Сирия, Палестина, Солтүстік Африка территориясына тарата бастады. Араб көпестері Еуропаның барлық теңіздерінде Солтүстік, Оңтүстік және Орталық Азиядан басқа жерлерге жүзді. Атақты араб саяхатшысы Басрдан шыққан Сулейман көпес болды. Ол өзінің маршруттары және барған жерлері туралы жазбаларын (851 ж.) қалдырған. ІХ-Х ғ.ғ. Шығыс Еуропа және Алдыңғы Азия бойынша саяхатты Араб жазушысы Ибн-Даста жасады. Х-ХІV ғ.ғ. арабтар Мысырға, Орталық Азияға, Таяу және Қиыр Шығысқа, Кавказ бен Африкаға (Мадагаскарды қосқанда) саяхат жасады. Араб саяхатшылары жаңа жерлерді игеруде үлкен үлес қосты, маңызды сауда жолдарын бейнелеп, азиялық және еуропалық өркениеттің жақындауына әсерін тигізді. ХІV ғасырлардағы ең атақты араб саяхатшыларының бірі – Ибн-Батута көпес (1304-1377ж.ж.) болды. Ол Мысыр, Сирия, Кіші Азияның шекаралық аймақтары, Ирак және Батыс Арабия, Қытай, Испания, Үндістан, Цейлон елдерін аралады. Оның «Ибн-Батутаның саяхаты» атты кітабы Еуропа тілдеріне аударылған.

Азия жерлерінде саяхатшыларға қону, тамақ және жолсеріктерді ұсынды. Үндістан мен Қытайда түнеу және тамақтану орындары бар жол тораптары пайда болды.

Солтүстік жерлерді зерттеу және жаңа жерлерді игеру нормандықтарға тиесілі болды. ІХ ғасырдан бастап, олар Балтық теңізінің жағалауларын игерді, Римдік және Финдік шығанақтарға кіріп, ежелгі орыс сауда жолдарына Қара теңізге дейін, содан кейін Византияға дейін жорық жасады. Шығыс славяндары «варягтан гректерге дейін» атақты сауда жолын игерді, ол Қара және Балтық теңіздерді байланыстырды.

Адамдардың жаппай қозғалуы ортағасырлық Еуропада крест жорықтары кезінде жүзеге асырылды (1096-1270 ж.ж.). Жолаушы – рыцорлардың соңынан көпестер, діндарлар, паломниктер және кедейлер ерді. Жорықтардың жаулаушылық маңызына қарамастан, олар батыс және шығыс мемлекеттерінің арасында жағымды әсер қалдырды.

Ортағасырлық саяхаттардың көп бөлігі паломниктердің әулие жерлерге баруымен байланысты. Антикалық материалдық мәдениеттік мұра ретінде шіркеулер қарастырылды. ХV ғ.ғ. Римдегі сақталынған антикалық скульпторлық және архитектуралық ескерткіштер туралы ешкімнің есінде жоқ. Саяхатшылар топ болып қозғалатын болған, себебі қарақшылардың шабуыл жасауы аса күшті болған. Еуропада ірі университеттердің пайда болуы ол жерлерге жердің әр бөлігінен келетін болашақ студенттер келе бастады. Университеттердің санының өсуі (ХV ғ. соңында Еуропада олардың саны 75 болды) саяхаттың кең құбылысқа айналуына себепші болды. Осы уақытта тұрақты сарайлар жүйесі қалыптасты, олардың елтаңбалары болды олар биік тіреулерде орналастырылды. Қонақ үй интерьерлері қарапайым болды: столдар, орындықтар, ыдыстарға арналған сөрелер. Жылыту жүйесі ретінде каминалар пайдаланылды.

Осылайша ортағасырларда Еуропа және Азия тұрғындары белгісіз жерлерді аралау мақсатында көптеген саяхаттар жасады. Осының нәтижесінде көптеген территориялар игеріліп, жаңа жолдар салынды. Саяхаттың мінездемесі өзгерді, бірақ кейбір түрлері сол қалпында қалған (білім алу, іскерлік сапарлар). Еуропа елдерінде ең басты маңыздылықты – христиандық әулие жерлерге діндарлардың саяхаты және танымдық мақсаттардағы саяхаттар болып табылады, олардың нәтижесінде туристік қызметтердің түрлерін жүйеледі. Ортағасырларда туризм инфрақұрылымның негізгі элементтері қалыптасты: жолдар, тұрақты сарайлар, харчевни, жолсеріктер мен аудармашылар.

3. ХVІІІ – ХІХ ғ.ғ. Дүниежүзілік туризмнің дамуы. ХVІІІ ғасырдың соңында көптеген елдердің саяхатшыларының белсенді экспедицияларының арқасында жерлердің көптеген бөліктері, теңіздер мен мұхиттар, материктерді өзара байланыстыратын теңіз жолдарының салынулары зерттеліп және ашылған болатын.

ХVІІІ ғасыр үшін саяхаттың жаңа мақсаттары көңіл-көтеру және табиғатта демалудың пайда болуы тән.

Ж.Ж.Руссоның «Эмиль немесе тәрбие туралы» және «Юлия немесе Жаңа Элоиза» романдарының арқасында Еуропада көркем жерлерге саяхаттау атақты болды, себебі бұл жердің бейнелері осы туындыларда берілген.

ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында Франция білім беру орталығына айналды. Парижге шетелдіктер және шет аймақтардан француздар білім алу мақсатында келді. ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында Еуропа жастарының арасында «Еуропаның ірі қалаларына танымдық мақсатта «гран-турлар» кең дами бастады. Жеке тәрбиелік пансиондар өздерінің оқыту бағдарламаларына Еуропа бойынша саяхаттауды – тіл үйрету және өмірлік тәжірибе алу мақсатында қосты.

ХVІІІ ғ. саяхаттың көп бөлігін Англия тұрғындары жасады. Еуропаның негізгі туристік ағымының бағыттары Италия және Швейцариямен байланысты болды. Бұл елдерге саяхатшыларды еліктіретін туристік ресурстар әртүрлі болды: Италияда – антикалық және ортағасырлардағы ескерткіштер, Швейцарияда – әсем табиғаты. Бұл ресурстар ХVІІІ ғ. соңы мен ХІХ ғасырдың бірінші бөлігіндегі туристік ағымдардың нақты мақсатын анықтауды жүййеледі. Бұл екі ел де сол кездері туристерге жоғарғы деңгейлі қызметтер ұсынды.

Сондай-ақ жағымды ішкі саяси тұрақтылық – бұл мемлекеттерге шетелдіктердің келуіне жағдай жасады. Рим империясының дәуірінен белгілі (Баден-Баден, Мариенбад, Карлсбад) минерал және термалдардың қайнар көзі болып табылатын дәстүрлі еуропа курорттарымен қатар, теңіз курорттары да әйгілі болды. Ережеге сәйкес нақты курорттарды жоғарғы тұлғалармен аралау сәнге айналды. Италияға және басқа Еуропаның елдеріне мәдени-танымдық туризм, «суларға» шынығу саяхаттары ХІХ ғасырлардың соңына дейін бұл туризм түрі ақсүйектердің саяхаттау түріне айналды.

Еуропалықтардың Америкаға көшіп келуі сондай-ақ жаппай халықаралық туризмнің дамуына алып келді. Ғылыми техникалық прогресстің нәтижесінде еңбек өнімділігі артып, еңбек етушілердің әлеуметтік құқықтары үшін күресі олардың жағдайының көтеріліп, бос уақытының көбеюіне алып келді. Бұл орта класстағы адамдардың туризмге қосылуына мүмкіндік тудырды. Шенеуніктер мен қызметкерлер арасында жаз айларында саяжайға барып демалу кең жайылды.

Жалпы ішкі және халықаралық туризмнің дамуы – жоғарғы классты қонақ үйдің құрылысына, мейрамхана бизнесінің дамуына үлес қосты. Осылайша, ХVІІІ ғасырдан бастап, саяхатқа тұрақты сұраныс пайда болды. Туристік мақсаттардағы саяхаттар ең алдымен елдің ішінде және оның сыртында да жүргізілді. Саяхаттың негізгі мақсаттары болып табылады: білім, мәдени ескерткіштерге қызығушылық, шынығу, сән. Халықаралық туристік орталықтар қалыптасты: Франция, Италия, Швейцария және теңіз курорттары.

4. ХХ ғасырлардағы туризмнің тарихи ғасырлары. ХХ ғасырдың басы транспорттың әртүрлі дамуымен және т.б. пайда болуымен байланысты. 1769 ж. Неміс өнертапқыштары Г. Даймлер және К.Бенцтің ішкі жану қозғалтқышы бар автокөлік жасауы адамзатқа жылжудың жылдам, әрі қолайы түрін пайдалануға мүмкіндік берді. ХХ ғасырдың бірінші жартысында еуропалық елдерде және АҚШ-та автокөліктер мен автобустар – транспорттың ең кең таралған түріне айналды. Мысалы, Англияда 1904 ж. 8 мың 465 автокөлік, ал 1914 ж. – 132 мың 315 автокөлік болды. Ал 30 ж.ж. соңында Англияның 10м мыңдаған туристері Еуропа бойынша автокөлікпен саяхаттады, 1935 ж. олардың саяхаттарының маршруты Мәскеу және Ленинградқа дейін жетті. 1903 ж. Америкада ағайынды Райдтар ұшақ жасап шығарды, дәл осы уақытта Еуропада алғашқы ұшақтар пайда болды. Теңіз транспорттары жаңарып, сол уақыттардағы ірі лайнерлер – «Сириус», «Лузитания», «Мавритания», «Император», «Фатерланд» және т.б. салынды.

Бақылау сұрақтары:

1. ХV ғ. бастап Еуропалық экспансия күшейе түсуі және сонымен қатар, көпестік саудагерлердің өсуі.

2. Х-ХІV ғ.ғ. Арабтар Мысырға, Орталық Азияға және қандай елдерге, Араб саяхатшылары жаңа жерлерді игеруде үлкен үлес қосты.

3. ХІV ғасырлардағы ең атақты араб саяхатшыларының бірі – Ибн-Батута көпес қай жылдары өмір сүрген және алғашқы жарық көрген кітабы.

4. Жерортатеңізі аймақтарында мекендейтін ежелгі халықтардың жазбалары.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-14; Просмотров: 1486; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.