Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тақырып. Халықаралық экономикалық қатынастар. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу

Әлемдік шаруашылық- ұлттық шаруашылықтарды тұтас халықаралық еңбек бөлінісінің жүйесіне біріктіретін глобальды экономика.

Әлемдік шаруашылықта келесі нысандағы халықаралық экономикалық қатынастар қалыптасады:

1. Халықаралық сауда (ХС)- тауарлар мен қызметтер экспорты негізінде жүзеге асырылатын халықаралық экономикалық қатынастар нысаны.

ХС себептері:

· елдердің экономикалық ресуртармен қамтамасыз етілуінің теңсіздігі, ол тұрғындарды жетпейтін тауарлармен қамтамасыз ету қажеттілігін тудырады;

· елдердегі технология мен олардың деңгейінің әр түрлілігі, оларды айырбастау қажеттілігін тудырады.

ХС мәні келесіде:

· ұлттық ресурстар базасының жеткіліксіздігімен күресі;

· ішкі нарық сыйымдылығын кеңейту және ұлттық нарықпен әлемдік нарықтар арасында байланыс орнату;

· шетелдік ресурстарды тарту арқылы өндіріс масштабын кеңейту.

ХС көлемін: экспорт, импорт, таза экспорт сипаттайды.

ХС пайдалылығы әр түрлі мектептерде әр түрлі анықталады:

· меркантелистер импорттың экспорттан көп болуын жақтады;

· А.Смит басқа елдерден тек осы елдегімен салыстырғанда аз шығындармен өндіретін тауарларды ғана сатып алу керектігін көрсетеді, ол “абсолютті артықшылық теориясы” деп аталлынды;

· Д.Рикардо “салыстырмалы тықшылық теориясын” өңдеді, оған сәйкес қандай да бір тауарды шығару қай елде арзанға түссе, ол сол елде шығарылуы керек.

Елдер арасындағы импорт пен экспортты мемлекет келесі саясаттарды жүргізу арқылы реттейді:

· Протекционизм- ұлттық экономиканы импорттық тауарлардан қорғауға және импортты шектеуге бағытталған саясат.

· Фритредерлік - еркін сауда саясаты.

Ашық экономика - халықаралық қатынастырмен халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуға негізделген экономикалық жүйе.

Жабық экономика - сыртқы экономикалық қызметі шектеулі, изоляцияға ұмтылатын, тәуелсіз шаруашылық бірлік.

Елдің сыртқы экономикалық қызметін сипаттайтын төлем балансы - белгілі бір уақыт аралығындағы шетелдерге төлемдер мен шетелден түскен түсімдер арасындағы өзара қатынасытар.

Сауда балансы - тауар экспорты мен импорты арасындағы өзара қатынастар.

2. Капиталды шығару және халықаралық несие – ұлттық айналымнан капитал бөлігін алып басқа елдерде өндіріс процесіне араластыру. Оның мақсаты - капталды басқа елдегі тиімді өндіріске қатыстыру арқылы пайда табу. Шығарылатын капитал н ысандары: кәсіпкерлік немесе ссудалық.

3. Жұмыс күшінің халықаралық миграциясы – еңбекке қабілетті тұрғындардың ұлттық шекарадан тыс жерлерге ауысуы, көші-қонуы. Оның себептері:

· экономикалық: елдебілікті мамандарға сұраныстың төмендеуі, ұсынысының артуы, еңбек ақыдағы халықаралық айырмашылықтар;

· сыртқы экономикалық: демографиялық, саяси, діни, ұлттық, мәдени, жанұялық және т.б..

4. Халықаралық еңбек бөлініс і- қандай да бір елдің басқа елдерге сату мақсатымен тауарлар мен қызметтің қандай да бір түріне мамандануы. Бастапқыда бұл процесс елде минералды ресурстардың болуымен және оның геогрфиялық ортасымен негізделді, 20 ғ. бастап, ол ҒТП және елдегі жұмыс күшінің деңгейімен байланысты болды.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Тақырып. Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаты | Халықаралық валюталық қатынастар
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2013-12-13; Просмотров: 789; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.