Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе




Астана

МАЗМҰНЫ

Курстық жұмыстың оқу-әдістемелік тапсырмалары  
Курстық жұмысты ресімдеу талаптары  
Курстық жұмыс мазмұны мен құрамы  
Курстық жұмыс мазмұны бойынша берілетін деректер  
Кіріспе  
АРНАЛУЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ  
БАЗАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР ЖӘНЕ НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР  
АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕНУЛЕР, ҚЫСҚАРТУЛАР  
СМЖ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ КЕЗІНДЕГІ ӘРЕКЕТТЕР ТІЗІМІ  
САПАНЫ БАСҚАРУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СҰЛБАЛАРЫ  
ПРОЦЕССТІК ТӘСІЛДЕМЕНІ ІСКЕ АСЫРУ  
САПАНЫ БАҚЫЛАУ  
СМЖ ҚҰЖАТТАМАСЫ  
САПАНЫ ЖАҚСАРТУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР  
Қорытынды  
Қолданылған әдебиеттер тізімі  
Қосымшалар  
Курстық жұмысты қорғауды ұйымдастыру  
Курстық жұмысқа тақырыптар мысалдары  
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі  

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ТАПСЫРМАЛАРЫ

050732 – стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығы үшін Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарты бойынша жасалған.

 

«Сапа менеджменті жүйесі» пәнін игеруде студенттер:

 

Еліміздің түрлі мемлекеттермен сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық бірлестігінің белсенді дамуының өзектілігін түсініп, сапа туралы ойдың эволюциялық дамуы жөнінде, сапаны басқару үрдістері, стратегиясы, менеджменті, сәйкестік сипаттамалары жөнінде ТҮСІНІГІ БОЛУ КЕРЕК.

 

Сапаны басқару процестері, стратегиясы, менеджменті, сәйкестік сипаттамалары және отандық өнімдердің сапасын және оның дүниежүзілік рынокта конкуренттік қабілетін ұлғайту жолдарын талдап БІЛУ КЕРЕК.

 

ИСО 9000 сериялы сапа менеджменті жүйелері саласындағы стандарттар талаптарын, процесстік ықпал, сапа менеджменті жүйелерін кәсіпорындарға енгізу алггоритмін, қағидаларын, құжаттамаларын, моделін, ұдайы жақсарту, аудит, сертификаттау ретін БІЛУ ҚАЖЕТ.

Тәжірибеде сапа менеджменті жүйелерін ИСO 9000 сериялы стандартының ережелері мен талаптарына сәйкес енгізуді ІСКЕ АСЫРА БІЛУ КЕРЕК.

 

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты студенттердің сапа менеджмент жүйелерін салаларда әзірлеп енгізуде, өнімнің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі сұрақтарды шешуде халықаралық стандарттау мен менеджмент жүйелерін сертификаттауда стандарттар ережелерін өндіріске енгізу және жобалау бойынша оптималды жолдарды анықтауда теориялық және практикалық білім алуы.

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ РЕСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ

 

Курстық жұмыс 14 өлшемді Times New Roman қарпімен терілген көлемі 25 беттен кем емес мәтіндік бөлімнен тұруы керек; рамка өрістері: сол- 20 мм; жоғарғы, төменгі, оң – 5 мм

Мәтіндік бөлімнің мазмұнын келесідей рәсімдеу керек:

Титул беті

Тапсырма

Мазмұны

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРАМЫ

ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАР

СМЖ құру үшін ұйымның жоғары басшылығының стратегиялық шешімі қажет.

СТ ҚР ИСО 9001 талаптары әмбебап және меншік түрі, персонал саны, қызмет түрі мен шығарылатын өнім немесе көрсетілетін қызмет түріне тәуелсіз барлық ұйымдар үшін арналған.

Жұмысты тез және тиімді жүргізу үшін жоғарғы басшылық СМЖ жауаптылар тағайындайды. СМЖ бағалау үшін ішкі аудиттер жүріп тұрады. СМЖ жасағанда адамға, факторға байланысты. СМЖ енгізу үшін қызметкерлерді оқыту керек және ашық ақпараттандыру керек.СМЖ әзірлеу, жасау негізгі 8 қағидаға негізделеді. Сонымен қатар, бір мекеменің СМЖ құжаттау деңгейі басқасынан ұйымда болып жатқан процестің күрделілігі мен әсерлесуіне, персоналдың қызмет бабына, ұйымның жалпы даму деңгейіне байланысты бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін.

СМЖ-ні әзірлеу және енгізуді негізгі 5 кезеңге бөлуге болады:

1-кезең Ұйымдастыру-дайындық

2-кезең СМЖ әзірлеу

3-кезең СМЖ енгізу

4-кезең СМЖ сертификаттау.

5-кезең СМЖ жұмыс күйінде ұстау және ұдайы жақсарту

 

СМЖ өңдеу, енгізу және сертификаттауға дайындау сапа менеджменті қағидалары негізінде жүзеге асыру керек. Ұйым басшылығы нәтижелі әрі тиімді СМЖ құру бойынша алға қойылған мақсаттарды ұстанатындығын көрсету керек. Жұмысқа ұйымның барлық қызметкерлері кірісуі керек.

СМЖ құрудың барлық кезеңдерінде ерекше назарды қызметкерлерді ақпараттандыру мен СМЖ өңдеу жұмысына кірісуіне, сондай-ақ, персоналды сапаны басқару әдістері мен қазіргі заманғы қағидаларына үйрету мәселелеріне аудару керек.

Ұйымды тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін сапа менеджментінің сегіз қағидасы қалыптастырылған:

1-қағида Тұтынушыға бейімделу

2-қағида Басшылықтың көшбасшылығы

3-қағида Қызметкерлерді тарту

4-қағида Процестік тәсілдеме

5-қағида Менеджментке жүйелі тәсілдеме

6-қағида Ұдайы жақсарту

7-қағида Фактілерге негізделген шешімдерді қабылдау

8-қағида Жеткізушілермен өзара тиімдіқарым-қатынастар

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе

АРНАЛУЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ

БАЗАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР ЖӘНЕ НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕНУЛЕР, ҚЫСҚАРТУЛАР

СМЖ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ КЕЗІНДЕГІ ӘРЕКЕТТЕР ТІЗІМІ

САПАНЫ БАСҚАРУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СҰЛБАЛАРЫ

САПАНЫ БАҚЫЛАУ

СМЖ ҚҰЖАТТАМАСЫ

САПАНЫ ЖАҚСАРТУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ БОЙЫНША БЕРІЛЕТІН ДЕРЕКТЕР

Кіріспеде таңдалған және жетілдірілген тақырыптың өзектілігін негіздеу керек. Курстық жұмыста шешілетін мақсат пен негізгі тапсырмаларды қисынға келтіру.

 

Арналуы және қолданылу аясы

Бұл бөлімде бұйымның сипаттамасы мен тағайындалу аймағын, қолдану жағдайларын, белгіленуін, сонымен қатар оларға қосымша талаптарды; бұйым дамуының қысқаша тарихын сипаттау керек. Бұйымның класы, тобы, сұрыптылығы және т.б. анықталады.

Базалық мәліметтер және нормативтік сілтемелер

Курстық жұмыс мәтінінде пайдаланылған базалық мәліметтер мен сілтемелер берілген нормативтік құжаттарға сілтемелер берілген нормативтік құжаттар тізбесі беріледі.

Анықтамалар, белгіленулер, қысқартулар

Курстық жұмыс мәтінінде пайдаланылғананықтамалар, белгіленулер, қысқартулар болса бөлек көрсетуге болады.

СМЖ әзірлеу және енгізу кезіндегі әрекеттер тізімі

· СМЖ үшін керекті үрдістерді анықтау;

· бұл үрдістердің кезегі мен өзара байланысын енгізу;

· тиімді әрекеттер мен басқару үшін критерийлер мен әдістерді анықтау; ақпарат пен ресурстармен қамтамасыз ету;

· бұл үрдістерді қадағалау, өлшеу және анализдеу;

· жоспарланған нәтижелер мен осы үрдістердің үнемі жақсаруы үшін шаралар қолдану.

Сапаны басқарудың құрылымдық және функционалдық сұлбалары

Сапа менеджменті жүйесін енгізіп немесе талдап жатқан ұйымның құрылымдық және функционалдық сұлбалары беріліп талданады. Сапа менеджменті жүйесі процесстеріне жауаптылардың міндеттері бөлінген матрица беріледі.

 

Процесстік тәсілдемені іске асыру

ҚР СТ ИСО 9001 стандартында ұйымда процесстік тәсілдемені іске асыру үшін қажетті талаптарды бекітеді. Табысты қызмет ету үшін ұйым әрекетінің өзара байланысқан әрекеттері мен ресурстарын біріктіріп процесс ретінде қарау басқару процесстік тәсілдеме. Процесс дегеніміз бір-бірімен байланысты кірісі және шығысы бар анықталған ресурстар арқылы қолданылуы арқылы жасалынатын қызмет түрі.

Ұйымда процесстік жақын келуді орындау үшін:

1) Сапа менеджмент жүйесіне қажетті процесстерді тенестіреді;

Процесстерді анықтау кезінде ұйым келесі факторларды қарап шыға алады-өнім сапасына ықпалын жасау, тұтынушының қанағаттанбай қалу тәуекелдігі,заң шығарушы және міндетті талаптар,экономикалық тәуекел, қызметші жете білушілігі,процесстердің қиындығы және т.б.

2) процесстерді суреттеп айтады, яғни әрбір процесстің кіріс және шығыс

нәтижелерін анықтау, орындау кезеңдерін, процессті өлшеу және мониторинг, процесстің

ағысы үшін қажетті ресурстар, процесстердің жұмыс жасау және мониторингі кезіндегі ұйым жұмысшыларының жауапкершіліктері және өкілеті;

3) процесстер арасындағы негізгі байланыстары мен жүйелілігін анықтайды;

4) процесстердің мақсаттарын жасайды және осы мақсаттарға жетудің көрсеткіштер жүйесін, процесстерді басқару және бағалау нәтижелігін жүзеге асыру кезіндегі критериларды анықтайды;

5) мониторинг объектілерін анықтайды, мониторинг әдістерін, талдау реті және монитеринг нәтижелерін дайындайды;

6) процесстердің нәтижелілік бағалау әдістерін орнатады.

Сапаны бақылау және бағалау

Сапа менеджменті жүйелерін бағалау

Сапа менеджментінің жүйесін бағалау барысында әрбір бағаланған көрсетілімдерге 4 маңызды сұрақ қойылады.

1. Белгіленген процесс.

2. Процессті жақсартуға талдау, мониторинг өлшемін енгізуге жауаптылар тағайындау.

3. Процедуралар жұмыс жағдайында ма? Және олар енгізілуде ме?

4. Қажет етілген нәтижелердің табысы нәтижелі ме?

СМЖ бағалау қолданылу аясына қарай ерекшеленуі және келесілерді қамтуы мүмкін:

аудит (тексеріс);

сапа менеджмент жүйесінінің талдауы;

өз-өзіне баға беру.

СМЖ аудиті (тексерісі).

Бірінші жақтармен (ұйымның өзімен) немесе оның атынан ішкі мақсаттар үшін жүргізілетін аудиттер, ұйыммен өзінің сәйкестігі жайлы мәлімдеуі ретінде қолданылады.

Екінші жақпен өткізілетін аудиттер ұйым тұтынушыларымен немесе тұтынушылар атынан басқа да тұлғалармен өткізіледі.

СМЖ талдауы.

Жоғарғы басшылықтың алдына қойған талаптардың бірі – сапа облысында саясат пен мақсаттарды ескере отырып, СМЖ жарамдылығын, адекваттылығын, тиімділігін және нәтижелілігін тұрақты жүйелі түрдегі бағалауды өткізу.

СМЖ талдауы кезінде басқа да ақпарат көздерімен қоса, аудиттер бойынша есептер қолданылады.

Өз-өзін бағалау.

Ұйымның өзін-өзі бағалау ұйым қызметінің және нәтижелердің СМЖ немесе жетілдіру моделіне қатысты жан-жақты және жүйелі түрдегі талдауы болып саналады.

СМЖ құжаттамасы

СМЖ негізгі құжаттамасында мыналар болуы керек:

· сапа саясаты мен мақсаттары;

· сапа жөніндегі басшылық.

Жоғарғы басшылық сапа саласындағы саясаттың келесідей болуын қамтамасыз етуі керек:

· ұйым мақсатына сәйкестігін;

· СМЖ талаптарына сәйкес және үнемі нәтижелілікті жоғарыға бағыттауға міндетті;

· сапа саласындағы мақсаттарға және оны талдауға негіз салу;

 

· ұйым қызметкерлеріне жеткізіп, оларға түсінікті болу керек;

· үнемі жарамдылыққа анализ жасалуы керек.

Ұйым сапа бойынша басшылықты жасап, оны жұмыс қалпында сақтауы керек, оның құрамында:

· Қандай да болсын ерекшеліктерді қосып СМЖ ашып жазу;

· Оларға құжаталған процедуралар немесе сілтемелер;

· СМЖ үрдістерінің өзара байланысын ашып жазу.

Құжатталған процедура - әзірленіп, құжат түрінде ресімделген, енгізілген және жұмыс жағдайында жүргізілетін процедура.

Құжатталған процедуралар:

· құжаттаманы басқару;

· жазбаларды басқару;

· СМЖ ішкі аудитін жүргізу;

· талаптарға сай емес өнімді басқару;

· жөндеу жұмыстарын өткізу;

· ескерту жұмыстарын өткізу;

· тиімді жоспарлау, жұмыс істеу және үрдістерді басқару үшін керекті құжаттар;

· сапа бойынша жазбалар.

Құжат кез келген формада және кез келген тасымалдаушыда болуы мүмкін.

Құжаттаманы басқару

Басқарудың қажет құралдарын анықтау үшін құжатталған процедура жасалуы керек. Құжатталған процедура мыналарды қарастырады:

а) құжат шыққанға дейінгі адекваттілікке тексереді;

б) құжатты қажеттілігіне қарай анализ жасау және өзектендіру және қайта бекіту;

в) құжаттардың өзгерістерін индентификаттауын қамтамасыз ету және статусын қайта қарау;

г) құжаттарды қолдану орындарында олардың сәйкес нұсқасымен қамтылуы;

д) құжаттардың анық болуын және оңай идентификатталуын қамтамасыз ету;

е) сырттан келген құжаттың идентификатталуын қамтамасыз ету және оны таратуды басқару;

ж) ескірген құжаттарды әдейі қолдануды тоқтату, ал белгілі бір мақсаттармен қалдарылған құжаттарды идентификттау.

Жазбаларды басқару

Жазбалар анық, жеңіл идентификатталатын және қалпына келтірілген болуы керек. Жазбаларды басқаруда мыналарды анықтайтын құжатталған процедуралар болуы керек:

· идентификаттау;

· сақтау;

· қайта қалпына келу;

· сақтау мерзімдері;

· алып тастау және жою

Сапаны жақсарту бойынша іс-шаралар

Өлшеу, талдау және жақсарту

Мониторинг және өлшеу:

· тұтынушылардың қанағаттануы;

· ішкі аудиттер;

· үрдістердің мониторингі және өлшеу;

· өнім мониторингі және өлшеу;

· сәйкес емес өнімді басқару;

· деректерді талдау.

Жақсарту:

· үнемі жақсарту;

· түзетуші әрекеттер;

· ескертуші әрекеттер.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-04; Просмотров: 2727; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.093 сек.