Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Энтальпия




Термодинамиканың есептерінде u+pv мөлшер кездеседі. u, p, v жұмыстық дененің күй парметрі болғанан u+pv мөлшері де күй параметрлері. Бұл мөлшерді анықтау үшін жұмыстық дененің қысымы өзгерген жағдайдағы жасайтын жұмыстың қолданады.W12=V(P1–P2)

W12 – қысым өзгергендегі істелетін жұмыс мөлшері; V – V1 мен V2 арасындағы көлемнің орташа мөлшері.

Графиктегі аудан 1256 қысым өзгергендегі жасалытын жұмыс мөлшері. 1234 көлем өзгендегі жұмыс мөлшері.

Аудан1406+аудан1234–аудан2305=аудан1256. Аудан1406=P1V1, аудан1234=ℓ, аудан2305=P2V2, аудан1256=W12.

P1V1+ℓ–P2V2=W12. P1V1–P2V2+ℓ=W12. ℓ= P2V2– P1V1+W12.

Термодинамиканың І заңы бойынша q=Δu+ ℓ. q=u2–u1 +ℓ.

q=u2–u1 +P2V2–P1V1+W12. q= (u2 +P2V2) – (u1 +P1V1)+W12. Мұндағы u +PV =і –энтальпия.

q= і2і1 +W12. Бұл теңдеу термодинамиканың І заңының екінші түрі.

u +PV теңдеудегі u=cvT. Ал PV=RT.

Онда і=cvT +RT = (cv +R)T. Майер заңы бойынша R p–сv. сp= сv +R.

і= сp T.

Демек идеалдық газдың энтальпиясы ол газдың тұрақты қысымдағы жылу сыйымдылығы мен абсолюттік температурасының көбейтіндісіне тең.

 

Термодинамиканың екінші заңы

Айналымды процесс жөніндегі түсінік

Жылу машинасының үздіксіз жұмыс алуы үшін мұндағы жұмыстық дене өз көлемін ұлғайтып жұмыс жасағанан кеін өзінің бастапқы күйіне қайта келуі шарт. Бұл процесті тұйық цикл немесе айналымды процесс деп айтады. Жұмыстық денеде q1 мөлшерінде берілген жылу нәтижесінде жұмыстық дененің көлемі 1–3–2 мөлшерінде ұлғаяды. Мұндағы жұмыс мөлшері 13245 ауданға тең. Бұл жұмысты оң жұмыс деп айтады (көлем ұлғаю жұмыс). 2–7–1 жұмыстык дененің сығу процессі. Жасалған жұмыс 27154 ауданымен өлшенеді, бұл теріс жұмыс деп айтады (жұмыстық дененің көлемін азайту процесі).

q1= 13245аудан, q2= 27154 аудан. ℓпайдалы =q1–q2. Пайдалы әсер коэффициент жұмыстың толық істейтін жұмысқа қатнасына тең. ηПӘК=lц/q1=(q1–q2)/q1=1–(q2/q1).

Айналымды процесс тура және кері бағытты болады. Егер көлем ұлғаю жұмысы көлем азйту жұмысынан (жұмыстық дененің сығу жұмысынан) көп болса мұндай процесті тура процесс деп айтады. Егер жұмыстық дененің көлемін азайту жұмысы ол дененің көлемін ұлғайту жұмысынан көп болса, мұндай процессті кері процесс деп айтады.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-05; Просмотров: 711; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.