Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Шет елдегі медицина 8 страница




Медициналық мекемелердің қаржыландыруы:

· Мемлекеттік медициналық мекемелердің шығын сметасы бойынша;

· Бюджеттік бағдарламалар басқарушыларының келісімі бойынша медициналық мекеме көрсеткен медициналық көмектің көлемінің шығындарын қайтару арқылы;

· Адам басына шағылған нормативы бойынша, тіркелген тұрғындар саны бар, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелері;

Денсаулық сақтау жүйесіндегі қаражаттар бағытталады:

· Кепілді медициналық көмек көрсету көлемінің шығындарын жабуға;

· Денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларға;

· Денсаулық сақтау мекемелерінің жабдықталуына;

· Медициналық техника және құралдарды, иммунобиологиялық препараттарды, вакциналарды, қан және оның компоненттерін, маңызды дәрілерді сатып алуға;

· Жұқпалы арулардың эпидемиясын жоюға;

· Медицналық және фармацевтикалық қызметкерлердің білімін жоғарлатуға;

· Медициналық ғылымның дамуына және нәтижелерін еңгізуге;

· ҚР заңына қайшы келмейтін басқа да шығындарға.

Денсаулық сақтауды жоспарлау – мемлекеттік жоспарлаудың мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуына және денсаулық сақтаудың материалды, еңбекті және қаржылық ресурстарын барынша тиімді пайдалануға бағытталған құрамдық бөлімі.

Денсаулық сақтауды жоспарлаудың қағидалары:

· Мемлекеттік саясатқа жоспарлық тапсырмалардың сәйкес болуы;

· Жоспардың мақсатты бекітілуіне ғылыми негіз;

· Орталықтанған жоспардың аймақтық жоспармен үйлесуі;

· Ағымдағы жоспарлаудың стратегиялық жоспарлаумен байланысы;

· Жоспардың іске асуын бақылау;

Жоспар орындалу мерзіміне байланысты ағымдағы және перспективті болып бөлінеді.

Перспективті жоспарлаудың мысалы болып мемлекет дамуының «Қазақстан 2030» стратегиясы болып табылады.

Жоспарлау әдістері:

¯ Аналитикалық әдіс – ағымдағы жағдайды талдау мен бағалауда қолданылады;

¯ Салыстырмалы әдіс;

¯ Баланстық әдіс;

¯ Нормативтік әдіс;

¯ Экономико – математикалық әдіс;

Денсаулық сақтау жоспарларының негізгі түрлері:

· Денсаулық сақтау мекемесінің даму жоспары;

· Медициналық мамандарды дайындау жоспары;

· Еңбек жоспары;

· Салым капиталының жоспары;

· Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспары;

· Денсаулық сақтауды қаржыландыру жоспары;

Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасындағы 10 слайд

Әдебиеттер:

1. Айдаралиев А., Айнекеноа Ч, Горбунова Л, Джапарова Д., Камалиев М., Кашицина Л., Такырбашев К. Экономика здравоохранения /курс лекций/ - Б., 2001. – 272 б.

2.Социальная гигиена и организация здравоохранения»./Под. ред.Ю.П. Лисицина, Казань.–1999 г.

3.Лисицын Ю.П., Полунина Н.В. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник.-М.: Медицина,2002.- 416б.

4.Поляков И.В., Зеленская Т.М., Ромашов П.Г., Пивоварова Н.А. Экономика здравоохранения в системе рыночных отношений. / Учебное пособие. Санкт-Петербург, 1997.

5.Экономика здравоохранения: Учеб.пособие / Под общ.ред.А.В. Решетникова.- 2 изд., исп.и.доп.-М., 2004.- 272 б.

Бақылау сұрақтары:

1. Денсаулық сақтауды қаржыландыру ұғымының анықтамасы.

2. Денсаулық сақтауды қаржыландыру көздерін атаңыз.

3. Бір жыл ішінде бір тұрғынға жұмасалатын бюджеттік қаржыландыруды есептеу әдістемесі.

4. Медициналық көмектің қандай түрлері кепілдеме көлеміне кіреді?

5. Ақылы медициналық көмек бағасын есептеу қалай жүргізіледі?

6. ЕПМ сметасын құру тәртібі.

7. Денсаулық сақтауды жоспарлаудың анықтамасы.

8. Денсаулық сақтауды жоспарлаудың негізгі қағидалары.

9. Денсаулық сақтауды жоспарлаудың әдістері.

10. Бизнес жоспар анықтамасы.

11. Бизнес жоспар қандай құрылымдық бөлімдерден тұрады?

 

3 тақырып. Медициналық көмек сапасын бағалау.

Мақсаты: Медициналық қызмет сапасын бағалаудың теориялық жағдайымен, денсаулық сақтау сапасын бақылау жүйесімен, денсаулық сақтаудағы стандарттар түрлерімен таныстыру.

Қазіргі таңда әлеуметтік – экономикалық жағдайда мемлекеттік – әлеуметтік саясаттың маңызды мәселелерінің бірі болып – денсаулықты қорғау және тұрғындарды қолжетімді, қатерсіз сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету болып табылады.

ДДҰ бойынша сапамен қамтамасыз етудің еуропалық аймақтық бюросының ұсынуымен медициналық көмек қамтамасыз ету және бақылау қызметі 4 қызметімен атқарылады: кәсіби – емдік диагностикалық үрдіс технологиясының орындалуы, науқасқа қауіп, ресурстарды тиімді пайдалану, науқастың көңілінен шығу.

Медициналық көмектің сапасын медициналық қызметтің науқасқа қатысты бағалаудың 4 позициясымен анықтауға болады:

1. Қолжетімді медициналық көмек;

2. Медициналық көмектің қауіпсіздігі;

3. Медициналық көмектің тиімділігі;

4. Науқастың көңілінен шығу.

Медициналық көмек сапасының 3 компоненті (Донабедиан триадасы):

- Құрылымдық сапа;

- Технология сапасы;

- Нәтиже сапасы.

Медициналық көмек сапасын бақылау жүйесінің қатысушылары:

- Медициналық қызмет көрсету жағынан бақылау;

- Медициналық көмекті қолданушы жағынан бақылау;

- Медициналық қызметті өндіру және қолдануға тәуелсіз басқа ұйымдардан бақылау.

Стандарттар стандарттау обьектісіне қатысты регламенттелетін нормалардың, ережелердің міндетті қажеттіліктердің нормативтік техникалық құжаты.

Денсаулық сақтаудағы стандарттау – денсаулық сақтаудағы жоғары тиімді дәрежеге жету жолында бағытталған қажеттіліктердің, нормалардың, ережелердің, жағдай сипатын, өнімнің, технологияның, жұмыстың, қызметтің қызметін қалыптастыру мен бекіту.

Медициналық стандарттың төмендегі түрлерін ажыратамыз:

1. Әкімшілік-аймақтық бөліне бойынша: халықаралық, ұлттық, мемлекеттік, аймақтық және жергілікті;

2. Стандарттау обьектісі бойынша: құрылымдық-ұйымдық, кәсіби, технологиялық;

3. Пайдалану механизімі бойынша: қарапайым, топтық.

ҚазақстанРеспубликасындағы медициналық қызмет сапасымен қамтамасыз ету жүйесінің жағдайы.

Медициналық көмектің сапасын басқаруды іске асыру үшін ҚР Үкіметінің 15-ші желтоқсан 2005 жылғы № 1327 бекітілуі бойыншы ҚР денсаулық сақтау министрлігінде жаңа мемлекеттік ұйым – медициналық қызмет сапасын бақылау комитеті құрылды.

Комитеттің қызметін шартты түрде 2 категорияға бөлеміз: бақылау-рұқсаттық және іске асырушы.

Медициналық көмектің сапасын бақылау медициналық ұйыммен көрсетілетін медициналық көмектің көлемінің сапасы мен бақылау нәтижесін құрайды. Ұйымда сапалық зерттеу таңдамалы жүргізіледі, қажет жағдайда міндетті зерттеу жүргізіледі.

Медициналық қызметкерлерінің мамандандырылған дәрежесіне сәйкес бақылау.

Комитеттің бір бағыты болып денсаулық сақтау ұйымының жетекшілерін аттестациялау және медициналық қызметтердің жоғары және бірінші мамандандырылған дәрежені иемденуді жүргізу болып табылады.

Лицензиялау – денсаулық сақтау аумағындағы сапаны бақылаудың негізгі компоненті болып табылады, медициналық және дәрігерлік қызметпен айналысуға физикалық және заңды түрде рұқсат беретін мемлекеттік ұйым қызметін іске асырады.

Денсаулық сақтау аумағындағы лицензиялау және аккредитация – екі бағдарламаның да негізі болып ішкі бағалау және бекітілген стандарттау болып табылатын спаны жақсартуға бағытталған екі бағдарлама. Алайда, аккредитация – бұл лицензиялау үрдісі емес, оның мақсаты – медициналық қызмет көрсетудің минималды деңгейге қатысты тиімділігін жоғарылату.

Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасындағы 10 слайд

Әдебиеттер:

1. Аканов А.А., Куракбаев К.К., Чен А.Н., Ахметов У.И. Организация здравоохранения Казахстана. – Астана. Алматы, 2006. – 232 б.

2. Девятко В.Н., Куралбаев Б.С., Захаров И.С., Исаев Д.С., Чен А.Н. Ключевые аспекты развития региональных программ общественного здравоохранения. – Алматы, 2004. – 342 б.

3. Медик В.А., Юрьев В.К. Курс лекций по общественному здоровью и здравоохранению. Часть 3. Экономика и управление здравоохранением. – М.:Медицина, 2003. – 392 б.

4. Муминов Т.А., Камалиев Т.А. Анализ здравоохранения с позиций социального маркетинга.- Алматы, 2003.- 170 б.

5. Отношение населения к своему здоровью и системе здравоохранения: результаты социологического исследования / под ред. Г.Нокиной, В.Гуревич. – Алматы: «Фонд XXI век», 2002. – 220 б.

Бақылау сұрақтары:

1. Медициналық көмек сапасының анықтамасы.

2. Медициналықкөмек сапасының 3 компоненті.

3. Денсаулық сақтаудағы стандарттау анықтамасы.

4. Аккредитация мен лицензиялаудың айырмашылығы.

5. Медициналық көмек сапасын бақылау элементтері.

4 тақырып. Медициналық сақтандыру. Шет елдердегі медицина.

Мақсаты: Қазіргі деңгейдегі медициналық сақтандыру бағдарламасын анықтау. Әлемдегі медициналық сақтандырудың негізгі жүйелері туралы білім қалыптастыру.

Сақтандыру – бұл болжамсыз табиғи, шаруашылық немесе әлеуметтік көріністермен негізделген заттай нұқсанның орнын толтыруға арналған арнайы фондтардан, әртүрлі жағдайларда азаматтарға және олардың отбасына көмек көрсетіді қамтитын экономикалық қатынас жүйесі.

Сақтандыру жағдайы сақтандырылған адамның қандай да бір жағдайлардың пайда болуына байланысты сақтандыру келісім шартына сәйкес сақтандыру фондынан төлемақы жүргізілетін факт.

Сақтандырушы – сақтандырылған тұлғамен келісім шарт жүргізетін заңға сәйкес заңдық күші бар физикалық тұлға.

Сақтандырылған адам – заңға сәйкес сақтандыру қызметтерін пайдалануға құқығы бар ұйымддастырушы – құқықтық форманың заңды тұлғасы.

Сақтандырылған – өз пайдасына шешілетін сақтандыру келісіміне отырған тұлға.

Сақтандыру обьеектісіне қатысты 3 түрін ажыратады:

- Заттай сақтандыру;

- Жауапкершілікті сақтандыру;

- Жеке сақтандыру.

Медициналық сақтандыру, анықтамасы, түрлері

Медициналық сақтандыру — бұл азаматтардың денсаулығын қалпына келтіруге және медициналық көмек алуға байланысты жұмсалатын шығындар объектісі болып табылатын сақтандыру түрі.

Әдетте медициналық сақтандыруда сақтандыру ақшалай түрде емес, медициналық түрде көрсетіледі.

Міндетті және келісілген медициналық сақтандырудың айырмашылықтары және ерекшеліктері.

1. Міндетті медициналық сақтандыру арнайы заңмен жүргізіледі. Келісілген медициналық сақтандыруға қату\ысушылар арасында өщара келісіммен жүргізіледі.

2. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сақтаушы ретінде:

- Мемлекет;

- Жұмыс беруші;

- Сақтандырылған азаматтар болып табылады.

Келісілген сақтандыруда сақтандырушы ретінде:

- Жұмыс беруші;

- Азаматтар болып табылады.

3. Міндетті медициналық сақтандыруда сақтанушы сақтандыру компаниясымен міндетті түрде келісімге отырады, ал келісілген сақтандыруда келісім шарт өз еркімен жүргізіледі.

4. Міндетті медициналық сақтандыруда сақтандыру салымы заңды түрде сақтанушының төлем ақы мөлшерінің пайыздық қатынасымен анықталады.

5. Міндетті медициналық сақтандыруда медициналық мекемемен көрсетілетін медициналық қызмет тарифтері арнайы тарифтік комиссиямен аймақтық деңгейде анықталады, комиссия құрамына сақтандырушы мекеме, мемлекеттік басқару ұйымы, кәсіби медициналық ұйым қызметкерлері кіреді.

Келісілген медициналық сақтандыруда медициналық қызмет тарифтері сақтандырушы мекеме мен өзара келісілген ұйым арасында жүргізіледі.

Экономикалық дамыған мемлекеттерде тұрғындарға медициналық көмек көрсету ұйымының 3 формасы бар:

¯ Жеке кәсіпкерлік;

¯ Сақтандырушы;

¯ Мемлекеттік.

Әлемдік денсаулық сақтау жүйесінің мәселелері:

¯ Шығындар өсімі;

¯ Тиімсіздік және шығын;

¯ Сапаға сәйкестік;

¯ Емдеу технологиясының тиімсіздігі;

¯ Адамдарға көңіл бөлу жетіспеушілігі;

¯ Емдік реабилитациялық үрдісте көрсетілген қызметтердің теңсіздігі;

¯ Медициналық көмек көрсетудің фрагменттерінің болмауы.

Әлемдік денсаулық сақтау жүйесіндегі тенденцисы.

Жұмыстың ұйымдастырылуына қатысты:

· Сатып алушы мен өндірушілерге бөліну;

· Фонд ұстаушы негізіндегі біріншілік звено;

· Сақтандырушылар арасындағы бәсекелестік;

· ЕПМ – дер арсындағы бәсекелестік;

· Емханалардың автономиясы немесе өзіндік басқаруы;

· Жеке сектордан менеджмент теорияларын пайдалану;

· Көмек көрсетудің кешендік сызбасы;

Экономикалық тиімділікке қатысты:

· Әлемдік бюджет;

· Өзіндік құн негізінде шығындардың орнын толтыру;

· Дәрігерлермен қоса, өндірушілердің аралас төлемақы жүйесі;

· Стационарға альтернативтер;

· Ішкі келісімшарт.

Қолжетімділікке қатысты:

· Міндетті медициналық сақтандыру;

· Жанды негізде ресурстарды бөлу;

· Емделушінің таңдау құқығы;

· Қызметтің негіздік пакеті;

· Денсаулық жағдайы және оның өсуі.

Мемлекеттік денсаулық сақтау қағидалары:

- Денсаулық сақтауды қаржыландырудың көзі ретінде мемлекеттік салық;

- Медициналық көмекті қаржыландырудың компенсаторлық қағидасы;

- Көптеген медициналық мекемелердің мемлекеттік жағдайы;

- Ресурстарды тиімді үнемді пайдалану;

- Дәрігерлер еңбекақысын тарифтік жүйеде төлеу;

- Медициналық қызмет көрсету сапасын әкімшілік бақылау.

Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасындағы 10 слайд

Әдебиеттер:

1. Лисицын Ю.П., Полунина Н.В. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – М., 2002.– 416 б.

2. Миняев В.А. Вишняков Н.И. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – М., 2006. – 520 б.

3. Г.Ю. Пругло Использование компьютерных технологий в медицинской статистике (учебно-методическое пособие) – Алматы, 2004 – 51 б.

4. Тульчинский Т.К., Варавикова Е.А. Новое общественное здравоохранение: Введение в современную науку. – Иерусалим, 1999.– 1049 б.

5. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение. – С.-Петербург, 2000.– 914 б.

Бақылау сұрақтары:

1. Медициналық сақтандырудың анықтамасы мен түрлері;

2. Міндетті және келісілген медициналық сақтандырудың ерекшеліктері;

3. Шет елдердегі денсаулық сақтауды ұйымдастырудың негізгі жүйелері;

4. Мемлекеттік денсаудық сақтау жүйесінің ерекшеліктері мен негізгі қағидалары;

5. Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-05; Просмотров: 3329; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.074 сек.