Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Орта бойлы




2. Тәні қызыл мен ақ түске жақын.

3. Үсті - басы өте таза; шаштарына су тимесе де су тәрізді болып тұрады.

4. Ол айырды (кресті) сындырады.

5. Шошқаны өлтіреді.

6. Жан салығын жояды.

7. Мал дүние көп болып, судай ағады.

8. Адамзатты Ислам дініне шақырады.

9. Аллаһ Тағала оның кезінде Исламнан басқа діндерді жоқ етеді.

10. Ол Аллаһтың қалауымен Дажжалды өлтіреді.

11. Ол кезде жер бетінде бейбіт заман орнап, арыстандар түйелермен, жолбарыстар сиырлармен, қасқырлар қойлармен жайлауда бірге жүріп, балалар жыландармен ойнайтын болады.

12. Хазіреті Иса жер бетінде 40 жыл өмір сүргеннен кейін қайтыс болады және мұсылмандар оның жаназасын шығарып, жерлейді» (Бухари, Әнбия 48; Муслим, Фәзәйл 143; Әбу Дәуіт, Сүннет 13).

Кейбір хадистерде Хазіреті Исаның жер бетінде 7 жыл, 24 жыл, 45 жыл өмір сүретіндігі тұрғысында айтылғанымен, солардың ішінде «40 жыл қалады» деген риуаят ең қуаттысы болып саналады.

Хазіреті Иса пайғамбардың Дажжалды өлтіріп, әділетті үкім орнатқан соң, өзі де өзге адамдар секілді үйленіп, үйлі жайлы болатындығы айтылады. Кағбул Ахбардың айтуы бойынша, Хазіреті Иса пайғамбар ұлты араб бір әйелмен отау құрып, одан Мұхаммед, Мұса есімді екі ұл перзент сүйеді. Жер бетіндегі Аллаһтың берген ғұмыры біткен соң, ол да бақилық болып, Хазіреті Пайғамбарымыздың қасына жерленеді[10].

Хазіреті Иса қайтыс болған соң, Аллаһ Тағала Шам тарапынан суық бір жел жібереді. Осы желден жер бетінде жүрегінде иманы бар барша мүмин о дүниелік болады. Тіпті біреулер таудың астына кіріп жасырынса да, желдің иісі арқылы бақилық болады. Ал өзге имансыз, қара ниетті жандарға бұл желдің ешқандай әсері болмай, керісінше олар білгендерін жасап, ғұмыр кешеді. Шайтан олардың осындай есалаң сәттерін пайдаланып, оларды пұттарға табындырады. Мұның артынан көп ұзамай Исрафил сурға үрлеп, қиямет қайымның болатындығын Хазіреті Пайғамбарымыз айтып өткен (Муслим Фитән 23; Ахмед ибн Ханбал, ІІ, 166).

Хазіреті Иса пайғамбардың түсетіндігі жайында айтылған хадистердің саны отызға жуық. Міне, осы айтылған хадистердегі Хазіреті Исаның келетіндігі жайындағы мәліметті арам пиғылды жандар өз мүдделеріне пайдалануға тырысқаны ислам тарихынан мәлім. Қаншама кісі өзін: «Мен Мәсих Исамын» - деп, елді өзіне иман етуге шақырған. Ондайлардың кейбіреуін халифалар жазалағанымен көпшілігі білгенін айтып, жаңа дін құруға әрекет жасаған. Мәселен, Қадияниліктің құрушысы Мирза Ғұлам Ахмед те солардың санатындағы сұм пиғылды жан еді. Бірақ, әрине осы уақытқа дейін өзін Исамын дегендердің ешбірі де шынайы Хазіреті Иса емес екені белгілі. Себебі, Хазіреті Исаның ақырзаманда Дажжалдан соң келетіндігі хадистерде анық айтылған. «Мен Исамын» деп келгендердің бәрі Исламды іштей құлатуды мақсат тұтқандардың саяси ойындарының қуыршақтары болып саналады. Ал діни терминологияда оларды көбіне «жалғаншылар» деп атайды.

б.6) Яжуж – Мәжуждың шығуы

Ақырзаманның және бір белгісі ретінде Яжуж уа Мәжуж атты екі тайпаның шығатындығы жайында аяттар мен хадистерде баян етіледі. Бұл қауымның кімдер екені белгісіз. Бірақ, хадистерді қорғанның ішінде қамалған Яжуж‑Мәжуж елі ақырзаманда жер бетін құмырсқадай қаптап, олардың жүріп өткен жерлерінен шөп шықпайтындай болатындығы жөнінде айтылады.

Алдымен Құрандағы Яжуж – Мәжуж жайында айтылған аятқа тоқталып өтейік: «Олар: Әй, Зұлқарнайн! Яжуж – Мәжуж бұл жерде бұзақылық істеуде. Саған салық төлесек, олар мен біздің арамызға бір бөгет жасайсың ба? – деді. Зұлқарнайн: «Раббымның маған бергені одан артық. Сендер маған көмектессеңдер олармен араларыңа бір бөгет жасайын, - деді. Маған темір тақтайлар әкеліңдер деді. Екі беттің арасы теңелген кезде: «Көріктеңдер», - деді. Ол от болған сәтте: Маған еріген мыс әкеліңдер үстіне құяйын, - деді. Сонда олар одан аса алмады да, тесе алмады. Зұлқарнайн: «Бұл Раббымнан бір мархамет. Қашан Раббымның уәдесі келсе, оны жермен-жексен қылады. Сондай-ақ Раббымның уәдесі хақ, - деді» (18.Кәһф, 94-98).

«Яжуж, Мәжуж ағытылып, әрбір төбеден келгенге дейін. Ол шын уәде, қиямет таяса, сол уақытта қарсы болғандардың көздері шарасынан шығып: Әттеген-ай! Біз бұдан қаперсіз залым екенбіз, - дейді» ( 21.Әнбия, 96-97).

Ия, аят мағынасы бойынша пайымдасақ, Зұлқарнайын Аллаһтың әмірімен Яжуж-Мәжуж деген қауымды бір жерге (тау астына деп келтіреді) қамаған. Ақырзаман таяғанда Яжуж-Мәжуж сол қорғанды тесіп шығып, жер бетін жайлап, ел арасында бүлік шығармақ.

Енді осы тақырыптағы хадистерге орын берейік. Әбу Хурайрадан жеткен риуаят бойынша: «Яжуж – Мәжуж Зұлқарнайын қамап кеткен қорғаннан шығу үшін күнде қабырғаларды ояды. Тесуге сәл қалғанда күннің сәулесін көріп, басшылары: «Тоқтаңдар! Қалғанын ертең жалғастырасыңдар», - дейді. Олар қазба жұмысын тоқтатқан кезде Аллаһ қазылған жерді әдепкі қалпына қайта келтіреді. Осылайша күнде қорғанның қабырғаларын тесуге тырысады. Күндер осылай өте береді де, олардың жер бетіне шығатын уақыты таянғанда басшылары: «Қане, қайтайық. Иншааллаһ, ертең қалғанын ойып бітіреміз», - деп, иншааллаһ (Алла қаласа) сөзін алғаш рет қолданады. Сөйтіп, ертесіне әлгі жерге қайта келгенде еңбектерінің еш кетпегенін көріп, сәл ғана қалған жерді аяғына дейін ойып бітіріп айналадағы елді мекендерге лап қояды. Адамдар олардан құтылу үшін қорғандарына тығылады. Олар жүріп өткен жерлеріндегі бүкіл суды ішіп тауысады. Яжуж-Мәжуж елі адамдарды езгенімен қоймай, аспан әлемін де өз биліктеріне алғысы келіп, көкке қарай оқ жаудырады. Атылған оқтар көктен қайтып жерге түскенде қан болып түседі. Мұны көрген олар: «Жердегілерді де, көктегілерді де езіп жаншып, жеңдік», - дейді.

Осыдан кейін Аллаһ Тағала олардың бастары мен желкелеріне бір құрт жібереді. Құрттар олардың жанын жеп, ақырында барлығы түп‑түгел қырылып қалады.

Пайғамбарымыз сөзін ары қарай жалғастырып: «Мұхаммедтің жанын өз қолында ұстаған Аллаһқа ант етемін, жер бетіндегі күллі хайуанаттар мен жәндіктер олардың өлген етін жеп, аққан қанын ішіп, жардай болып семіріп кетеді, -деді» ( Ибн Мажа, Фитән 33).

Ал келесі бір хадисте Яжуж – Мәжуж қауымының қырылуы Хазіреті Иса пайғамбардың оларға қарсы жасаған дұғасымен іске асатындығы тұрғысында баяндалады. Абдуллаһ ибн Масғудтан жеткен риуаят бойынша, Хазіреті Пайғамбарымыз Миғраж түнінде көкте Хазіреті Ибраһим, Хазіреті Мұса және Хазіреті Исамен кездеседі. Онда қиямет қайым жайында да әңгіме болады. Әуелі Хазіреті Ибраһимнен одан кейін Хазіреті Мұсадан қиямет-қайымның қашан болатындығын сұрады. Олар қойылған сұраққа жауап бере алмайтындықтарын айтқан соң, кезек Хазіреті Исаға келеді. Хазіреті Иса қиямет жақындағанда болатын кейбір мәліметтерді бергенімен қияметтің қашан болатындығын Жаратушыдан өзге ешкім білмейді деп жауап береді. Сөзін жалғастыра келіп, ақырзаманда Дажжал шығады, содан кейін мен түсіп оны өлтіремін, одан соң халық елдеріне қайтады. Сол кезде олардың алдарынан Яжуж-Мәжуж қауымы қаптап шығып, шабуыл жасайды. Олар кезіккен суды ішіп, тауысады, алдарынан шыққан барлық нәрсенің астан-кестеңін шығарады. Мұндай аласапыранды көрген халық Аллаһтан жәрдем сұрайды. Мен де Аллаһтан Яжуж-Мәжуж қауымының жойылып кетуін тілеймін. Жасаған дұғам қабыл болып, олар өліп тынады. Мәйіттерінің иісі өте қатты саси бастаған соң Аллаһқа қайта дұға етемін. Аллаһ Тағала сол сәт жауын жаудырып, өліктердің бәрін теңізге жібереді» (Ибн Мажа риуаяты)[11].

Яжуж – Мәжуж қауымы жайында көптеген болжамдар айтылған. Олардың кімдер екені, қай ұлттан шығатындығы, бет әлпеті, бойы қандай болатындығы жайында түрлі көзқарастар жетерлік. Сондықтан бізде Яжуж – Мәжуж жайында кеңірек мәлімет бере алмаймыз. Өткен ғасырларда маңғолдарды яжуж, мәжужге теңесе, кейінгілер қытайға теңеуде. Маңғолдарға теңегендердің пікірлері дұрыс еместігі уақыт өте келе айғақталса, қытайға теңеушілердің де пікірлері дұрыс болмай шығулары әбден мүмкін. Сол үшін ақиқатын Аллаһ біледі.

 

б.7) Шығыста бір жердің батуы

б.8) Батыста бір жердің батуы

б.9) Араб түбегінде бір жердің батуы

Хадисте айтылғандай шығыста, батыста, араб түбегінде бір жердің батуымен ақырзаманның таялғаны анық болады. Бірақ бататын жерлердің қай мемлекетте болатындығын Аллаһ біледі. Дегенмен, Имам Шарани өзінің еңбегінде сілтемесіз мынадай хадисті келтіреді: «Салибидің риуаяты бойынша, Расулуллаһ былай деген: «Тигр мен Ефрат жазығы арасында бір қала салынады. Ол жерде әлемнің залымдары жиналады және ол жерге қазыналар тасылып, ақырында жерге батады. Ол жердің қазыналары қазықтың жерге оңай кіргеніндей тез арада батып кетеді» [12].

Демек, ақырзаманның үлкен белгілері жайында кеңірек мағлұматымыз болмағандықтан, біздер айтылған хадиске сеніп, қиямет қайымның хақ екендігін мойындап, тек Аллаһтан ғана медет тілейік.

б.10) Хижаз тарапынан үлкен от шығады

Ақырзаманның соңғы белгісі Хижаз тарапынан үлкен бір оттың шығып, шартарапты жарық қылатындығы хадисте айтылады. Хазіреті Пайғамбарымыз бұл жайында былай дейді: «Хижаз жерінен шығатын, Бусрадағы түйелердің мойындарын жарқырататындай бір от шықпайынша қиямет қайым болмайды» ( Мслим, Фитән 42).

Бусра Сирия мемлекетіндегі бір селоның аты. Хазіреті Пайғамбарымыз 12 жасында көкесі Әбу Тәлібпен бірге сауда мақсатымен Шам аймағына барғанда, осы жердегі Бахира есімді монахтың ескертуімен, Меккеге кері қайтқан еді. Бахира христиан дінін жетік меңгерген монах болғандықтан, соңғы пайғамбардың келетіндігін және оның бойында қандай ерекшеліктер мен қасиеттің бар екендігін білетін. Сондықтан алыстан келе жатқан керуенмен ілесіп келе жатқан бұлтты көріп, оның тегін еместігін сезеді де, Әбу Тәліб бастаған саудагерлерді арнайы асқа шақыртады. Сөйтіп, Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) болашақ пайғамбар екендігіне көз жеткізіп, сол жерден кері қайтуларын бұйырған еді. Міне, сол Бусрадан шығатын алып оттың жарығы жүздеген шақырымнан көрінетін болады. Мүмкін осы маңдағы мұнай кеніштерінің бірі отқа оранады ма, кім білсін?

Осы жерге дейін ақырзаманның белгілерін айтып келдік. Бірақ та қиямет қайымның аласапыранын көретін пенделер жаман адамдар мен иман етпеген жандар болады. Ал жүрегінде иманы болған пенделер қиямет-қайымның сілкінісін көрместен бұрын жан тапсырады. Хазіреті Пайғамбарымыз бұл жайында былай дейді: «Аллаһ Тағала Иемен тарапынан жібектен де жұмсақ болып тиетін бір самал естіреді. Бұл самал жүрегінде бидайдай иманы болған пенделерді бақилық етеді» (Муслим, Фитән – 23).

«Өздері тірі тұрып, қияметтің болғанын көрген кісілер адамдардың жамандары» (Бухари, Фитән 5; Ибн Мажа, Фитән 24).

в) Ақырзаманда келетін Мәһди

Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ақырзаманға байланысты айтқан хадистері ішінде әһли бәйттен, яғни, Пайғамбар ұрпағынан Мәһди есімді бір кісінің келетіндігі айтылады. Мәһди - тура жолға бастаушы деген ұғымды білдіреді.

Мәһди келген соң мұсылмандар арасында әділ билік орнатып, дінсіздермен күресіп, Исламды үстем етеді деген сенім күллі мұсылман қауымы арасында жайылған. Мәһди жайында көптеген сахих хадистер айтылғандықтан, біз де бұл жерде бір-екеуіне тоқталып өтеміз.

Абдуллаһ ибн Мәсғудтан риуаят бойынша Расулуллаһ былай деген: «Әлемнің бір күндік өмірі қалса да, Аллаһ ол күнді ұзатып, менің бір адамымды сол күні жібереді. Яғни, Әһли-бәйтімнен біреуді жібереді. Бұл кісінің аты менің атыма ұқсас, әкесінің есімі әкемнің есіміне сәйкес келеді. Ол адам жер бетіндегі зұлымдықты жойып, орнына әділеттілікті орнатады» ( Әбу Дәуіт, Тирмизи, Фитән 52).

Умму Сәләмәдан риуаят бойынша, Расулуллаһ былай деген: «Мәһди менің ұрпағымнан, қызым Фатиманың балаларынан келеді» ( Әбу Дәуіт, Мәһди 1, 4284).

Ислам ғалымдары арасында Мәһдидің ақырзаманда келіп, келмеуі жөнінде әр түрлі пікірлер айтылады. Кейбір ғұламалар Мәһди деген адам жоқ және ондай кісі келмейді. Мәһди мен Хазіреті Иса деп айтып жүргеніміз бір адам. Хадисте екеуінің бір адам екендігі айтылған деп, Мәһдиге деген сенімді жоққа шығарады. Көпшілік ғалымдар Мәһди жайында айтылған хадистерді сахих деп тапқандықтан, Мәһдидің келетіндігін қабыл етеді. Хазіреті Иса мен Мәһди екеуі екі адам деп, керекті хадистерді дәлел ретінде келтіреді. Мысалы, жоғарыда Әбу Дәуіттан келтірілген сахих хадиске сүйеніп, Мәһди Пайғамбар әулетінен шығатын тура жолға бастаушы имам деп сенеді. Олай болса, Хазіреті Иса мен Мәһди екеуі екі тұлға деген сөз. Сондай-ақ жоғарыда Дажжалдың өлтірілу мәселесін айтып өткенімізде Хазіреті Иса көктен түскенде Имам Мәһди жамағатқа таң намазының парызын оқытпақ болып тұрады. Хазіреті Иса (а.с.) Имам Мәһдидің артында тұрып намаз оқитындығы хадисте айтылады. Демек, Имам Мәһди Хазіреті Исадан бұрын шығады және ол онымен бірге Дажжалды өлтіреді.

Біз де хадисте айтылғандай қабыл етіп сенеміз. Мәһдидің келетіндігіне сену иман негіздеріне жатпағандықтан, Мәһди келмейді деген кісі иманнан шықпайды. Алайда сахих хадисте айтылғандықтан, біз Әһли сүннет уәл-жамағат Мәһдидің келетіндігіне сенімдіміз.

Орта ғасырдан бастап Ислам әлемінде өзін Мәһдимін деп жариялаған көптеген кісілер болды. Әлі күнге дейін әр жерден өзін Мәһдимін деп жариялаушылар да бар. Бірақ олардың ешбірі хадисте айтылған Мәһди емес. Өзін Мәһдимін деп шыққан кісілердің шығу тарихына көз жүгіртсеңіз, олардың белгілі бір мүддені көздеп, халықты артынан ергізу үшін осы атты жамылып шыққандығына көз жеткіземіз. Олай болса, Мәһдимін деп шыға білу үшін алдымен Дажжалдың, содан кейін Хазіреті Иса пайғамбардың шығуы қажет. Дажжал шықпастан бұрын Мәһди шықпайды. Дажжал пайда болған соң кезегімен ақырзаманның өзге белгілері шығуы тиіс. Сондықтан осы ретке қарай отырып келуші мейлі Мәһди болсын, мейлі Иса болсын оларды танып, иман келтіріп, қолдау көрсету өз уақытының талабы болып қала береді.


 

[2] Хадис ансиклопедиси, Кутуби ситте, 14-том, 5009 хадис.

[3] Хадис ансиклопедиси, Кутуби ситте, 14-том, 5011 хадис.

[4] Имам Шарани, ж.к.е., 480-482 бет.

[5] Имам Шарани, ж.к.е., 483-484 бет.

[6] Имам Шарани, ж.к.е., 485-бет.

[7] Хадис ансиклопедиси, Кутуби ситте, 14-том, 95-бет.

[8] Имам Шарани, ж.к.е., 491-496 бет.

[9] Имам Шарани, ж.к.е., 513-бет.

* табиғат заңдылығына қайшы келетін имансыз пенденің көрсеткен караматтары

[10] Имам Шарани, ж.к.е., 500-бет.

[11] Хадис ансиклопедиси, Кутуби ситте, ж.к.е., 17-том, 1245-хадис.

[12] Имам Шарани, ж.к.е., 479-бет.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-05; Просмотров: 598; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.