Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция негіздері

  1. Сауда, капиталдың халықаралық ағындары.
  2. Атаулы валюта айырбас бағамы. Төлем балансы. Ағымдағы шот, капитал қозғалысының шоты, ресми резервтер.
  3. Шағын ашық экономика.
  4. Нақты айырбас бағамы. Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі. Бірыңғай баға заңы.

Ашық экономикада ЖҰӨ есептеу

Экономикадағы тауарлар мен қызметтерді өндіруге кеткен шығындарды қарастырып өтейік. Жабық экономика кезінде сату және сатып алу процестері мемлекет шегінен шықпайтын және барлық шығыстар үшке бөлінетін: тұтыну, инвестиция және мемлекет шығындары. Ал ашық экономикада өндірілген өнімнің бір бөлігі мемлекеттің ішінде сатылатын болса, екінші бөлігі экспортқа шет елге сату үшін шығарылады. Осыны ескере отырып, ашық экономикада өндірілген тауарға кеткен шығындарды төрт компонентке бөліп қарастыруға болады:

- отандық тауар мен қызметті тұтыну – Cd

- отандық тауар мен қызметтерге кеткен инвестициялық шығындар – Id

- отандық тауар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу – Gd

- отандық тауар мен қызметтердің экспорты – EX.

Яғни, есептеу келесі формула арқылы беріледі:

Y = Cd + Id + Gd + EX.

Осы формуланы ашып көрсетейік. Тұтыну шығындары (C)- бұл шетел (Cf) және отандық тауарлар мен қызметтерге кеткен тұтыну шығындарының (Cd) сомасы.

Ал инвестицияның жалпы мөлшері (I)- бұл отандық тауарлар мен қызметтерге кеткен инвестициялық шығындар (Id) мен шетел тауарлары және қызметтеріне кеткен инвестициялық шығындар (If) сомасын білдіреді.

Мемлекеттік сатып алудың жалпы мөлшері (G) - бұл отандық тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алуы (Gd) мен шетел тауарлары мен қызметтерін мемлекеттік сатып алуының (Gf) сомасын білдіреді. Яғни:

C = Cf + Cd

I = Id + If

G = Gd + Gf.

Жоғарыдағы ЖҰӨ есептеу формуласына қойсақ, онда:

Y = (C - Cf) + (I - If) + (G - Gf) + EX.

Түрлендірілгеннен кейін, мына теңдікті аламыз:

Y = C + I + G + EX - (Cf + If + Gf).

(Cf+If+Gf)- бұл шетел тауарлары мен қызметтерге кеткен шығын, яғни импорт (IM) болып табылады.

Экспорт пен импорттың айырымы таза экспортты береді

NX = EX - IM, сонда

Y = C + I + G + NX (ЖҰӨ есептеу).

Бұл теңдеу отандық өнімге кеткен шығындар, ішкі шығындар және таза экспорттың байланысын көрсетеді:

NX = Y - (C + I + G).

Егер өндірілген өнім ішкі шығындардан асса, онда еліміз айырманы экспорттайды (+NX). Ал егер өндірілген өнім ішкі шығындарды жаппайтын болса, онда еліміз айырманы импорттайды (–NX).

Ашық экономикадағы жиынтық сұраныс

Валютаның нақты құнсыздануы шартында (е нақты айырбас бағамы артқанда) отандық тауарлар арзандайды, ал импорттық тауарлар қымбаттайды. Яғни экспорт артады, ал импорт қысқарады, нәтижесінде таза экспорт өседі. Ел ішінде өндірістің артуы импортты ынталандырады, ал сыртқы әлемдегі экономикалық белсенділік экспортты арттырады.

Ашық экономикада игіліктер нарығындағы тепе-теңдік:

Y = C(Y – T) + I(i) + G + NX(e,Y,Y*),

мұнда одан әрі «*» белгісімен сыртқы елге қатысты айнымалылар белгіленеді.

Бұл теңдеу Y –i диаграммасында көлбеуі теріс IS қисығын анықтайды. Мемлекеттік шығыстардың G, нақты айырбас бағамының e, шетелдегі шығарылымның Y * өсуі IS қисығын оңға, ал салықтардың T артуы оны солға жылжытады, және керісінше.

LM қисығы жабық экономикадағы сияқты, яғни оның көлбеуі оң және ол ақшаның нақты қалдықтары M/P өскенде оңға жылжиды.

Айырбас бағамы

Ел ішінде өндірілген тауарлар мен қызметтердің бағасын басқа елде өндірілген тауарлар мен қызметтердің бағасымен салыстыру үшін, оларды бір валюта арқылы көрсету керек. Экономистер екі түрлі айырбас бағамды ажыратады: атаулы айырбас бағамы және нақты айырбас бағамы.

Еуропалық жүйеде атаулы айырбас бағамы E шетел валютасының бір бірлігіне төлейтін отандық ақшалай бірліктерінің мөлшері ретінде анықталады.

Е айырбас бағамының жоғарлауы ұлттық валютаның құнсыздануын білдіреді, өйткені шетел валютасының бір бірлігіне көбірек отандық ақшалай бірліктерін беру қажет. Айырбас бағамының төмендеуі ұлттық валютаның қымбаттауымен пара-пар.

Айырбас бағамының негізгі екі тәртібі бар: тіркелген және құбылмалы немесе икемді айырбас бағамдары.

Тіркелген айырбас бағамы – бұл Ұлттық Банк немесе резерв жүйесі тіркелген бағамы болып табылады. Яғни, т іркелген айырбас бағамы жағдайында Орталық банк айырбас бағамын өзгеріссіз ұстап қалу мақсатында шетел валютасын тұрақты ара қатынаста сатуға және сатып алуға міндетті. Бірақ экономикада қалыптасқан жағдайға байланысты Орталық банк басқа айырбас бағамы деңгейіне ауысуы мүмкін. Бұл жағдайда Е жоғарлауы ұлттық валютаның девальвациясы, ал Е төмендеуі ұлттық валютаның ревальвациясы деп аталады.

Құбылмалы немесе икемді айырбас бағамының тәртібі бойынша Орталық банк айырбас бағамын белгілеу процесіне араласпайды. Айырбас бағамы валютаға сұраныс пен ұсынысы арасындағы ара қатынастың негізінде реттеледі. Бірақ Орталық банк ұлттық валютаны мүлдем «еркін сапар шегуге» жібермейді, ол валютаны кейде сатып немесе сатып алып, айырбас бағамының кенет өзгерістерін тежеп отырады.

Тіркелген және құбылмалы айырбас бағамы тәртіптерінің өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Нақты айырбас бағамы және оған әсер ететін саясаттар

Нақты айырбас бағамы – бұл екі елде өндірілетін тауардың салыстырмалы бағасы. Оны келесі формула арқылы есептеуге болады: E = e.(P/P*)

мұндағы: E - нақты айырбас бағамы,

e - атаулы айрбас бағамы,

(P/P*)- екі елдің бағалар қатынасы.

Егер нақты айырбас бағамы жоғары болса, шетел тауарлары арзан болады да, отандық тауарлар қымбат болады, және керісінше.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Ашық және жабық экономикалардың айырмашылықтары қандай?

2. Нақты айырбас бағамы терминді қалай тұсіндіруге болады?

3. Бірыңғай баға заңы.

Негізгі әдебиет: (178-214 б. /1/)

Бюджет тапшылығы жӘне мемлекеттік қарыз

10 тақырып. Бюджет тапшылығы және инфляция

Лекция мақсаты: Бюджет тапшылығының қалыптасуы және өзгеруіне әкелетін факторлар мен заңдылықтарды көрсету.

Негізгі терминдер: мемлекеттік қарыз, бюджет тапшылығы, үкіметтің кірістер мен шығыстар, сыртқы қарыздар, Лаффер қисығы.

Лекция негіздері Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз.

  1. Үкіметтің кірістері мен шығындары. Лаффер қисығы. Сыртқы қарыздар.
  2. Бюджет тапшылығын қаржыландыру.
  3. Инфляциялық салық және сеньораж.
  4. Инфляциялық салық үшін Лаффер қисығы.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Үкіметтік шығындарға жолдрады жөнжеу шығындар кіреме, неге?

2. Инфляциялық салықты кім алады?

3. Лаффер қисығы қандай заңдылықты білдіреді?

Негізгі әдебиет: (575-606 б. /1/)

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Лекция негіздері | Понятие налога. Налоговая система. Принципы налогообложения
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 664; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.