Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ішкі каюталар. 2 страница




· Туристерге кәсіпорын бизнесінің девирсификацияболуы мүмкін, сғни олардың көпшілігі авиабилеттерді халықаралық компьютерлік жүйелер арқылы стау және броньдау авиакомпанияларының агенттері болып табылады.

Қазіргі уақытта ҚР аймағында ондаған авиакомпаниялар алыс және жақын

шетелдерден және республикалардан әуе кемелерімен ұшуды жүзеге асырады. Қазақстанның көрші мемлекеттермен шекарасында 56 әуе (коридоры) дәлізі бар, оның ішіндегі 26-Ресеймен, 17-Өзбекстанмен, 8-Қырғызстанмен, 2-Қытаймен, 2-Түркіменстанмен, 1-Азербайжанмен. Қазақстанның әуенарығы туристерге қызмет көрсету үшін ең перспективті, яғни республика Европа, Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Азия сияқты аймақтар арасындағы жолдар торабында орналасқан.

Халықаралық туристік тасымалдаулада теміржол транспорттық мәні аз, яғни Қазақстаннан алыс шетелге бар болғаны 2 пойыз ғана жүреді. Әдеттегіттерге жүретін пойыздар белгілі.

Батыс Европа мемлекеттерінде туристерді мемлекеттерінде туристерді транспорттық барлық түрлерімен тасымалдаудың жалпы көлемінің 38%-ы теміржол составтарымен тасымалданады, бірақ олардың транспорты біздікінен жүрдек теміржолдарымен және пойыздармен, қызмет көрсетудің жоғарғы сервисімен, жолаушылар үшін қолайлығымен, жеңілдік тарифтерімен және т.б ерекшеленеді.

Мұндай саяхаттарды ұыймдастыру кезінде туристік фирмалар мыналарды білуі тиіс:

· Туристік теміржол транспортымен қызмет көрсетудің құқықтық негіздерін;

· Туристерді теміржол транспортымен өз және басқа мемлекет территория-да тасымалдау технлогиясын;

· Туристермен багажды (жүк-д) тасымалдау ереже;

· Турист топтары үшін көзқарастырылған жеңілдіктерді;

· Тасымалдаушының жауапкершілігі мен міндетерін;

· Арнайы (мамандырылған) туристік поыйздарда қызмет көрсету ерекшелігін

Туристік теміржол маршрут-да графиктік (кестелеген) халықаралық пойыздармен тасымалдауға болады: Алматы-Үрүмчі және Астана-Берлин, кейбір туристік фирмалар жоспарланған басқа европалық елдерге тура немесе аыспалы мініп баруды жүзеге асырауға болады.

Туристерді тасымалдауда соңғы жылдары Қазақстанда автобуспен саяхатқа шығуға ұмтылу байқала бастады, яғни автомагистрлар ресей қалаларына және әрі қарай Европаға, көрші мемлекттерге шыға алады. Шығыс және Батыс Қазақстанның кейбір туристік кәсіпорындары Германияға, Польшаға қымбат емес турларды игерді. Қазақстан Стамбул мен Карачиға бағытталуға қызығушылық білдіріп отыр. Шоп-туристер әлдқашан БАӘ, Пәкістан, Түркия, Қытай, Ираннан жүктерді халықаралық тасымалдаудың қазметтерін қолданады, яғни жүктерді (багаж) автомагистрлармен жөнелту ұшақпен жібергенде қарағанда разанырақ түседі.

Республика 20 екі жақты үкіметаралық келісім қол қойған, халықаралық автомобильмен тасымалдауды орындау кезіндегі өзара қарым-қатынасты реттейтін 7 негізгі халықаралық келісімдер мен конвенцияларға қосылды.

Халықаралық тасымалдауларда Қазақстанда су транспортының алтын үлесі аз. Жалғыз «Ақтаудың теңз сауда порты» - Ақтау мен Баутино теңз порттарының базасында құрылған республикалық мемлекеттік кәсіпорын, Республиканы Иран және Завкавказиямен байланыстырды, ал Ресейдің өзендері мен канал тораптары арқылы Байық теңізі және қалған әлеммен байланыстырды. Порт негізінен сауда жүк кемелеріне қызмет көрсетеді, сондықтан туристерге біздің порт-да сервистік қызмет көрсету туралы айту әзірге ерте. Бірақ куриздерді ұйымдастыру тәжірибесі кәсіптік туризм дәуірінде болды. Оның үстіне, қазақстандықтар басқа мемлекет операторлары ұсынған теңіз куриздарына қатысты.

Куриздердік турлардың ірі нарықтары АҚШ, Ұлыбритания, Германия болып табылады. Куриздік саяхаттар туризмнің ең комфортты (жайлы) түрі, яғни мұндай маршруттарға арналған теплоходтар көңіл көтерулермен мерекелерге жағдай жасалған жүзіп жүретін қонақүйлер. Сондықтан, жолдаманың қымбат тұруына қарамастан, оларды Қазақстанда сатып алады.

Көлік-халық шаруашылығының ірі салалардың бірі болып табылады. Оның жұмысында маңызды үлесті жолаушыларды тасымалдау алады. Олардың ішінен жоғарғы орынды туристер алады. Туристерге негізінен саяхаттың созылу уақыты, оның комфорттылығы және бағасы маңызды болып саналады. Көлік түрінің және туристің ауқаттылық деңгейінің, туристік саяхаттың мінезі мен шығу мақсатының алыстауының арасындағы тәуелділік айқын көрінеді.

19 ғасырдың екінші жартысы мен 20 ғасырдың басындағы туризмнің интенсивті дамуы, темір жол желісінің қарқынды дамуымен тығыз байланысты болды. Темір жолдардың маңыздылығы өте келе автокөлік және авиа көлігінің пайдасына кеміді.

Туризммен пайдалынатын көлік түрлері географиялық орнына, жердің табиғи жағдайына, сонымен қатар коммуникациялық желілердің дамуының дәрежесіне тәуелді. Туристік көлік және жалпы көлік: құрлық, су (өзен, теңіз) және әуе көлік болып бөлінеді. Туристік тасымалдаудағы көліктің кейбір түрлерінің үлесі халықаралық және ішкі туризмде әртүрлі болып құрылады. Қоғамдық көлік туристердің тікелей демалуының, тамақтану және көңіл көтеру орны болады. Осындай транспорттық туризм халықтың демалуының айрықша әйгілі түріне айналды. Осы мақматқа негізінен су көліктерінің түрлері бейімді- кемелер осында жоғарғы категориялы қонақ үйлер сияқты комфортты демалу үшін жағдайлар жасалады. Ересек адамдар үшін ең тартымды «жылжитын үй» сияқты жолаушы су кемелері болып табылады. Темір жол көлігі қызмет көрсетудің осындай жоғары деңгейін арнайы жылжымалы составты қолданғанда да көрсете алмайды, бірақ оның да құндылығы бар. Ол кейбір көрсеткіштер бойынша су көлігін озып кетеді.

Жоғары дамыған мемлекетерде автомобиль, темір жол және әуе туризмі әйгілі болып келеді.Сонымен қатар, көлік экскурсияларда қызмет ету, оның ішінде қаларды, табиғи көрікті жерлерді, мәдени-тарихи обьектілерді т.б. барып көру үшін маңызды роль атқарады.

В.И.Азар көлік түрлерінде демалу түрлерін ұйымдастыруға байланысты келесі топтарды ажыратады:

- Арнайы туристік поездарда немесе кемелерде саяхаттайтын туристер;

- Кәдімгі поездар мен кемелерде саяхаттайтын және қызмет көрсету толық комплексі үшін төлейтін туристер;

- Жүру құжаттарын сатып алатын және өз бетінше саяхаттайтын туристер.

Көптеген жылдар бойы әлемдік темір жол көлігінде электр немесе тепловоздың тартудың жүйелік дамуы, поездардың жүру механизациясы мен автоматизациясының даму дәрежесінің өсуі байқалады. Шапшаң жолаушы поездардың қозғалудың коммерциялық жылдамдығы үнемі жоғарылайды. Жүрудің комфорттық деңгейінің өсуі және жылдамдықтың өсуіне бағытталған жұмыстар өткізіліп, көптеген мемлекеттер үлкен жетістіктерге жетті. Бірақ өкінішке орай біздің мемлекетімізде әлі осындай дәрежеге жету үшін өте аз шаралар жүргізіледі, ал ол темір жол туризмнің дамуына үлкен тежегіш күш болып табылады.

Темір жол әуе көлігіне қарағанда «баяу жүретін» болғандықтан, темір жол көлігінің үлесі төмендеуде, осы төмендеу 60-шы жылдардан басталған. Қолайсыз тенденцияны нейтрализациялау құралы болып жүру төлемінің төмен болуы табылады. Соңғы кезде ішкі туризмнің дамуында айрықша маңызға ие болып отыр. Сонымен қатар темір жолмен жүрушілерге қызмет көрсетудің жаңа формалары табылып жатыр.

Біздің елде темір жол туризмі 50-ші жылдың соңынан дами бастады, әйгілі және кең туризм түріне айналды. Осы туризм түрі болашақта оның комфорттылығын жоғарлату жағдайында дамудың айрықша мүмкіншіліктеріне ие болады. Су транспортымен салыстырғанда, темір жол транспортының жүйесі қалың және темір жол туризмі су туризміне қарағанда бірнеше есе арзан болып келеді. ТМД-нің көптеген қалалары мен туристік обьектілері темір жол көлігінің жететін сферада орналасқан, соған қоса ол автобус көлігімен кооперацияға түседі, ал осы кооперация әртүрлі көрікті ауданды көру үшін шексіз мүмкіншіліктерді туғызады.

Біздің мелекетіміздің көлік жүйесі басқа мемлекеттердің жүйелерімен кең байланысы, көптеген аралас маршруттарды ұйымдастыруға, Қазақстанның Азия жіне Европаның қалаларын барып көруге мүмкіншіліктер толып жатыр.

Халықаралық туризмде көп жылдар бойы адамдарды су бойынша тасымалдаудың түрлері басым болған. Бірақ уақыт өте келе, авиацияның даму мөлшеріне қарай оның маңыздылығы бірте-бірте қысқарды. Мысалға алсақ, кемемен Солтүстік Атлантика арқылы Франциядан АҚШ-қа баратын саяхат 80 сағат уақытты алады, ал ұшақпен тек қана 8 сағатта ұшып өтесіз. Осындай жағдай сонымен қатар Тынық мұхиты арқылы өтетін іскерлік рейстерде де байқалады. Бірақ Европаның батыс жағалаулары, Жерорта теңізі, Кариб теңізі, Азор және Атлантиканың басқа аралдары аймағында теңіз экскурсия-круиздері үлкен маңызға ие болып отыр.

Круиздік туризм ежелгі заманна пайда болғанға қарамастан, өзінің қарқынды дамуын 50-ші жылдардың аяғынан бастаған болатын. Круиздік саяхаттардың алғашқы гиді болып ағылшын жазушысы Уильям Теккерей саналады. Круиздік саяхат негізінен қысқы мерзімді экскурсиялар өткізілетін жағалаулардың бойымен жүргізіледі. Қазіргі кезде осы саяхаттар жаңа сипатқа ие болып отыр. Ол ел ішіне басқа көлік түрін пайдаланып кіру арқылы ұзақ саяхаттар жасау. Мысалға, Жерорта теңізімен круиз жасағанда Италияда тоқтаған туристер Рим, Флоренция, сияқты әйгілі қалаларды көріп өтеді.

Қазақстанда су көлігін қолданатын туризм әлі дамымаған. Ол гидрографиялық жүйенің нашар болуымен түсіндіріледі. Бірақ Республика адамдарының көпшілігі жыл сайын басқа елдердің теңіз және өзен туристік саяхаттарына қатысады.

Қазақстанда тарнспорттық туризмнің екі түрі кең таралған. Ол автомобиль және авиациялық туризмдердің түрлері. Халықаралық және ішкі туризмде жеке автомобиль (жеке туристер) және автобустар (экскурсиялар) арқылы тасымалдау маңызды орын алады. Мотоциклдермен, мопедтермен, велосипедтермен саяхаттау қазіргі кезде таралмаған.

Автомобильдік қатынастардың қарқынды дамуы жеңіл автомобильдер мен автобустарды шығарудың артуымен, автожолдар жүйесімен дамуымен және жақсарумен байланысты. Қазіргі жолдардың қалың жүйесі автомобиль арқылы елдің немесе басқа елдің әр түкпіріне жетуге болатындығын көрсетіп отыр. Автожолдардың жүйесіне автотуристерге қызмет көрсетумен байланысқан дамыған инфрақұрылым сәйкес келеді. Мысалы: қоршалған паркингтер, мотельдер, ресторандар, кафе, техникалық қызмет көрсету станциялары.

Автосаяхаттардың санында қазіргі кезде маңызды орынды- караванингтер алады. Олар автомобильдерге қосылған автоприцептер.

Туристерді тасымалдау арнайы автобустармен жүргізілу керек. Олар туристердің көпкүндік саяхатына сай комфортты болу керек. Гидтерге арналған арнайы орны, жүк орналастыру орны болу керек.

Қазақстанда автобустық туризм ресми туристік ұйымдардың деңгейінде дамып жатыр.

Автотуризм деп- жеке көлікті туристік мақсатқа қолдануды айтады. Осындай саяхаттар бірнеше күнге немесе аптаға есептелген. Автотуризмнің ерекше белгісі болып: оның жоғары маневрлендігі, қорғалануы, қысқы мезгілде ұзақ қашықтыққа жүруі және көп туристік обьектілерді көріп шығуға болатындығы саналады. Жоғарғы маневрлігі автотуристерге уақытша түнеу орнына оралуға мүмкіндік береді. Туризмдегі әуе қатынастардың маңызы ұшақтардың тасу мүмкіншілігінің жоғарлауымен байланысты. Ол негізінен 50-ші жылдардан бастап байқалуда. Осы кезеңде ұшақтар пайда болған. Олардың жылдамдығы сағатына 700-950 шақырым. (Мысалы: ТУ- 104; каравелла; боинг-707). 60-шы жылдардың аяғында бірнеше жүз адамдарды сыйғыздыратын үлкен ұшақтар қолдануға берілді. (Мысалы: АҚШ-та боинг-747). Қазіргі туризм осы заманға сай жаңа ұшақтарды пайдаланады.

Ең алдымен авиа көлікке жолаушыларды тарту үшін льготалық тарифтер еңгізілген болатын. Әуе саяхаттардың әйгілігінің өсуі, көптеген мемлекеттерде осы транспорт түрінің басқа транспорт түрлерінен басымдылығының өсуіне әкелді. Ол негізінен аралдық немесе туристік сұраныстан шалғай жатқан елдерге қатысты. Әуе көліктің ішкі туристерді тасымалдау маңыздылығы байқалып отыр. Ол АҚШ сияқты үлкен территориясы бар елдер мен дамыған әуе желілері бар елдері (Франция, Ұлыбритания, Германия, Канада, Аустралия).

Әуе көлігі тек қана көлік қызметімен қатар, қонақ үй қызметін атқару керек. Көптеген ірі әуежайлар туристерді қарсы алуға және шығарып салуға қолданады. Әуе көлігі маусымдық түсулер кезінде чартерлік тасымалдау қызметін атқарады. Чартерлік тасымалдау кезінде салонның толық толтырылуы. Жеке шетел фирмаларға тарифті төмендетуге жағдай жасайды. Чартерлік тасымалдау үшін ұшақтарды жалға алудың екі түрі бар:

- белгілі мерзімге ұшақты жалға алу;

- белгілі күн мен сағатқа ұшақты жалға алу.

Туристік қозғалыста әуе көліктің маңыздылығы болашақта көбейеді. Ол негізінен аса тез жолаушы ұшақтардың шығарылуы мен қолданылуымен байланысты.

Қорыта айтқанда Көліктің туризмдегі рөлі өте үлкен екеніне көз жеткізе отырып, көліктің қандай түрі туристерге ең қолайлы, ең комфортты және аз уақытты қажет ететініне көз жеткізейік.

Дәріс 10.

Тақырыбы:Транспорттық саяхаттарды жіктеу және жобалау

1. Туристерге автокөлікпен қызмет көрсету.

2. Аймақтық және халықаралық деңгейдегі автотасымалдауды реттеуші нормативті-құқықтық құжаттар.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Осипова О.Я. «Транспортное обслуживание туристов»: уч.пособие для студентов вузов.-м:.издат.центр «академия», 2004.-368с.

2. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. НОЛИДЖ. Москва. 1996

3. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. М. Финансы и статистика. 1998

4. Тынчерова З.В., Ягофаров Г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003.

9. Александрова А.Ю. «Международный туризм»: уч.пособие для вузов.-м:.аспект пресс,2001.-464с.

Транстпорттық саяхаттар қазіргі уақытта туризмнің дербес түрі болды. Жалпы түрде транспортпен жасалатын саяхаттар – бұл турисердің жоллдама алып, алдын-ала жасалған маршруты бойынша транспортты және әртүрлі қызмет көрсету түрлдерін ұсынуды – тамақ, тұратын жер, экскурсиялық және т.б. пайдаланып, ұйымдастырған сапары.

Транспорттық саяхатты жіктеу негізінде В.Г.Гуляев ұсынған схеманы пайдалануға болады. Сәл өзгертудер (қосымшалар) енгізіліп, ол төменде беріліп отыр.

Транспорттық саяхатты жіктеудегі негізгі сипаттамалардың бірі маршрут типі болып табылады. Туризмде қозғалыстың әуе, жердегі, су және үйлестірлген тәсілдері қозғалуы мүмкін. Жердегі транспорт, өз кезегінде, темір жол және автомобильге, ал су транспорты – теңіз және өзенге бөлінеді.

Транспорт түрлі моторлық және моторсыз болады. Моторлы құралдарға пойыздар, ұшақтар, автобустар, теплоходтар, мотоцикльдер және т.б. жатады. Қозғалыстың моторсыз құралдарына техникеалық құралдар: қайықтар, велиосопедтер және т.б. сол сияқты жануарлар жатады.

Маусымдық транспорт түріне және аймақтық табиғи климаттық жағдайларына байланысты болады. Маусымдылыққа көбінесе навигациялық кезеңге тәуелді, транспорттық суда жүзуге арналған түрлері бейімделген. Тур.фирмалар практикасында транспортты көбінесе бір реттік тапсырыстар бойынша қолданылады.

Транспорттық құрылымы бойынша маршруттар сызықтық (бір пункітен келесіне дейін) айала радиалды, қиылыстырылған үйлестірілген болып бөлінеді.

Саяхат ұзақтығы бойынша қысқа мезімді және ұзақ мерзімді болады. Қысқа мерзімдерге «демалыс күнгі сапарлар» жатады, оның үлесі бүгінде, өкінішке орай кенеттен қысқарады. Бұл өте маңызды және сол уақытта арнайы демалысын талап етпейтін саяхаттар. Ұзаққа созылған саяхаттар негізделген демалуға, емделуге, терең тануға және т.б. мақсаттарға есептелген.

Жеке меншік түрі бойынша маршрутта: жалға алған, мамандыырғылған, жеке меншңк және жалпыға арналған, яғни графиктік транспорт бар. ҚР транспорт қызметімен байланысты қарым-қатынасар ҚР-ның толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, қайта күшіне енген 21,09,1997 ж «Транспорт туралы» заңымен, ҚР транспортының түрлері бойынша басқа заң және нормативтік актілермен және ережелерімен және әртүрлі транспорт түрелерімен тасымалдау нұсқауларымен реттеледі.

Туристік кәсіпорынның қызметкерлері транспорт ұйымдарының басты міндеттерін білуі тиіс:

· Жолаушыларды тасымалдауға лицензия (рұқсат) алу:

· Жолаушының қауіпсіздігін қамтасыз ету;

· Сертификат бар транспорт құралдарын ұсыну;

· Жоғарғы сапалы қызмет көрсетуді қамтасыз ету(уақытылы, мұнтаздай тазалық, әдептілік және т.б.

Траспорттық қызмет көрсетумен байланысты заң базаларын білу туризм маман-на өзара тиімді келісім шарт-ды құруға және саяхат маршрутын сауатты жобалауға мүмкіндік береді:

Қазіргі уақытта туристік саяхаттарды жобалаушылар үшін маршрут-ң көптеген ерекшеліктерін ескеруге көмектесетін технологиялық карат жасалған және оған мынадай тараулар кіреді:

1. Маршруттардың негізігі көрсеткіштері: түрлі күнделік категориясы, қашықтығы (км), оның ішінде қозғалысытың белсенді тәсілдерімен; саяхат ұзақтығы (тәуліктік); туристік топтар саны; топтағы туристер саны; маршрут бойынша туристердің барлығы; қызмет көрсету күндері; бағыттағы бірінші топқа қызмет көрсетудің басталуы; соңғы топқа қызмет көрсетудің аяқталуы; туристердің бірайдағы саны, саяхат басталатын кәсіпорын адресі;

2. Туристерді және саяхатқа маршут бойынша қызмет көрсету бағдарлмасы: елді мекендер, ол-ң ара-ғы ара қашықтық, қозғалыс тәсілдері пункіте келу және одан кету уақыты; туристік кәсіпорын-ң аты жіне орналастыру шарт-ы (жағдайы); маршрут ішілік тасымалдаулар, 1 адамға экскурсияға кететін шығындар;

3. Нұсқаушы - әдіскерлердің, экскурсовод, гид-аудармашының қажеттілігі; және оларды дайындау

4. Жарнамалық ақпараттық және картографиялық материалдарды даярлау; саяхатқа қысқаша сипаттала.

Келушілерге туризм индустриясы шеңберінде қызмет көрсететтін әртүрлі кәсіпорындардың рөлі барлық уақытта бірдей болған жоқ.Орын ауыстырушының саяхаттың ерекше белгісі ретінде,транспорқа өте үлкен мән беруге себепші болады.Құрлықта тасмалдау жүйесі «туристер мен саяхатшыларды жаяу ауыстыруды тасмалдауды қоспағанда техникалық өрлеу(даму) басталғанға дейін жан жануарларды:піл,түйе,ат,есек,иттерді сол сияқты қарапайым есекті және желкенді жүзу құралдарын пайдалану негізінде тұрақты қалыптасты.Транспорағы түбірлі өзгерістер мен оның ХIХғ инфрақұрылымының дамуы қазіргі заманғы туризмге бастау болды.Еуропа мен Америка өнеркәсібіндегі өзгерістер бу күшімен жүретін механикаландырылған қозғалыс құралдарының пайда болуына бастама болды және темір жолдар мен транспортының дамуына күшті себеп болды.Бірінші дүние ж.зілік соғыстан кейін туризм катализаторының рөлі темір жолдан автомобиль транспортына өтті.Мәселе мынада еді,туристік кеңістік темір жол магистраліне қатаң байланған,жекелеген шағын (бөліктермен)жерлермен шектелген.Оны әр қарай кеңейту үшін,территорияға тереңірек енуге мүмкіндік беретін қозғалыстың мобильдік құралдары қажет болды.Мұндай құрал автомобиль болды.Ол тек қозғалыс еркіндігін ғана емес,сонымен бірге туристік сапаларды орынды ұйымдастыруды да қамтамасыз етті.

Автомобиль транспортымени бір мезгілде туристерді 500км ден жоғары ұзақ қашықтықтарға тасмалдауда үстен орын алған,транспорттың авиациялық түрі дамыды,ал қозғалыс уақытының жылдамдығы мен қысқаруы оған туристердегі танымалдықты ізденіп тапты.Ұшақ жасап шығарудағы ілгерілеушілік тек бүкіл транспорт жүйесінің дамуында ғана анықтаушы роль атқарып қана қойған жоқ,сонымен бірге туризм саласындағы құрылымдылық өзгерістергеде алып келді.

Машиналардың жолаушылар сыйымдылығының артуымен жер үсті қызметтерін,әуежайларды,подъезд жолдары мен орналастыру құралдарын модернизациялау қажеттігі туындады.Белгілі бір кезеңде олардың төмен өткізу қабілеті азаматтық авиацияға шыдамды әсер бере бастады.Ұшақтардың жүктемесі қонақ үйлердегі орындарт санына,туристерді басқа орналастыру (тарату) құралдарына және тағы басқа жолаушылар категориясына тікелей байланысты болды.Қалыптасқан жағдайларда әуе компаниялары ірі қонақ үй монополиясын құра отырып,қонақ үй шаруашылығына белсенді түрде ене бастады.

Бірақ жақын уақытта жаңа технологияның дамуымен және сағатына 500км/сағ жылдамдықпен қозғалатын (жүретін) монорельсті магнитті негіздегі супер пойыздың пайда болуына байланысты жолаушылар темір жол транспортының танымдылығы әуе транспортынан асып түсуі(озып кетуі) мүмкін.

Бүгінде мынадай болжамға негіз бар,яғни экономикалық өсу орталығының бүкіл Евразиялық континенті бойынша араласқан халықаралық бірлестіктің жаңа аудананың пайда болуы бұл туризмді Евразияның барлық елдерінде дамытудың теңдессіз тарихи мүмкіншілігі глобализация мәселесі транспорттың әлемдік туристік шаруашылықтағы онсызда жоғары ролін көтереді.Осыған байланысты Евразияның алыс орталықтарын (шалғай жатқан) қосатын халықаралық транспорт коридорларының даму концепсиясы ерекше рөл атқарады.Таңқарарлығы олардың маршруты Жібек жолының ежелгі трасса контурларымен сәйкес келеді.Мұнда сәйкестік кездейсоқ емес.

Қазақстанның Евразия орталығында маңызды жол торыбында ежелгі Жібек жолында орналасқан географиялық жағдайы республиканың басты байлығының бірі.Қазақстан жаңа халықаралық маршруттың қалыптасуына әсер ететін мемлекеттер қатарында.Қазақстанның гиосаяси жағдайына сипаттама бере отырып Британ ғалымы Х.Маккиндердің белгілі формуласын заң бойынша қайтадан фразаға бөлуге болады.Евразиядағы транспорт маршрутын кім бақыласа сол адам «Хартлендті» (әлем жүрегін) бақылайды,ол «Хартлендті» кім бақыласа сол адам әлем тағдырына бақылау жасайды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 1008; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.059 сек.