Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ішкі каюталар. 8 страница




Туристік өнеркәсіп пен транспорттық өнеркәсіптің (автомобильдерді жалға лау) өзара қарым-қатынасы келісім шарт түрінде толтырылады. Келісім шарт статьялары осы заңды құжатқа енгізілген транспорт құралдарына, тасымалдаушының міндеттеріне және көптеген басқа аспектілерге талаптар белгіленген «ҚР-ғы туристік қызмет туралы» Заң, «ҚР-ғы транспорт туралы» Заңдар негізінде жасалады. «Екі жақтың жауапкершілігі» барынша қатты болуы тиіс. Жақсы ойластырылған келісім шартта «тапсырыс беруші» автотранспорт мекемесіне траспортты қолданбаған жағдайда 100 пайыз ақасын төлейді, өз кезегінде «орындаушы» транспортты беруде олқылық болған жағдайда маршруттың 100 пайыз ақысына айыппұл төлейді, оған қосымша моральдық шығынын өтейді (клиентті жоғалтқаны үшін). Яғни келісім шартта екі жаққа да қатысты ең әртүрлі мәселелер көрініс табуы тиіс.

Адамның саяхат кезіндегі орын алмастыруы мыналарға бөлінеді:

· активті – адамның бұлшық ет көмегімен: жаяу, тауға шығу, альпинизм, велосипедпен, жүзу, ескен есу және басқа;

· пассивті – механикалық қозғалатын немесе басқамен қозғалатын түрлі құрылғылардың көмегімен.

Тасымалдау қызметі және басқа да транспорттық қызметтер әр түрлі туристік өнімнің құраушысының бірі. Ең алдымен, бұл жіберу жерінен белгіленген жерге тасымал және трансфер, туристті белгіленген объектіге тасымал (мысалы, аэропорттан қонақ үйге), сол орнында транспорттық қызметтер, мысалы, экскурсиялық. Қызметтің туристік өнім құрамындағы маңызды орны мен сипатын көрсету керек, тасымалдау қызметін ұсынбағанда немесе қызметті тиісті деңгейде көрсетілмеген жағдайда туристік өнім өзінің негізгі қасиеттерінен айырылуы мүмкін және болмаған (экстремалдық) жағдайда оның тұтынушымен немесе тұтынушы тобымен тұтынылуы тоқтауы мүмкін. Егер теңіз курортының турында туристті туристік орталыққа тасымалдауды жүзеге асырылмаса, онда тур болмайды. Ұйымдастырушының себебінен туристті кері тасымалдың жоспарланған кезеңі жүзеге асырылмаса, онда тур толық емес қызмет көрсеткен, және тұтынушы оларға шығындардың орынын толтыруды талап етуге құқысы бар. Қызметтердің генерациялану барысында және оны тұтынуда түрлі құралдар қатысады және тасымалдың көптеген әдіс-тәсілдері қолданылады.

Сол сияқты тасымалдау құралдары мыналармен қызмет ете алады:

· орналастыру орнымен (түнеу) - круиздік кемелер, туристік пойыздар, жатын автобустар – орналастыру қызметтері;

· көңіл-көтеру объектілерімен - ойын-сауық іс-шаралар, көңіл көтеру мақсатымен сырғанау, спорттық жарыстар, шоу және көрмелер – көңіл көтеру қызметтері;

· тауар сатып алу объектілерімен - модельдік экспонаттар – сатып алу;

· жеке транспорт көліктерімен – автомашиналарды жалға алу, яхталарды жалға алу және т.б. – жалға алу қызметтері.

Транспорттық қызметтерді және транспорттық құралдарды көрсету турдың құрамына кіруі мүмкін, бірақ турист сол қызметтерді келген жерде өздігінен сатып ала алады. Тасымалдау құралдары тауар ретінде, жалға алу объект ретінде, аттракция құралы мен объект ретінде және т.б. болуы мүмкін және туристік өнімнің негізгі түрлерінің генерациясында қатысуы мүмкін. Тасымалдау құралына негізделген іс-шаралар, туристік өнім негізіне салынуы мүмкін немесе туристік сапардың басты мақсаты болуы мүмкін, мысалы, Монте-Карлодағы «Формула-1» автомобильдік жарыстар туры.Уақыт белсенді түрде алға жылжуда, туристтердің қажеттіліктері менен ғылыми-техникалық прогресстің мүмкіндіктеріне жауап бере алатын туристік өнім генерацияның жаңа қасиеттері, әдіс-тәсілдері шығуда. Бұрын белгісіз болып келген техникалық құралдар мен әдістер негізінде жаңа қызмет түрлері құрылуда.

Транспорт халық шаруашылығының ірі салалардың бірі болып табылады. Оның жұмысында маңызды үлесті жолаушыларды тасымалдау алады. Олардың ішінен жоғарғы орынды туристер алады. Туристерге негізінен саяхаттың созылу уақыты, оның комфорттылығы және бағасы маңызды болып саналады. Көлік түрінің және туристің ауқаттылық деңгейінің, туристік саяхаттың мінезі мен шығу мақсатының алыстауының арасындағы тәуелділік айқын көрінеді. Транспорттық саяхат өзінше жеке туризм түрі ретінде қарастырылады. Транстпорттық саяхаттар қазіргі уақытта туризмнің дербес түрі болды.

Көліктердің ішіндегі темір жол көлігі әртүрлі мемлекеттерді және мемлекеттердің әртүрлі региондары арасында байланыстарды орнату үшін айрықша роль атқарады. Әрбір мемлекеттің экономикасының дұрыс дамуын қамтамасыз етеді және туристер көп қолданатын көлік түрі. Темір жол тасымалдауларының бірқатар ерекшіліктерін айтып өтуге болады: темір жол көлігінің тасымалдау мүмкіншілігінің жоғары болуы; шығатын пунктен, бару пунктіне тасымалдаудың жоғары жылдамдығы; үлкен қашықтықтарды өтудің мүмкіншілігі; метео жағдайға байланыссыз тасымалдаудың тұрақтылығы және т.б. осы қалалар арқылы темір жол көлігімен саяхаттың маршрутын жасау.

Туризммен пайдалынатын көлік түрлері географиялық орнына, жердің табиғи жағдайына, сонымен қатар коммуникациялық желілердің дамуының дәрежесіне тәуелді. Туристік көлік және жалпы көлік: құрлық, су (өзен, теңіз) және әуе көлік болып бөлінеді. Туристік тасымалдаудағы көліктің кейбір түрлерінің үлесі халықаралық және ішкі туризмде әртүрлі болып құрылады. Қоғамдық көлік туристердің тікелей демалуының, тамақтану және көңіл көтеру орны болады. Осындай транспорттық туризм халықтың демалуының айрықша әйгілі түріне айналды. Осы мақматқа негізінен су көліктерінің түрлері бейімді- кемелер осында жоғарғы категориялы қонақ үйлер сияқты комфортты демалу үшін жағдайлар жасалады. Ересек адамдар үшін ең тартымды «жылжитын үй» сияқты жолаушы су кемелері болып табылады. Темір жол көлігі қызмет көрсетудің осындай жоғары деңгейін арнайы жылжымалы составты қолданғанда да көрсете алмайды, бірақ оның да құндылығы бар. Ол кейбір көрсеткіштер бойынша су көлігін озып кетеді.

Жоғары дамыған мемлекетерде автомобиль, темір жол және әуе туризмі әйгілі болып келеді.Сонымен қатар, көлік экскурсияларда қызмет ету, оның ішінде қаларды, табиғи көрікті жерлерді, мәдени-тарихи обьектілерді т.б. барып көру үшін маңызды роль атқарады. Туристік қозғалыста әуе көліктің маңыздылығы болашақта көбейеді. Ол негізінен аса тез жолаушы ұшақтардың шығарылуы мен қолданылуымен байланысты.

Транспорт туристерге ұсынылатын негізгі қызмет көрсетулер қатарына кіреді, және инфрақұрылымның құрама бөлігі болып табылады. Транспорт құралдарының қалыпты жұмыс істеуіне көбінесе туристік қызметтің табысқа жетуі байланысты болады.

Транспорттық құралдарды классификациялау

Транспорттық саяхат өзінше жеке туризм түрі ретінде қарастырылады. Транспорттық саяхаттар – бұл түрлі транспорттық құралдарды қолданумен құрастырған маршруттар бойынша жолдамасы (ваучер) бар ұйымдастырылған туристтер топтарының саяхаттары. Олар түрлі негізгі белгілері бойынша классификациялайды:

- маршруттағы жылжу әдісіне

- қолданатын транспорт түрлеріне

- маршрут трассасының құрылысына

- маусымдық және т.б.

Ең көп белгілеріне автобустық, әуелік және теміржолдық саяхаттары жатады. (транспорттық саяхаттардың жалпы көлемінен 80% жуық)

Туристтік транспорттық саяхат әдеттегідей бірнеше транспорт түрімен іске асырылады: теміржол + автобус, әуе + автобус және т.б.

Ең бір мобилді транспорт түрі – автобус және жеңіл автокөлік өз бетінше маршрутта да туристтерде әуежайдан қонақ үйге жеткізу не керісінше, трансферлік транспорт түрінде де қолданады.

Өзінің саяхатын жоспарлауда турист сапар нысанасына жету жылдамдығы, саяхат ыңғайлығы, бағасы, жүкті тасымалдау мүмкіндігі және оның салмағы, жолда тоқтау мүмкіндігі, тамақтану жағдайы, шу деңгейі, вибрация, ұйықтау және демалыс үшін жағдай, сапар кезінде кең кқрінісі, қолйсыз экономикалық факторлардың болуы және әрине – қауіпсіздік секілді факторларды ескеру қажет.

Приоритеті бойынша бұл талаптар келесі кезеекпен бөлінеді:

- саяхаттың қауіпсіздігі

- бағасы және түрлі жеңілдіктердің болуы

- ыңғайлылық

- жеткізіп беру жылдамдығы

- басқа факторлар

 

 

 


Неғұрлым оңтайлы факторлар көп болған сайын соғұрлым транспорттық саяхат бағасы жоғары болады, алайда бірден бір транспорттық құрал барлық талаптарды қанағаттандыра бермейді.

Туристті әуе транспортымен тасымалдау яартерлі және рейстік ұшіақтармен жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде әуе тасымалдаумен 400-ге жуық әуе компаниясымен, сонымен бірге 60-қа жуық Ресейлік әуе компаниясымен жүзеге асырылады.

Ресейлік туристтер ұлттық та шетелдік тетасымалдаушылармен қолданады. Отандық ұшақтармен бірге (АН-36, ТУ-154, Ил-62, ЯК-42 және т.б.) қабат ресейлік әуе компаниялармен «Боинг», аэробустар А-310, және т.б. секілді ұшақтар жұмыс істейді.

Туристтік мақсатта тік ұшақ және басқа да ұшатын аппараттарды: дирижабль, ауа шарлары, парапландар, дельтопландар және т.б. кең қолданады.

Ыңғайлық, тамақтану жағдайы және басқа да факторларға байланысты ұшақтың орындары келесідей кластарға бқлінеді.

- I класс (F)

- Бизнес-класс (C)

- Эконом класс (Y)

- Басқа да түрлері

Туристтік авиациялық саяхаттар үздіксіз, маусымдық немесе бір реттік негізде іске асырылады.

Ұлттық тасымалдау немесе жеке әуе компаниялар шеңберінде туристтер үшін түрлі жеңілдіктер бекітілген:

- маусымдық

- ұжымдық

- баларымен жолаушылар

- топтық

Туристтерде үлкен беделге IAPA (халықаралық жолаушылар авиажолының ассициациясы), ETN (Труизмнің еуропалық жүйесі) және т.б. жеңілдік карталар ие.

Осындай карта иелері кейбір әуекомпаниялардың (DELTA, SAS) әуебилеттеріне жеңілдіктермен, дүниенің 4000 ең күшті қонақ үйі бағасына жеңілдік (10-нан 40% дейін), жалға алынған автокөліктің бағасына жеңілдікпен (30 % дейін), тасымалдау құжаттарынның жлғалғанын қалпына келіруге, әуежайда VIP залын ұсыну, сақтандыру және тағы басқалармен қамтылады.

Туристтерді тарту мақсатында кейбір әуекомпаниялар осы компания ұшағында ұшқан сағатына қарап жеңілдіктер береді.

Ішкі су артриясында туристтерді тасымалдау сиымдылығы 250, 300 және 400 жолаушы ыңғайлы арнайы өзендік теплоходтармен жүзеге асырылады. Каюталар бір орынды, екі орынды, 3-4 орынды және жанұялы болып бөлінеді.

Осы класс теплоходтары ыңғайлық пен демалыстың барлық атрибуттарымен – каюталарда жұмсақ жиөаз, кондиционер, тоғазытқыш, мини-бар, солярия, ресторан, барлар, сауна, музыкалық салондар, видео-кинозалдар қызметтерімен жабдықталған.

Теңіздік халықаралық жолдарда 96-дан 788 жолаушыға дейін сиып кететін жоғары комфортты круизді кемелер жұмыс істейді.

Жоғарыда айтылған ыңғайлылық атрибуттарына семинарлар, сипозиумдер үшін жабдықталған бизнес-кластар, бессейндер. Лифт, спорт кешендерді қосуға, автокөлігімен, телефонымен, тұрмыстық қызмет кешенімен және т.б. туристтерді қабылдауға мүмкіндік бар.

Сулы туристтік саяхаттар мен экскурсиялар тағы да мынадай тарнспорттық құралдармен жүзеге асырылады: өзендік «трамвайлар», яхта, су асты қайықтар, желкенділер, катамарандар, қайық, байдаркалар, салдарда және т.б.

Темір жолдық туристтік хабаоламада графикпен де арнайы қозғалыс режимінде де жұмыс істейтін мамандандырылғантуристтік құрамаларда қолданылады. әдетте олар 12 жолаушы вагондарынан, 2-3 вагон ресторан, вагон-клубтардан және т.б құралады.

Темір жолдық туристтік саяхаттарды іске асыру аоездердің өмірімен қамтамассыз ету құралдарымен қамтамассыз етумен байланысты. әдетте темір жолдық туристтік саяхаттар сақиналы маршрут режимінде жоспарланады.

Ресейдің және шетелдің қалаларында экскурсиялық туристтік транспорт ретінде трамвай және ретро-нұсқалары: троллейбус, карета, дилижанс және т.б. қолданылады.

Жоғарыда айтылған тарнспорттық құралдыр (ұшақ, кеме, теміржол вагондары және т.б.) әдетте туристтік компанияның жеке меншігі емес, және фрахт, жал, лизинг және т.б. негізінде қолданылады.

Жаппай туристтік транспорт – автобус көп жағдайда ірі туристтік компания, ұйым, концерн, ассоциацияның өздерінің жеке меншігі болып табылады.

Басқа туристтік фирмалар ұзақ мерзімді немесе бір ретті тапсырыс негізінде автотранспортты кәсіпорынның қызметін қолданады.

Туристтік автобус классификациясы суретте көрсетілген. Жоғары маневрлік пен мобилділікке ие болса, туристтік автобустар қысқа және орта (200 км дейін) маршруттарда бәсекеден тыс болады.

Жоғары комфортабильді туристтік автобустар ұзақ маршруттарда да қолданылады. (мысалы, МӘСКЕУ-МИНСК-ВАРШАВА-БЕРЛИН-ПАРИЖ). Мұнда түңгі уақыттағы транспорттардың демалысы отель мен мотельдерде қарастырылады. Халықаралыө классификацияға сәйкес, автобустар бірнеше белгілері бойынша категорияларға (жұлдыздарға) сертификацияланады. Негізгі транспорттық құралдардың жалпы тартымдылық бағасы 10 баллдық рейтинг бойынша кестеде келтірілген.

 

Бағалау критерийлері Транспорттық құрал түрлері
өзендік кеме Теңіздік кеме Темір жол вагондары автобустар Жеңіл көлік Ұшақ
1. Қозғалыс қауіпсіздігі 2. экологиялық қауіпсіздігі 3. тасымал құны 4. экскурсия жылдамдығы 5. мобилділік 6. жолда туристтердің қалауымен тоқтау мүмкіндігі 7. жолда өмір қауіпсіздігінің ұзақтығы 8. сиымдылық 9. капиталды шығындар 10. ыңғайлылық деңгейі                                                                                                            
Барлығы            

 

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 868; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.051 сек.