Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Арахандар мемлекеті 3 страница




Австрия, атап айтқанда, 1735-1739 жылдарғы орыс-түрік соғыеында Ресейдің одақтасы болды. Бұл соғыста Ресей Қырымның көптен бергі талан-тараж шабуылдар жасауын тоқтатуды, сөтсіз болып шыққан Прутск жорығының салдарын жоюды жөне Қара теңізге шығуға жол ашуды көздеді. Соғыс өрекеттері Днепр өзенінің төменгі жағында, Молдовада және Қырымда кең өріс алды. Орыс армиясы Ставучан төңірегінде маңызды жеңіске жетті. Очаковты, Кинбурнды, Яссыны басып алды; Перекопке бүзып-жарып өтті; Қырым хандығының астанасы Бахшасарайды алды. Алайда, 100 мың орыс солдаты құрбан болған Бұл соғыс алға қойылған мақсаттарды шеше алмады: Иран Түркиямен соғыс бастау жөніңцегі міндеттемесін орындаған жоқ, Австрия сепараттық бітім жасады, Фельдмаршал Миних бастаған орыс армиясы соғыс әрекеттерін баяу жүргізді және өз жеңістерін орынды пайдаланбады. Миних армиясы прусс төртібін: уставтарын, тактикасын, киім-кешегін, таяқтау жазасын қолданды. Армияны азық-түлікпен, жем-шөппен, қару-жарақ, оқ-дәрімен жабдықтау өте нашар болды. Осының нәтижесінде Ресей бітімге келуге мәжбүр болып, Бұл бітімге 1739 жылы Белградта қол қойылды. Келісім-шарт бойынша Ресей теңізге шығатын жолды да, Азов пен Қара теңізде флот үстау құқын да ала алмады.

Қорыта келгеңде, Осман Түріктері XIV-XVIII ғасырдың бірінші жартысында ұлы империя құрды. Қуатты ескери күштің иесі болды, жер аумағын кеңейтті. 1329 жылы (басқа мәліметтер бойынша 1331 ж.) Никеяны (Изник), 1337 жылы Никомедияны (Измит) басып алды. 1354 жылы Балкандағы Галипольді (Гелиболу) және оның маңындағы Византиялық бекіністерді бағындырды. I Мурад (1359-60 немесе 1362- 89 ж. билік еткен) 1361 жылы немесе 1362 жылы Андриа-нополь (Эдрне) мен Шығыс Фракияны, көршілес аймақтарын, сонан соң Пилиппопольды (Пловдив), Софияны, Шуменді, Ништі басқа да болгар және серб қалаларын өзіне қаратты.

I Баязид (1389-1402 ж. билік өткен) бүкіл Болгарияны жаулап алып, Никополь шайқасыңда (1396 ж.) Еуропалық рыдарлардың біріккен күшін талқандады. Бұл кезенде Осман мемлекеті Анатолыда өз шекарасын кеңейтті. Мүвда негізінен түрік халқы қалыптасты. XIV ғасырдың аяғына қарай Анатолы иеліктерінің (князьдықтар) бәрі Осман мемлекетіне қосылды. XV ғасырдың 40 жылдары Осман түріктері Балканда тағы да жорық бастады. Сүлтан II Мурадтың әскері (1421-52 ж. билік еткен) 1444 жылы Варна маңыңдағы шайқаста еуропалық мемлекеттердің армиясын, ал 1448 жылы крестілер жасағын талқандады. Сүлтан II Мехмедтің (1451-81 ж. билік. еткен) әскері 1453 жыны 29 мамырда Константинопольді алды. Сонымен Византия империясы құлады. Осман мемлекеті енді империяға - Осман империясына айналды. XV ғасырдың 50-70 жылдары Сербияның тәуелсіздігі біржолата жойылып, Морея, Аттика, Трапезунд империясы Боснияны, Эвбея аралы, Эгей теңізінің басқа бірсыпыра аралын жаулап алды. Қырым хандығы мен Валахияда түрік суверенитеті орнады. II Мехмед өзі билік жүргізген жылдардың аяқ шенінде, бүкіл Албанияны басып алды.

Сүлтан II Баязид (1481-1512 ж. билік еткен) Оңтүстік Шығыс Еуропаны жаулап алуды аяқтап, Герцеговинаны қосып (1482 немесе 1483 ж.), Молдоваға өз суверенитетін орнатты (1501 жылы).

Сұлтан I Селимнің (1512-20 ж. билік еткен) ескері 1514 жылы Сефеви мемлекетінің армиясын талқандап, оның астанасы Тебризді езіне қаратты. 1514-15 жылдары Арменияны, Күрдстан мен Солтүстік Месопатамияны (Мосулмен қоса) басып алды. 1516-17 жылдары Сирияға, Ливанға, Палестинаға, Египетке, Хиджазға, 1519 жылы Алжирдің бір бөлігіне билік орнатты. 1521 жыны түріктер Белградта, 1526 жылы Венгрияның астанасы Буданы бағындырды. Родос, Эгей архипелагының өзге де аралдары,

Триполитения, бүкіл Алжир түрікгердің билігіне көшті. 1664 жылы Түрік армиясы Сенттотхард маңыңца австриялықтар мен венгриялықтардың, 1683 жылы Вена шайқасында поляк әскерлерінен күйрей жеңілді. 1684 жылы түріктерге қарсы «Қасиетті Лига» (Австрия, Полыиа, Венеция, 1686 ж. Ресей) үйымдасты. Австриямен болған соғыста (1716-18 ж.) түрікгер Кіші Валахиядан, Боснияның бір бөлігінен, басқа да иеліктерінен, оның ішінде Белградтан, Иранмен болған соғыста (1730-36 ж.) Тебриз бен Хамаданнан айырылды. 1715-1739 жылдардағы соғыста Ресей Азов пен Запорожьені қайтарып алды. Қырым хандығы тәуелсіздік алды.

Әскери-леңцік жүйе дағдарысы тереңдей түсті. Армияның жауынгерлік қабілеті төмендеді. Билеуші тап шаруаларды қанауды күшейтті. Алжирде ауыл шаруашылығының негізі шайқала бастады. Шаруа жерін тастап, қалаға қаіыты. Сыртқы сауда іс жүзінде шетелдер капиталы мен компрадарлық буржуазияға бағынды. Рынок қысқарды.

Батыс Еуропа болса, оның жөні басқа еді. Ол Бұл кезде Жаңғыру реформасын жасау, француз революциясы, либерализм, өнеркөсіп революциясы кезендерінен өткен еді. Ал Осман мемлекеті Византия империясының дәстүрлерін айнытпай қабылдаған болатын. Ал оның экономикасы мемлекеттің басқару мен бақылауына негізделген еді. Ол бағаны белгілеуден және қымбат тауарлар мен түтыну заттарын сатуды уысынан шығармаудан анық көрінетін. Бұл дәстүрлерді экономиканың ислами қағидасымен үйлестіру өте қиын іс еді. Империя әлсіреуінің алғашқы белгілері үкіметті алаң-датпай түра алмады. Билеушілердің рухы түсті. Бірақ ре-формашылар тек мемлекетті күшті үкіметпен нығайту жайын ойлады. Олар сөйтіп өткенде болған нәрселерді ғана қалпына келтіруге үмтылды. Империяның құлдырай бастауы Батыстың оған деген көзқарасын өзгертті. XVI ғасырда құрмет-қоше-метке бөленген түріктер енді надан да жабайы деген атқа ие бола бастады. Сөйтіп, Түркияның өз ісіндегі христиандарға көмекгесу саясатының негізі қаланды. Ал дін Батыстың нағыз шын саяси мақсаттарын бүркемелеуге қызмет етті2. Осман империясындағы елді еуропалаңцыру жөнінде жүргізілген реформалар экономикалық жаңғыруға қажетті жағдайларды жасай алмады. Тек Батыс инсгатуттарын қабылдап қана қою мүлде жеткіліксіз еді. Ол қайта империя мен Батыс Еуропа дамуының арасындағы айырмашылықты бүрынғыдан бетер үлғайта түсті. Ел ішіңце түріктер Еуропа деңгейіне ешқашаңда жақыңцай алмайды деген пікір де туады. Батыстағы өркениет-тің негізгі қозғаушысы - жеке бастың шымыр-ширақтығы Осман түріктерінде мүлде жоқ, үкімет билігінен тыс жерде ешбір принцип те, ереже де болмады», - деп жазды.

 

 

Лекция тақырыбы: Орта Азия және Қазақстанды манғолдардың жаулап алуы

Жоспары:

1. Манғол мемлекетінің құрылуы

2. «Отрар қырғыны»

3. Харезмшах Мұхаммедке қарсы манғолдардың шабуылы

4. Империяның құрылуы және оның ұлыстарға бөлінуі

 

Лекция мақсаты: ХІІІ ғасыр басында құрылған Моңғол мемлекетінің билік тізгінін қолына алған Шыңғысхан моңғол мемлекетін империяға айналдарды. Моңғол мемлекетінің құрылу тарихы, мемлекеттік құрлымын, моңғолдардың әлем тарихындағы алар орнын салыстырмалы түрде түсіндіру.

 

Лекция мәтіні: Шыңғысхан - "әлемді сілкіндіруші", ұлы қолбасшы және жаулап алушы - кең жерді иемденген және 40000 үйге (отбасына) қамқоршы болған, моңғол даласында ержүректілігімен және күштілігімен белгілі болған Есугей батырдың ұлы. Бір сөзбен айтқанда, Шыңғыстың әкесі ең күшті де, ең бай моңғол және олардан көрші елдердің хандары мен қағандары да сескенген, 12 ғасырдың аяғындағы моңғол мемлекетіндегі ықпалды ақсүйектердің бірі болған. Есугейдің өзі Торғұл қағанды құтқаруға келіп, 1170 жылы қытайлармен соғыста даңқы шыққан.

Балалық шағында Темучжин деген аты бар Шыңғысхан тоғыз жасқа толғанда, жаулары у берген оның әкесі өледі де, сол кезден бастап оның отбасы үшін аса қиын күндер туады. Темучжин ерте ме, кеш пе әке өлімінің кегін қайтаратынын, сондай-ақ ержете келе көптеген княздіктерге бөлінген моңғол хандығында билік үшін күресте өте қауіпті және ықпалды қарсылас боларын біліп, жаулары оның көзін жоюға талпынып, қуғындай бастайды. Бірақ тағдыр оған оң көзімен қарап, қиындықтармен және жоқшылықтармен күресте үлкен тәжірибе жинап, ол барлық қиын-қыстау кезеңнен аман шығады. Жоқшылықтар болашақ қолбасшы мен әміршінің мінез-құлқын нығайтады, оның дүниеге көзқарасын қалыптастырады.

¤зара күресте барлық қарсыластарын жеңіп, Темучжин моңғолдар мен түріктердің бытыраған рулары мен тайпаларын бір елге біріктіреді және 1182 жылы оған "Шыңғыс" деген лауазым беріп, тайпа көсемдері оны хан сайлайды. "Шыңғыс" деген сөз "теңіз-мұхит" дегенді білдіреді. Сонымен, "Шыңғысхан" - теңіз сияқты үлкен аумақтың иесі деген лауазым.

Билік басына келген Шыңғысхан бүкіл елде "¦лы Яседе" бейнеленген (Яса-сөз) қатаң заң орнатады және бұл заңдарды сөзсіз орындауды бәрінен талап етеді, оны бұзғандарды өліммен жазалауды бұйырады. Осыдан моңғол әскерінде қатаң тәртіп орнайды және оның аса жетік ұйымшылдығы пайда болады, соның арқасында олар алып аумақтар мен көптеген халықтарды жаулап алды.

Жаулап алу соғыстарын бастаған Шыңғысхан екі үлкен мақсатты көздеді: біріншіден, Енисей мен Лена өзендерінің бойындағы түрік тайпаларынан Дунай жазығындағы мадьярларға дейінгі барлық қандас халықтарды бір мемлекетке біріктіру; екіншіден, Шығыс пен Батыстың өркениетін өзара байланыстыру, олардан пайда алу үшін алмасу жолдарын құру және қорғау, еуразиялық құрылықтың екі бөлігі арасындағы жоғарғы төреші-билікші болу. Мұндай жоспарды кезінде Атилла да қастерлегені сөзсіз. Бәлкім, бұл туралы

¦лы Александр және Наполеон Бонапарт армандаған болар, бірақ мұндай идеяны жүзеге асыру, оны аяғына дейін жеткізу Шыңғыстың ғана пешенесіне жазылған еді. Тек моңғол жаулап алушылары ата-бабаларының "соңғы теңізге" жету, бір мұхиттан екіншісіне дейін созылып жатқан империяны құру арманын орындай алды. Қазақстан шебінде моңғол құрамалары Хубилайдың (Дзамби, Хубилай ханның әйелі) басшылығымен 1218 ж. көрінді. Моңғол әскерлері олардан қашқан меркіттердің артынан Ертіс жағалауына және Жетісуға келді. Хубилай қарлұқтарды бағындырды, Алмалықты басып алды. Сол жылы (1211) Қытайды басып алу науқаны басталды, сондықтан Хубилай әскерлерін шегіндіріп әкетті. Қытайды бағындыру соғысы 1216 жылы аяқталды, ол бітісімен моңғолдар дереу қазақ далаларымен шекарада пайда болды. Торғай далаларында қантөгісті шайқас өтті, онда меркіттер біржолата жеңілді. Хорезм мен оның төңірегіндегі жерлердің билеушісі Мухаммед Сұлтанның 60 мыңдық әcкері қыпшақтарды қуамын деп, бір тәулікке кешіккен еді. Олармен хорезмдіктердің ескі есептері бар болатын. Моңғолдар шайқасқа шығуға мәжбүр болды, бірақ олардың ешқайсысы жеңіске жете алмады. Түнде моңғол әскерлері шығысқа қарай жылдам жылыстап үлгерді. Шайқасқа қатысқан Хорезм шахтың ұлы Жалал ад-Дин сұлтан тұңғыш рет естуімен емес, өз көзімен моңғолдарды соғыста көрді. Моңғол жауынгерлерінің ерлігі Жалал ад-Динге үлкен әсер қалдырды. Және де осы шайқас "жеңілмейтін моңғолдармен" соғысуға болатынына сұлтанның көзін жеткізді.

Шыңғысханның елшілері және оларға ерген саудагерлері, жалпы саны бес жүзге жуық адам, араларында сөзсіз моңғол барлаушылары бар, 1218 жылы Отырар қаласына келіп жетті. Отырар билеушісі Қайыр хан мұншама сән-салтанатты делегацияның жаулық ниетін аңғарып, керуенді тонап алды, ал елшілер мен барлық саудагерлер өлтірілді. Бұл кезде иелігіне Отырар енген Шах Мухаммед өз хатында оны "өз ұлым" деп атаған Шыңғысханға ыза болды, мұнысымен ол түркістандық билеушінің ар-намысын аяққа басып қана қоймай, баласының жерін әкесі өз жеріне қосып алатынындай, өз империясына оның жерін қосатынын аңғартқандай еді. Сондықтан елшілер Отырарда өлтірілген еді. Кінәсіз елшілердің өлтірілуін және сол уақыттарда басты міндеті барлау болған өз дипломаттарына немкеттілікті кешпеген Шыңғысхан қатты ашуланады және соғыс енді сөзсіз болатын еді.

Құрамына сол кезде Қазақстан енетін Хорезмшах империясы 13 ғасырдың басында, моңғол шапқыншылығы қарсаңында біріккен алып, әрі алуан тайпалы ел еді. Хорезмшах әскерлері моңғолдардікінен саны жөнінен екі есе басым болса да, Орта Азияның көпсанды және жақсы бекінген қалалары қарсылық көрсете алмады. Мұсылман монархының өзі әскери таланттан жұрдай болатын және де қиындық жылдарында мұсылмандықтың түрлі бұтақтары, сүниттер, шиіттер және көптеген басқа тақуалық секталар арасындағы қарама-қайшылықтармен бөлінген әртүрлі халықтар мен елдерді өз билігі уысында ұстап тұруға мықтылық, ерік-жігер және батылдық көрсете алмады.

1219 жылдың көктемінде Шыңғысхан мен оның қолбасшы балалары 230 мыңдық әскерімен Ертістен өтіп, қазақ даласына баса-көктеп енді. Оңтүстікте моңғол түмендерін Жебе нойон бастады, солтүстікте әскерлерге Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы басшылық жасады. Ол шайқаста қырғыздарды тас-талқан етіп, одан әрі Дешті-Қыпшаққа өтті. Отырарды қоршау жарты жылға дерлік созылды, бірақ Қараджа қожаның сатқындығынан кейін моңғолдар қалаға басып кіріп, жергілікті тұрғындарды өлтіре, тонай бастады. Жауынгерлердің шағын тобымен қаланың ортасындағы цитадельге бекінген Қайыр хан бекініс қабырғалары бұзылғаннан кейін де бір ай бойы қарсылық көрсетті. Цитаделді моңғолдар басып алғаннан кейін де,

Қайыр ханның барлық жауынгерлері мерт болғаннан кейін де, жеңімпаздардың еркіне берілуді қаламаған ол әйелдер оған жеткізіп тұрған кірпіштермен жаудың бетін тойтарып; күресін жалғастыра берді. Кірпіштер де қалмағанда, моңғолдар ержүрек ханды ұстап алып, байлап-матайды. Қайыр ханды дарға асады. Отырар құлағаннан кейін қоршауға басшылық жасаған Шыңғысханның ұлдары Шағатай мен Угедей Орта Азия бойынша жеңісті шерумен кетіп бара жатқан негізгі моңғол әскерлеріне барып қосылды. Бұл кезде Хорезмшах империясының ең үлкен қалалары Бұқара, Самарқанд, Ходжент, Хиуа алынған еді. Келесі 1220 жылы Хорезм құлады. Моңғол қуғыншыларынан бас сауғалаған, өз қызметшілері мен жауынгерлері тастап кеткен Хорезмшахы Мухаммед Арал теңізінің бір аралына тап болады да, сол жерде аурудан қайтыс болады.

Осыдан кейінгі үш жылдың барысында Шыңғысханның ұлдары Жошы, Шағатай және Угедей тәжірибелі қолбасшылар Жебемен және Субедеймен бірге Иран мен Ауғаныстанды бағындырады, өз әскерлерімен оңтүстік орыс далаларына енеді, Кавказ бен Қырымды басып алады. Теректің төменгі сағасында оларға қыпшақтардың, черкестердің, лезгиндердің және аландардың біріккен әскерлері қарсы шығады. Қарсыластар әскерінен саны жағынан |аз моңғолдар бұл жолы қыпшақтарға елшілер жіберіп, оларды одақтастарынан бөлінуге икемдейді, олардың қатарында алауыздық енгізеді де, содан кейін екі жақты жеке-жеке тас-талқан етеді. Солай бола тұрса да, қыпшақтар қарсылықтарын жалғастыра береді. Олардың қолбасшысы Қотян хан өзінің орыс туысқаны, күйеу баласы князь Мстислав Галицкийден көмек сұрайды. Қалқа өзенінің жағасында 1224 жылғы мамырдың аяғында орыс және қыпшақ (половцылар) біріккен қолдарымен моңғолдардың шайқасы өтеді. Моңғол тактикасының басымдылығы арқасында, сондай-ақ орыс әскерлерінің бірыңғай басшылығы болмағандықтан, Жебе мен Субедей шайқаста жеңіп шығады.

Сонымен, 1224 жылы бірінші міндет - Орта Азия, Түркстан және Кавказ халықтарын жаулап алу міндеті орындалды. Моңғол тарихы жөнінен неғұрлым анық және дәл ғылыми еңбектің иесі парсылық тарихшы Рашид ад-Дин Шыңғысхан империясы жеңген және қосып алған халықтардың тізімдерін келтіреді. Олар: қыпшақтар (түркі халықтарының синонимі), орыстар, черкестер, асылар (аландар), маджала (маджар, мадьяр), келар, пула (болғарлар), башқұрттар, ібір,сібірлер (сібір халықтары).

Моңғол басқыншыларына неғұрлым күшті қарсылық көрсеткен Мұхаммед шахтың мұрагері

Жалал ад-Дин сұлтан болды. Моңғолдармен шайқастар тәжірибесіне ие ол тіптен шайқастарда моңғолдарды бірнеше рет жеңетіндей етіп өз жауынгерлерін ұйымдастыра және дайындай білді. Ауғандық Баммиан қаласының түбінде Жалал-ад-Дин Шыңғысханның өгей бауыры Шиги-Құтық түмендеріне соққы берді. Моңғолдар батыл Жалал-ад-Динді қууды жалғастырып, олармен ‡ндістанға дейін барады және 1221 жылы Инд өзенінің жағасында шешуші шайқас болады, мұнда ерлік үлгілерін көрсеткен мұсылман әскері жеңіледі. ¤зін шебер стратег ретінде көрсеткен Шыңғысханның өзі шайқасқа басшылық етті. Бірақ оның өзі де резервті, іріктелген "мың батырды", өз гвардиясын пайдалануына тура келді. Солар соғыстың тағдырын шешті. Жалал-ад-Дин және Ходжентті ерлікпен қорғаумен аты шыққан оның серігі Темір Мәлік екеуі өз әскерлерінің Инд өзені арқылы шегінуін жауып тұрды. Соңғы сәтте олардың өзі суға секіріп, өткелден жүзіп өтеді. Қарсыластарының ерлігін жоғары бағалай білетін Шыңғысхан өз ұлдарына жас сұлтанның ерлігін үлгі алуға лайық өнеге деп көрсетеді.

Сонымен, 1224 жылдың жазында Азияны бағындыру жөніндегі экспедиция аяқталды: моңғол империясының құрамына Қытай, Орта Азия, Түркстан, Кавказ, Қырым, Сібір, ‡ндістан енді. Кавказдағы соғыстарда Шыңғысхан жауынгерлері тұңғыш рет ашық шайқаста еуропалық солдаттармен - генуэздіктермен және венециандықтармен бетпе-бет кездесті. Алда Еуропа және батыс мемлекеттерден бірінші кезекте - Ертедегі Русь тұрды.

 

 

Лекция тақырыбы: Монғол империясының ыдырауы

Жоспары:

1. Шыңғысхан империясының ыдырауы

2.Империя орнында құрылған түркі мемлекеттері

 

Лекция мақсаты: 1227 жылы Шыңғысханның өлімінен кейін Моңғол империясының жері оның мұрагерлеріне берілді. Лекцияда осы Шыңғысхан мұрагерлері арасындағы қарым-қатынастарды және империя орнына құрылған мемлекеттердің тарихына жан-жақты талдау жасау.

 

Лекция мәтіні: Шыңғыс хан үлкен ұлы Жошыға Дешті-Қыпшақты басқару ісін берді. Алайда, 1227 жылы Жошы бір аң аулау кезінде қайтыс болғандықтан ұлдарының бірі Орда мен екінші ұлы Баты аталары Шыңғыс ханға барып, хандық орынға тандау жасауын өтінді. Шыңғыс хан таңдауын Орда деп аталатын отау құрдырып, сонда жасаған. Баты үшін алтын жалаткдн Ақ орда, ал Орда үшін күміс жалатқан Көк орда құрғызған. Осы кезде екінші ұлы Батының әкесі Жошыдан кейін хандық таққд отырғаны жөн деп табылды. Батыс жорығының нәтижесінде 1241 жылға дейін бүкіл Қыпшақ өлкесі, Булғар хандығы, Солтүстік Кавказ, Ресей және Шығыс Еуропаның барлығы дерлік монғолдардың қол астына кірді. Бұл жерлер Бату ханға беріліп, Ақ орда деп аталған. Ал, Ертіс өзенінен Еділ өзеніне дейінгі бөлім Ордаға беріліп, Көк орда деп аталған. Алайда, мемлекеттің шығыс қанатын құрайтын Көк орда Ақ ордаға тәуелді еді. Осы күннен бастап Баты ұлы хан, ал Орда Ичен хан лакдп атымен белгілі болды. Ақ орда Баты хан әулетінің симболы болғаны секілді сонымен қатар мемлекеттің де аты болған еді. Бірақ, Ақ орданың бір бөлігі болғаны үшін мемлекеттің аты да Алтын орда деп аталған.

Мемлекеттің орталығы - Еділ өзенінің жағалауында құрылған Сарай қаласы еді. Батының 1256 жылы өлімінен кейін ұлдары Сартағ және Улакшы да бірінен кейін бірі қайтыс болады. Сондыктан, (1256-1266) бауыры Берке таққа отырды. Берке - ислам дінін қабылдаған алғашқы Алтын орда ханы. Оның кезеңі мемлекеттің ең жарқын кезеңі болды. Оның өлімінен кейін орнына отырған Мөңке Темір (1266-1282) өз атымен ақша шығарған алғашқы хан болып есептеледі. Өзбек хан дәуірінде (1313-1340) әулеттің барлығы мұсылман болған. Оның кезінде мемлекеттің шығыс қанаты Көк орда әулеті құлап, мемлекет орталықтандырылған.

1369 жылдан кейін Жошының басқа ұлдары: Тогай-Темір мен Шайбани ұрпақгарының күшейе түскенін байқаймыз. Тогай-Темір ұрпағы Алтын орданың хандық лауазымын қолға алса, Шайбани ұрпақтары Батыс Сібірде билеуші болды.

1259 жылы қайтыс болған Мөңке орнына інісі Арық Бұқаның отыруын қалаған. Осы кезде қытайдағы ордалардың басында тұрған Құбылай қол астындағы бейлердің қатысуымен болған құрылтайда өзін қаған деп жариялаттырды. Құбылай өзіне астана ретівде Пекинді таңдады. Қарақұрымда орналасқан Арық Бүкдның бұл құрылтайды мойындамауынан барып қағандық тартысы қайтадан басталды. Алайда Құбылай Арық Бұқаны жеңіп, бұл тартыстарды өз пайдасына шешті.

Құбылай ұзаққа созылған тартыстардан соң оңтүстік Қытайды өз қол астына алды. Осылайша, құрылған Құбылай хандығы Қытайда Юан әулеті атымен аталатын жарқын дәуірдің бастауы болды. Мемлекеттің орталығы - Хан балық (Пекин) еді.

Құбылай қаған ретінде Шыңғыс мемлекетінің басқа бөліктерін өзіне тиесілі деп санай бастады. Илхандықтар мұны ұзақ уақыт іс жүзінде қабылдағанымен империялықтың өзге бөліктерінің тәуелділігі тек көзге солай көрінді. Бірақ, Құбылай хандығының бірте-бірте қытайлануы өзге аймақтардағы ықпалын азайтып, біраз уақыттан кейін бұл байланыс мүлдем үзілді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 996; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.042 сек.