Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция. Жасушаның зерттелу тарихы, жасуша теориясы.Цитология негіздері.Цитологияны зерттеу жоспары.Жасуша зерттеу тарихы.Жасуша теориясы




 

Жасушаның зерттелу тарихы, жасуша теориясы.Цитология негіздері.Цитологияны зерттеу жоспары.Жасуша зерттеу тарихы.Жасуша теориясы.

 

Цитология ғылымы. Цитология(гренше – жасуша ғылымы) жасушаның (клетка) құрлысын, химиялық құрамын және жасуша ішіндегі түрлі құрлымдардың атқаратын қызметтерін зерттейтін биология ғылымының маңызды салаларының бірі. Цитологияның қарқынды дамуының нәтижесінде, биология – сипаттамалық ғылымнан эксперметтік ғылымға айналды. Қазіргі кезде цитология ғылымы жасуша құрлысын зеріттеп қана қоймай, ондағы болатын күрделі физикалық – химиялық процестерді де зерттейтін нақты ғылым саласы болып отыр. Цитология – молекулалық биологияның, яғни цитохимия, цитогенетика,

цитоэкология және т.б. жаңа салалардың дамуына негіз болып отыр.

Цитологиялық зерттеулердің бастамасы, ең алғаш 1870 жылы щвейцарлық биохимик Ф. Мишердің лейкоциттердің ядросынан нуклеин қышқылдарын табуынан басталды. Кейіннен нәруыздың (белок) биосинтезі осы қышқылдардың қатысуы арқылы жүретіндігі анықталды.

Цитогенетика – тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын жасуша деңгейінде зерттеуге мүмкіндік берді. Бұл ғылымның қалыптасуына америкалық ғалым Т. Морганның тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы негіз болды.

Цитоэкология – қоршаған ортаның бұзылуына байланысты жасуша құрамының өзгеруін, соның салдарынан қауіпті аурулардың пайда болу себептерін және олардың алдын алу шараларын қарастырады.

Жасушаның ашылу тарихы. Жасушаның зерттелу тарихы 300 жылдан астам уақытқа созылды. Оның негізінің қалануы оптикалық құрвлдардың дамуымен тікелей байланысты. Атап айтқанда, алғашқы микроскопты 1609 жылы, Г.Галилей құрастырған. Ол микроскоп қарапайым болғандықтан ғылыми -зерттеу құралы ретінде қолданылмады. Кейінен,1665 жылы, ағылшын биологі, физигі әрі механигі Р.Гук өзі жасаған микроскоппен тығынның жүқа кесіндісін қарап, оның жеке ұяшықтардан тұратынын көрді. Осы ұяшықтарды Р.Гук «жасуша» (грекше – қуыс деген сөзінен шыққан) деп атаған. Р.Гук «жасуша» деген терминді алғаш қолданған, бұл термин осы уақытқа дейін қолданылып келеді. Р.Гук жасаған микроскопы арқылы тек өлі денелерді ғана көрген. XYII ғасырдың 70 -жылдары нидерландтық табиғат зерттеушісі Антони мен Левенгук объектіні үш есе үлкейтетін микроскоп жасап, онымен қанның құрамындағы эритроциттерді және бір жасушалы организмдерді тұңғыш ретбайқаған. Осыдан кейін жасушаның құрылысы жан-жақты зеріттеле басталды. XYII және XYIII ғасырларда өсімдік қабықшасы зерттелді. Ал XIX ғасырдың басында жүргізілген микроскопиялық зерттеулерлің нәтижесінде өсімдіктердің және жануарлар организмдерінің жасушалардан тұратындығы дәлелденіп, органикалық дүниенің даму заңдылықтары ашыла бастады. Сонымен қатар 1831 жылы ағылшын ғалымы Р.Броун өсімдік жасушасының ядросын ашты, 1839 жылы чех ғалымы Я Пуркине

жасушаның ішіндегі сұйықтықты «протоплазма» немесе «алғашқы плазма» деп атады. Қазір протоплазма ғылыми тілде «цитоплазма» деп аталады.

Жасуша теориясының қалыптасуы. XIX ғасырдың басында неміс ғалымдары – ботаник М.Шлейден мен Т.Шванн өсімдіктер және жануарлар жасушаларын салыстыра отырып зерттеу жүргізген. Нәтижесінде, олардың құрылыстары өте ұқсас және тіршіліктің дербес иесі екендігін анықтады. Демек, жасуша – тірі организмнің ең кіші өлшем бірлігі,сонымен қатар тіршіліктің негізгі тірегі.

Сонымен, 1838 – 1839 жылдары М.Шлейден мен Т.Шванн көптеген деректі материалдарға сүйеніп, жасуша теориясының негізін қалады. Жасуша теориясының қалыптасуы биология ғылымының әр түрлі салаларын дамытуға үлкен жаңалық болды. ФЭнгельс жасуша теориясын XIX ғасырдағы ашылған үш ұлы жаңалықтың бірі деп жоғары бағалады. Ол жаңалықтар - «энергияның сақталуы және бір түрдің екінші түрге айналуы», «жасуша теориясы» және Ч.Дарвиннің «эволюциялық ілімі» еді. Жасуша теориясының негізі қаланғаннан кейін 20 жылдан соң, 1858 жылы неміс дәрігері Р.Вирхов «әрбір жасуша өзіндей жасушаның бөлінуі арқылы пайда болады» деген қортындыға келді. Сонымен, жасуша – бір-бірімен тығыз байланысты әр түрлі құрам бөліктерден тұратын күрделі біртұтас жүйе болып табылады.

Қазіргі кездегі жасуша теориясының негізгі қағидалары мынадай:

1. Жасуша – барлық тірі организмдердің ең кіші өлшем бірлігі.

2. Әр түрлі органиэмдердің жасушалары – қүрлысы, құрлымы, химиялық құрамы, зат алмасуы және негізгі тіршілік әрекеттері жөнінен ұқсас.

3.Организмдердің жасуша құрлыстарының ұқсас болуы - өсімдіктер мен жануарлардың шығу тегінің бір екендігінің дәлелі болып табылады.

4. Жасушалар бөліну арқылы көбейеді.

5. Жасушаның негізгі құрлымдық бөлігіне цитоплазма және жасуша мембранасы жатады, ол барлық жасушаларға тән қасиет.

6. Көп жасушалы организмдер жасушаларының ең негізгі бөлігі – ядро, онда тұқым қуалау ақпараттары сақталып, келесі ұрпақтарға беріліп отырады. Тірі организмдер жасушалары ядросының жетілуіне байланысты екі топқа бөлінеді, яғни ядросыз жасушалы организмдер – прокариоттар, ал ялросы толық жетілген жасушалы организмдер – эукариоттар деп аталады.

Жасушаны зерттеу әдістері. Жасушанаң негізгі бөлімдері: мембрана, цитоплазма, ядроны, сондай-ақ цитоплазмадағы әр түрлі органоидтер мен молекулалардың құрлысын зерттеу үшін әр түрлі оптикалық құралдар қолданылады. Цитологияда қолданылатын негізгі құрал – жарық микроскопы. Жарықтың әсерімен көрсететін микроскопта жетілдірілген окуляр пайдаланылады

Ол зерттелетін объектіні экранға 1000 есе ге дейін үлкейтіп түсіре алады.

Қазіргі уақытта цитолг мамандар 800 – 1300 есе үлкейтіп көрсететін биологиялық микроскоптарды пайдаланады. Кейінгі кезде жасушаны молекулалық деңгейде зерттеу үшін 1931 жылы Девиссон мен Калбек ойлап тапқан электрондық микроскоп та пайдалануда. Электрондық микроскоптың шығуы әр түрлі қауіпті аурулардың қоздырғыштарын табуда ерекше орын алады. Биологияның арнаулы саласының бірі – биохимияда жасушаны молекулалық деңгейде зерттейді. Жасушадан молекулаларды бөліп алу үшін арнайы ультрацентрифуга деп аталатын құрал қолданылады. Бұл құрал арқылы нуклеин қышқылдарының және т.б. заттардың молекулаларының құрлымдары зерттеледі.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 17629; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.