Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жасуша ядросы

Мембранасыз органоидтер

 

Рибосома. Рибосома нәруыз биосинтезін жүзеге асыратын органоид екені белгілі. 180 000 есе үлкейтіп көрсететін электрондық микроскоп арқылы рибосоманың жұмыртқа пішінді болып келетіндігі дәлелденді (35-сурет).Ол, негізінен, кіші және үлкен екі бөліктен тұрады.Орташа диаметрі -15,0-35,0 нм.Рибосоманың екі түрі бар:эукариоттық және прокариоттық. Эукариоттық рибосоманың жалпы өлшемі – 80S, кіші бөлігінікі - 40S, үлкен бөлігі – 60S, ал прокариоттық түрі керісінше, 70 S-тан 30 S-ке дейін ауытқып отырады (Сведберг өлшемі). Митохондрияның және хлоропластың рибосомаларының өлшемдері 50 S – 70 S аралығында болады. Рибосомалардың саны жасушаның түріне және нәруыз биосинтезіне қарай өзгеріп отырады.

Негізінен, рибосомалар мен рРНҚ ядрошықта синтезделеді. Рибосоманың құрамына кіретін нәруыздар алуан түрлі болады.Прокариоттық рибосомада, шамамен – 55, ал эукариоттық рибосомада 100-ге жуық нәруыз кездеседі. Рибосоманың негізгі қызметі – нәруыз молекуласын синтездеу. Оның кіші бөлігінде трансляция (көшіріп аудару) процесі жүреді, ал үлкен бөлігінде аминқышқылдары жинақталып, нәруыз молекуласы түзіледі.

Эндоплазмалық тордың мембранасындағы рибосомалар бірігіп полирибосома (полисома) құрайды да, жасуша тіршілігіне қажетті нәруызды ғана синтездейді. Ал митохондрия мен хлоропластағы рибосомалар олардың құрылыс қызметтерін атқаратын нәруыздарды синтездейді.

Қорыта айтқанда, эндоплазмалық тордың мембранасында орналасқан рибосомалар нәруыздың биосинтезі жүретін және оларды тасымалдайтын бірыңғай жүйе болып есептеледі.

Жасуша орталығы. Жасуша орталығы көп жасушалы жануарлардың, қарапайымдардың және кейбір өсімдіктердің жасушаларынан табылған. Жасуша орталығы екі құрамдас бөліктен: центриольден және центросферадан тұрады.

Центриольдер цилиндр пішінді, ұзындығы 1 мкм шамасында болады(37-сурет). Жасуша бөлінуден бұрын бұл орталық екіге бөлінеді де, экватордан полюстерге қарай тартылады.Содан кейін екі центриольдің арасында ахроматин жіпшелері пайда болып, бір ұшы хромосомалардың центромераларымен байланысады.

Жіпшелердің көмегімен хромосомалар әрбір жасушаға тең бөлінеді.Сонымен, бұл орталық жасушаның митозды және мейозды бөлінуіне тікелей қатысады. Жасуша орталығы бөліну арқылы көбейді.

 

 

Ядро. Ядро - өсімдіктер мен жануарлар жасушасының тұрақты бөлігі. Ядросы толық жетілген организмдерді эукариоттар, ал ядросы жетілмеген организмдерді прокариоттар деп атайды. Ядроның құрылысы күрделі.Оның қатысуымен жасушада өте маңызды тіршілік процестері жүзеге асырылады. Ядроның сыртын әрқайсысы үш қабаттан тұратын екі мембрана қоршайды. Ядро мембранасы құрылысы жөнінен цитоплазма мембранасына ұқсас және ол эндоплазмалық тормен тікелей байланысады.

Ядро мембранасы құрылысы жөнінен цитоплазма мембранасына ұқсас және ол эндоплазмалық тормен тікелей байланысады. Ядро мембранасының саңылаулары эндоплазмалық тордың саңылауларына сәйкес ашылады. Жасушаның бөлінуі кезінде ядроның мембранасы жойылып кетеді де пайда болған жас жасушаларда қайтадан қалпына келеді. Оның мембранасы шалаөтгіштік қасиетке ие. Жасушалар ядросының санына қарай бір ядролы және көп ядролы болып бөлінеді. Омыртқалы жануарлардың бауыры, сүйік, бұлшық ет ұлпалары және қарапайымдар көп ядролы болады. Ядроның құрамы күрделі, онда тірі организмнің тұқым қуалайтын белгілері мен қасйетерін сақтайтын хромосомалар, ядро шырыны, ядрошық, РНҚ және т.б. құрамдас бөліктер болады.

Жасушаның тіршілігіне байланысты ядроның құрамы, қызыметі, пішіні мен мөлшері өзгеріп отырады. Жасушаның тіршілік циклі екі кезеңге бөлінеді: а) бөліну циклі; оған митоздық және мейоздық бөлінулер жатады; ә) екінші циклі-ядроның бөлінуге дайындық кезеңі, оны интерфраза деп атайды.

Ядро шырыны-ядро қабықшасының ішіндегі қуыстарды толтырып тұратын қоймалжың зат. Оның құрамында нәруыздар, нуклеин қышқылдары мен көмір сулар болады.

Ядрошық-шар тәрізді тығыз денешік, оның мөлшері 1-2 мкм-ден 10 мкм-ге дейін өзгеріп отырады. Ядрошықтың құрамында 1,5% ДНҚ және 8,0% нәруыз болады. Ядрошықта 70% цитоплазмалық РНҚ және 30% ядролық РНҚ синтезделеді. Жасуша бөлінген кезде ядрошық жойылып кетеді.

Хромосомалар. Хромосомалар-ДНҚ-ның жіпшелерінен және нәруыздан тұратын ядроның аса маңызды бөлігі. Хромосоманы өзіне тән бояулармен бояп, жасушаның бөлінуі кезінде қарағанда, құрылысы мен құрымы өте жақсы және анық байқалған.

Әр түрге тән хромосомалар пішіндері және сандары жөнінен бір-бірінен айырмашлықтары болады. Мысалы, адамда-46, жылқыда-66, бақада-26, дрозофилада-8, жүгеріде-20, бұршақта-14 хромосома бар.

Хромосома дегеніміз-ДНҚ-ның жіпшелерінен тұратын созылынқы тығыз денешік. Олар бірнеше бөліктерден тұрады: алғашқы бөлік және екінші реттік бөлік.

Гистон дегеніміз-хромосомадағы құрылыс қызыметін атқаратын нәруыз. Қышқыл нәруыз хромосоманың қозғалысына, ДНҚ мен РНҚ-ның синтезіне, организмдегі белгілерге жауап беретін нәруыздың қызыметін атқарады.

Центромералар хромосоманы екі ашаға бөледі, осыған байланысты олар бірнеше типке бөлінеді.

Центромералар ақ дөңгелектермен белгіленген.

 

 

1. Егер центромера хромосоманың дәл ортасында орналасса, онда ол тең екі ашаға бөлінеді. Хромосомалардың мұндай типін метацентірлі хромосомалардеп атайды.

2. Егер центромера хромосоманың ортасынан сәл оңға немесе солға қарай орналасса, онда хромосома тең емес екі ашаға бөлінеді. Хромосомалардың мұндай типін субметацентірлі хромосомалар дейді.

3. Егер центромера хромосоманың бір үшына жақын орналасса, онда хромосома тең емес екі ашаға бөлінеді. Бір ашасы ұзын, екіншісі қысқа болады. Хромосомалардың типін акроцентірлі хромосомалар деп атайды.

4.Егер центромера хромосоманың ұшында орналасса, ондай типті тело-

центрлі хромосомала деп атацды.

5.Кейбір хромосомаларда екіші буын өте ұзын болады да, хромосоманың аэ бөлігін негізгі бөлімінен бөліп тұрады, Хромосомалардың мұндай типін спуткикті (қосшы) хромосомалар деп атайды.

 

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Пластидтер – мембраналы органоид | Лекция. Жасушадағы зат алмасу және энергияның айналымы
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 8911; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.016 сек.