Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция. Өсімдіктер,жануарлар және микроорганизмдер селекциясы




Өсімдіктер,жануарлар және микроорганизмдер селекциясы.

Селекцияның генетикалық негіздері.

Генетика-селекцияның теориялық негізі болып табылады.Солай бола тұра селекция жеке ғылым болғандықтан,оның өзіндік міндеттері мен мақсаттары және зерттеу әдістері бар.

Селекция латынша “selektio”-сұрыптау деген мағынаны береді.Бірақ оның міні тек сұрыптаумен шектелмейді.Селекцияның міндеті-жануарлардың тұқымдарын,өсімдіктердің жоғары өнімді сорттарын,микроорганизмдердің штамдарын шығару және үй жануарларымен мәдени өсімдіктердің эволюциялық заңдылықтарын зерттеу. Селекциямен адамзат өте ерте заманнан бері айналысып келеді. Адам жабайы жануарлар мен өсімдіктерді қолға үйретіп,өсіріп, өз қажеттілігіне пайдаланып отырған.Алайда селекция ғылымы ретінде кейінірек қалыптасты. Селекция теориясы Ч.Дарвиннің эволюциялық теорисына байланысты тез дами бастады.

Дүние жүзі бойынша көптеген елдерде,соның ішінде Қазақстанда селекциямен шұғылданатын көптеген ғылыми-зерттеу институттары,селекция-лық станциялар және т.б. мекемелер бар. Олар жоспарлы түрде мал тұқымдары мен өсімдік сроттарын жаңартумен шұғылданады. Біздің елімізде дәнді дақылдар,көкөністер техникалық дақылдар және жеміс жидектердің жүздеген сорттары шығарылған. Сонымен қатар ірі қараның:алатау,қазақтың ақ бас сиыры,қырдың қызыл сиыры,қойдың:арқар-меринос,еділбай,басқарағай мери-носы,жылқының:қостанай дегерес және т.б. тұқымдары бар.

 

Өсімдіктер селекциясы.

Өсімдіктің жоғары өнімді түрлерін,жануалардың тиімді тұқымдардың немесе микроорганиздердің штамдарын сұрыптай отырып,олардың бұрынғы жабайы тектеріне тән генотиптерін өзгертуге болады. Ч.Дарвин қалыптастырған сұрыптау туралы генетикадағы тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтары селекцияның теориялық негізін құрайды. Өсімдіктердің сорттары мен жануарлардың тұқымдарында пайда болған тұқым қуалайтын өзгергіштік сұрыптау үшін негізігі қажетті материал болып есептеледі. Өсімдіктер селекциясында сұрыптау,будандастыру экспериметтік мутагенез сияқты әдістер қолданылады.

Сұрыптау. Өсімдіктердің көбеюіндегі тозаңдану жолдарына қарай сұраптау: жаппай және жеке сұрыптау болып екіге бөлінеді.

Жаппай сұрыптауда бастапқы материалдан селекция үшін тиімді белгі қасиеттері бар даралардың тобы бөлініп алынады. Жаппай сұрыптау көбінесе айқас тозаңданатын өсімдіктерде жүргізіледі.

Жеке сұрыптау әдісімен адам үшін қажетті белгі-қасиеттері бар жеке дараларды іріктеп,әрі қарай ұрпақ алынады. Бұл әдіс көбінесе өздігінен тозаңданатын өсімдіктер,мысалы арпа,сұлы т.б. үшін өте қолайлы.

Гетерозис құбылысы. Атап көрсетілгендей гентикалық тұрғыда бір-бірінен алыстаутұрған организмдерді будандастырғанда алынатын гибрид ұрпақтың тіршілік қабілеті жорғары,өсу қабілеті күшті болып келеді. Мұндай құбылысты ең алғаш 1914 жылы америкалық генетик Дж.Шелл жүгері өсімдігінен байқап,оны гетерозис деп атады. Гетерозис барлық тірі органимзмдерге тән құбылыс,яғни жануарларды өсімдіктер мен микроорганизмдерде кездеседі. Гетерозис кезінде будан зат алмасу қарқынды жоғарылап,соған сәйкес өнімі молаяды.

Өсімдіктер селекциясындағы қол жеткен табыстар. Қоғамның өндіргіш күштерін арттырып,эконоимканы нығайтуда сұрыпталу жұмыстарының маңызы зор. Бұл тұрғыда,әлемдік селекцияда көптеген қол жеткізген табыстар бар. Соның ішінде орсы селекционері И.ВМичуринді ерекше атауға болады. Сонымен қатар орыс селекциоенері В.С.Пустовойт күмбағыстың майлы сорттарын,П.П.Лукьяненко бидайдың гектарына 50центнерге дейін өнім беретін Безостоя-1 сортын,В.Н.Ремесло мол өнімді Мироновская-264,208 және т.б. сорттарын алды. Селекционерлер-А.П.Шехурдин мен В.Н.Маманов шығарған жаздық бидайдың Саратов-29 сорты жоғары сапалылығымен еркешеленеді.

Қазақстанды өсімдіктер селекциясының дамуына академиктер-Ғ.З.Бияшев, В.П.Кузьмин,Р.А.Оразалиев,І.Әбуғалиев,А.Ғаббасов,Н.Л.Удольская және т.б. зор үлес қосты. Елімізде шығарылған сорттардың ішінде күздік бидайдың Красноводопад-210 сортын ерекше атауға болады. Бұл сорт Орта Азияның тәлімі жерлеріне арналған,құрғақшылыққа төзімді,сабағы жапырылмайды,дәні төгілмейді,түсімі жөнінен Безостая-1 сортынан кем емес. Сол сияқты Қарағанды тәжірибе станциясында шығарылған жаздық бидайдың Қызылбас сортының технологиялық сапасы жоғары.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 6134; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.005 сек.