Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жануарлар селекциясы.Микроорганизм селекциясы.Биотехналогия




Лекция.

Жануарлар селекциясының негізіне де өсімдіктердегідей тұқым қуалайтын өзгергіштік пен сұрыптау жатады. Жаппай және жеке сұрыптаулар жануарларға да тән. Алайда жануарлар селекциясының өз ерекшеліктері бар. Олар: жануарлар тек жыныстық жолмен ғана көбейеді; жануарларда ұрпақ саны көп бола бермейді және әрбір жекек даралардың өзінің селекция үшін маңызы болуы мүмкін.

Жануарлар селекциясында оның түрлі белгілері мен қасиеттерінің арасындағы байланыстар ескеріледі. Мысалы, ірі қара малдың сүттілігі оның дене бітіміне,қан айналу және тыныс алу жүйелерінің жақсы жетілуіне,т.б. байланысты. Сондықтан малдың тұқымын асылдандыру үшін жаппай сұрыптаудың осындай тәсілі қолданылады. Осылайша бірнеше белгілері бойынша сұраитай жүргізу арқылы біздің елімізде ірі қараның етті бағыттағы-қазақтың ақбас сиыры және сүтті бағыттағы-қырдың қызыл сиырлары шығарылды.

Жануарлардың әр түрлі тұқымдары сыртқы орта жағдайларының өзгерісі мен азықтандыруға бірдей жауап бере бермейді. Мысалы, ірі қараның етті тұқымдарына құнарлы азық берілсе салмағы артады, ал сүтті тұқымдарда сүті молаяды. Сол сияқты жұмыртқалағыш леггорн тауықтарына жемді жақсы берсе, салмағы онша өзгермейді, бірақ жұмырқалағыштық қасиеті артады.

Жануарлар селекциясында қолданылатын будандастыру әдістері. Жануарлар селекциясында өсімдіктер селекциясындағыдай будандастырудың үш түрлі әдісі қолданылады: туыстық, туыстық емес және алыстан будандастыру. Туыстық будандастыруда бастапқы форма ретінде бір-біріне туыстығы жақын жануарлар немесе ата-анасы мен ұрпағы алынады. Будандастырудың мұндай түрі организмнің бойындағы кейбір рецессивті гендер арқылы анықталатын белгі-қасиеттерді гомомзиготалы жағдайға келтіру үшін қолданылады. Рецессивті гендердің әсері гетерозиготалы жағдайда білінбейтіндігі Мендель заңдарына байланысты екенін білесіңдер. Ал жақын туыс жануарлардың гендері құрамы жағынан бір-біріне ұқсас келеді. Сондықтан олардың ұрпағы көбінесе гомозиготалы жағдайда болады.



Сонымен туыстық будандастыру селекцияда рецессивті гендер арқылы анықталатын шаруашылық жағынан тиімді белгі-қасиеттерді тұрақтандыру үшін қолданылады.

Алыстан будандастыру. Алыстан будандастыру әдісі тек өсімдіктерде ғана емес,жануарлар селекциясында да қолданыады. Жануарларда да өсімдіктерде-гідей түраралық будандар көбінесе ұрпақсыз болады. Мұндай жағдайда,олар-дың ұрпақ беру қабілетін қалпына келтіру өте күрделі. Себебі жануарларда хромосома санын екі еселеу арқылы полиплоидтерді алу мүмкін емес. Алайда,алыстан будандастыру арқылы алынған будандардың ұрпақсыз болсада шаруашылықтық маңызы бар. Мысалы,бие мен есекті будандастыру арқылы алынған қашырды адам баласы ертеден пайдаланып келеді.

Кейбір түраралық будандастырулардан алынатын будан ұрпақ өсімтал келеді. Мұндай жағдайда олар үй жануарларының жаңа түрлерін шығару үшін,яғни селекциялық мақсатта қолданылады.

Алыстан будандастыру әдістің қолданудың нәтижесінде көптеген жетістіктерге қол жетті. Соның бірі,мысалы,қазақстандық ғалымдар: Н.С.Бутарин,Ә.Есенжолв және А.Жандеркиндер биязы жүнді қойларды жабайы арқармен будандастырырып,арқар-меринос тұқымын шығарды. Мұндай қойлар биік таулы аймақтардағы жайылымдарда жайылып,тіршілік етуге бейім келеді. Ондай қасетті олар-арқардан,ал жүнінің биязылығын енесінен-биязы жүнді қойдан тұқым қуалап алған.

Қодас пен мүйізді ірі қараны будандастыру бойынша да селекциялық жұмыстар жүргізілуде. Қодас-биік таулы жерлерде өсетін үй жануары. Негізінен күш көлігі ретінде пайдалынылады. Еті қатты,сүті аз,бірақ майлы болып келеді. Мүйізді ірі қара мен қодастың арсынан шыққан будандарда, гетерозиске байланысты еті мен сүтінің сапасы қодасқа қарағанда артық болып шыққан.

Қазақстан селекционерлерінің қол жеткен табыстары. Жоғарыда аталған әдістерді қолдана отырып,қазақстандық ғалымдар:М.Ә.Ермеков,В.А.Бальмонт, Ә.Е.Еламанов,Д.Н.Пак,Б.М.Мусин,Н.З.Ғалиакберов,И.Н.Попов,Қ.Ү.Медеубеков және т.б. ауыл шаруашылық жануарларының көптеген жаңа тұқымдарын шығарды. Енді солардың кейбіреулеріне тоқталайық. В.А.Бальмонттың басшылығымен елімізде алғашқы етті-жүнді бағыттағы қой тұқымы-қазақтың биязы жүнді қойы шығарылды. Ол-жүнді көп беретін әрі өсімтал тұқым.

Ә.Е.Еламанов,Қ.Ү.Медеубеков және т.б. ғалымдардың қатысуымен Қазақстанның солтүстік аймақтарының қатаң табиғат жағдайына төзімді,биязы жүнді қойдың жаңа тұқымы-Солтүстік Қазақстан мериносы шығарылды. Ол Бесқарағай және Сұлукөл қойы деп екі типке бөлінеді. Бұлар-еліміздегі жүнді-етті бағыттағы қой тұқымдарының таңдаулыларының бірі.

Еділбай қойы-халықтың селекция жолымен алынған,қылшық жүнді,құйрық-ты қазақы қой тұқымының түрі. Ет-май өндіру бағытында өсіріледі.

Б.М.Мусин,Н.З.Ғалиакберов және т.б. ғалымдар шығарған сиырдың етті тұқымы-қазақтың ақбас сиыры республикамызда көп тараған.

Д.Н.Пактың басшылығымен Алатау сиыры шығарылды. Сүтті мол беретін ірі қараның жаңа тұқымдарынаң қатарына қазақстандық селекционерлер шығарған еліміздің солтүстік аймақтарында өсірілетін-қырдың қызыл сиыры мен оңтүстік аймақтардағы-әулиеата сиырлары да жатады.

Сонымен қатар Қазақстан селекционерлері шығарған жылқы тұқымдары да бар. Олар шөлейтті аймаққа бейімделген,етті-сүтті бағыттағы-көшім жылқысы мен желісті-қостанай жылқысы.

Республикамыздың ғылыми-зерттеу мекемелерінде мал тұқымын асылданды-рудың жаңа әдістері де ойластырылған. Мысалы,академик Ф.М.Мұханбетқа-лиевтің басшылығымен Эксперименттік биология институтында дүние жүзі бойынша алғаш рет трансплантация әдісімен қозы алынды. Оның мәнісі-ұрық-танған жұмыртқа жасушасы басқа аналық организмге апарып салынады да содан ұрпақ дамиды. Мысалы,аустралияның биязы жүнді қойының ұрығымен біздің жергілікті қойдың аналығын ұрықтандырып,содан қозы алынды. Бұл әдіс мал тұқымын асылдандырудың жолдарын жеңілдетеді.

Трансплантация әдісі-қазіргі уақытта мал шарушылығында кеңінен қолданы-лады.

 

 





Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 1037; Нарушение авторских прав?;


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



ПОИСК ПО САЙТУ:


Читайте также:



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2017) год. Не является автором материалов, а предоставляет студентам возможность бесплатного обучения и использования!
Генерация страницы за: 0.082 сек.